Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Онко палли.docx
Скачиваний:
95
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
4.54 Mб
Скачать

Қуық асты без рагының эпидемиологиясы

Жер шары бойынша (2000 ж) қуық асты без рагының аурушаңдық көрсеткіші 21,2%ooo болса, оның өлім-жітім көрсеткіші 7,9%ooo тең болған. Қуық асты без рагы әр жерде әртүрлі жиілікте кездеседі. Оның ең көп тараған жерлеріне: АҚШ (104,3%ooo), Жаңа Зеландия (101,1%ooo), Канада (83,9%ooo), Австрия (76,0%ooo), Исландия (74,6%ooo, Швеция (70%ooo) жатады. Ең сирек ауыратындар аспан асты елі – Қытай (1,7%ooo), Вьетнам (2,3%ooo), Афганистан (4,5%ooo), Египет (5,6%ooo) жатады.

Ал, КСРО құрамында болған мемлекеттердің ішінде ең жоғарғы аурушаңдық– Эстония (38,2%ooo), Литва (30,4%ooo), Латвия (21,4%ooo) елдерінде тіркелген. Орташа деңгейде тұрғандар Белоруссия (17,4%ooo), Ресей (15,9%ooo), Украина (15,8%ooo). Ең төменгі деңгейде орын алатындар Орта Азия елдері: Түркменістан (3,6%ooo), Өзбекстан (3,2%ooo) және Қазақстан (3,4%ooo).

Қазақстанда қуық асты без рагының орташа (2006-2012 жж.) аурушаңдық көрсеткіші 4,0%ooo (№2- сурет), ал оның таралуы біркелкі емес. Республикалық орташа көрсеткіштен қуық асты без рагының ең жоғарғы аурушаңдығы Батыс Қазақстан (6,0%ooo), Павлодар (6,1%ooo), Шығыс Қазақстан (6,9%ooo), Қостанай (7,7%ooo) облыстары мен Алматы (6,5%ooo) қаласында тіркелген. Сонымен қатар бұл рактың ең сирек кездесетін жері Қызылорда (1,2%ooo), Маңғыстау (1,3%ooo), Оңтүстік Қазақстан (1,4%ooo) Жамбыл (1,6%ooo), Атырау (1,7%ooo) және Ақтөбе (1,6%ooo) облыстарында анықталған. Бұл айырмашылық осы көрсетілген облыстардағы этностық топтардың үлесіне байланыстылығы, және де жергілікті қазақтардың үлесі басым облыстарда қуық асты без рагының, басқа облыстарға қарағанда, өте сирек кездесетіндігі мәлім болып отыр.

Қазақстанда қуық асты без рагының орташа (2006-2012 жж.) аурушаңдық көрсеткіші, оның аймақтарында да біркелкі тарамаған (№3- сурет). Бұл қатерлі ісіктің ең жоғарғы аурушаңдық көрсеткіші – Шығыс (6,5%ooo), Солтүстік (6,4%ooo) және Орталық (4,7%ooo) аймақтарда Оңтістік (1,7%ooo) өңірге салыстырғанда, 2 еседен артық басымдылығы дәлелденген. Бұл тұжырым бойынша Қазақстанның Шығыс, Солтүстік және Орталық аймақтарында европалық үлтардың үлесі әліде болса жоғары болуына байланысты екені анық болып отыр. Осы көрсетілген мәліметтер қуық асты без рагының Қазақстан территориясындағы эпидемиологиялық ерекшеліктері екенін көрсетеді.

Қуық асты без рагының пайда болу себептері, даму механизмдері

Қуық асты без рагының негізгі пайда болу себептері әлі белгісіз, толық шешілмеген. Бірақта, бұл мүше ағзадағы гормондармен күрделі жолмен реттелінетін ішкі секретті без болғандықтан, сол гормондардың қатынасына байланысты өзгерістерден пайда болатындығы даусыз. Себебі бұл бездің қызметі үлкен ми қыртысы, мишық және ағзаның өз ішіндегі клеткаларды реттеп отыратын факторларға байланысты. Қалыпты жағдайда осы мүшелердің гормондары бір деңгейде тұрады. Егер олар өсіп немесе кеміп кетсе, қуық асты безде қауіпті жағдай пайда болады. Бездің сырт жағына орналасқан клеткаларда өніп-өсу үрдісі жылдамырақ жүреді; ортасында орналасқан тіндерде орташа, ал зәр жүргішке жақын жатқан жерлерде тым баяу жүріп, бұл жерде физиологиялық апоптоз (өлу) басым қалыптасады. Осылардың бәрін реттейтін ағзадағы ең негізгі гормондар – андрогендер болып саналады.

№№2- сурет. Қуық асты без рагының Қазақстан облыстары бойынша орташа аурушаңдық көрсеткіші (2006-2012 жж.)

№3- сурет. Қуық аты без рагының Қазақстан аймақтары бойынша орташа аурушаңдық көрсеткіші (2006-2012 жж.)

Егер бездегі апоптоз көлемі өссе, клеткалардың сандық, сапалық қасиеттерін теңестіру үшін, онда пролиферация үрдісі басымырақ жүруге мәжбүр болады. Клеткалардағы осы қасиетті анықтайтын, Вах және Bcl-2 деген екі ген бар. Бұған қосымша, мүшедегі тіндерді өсуді қоздыратын эпидермальды және фибробластарды белсендіретін (6ҒGҒ) гендер болады. Гендер күрделі белок – полипептидтер, олардың рецепторлары клетканың беттерінде орналасады. Осы рецепторларды химиялық реакцияға қатыстырмай қойса, онда сол ген өз қызметін атқара алмайды.

Қазір қуық асты бездегі рактың пайда болу және даму механизмін былай түсіндіреді: жайылмалы қауіпті ісік клеткасы, қалыпты без клеткасында гормондардың әсерінен мутация арқылы ДНК мен РНК-сы өзгеріп, гендері бөлектенген жаңа клетка пайда болады. Бұларға дамылсыз өніп-өсу тән қасиет болғандықтан, осы қасиет басқа да клеткаларға беріліп, бір жерден екінші бір жерге көшіп бөгелме ісік береді. Сонымен қуық асты бездегі рак клеткасы андрогендерге сезімтал болмай қалады. Бұлай болуға бірнеше себептер бар:

  1. адамның қартайуына байланысты, бұл ісік 50 жастан асқан адамдарда жиі кездеседі. 50 мен 60 жастың аралығындағы адамдардың қуық асты безін микроскоп арқылы зерттегенде, олардың 30%-да көзге көрінбейтін ракты байқауға болатындығы анықталған.

  2. гормондық өзгерістер, рактың гормон арқылы пайда болатындығын дәлелдейтін болжамға жатады. Оған дәлел ісік эстроген бергенде кері қайтып отыруы. Бірақ осыларға қарамастан қазіргі таңда гормондардың тікелей рак туғызатындығына біржақты пікір жоқ. Тек қуық асты бездің қызметі қалыпты болуы үшін тестостерон мен дегидротестестеронның мөлшері қалыпты болуы қажет.

  3. тағамданудың ролі маңызды, себебі қуық асты бездегі рактың пайда болуына майлы тағамдардың әсері анықталған. Осыған байланысты қуық асты без рагы салмағы артық, дене қозғалысы шектелген семіз адамдарда жиі байқалған. Сонымен майлы тағам витамин А-ны және сол сияқты бета-каротинді кемітеді, ал бета-каротин көптеген ісіктерден ағзаны қорғайды. Азия елдеріндегі қуық асты без рагы өте аз кездеседі, себебі бұл жердегі адамдар витамин А және эстрогендерге бай өсімдіктерді тағамға көп қосады. Бұлар андрогендердің қуық асты безге зиянды әсерлерін кемітеді, әсіресе, эстрогенге бай тағамдар, артық андрогендерді тежеп отырады.

  4. генетикалық фактор да қуық асты без рагының пайда болуына ықпал етеді. Тұқымында қуық асты без рагымен ауырғандардың үрпақтарында 2-3 есе бұл ісік жиі кездеседі. Қазіргі кезде, қуық асты без рагы, 9,0% жағдайда тұқым қуалайтындығы мәлім. Бірақ қандай генде қандай кемістік бар, ол неге рак туғызатындығына тікелей дәлел әлі анықталған емес.

  5. жұқпаның әсері эпидемиологиялық зертеу кезінде, қуық асты без рагында, соз және жыныстық әрекет арқылы таралатын басқа да жұқпалармен байланыстығы дәлелдеген. Бірақ тікелей осы аурулар ракты қоздыратындығына нақты мәлімет жоқ..

  6. қуық асты бездің гиперплазиясы мен қатерсіз ісік - аденомасы 1,5-24,0% жағдайда, қуық асты без рагымен қосарланып келетіндігі тәжірибеде жиі кездеседі (№ 4- сурет).

Қуық асты без рагының патологиялық анатомиясы

Қуық асты без рагының нөлдік өсу сатысы (рак in situ) облигатты ісік алды болып саналады, ол 7-10 жыл ішінде, 40 жасқа жуық кездерде, міндетті түрде жайылмалы ракқа айналады. Қуық асты без рагы 70,0% жағдайда оның шет жағынан, 10-15,0% - ортасынан, ал қалған 15,0% тіндердің ауыспалы жерлерінен өнеді. Ауруға жиі ұшырайтын жас 50-ден асқандар. Бірақ мәйттерді тексергенде 30-40 жастағылардың 20,0%-нан микроскопиялық ракты анықтауға болады. Бұл кезде ауру адамда ешқандай клиникалық белгілер кездеспейді. Кейіннен ісік 0,5-1,0 см-ге жеткенде барып аурудың клиникалық белгілері біліне бастайды.

№4- сурет. Қуық асты безінің аденомасы

Морфологиялық белгілерге клетканың атипизмі, ретсіз жылдамдатылған өніп-өсуі және айналасындағы басқа сау тіндердің бұзылысы жатады.

Морфологиялық жұмыстардың нәтижелері без аденомасы мен рак өз алдына бөлек аурулар екені және екеуінің де бір адамда жиі қосарланып кездесетіндігі толық дәлелденген. Рак аденомадан емес, бездің өз тіндерінен бөлек өніп-өсетіні туралы айтатын пікір де кездеседі.

Макроскопиялық тұрғыда (№5- сурет)- рак түйіні өте қатты, қырнаған кезде дыбыс шығаратын ісік, ақшыл-сарғыштау түсті, көбінесе, кішкене жүзім сияқты, ал ең үлкені 5-7 см-ге шейін жетеді. Рак бірнеше түйін тастауы мүмкін, ол кездерде оның өніп-өсуі өте жылдам жүреді. 70-80 жастағы қарт, кәрі адамдарда ісік өте баяу өсіп-өнеді.

Қуық асты без рагының жіктеліуі

Қуық асты без рагының гистологиялық жіктелуі әртүрлі болады.

Олар:

  • безді,

  • ауыспалы-клеткалы,

  • жайылма клеткалы,

  • пісіп жетілмеген түрі.

Осылардың ішінде өте жиі кездесетіні безді рак (90%). Ісіктің қатерлі зияндылық деңгейі морфологиялық тексеру кезінде бірден анықталады. Ол үшін клетканың пісіп - жетілу деңгейі анықталады.

Олар::

  • G1-жоғары деңгейде пісіп, жетілген,

  • G2-орташа деңгейде пісіп,жетілген,

  • G3-4-төменгі деңгейде пісіп, жетілген, немесе піспеген, жетілмеген клетка.

№5- сурет. Қуық асты без рагы