Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД саясат.каз.2 кр.2011 ПОС..doc
Скачиваний:
35
Добавлен:
05.11.2018
Размер:
1.02 Mб
Скачать

Саяси көзқарастардың пайда болуы.

Жоспар:

1. Ежелгі грек және Рим ойшылдарының саяси идеялары.

2. Қазіргі заман ойшылдарының саяси көзқарастары

3. Жүсіп Баласағұни, Қорқыт ата т.б. саяси көзқарастары.

4. ХХ ғасыр Қазақстандағы саяси ой.

Әдебиеттер тізімі:

Хан И.Г. Саясаттану – Алматы, 2003 ж.

Қуандыков. Саясаттану негіздері. Алматы, 1998 ж.

Жамбылов Д.А. Саясаттану негіздері. Алматы, 2000 ж.

Василик М.А. Политология. М., 2000 ж.

Политология. Курс лекций. Под. ред. Мустафина Т.Т. Алматы, 1993 ж.

Панарин А.С. Философия политики. М., 1996 ж.

 

Саяси ойлар тарихы адамзат өмірінде ерекше орын алатын сөзсіз қажетті ғылыми, мәдени мұра болып табылады. Ғасырлар бойы жинақталған зерттелген, қоғамның пайда болуы мен дамуы олардың саяси жүйелерінің қызметтері туралы мол мағлұматтар береді. Саяси ілімдер тарихынан хабардар болу, оны танып білу бүгінде жүріп жатқан тіршілік үшін, қоғам, мемлекет, үкіметтер үшін өте қажет. Әлемдік деңгейдегі ойшылдардың саяси ілімдер тарихына қосқан ғылыми зерттеулері адамзат баласы үшін маңызы өте зор.

Саяси ілімдердің аяғынан тік тұрып қалыптасу кезеңі адамзаттың діни-мифологиялық танымынан өтіп ақыл-ойға сүйенген мезгілімен қабаттас келді. Сондай-ақ, бұл кезең қоғамдық өндірістің даму сатысындағы таптар мен мемлекеттің шығуымен тұстас еді.

Б.э. дейінгі (І-ІІ мың жылдықты) ежелгі Египеттіктердің қытайлықтардың, үнділердің, гректердің, римдіктердің әлеуметтік саяси түсініктері діни-аңызға негізделген сипатта болды. Олардағы өкімет билігі, басқару тәртіптері көбінесе құдаймен байланыстырылды.

Б.э.д. VIII -VI ғасырларда сол кездегі өмірде, тіршілікте адамдар арасындағы қатынастарда оның ішінде мемлекет, билік, құқық, ұғымдары, бұрын беймәлім болып келген өзге де жаңа пікірлер айтыла бастады. Соңдай-ақ, діни-аңызға негізделген көзқарастардан біртіндеп арылу тенденциясы да байқалды. Ендігі жерде өмірге көзқарас көбінесе ғылыми негізге сүйене бастады. Көзқарастардың бұлай өзгеруіне Заратуштраның (Перссия), Конфуцийдің, Мо-цзының (Қытай), Буддының (Индия) ілімдері басты рөл атқарды.

Гректің ғүлама ойшылы Гераклит б.э. дейінгі шамамен 520-460 жылдарда өмір сүрген. Ол: "Әлемде бәрі қозғалысқа түсіп, бәрі біртіндеп өзгеріске ұшырайды" - дей келіп әлеуметтік теңсіздік жаратушы күш арқылы реттеледі деп түсінеді. Аристократия жағыңдағы Гераклит құлдықтың сақталуын қорғап, мемлекеттегі зандардың тұрақты болуына үлкен мән береді.

Гераклит: "қарама-қарсылықтар бірінсіз-бірі өмір сүре алмайды. Яки белгілі бір қарама-қарсылық, екінші бір қарама-қарсылыққа өтеді. "Суық жылынады, жылылық суынады, ылғал кебеді, құрғақ ылғалданады" деген тұжырымға сүйенген ол өмір мен өлімді, түзу мен қисықты, жақсылық пен жамандықты, күн мен түнді, жоғары мен төменді бір таяқтың екі ұшы іспетті деп біледі. Бұлар бір-бірімен бірлестікте әрі қарама-қарсылықта. Қарама-қарсылық өзара мәңгі күресте.

Демокрит (б.э. дейінгі 460-370 жылдар шамасында) өмір сүрген, құлдық демократияны жақтаған, антикалық материализмнің өкілі болды. Егер адамдар бір-бірін күндемесе, зияндық жасамаса, бір-біріне сенсе онда заңдардың да қажеті шамалы деген пікір айтады. Сондай-ақ, ол қоғамның пайда болуы мен даму сырын зерттеуге талпынады.

 

Христиан дінінің теориясын жасап, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский (1225-1274) өмір сүрді. Оның саяси көзқарастары "Билеушілердің басқаруы туралы", "Теологияның жиынтығы" деген еңбектерінде қаралды.

Аквинский өз шығармаларында Аристотельдің көзқарастарын котолик дінінің қағидаларына бейімдеуге тырысты. Атап айтсақ ол Аристотельдің адам қоғамдық және саяси тірі жәндік деген пікірін негізге алды. Жалғыз адам әу бастан өз мұқтаждығын, қажеттілігін жеке - дара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан бірігіп мемлекет болып өмір сүру адамдардың пешенесіне әуел баста жазылған деп түсіндірді. Мемлекеттік биліктің мақсаты - "ортақ игілікке" жету, адамдарға лайықты, ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау. Ол үшін феодалдық-сословиелік жіктелудің сақталуы шарт. Жоғарғы сословиеге бәрі бағынуы тиіс. Фоманың ойынша, билік құдайдың құдіретімен орнайды және соның бұйрығымен жүзеге асырылады. Билік басындағылардың халыққа жасаған жақсылықтарының бәрі бір жаратушының арқасы деп түсіндірді. Сондықтан патшалық билік жоғары діни билікке бағынуы тиіс. Оның пайымдауынша аспанда құдай, жерде Рим папасы билеуі керек. Ол биліктің монархиялық түрін жақтады. Осыған ұқсас саяси көзқарас мұсылман дінінде де орын алды. Онда билік дін басыларының қолында болуын көздеді. Құранның талабы бойынша қай мұсылман болмасын Аллаға, оның өкіліне және билік иесіне бағынуы тиіс.

Әйгілі араб ойшылы Ибн Хальдун (1332-1406 жж.) өмір сүрген. Ол "өзінің Тарихқа кіріспе" деген еңбегіңце қоғам мен билік түрін ғылыми талдап береді. Адамның жануардан айырмашылығы сол ол билікті қажет етеді деген пікір айтады. Оның осы пікірі екі түрлі саяси қағидаға негіз болды:

 а) қоғамдық топтардың өзара дау-жанжалын шешудің қағидасы;

 б) басшы топтар билігінің шеңберлі айналу түрінің қағидасы.

Томас Мюнцер (1493-1525 жж.) Германиядағы Ұлы шаруалар көтерілісі кезіндегі "халық реформасы" ағымының ірі саяси қайраткері. Ол қоғамда шешуші рөл атқаратын саяси бағдарлама жасауды ұсынды. Бағдарламадағы негізгі талап, жеке меншікті жою мүліктерді біріктіріп, таптық айырмашылықтарды теңсіздікті, болдырмау жалпы бірдей теңдікті кіргізуді жақтады. Мюнцердің мұндай негізсіз, қарапайым коммунизмі кейіннен діни мазмұн алып өзгеріске ұшырады. Ниеті түзу прогресшіл рөл атқарғанымен, оның іс жүзіне асуы өте күрделі еді.

Мюнцердің замандастары алғашқы социалист утопистер Т. Мор мен Т. Кампанелла да халық мүддесін ойлап, келешек адамды адам қанамайтын қоғам туралы өз ойларын, тұжырымдарын білдірді.

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: консерватизм, либерализм, саясат т.б.

Дәріс№ 3.