Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ тілі Шотанова УМК.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
09.11.2018
Размер:
517.12 Кб
Скачать

Себеп-салдарлық қатынастың берілуі.

(З.С.Күзекова)

  1. Сөздікпен жұмыс.

әлеуметтік, пайда болу, тұлға, қоғам, ортақ, мәселе, шешу, басшы, басшылық, басшылық жасау, кез-келген, міндет, атқарушы, ізбасар

  1. Ойтүрткі

Топ болып мына сұрақтарды талқылаңыздар.

а. Тарихтан қандай лидерлерді білесіз?

ә. Ол лидердің қандай ерекшеліктері бар?

б. Ол лидерлер еліне қандай пайда әкеледі?

в. Сізге қай лидер көбірек ұнайды? Неге?

г. Сіздіңше лидер қандай болу керек?

д. Лидер нені білуі керек?

ж. Қазақстан тарихынан қандай ұлы тұлғаларды білесіз?

  1. Әлем тарихынан қандай ұлы тұлғаларды білесіз? (Бір-біріңізбен сұхбаттасыңыз).

Үлгі: Мені басшылардың ішінде Абылайханның тұлғасы қызықтырады. Абылайханда лидерге қажет қасиеттердің бәрі бар. Ең бастысы: ол – отаншыл, көреген, дипломат, батыл, батыр. Батылдығымен, батырлығымен, отаншылдығымен бізге үлгі. Тағы да ең басты ерекшелігі – жауапкершілігі өте жоғары. Ол өз ісінде жауапкершілік танытқан, өз халқының мүддесін өзінікіндей қорғаған, халқына жақын болған. Ол тек қана хан болған жоқ, ол – қолбасшы, көсем, кеңесші, дипломат та болды (Студент дәптерінен Бегеева Гүлжан).

  1. Оқыңыз. Таныс емес сөздерді сөздіктен қараңыз.

Тарихи тұрғыдан қарасақ, адамзат пайда болған күннен бері лидерлері

болған. Өйткені, адам - әлеуметтік тұлға. Қоғам пайда болғанда міндетті түрде сол топтың ортақ мәселелерін шешуге басшылық жасайтын кісі болады.

Лидер - өзі басқаратын тобы болғанда ғана лидер.

Лидерлік – кез-келгеннің қолынан келмейтін, батылы да жетпейтін ауыр міндет. Жақсы лидер тақтың соңына түскен топтың басшысы емес, көптеген рольдерді бірден атқарушы. Өйткені тақ адамды емес, адам тақты көтереді. Кез-келген басшы өзіне жақсы ізбасар тәрбиелеуге міндетті.

Шын (ш) немесе жалған (ж)

Ш

Ж

а. Адамзат пайда болған күннен бері лидерлері болған.

ә. Адам - әлеуметтік тұлға емес.

б. Топтың ортақ әлеуметтік мәселелерін шешуге басшылық жасайтын кісі болады.

в. Лидерлік – кез-келгенннің қолынан келмейтін, батылы да жетпейтін ауыр міндет емес.

г. Жақсы лидер – көптеген рольдерді бірден атқарушы.

д. Басшы өзіне жақсы ізбасар тәрбиелеуге міндетті.

  1. Түсінікті тексеру. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Адамзат пайда болған күннен бері лидерлер болған ба?

  2. Адамзат - әлеуметік тұлға ма?

  3. Лидерлік кез-келгеннің қолынан келе ме?

  4. Лидерлік қандай міндет?

  5. Жақсы лидер қандай болады?

  6. Басшы өзіне кімді дайындауға міндетті?

6. Сөздікпен жұмыс.

ерекшеліктер, адам бойы, табылу, тиіс, кәсіпкерлік, бейім, ынталы, болжамдар, мұрат тұту, әсер ету, қабілет, жүйелі, пікір, өзге, сендіру, ерту, ерте білу, уәде, айнымау, жүріс-тұрыс.

  1. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

  1. Басшы қандай болу керек деп ойлайсыз?

  2. Басшы уәдесін орындауға мән беруі керек пе?

  3. Басшы кездесу уақытынан айнымауға ерекше мән беру керек пе?

  4. Басшының киінуі, жүріс-тұрысы тартымды болуы керек пе?

  5. Басшыға тәжірибе керек пе?

  1. Оқыңыз. Таныс емес сөздерді сөздіктен қараңыз.

Басшы келбеті

Басшы белгілі бір жүйемен жұмыс істейтін топты бастаушы, жол көрсетуші.

Жан-жақты басшылық қызметке дайын болу үшін қандай ерекшеліктер адам бойынан табылуы тиіс?

Басшы кәсіпкерлікке бейім болуға тиіс? Ол не? Мұның негізінде еңбекқорлық жатады. Кәсіпкерлік – іске кірісе кету, нақты шешімге келу, батылдық, динамизм, ынталықтан бастау алады.

Кез-келген іске бел шешіп кірісетін адам, алдымен жұмысы үшін қажетті шарттарды дайындауға бейім тұрады. Сондай-ақ ол бақылаушы, зерттеуші, келешекпен байланысты болжамдар да жасай алады.

Тез тіл табыса кетумен бірге жоғарғы және төменгі қызмет сатысындағы адамдармен бірдей қарым-қатынасты сақтайды.

Басшылық қызметті мұрат тұтқан жастар өзгені сыйлай білуі, мәдениет қағидаларын орындап, батыл да дұрыс қадам жасай білулері керек.

Кез-келген басқару ісінде жұмысты ғана біліп қоймай, адамдарға әсер ету қабілеті маңызды роль ойнайды, яғни лидерлік қажет.

Лидерлер өзгелерді сендіргіш, қай жағынан да үлгі болып, артынан көпшілікті ерте білуі тиіс.

Жауапкершілік және өзгелермен кеңесу де басшы үшін ауадай қажет.

Жүйелі пікірі бар адам негізінен ойлай біледі, ал ойлау оқумен тікелей байланысты.

Басшы үшін оқу аса қажет, кәсіптік оқу, мәдени оқу, қызметпен байланысты оқу ...

Шын (ш) немесе жалған (ж)

Ш

Ж

а. Басшы белгілі бір жүйемен жұмыс істейтін топты бастаушы, жол көрсетуші емес.

ә.Басшы кәсіпкерлікке бейім болуға тиіс..

б. Кәсіпкерлік – іске кірісе кету, нақты шешімге келу, батылдық, динамизм, ынталылықтан бастау алмайды.

в. Басшы – бақылаушы, зерттеуші

г. Жақсы лидер – көптеген рольдерді бірден атқарушы.

д. Басшы өзіне жақсы ізбасар тәрбиелеуге міндетті.

10. Түсінікті тексеру

  1. Басшы кім?

  2. Басшы неге бейім болуға тиіс?

  3. Кәсіпкерлік неден бастау алады?

  4. Сондай-ақ басшы қандай болуы керек?

  5. Басшы жоғарғы және төменгі қызмет сатысындағы адамдармен қандай қарым-қатынас сақтайды?

  6. Басшылық қызметті мұрат тұтқан жастар кімді сыйлай білуі керек, нені орындап, қандай қадам жасай білулері керек.

  7. Басшы үшін ауадай қажет не?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]