Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бекет ата сулетші.docx
Скачиваний:
17
Добавлен:
23.12.2018
Размер:
54.11 Кб
Скачать

19. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі

XIV ғасырдың соңы - XV ғасырдың басындағы сәулет өнерінің бірегей ескерткіші - Түркістан қаласындағы Әмір Темірдің әмірімен тұрғзызылған Қожа Ахмет Яссауи мешіті салынды. Бұл алып құрылыстың Орта Азия мен Қазақстандағы диаметр 18,2 метрге тең ең үлкен сүйірлі күмбезбен жабылған қазандықтың орталық кең залы төңірігіне топтасқан, атқаратын қызметі мен мөлшілері жөнінен әр алуан 30 бөлмесі бар. Ғимараттың ауқымды ортасында үлкен қасиетті айршықты қола қазан - Тайқазан орналасқан шаршы кең зал қазандық орын тепкен.

Ол рәсімдік салт-жорамлдық тамақ, ас әзірлеуге арналған. Қабірдің алдында "зиратхана" делінетін шаршы қуыс жатыр. Мұнда тағзым етіп дұға оқып, ортада сұр- жасыл мәрмәрмен қапталған үлкен сағанасы қойылған. Қожа Ахмет қабіріне мінәжат етеді. Қабірхана екі қымбатты күмбезден жабылған. Үшкір пішіннің ішкі қабаты парусқа (дөңес иінге) бектіліп, әк тұнбаларымен әшекейлендірілген. Сыртқы қабырғалары күмбез жазу, фриздармен өрнектелген жалпақ ленталы белдеулі биік цилиндрлі барабанда көтерілген. Қазандыққа шығатын ұзын дәліздерінің қапталынады - сол жағында - кіші мешіт, ал оң жағында Үлкен Ақсарай орналасқан. Қазандықтың бүйірлеріндегі құжырлардың сыртында, шығыс жақта Кіші Ақсарай, батыс жағында - кітапхана, асхана, құдықхана жайғасқан. Бұл негізгі жайлар 4 екі қабатты деліз арқылы қазандықпен байланыстырылған.

Ғимараттың жобалық шешімі секілді сыртқы де өзінің идеялық мазмұнын айқын аша түседі. Көреген саясаткер Темір көшпенділердің назарын өздерінің ұлттық қасиетті жәдігер ескерткіштеріне аударылып, мен күш-қуатын танытатын монументальды құрылыстың алыптығы және ауықымдылығымен оларға ықпал етуді мансұқ етті. Ол өз сарайының (Ақсарай) порталында "Егер біздің күш пен қуатымызға күдік келтірсең, біздің құрылыс жайларымызға қара" деп жазұға әмір етті. Ғимаратты сәулеттік - көркемдік әшекейлеуде қыш, ағаш, және сүйекті ойып жазу кеңінен қолданылған, тас пен металды өңдеу, ою өрнекті айшықтар мәңірі халықтың қолданбалы өнерімен тығыз, үндес байланастыра қараластырылған. Бұл тамаша ғимаратта Қазақстан және Орта Азия халықтарының көп ғасырлық құрылыс өнері жетістіктері көрініс тапқан. Қазақстан сәулет өнерін дамытуда бұл ескерткіштің атқарған мәні орасан үлкен болды.

Қазіргі күні Темір тұсында тұрғызылған 4 алып құрылыстың ішінде тек Қожа Ахмет Яссауи кесене-мешіті ғана бүтін қалғанын айту орынды болар еді.

20. Дала күмбездері – бабалар ескерткіштері

Біздің халқымыз өзі өмір кешкен қай ғасырда да өткен ата – бабаларына, билеушілерге , елін батырларына құрмет ретінде кесенелер, құлпытастарорнатып, кейінге қалдырып отырған.

Ол белгілер көбіне бұрынғы елді мекендермен кенттерге (Отырар, Түркістан, Сарайшық т.б.) тоғыз жолдық торабы бөктеріндегі тау сілемдеріне (Мағыстау, Ұлытау, Алатау, Алтай) ел жайлауға көшкенде тоқпап өтетіндері «сулы-нулы» жерлерге (Сырдария, Жетісу, Торғай, Есіл, Ертіс т.б. өзендер бойы) маңайлас салынып, оның сәулеттік тұрғыдағы маңыздылығына аса мән берілген.

Құлпытастар мен кесенелер (әсіресе күмбезді кесенелер) балбал тастар мен діндердің табиғи жалғасы. Өрнекті айшықты құлпытастар – халқымыздың ислам дінін қабылдағаннан кейінгі енген өзгерістер. Ал күмбезді кесенелерде арабтың сәулет өнерінің ықпалы барлығын жоққа шығаруға болмайды.

Қазақстанның далалы өңірлеріндегі діни және мемориалдық ескертіштер негізінен і топқа – күмбезді кесенелер, әр түрлі шарбақты (қорғанды) қоршаулар (санаға там, төртқұлақ) және қабірүстілік, зираттық тұғыр тастардың әр алуан түрлері (сына, ұштас, бестас, қойтас, құлпытас және т.б.) топтарына бөлінеді. Кесенелер құрылымдары жағынан мұналары, порталды – күмбезді, орталыққа болып келеді.