Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Онко палли.docx
Скачиваний:
95
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
4.54 Mб
Скачать

Қуық асты без рагын анықтауда скрининг тәсілін қолдану

Рак ауруына қарсы күрестегі бағдарламаның ең маңызды бір бағыты скрининг, ол халықты жаппай профилактикалық тексеру. Оның табысты болуы ісік ауруының биологиялық ерекшелігі мен клиникалық ағымына және әдістеменің жетілуімен де тікелей байланысты.

Рактың І-ІІ өсу сатысы, белгісіз болуына байланысты оларды тек профилактикалық тексеруде, тек скрининг арқылы анықтауға болады.

Ол үшін:

  • тік ішек арқылы қуық асты безді қолмен көру,

  • ультрадыбыстық зерттеулерді қолдану,

  • қуық асты без антигенін қан сарысуынан анықтау.

Еркектер арасында ҚАБА тәсілінің нәтижесінде дені сау адамдардан 5,7% қуық асты без рагы анықтаған. Солардың ішінде 77,7% аурулардан қуық асты без рагының алғашқы дәрежелері табылған. Ал, өз бетінше емханаға келіп, ҚАБА әдісі қолданылмаған адамдардан анықталған рак 22,0%-ға тең болған. Сонымен скрининг тәсілімен анықталған адамдарға 48,8% жағдайда, ал скринингсіз өткізілген кезде -тек 25,0% ауруларға радикальды ем жасалған. Осы мәліметке сүйене отырып, 50-70 жас арасындағы ер азаматтарға ҚАБА әдісін жүргізу өте құнды және тиімді екенін білуге болады. ҚАБА нәтижесі 4 нг/мл-ден жоғары болса, онда міндетті түрде адамдарға тік ішек арқылы көру немесе УДЗ жүргізілуі керек.

Қуық асты без рагын басқа аурулардан ажырату

Қуық асты без рагын басқа аурулардан ажырату ең маңызды анықтау жолы болып табылады. Оны көптеген аурулардан ажырата білі керек.

Олар:

  • созылмалы қабыну (простатит),

  • аденома,

  • саркома,

  • бездегі тас,

  • қуық айналасындағы мүшелердің рагы,

Созылмалы қабыну (простатит), көбінде соз, трихомониаз т.б. ауруларымен жыныстық қатынастардан кейін дамиды. Бұларға қосымша уретрит өте жиі қосарланып, осының салдарынан бездің қозғалысы нашарлайды. Без сөлінен қабыну кезінде лейкоциттерді, лецитиндерді, ал ісік ауруында рак клеткасын анықтайды. Рак көбінесе 50-ден асқандарда, ал қабыну жастарда кездеседі.

Туберкулезде, зәр шыққанда, ақырғы тамшыда іріңді көруге болады. Без сөлінде туберкулез таяқшасы кездескендіктен, оны теңіз шошқасына енгізгенде ол туберкулезбен аурады, . Жалпы қуық асты безі туберкулезбен өте сирек ауырады. Ол жас адамдарда басымырақ кездеседі, негізінде зәр жолдары мен бүйрек зақымданады.

Актиномикоз өте сирек кездеседі, ол несеп-жыныстық мүшелерді зақымдап, шап аралық терісінде жыланкөздер пайда болып, одан актиномикоздың қабықтары аралас іріңді сұйық шығып тұрады.

Мерез – созылмалы, еш уақытта ауырсыну сезімі жоқ, тек кешенді тексерулердің арқасында (Вассерман реакция) ғана диагнозды дұрыс қойуға болады.

Без аденомасы. Тік ішекті саусақпен тексергенде без аденомасында оның тығыздығы жұмсақтау, шекарасы ап-айқын, қозғалысы сақталған, беті тегіс келеді, ал онда рак болса, түйін өте қатты, шекарасы көмескіл, аз қозғалатын, беті адыр-бұдыр тегіс болмайды.

Цистоскопия кезінде, аденомада - қуық пішіні өзгеріп, сыртынан қысылып, сығылады, сондықтан үрпі жолы -тегіс болмайды. Ал ракта, егер ол үрпіге көшсе, немесе қуыққа өтсе, ауырсыну сезімі байқалады. Зәр ағардың жоғары бөлігі кеңейіп, гидронефроз туындайды. Үрпінің қысылуы жоғары деңгейде болса, онда ол рак ауруына тән қасиет. Аденома қуық ішіне қарай «төбешік» сияқты тегіс боп өседі, ал ракта ол ондай болмайды. Ракта қуық түбіндегі үшбырыш өзгеріп,- ол пішінін өзгертеді. Осы аурулар бір мүшеде пайда болатындықтан, оларға сәйкес белгілер де қосарланады. Бірақта, лимфа бездері мен жамбас сүйектердің қосымша зақымдануы, науқастың хал-жағдайының нашарлап үдей түсуі, ракқа ғана тән қасиет. Жамбас сүйектерінде, сегіз көзде, белде т.б. жерде бөгелме ісік пайда болғанда, ауырсыну сезімі пайда болады, ал ол аденомада мүлдем болмайды. Негізгі күдікті- тек биопсия арқылы анықтауға болады.

Бездегі тастар, рак сияқты зәр жүргенде, ауырсыну сезімін туғызады. Бұл кезде ауырсыну сезімі, тек тік ішекке беріледі және ол отырған кезде, жыныстық қатынаста байқалады. Безді сипау кезінде, тас болса, онда ауырсыну сезімі үдейді, ал ракта бұл белгі болмайды.