Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДЕБИ ШОЛУ 25.04-2.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
1.45 Mб
Скачать

2.2 Хлороформды экстракттағы заттарды анықтау

2.2.1 Май қышқылының сандық талдауы

Берілген әдістеме бойынша қаныққан және қанықпаған жоғарғы май қышқылдарының сараптауы газды-сұйықтықты хроматография әдісімен «CARLO-ERBA-420» приборы көмегімен жүргізілді. Қаныққан және қанықпаған жоғарғы май қышқыл компоненттерінің идентификациясы осы жоғарғы май қышқылдарының метилді эфирінің стандартты ерітіндісіне қатысты ұстау уақыты бойынша жүргізілді. Анализденетін қоспаның сандық анықталуы пиктердің ауданы арқылы нормализациялау әдісімен жүргізілді. Ол 1-суретте көрсетілген.

Сурет 1- Шикізаттың май қышқылдарына алынған ГСХ нәтижелері

Май қышқылдары – карбон қышқылдары, жануарлар мен өсімдік ағзасында бос күйінде кездеседі және липидтердің құрамына кіргенде энергетикалық және пластикалық қасиет атқарады. Май қышқылдары фосфолипидтердің құрамында биологиялық мембраналардың қалпына келуіне көмектеседі. Қанықпаған май қышқылдары адам және жануар ағзасында биологиялық белсенді заттардың биосинтезіне қатысады. сонымен қатар май қышқылдары қан плазмасы жарақаттанғанда қосымша диагностикалық тест болып табылады [43].

Zygophyllum rosoviі bunge өсімдігінің жер үсті бөлігі май қышқылдарының (10 май қышқылы) құрамы және сандық мөлшері 4-кестеде көрсетілген.

Кесте 4- Шикізаттағы май қышқылдары және олардың пайыздық мөлшері

Май қышқылдары

Пайыздық мөлшері, %

C14:0 миристин

0,7

C15:0 пентодекан

1,5

C16:0 пальмитин

6,3

C16:1 пальмитоолеин

0,8

C18:0 стеарин

2,3

C18:1 олеин

66,0

C18:2 линол

22,1

C18:3 линолен

0,3

Кестеде берілген мәндерден зерттелген шикізат құрамында 8 май қышқылы анықталғанын көреміз. Олардың айырмашылығы қаныққан май қышқылдары мен қанықпаған май қышқылдарының жеке өкілдерінің пайыздық мөлшерінде.

Қаныққан жоғарғы май қышқылдарынан пальмитин (С16:0), стеарин (С18:0) қышқылдары, ал қанықпаған жоғары карбон қышқылдарынан - олеин(С18:1) және линол (С18:2) қышқылдарын мысалға келтіруге болады.

Zygophyllum rosoviі өсімдігінің құрамында олеин (С18:1) қышқылының пайыздық мөлшері басқа қышқылдардан әлдеқайда артық, ал линолен (С18:3) қышқылының мөлшері ең төмен болып шықты.

Диаграмма 3- Zygophyllum Rosovii өсімдігінің май қышқылдарының сандық мөлшері

Май қышқылдарының организмге пайдалы қасиетіне тоқталып кетсек: олеин, линол, пальметин және стеарин қышқылы да май құрамына кіреді және организмге тағаммен еніп, биалогиялық мембрананың түзілуіне қатысады, энергетикалық құндылығы жоғары.

Жұқа қабатты хроматография әдісі арқылы 7:3 (гексан:этилацетат жүйесі) қатынаста хлороформды экстрактқа тәжірибе жүргізілді. Айқындағыш ретінде 60%-дық H2SO4 қышқылындағы CeSO4 қолдандық. Тәжірибе барысында 2 суретте көрсетілгендей мынадай заттар идентификацияланды: хлорофилдер, стероидтар және терпеноидтар.

Сурет 2- Хлороформды экстракттың ЖҚХ-сы

Кесте – 5 Хлороформды экстракттакттың ЖҚХ нәтижесі

Зат

Rf гексан:этилацетат жүйесінде

Түстің өзгеруі

11

0,08

Қою көк

12

0,18

Қоңыр-жасыл

13

0,31

Қою жасыл

14

0,41

Жасыл

15

0,49

Жасыл

16

0,54

Күлгін