Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД саясат.каз.2 кр.2011 ПОС..doc
Скачиваний:
35
Добавлен:
05.11.2018
Размер:
1.02 Mб
Скачать

Салыстырмалы саясаттану. Саясат қоғамдық өмір жүйесінде. Саяси билік.

Жоспар:

1. Салыстырмалы саясаттну түсінігі, түрлері.

2. Биліктің маңызы мен мазмұны. Биліктің құрылымы.

3. Билік анықтамасының негізгі парадигмалары.

Әдебиеттер тізімі:

Хан И.Г. Саясаттану – Алматы, 2003 ж.

Қуандыков. Саясаттану негіздері. Алматы, 1998 ж.

Жамбылов Д.А. Саясаттану негіздері. Алматы, 2000 ж.

Василик М.А. Политология. М., 2000 ж.

Политология. Курс лекций. Под. ред. Мустафина Т.Т. Алматы, 1993 ж.

Панарин А.С. Философия политики. М., 1996 ж.

Адамзат баласы билікке құштар қоғамның бір бөлігі. Сол себептен саясаттануда саяси билік теориясы негізгі орын алады. Ол саясатпен тығыз байланысты және саясаттың, саяси институттар мен барлық саясат әлемінің мәнін түсініп-білуге мүмкіндік береді. Себебі, саясаттың негізгі мәселесі – билік, ал мазмұны – билік үшін күрес және билікті жүргізу. Шығыстың көрнекті ойшылы Ибн-Халдун (1332-1406) адамның басқа жан-жануардан ерекшелігі – ол билік үшін күреседі деген екен. Ағылшының қоғам қайраткері болған Бертран Рассел (1872-1970) физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарда негізгі ұғым билік болып табылады деп тұжырымдаған. Ал Американ әлеументтанушысы Талкотт Парсонс (1902-1979) экономикалық жүйеде ақша қандай орын алса, саяси жүйеде билікте соншалықты орын алады-деген.

Билік жөнінде ғылымдар арасында әр түрлі анықтамалар мен тұжырымдар бар.

1.     Теологиялық анықтама-билікті белгілі бір мақсатқа, белгілеген нәтижеге, қортындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіріледі.

2.     Бихевиористік анықтама бойынша билік деп басқа адамдардың жүріс-тұрысын, өзін-өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс - әрекеттің ерекше түрі.

3.     Инструменталистік анықтама билікті белгілі бір құралдарды, адамдарды (зорлық-зомбылық, күштеу сияқты шараларды) пайдалану, қолдану мүмкіндігі деп біледі.

4.     Структуралистік анықтама билікті басқарушы мен бағынушының арасындағы қатынастың ерекше түрі деп ұғады. Олар кейбір адамдарды туғанынан, табиғатынан әміршіл, басқарғысы келіп тұратын болады, ал басқалары көнбіс, көнгіш, басқа біреу өз ырқын билеп, басқарып, жол көрсетіп тұрғанын ұнатады, қалайды дейді.

5.     Конфликтік анықтама билікті дау-жанжал жағдайында игілікті бөлуді реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шешудің құралы деп түсіндіріледі.

6.     Басқа ғалымдар билікті кең мағынасында басқаларға тигізілетін жалпы ықпал ретінде қарайды.

7.     П.Моррис, А.Гидденс сияқтылар, жоғарыдағы көзқараспен келіспей, билікті біреуге немесе бірдеңеге тигізетін жәй ғана ықпал, әсер емес, оларды өзгертуге бағытталған іс-әрекет дейді.

8.     Америка саясаттанушылары Г. Лассуэлл мен А. Каплан “Билік және қоғам” деген кітабында билікті шешім қабылдауға қатысу мүмкіндігі ретінде сипаттайды.

Сонымен, бізбилік туралы ғалымдардың арасында ортақ пікір, анықтама жоқ екенін байқадық. Біздіңше, билік деп біреудің екіншілерге әмірін жүргізіп, олардың іс-әрекеті, қызметіне ықпал етуін айтады.

         Билік адамзат қоғамымен бірге пайда болды және оның даму барысында бола бермек. Ол ең алдымен қоғамдық өндірісті ұйымдастыру үшін керек. Онсыз барлық қатысушы адамдарды біртұтас ерікке бағындыру қиын.

         Алғашқы қауымдық қоғамда билік қоғамдық сипатта болды. Ол кезде билікті қауым бастығын сайлайтын ру-ру мен тайпалардың барлық мүшелері бірігіп іске асыратын. Әлеуметтік бөлшектену өрістеп, мемлекеттің пайда болуына байланысты ру басшыларының адамгершілік беделі төмендеп, оның орнына ақсүйектер билігінің беделі ұлғайды.

         Биліктің қоғамдық сипаты – билік қатынастарының тараптары әманда сана мен ерік-жігерге ие болатын адамдар, олардың әлеуметтік топтары, ұйымдары болып табылады. Өзінің табиғаты жағынан билік – бұл тамаша, ерік-жігерлі немесе сезімдік және өзгеде көзқарас әрі осынысына қарай оның өзі қандайда бір әрекет жасай алмайды.

         Биліктің авторитарлық сипаты - өзінің басқыншылығын қамтамасыз етудің нысандары мен тәсілдеріне қарамастан, билік объектісі ерік-жігерінің оның субъектісі ерік-жігеріне бағыныштылығы.

         Тарихи әмбебап сипаты. Билік адамзат қоғамының міндетті белгісі болып табылады. Қоғамның, мемлекеттің әлеуметтік таптық болып бөлінуі, пайда болғанға дейін ол қоғамдық сипат алады, яғни қоғамнан жағары тұрған аппарат, ерекше күштеу мекемелері болмады.

      Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: салыстырмалы саясаттану, теориялық саясаттану, саяси билік, биліктің легитимділігі, саяси билік, мемлекеттік билік т.б.  

Дәріс №4,5,6