Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ тілі Шотанова УМК.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
09.11.2018
Размер:
517.12 Кб
Скачать

6. Сіздің пікіріңіз. Келісіңіз немесе қарсылығыңызды білдіріңіз

Шын немесе жалған

Ш

Ж

А) Қазақ елінің туының түсі көк.

ә) Көк түс – табиғаттағы жеті түстің бірі.

Б) Көк түс – адалдықтың, тазалықтың белгісі.

В) Көк түс – аспанның, ауа мен құрлықтың белгісі.

Г) Тудың бір түстілігі – мемлекеттің тұтастық идеясы.

Ғ) Күн бейнесі – уақыттың белгісі.

Д) Ұлттық өрнек – көркем таным, өмір белгісі.

К) Ер жігіттің елі – ата-анасы, отаны - өз үйі.

6. Дисскусияның негізгі сұрақтары мыналар деп айтуға бола ма?

а. Мемлекеттік тулардың болмысы.

ә. Мемлекеттік рәміздер не үшін қажет?

б. Оларды білу керек пе?

7. Мына сұрақтарға жауап беріп көріңіз:

а. Зеңгір көк түс ненің белгісі деп ойлайсыз?

ә. Ол тағы нені білдіреді?

б. Күн бейнесі мемлекеттік туларда жиі кездесетінін (нені?) білесіз бе?

в. Ернұр рәміздер туралы ақпараттарды (нелерді?) қайдан алды?

г. Рәміздер туралы тағы не айта аласыз?

13. Ақпараттарды топтап, қорытынды жасаңыз.

8. Мына сөйлемдерді талқылау мәтініне сәйкес аяқтаңыз:

  1. Зеңгір көк түс...

  2. Мемлекеттік туымыз тек қана ...

  3. Тудағы күн бейнесі...

  4. Олардың ішіндегі...

  5. Мемлекеттік рәміздер әлемдік каталогке...

  6. Бонн қаласындағы...

  7. Мамандар, әсіресе Елтаңбамыздың...

  8. Ал, тудағы қыран бейнесі...

  9. Ұлттық өрнек...

  10. Албания туында...

  11. Мен Финляндияның, Испанияның...

  12. Әлемдегі ең көне туды...

  13. Мен айтайын, ...

  14. Түркі тілдес елдердің...

  15. Мысалы, Азербайжан Республикасының...

Назар аударыңыз!!!

Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру құрылымы былайша білдіреді:

◊ Егер төл сөзде етістік ауыспалы осы шақта болса, төлеу сөзде – қашан келесің? қашан кел+етін+ім+ді болып өзгереді. Яғни түбір етістік + -атын, -итін, - етін есімше тұлғасы + тәуелдік жалғауы + табыс септігі.

Егер төл сөзде етістік өткен шақта берілсе, төлеу сөзде – қашан келдің? Қашан кел+ген+ім+ді болып өзгереді. Яғни түбір етістік + -ған, -ген,- қан,-кен тұлғалы есімше + тәулелдік жалғауы+табыс септігі.

Назар аударыңыз!!!

Егер төл сөзде етістік өткен шақта болса, төлеу сөзде өткен шақ есімшеге тәуелдік жалғауы, табыс септігі жалғанады.

Төлеу сөзде:

Үлгі: Шешем: «Шешем жұмыстан қашан келдің?»- деп сұрады.

І жақта берілуі

ІІ жақта берілуі

ІІІ жақта берілуі

Шешем менің жұмыстан қашан келгенімді сұрады.

Шешем сенің жұмыстан қашан келгеніңді сұрады.

Шешем оның жұмыстан қашан келгенін сұрады.

Есіңізге түсіріңіз!

Есімшенің тәуелденуі:

І жақ

ІІ жақ

ІІІ

Менің оқыған+ым

Сенің оқыған+ың,

Сіздің оқыған+ыңыз

Оның оқыған+ы

Көпше түрі

Біздің оқыған+ымыз

Сендердің оқыған+дар+ың

Сіздердің оқыған+дарыңыз

Олардың оқыған+ы

Менің жаз+атын+ым

Сенің жаз+атын+ың

Сіздің жаз+атын+ыңыз

Оның жаз+атын+ы

Біздің жаз+атын+ымыз

Сендердің жаз+атын+дарың

Сіздердің жаз+атын+дарыңыз

Олардың жаз+атын+ы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]