Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
20 гиг труда .doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
134.66 Кб
Скачать

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы.

№ 1 гигиена кафедрасы (жалпы гигиена)

Студенттер үшін

Әдістемелік нұсқау.

Тақырыбы: Еңбек гигиенасы. Өндірістік зияндылықтар және кәсіптік аурулар. Алдын алу шаралары.

Курс: 3

Қарағанды – 2006ж.

1.Тақырыбы: Еңбек гигиенасы. Өндірістік зияндылықтар және кәсіптік аурулар. Алдын алу шаралары.

2.Оқу сағатының саны: 2 сағ. (90 минут).

3.Тақырыптың өзекті мәселесі (оқу дәлелдемесі):

Еңбек адамның және қоғамның дамуының, материалдық құндылықтардың пайда болуныың негізі болып табылады. Дұрыс және ұтымды ұйымдастырылған еңбек организмнің интелектуалды, физикалық және т.б. дамуының негізі болады. Еңбектің ұйымдыстырылуына қойылатын гигиеналық талаптарды орныдамаған жағдайда еңбек жұмысшы организміне кері әсерін тигізеді.

4.Сабақтың мақсаты: Сау еңбек жағдайымен қамтамасыз етуге бағытталған санитарлық – гигиеналық нормалар мен емдік – профилактикалық шараларды өңдеу мақсатында жұмысшылар организміне әсер ететін өндірістік орта мен еңбек процесін оқыту.

Студент білуге тиіс:

  1. Еңбек гигиенасының негізін.

  2. Еңбек гигиенасында қолданылатын әдістерін.

  3. Өндірістік факторлардың жұмысшылар денсаулығына әсерін.

  4. Кәсіптік зияндылықтар мен кәсіптік аурулар туралы түсінік.

Студент істей білуі керек:

5. Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар: Негізгі білім бойынша:

  1. Адамның тәуліктік энергия шығыны және оларды құраушылар.

  2. Энергия шығынының күшеюіне әсер ететін факторлар.

  3. Энергетикалық баланс, адекваттық тамақтанудың сандық көрінісі.

  4. Халықтың әртүрлі топтарындағы энергия қажеттілігі.

  5. Энергетикалық құндылық рационы, жеке алынған ақуыздар, майлар және көмірсуларды баланстанған рационда қамтамасыз ету.

  6. Энергияның және тағамдық заттардың қажеттілігін анықтау әдістері.

Осы сабақтың тақырыбы бойынша:

  1. Еңбектің биологиялық және әлеуметтік аспектілері.

  2. Ғылыми – техникалық прогресс, оның еңбек қызметі процесінде адам организміне әсері.

  3. Еңбек жағдайы жұмысшылардың денсаулығын бұзудың қауіпті факторы ретінде.

  4. Кәсіптік - өндірістік зияндылықтар туралы түсінік.

  5. Еңбек тәртібі және демалу.

  6. Шаң патологиясының алдын алу.

  7. Жүйке – психикалық ауырлығының жоғары деңгейімен байланысты шу, діріл патологиясының, ауруларының алдын алу.

  8. Еңбек жағдайын сауықтандыру бойынша шаралар жүйесі. Ағымды (жұмысқа түсер алдында) және кезеңділік медициналық тексерістен өту тәртібі және ұйымдастыру.

  9. Еңбек қызметі процесінде адам организмінің өзгерістері. Еңбек қызметінің физиологиялық негізі.

  10. Ауырлық, ауыртпашылық, еңбек интенсивтілігі туралы түсінік.

  11. Физикалық еңбек кезінде қажудың алдын алу. Ой еңбегінің гигиенасы.

  12. Әйелдер мен жасөспірімдердің еңбегін регламенттеу.

  13. Еңбекті қорғау туралы заңдылықтар.

6.Ақпараттық – дидактикалық блок.

Еңбек гигиенасының зерттеу объектілері:

  1. Жұмысшының организміне әсер ету көзқарасы жағынан өңделетін материал, жабдықтар, өндірістік процестердің санитарлық ерекшеліктері, шикізат, қосымша, аралық, өндірістік қалдықтары)

  2. Еңбектің санитарлық жағдайы (метеофактор, ауаның шаңмен, газбен ластануы, шу, діріл, ультрадыбыс және т.б.)

  3. Еңбек процесінің ұйымдастыру және еңбектің сипаты, еңбек кезінде физиологиялық функциялардың өзгеруін.

  4. Жұмысшылардың денсаулық жағдайы (жалпы сырқаттанушылық, кәсіптік және арнайы емес сырқаттанушылық).

  5. Қондырғылар (желдету, жарықтандыру жүйесі), санитарлық – техникалық құрылымдар, жеке бас қорғаныш құралдары, санитарлық – техникалық құрылымдардың жағдайы және гигиеналық тиімділігі.

Еңбек гигиенасының міндеттері:

  • жұмысшының денсаулығына зиян келтіретін технологиялық процесті жою

  • санитарлық – техникалық тәртіп шараларын өңдеу

  • зиянды заттардың орнына зияндылығы төмен заттарды пайдалану

  • еңбек және дем алыс жағдайын ұтымды ұйымдастыру

  • жеке қорғаныш құралдарын өңдеу

  • сырқаттанушылықтың алдын алуға арналған медициналық шараларды өткізу (жұмысқа қабілеттілікті сараптау, кезеңді медициналық тексеріс өткізу және т.б.)

  • еңбекті қорғау және сауықтандыру бойынша заңды құжаттарды өңдеу үшін ғылыми негізделген материалдарды жинау

Кәсіптік зиындылықтар және кәсіптік аурулар бойынша түсінік.

Кәсіптік зияндылықтар дегеніміз – жұмысшының денсаулығына зиянды әсер ететін және жұмысқа қабілеттілігін төмендететін өндірістік орта факторлары жедел және созылмалы улану және сырқаттанушылық және т.б.

Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жіктелуі.

Еңбек түрі және орта факторлары

Кездестіретін еңбек жағдайы

I. Психофизиологиялық факторлар

а) қозғалу аппаратына физикалық күш: ыңғайсыз дене жағдайы, ауыр көтеру және тасу және т.б.

б) қимыл белсенділігінің физиологиялық жетіспеушілігі (гиподинамия)

в) Қан айналым, дем алу немесе дауыс байламдарына және т.б. мүшелерге физиологиялық ауырпалық түсіру.

Механизацияланбаған еңбек, құрылыс жұмысшылары, шахтер, тігін машиналарында жұмыс істеу.

Ақыл – ой еңбегі түрінде: оқытушылар, ғалымдар, бухгалтер т.б.

Оператор, әншілер, шыныүрушылер т.б.

II. Физикалық факторлар.

а) Жұмысшы аймағындағы жоғары және төмен температура, ауа қозғалысы

ә) инфрақызыл және ультракүлгін сәулелену деңгейінің жоғарылауы

б) Электромагниттік сәулелер деңгейінің жоғарылауы.

в) Жұмыс аймағының шаңдануы.

г) инфрадыбыс, ультрадыбыс, діріл, шу деңгейінің жоғарылауы.

д) жарықтану деңгейінің жетіспеуі.

е) жоғары және төмен атмосфералық қысым.

Металлург, машина жасаушы, ашық ауадағы еңбек

Шыны жасау, балқыту жұмысы, металлургия

Инератор, радиолокация өндірісі

Рудник, шахта, машина жасау

Механизация құрылымдары, трактор, комбаин

Шахта, тігін цехтары

Мостылардың, тоннелдер құрылысы, авиотранспорт

III. Химиялық факторлар.

Жалпы улы, тітіркендіргіштік, сенсибилизациялық, мутагенді әсер ететін газ, бу, сұйық аэрозолдар.

Хим – заводтар, гальвоникалық және құю цехтары.

IV. Биологиялық факторлар.

1. макро және микроорган – саңырауқұлақ, инвазия, инфекция көзі.

2. Витаминдер, гармондар, антибиотиктер

Тері өңдеу, ауру малды күту

Фармация заводы, ет комбинаты, қоректік орта өндірісі

V. Өндірістік процестердің қауіптілігі:

  • қозғалатын машиналар

  • жоғары және төмен температура; улы ерітінділер

  • қауіпті электр қуаты

Машина жасау, химия заводтар, ағаш өңдеу

Еңбек гигиенасының негізгі түсініктері:

Қауіпті өндірістік фактор – жұмысшының денсаулығына байланысты болатын жағдайларда қауіп төндіретін, жарақатқа немесе денсаулығын бұзатын. Фактор болып табылады.

Зиянды өндірістік фактор – жұмысшының жұмыс қабілеттілігін тұрақты төмендететін немесе сырқаттанушылыққа әкелетін еңбектің байланысты болатын жағдайын тудыратын фактор.

Кәсіптік аурулардың алдын алуының жалпы принциптері:

  1. Әкімшілік – зиянды өндірістік факторлармен жұмысшылардың байланыс уақытын қысқартуға бағытталады (жұмыс уақытын қысқарту, дем алыс уақытын созу, еңьек және дем алу тәртібін ұтымды ұйымдастыру).

  2. Технологиялық - өндірісте технологиялық сипаттағы зиянды заттарды төмендету бойыншашаралар ұйымдастыру (технология түрін жаңарту, дистанционды басқару, дыбысты оқшаулау, дірілді өшіру құрылымдарын пайдалану.

  3. Жеке қорғаныс құралдарын пайдалана отырып техника қауіпсіздігін сақтауды қадағалау (респираторы, газға қарсы құрал, шлемофондар, каска және т.б.).

  4. Санитарлық – гигиеналық – желдету, тазалау, жарықтандыру және әсері жұмысшының тиімділігін қадағалауға бағытталады.

  5. Емдік – профилактикалық шаралар – жұмысқа қабылданар алдында және кезекті медициналық тексерістен өту, емдік – реабилитациялық шаралар: (стационар, емхана, диспансер, курорттарда емдеу).

  6. Емдік – профилактикалық тамақтану – ұтымды тамақтану негізін құрады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]