Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД саясат.каз.2 кр.2011 ПОС..doc
Скачиваний:
35
Добавлен:
05.11.2018
Размер:
1.02 Mб
Скачать

Саяси сана және саяси мәдениет.

Жоспар:

1. Саяси сана түсінігі.

2. Саяси мәдениет, түрлері

Әдебиеттер тізімі:

Хан И.Г. Саясаттану – Алматы, 2003 ж.

Қуандыков. Саясаттану негіздері. Алматы, 1998 ж.

Жамбылов Д.А. Саясаттану негіздері. Алматы, 2000 ж.

Василик М.А. Политология. М., 2000 ж.

Политология. Курс лекций. Под. ред. Мустафина Т.Т. Алматы, 1993 ж.

Панарин А.С. Философия политики. М., 1996 ж.

Политология в вопросах и ответах. Под ред. Волкова Ю.Г. М., 1999 г.

Гаджиев К.С. Введение в политическую науку. М., 1997 г.

Политология. Словарь-справочник. Под ред. Василика. М., 2000 г.

Политология. Практикум по курсу. Под ред. Василика. М., 2000 г.

Адаммзаттың тарихи дамуының әр кезендеріңде де, қоғам өмірінде де саясаттың шешуші рөл атқаруы объективті қажеттілік болып табылады. Өйткені, өмірдің өзі көрсетіп отырғандай, қоғамның прогресті дамуы, саясаттың тиімді жүргізілуімен тығыз байланысты. Ал саясаттың ұтымды болуы оның адамдар үшін олардың жарқын өмірі үшін қажет. Бұл қоғамның жан-жақты дамуының заңды шарты. Оның мәні әлеуметтік топтар, көпшілік қозғалыстар, саяси партиялар т. б. қоғам өмірінде қанша көрнекті рөл атқарғанмен, саясаттың ең басты субъектісі - адам екендігінде. Қандай қоғамдық, саяси ұйымдар болмасын барлығы да адамдардан тұрады, бүкіл саяси процестің, қоғамның саяси өмірінің мәні, бағыты, түптің түбінде адамдардың мақсатымен, көзқарастарымен, олардың ырқымен анықталады. Олай болса, адам қоғам үшін емес, қоғам адам үшін өмір сүруі шарт. Адам қоғам өмірінде, саясатга шешуші фактор. Саяси ойлар тарихында, кезінде саясаттың субъектісі ретінде адамның қоғам өміріндегі жасампаздық рөлі туралы көптеген ғылыми құнды тұжырымдар айтылған. Мысалы, өзінің "Республика" атты еңбегінде, Платон саяси бағыттың әртүрлілігі адамдардың табиғи өзгешеліктерімен тығыз байланысты екендігін атап көрсеткен. Ал Аристотель "Саясат" деген шығармасында адам өзінің табиғи жаратылысына байланысты саясаттан тыс бола алмайтындығына басты назар аударған. Т. Гоббс және Дж. Локк мемлекеттің шығуы туралы өзара бір-біріне ұқсамайтын теорияларды, адам жөніндегі қарама-қайшы концепцияларға сүйене отырып қарастырған. Шын мәнінде, адамгершілік тұрғысынан қарағанда, адам қоғам өмірінің, саясаттың ең негізгі белді тұлғасы екендігі даусыз. Әрине, бұл үшін әр адам саясат субъектісі деңгейіне көтерілуі қажет. Ал бұл процесс яғни адамдардың саясаттың субъектісі болып қалыптасуы көп мағыналы үлкен проблема. Біз солардың кейбіреулеріне ғана тоқталамыз.

Саясаттың субъектісіне әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер, саяси партиялар, қозғалыстар жатады.

Мәселе түсінікті болу үшін біз "тұлға", "субъект", "объект" деген терминдердің мәніне тоқталсақ.

Тұлға деп қоғамдық өмірдің нақтылы тарихи жадайлары қалыптастырған, саналы іс-әрекет ете алатын, өз жүріс-тұрысына жауап беретін, еңбек етіп, қарым-қатынас жасаушы, айналадағыны танып-білуші жеке адамды айтады.

Субъект (латынның негізінде жату деген сөзінен) деп белсенді іс-әрекет жасаушы, сана мен жігері бар жеке адам немесе әлеуметтік топты айтады.

Объект (латынның қарсы қою деген сөзінен) деп субъектінің танымдық және басқа іс-әрекеті неге бағытталса, соны айтады. Басқа сөзбен айтқанда, объект-зерттелетін зат. Сонда саясаттанудың объектісіне саясат, саясат әлемі жатады.

Саясаттың субъектісі дегенде өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адамды, ұйымды не әлеуметтік топты айтады. Саясат субъектісінің құрамы, іс-әрекеттерінің түрлері мен тәсілдері, көздеген мақсат-мүдделері және т. б. қоғамның нақты, тарихи жағдайымен айқындалады.

Кәдімгі, қарапайым, демократиялық жолмен дамыған елде саясат адам үшін және адам арқылы жасалады. Себебі, әлеуметтік топтар, қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар қаншалықты маңызды орын алғанымен солардың бәрі адамдардан, олардың іс-әрекетінен тұрады. Олай болса, саясаттың бас субъектісі адам дейтініміз содан.

Адамдарды саяси жұмысқа итермелейтін негізгі себеп -мұқтаждық пен мүдде. Мұқтаждыққа өмірде керек, бірақ қолда жоқ зәрулік жатады. Ол табиғи және әлеуметтік болып екіге бөлінеді. Табиғи зәрулікке тамақ ішу, киім кию, баспана және т.с.с. мққтаждықтар жатады. Әлеуметтік мұқтаждық қоғамда пайда болады. Оған еңбек ету, басқа адамдармен қатынаста болу, қоғамдық өмірге араласу және т. б. қажеттіліктер кіреді. Мұқтаждықты адам сезініп, оны өтеуге тырысса, ол - мүддеге айналады.

Мәдениет адам әрекетінің, саналы қызметінің көрінісі. Олай болса, сол әрекет-қызмет нәтижелері де мәдениет дәрежесін паш етеді. Мәдениет адамсыз болмайды. Адам дамуы мәдениетке байланысты. Ал, саяси мәдениет-тарихи құбылыс. Тарихи даму барысында саяси мәдениеттің құрамды бөлімдері өзгеріп отырады. Саяси мәдениет ұлттық сипатта болады. Ол тарихи-мәдени дәстүрлерді, қоғаңдық-саяси практиканы, ойлаудың жеке бейнесін қамтиды.

Саясат әлемі-күрделі де алуан түрлілігімен өте бай жүйе. Ондай жүйенің сан-салалы күрделі болуының өзі осы саяси мәдениеттіліктің дәрежесіне байланысты. Саяси мәденист қоғамдағы саяси өмірдің, барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы системаның шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді.

Саяси мәдениет өмір сүріп отырған қоғамның тұрпатына сай қалыптасқан саяси түсінік, құндылық бағыттар, тәртіптер және саяси мінез-құлықтар көріністерінің жиынтығы болып табылады. Саяси мәдениет қоғамның тұрақтылығының кепілі. Ол мәдениеттің барлық саласын реттейді. Ал саяси мәдениет, қоғамдық сана және практика арасындағы байланыс саяси дәстүр арқылы жүргізіледі. Саяси мәдениет өмір сүріп отырған саяси жүйенің тірегі болып табылады, халықтың барлық жіктерін біріктіреді. Сөйтіп саяси мәдениет қоғамның рухани дамуының дәрежесі. Сондай-ақ, ол белгілі бір саяси қауымның саяси санасы мен бет бейнесі де болып табылады.

Кез келген қоғамның саяси өмірін түсінуде "саяси мәдениет" категориясының маңызы ерекше. Қоғамдағы басқа да құбылыстармен байланысты болғандықтан саяси мәдениет тарихи дамудың өн бойында Платон, Аристотель, Макиавелли, Монтескье, Токвиль, Гегель және басқа да көрнекті саяси ойшылдардың үнемі назарында болған. Ал саяси мәдениет туралы мәселе XX ғасырдың 50 жылдарынан бастап жеке ұғым болып айтыла бастады. Өйткені саяси мәдениет адамдардың мінез-құлқына және әртүрлі ұйымдардың іс-қимылдарына, олардың ішкі және халықаралық саясатының құбылыстарына, қоғамда үстемдік ететін саяси режимдер-тәртіптер мен жүйелерді бағалауға ықпал етеді және ең ақырында, саяси процестердің динамикасы мен бағытын әрдайым түсіндіріп отырады. Кейінірек саяси мәдениеттің негіздемесін оның түсініктері жайлы зерттеу жұмыстарын американ зерттеушілері Г. Алмонд, С. Верба "Азаматтық мәдениет" деп аталатын еңбектерінде (1963 ж.) жазып кейіннен оған әжептеуір өзгерістер енгізген. Олар саяси мәдениетті адамдардың саяси объектіге психологиялық қатынасының жиынтығы деп атайды. Ол - бағыт, құндылық, діни сезім, тапсырма т.б. жиынтығы. Бұл пікірді саясаттану мамандарының көпшілігі жақтайды. Сонымен қатар саяси мәдениет тұжырымдамасын белгілеп, оны дамытуға Э. Дюр-гейм, Т. Веблен, Т. Парсонс, Л. Пай, Р. Такер, С. Липсет, Е. Шейх сияқты ғалымдар да өз үлестерін қосқан. Ал, жалпы алғанда "саяси мәдениет" деген ұғымды алғаш қолданып, әдебиетке енгізуші XVIII-ғасырда өмір сүрген немістің ағартушы-философы Иоганн Гердер болып саналады.

Қазіргі кезде батыс әдебиетінде осы құбылыстың мазмұнын ашуға бағытталған отыздан астам анықтамалар бар. Саяси мәдениеттің анықтамасының сонша көп болуы мәдениеттің және саясаттың қызметінің сан қырлы болуынан туындаса керек.

Қоғам байланыссыз өмір сүрмейді. Егер біз адамзат дамуының тарихи өткелдеріне көз жүгіртетін болсақ жеке-жеке мемлекет болып өмір сүрген халықтар ежелден өзара қарым-қатынастарда болған. Ертеректегі қатынастардың көбі бір-бірін қорқытып күш қолдану арқылы, мықтысы әлсізіне айтқанын істеткен ол саясатпен реттеліп отырылған. Ол кездерде тікелей күш қолдану жиірек болған. Соңғы 5 жарым ғасыр ішінде жер бетінде бейбіт заман орнап 300 жыл үстемдік құрғанын айтсақ та жеткілікті. Қалған уақыттың бәрінде соғыс болып отырған. Ол соғыстардың жалпы саны 15 мыңнан асады. Тек қана 1907-1914 жылдар аралығында ғана империалистік мемлекеттсрдің тарапынан 36 рет соғыс оты тұтанса, 1917-1939 жылдарда оның саны 70-ке жетті. Ал 1946-1985 жылдары әлемде 300-ге жуық әр көлемдегі соғыстар болған екен.

Бірде-бір мемлекет әлемдік қауымдастықтың мүдделерін есепке алмай, бір жақты іс-әрекет қабылдауға ерікті емес. Сондықтан, бейбітшілік прогресс жолымен алға жылжуы үшін халықаралық қатынас шеңберінде ол барлық елдер мен халықтардың мүдделерінің балансына жетуге ынталы болуы тиіс.

Халықаралық қатынас теориясында "Сыртқы саясат" терминімен қатар "Халықаралық саясат" және "Халықаралық қатынас" ұғымдары да қолданылады. Бұл ұғымдар бүгін халықаралық жүйе жабық емес, ашық жүйе екендігімен түсіндіріледі. Оның субъектілері мемлекет қана емес, сонымен қатар халықаралық ұйымдар, ұлтаралық монополиялар, ұлттық құрылымдар, саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар, кейбір жеке адамдар болып табылады. Аталған процесті жүзеге асырудың құралы, халықаралық қатынас пен бірге сыртқы саясат болып табылады. Саясаттану зерттейтін ішкі саясат, мемлекеттердің халықаралық істердегі жалпы бағытымен айқындалады. Мемлекеттің басқа мемлекеттермен және халықтардың принципі мен мақсатын жүзеге асыруда, қарым-қатынастың нешетүрлі құралы әдістері, методтары арқылы жүзеге асырылып реттеліп отырылады. Ол табиғи және сыртқы ортадағы қаракеттерде, яғни мемлекет қызмет істейді және өзінің саясатын жүзеге асырады. Сондай-ақ, экономикалық, әлеуметтік, саяси және басқа да қатынастар мемлекет талабына орай жүргізіледі. Халықаралық саясаттың негізіне тек мемлекетаралық қарым-қатынас қана емес, әлемдік аренадағы халықтық мүдде үшін қызмет істеген топтардың жұмыстары да жатады. Мысалы, Европа қауымдастығына қатысқан 12 ел бүгін де біртұтас интеграциялық мемлекеттердің кешені ретінде көрінуде. Европалық қауіпсіздік проблемалары жөніндегі тығыз ынтымақтастық Европаның сыртқы саясат саласында бірегей дамуына жәрдемдеседі. Олар әскери саяси және экономикалық қауіпсіздік астарында өз көзқарастарын келістіріп отырады. Ол қарым-қатынас Европадағы дағдарыс жағдайларында белсенді тұрақтандырғыш рөл атқаруга талпынады. Адам құқықтарымен халықаралық құқық нормаларын сақтау жолында күреседі. Бүгінгі Европалық қауымдастықтың өмір сүруі басқа елдердің саясатына да ықпалын тигізуде.

Қазіргі дүние барған сайын серпінді және қайшылықты, сан алуан және сонымен бірге тұтас, өзара байланысты бола түсуде. Дүниежүзілік істердегі жетістіктер, қиындықтар және проблемалар адамзат өркениетінің тұтастығын және қайшылықтарға толы екендігін айғақтайды. КСРО мен шығыс Европа елдеріндегі социализмнің казармалық үлгісі және өкімет пен басқарудың өміршілдік-бюрократтық жүйесінің жойылуына байланысты бұрынғы қырш-қабақ қатынастар жарасы жазылды. Қазіргі индустриялық жағынан дамыған елдер ақпарат пен байланыстың дамыған жүйесі бар, болашақ технотрондық қоғамның негізін қалауда. Серпін алып дамыған елдер мемлекет аралық қоғамдастыққа (Европалық қоғамдастыққа және т.б.) бірігу үстінде. Адамзат ақиқатында өз дамуының жаңа күрделі кезеңіне яғни, ядролық және космос техникасымен, биотехнологиямен, биоинженериямен, ақпаратпен және компъютерлендірілген әлеммен істес болуға тура келіп отыр. Мұның ішінде аймақтық дау-жанжалдарда ерекше қауіп төндіріп отырған нәрсе ол ядролық қарулар. Әлемегі оның зарядтарының саны 50 мың бөлшекті құрайды.

Халықаралық қатынастар - бұл саяси, экономикалық, әлеуметтік, дипломатиялық, құқықтық, әскери және гуманитарлық байланыстар мен қатынастардың жиынтығы. Ол әлемдік қауымдастықтың негізгі субъектілер арасындағы қатынас. Ондай субъектілерге халық, мемлекет, қоғамдық күштер, қозғалыстар мен ұйымдар жатады. Өзінің дамуында халықаралық қатынастар ұзақ тарихи жол кешкен. Бүгін танда әлемдік саясаттың алдында адамзат баласы үшін ауадай қажет ғаламдық мәселелер тұр. Қазіргі ғаламдық проблемалардың мәнін және шиеленісу себептерін, оларды шешу жолдарын терең танып-білу, қазіргі заманның көкейкесті проблемасы болып табылады. Соғыс және бейбітшілік проблемасы адамзат алдында тұрған ең өткір мәселе болып отыр.