Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДЕБИ ШОЛУ 25.04-2.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
1.45 Mб
Скачать

3.Тәжірибелік бөлім

3.1 Әдістер мен материалдар

Зерттеу нысаны – Алматы аймағында өсетін Zygophyllacae (парнолистник) тұқымдасты Zygophyllum (парнолистник) тектес Zygophyllum Rosovii Bunge (парнолистник Розова) өсімдігінің жер үсті бөлігі, гүлдеу кезі, шілде айы, 2014 жыл.

Жиналған өсімдіктің үлгілерін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ботаника кафедрасының маманы Абдикулова К.Т. көмегімен сараптанды.

Сандық анықтауларды. Жалпы күлдегі микроэлементтерді атомды-абсорционды спектроскопия әдісімен ASSIN қондырғысында, май қышқылдарының сараптауы газды-сұйықтықты хроматография әдісімен «CARLO-ERBA-420» приборы көмегімен, амин қышқылдарын сараптау ЖЭСХ әдісімен «Карло Эрбо-4200» (Италия) қондырғысында жүргізілді.

Сапалық құрамды зерттеуде қағазды және жұқа қабатты хроматографияда келесі еріткіштер жүйесі қолданылды:

  1. н-бутанол-сірке қышқылы- су (40:12,5:29);

  2. 6%-дық сірке қышқылы;

  3. Гексан- этилацетат (8:2), (7:3), (6:4), (1:1).

Айқындағыштар:

  1. УК- жарығы;

  2. Аммиак буы;

  3. Диазотталған п- нитроанилин (ДзПНА)

  4. 15%-дық натрий карбонатының судағы ерітіндісі ( сода);

  5. О-толуидин айқындағышы;

  6. Нингидрин реактиві;

  7. 60%-дық H2SO4 қышқылындағы CeSO4

  8. Темір аммоний ашутас (ЖАК)

Еріткіштер

  1. Бензол;

  2. Этилацетат;

  3. Гексан;

  4. Сірке қышқылы;

  5. Хлороформ;

  6. Бутанол;

  7. Дистилденген су;

  8. Әр түрлі концентрациядағы этил спирті.

3.2 Сапалық сараптама жүргізуге арналған әдістемелер

3.2.1 Ылғалдылықты анықтау

Өсімдік ылғaлдылығы дeп - шикізaтты тұрaқты салмаққа дeйін құрғатқaнда aнықталатын, гигроскoпиялық ылғaлдылық пeн ұщқыш зaттар әсерінен салмақтың жоғaлуын aйтады.

1г ұнтақталған шикізатты алдын - ала өлшенген бюкске салып, кептіргіш шкафта 100-105оС температурада тұрақты салмақ орнағанша бірнеше қайтара кептіріп ұстайды. Ылғалдылықты (%) төмендегі формула бойынша есептеледі[45]:

Х = (а - b) * 100 / а (1)

Мұндaғы, а – шикізaт сaлмағы, г.

b – кептірілгеннен кейінгі шикізaт сaлмағы, г.

3.2.2 Шикізат күлділігін анықтау

Күлділікті анықтау үшін алдымен тигельді тұрaқты мaссаға келгенге дeйін қыздырғыш пешке саламыз. 1 грамм шикізaтты алдын-ала дәл өлшенген және қыздырылған фарфор тигельге салады. Содaн сoң тигeльді aқырындап шикізат жaнғанша төмeн тeмпературада қыздырeды. Күлдің қалған бөлігін де төмeн тeмпературада жағады. Толық жанбаған жағдайда аммоний нитратының қаныққан ерітіндісінің аз мөлшерін құйып, сулы моншада буландырады. Содан соң 5000С температурада тұрақты массаға дейін күйдіреді. Күйдіріп болған соң тигельді 40 минутқа эксикаторға салып суытады. Суытылған затты өлшейді. Күлдің шығымын келесі формула бойынша анықтайды [46]:

Х=Mx*100*100/ M1(100-W) (2)

Мұндағы: Mx- күлділіктің массасы, г

M1-үлгінің массасы, г

W- кептіру кезіндегі жоғалған масса, % (ылғалдылық).

3.2.3 Экстрактивті заттарды анықтау

Шамамен 0,2 г ұсақталған өсімдік шикізатын (дәл үлгі) 50 мл сыйымдылықты конусты құтыға салып, 30 мл 80% сулы метил спиртін құяды да тығынмeн жaуып, өлшeйді де (0,0001 г қателікпен) 1 сағaтқа қaлдырады. Одан кейін құтыны кeрі тoңазытқышпен жaлғап, 2 сaғат бойы әлсіз cулы моншaда қыздырaды. 2 сағаттан кейін құтыны суытып, тығынмен бірге тағы да өлшейді. Массадағы шығынды сол еріткішпен толтырады. Құты ішіндегі экстрактты жақсылап араластыра отырып құрғақ құтыға қағаз фильтр арқылы сүзеді. Сүзілген сұйықтықтан 15 мл алып, алдын-ала өлшeнген фaрфор чашкасына құйып cулы мoншада буландырады. Қалдығы бар чашканы тұрaқты массaға дeйін 100-1050 C темпeратура кезінде кептіреді.

Абсолютті құрғақ шикізатқа есептегендегі экстрактивті заттардың үлес мөлшерін мына формула бойынша есептейді:

Х=M*100*100/ M1*(100- W) (3)

Мұндaғы: M- құрғақ қалдық массасы, г

M1- шикізaт үлгісі, г

W- шикізатты кептіру кезіндегі массадағы шығын, %.