Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бекет ата сулетші.docx
Скачиваний:
17
Добавлен:
23.12.2018
Размер:
54.11 Кб
Скачать

21.Ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштері.

Айша бибі кесенесі ХI-XII ғасырларда ірге көтерген сәулет нері ескерткіші. Бұл ескерткіштен қазақ халқының атадан балаға мұра болып келе жатқан ою-өрнек, әшекей түрінің өте мол екендігін көруге болады.

Ақсүмбе мұнарасы ХI-XIII ғасырлардағы қарауыл қарайтын биік мұнара. Қаратаудың солтүстік бөктерінде, тау етегінен 200 метр жоғары биік жотаның үстіне тұрғызылған.

Алаша хан кесенесі - Қарахан немесе оғыз-қыпшақ заманында XVI-XV ғасырларда сахаралық сәулет өнерінің үлгісінде салынған ескерткіш. Қарағанды облысы. Қарақенгір өзенінің оң жағасында орналасқан.

Арыстан баб кесенесі ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші. Кесене Отырар қаласының гүлденіп турған кезінде IX-X ғасырларда тұрғызылған.

Ахмет Йассауи кесенесі - Қарахан дәурінде (XII ғ. ) кеін оның қираған іргесіне Әмір Темірдің бұйрығымен XIV ғасырдың аяғы XV ғасырдың басында тұрғызылған сәулет өнер ескерткіші. Орта Азия мен Қазақстанда теңдесі жоқ зәулім күмбезі кешенді ғимарат. Оның төңіріндегі қосалқы құрылыстар (мешіт, монша т.б.) біртұтас архитектуралық ансамбль құрайды.

22.

23. Үәлиханов

Уәлиханов Шота Ыдырысұлы 1932 жылдың 26 сәуірінде бұрынғы Көкшетай облысы Айыртау (қазырғы Павлодар) ауданының Сырымбет ауылында дүниеге келген; қазақтың әйгілі сәулетші. 1956 ж. Мәсекудің сәулет өнері институтін бітірген. 1956-1965 жылдар аралығында Қазақ қала құрылысын жобалау институтында және ҚСРО құрылыс және сәулет өнері академиясының Қазақ филиалында сәулетші, кіші ғылыми қызметкер болды. Ал 1966-1967 жылдар аралығында Алматы қаласы бас сәулетшісінің орынбасары. 1967-1970 жылдар аралығында Қазақ өнер кәсіп құрылысын жобалау институтының аға ғылыми кызметкері. 1971-1978 жылдар аралығында Қазақ ҚСРО-ның мәдени ескерткіштерін қорғау қоғамы төрағасының бірінші орынбасары. 1973-1975 жылдар аралығында Қазақстан сәулетшілер одағы басқармысының төрағасы. 1975 жылдан бері ҚСРО Сәулетшілер одағы басқармасының хатшысы. 1982 жылдан бастап Қазақ азамататық ауыл Құрылысын жобалау институтында бас сәлетші Уәлихан Шота – бірнеше қоғамдық ірі ғимарттардың жиырма монумент пен ескеркіштердің авторы. Солардың ішінде: Динамо стадионы 1958, Универсам магазины 1979 , Казгипрозем үйінің 1983 ғимараттары бар.

Сонымен қатар Шоқан Уәлихановтың ескерткіштерінің 1969 ж ) ол үшін Қазақ КСР-ның мемлекеттік сыйлығы берілді) және бұрынғы Семей облысының Қарауыл селосындағы Абай ескеркішінің Әлиби Жангелдиннің, Тоқаш Бокиннің, Ғани Муратбаевтың таға баскқа ескерткіштерінің авторы. Ол Қазақстан сәулет өнері мәселелеріне арналған көптеген еңбек жазды. Шота Уәлиханов – драматург. ҚСРО жазушылар одағының мүшесі. Оның «Шоқан», «Ағнұр», «Тағдыр» атты пьесалары республика театрларының сахналарында қойылды. Халықаралық сәулетшілер одығының дүние жүзілік 12-13 конгрестеріне қатысты.

24. Қорқыт ата

Қорқыт – Алтай мен Каспий аралығындағы шексіз даланы секендеген көптеген халықтарды байланыстырушы жалпы түркілік аңыз, миф.

Ерте заманның білімпаз – ғұламарының жазуына қарағанда, бүкіл түркі тілдес халықтарға ортақ ойшыл, шешен, күйші болған Қорқыт Сыр жағалауындағы Жанкент қаласында VII-IX ғ.ғ. кесене тұрғызылған, бырақ осы ғажайып ескерткішті Сырдарияның суы шайып бұзылуға экеп соқтырды.

1980 жылы Қорқыттың күмбезді мазары жанынан сәулетші Б. Ибраев , физик-акустик С. Исатаевтардың жобасы бойынша төрт алып қобызды біріктіру арқылы ерекше сәулеткерлік үйлесінде құйылған ескерткіш кесене орнатылды. Кесенеден желді күні қобыздың сырынындай үн шығып тұрады.

1997 жылы мемориалдық ескерткішке жүргізілген реставрациялық жұмыстар нәтижесінде амфитеатр, қонақ үй сияқты тағы да басқа объектілерден тұратын тұтас архитектуралық ансамбль жасалды.

2000 жылы мемориялдық ескерткіш жанынан мұражай ашылды. Мұражай қорында 700-ге жұық экспонат сақталуда.

25. 30. Тас өңдеу өнері

Тасқа паналау, тас қалау, тасты құрал-жабдық ретінде пайдалану және өрнектеу, таспен басқа затты өрнектеу, тастан мүсін жасау өнерлерінің ертеден пайда болғаны мәлім.

Қазақ халқы тасты үй қора мешіт зират мұнара салуға құдық шегендеугепайдаланады. Халық мұндай шеберлерді тас қалаушылар деп атады. Әр ауылда атақты тас қалаушы шеберлер болды. Олар тас қалаудың оны ұқсатып шабудың өрнектеудің қарапйым болса да тәсілдерін шебер меңгерді. Соның нәтижесінде шеберлер қалаған тас қалалар бейіттер әр түрлі мұнаралар мен күмбездер бірнеше жүздеген жылдар бойы сол қалпында сақталды. Тасты қырын келтіріп берік қалаумен бірге оның сәнді сәулетті болуын шеберлердің өздері орындады. Мәселен тасты таңдайлап қалау белдеулеп қалау бағандап қалау әр түрлі тастарды шатыраштап ойыстырып (шахматша) қалау арқылы сәнді өрнектеп жасалды.

Қазақ халқының сәулет өнерінде кездесетін тастан еден төсеу таспен күмбездеу тас діңгектер қалау сәкілер жасау әдістері ертеден келе жатқан тас шеберлерінің өнерін дәлелдеуді. Бізге дейін сырын да сынын да сақтап келген өте ескі заманғы бұл мұнаралардың бірі Айша бибі Алашахан Ахмет Яссауидің мазарлары.