Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Онко палли.docx
Скачиваний:
95
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
4.54 Mб
Скачать

Гормонға сезімі жоқ қуық асты без рагын емдеу

Көбінесе қуық асты без рагы андрогендерге тәуелді келеді, соларға байланысты болады. Кейіннен осы сезімталдық біртіндеп жоғалады.

Олардың 15,0% жуығы гормонға сезімі жоқ келеді. Мұндай жағдайда стандартты ем әдістері қолданылмайды, тек аурудың өмір сүру сапасын жақсарту- негізгі мақсат болып саналады.

Емнің пайдасын, не зияндылығын үш жағдай білдіреді:

  • аурудың хал-ахуалының жақсаруы,

  • ауырсыну сезімінің төмендеуі,

  • без антиген мөлшерінің кемуі.

Мұндай нәтижелер ауруға екінші деңгейдегі гормондарды беру арқылы орындалады. Фосфэстролды тамыр арқылы 1-3 күндері 300 мг-нан, 4-7 күндері-600мг-нан, 8-21 күндері 900-мг-нан, 22-24 күндері 600мг-нан, 24-28 күндері-300 мг-нан беріледі.

Сонымен бірге неше түрлі үлгідегі ісікке қарсы дәрілер қолданады:

  • паклитаксел 135мг/м2 –І күн+эстрацит 250мг күніне 2 реттен (1-6 күндері),

  • доксорубицин 50мг/ м2 +цисплатин 50мг/ м2 І күн,

  • митоксантрон 12 мг/м2 –І күн+ үнемі преднизолон 5мг-нан күніне 2 рет.

  • Әр курстың ара-қашықтығы 4 апта

Емдік нәтижелер, болжам

Емсіз қуық асты без рагы бір жылдың ішінде өлімге әкеледі. Бұл ережеге жатпайтын ауруларға кәрі адамдар және ісігі қатерсіз жүретіндер. Бұлар бірнеше жыл ішінде өздерін жақсы тұтады. Гормонды әдіс ауруды түгелімен жазып жібермейді, бірақ 20-60,0% ауруларды 3 жылға дейін өмірін ұзартады.

Еңбекке жарамдылық әр адамда әр түрлі, ол ісіктің өсу сатысына, аурудың жалпы хал-ахуалына және кәсіптік мамандығына байланысты болады.. Сүйектерінде бөгелме ісік болмаған аурулар біраз уақытқа дейін гормон әдісімен емделіп, біраз жыл жасайды (гормонға сезімталдығы жоғалғанға шейін). Кастрациядан кейін және І-курс гормон тәсілінен соң ауруға ІІІ-топтық мүгедектік тағайындайды, ал бөгелме ісік болып және гормонға сезімталдығы жоқ кездерде ІІ топтық мүгедектік беріледі. І-топты басқа адамдардың көмегі қажет болғанда, немесе үнемі ауырсыну сезімі қалыптасса, немесе зәр жыланкөзі болса беріледі.

Сабақ қорытындысы:

  1. Қуық асты без рагы науқастың жасына сыбайлас өте құбылмалы ауру қатарына жатады.

  2. Қуық асты без рагы гормонға (тестостерон) байланысты және оған тәуелді.

  3. Қуық асты без рагы көбінесе 60-тан асқан ер азаматтарда жиі кездеседі.

  4. Тестостерон – гормон, ол аталық бездің Лейдиг деген клеткасы арқылы өндіріледі.

  5. Гормонның реттелуі лютейн гормонына тікелей байланысты.

  6. Лютейннің өзі мидың үлкен қыртысынан шығатын лютейн-релизинг гормонға байланысты.

  7. Жер шары бойынша қуық асты без рагының аурушаңдық көрсеткіші 21,2%ooo болса, оның өлім-жітім көрсеткіші 7,9%ooo тең.

  8. Қазақстанда қуық асты без рагының орташа аурушаңдық көрсеткіші 4,0%ooo, ал оның таралуы біркелкі емес.

  9. Республикада қуық асты без рагының ең жоғарғы аурушаңдығы Батыс Қазақстан (6,0%ooo), Павлодар (6,1%ooo), Шығыс Қазақстан (6,9%ooo), Қостанай (7,7%ooo) облыстары мен Алматы (6,5%ooo) қаласында тіркелген.

  10. Бұл рактың ең сирек кездесетін жері Қызылорда (1,2%ooo), Маңғыстау (1,3%ooo), Оңтүстік Қазақстан (1,4%ooo) Жамбыл (1,6%ooo), Атырау (1,7%ooo) және Ақтөбе (1,6%ooo) облыстарында анықталған.

  11. Бұл айырмашылық осы көрсетілген облыстардағы этностық топтардың үлесіне байланыстылығы, және де жергілікті қазақтардың үлесі басым облыстарда қуық асты без рагының, басқа облыстарға қарағанда, өте сирек кездесетіндігі мәлім болып отыр.

  12. Бұл мүше ағзадағы гормондармен күрделі жолмен реттелінетін ішкі секретті без болғандықтан, сол гормондардың қатынасына байланысты өзгерістерден пайда болатындығы даусыз.

  13. Қазір қуық асты бездегі рактың пайда болу мен даму механизмін былай түсіндіреді: жайылмалы қауіпті ісік клеткасы, қалыпты без клеткасында гормондардың әсерінен мутация арқылы ДНК мен РНК-сы өзгеріп, гендері бөлектенген жаңа клетка пайда болады.

  14. Қуық асты без рагы 70,0% жағдайда оның шет жағынан, 10-15,0% - ортасынан, ал қалған 15,0% тіндердің ауыспалы жерлерінен өнеді.

  15. Ауруға жиі ұшырайтын жас 50-ден асқандар.

  16. Макроскопиялық тұрғыда - рак түйіні өте қатты, қырнаған кезде дыбыс шығаратын ісік, ақшыл-сарғыштау түсті, көбінесе, кішкене жүзім сияқты, ал ең үлкені 5-7 см-ге шейін жетеді.

  17. Қуық асты без рагының гистологиялық түрлері - безді, ауыспалы-клеткалы, жайылма клеткалы, пісіп жетілмеген болып бөлінеді.

  18. Клиникалық белгілері - зәр аз-аздан жиі-жиі шығып, тамшылап ағып, ауырсыну сезімнің болуы, зәрмен қан кетуі.

  19. Қуық асты без рагына күдік туғанда, саусақпен тік ішек арқылы қуық асты без көлемін анықтау, қуық асты без антигенін қаннан байқау, ультрадыбыс арқылы зерттеп, соның көмегі арқылы биопсия жасау.

  20. Бездің барлық көлемінің 75,0%-ын шет жақ бөлігі алып жатады, онда 8,0% - рак орналасады.

  21. Бездің орталығы – 20,0% көлемін құрайды, мұнда 5,0% жағдайда рак табылады.

  22. Зәр жүретін жер бездің 5,0% тең, мұнда 20,0% жағдайда рак пайда болады.

  23. Еркектер арасында ҚАБА тәсілінің нәтижесінде дені сау адамдардан 5,7% қуық асты без рагы анықтауға болады.

  24. Солардың ішінде 77,7% аурулардан қуық асты без рагының алғашқы сатысы анықталады.

  25. Өз бетінше емханаға келіп, ҚАБА әдісі қолданылмаған адамдардан анықталған рак 22,0%-ға тең болған.

  26. Сонымен скрининг тәсілімен анықталған адамдарға 48,8% жағдайда, ал скринингсіз өткізілген кезде -тек 25,0% ауруларға радикальды ем жасауға болады.

  27. Осы мәліметке сүйене отырып, 50-70 жас арасындағы ер азаматтарға ҚАБА әдісін жүргізу өте құнды және тиімді.

  28. ҚАБА нәтижесі 4 нг/мл-ден жоғары болса, онда міндетті түрде адамдарға тік ішек арқылы көру немесе УДЗ жүргізілуі керек.

  29. Қуық асты без рагын басқа аурулардан - созылмалы қабыну (простатит), аденома, саркома, бездегі тастан ажырату керек.

  30. Мүшені тұтас сылу - радикалды простатоэктомия, рактың І-ІІ өсу сатысында қолданылады.

  31. Сәуле әдісі де радикалды емге жатады, оның нәтижесі операциядан кем емес. Науқастардың 5 жылдық өмір сүруі 40-60,0%ға жетеді.

  32. Брахитерапия - ұлпа не тін ішінен сәулелендіру арқылы жүргізіледі.

  33. Радикалды емнен кейін ауруларды бақылау жалпы ереже бойынша жүргізіледі.

  34. Радикалды емнен кейін без антигені 0,2нг/мл-ден асса, онда рактың қайта қозуына қауіп төнеді.

  35. Науқас сүйектерінің ауырсынуына шағымданса және без антигені >20нг/мл-ден астып кетсе, онда компьютерлік томография, немесе магнитті-резонансты томография, не остеосцинографияның жасалынуы қажет.

  36. Гормонды әдіс 20-60,0% ауруларды 3 жылға дейін өмірін ұзартады.

  37. Кастрациядан кейін және І-курс гормон тәсілінен соң ауруға ІІІ-топтық мүгедектік тағайындайды.

  38. Бөгелме ісік болып және гормонға сезімталдығы жоқ кездерде ІІ топтық мүгедектік беріледі.

  39. І-топ басқа адамдардың көмегі қажет болғанда, немесе үнемі ауырсыну сезімі қалыптасса, немесе зәр жыланкөзі болса беріледі.