Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
21 тема к улану.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
129.54 Кб
Скачать

7. Сабақтың мақсаты:

  1. Негізгі білім деңгейін бақылау (Қосымша 1).

  2. Студенттің өздік жұмысы:

- Ауадағы газдар мен буларды жедел анықтау әдісі. (Қосымша 2)

- Ауадағы күкіртті газды анықтау. (Қосымша 3)

- Аммиактың ауада барлығын анықтау. (Қосымша 4)

- Көмір тотығын (СО) жедел анықтау әдісі. (Қосымша 5)

  1. Студенттің оқытушымен жұмысы:

    • өздік жұмысты талдау.

    • жүргізілген зерттеулер нәтижесін талдау

  1. Қорытынды білім деңгейін бағалау (Қосымша 6).

Қосымша 1.

Негізгі білім деңгейін бақылау.

  1. Организмге улардың енуінің негізгі жолы:

-тыныс алу мүшелері

-асқазан ішек жолдары

-зақымданған тері

-зақымдалмаған тері

-темекі шегу кезінде

2. Өндірістік улардың организм үшін өте қауіпті агрегаттық күйі:

-газ

-бу

-сұйықтық

-гранула

-шаң

3. Реакцияға түспейтін газдар және булармен қанның қанығуы қала йжүреді:

-жылдам

– баяу

– басында баяу, сосын жылдам

-өте жылдам

–қанығу жүрмейді

4. Организмге ингаляциялық жолмен түсуі кезінде өндірістік улардың әсері қалай анықталады:

- заттың концентрациясымен

-заттың мөлшерімен

-уақытша әсерімен

-заттың меншікті салмағымен

-әсер ету қысқалығымен

5. Өндірістік улардың тері арқылы әсер ету кезінде өте қауіпті агрегаттық жағдайы:

-газ

-бу

-сұйықтық

-шаң

-гранулар

6. Асқазан ішек жолдары арқылы түскен улардың көптеп сіңірілуі қайда жүреді:

- асқазанда

-ащы ішекте

-тоқ ішекте

-ауыз қуысында

-жұтқыншақта

7. Өндірістік уларды залалсыздандырушы негізгі мүше:

-бауыр

-бүйрек

-өкпе

-ішектер

-көк талақ

8. Өндірістік уланулардың түрлері:

- созылмалы

-меншікті

-жедел

-жеделдеу

-баяу

9. Ұзақ уақыт бойы орталық нерв жүйесіне зиянды әсерінің салдарынан пайда болатын сырқатты ата:

-парабиоз

-невроз

-неврит

-аяқ – қол бұлшықеті

-гипоксия

10. Өндірістік уланудың алдын алуға арналған шараларға қайсысы кірмейді:

-санитарлық – техникалық

-емдік – профилактикалық

-технологиялық

-емдік

- эксперименттік

Қосымша 2.

Ауадағы газдар мен буларды жедел анықтау әдісі.

Көп қолданылатын жедел әдістердің негізі түстердің тез өзгеруіне байланысты болатын әсерлер. Сондықтан улы заттардың мөлшерін күні бұрын дайындаған меже (шкала) арқылы анықтайды. Ал, бұл меженің өзін күні бұрын реңі өзгемейтін, шырайылық реттері анықтайтын затқы дәл келетін басқа ерітінділер арқылы дайындауға болады. Әрине, талдаудың нәтижесін алуды тездету үшін алдын ала дайындалған есеп кестесін пайдаланғанда жөн.

Іс жүзінде, шыны түтікшенің ішіне алынған қатты сорбенттор арқылы зерттейтін заттарды сіңіріп, оларды сызықты колоримотриялық әдіспен анықтау жедел әдістің ең тиімділігі. Өйткені түтікшеден сорбептің бояуының шырайылылығын және оның ұзындығы,н үлгілі межесі бар осындай түтікшемен немесе арнайы салаланған межемен оның бояуының биіктігін өлшеп, іздеген затымыздың ауада қаншама екенін анықтауға болады.

Қосымша3.

Ауадағы күкіртті газды анықтау.

Күкіртті газ өндірісханаларының аусында күкіртті көп мұнайда өндегенде: шұғаны, жібекті, сабанды оңдағанда: жемістерді залалсыздандырғанда, түсті және қара металл өндірісінде және т.б. кездеседі. Міне, осы себепті кәсіптік ауруларынын сақтандыру үшін, дәрігерлердің әрдайым күкіртті газдың өндірісханаларының ауасындағы қаншама барлығын анықтауды талап етеді. Өйткені, бұл газ елді мекендердің, әсіресе өндірісі дамыған қалалар мен тасымал құралдарды (транспортные средства) өте көп қоныстардың атмосферасында да кездеседі. Күкіртті газ отынды көп жағатын кәсіпорындардан, химия өнеркәсіптерінен, коксохимия өндірістерінен атмосфераға өте көп шығарылады.

Күкіртті газдың елді мекендердің атмосфералық қуысында жинақталуының рұқсаттық шегі (ЖРШ-ПДК) 0,15 мг/м3.

Әдістік нұсқауы: әдістің негізінде күкіртті газ күкірт қышқылға хлорлылау қышқыл калий немесе сутегінің асқын тотығы арқылы айналады. Күкірт қышқыл хлорлы бариймен әрекеттескенде күкіртті қышқыл барий пайда болып, тұнбаға түседі:

3SO2 + KCIO3 +H2O = 3H2SO4 + HCI

H2SO4 + BaCI2 = BaSO4 + 2 HCI

Күкіртті газдың қаншама екенін ерітіндінің ластануына қарай нефелометриялау арқылы анықталады, өйткені ластанудың қарқыны күкіртті газдың жиналуына сай келеді.

Ауаның сынамасын алу. Ауаның сынама – сорғыштық әдіспен алады. Бұл үшін 10 мл 5 пайызды хлорлау қышқыл калийі бар сіңірткішке аспаптар арқылы 10 – 15 л ауаны 30 л/ сағат жылдамдықпен сору керек. Осы тәсіл бойынша бір шөлмектегі ауаны қанша уақыт соруға болатынын есептеуге болады. Мысалы: бір шөлмектің 5 л, яғни жоғарғы шөлмектен су, төменгі шөлмекке ағу үшін: 60 мин х 5л/30 л/сағ = 10 мин керек. Өндіріс орындарынан алынған сынамасы бар шөлмектен ауа алынады (сынаманы алу, оны студенттердің жұмыс орындарына жеткізу кафедра міндеті). Бұл үшін сіңірткіш аспаптың қысқа түтікшесі сорғыштың жоғарғы шөлмегімен жалғастырылады, ал ұзыны – тығындалған ыдыстың ұзын түтігімен қосылады. Сосын тығынды ыдыстың түтігіндегі қысқышты бұрын босатады. Ал, бұдан шөлмектерді жалғастыратын резеңке түтіктегі қысқышпен су ағысының жылдамдығы реттеледі де, оны осы жұмыс кезінде қалдырады. Сынама алғандығы ауаның көлемі тығындалған шөлмектің көлемінен он есе көп болуы қажет. Керекті ауаны сорғаннан кейін, қысқышты бұрандамен қысып, сіңірткіш аспаптарды ажыратамыз.

Нефелометриялық реттелген үлгімен анықтау тәсілі:

а) Лайлықтың межеленген үлгісін дайындау. Бұл үшін он түтікше ыдысқа (пробирка) реттелген 0,1:0,2:0,3.... 0,9:10 мл үлгілік калийдің күкірт қышқылы ерітіндісін құямыз. Бұл ерітіндінің 1,0 мл күкіртті газдың 0,1 мг сәйкес. (Бұл ыдысқа бақылау сынама ретінде калийдің күкірт қышқылы құйылмайды). Осыдан соң барлық ыдыстарға 5 пайыз) (хлорлау қышқыл калийді, не 5 пайыз сутегінің асқын тотығының, ерітіндінің көлемін 5 мл дейін жеткізіп құяды. Яғни, бірінші ыдысқа 4,9 мл, екінші – 4,8 мл, үшінші – 4,7 мл, т.б.). Сосын барлық ыдыстарға тағы да 0,5 мл 10 пайыз хлорлы барий ерітіндісін және 0,5 мл деңгейлік шартты тұз қышқылын құяды. Міне, осымен межеленген үлгі дайын.

б) Енді сіңіргіш аспаптан колориметриялық ыдысқа 5 мл сынама ерітіндісін құйып алып, оған 0,5 мл 10 пайыз хлорлық барийді және 0,5 мл 0,1 шарты тұз қышқылын құяды. 5 – 7 минуттан кейін қара қағаз бетінде сынаманың көмескілігін межеленген үлгімен салыстырады. Сынаманың реттегі үлгінің қайсысы сәйкес еклуіне байланысты күкіртті газдың қанша мл екенін анықтаймыз. Мысалы, сынаманың лайлану қарқыны 3 – ші межедегі 0,3 мл күкіртті калий ерітіндісі бар ыдысқа сай келсе, онда 0,03 мг күкіртті газ бар болғаны. Яғни, 5 мл сынамада 0,03 мг күкіртті газ бар.

Мына шартты белгілермен есептесек: Х = (А х 10 х 1000) (У х 5)

Мұндағы: А – сіңірілген ерітіндінің мл,

У – сорылған ауаның қалыпты жағдайға келтірілген көлемі

5 – күкіртті газды анықтауға арналған сіңірілген (сынама) ерітінді

10 – сіңірткіш ыдыстағы барлық сіңірілген ерітінді

Күкіртті газдың ауада жинақталуының рұқсаттықшегі – 20 мг/м3.

Қосымша 4.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]