Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ тілі Шотанова УМК.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
09.11.2018
Размер:
517.12 Кб
Скачать

Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

ПРАКТИКАЛЫҚ ҚАЗАҚ ТІЛІ КАФЕДРАСЫ

Орыс бөлімінде қазақ тілі пәнін оқитын

барлық мамандықтарға арналған кредиттік

оқыту жүйесі бойынша оқу-әдістемелік

құралдары

АСТАНА, 2011

РМҚК «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті»

ҚР БҒМ

Сапа менеджмент жүйесі

Университет стандарты

Оқу-әдістемелік кешен құрылымы

СМЖ ЕҰУ С 04-2008

6 беттің 2- беті

Силлабус

1. Курс оқытушысы: Шотанова Сәуле Балмағамбетқызы, филология ғылымдарының кандидаты, практикалық қазақ тілі кафедрасының доценті.

Байланыс телефоны: 56-24

Байланыс желесі: saule bal@mal.ru

Ғылыми мектебі: 01.10.1992-02.10.1995 жж. Алматы, ҚР ҰҒА М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер инстутының, қазақ әдебиет тарихы бөлімінің аспирантурасын, күндізгі оқу нысанын тамамдаған.

Ғылыми жетекшісі: ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, филология ғылымдарының профессоры, қазақ әдебиет тарихы бөлімінің меңгерушісі Ш.К.Сатпаева.

Ғылыми қызығушылығы: қазақ тілтанымындағы діни ілімнің ұлттық лингвомәдени ерекшеліктері.

2. Оқу пәннің атауы: Қазақ тілі. Курстың коды: …. Кредит саны – 3

3. Оқу пәнінің орны мен уақыты: кесте бойынша

4. Оқу пәнінің деректемелері (пререквизиты и постреквизиты):

Мемлекеттік тілді еркін меңгеру үшін қазақ тілінен орта мектеп, лицей, гимназия деңгейіндегі лексикалық минимум мен грамматикалық құрылысы жөнінде алғашқы білімі болуы керек.

5. Оқу пәнінің сипаттамасы.

5.1. Оқу пәнінің бағыты: Жүйелі түрде.

Тілді – ой-пікір білдіру, түсінісу құралын – жетілдіру, коммуникативтік мақсатқа қол жеткізу үшін мәтінмен жұмыс, трансформациялық жаттығулар, диалогтық сөйлесу мен монологтық ой қорыту; кәсіби бағдар беру, мамандық тілін қалыптастыру мақсатында терминдер мен кәсіби сөздер, синтаксистік құрылымдарды меңгерту; ақпараттық-танымдық деңгейін көтеру мақсатында қосымша деректермен қамтамасыз ету.

5.2. Пәнді оқытудың мақсаты:

Қатысымдық, танымдық, тәрбиелік мақсат бірлікте алынады:

- қарым-қатынас құралы – тілді меңгеруді жетілдіре түсу;

- өз мамандығын игеруде қазақ тілі мүмкіндігін жете пайдалану;

- мамандыққа сәйкес белсенді лексика мен терминдерді меңгеру арқылы нақты тілдік ортада тілдік қызмет ситуацияларына бейімдеу;

- коммуникативті мақсатта берілген тапсырмалар, жаттығулар негізінде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;

- қазақ заңдары тарихынан танымдық-тәрбиелік мәлімет беру.

5.3. Пәнді оқытудың міндеттері:

- тілдік қызметтің барлық түрлерін өзара байланыста оқыту;

- тілдік құралдар арқылы негізгі сөйлеу әрекетінің міндеттерін шешуге; пікір білдіре алу, мақұлдау, қарсылық білдіру, мәлімет беру, хабарлай алу, оқиға, құбылысқа сипаттама, баға бере білуге қол жеткізу;

- коммуникативті міндеттерді жүзеге асыру үшін тілдің функционалдық жүйелерін меңгеруді басшылыққа ала білу, яғни функционалдық жүйелерді дұрыс қолдануды жетілдіре түсу;

- кәсіби мәтін мен қосымша танымдық материалдарды меңгеру арқылы тілдік, қоғамдық ортаға бейімдеу.

5.4. Оқу пәнінің мазмұны: Қазақ тілі біртұтас қазақ ұлтына қызмет еткендіктен, мемлекеттік тіл болып табылады. Осы тілді оқытуда, қатынастық, тақырыптық және тілдік ұстанымдар негізге алынды, мынадай тақырыптарға бөлінеді:

  1. Тұрмыс-тіршілік.

  2. Елтану.

  3. Мамандық әлемінде.

  4. Іскерлік осымен қатар қазақ тіл білімінің негізгі салалары да қамтылып отыр.

5.5. Оқу пәнінің жоспары

Апта

Тақырып аты

Сағат саны

1.

Септеу түрлері. Тәуелденген сөз тіркестерін жасау.

ҚР-ның Конституциясы.

Студент құқықтары мен міндеттері.

Прак. 3 с.

ОСӨЖ 3 с.

СӨЖ 3 с.

2.

Қазақ тілінің ерекшеліктері.

ҚР-ның Конституцисының «Тіл туралы» заңына сұхбат.

Ана тілі – айбыным менің.

М.Шахановтың «Рух пен тіл» әні.

Тіл туралы қанатты сөздермен жұмыс.

Прак. 3 с.

ОСӨЖ 3 с.

СӨЖ 3 с.

3.

Сөз тіркестерінің (зат есім мен сын есім) септік жалғаулары.

Біздің университет.

Шығарма. Менің алғашқы студенттік қадамым.

Әңгіме. Менің болашақ мамандығым.

Прак. 3 с.

ОСӨЖ 3 с.

СӨЖ 3 с.

4.

Тәуелдік жалғау. Екі зат есімді тіркестің септелуі.

Л.Н.Гумилев – ірі ғалым.

ЕҰУ-дағы Л.Н.Гумилев кабинетіне саяхат.

Шығарма. Л.Н.Гумилев кабинетінен алған әсерім.

Прак. 3 с.

ОСӨЖ 3 с.

СӨЖ 3 с.

5.

Тәуелдік жалғау. Үш есімді тіркестің септелуі.

Қазақстан.

Менің туған өлкем.

Ел болам десең, бесігіңді түзе. Сұхбат.

Прак. 3 с.

ОСӨЖ 3 с.

СӨЖ 3 с.

6.

Объектілік қатынастар. Төл сөз бен төлеу сөздің өткен шақта берілуі.

ҚР-ның Мемлекеттік рәміздері.

Мемлекеттік рәміздердің авторлары туралы не білесіз?

«Елім менің» әнін жаттау.

Прак. 3 с.

ОСӨЖ 3 с.

СӨЖ 3 с.

Аралық бақылау

7.

Төл сөз бен төлеу сөздің нақ осы шақта берілуі.

Аралық бақылау.

Астана.

Сұхбат. «Астананың туристік нысандары – көркем жерлері».

Менің туған қалам.

Прак. 3 с.

ОСӨЖ 3 с.

СӨЖ 3 с.

8.

Төл сөз бен төлеу сөздің келер және ауыспалы осы шақта берілуі.

Жер ананы аяла.

Жер мен тіл тарихынан.

Еліміздегі экология мәселесі.

Прак. 3 с.

ОСӨЖ 3 с.

СӨЖ 3 с.

9.

Анықтауыштық қатынас. Мезгілдік қатынас.

Су - әлемдік маңызы бар мәселе.

Қазақстандағы ауыз су мәселесі.

Су – тіршілік көзі.

Прак. 3 с.

ОСӨЖ 3 с.

СӨЖ 3 с.

10.

Сын есімнің мағыналық түрлері, жасалуы.

Салыстырудың берілуі.

Мейірімді болу оңай, әділ болу қиын.

Адам сәні туралы.Ашу –дұшпан, ақыл – дос.

Прак. 3 с.

ОСӨЖ 3 с.

СӨЖ 3 с.

11.

Жалғаулықтар. Бәрінен де уақыт қымбат.

Менің бос уақытым.

Уақытыңызды қалай пайдаланасыз?

Прак. 3 с.

ОСӨЖ 3 с.

СӨЖ 3 с.

12.

Етістік. Ұлы адамдар өмірінен: Абай Құнанбайұлы.

Абай- ұлы ақын.

Абайдың қарасөздері.

Прак. 3 с.

ОСӨЖ 3 с.

СӨЖ 3 с.

13.

Етіс. Ұлы адамдар өмірінен: Ы.Алтынсарин.

Ы.Алтынсарин ағартушы-педагог, жазушы.

Ы.Алтынсарин өлеңдері.

Прак. 3 с.

ОСӨЖ 3 с.

СӨЖ 3 с.

14.

Себеп-салдарлық қатынастың берілуі.

Кімнің лидер болғысы келеді?

Басшы келбеті.

Басшының басты қасиеті не?

Прак. 3 с.

ОСӨЖ 3 с.

СӨЖ 3 с.

15.

Қайталау. Қорытынды бақылау. Меңгеру.

Қонақтарды қарсы алу, кәдесыйлықтар ұсыну.

Мәдениет, музыка және ұлттық тағамдар.

Қойылым. Қонақ күту.

Прак. 3с.

ОСӨЖ 3 с.

СӨЖ 3 с.

Аралық бақылау.

Барлығы: прак. – 45; ОСӨЖ – 45; СӨЖ – 45 сағат.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]