Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мет_Лаб_ЛСАР_Часть_1_каз.doc
Скачиваний:
120
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
2.69 Mб
Скачать

Қазақстан республикасыбілім және ғылым министрлігі

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті

«Автоматтандыру және басқару»

кафедрасы

А.А. Бейсембаев

Сызықты автоматты реттеу жүйелері

Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдiстемелiк нұсқаулары

(5B070200 – «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша күндізгі бөлімнің студенттерi үшiн)

БӨЛІМ І

Алматы 2015

Жок 681.52.01

Құрастырушы: Бейсембаев А.А. Сызықты автоматты реттеу жүйелері. Бөлім І. 5B070200 – «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша күндізгі бөлімнің студенттерi үшiн зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдiстемелiк нұсқаулары. Алматы: КазҰТУ, 2015. – 32 б.

«Сызықты автоматты реттеу жүйелері» пәні бойынша 1 кредит қөлемінде зертханалық жұмыстар жоспарланған. Әдістемелік нұсқаудың бірінші бөлімінде динамикалық үзбелерді дифференциалды теңдеулермен жазу, үзбелердің уақыт және жиілік сипаттамаларын құрастыру, талдау, модельдеу мәселері қарастырылған. Зертханалық жұмыстарды орындау барысында казіргі заманға сай MatLab матрицалық жүйесі, Simulink визуалды блоктар түріндегі модельдеу пакеті қен қолданылады. Осы бағдарламалық өнімдерді қолданып, зертханалық жұмыстардың мазмұны құрастырылған. Әрі бір зертханалық жұмыста теориялық кіріспе, әдстемелік үлгілір және жұмысты орындау реті келтіріп, студенттерге арналған индивидуалды тапсырмалар жасалынған. Зертханалық жұмыстардың мазмұны «Сызықты автоматты реттеу жүйелері» пәні бойынша қажетті компетенцияларын қамтиды. 5В070200–«Автоматтандыру және басқару» мамандығының студенттерiмен «Сызықты автоматты реттеу жүйелері» пәні бойынша зертханалық жұмыстарды орындауына арналған.

Суреттер 29. Кестелер 1. Библиография тізімі – 34 атау.

Рецензент: Исембергенов Н.Т., техн. ғылымдардың докторы, профессор

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы басылым жоспары бойынша басылды.

 КазҰТУ, 2015

Кіріспе

«Сызықты автоматты реттеу жүйелері» пәні, 5В070200–«Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша негізгі ұғымдар мен анықтамаларды бекітеді. Бұл пән бойынша білім алушыда сызықты автоматты реттеу жүйелерді математикалық түрде жазу, олардың сипаттамаларын құрастыру, салыстыру, жүйелерді модельдеу, орнықтылықтарын зерттеу, реттеу процесінің сапа қөрсеткіштер бойынша бағалау, қиыстыру құрылғыларды синтездеу компетенциялары бекітіледі. Бұл компетенцияларға сүйеніп білім алушы автоматтандыру және басқару жүйелерін талдау және құрастыру мәселеріне арналған пәндерді, диплом жобалау кезіндегі есептерді шығару компетенцияларын бекітуге мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.

Әдістемелік нұсқаудың бірінші бөлімінде динамикалық үзбелерді дифференциалды теңдеулермен жазу, үзбелердің беріліс функцияларын құрастыру есебі қарастырылған. Ары қарай үзбелердің уақыт сипаттамалары келтірілген. Мұндағы бірлік сатылы және бірлік импульсті сигнал ұғымдарына сүйеніп, өтпелі және импульсті өтпелі сипаттамалар енгізіледі. Одан кейіе үзбелердің жиілік сипаттамалары қарастырылады. Мұндағы амплитуда фаза жиілік, амплитуда жиілік, фаза жиілік, логарифмді амплитуда жиілік, логарифмді фаза жиілік, нақты жиілік, жорамал жиілік сипаттамалары келтірілген.

Әрі бір зертханалық жұмыс бойынша білім алушы ең алдымен қажетті теориялық негіздерді игеру тиіс. Осы білімдерге сүйеніп, зерттеу есебін қойып, қажетті есептеулерді орындайды. Осыдан кейін MatLab матрицалық жүйесінде немесе Simulink визуалды блоктар түріндегі модельдеу пакетінде есептің шығару схемасын немесе программасын жазады. Модельдеуді өткізіп, табылған нәтижелер бойынша талдау жасалынады.

Зертханалық жұмыс бойынша білім алушы есепті құрастырады. Есептің мазмұнына міндетті түрде келесі элементтер болу тиіс:

- титулдық беті,

- тапсырма,

- берілген есептердің шығару, схемаларды құрастыру нәтижелері,

- модельдеу нәтижелері,

- тұжырымдар.

Зертханалық жұмыстың есебі МЕСТ және ұйым стандарттарына сәйкес қылып орындалу тиіс.

Зертханалық жұмысты білім алушы міндетті түрде орындап, табылған нәтижелерін қорғау тиіс. Жасалынған зертханалық жұмыс 100% пайыздық жүйесінде бағаланады.