Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бекет ата сулетші.docx
Скачиваний:
17
Добавлен:
23.12.2018
Размер:
54.11 Кб
Скачать

11. Медеу мұз айдыны

"Медеу" мұз айдыны кешені Іле Алатауының теңіз деңгейін 1700 метр биіктіктегі шатқалда, қаладан 13 шақырым жерде орналасқан, Бұл жердің тамаша жұмсақ ауа райы мен күн көзінің шуағы әркімді қызықтырады. Ауа қысымы да төмен. Тау суынан қатқан мұздың әйгілі бірден-бір септігін тигізіді.

Көрермендер трибунасы мұз айдының шығыс, оңтүстік, батыс жатқан қоршай орналасқан. Әкімшілік корпусы солтүстік жақтағы қуысқа жайғасқан. Шығыс жақтағы трибунаның астында спортшылар шешетінін бөлмелер, төрешілер бөлмесі, медицина орталығы, массаж бөлмесі, спортшылар буфеті, пресса орталығы, коментаторлар бөлмесі бар. Батыс трибунаның астында көрермендер киім ілгіші, буфеттер, сыйлы қонақтарға арналған бөлмелер және 80 орындық мейрамхана орналасқан. Оңтүстік трибунаның асты мұз айдының қадағалап тұруға арналған тетіктерді сақтайтын қойма қызметін атқарады.

Тұтас құйылған темір-бетон қаңқа, оның қабаттарының төбесі жиналмалы қуыс бедерлі панельмен жабылған. Мұз айдыны алаңының құрылысында 20-ден астам материал түрі пайданалынған. Суық айдайтын машина залы төменгі тепкішікте орналасқан. Қуаты сағатына 5 млн. ккал болатын суық айдау агрегаты алып мұз айдының жылдың 8 айы бойы мұздатып тұрады.

Мұз айдыны алаңының конструкциясын жасаған жоба авторлары КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болған.

Құрылыс мерзімі 1970-1972 жылдар. Авторлар ұжымы: бас сәулетші В.З. Кацев; бас конструктор С.Б. Матвеев; сәулетшілер А.С. Қанарбаев; И.Г. Косогова; суықпен жабдықтау құрылымының инженерлері - Э.Л. Лихенштейн, В.В. Вдовченко.

12.Өнегелі ғұмыр

Жер қойнауының сиқырлы жиһазын тамаша көрегендікпен аша білген академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев - қазақ халқы мен Қазақстан тарихындағы зор құбылыс. Ол аса көрнекті ғалым-геолог қана емес, өз заманының әйгілі табиғат зерттеушісі, әлемдік өреге ойшыл ғұлама. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев мемлекеттік және қоғам қайраткері ретіндегі, ғалымдығы мен шебер ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында Қазақстанның индустриялық өркениетті үрдісінің көш басында болып, кемеңгер ғалым атанды.

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев - әлемдік өредегі тұлға, қазақ ғалымының Гималайын жасап, өзі сәтті сілемінін шыңы -Эверест болып өтті. Дарынды қазақ халқы жиырмасыншы ғасырда көптеген ғалымдарды өмірге әкелді, солардың арасында Қаныш Имантайұлы Сәтбаев тұлғасы құзар шынға ұқсайды. Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың арқасында Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың Қазақстан геологиясы өндірістік және іс жүзінде қолданылатын ғылым өлшемі шеңберінен шығып, адамзаттың ой әлемін қозғайтын дәрежеге жетті. Сондықтан да оның жарқын бейнесін ХХ ғасырдың ғұламарын арасында берік тіркелеген паспортымыз. мәңгі мақтанышымыз болып қала бермек.

13. Қараханит кезіндегі сәулет құрылысы

Қ-нда қалалық өмірдің дамып, атақты, көзге көрнекті монументалды сәулеттік құрылыс жүйелерінің салынған кзі Қараханидтер кезі (Х-ХІІ ғғ). Бұл кезден мұра болып бізге жеткен сәулеттік алып құрыластырға Тараз қаласының маңындағы Бабажан Хатун, Айша бибі кесенелері жатады. Құрылыстар тек әсем салынған сәулеттік жағынан ғана қажет емес, олардың безендірілуі, ондағы ою-өрнектер халқымыздың асыл мұрасы екендігімен бізге өте құнды. Сәулеттік құрылыс жүйесінің күрделілігі жағынан әсіресе бізге жеткен шығыс моншасының құрылысы және оларға тартылған су жүретін құбырлар. Мұндай құрылыстар Оңтустік Қазақстан облысында археологиялық қазба жұмысы кезінде Отырардан, Түркістаннан, Алматы облысының жерінде Талғар каласынан, сонымен қатар Тараз, Ақтобе қалаларынан табылып отыр. Ал қанша қалалар зерттелмей жатыр. Оларда мұндай құрылыстар болмады деп айта алмаймыз. Қ-нда орта ғасырдың орталық дәуірінде феодализмнің дамыған кезінде күрделі сәулеттік құрылыс жүйелері болды.