Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
21 тема к улану.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
129.54 Кб
Скачать

6. Ақпаратты – дидактикалық блок.

Токсикология (грек тілінен аударғанда токсио – у, логия – оқытуды білдіреді) – организмге химиялық факторлардың зиянды әсерін туындататын заңдар туралы ғылым.

Өндірісте қолданылатын көптеген химиялық заттар өндірістік бөлмелердің ауасына түсіп, жұмысшылардың денсаулығына қолайсыз әсер етіп, жұмысқа қабілеттілігін төмендетеді. Организмге қолайсыз әсер етуін химиялық заттардың улы қасиеті деп аталады, өндірісте қолданылатын немесе өндірілетін химиялық улы заттар - өндірістік улар деп аталады.

Өндірістік жағдайларда организмге улардың ену жолдары:

  • тыныс алу жолдары

  • АУЖ

  • Тері арқылы

Жоғары тыныс алу жолдары организмге улардың жылдам ену жолы болып табылады, ол өкпе альвеолдарының беткейі өте үлкен және өкпе капиллярлары арқылы қанның жылдам ағынымен байланысты. Адамның трахеясында сөлдің бөлінуі 3 – 4 см/ мин құрайды. Олардың шығуына жөтелу көмектеседі. Альвеолаларда ұсталынып қалатын аэрозольдар көп маңызды орын алады, себебі аэрозольдар еріп, қанға сіңуі жоғарылайды. Жоғары тыныс алу жолдарының шырышты қабытының сіңіру қасиеті жоғары болғандықтанөндірістік улардың зиянды әсері артады.

Жұмысшылардың жеке бас гигиенасының сақталмауы, өндірісте технологиялық процестердің бұзылуы, қауіпсіздік техникасының бұзылуы өндірістік уларды, газдарды, буларды жұтуына себеп болады.

Асқазан ішек жолдары арқылы енуі. Өндірістік жағдайларда улардың организмге түсуі шаң жұтқаннан, темекі шегумен, ас қабылдаумен байланысты болады.

Кейбір улы қосылыстар (майда еритін) ауыз қуысы арқылы да қанға енеді, яғни бауыр және үлкен қан айналымға қатыспайды. Мұнын салдарынан асқазан ішек жолдарындағы сөлдің әсерінің болмауы және бауырда метоболизмнің өтпеуі, сіңірілген заттың улылығын жоғарылатады. Органикалық заттардың иондалмаған молекулалары және майда еритін қосындылар асқазаннан қарапайым диффузия процесі арқылы енеді, бұл кезде металдар өздерінің формасын өзгертеді.

Тері арқылы енуі. Мұндай жолмен түсудің үш түрі анықталған: эпидермис, шаш фолликуллары, тері бездерінің шығару жолдары.

Эпидермиске ликопротеинді барьер ретінде қарау қажет, себебі эпидермис арқылы газдар және майда еритін органикалық заттар ғана жылдам енеді. Интоксикация тудыратын органикалық өндірістік улардың ішінде бірінші орында ароматты нитро және амино қосылыстарғ, фосфорорганикалық инсектицидтер, хлорлы көміртекті сутекті және металорганикалық қосылыстар жұтады. Организмге қандай жолмен енсе де улы заттар қан ағынына түседі. Әсерлеспейтін электромагнитті емес химиялық қосылыстар қанда еріп, эритроциттерге енеді, содан Нв – молекуласында сіңіріледі.

Организмнен улардың шығу жолы бүйрек, шырынды қабаттар және ас қорыту жүйелерінің бездері (сілекей бездері, бауыр), тері, өкпе және сүт бездері арқылы сыртқа бөлінеді. Өндірістік жағдайларда улы химиялық заттардың әсерінен жұмысшыларда жедел және созылмалы өндірістік уланулар пайда болады.

Жедел уланулар: организмге аз уақытта бір мезгілде улы химиялық заттардың көп көлемде түсуінен пайда болады.

Созылмалы уланулар – организмге өндірістік улы заттардың ұзақ уақыт бойы көп рет аз мөлшерде әсер етуінен пайда болады.

Организмге удың әсер етуі жалпы және жергілікті болып бөлінеді. Организмге удың жалпы әсері, оның қанға сіңіп, организмнің бойына толық тараумен сипатталады. Удың жергілікті әсері (тері немесе шырышты қабаттың зақымдалуы) – улы зат түскен жерінде тіннің ақуызды элементтерімен байланысқа түсіп құрамын бұзады да, ерімейтін жағдайға еніп, қанға сіңіріле алмауымен сипатталады.

Улардың әсерінің сипаттамасы. Қандайда болмасын зиянды заттрадың әсеріне организмнің барлық реакциясын организм мен удың арасында өтетін өзара әсерлесудің қорытындысы деп қарастыру қажет.

Организмге әр түрлі бағытта және күрделі әсер етуі арқылы өндірітік улардың қабыну, дистрофилық өзгерістер, лихорадка, аллергиялық процесс, ісіктің пайда болуы, ұрықтың дамуының бұзылуы және тұқымқуалау аппараты клеткасының зақымдалуы сияқты жалпы патологиялық процестерді тудырады.

Қабыну процестерінің дамуы, оның сипаты химиялық қосылыстардың физико – химиялық қасиеті және химиялық белсенділіген байланысты анықталады. Суда және майда жақсы еритін химиялық заттар тиген жерінде – терінің, көздің шырышты қабатында, жоғарғы тыныс алу және асқазан ішек жолдарының қабынуын тудырады (күшті қышқылдар, сілтілер, ауыр металл тұздары, нитрогаздар, хлор).

Фено, нафтал, ізбес, кальций карбиді сияқты өндірістік улар тиген жерінде терінің және шырышты қабаттардың некрозын тудырады.

Мыс, сынап, кобальт, никель, сурьма және әсіресе цинк сияқты өзара тез тотығатын металдардың буларымен тыныс алған жағдайларда дене температурасының жылдам жоғарылауымен типтік инфекциялық емес лихорадка туындауы мүмкін.

Өндірістік улардың орталық нерв жүйесіне әсері. Улы заттардың нерв жүйесінің 1 реттік әсерінің бағыты бойынша келесі әсер ету түрлеріне бөлінеді:

  • спецификалық емес әсері (электромагниттік емес, наркотиктік) көптеген организмнің ерітінділердің наркотикалық әсері олардың нерв клеткаларына өтіп карабиоз тудыруына негізделген.

  • Нерв клеткаларын зақымдайтын арнайы әсері күкірттегі, қорғасын, сынап, метилді спирт, тетра этиль қорғасынның биологиялық субстракпен химиялық әсерлесуіне негізделген.

  • Медиаторлық алмасуды арнайы тоқтату әсері. Көбіне ацетилхомен, фосфор қосылыстарының нейротоксикация тудыру әсеріне негізделген.

  • Жалпы және жергілікті әсері қан айналымды бұзу және гипоксия тудыру қабілетімен негізделген.

Тыныс алу жүйесіне улы заттардың әсері:

Тыныс алу жүйесінің зақымдалуы бу, газ және шаң тәріздес тітіркендіргіш заттардың әсерінен туындайды. Патологиялық процестің орналасуы суда бу мен газдың еру коэффицентіне, шаңның дисперстілігі мен құрамына байланысты болады. Суда жақсы еритін улар және ірі көлемдегі шаң жоғары тыныс алу жүйелерін зақымдайды. Суда нашар еритін улар және өте ұсақ көлемдегі шаңдар терең орналасқан тыныс алу жолдарына дейін өтіп, бронхтарды, бронхиола және ацинустарды зақымдайды.

Хлор, аммиак, күкіртті ангидритпен жедел уланған кезде ринит, ларинготрахеит, бронхиттің, ал кадмий, фосген, азот тотығы бронхиалды – бронхиолит және улы ісік тудырады.

Жүрек қан тамыр жүйесі. Өндірістік улармен уланған кезде қан – тамыр жүйесінің зақымдалуы вегето – тамырдың дисфункция, миакард дистрофиясы, ошақты организмнің зақымдалулармен сипатталады.

Қан жүйесіндегі зақымдалулар. Қан жүйесі улы заттармен зақымданған кезде қан құрушы мүшелердің гипо- және апластикалық жағдай байқалады. Гемопоэздің бұзылуы лейкопения, тромбоцитогения және анемияның клиникалық белгілері арқылы көрсетіледі. Мұндай жағдайларда көбіне бензолмен және оның гомологтарымен ұзақ уақыт уланған кезде пайда болады. Көптеген өндірістік улар иммунитетті төмендетеді.

Асқазан ішек жолдары жүйесіндегі өзгерістер. Кейбір өндірістік улар жұтыну және т.б. жолдарымен организмге түскен улы заттардың асқазан ішек жолдарының шырышты қабатына тікелей әсер етуімен сипатталады.

Кейбір металдардың ауыз қуысының шырышты қабатына жинақталуы және оны көгілдір – қоңыр түске боялуы (күміс, висмут, қорғасын, сынап, сурьма). Мұндай жағдайларда ауызда металдың дәмі, қызыл иектің қызаруы және қанауымен байқалады. Үшнитротолуол, органикалық ерітінділер, цинк, хроммпен уланған кезде диспепсиялық өзгерістер, секрецияның бұзылуы, гастрит пайда болады.

Өндірістік улы заттармен жұмыс істеу кезінде уланулардың алдын алу арналған шаралар кешені бірнеше бағытта жүргізіледі.

Ғылыми бағытта жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттар концентрациясын гигиеналық регламенттеу жұмысы табылады.

Техникалық шаралар:

  1. технологиялық процестерді автоматтандыру және механикалау.

  2. дистанциондық басқару.

  3. зиянды өндірістік процестерді зияндылығы төмендеген процестермен алмастыру.

  4. технологиялық процестердің жабық циклдерін констукциялау.

  5. 1 және 2 класс қауіптілігіне жататын химиялық заттармен жұмысты роботтармен басқару.

Санитарлық – техникалық шаралар. Желдету жүйесі жұмысының тиімділігін жоғарылату, зиянды процестерді оңашалау. Өндірістік бөлмелерді ұтымды орналастыру. Жұмыс бөлмелерінің ішкі жабдықталуы гигиеалық талаптарға сай болуы. Жеткілікті жарықпен қамтамасыздандыру. Жоғары тыныс алу және асқазан ішек жолдарын өндірістік улы заттардың әсерінен қорғау үшін ұсынылады: әр түрлі газға қарсы құрылымдар және респираторлар, сүзгіші бар газға қарсы құралдар.

Тері жамылғысын қорғау үшін қолғаптар, қолға кигіштер, арнайы киім және аяқ киім, қорғаныш майларын (гидрофобты, гидрофильді және т.б.), жеке көзілдіріктер ұсынылады.

Емдеу – профилактикалық шаралар.

  1. Міндетті түрде кезекті медициналық тексеруден өткізу.

  2. Жұмысқа түсер алдында медициналық тексеруден өту.

  3. Жедел және созылмалы өндірістік уланудың жағдайын дер кезінде анықтау және есепке алу.

  4. Өндірістік улану жағдайын жою және төмендету жағдайында алдын алу жұмыстарын жүргізу.

  5. Емдеу – профилактикалық тамақтануды ұйымдастыру: организмнің тұрақтылығының жоғарылауы, удың әсерін төмендететін, организмнен удың аз уақыт аралығында шығуын және удың зияндылығын азайтуды қамтамасыз етеді. Жұмысшылар арасында тегін толыққұнды емдеу – профилактикалық тамақты ұйымдастыру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]