Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
21 тема к улану.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
129.54 Кб
Скачать

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы.

Мамандығы: «Медико – биологиялық іс»

№ 1 гигиена кафедрасы (жалпы гигиена)

Студенттер үшін

Әдістемелік нұсқау.

Тақырыбы: Кәсіптік уланулар және олардың алдын алу.

Курс: 3

1.Тақырыбы: Кәсіптік уланулар және олардың алдын алу.

2.Оқу сағатының саны: 2 сағ. (90 минут).

3.Тақырыптың өзекті мәселесі (оқу дәлелдемесі): Өндірістік жағдайларда техникалық процестердің санитарлық – гигиеналық талаптады орындамау, қауіпсіздік техникасын сақтамау, апат болған кездерде жұмыс ауасына химиялық заттардың нормадан артық мөлшерде түсуі мүмкін. Жоғары тыныс алу мүшелері арқылы кейбір жағдайларда асқазан – ішек жолдары, тері арқылы организмге улы заттар еніп, жұмысшылардың еңбекке қабілеттілігін төмендетіп, ұзақ уақыт әсер етіп улануға әкеліп соғады.

Өндірістік уланудың алдын алу мақсатында жүргізілетін шаралар кешенін, улы химиялық заттарға шектелген деңгей қою үшін эксперименттер жүргізудің маңызы зор.

4.Сабақтың мақсаты: студенттерге өндірістік улар, олардың жіктелуі, организмге түсу жолдары, өндірістік уланулардың алдын алу үшін санитарлық – гигиеналық шаралар кешенін ұйымдастыруға үйрету.

Студент білуге тиіс:

  • Өндірістік улардың жіктелуі, қауіптілік кластарын

  • Өндірістік улардың организмге ену жолдарын

  • Уланудың алдын алу шараларының кешенін

Студент істей білуі керек:

-Улы заттардың химиялық және физико – химиялық қасиеттері бойынша улылығын шамамен бағалау

- Жедел әсер еткен жағдайларда заттың улылығын бағалауды

- Улы заттардың кумулятивті әсерін бағалау

- Уланудың алдын алу шараларын ұйымдастыру

5. Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар: Негізгі білім бойынша:

  1. Шаңның жіктелуі, оларға сипаттама

  2. Ауаның шаңдануын аспирациондық өлшеу әдістері

  3. Пневмокониоздар, басқа да кәсіптік шаң ауруларының алдын алу

  4. Жұмыс аймағының ауасында аммиак пен күкіртті газ концентрациясын анықтауды

  5. Ауадағы улы заттарды бағалаудың экспресс әдісі

  6. Орташа тәуліктік және максималды бір реттік концентрациялар туралы түсінік

  7. Шу мен дірілдің физикалық-гигиеналық сипаты. Шу мен өндірістік ортаның зиянды факторлар ретінде.

  8. Шу. Жалпы және жергілікті дірілдің ағзаға әсері.

  9. Шу ауруы, мүкіс құлақтық. Орталық жүйке жүйесінің аурулары «шулы» жұмыс орындарының кәсіптік аурулары ретінде.

  10. Діріл ауруы, олардың даму сатылары.

  11. Ағзаға мүмкін болатын шеткі деңгейі. Профилактикалық шаралар.

Осы сабақтың тақырыбы бойынша:

  1. Өндірістік уланудың негізгі міндеттері.

  2. «Өндірістік у» туралы түсінік. Өнеркәсіптегі көздері.

  3. Өндірістік улардың жалпы заңды әсерлері.

  4. Улардың байланыстыру мен жалпы әсері, біріктірілуі.

  5. Жедел және созылмалы уланулар.

  6. Кері әсерінің қауіптілігі және улылығы, оның параметрлері.

  7. Ағзаға улардың берілу әсері.

  8. Кәсіптік интоксикация.

  9. Өндірістік улардың қолайсыз әсерінің негізгі жолдамаларын алдын алу.

  10. Жасөспірімдердің еңбегін қорғау.

  11. Өндірістік кәсіпорындардың ауасының газ тәрізді құрамын зерттеу әдістемесі.

  12. Медико - санитарлық бөлім өндірістік кәсіпорындардың қызметкерлерін медициналық тексерудің негізгі звеносы ретінде.

  13. Цех учаскесінің принципі. Цех терапевтары мен орта медицина қызметкерлерінің емдеу-профилактикалық жұмыстарының негізгі аспектілері.

  14. Жасөспірімдерге емдеу - профилактикалық көмек көрсететін негізгі ұйымдар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]