Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бекет ата сулетші.docx
Скачиваний:
17
Добавлен:
23.12.2018
Размер:
54.11 Кб
Скачать

16. Сумен жабдықтау

«Сусыз өмір болмайды»

Халық мақалы

«Су!... Сенде түс те, тіс те жоқ, сені жазып та болмайды,

Сенің не екеніңді білместен біз рахаттанамыз.

Сен өмірге керекті нәрсе емес, сен өмірдің өзісің!»

Антуан де Сент Экзюпери

Шынында да әлемде сусыз өмір жоқ. Халық шаруашылығының бірде бір саласы сусыз жұмыс істей алмайды. Үй жай тұрмыстық шаруашылығы күрделі қазіргі қалаларда су көп мөлшерде қала тұрғындарының мұқтаждары үшін, қала алаңдарын, егіс алқаптарын суарып, баптау үшін және басқа мақсаттар үшін қолданылады.

Өнеркәсіп орындарында да су көп мөлшерде шығындалады. Судың сипаты мен дұрыс ұйымдастырылуы өндіріс бұйымдарының сапасы мен құнына едәуір себепші болады.

Ауылдық жерлерде су адамдардың шаруашылығына, мал және егін суаруға пайдаланылады. Осы тұтынушылардың барлығын сумен қамтамасыз ету үшін орталықтандырылған су жүйелері құрылады. Олар техниканың басқа салаларымен бірге көркейе түсіп, өзіндік тарихи жолдарды басып өтті.

Бұрынғы кеңес одағының көптеген жерлерінде жүргізіліп жатқан археологиялық жұмыстар кезінде біздің дәуірімізге дейін пайдаланылған су құбарларының ерекше түрлері болғандығы анықталуда. Өзбек ғылым академиясының деректеріне қарағанда қазіргі Тараз қаласынан он шақырым жерде 500 га-дай мекендеген қала болғаны анықталды. Осыдан екі мың жылдай бұрын болған бұл қалада ескі Әмудариядан суды 10-12 м биіктікке шығатын көтергіш станциясы мен ұзындығы екі шақырымдай болатын су құбырлары табылған. Құбылар лайдан жасалған.

Қырым және Кавказ елдерінде қыштан жасалған құбырлар табылған. Шежірелер айтуынша XI-XII ғ Русь қамалдарында көзге көрінбейтін каналдар арқылы су жүргізілген.

Сол замандағы шеберлер су құбырларын ынтамен жасағанын айтып кекен жөн.

17. Опера және балет театры

Қазақтың Абай атындағы ұлттық Академиялық театры қаланың орталық бөлігінде Фурманов және Байсеітов көшелерінің аралығында орналасқан. Театрдың екі жағына фонтандары бар екі гүл бақтары отырғызылған. Театр жобасын жасауда қазақстанда алғаш рет сәулет өнеріне ден қою байқалды. Ғимарат сәулетінің композициясы Қ-ның ұлттық ою өрнегін қолдану арқылы шешімін тапқан.

Театр ғимараты тікбұрышты, басты қасбетінде шығыңқы портик жасалған. Ғимарат сәл көтеріңкі стилобатта орналасқан. Бірінші қабаты ірі рустпен өңделген. Екінші және үшінші қабаттар ұсақ рустпен әрленген. Басты қасбетте арх-лық шешімнің пилондары ң колонналы кеңістік лоджия болып табылады. Ғимараттың архитравы мен ернеуі де оюлармен өрнектелген. Фризі бедерлі бейнелермен әсемделген. Бүйір жақ беттері пилястр қатары ретінде жасалған. Касса залы арқылы келушілер кіреберіске шығады.Көрермендер залының портер бөлігіне бүйір бетіндегі кіреберістен кіруге болады. Театрдың композициялық өзегі 1200 адамға арналған көрермендер залы. Лоджия және балкон Қоршауларына өрнектерқолданылған.

Сыртқы қабырғасы сылынған және боялған. Стилобаты сұр гранитпен қапталған.

Құрылыс мерзімі – 1939-41 жылдар. Құрылысы 1941 ж. Қараша айында бітті. Авторлар: сәулетшілер Н.А.Простаков, Т.К.Бәсенов.

18. 29. Ағаш шеберлері

Қазақтың ұлттық қолөнерінде ағаштан көптеген заттар жасалды. Балташылар, ағаш ұсталары, ершілер қайыңды, үйеңкіні пайдаланады, үйшілер ағаш ояды, тоқушылар шыбық өріп талды пайдаланады, балташылар үй борайды, еден төсеп, арба, шана, жақтау, қақпа, тіреу сияқты ірі заттарды істейді. Ағаш ұстасы стол, шкаф, сөре, орындық, кебеже, асадал, рамалар жасайды. Ағаш оюшылар оны жонып күйдіреді де бояулап өрнектейді. Шыбық өрушілер, тоқушылар қамыстан, шиден қорап, шыпта, шарбақ сияқты заттарды өреді. Бұл жұмысқа бұтақсыз, оқырасы жоқ таза ағаш таңдап алынады.

Ағаш шеберлері балта, пышқы, сүргі, бұрғы, тез, қысқы, үскі, қашау сияқты аспаптарды пайдаланады. Бұлардан басқа түрлі өлшеуіш пен үлгі, біз, қырғы, желім, бояу сияқты көмекші құралдары да болады. Ағаштан бұйым жасайтын шеберлер: емен, қайың, самырсын, үйеңкі, қызыл қарағай, шынар, қара ағаш, ырғай, шамшат, тасжарған, мойыл, қайыңның түбірі, жөке, тал, арша, жаңғақ ағашы, майқарағай сияқтыларды пайдаланады. Бұлардың бірі қатты, бірі жонуға оңай, жылтыр, ал кейбіреулкрі жарылмайтын, қаңсымайтын болса, енді кейбіреулері иілгіш, жеңіл, су сіңбейтін, бірақ бояуы сіңгіш, желім ұстағыш болады. Әрбір істің ерекшелігіне қарай әр түрлі сападағы ағаштар пайдаланылады. Мысалы, шеберлері ірі жеңіл, әрі жонуға жақсы деп ерді, арбаның төс ағашын, кереуеттің басын қайыңнан істейді. Найзаның сабын, садақтың жебесін соқа мен арбаның, оқтың және т.б. бөлшектерін еменнен жасайды. Қазақ үйдің уық, керегелерін талдан, қарамойылдан, ал шаңырағын, маңдайшамен табалдырығын қайыңнан істейді.