Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД суд присяжных соы.doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
691.71 Кб
Скачать

Құжатты заңсыз көшіруге тыйым салынады

Қазақ Гуманитарлық-Заң Университеті

Ұлттық құқық жоғарғы мектебі

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

Ұлттық құқық жоғарғы

мектеп директоры

з.ғ.д., профессор У.Шапақ

«______» ____________ 20__ ж.

ПӘН МОДУЛІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Модулдік пәннің атауы «Алқабилер соты: тарихы және қазіргі кездегі тәжірибесі» модуль шифры (SPISP 2221)

Кредит саны_2__ кредит

Оқылатын нысан – күндізгі

Курс ___1___

Семестр _3_________

Студент саны

А С Т А Н А, 2012 ж.

Пән модулінің оқу-әдістемелік кешенін дайындауға жауапты мемлекет және құқық теорияся мен тарихы кафедрасының аға оқытушысы, құқық магистрі А.Р.Турабаев

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының отырысында талқыланды

Хаттама № _______ «____»______________20__ ж.

Кафедра меңгерушісі ________________ «____»____________20___ ж.

Жоғарғы мектеп ОӘК мақұлданды _____________________

Хаттама № ________ «_____»_____________20__ ж.

Төрағасы ________________ «____»____________ 20___ ж.

Жаңартылу мерзімі «____»____________ 20___ ж.

Қазақ Гуманитарлық-Заң Университеті

Ұлттық құқық жоғарғы мектебі

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

Ұлттық құқық жоғарғы

мектеп директоры

з.ғ.д., профессор У.Шапақ

«______» ____________ 20__ ж.

Пәннің оқу бағдарламасы

(силлабус)

Модулдік пәннің атауы «Алқабилер соты: тарихы және қазіргі кездегі тәжірибесі»модуль шифры (SPISP 2221)

Барлығы_2__ кредит

Курс ___1___

Семестр _3_________

Дәріс __20____ сағат

Тәжірибе, семинар__10__ сағат

СОӨЖ ___15_____ часов

СӨЖ __45___ сағат

Аралық бақылау ___________2_____

Еңбек көлемі ____90____ сағат

Емтихан ___1___ семестр

А С Т А Н А, 2012 ж.

Мазмұны

  1. Пәннің жұмыс-оқу бағдарламасы

  1. Модульдің пререквизиттері

  1. Модульдің реквизиттері

  1. Силлабус

  1. Дәріс тезистері

  1. СОӨЖ тапсырмаларын орындау үшін әдістемелік нұсқаулар

  1. Белсенді тарату құжаттары

  1. Білім алушылардың білімдерін өлшеу құралдары(тест тапсырмалары, бақылау сұрақтары)

Жұмыс оқу бағдарламасы. Модульдің сипаттамасы

Пәнді игеру барысындағы білімдер жүргізіліп жатқан сот реформаларын және соттарда алқа заседательдерімен қатысу тәжірибесін талдауға негіз береді. Және де бұл арнайы курс азаматтық және қылмыстық іс жүргізу, мемлекеттік аппараттағы реформаларға арналған арнайы курстарды игеруге септігін тигізіп, алғышарты бола алады.

Алқабилер сотының модельдерін тізбекті түрде қарастыру: алқабилер сотының континенталдық және класикалық үлгілерінің ерекшеліктері және тарихи алғышарттары; Қазақстандағы алқабилер сотының қазіргі кезеңдегі ахуалы және т.б.

Саяси - әлеуметтік ортаның өзгеруі, мемлекетіміздің демократия жолындағы қол жеткізген жетістіктері мен бүгінгі заман талабы алқа билер сотының жұмыс істеуін яғни, сот төрелігін алқа билердің қатысумен іс жүргізу арқылы дамытуды қажет етеді. Алқа билер соты – бүгінгі соттың ең озық қағидаттары мен дәстүрлері ескерілген қазақстандық нұсқа деген ойды құқықтанушылар айтқан болатын. Яғни, бұл халық өкілдерінің бұқара тарапынан сот билігін жүзеге асыруға және әділ шешім шығаруға қатысуы деген сөз.

Алқа билердің қатысумен сот ісін жүргізудің мақсаты – қоғамдағы азаматтардың құқықтарын қорғау ісіне қатысу, шешім шығаруда ұтымды да, тиімді жолдарын қарастыру және пайдалану, сот төрелігінде әділ үкім шығаруға ат салысу, азаматтардың мүдделерін заң талаптарын бұзуы әрекеттерінен қорғау болып табылады. Халық өкілдері атынан қатысатын алқа билер институты адамдардың құқығы мен бостандығы және заңды мүдделерін заңсыз әрекеттерден қорғайды. Сонымен қатар қоғамдағы құқық қорғау қатынастарын реттеу, осы институтты тиімді пайдалану жолдарын қарастыру, сот билігінде әділ шешім шығаруға ат салысу мәселелерін көздейді.

Алқа билер институтының маңыздылығы, ең алдымен, оның өлім жазасы және өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген қылмыстық істерге қатысуында. Ал олардың қатысуын сотталушы мен қорғаушы талап ете алады. Бұл жағдай қалыпты құбылыс болуы тиіс. Өйткені, алқа билер институтын құрудағы қажеттіліктің бірі осы өлім жазасы және өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген қылмыстық істерді қарау болып табылады. Кеңес өкіметі кезінде халық заседательдері қызметін жүзеге асырғанымен оның айтарлықтай сапасы да үлгі аларлықтай нәтижесі де болмады. Жалпы қазақ жұрты үшін халық өкілдерінің сот билігін жүзеге асыруға қатысу жат құбылыс емес. Өйткені қазақ елінің салт – дәстүрі, ғұрыптық ережелер жолымен құқықтық жүйені енгізген билер сотының жалғасын табу осы мәселенің бастауы болып табылады. Алқа билер институтының мәні қарапайым халыққа билік айтқыза отырып, оны билікке жақындатады. Сондай – ақ кәсіби емес судьялар болып табылатын адамдардың сот төрелігін жүзеге асыруға қатысуы оның сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Алқа билер дербес тұрақты қолданылып жүрген сот мекемесі емес, өзінің өмірлік тәжірибесі және ішкі адал сезімі негізінде айыпталушының кінәлі немесе кінәсіздігі туралы мәселені айқындайтын, оны шешу үшін сотқа уақытша шақырылатын, 1 кәсіби судья, 10 алқа биден тұратын алқалық құраммен қатысатын соттың ерекше нысандағы институты. Республикамызда болашақта алқа билердің қылмыстық әрекеттердің басқа да санаттары кіретін сот үрдістеріне қатысуы мәселесінің қарастырылуы да мүмкін. Олардың қатысумен жүргізілетін сот үрдісі қорғаушылар қылмыстық сот ісін жүргізуде бәсекелестікке ынталандырады, судьялардың, прокурорлардың кәсіптік дағдыларын арттыруға қол жеткізеді. Алқа билердің қатысумен болған іс жүргізу кезінде сотталушыны кінәлі емес деп таныған жағдайда айыпталушы сот залынан тікелей босатылуы тиіс. Айыпталушы алқа билердің қатысумен сот ісін жүргізу құқығына ие болған соң шешім тек заң нормасы мен жинақталған сот тәжірибелері негізінде ғана шығарылмайды, сондай – ақ нақты қылмыс туралы және барлық жағдайлар бойынша тәуелсіз өзі талқылайтын адамдар тарапынан айыпталушының кінәлілік мәселесін қарайтын қоғам пікірімен де шешіледі. Осылайша, айыпталушының кінәлі немесе кінәсіздігі жөніндегі қылмыстық тергеудің негізділігі туралы мәселені шешуді халық өкілдері жүзеге асырады. Қазіргі кездегі Қазақстандағы сот жүйесіне енгізілген алқа билер соты айтарлықтай жақсы дамытылған жоқ, деп есептесек те болады. Бұл сот жүйесіне шет елдегідей жүйеге жету үшін, біздерге көптеген еңбек ету қажеті анық.