Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Онко палли.docx
Скачиваний:
95
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
4.54 Mб
Скачать

Тоқ ішектің жиекті бөлік рагын сәуле мен химия әдістерін қолдану

Сәуле әдісі тоқ ішек рагында жеке ем ретінде қолданбайды. Егер ісікке радикальды операция жасау мүмкіншілігі болмаған кездерде (операцияның алдында ісіктің көлемін кішірейту мақсатында немесе рак клеткаларының өсу қабілетін төмендету ретінде және кішкене ұялаған қосымша рак ошақтарын жойу үшін) аталмыш әдіс пайдалануы мүмкін.

Осы мақсатпен қолданған сәуле әдісінен кейін, операция да нәтижелі болады - ісіктің қайталану санын кемиді, сөйтіп бұл іс-әрекет науқастың өмір сүру көрсеткіштерін жақсартады.

Химиотерапия дерт асқынған кездерде қолданады немесе операциядан кейін, ісік қайталанған кезде және бөгелме ісіктер пайда болғанда орындалады. Дәрілерден тек 5-фторурацил 20% ауруларға нәтиже береді. Ол лейковоринмен немесе левамизолмен бірге қолданады.

Химиотерапия үлгісі:

1- вариант.

  • 5-фторурацил 425 мг/м2 қан тамыры арқылы 1-5- күндері,

  • Лейковорин 20 мг/м2 қан тамыры арқылы 1-5- күндері.

Курс бір айдан кейін қайталанып, жарты жыл бойынша жүргізіледі.

2- вариант:

  • 5-фторурацил 450 мг/м2 қан тамыры арқылы 1-5- күндері,

  • Лейковорин 50 мг/м2 қан тамыры арқылы, 3 рет күніге беріледі және 1-3- күндері ішінде орындалады

Курс бір айдан кейін қайталанып (левамизол), ем операциядан кейін бір жыл бойы жүргізіледі.

10-15% ауруларда митомицин-С, платин және нитрозомочевиннің емдік қасиеті байқалады. Кейінгі кездерде жаңа дәрілер: ИҒТ, S-1, капецитабин, кампто, томудекс, оксалиплатин қолданылады. Алдыңғы үш дәрілерде емдік көрсеткіш 5-фторурацилге байланысты, осы үшеуі негізгі емдік дәрілерге кіреді.

Химиотерапия ісіктің көлемін кішірейтеді, өмір сүру мерзімді сәл де болса да ұлғайтады, әсіресе, бұл операциямен қосарланып қолданғанда нәтиже жақсарады.

Биотерапияның мәні өзіндік вакцина мен моноклональды денелерді (антитела) пайдалануда. Радикальды операциядан кейін сылынған ісіктен вакцина жасайды. Әрине, бұл әдіс өте күрделі, әрі өте қымбатқа түседі. Бұдан гөрі тышқандардан алынған моноклональды антителалар (панорекс, эдреколомаб) жеңіл орындалады, бірақ бұл анафилаксиялық реакциясын көп береді. Сондықтан тәжірибеде әлі кеңінен қолданбайды.

Тоқ ішектің бауырдағы бөгелме ісіктерін емдеу

Тоқ ішек рагы бауырға өте жиі бөгелме ісік береді (№25- сурет), оны ультрадыбыс арқылы анықтауға болады. Тәжірибеде операция үстінде, хирург қолмен, көзбен бауырдағы бөгелме ісіктерді анықтайды, бірақ бұл тоқ ішекке резекция жасауға кедергі болмайды. Кейде, бауырдағы екінші ісік жалғыз болса да, оны сылады. Операциядан кейін ауруға міндетті түрде 5-фторурацил беріледі.

Егер бөгелме ісік ошағы сылуға келмесе, химиотерапия ұсынылады. Кейде бауыр артериясына осы химиялық дәрілер тері арқылы жүргізілуі мүмкін. Бұдан басқа криодеструкция жасалынады, немесе ісікке операция кезінде спиртті енгізеді.

Тоқ ішек рагын емдеу әдістерінің нәтижелері

Ісік ерте, алғашқы өсу сатысында тыбылып, радикальды операция қолданса, нәтижесі өте жақсы, науқастың 85-100% бес жылдық өмір сүруі мүмкін. Ал, екінші сатысында - тек 30% аурудың өмірін сақтап қалуға болады. Операция жасалынбаған жағдайда емдік нәтиже болмайды; ауру адам жақын арада бөгелме ісіктен немесе асқынудан өлімге ұшырайды. Сәуле, химия әдістері азда болса да, аурудың өмірін ұзартады.

№25- сурет. Тоқ ішек рагының бауырдағыі бөгелме ісігі