Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
S_1256_Zh_kosmos.docx
Скачиваний:
19
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
50.59 Кб
Скачать

4. Фронттардың бұлттылығы

4.1. Окклюзия фронтының бұлттылығы

Окклюзия фронтына сәйкес бұлттылық зонасы,ені 300 км болатын тығыз бұлттылық алқабын құрайды.Ол көбінесе спираль тәрізді пішінді болады. Яғни ол ең биіктігі,бұлттылық деңгейіндегі циклондық циркуляция орталығында орналасқан сыртқы түрі үлкен үтірге ұқсас болып келеді. Бұлттылық спираліне кенеттен жүргізілген шекара сәйкес келеді.Одан бұлтсыз немесе аз бұлтты алқабы бақыланады.Бірақ кейбір арақашықтықта одан будақ тектес пішінді тізбек түрінде,конвективті ұяшықтар немесе нақты құрылымы жоқ бұлттардың жинақталуы көрінуі мүмкін.Окклюзия фронтының бұлттылық алқабындағы ішкі шекрасына қарағанда, сыртқы(алдыңғы)шекарасы бұлдыр және жыртылған тәрізді. Бұл жағдайда бұлттылық алқабы сәулелермен алмасып отыратын жеке-жеке бұлттардан құралады.

Егер де ішкі шекара аморфты болса,Жер бетіндегі окклюзия фронты бұлттылық алқабының ортаңғы бөлігіне қарай жылжиды. Окклюзияның бұлттылық жүйесі көбінесе суық фронттың бұлттылық жүйесіне өтеді.Кейде окклюзияның орналасу нүктесін оның бұлттылық алқабынан оң жаққа қарай біраз шығуынан байқауға болады. Бұл шығу өздігінен жылы фронттың бұлттылығының қалған қалдығы болып саналады.Зерттеулер көрсеткендей, бұл фронттың спиральді бұлттылық синоптикалық картасына циклонның алдыңғы бөлігі сәйкес келеді. Уақыт өткен сайын окклюзия фронты суық, жылы және стационарлы фронтқа трансформацияланады.Бұл жағдайда кәдімгі алқап сәйкес бұлттылық жүйесінің конфигурациясы мен сипаттама белгілеріне жетеді.

Еркін атмосферада окклюзия фронтының бұлттылық алқабы тропосфераның төменгі бөлігінде термикалық жота жағдайымен ұқсас.Және де барикалық жотаның 500 гпа деңг. көбінесе бұлт таралуының алдыңғы шекарасы болып келеді.Будақ жаңбыр,будақ тәрізді және мамық тектес бұлттылықтан қалыптасқан,доға пішінді бұлттылық алқабы суық фронтқа сәйкес келеді. Фронтқа суық ауа жағынан кең бұлтсыз зона жалғасады.

4.2. Стационарлы фронт бұлттылығы

Стационарлы фронт бұлттылық алқабы циклонды немесе антициклонда қисықтығы көп болмайды.Оның ені 200-300 км,ал құрылымы біртекті емес.Стационарлық фронттың бұлттылық алқаптарының орташа жалғасуы,бұлттылық спиральдерге қарағанда әлдеқайда көбірек.

Синоптикалық картада жер бетілік фронт сызығы, бұлттылық алқабының орталық бөлігімен көбінесе сәйкес келеді.Тек фронт кішкене ғана ілгерімелі қозғалыс жасағанда ғана Жер бетіндегі фронт сызығы бұлттылық алқабының тылдық бөлігіне ауысады. Синоптикалық карта бойынша изобара деформациялық алаң құрайды.Еркін атмосферада мұндай бұлттылық алаңдарында аз градиенттік алаң изогипс сәйкес келеді.

Стационарлы фронттың бұлттылық алқабы толқынмен бірге кең бағытты алады, оның ені 300-400 км ге дейін жетеді.

5. Бұлттылық мәліметтерін синоптикалық талдауларды бағалауда қолдану.

5.1. Спутниктік суреттердің синоптикалық талдануы

Синоптик үшін атмосфералық процестердің негізгі көрінісі -синоптикалық карта.Қысым,барометрлык тенденция,температура көрсеткіші,жел,бұлттылық жіне жауын-шашын-атмосфералық процестермен ауа райын сипаттайтын негізгі метеошамалар.

Спутниктік суреттерде барлық синоптикалық мәліметтер орналасқан ,сол себептен де синоптикалық малиметтерлді алу бұлттылық аймағының анализіне байланысты..Бұлттылық көптеген метеошамалардың тек бірі.Бұлттылық аймағы мен синоптикалық процестер арасында айтарлықтай байланыс бар.

Көбінде әр түрлі бұлттылық қабытында окклюзия фронтын циклонмен байланысты окклюзияның әр түрлі стадияларына байланысты бір текті 4 топқа бөлуге болады.

1.Фронтальді бұлттылық аймағына терең окклюзияланған циклонмен байланысты ұзындығы 800-700 км ал ені 200-450 км болатын бұлттылық аймағы тән.Бұндай фронтальді бұлттылық аймағы құйынды аймақтың жоғалуынан аз өзгереді.Кей жағдайларда бұлттылық аймағында енді құйын пайда болып жатса,кей аймақтарда ол құйын жойылып жатадыБұлттылық құйыны ОТ500/1000 картасында суық аймақта жер беті циклон аймағында орналасады.

2.Суық жоғарғы циклон аймағы үлкен бұлттылық құйындармен байланысты болып келеді.Бұлттылық аймағы шығыс және солтүстік - шығыс аймағынан циклон аймағын,немесе жылы сектор аймағын солтүстік- батыс және батыс бөлігінен қоршайды.

Жоғарға циклон орталығы (АТ/500) жербеті орталығымен дәл сійкес келеді. Шығыс және солтүстік - шығыс аймағынан циклон аймағын қоршаған бұлттылық аймағы қатпарлы жаңбыр бұлтынан құралған.Бұлттылық аймағының ұзындығы 1000-1500км,ал ені шамамен 200 км.Бұл бұлттылық аймағында нөсер жауын шашын мен найзағай бақыланады.Жылы секторға аномальді орналасқан бұлттылық аймағы аса үлкен ұзындықпен және де шарбы бұлттармен ерекшеленеді. Бұл бұлттылық аймағында аралас жауын шашын,ауа массаларының қозғалу жылдасмдығының екі-үш есе артуы бақыланады.

3.Окклюзияның фронтальді бұлттылық аймағының ұзындығы 500-600 км ,ені 200-250 км, сұр түсті бұлттылық құйынмен аяқталады.Суық фронт және жылғалы ағыс ашық ақ түсті болып келеді.500 гПа деңгейінде окклюзия фронты изогипстермен тік бұрышпен қиылысады және онда үлкен барикалық градиент бақыланады.Окклюзия фронты және бұлттылық құйыны аймағында окклюзияның фронтының бұлттылығының жылғалы ағыстармен қосылған жерине қарағанда ауа райының аз өзгеруі байқалады. Синоптикалық карталарға анализ жасағанда және атмосфералық процестерге сипаттама берген кезде жер беті станциялары мәліметтерінен бөлек соңғы кездерде спутниктік мәліметтер қолданылуда. Спутниктік суреттерде төселме беткейдің толық түсірілімін сондай-ақ, глобальді масштабта бұлттылық жамылғысының толық түсірілімін алуға болады. Бұлттылық жамылғысының кешенді картасы үлкен аймақтарда атмосфералық процестердің сипаттамаларын көрсете алады және тәжірибелік тұрғыда аса маңызды. Бұл карталар бұлттардың орналасуымен қатар, метеороологиялық болжамдар жасауды дәл жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Суреттің құрылымы бақыланған бұлттардың жарық контрастына байланысты болып келеді. Сьемкалардың шартты өзгерісі ( жарықтану, диафраграммалау жәні т.б.) суреттердің құрылымына қатты әсер етпейді, тек контрастын ғана өзгертеді.

Синоптикалық масштабтың бұлттылық жүйесі – макроқұрылымы – кескіннің үлкен ауданында геометриялық ерекшеліктерін синапаттайды.

5.2. Метеорологиялық спутниктерден бақыланған мәліметтерді синоптикалық талдауда қолдану

Спутниктен күнделікті алынып отыратын жалпы метеорологиялық мәліметтер синоптикалық практикада кең қолданысқа ие болған. Телевизионды түсірілімнен алынған бұлттылық жамылғысының кешенді карталары үлкен мәліметтерді қамтиды, сондай-ақ, кеңістіктік құрылымды суреттейді, және де бұлттылықтың басқа да ерекшеліктерін сипаттайды. Синоптикалық жағдайда әртүрлі қалыптасатын бұлттылық жүйесі ( фронт, циклон, ураган, конвергенция зонасы және т.б.) соншалықты қарапайым, яғни бұлттылық жамылғысының кескінін қолдану атмосфералық процестерді болжауда таптырмас құрылғы ретінде де алынады. Спутниктік мәліметтерді синоптикада қолданудың маңыздылығы өте жоғары болғанымен ол алғашқы кезеңдерінде аса жақсы дамымады. Ал соңғы жылдары жаңа қадамдар басталып, жаңа даму сатысына өтті. Әр түрлі спектрлі сәулелендіру арқылы температура, қысым, ылғалдылық, тығыздық, озон құрамы туралы мәліметтер алынатын болды.

Алынған спутниктік мәліметтердің барлығы дерлік маңызды. Бұлттылық алқабына байланысты түсірілімдер ауа-райын болжауда қолданылады. Яғни, айта кететін болсақ, белгілі бір аймақтағы фронттар, жауын-шашын, циклон және ауа – температурасын анықтауда қажет. Космостық бейнелердің макромасштабтық структурасы. Бұлттылық: ауа массаларының бұлттылығы; атмосфералық фронттардың бұлттылық сызығы; фронта алды және фронт артқы шкалалар сызығы. Фронтальды бұлттылық жолақтарына топография мен орографияның әсері және ішкімассалық бұлтттылықтың сипаттамасы. Атмосфералық фронттардың бұлттылығының жылжуы мен эволюциясы. Бұл жерде ауа массаларының негізгі термодинамикалық сипаттамаларын еске түсіру керек. Жылы ауа массасына адиобаттық емес салқындау және үйкелістің динамикалық конвекциясы тән болып табылады. Бұдан қатпарлы және қатпарлы бұдақ бұлттары түзіледі де, әлсіз жауындардың түсуіне алып келеді. Суық ауа массасына термикалық тұрақсыздық, конвективті бұлттылық, бұдақ жауын бұлтынан түсетін нөсер жауындар тән болып келеді. Екі түрлі ауа массалары жанасқан жерде бұлттылық жолақтары пайда болады. Бұлттылықтың шекарасы мен мөлшері. Бұлттылықтың формасы. Космостық суреттердің шифорын шешу кезінде, көп суреттердің бір бірінне ұқсауынан бұлттылықтың классификациясын анықтау өте қиын болып табылады. Сондықтан шартты морфологиялық классификациясын қолданады. Ол Дүниежүзілік Метеорологиялық Ұйыммен ұсынылған. Бұл шартты морфологгиялық классификация суреттерде көзбен шолу әсерінен болатын барлық қабаттардағы бұлттылықтардың ұқсастықтары берілген.

Қорытынды

Атмосфералық Фронт циклон шеткерінен орталығына төмендейді және олардың қызметiне осы өзгеріс теледидар суретті көрсетіледі бірақ енінін сызықтары азайып және бұлттылық төмендейді. Фронтальді бұлт жүйе бейнесі суреттерде және карталарда әдетте бұлт сызықтары ретінде және ені бірден бірнеше км дейін созылып жатады, себебі бұлт сызықтары әдетте әр түрлі формадағы бұлттардан тұрады және картада барлық бұлт типтері бейнеленеді. Алайда, кейбір жағдайларда бұл бұдақ бұлттардың таралуын қадағалауға болады, суық зона фронтында және бұдақтектес бұлттарда , жылы фронттарда көрінеді. Суық фронттағы бұлт сызықтары анық сызықтар түрінде, ені 200-300 км ал ұзындығы 1000 км, өте жиі шеткі жағында дқңгелек жарқын дақтары бар болып келеді.

Бұлттылық: ауа массаларының бұлттылығы; атмосфералық фронттардың бұлттылық сызығы; фронта алды және фронт артқы шкалалар сызығы. Фронтальды бұлттылық жолақтарына топография мен орографияның әсері және ішкімассалық бұлтттылықтың сипаттамасы. Атмосфералық фронттардың бұлттылығының жылжуы мен эволюциясы.

Бұл жерде ауа массаларының негізгі термодинамикалық сипаттамаларын еске түсіру керек. Жылы ауа массасына адиобаттық емес салқындау және үйкелістің динамикалық конвекциясы тән болып табылады. Бұдан қатпарлы және қатпарлы бұдақ бұлттары түзіледі де, әлсіз жауындардың түсуіне алып келеді. Суық ауа массасына термикалық тұрақсыздық, конвективті бұлттылық, бұдақ жауын бұлтынан түсетін нөсер жауындар тән болып келеді. Екі түрлі ауа массалары жанасқан жерде бұлттылық жолақтары пайда болады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Н.А. Калинин, Н.И.Толмачева "Космические методы исследований в метеорологии" (69-72, 80-84 б.)

2. https:// meteovlab.meteorf.ru

3. http://fzo.rshu.ru/file115

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]