Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Онко палли.docx
Скачиваний:
95
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
4.54 Mб
Скачать

Асқынған қуық асты без рагын емдеу

Қуық асты без рагының асқынған кездеріне: Т3-4 N0M0 немесе Т1-4N1M0 жатады. Ем сәуледен басталады - ісік жатқан жерге 70 Гр, оның ішінде безге және жамбасқа 44-50 Гр беріледі. Аймақтық лимфа бездеріне, оларды бөгелме ісік болмаса да, сәуле шоқтары беріледі (рN0 ).

Әлсіреген науқасқа, үстіңгі шекара жамбас пен -құймышақтың ортасына дейін түсіріледі. 60 Гр алған соң, аралық арқылы безге қосымша тікелей сәуле шоқтары түсіріледі. Гормонды тәсілмен қосарлана берілсе, онда емдік нәтиже жақсарады.

Адьювантты сәуле емі аурулардың ІІІ өсу дәрежесінде, без антигенінің мөлшері төмен болса (>0,5нг/мл ден сәл асса), Gleason индексі >4 және ұрық көпіршіктері ісікпен қосымша зақымданса, операциядан кейін қолданып, без аймағына 60 Гр сәуле беріледі.

Жамбас қуысына паллиативті мақсатпен сәуле беру

Бұл тәсіл ауруы асқынған адамдарға, ісікті емдеуге ешқандай мүмкіншілік жоқ кездерде де және ағзада үнемі дизурия, ауырсыну сезімі тұрақты қалыптасса, сәуле алдыңғы, артқы алаңға түсіріледі. Берілетін сәуле мөлшері: 30 Гр (екі апта ішінде әр бергенде 10 Гр).

Радикалды емнен кейін ауруларды бақылау

Жалпы ереже бойынша жүргізіледі. Радикалды емнен кейін без антигені 0,2нг/мл-ден асса, онда рактың қайта қозуына қауіп төнеді. Науқас сүйектерінің аурсынуына шағымданса және без антигені >20нг/мл-ден асып кетсе, онда компьютерлік томография, немесе магнитті-резонансты томография, не остеосцинографияның жасалынуы қажет.

Асқынған қуық асты без рагын гормондармен емдеу

Бұл ем пішуден (кастрация) басталады, оны орхэктомия дейді. Қазір агонист LHRH-гормондар-золодекс, диферелин дәрі-дәрмек арқылы да кастрация жасауға болады. Дәрілерді енгізгеннен кейін ағзада тестостерон гормоны тым көбейіп кетеді, сондықтан оны болдырмау үшін андрогендерге қарсы дәрілерді 7-10 күндей алдын-ала береді.

Антиандрогендерге қарсы дәрілер екі түрлі болады:

  • стероидты (ципротеронацетат),

  • стероидты емес (флутамид).

Бұл дәрілердің көмегі арқасында эстрогендерден болатын асқынулар анағұрлым төмендейді.

Орхэктомиядан кейін андрогендерге қарсы дәрілердің қосарланып қолдануы алғашқы 6-айдың ішінде өте нәтижелі болады, содан соң антиандрогендерді беруді тоқтатуға болады. Ципротеронацетат 300мг-нан аптасына бір рет беріледі, егер ол жалғыз өзі ғана қолданса. Ал егер кастрациямен қосарланса, онда 300мг-нан 2 аптада бір рет салынады. Флутамид 250мг бір түймедақтан күніне 3 рет (егер жалғыз ем болса) немесе 1 түймедақтан күніне 2 рет (егер ол кастрациядан кейін берілсе). Егер без антигені қанда өссе, онда антиандрогендер қайтадан беріледі. Ал енді ем үстіне без антигені өсіп жатса, немесе ауырсыну сезімі күшейсе, онда ісік гормондық емге сезімтал емес деп саналады.

Гормон әдісінен кейін ауруларды бақылау

  1. емдік нәтижелер 3-6 ай өткенде, тік ішек арқылы тексеріп, қаннан без антигенін анықтайды,

  2. болжамға және ісіктің белгілеріне, емнің түрлеріне сәйкес, бақылау ережесі әр адамда әртүрлі болады,

  3. егер бөгелме ісік жоқ болса (М0), онда тік ішек арқылы тексеріледі және анамнезге қарайды, сөйтіп без антигенінің көлемін қадағалайды. Бұл 6 ай сайын жүріп отырады.

  4. егер ауруда асқыну болмаса, немесе емнен кейін еш нәтиже тіркелмесе онда әр ауруға өзінше жеке бақылау әдістері қалыптасады,

  5. егер ісік бір қалыпта тұрса, онда арнайы тексерістер (УДЗ, КТ, РКТ, рентген) жүргізілмейді.