Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД саясат.каз.2 кр.2011 ПОС..doc
Скачиваний:
35
Добавлен:
05.11.2018
Размер:
1.02 Mб
Скачать

Пәннің оқу бағдарламасын гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедрасының доценті, ф.Ғ.К. Малғараева з.Б. Дайындады Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедра отырысында талқыланды

Хаттама № ____ «_____» ____________________________ ___________ж.

Кафедра меңгерушісі Құсайынова Ж.Д.

______________ «_____» ___________________________ ___________ ж.

Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар Жоғары мектебінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған.

Хаттама № ____ «_____» ____________________________ ___________ж.

Төраға э.ғ.д., профессор Шакуликова Г.Т.

__________________ «_____» _______________________ ___________ж.

Пәндердің оқу- әдістемелік кешенінің

мазмұны

1. Пәннің типтік оқу бағдарламасы (егер пән таңдау компоненті бойынша болса, онда пәннің оқу бағдарламасы)

2. Студенттер үшін пәннің оқу бағдарламасы (syllabus)

Пәннің сипаттамасы, автор туралы мәлімет, пәннің постреквизиттері, пререквизиттері

Пәнді оқытудағы дәрістердің тақырыптық жоспары әдістемелік нұсқаулармен

Пәнді оқытудағы семинар (семинар (практикалық) сабақтардың жоспары) тақырыптық жоспары әдістемелік нұсқаулармен

Пәнді оқытудағы СОӨЖ тапсырмаларын тапсыру және орындау графигі әдістемелік нұсқаулармен

Пәнді оқытудағы СӨЖ тапсырмаларын тапсыру және орындау графигі әдістемелік нұсқаулармен

Әдебиеттер тізімі

Глоссарий

Білімдер бағалау жалпы шкаласы

3. Пәннің оқу-әдістемелік картамен қамтамасыз етілуі

4. Дәріс комплексі (дәріс тезистері, иллюстративтік және таратпа материал, әдебиеттер тізімі)

5. Пән бойынша сабақ түрлерін өткізудегі әдістемелік нұсқаулар

6. Студенттердің өзіндік жұмыс үшін материалдар: үй тапсырмасының тескттерін теру, өзін өзі бақылау материалдары, рефераттар және т.б.

7. Студенттердің оқу жетістіктерін бағалау және бақылау материалдары (жазбаша, тест сұрақтары, өздік дайындалу үшін сұрақтар тізімі, емтихан сұрақтары және т.б)

8. Оқытудың техникалық құралдары, демонстрациялық материалдардың тізімі (плакатар, слайдтар және т.б., бағдарламалық и және мультимедиялық қамтылуы

Курстың оқытушысы:

Малғараева Зауре Боранкуловна, философия ғылымдарының кандидаты, доцент.

Ғылыми талаптар: демократия теориясы, тарихы мен қазіргі жағдай; саяси жүйелерді салыстырмалы талдаулар.

Ғылыми мектеп: аспирантура, философия ғылымынан кандидаттық диссертация 09.00.11 - әлеуметтік философия. Гуманитарлық және жаратылыстану кафедрасының окытушысы. 413 каб.

Семинар сабақтары, СОӨЖ : Иманқұл Айжан Нұртасқызы - философия ғылымдарының кандидаты. Білімі: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті. Гуманитарлық және жаратылыстану пәндрі кафедрасы, 413 каб. Ғылыми ізденістері: философия тарихы.

Пәнің пререквизиттер. Саясаттану пәнің толығырақ түсіну үшін осындай пәндерді білу қажет:

  1. Философия, әлеуметтік және гуманитарлық пәндердің категориялық аппаратын анықтаушы ғылым методологиясы ретінде;

  2. Дүниежүзілік тарих - өркениеттің даму жүйесі мен негізі ретінде;

  3. Социология негіздері қоғамның саяси өміріндегі субъективтік – объективтік қатынастарды анық айқындауды қамтамасыз етеді;

4. Психология негіздері саяси процестің мінез-құлық аспектілерін терең ашуға көмектеседі.

Постреквизиттер: Саясаттануды оқып болғаннан кейін келесі пәндерді терең оқуға мұмкіндік береді: “Халықаралық қатынастар тарихы”, “Дипломатия тарихы”, “Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты” және т.б.

Саясаттану пәнінің мақсаты – студенттерге саяси институттардың, құбылыстардың, қазіргі қоғам дамуындағы саяси мәселелердің мәнін түсінуге көмектесу. Соның барысында олардың саяси санасын қалыптастыру, адамзат дамуының баламалы даму жолдары бар екендігін түсіндіру, демократиялық саяси мәдениеттің құндылықтары мен ережелерін бойларына сіңіру.

Саясаттану - саясат туралы, оның институционалдық мемлекеттік көрінісі, саяси процестердің “технологиясы” туралы интегралдық ғылым. Саясаттың басты мақсаты - бұл адам, қоғам және мемлекет арасындағы үйлесімділікті іздеу. Әсіресе саясаттың рөлі мен маңызы қоғамның негізгі құндылықтары мен идеалдарының өзгеріске ұшыраған, өтпелі тарихи кезендерінде ерекше мәнге ие болады. Қазіргі қоғамның саяси шындығын шынайы түрде ашу – саясаттанудың басты мағынасы болып табылады.

Пәнді оқыту міндеттері.

Саясаттану курсы студенттерге билік, азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет, саясат, саяси жуйе түрлері, саяси режимдер, саяси мәдениет, қазіргі қоғамның саяси мәселелерін түсінуге көмектесуі тиіс.

Саясаттанудың бір бөлімі – саяси ойлар студенттерге саясатты әлеуметтік-философиялық және идеялық-теориялық негіздерін, сондай-ақ саясаттын белгілі бір тарихы кезендердегі жуйелі саяси парадигмаларын анықтауға мүмкіндік береді.

Саясаттануды оқып студент кең көлемде білімді ғана емес сонымен бірге ғылыми талдау әдестерін үйреніп, қоғам мен мемлекеттің болашақтағы саяси дамуын болжай алатын, қазіргі саяси құбылыстарға шығармашылық талдау-зерттеу жасай білетіндей болуы керек.