Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДЕБИ ШОЛУ 25.04-1.doc
Скачиваний:
11
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
1.56 Mб
Скачать

Анықтамалар

Қарастырылып отырған дипломдық жұмыста қолданылған анықтамалар мен сілтемелер стандартқа сәйкестендірілген.

Дәрілік өсімдік шикізаты – жаңадан жиналған және кептірілген, дәрілік заттарды алу үшін пайдаланылатын шикізат.

Биологиялық белсенді заттар – тірі ағзаға спецификалық әсері бар және дәрілік өсімдік шикізатының терапиялық эффектісін анықтайтын табиғи қосылыстарды айтады.

Микроэлементтер – адам және жануар ағзасында өте аз мөлшерде болатын химиялық элементтер тобы.

Макроэлементтер – адам және жануар ағзасында өте көп мөлшерде кездесетін химиялық элементтер тобы.

Май қышқылдары – жоғарықаныққан және қанықпаған карбон қышқылдары, жануарлар мен өсімдік ағзасында бос күйінде кездеседі және липидтердің құрамына кіргенде энергетикалық және пластикалық қасиет атқарады.

Амин қышқылдары – әр түрлі ақуыздардың молекулаларын түзетін мономерлі заттар.

Айқындағыштар - қосылыс құрамындағы арнай топтрады анықтайтын реагенттер.

Хроматография - органикалық заттарды екі фаза арасындаәр түрлі орналасуы негізінде бөлу, алу және идентификациялау.

Жұқа қабатты хроматография – аралас компонентті қоспаның жазық жұқа қабатты сорбент бетінде жылжымалы фазада қозғалуы.

Қағазды хроматография – жылжымайтын фаза ретінде қағаз қолданылатын органикалық қоспаларды сараптау әдісі.

Өсімдік шиізатының сапалылығы - шикізат сапасының келесідей техникалық шарттарға сай болуы: сапалық көрсеткіштер (ылғалдылығы, күлділігі, экстрактивті заттардың мөлшері), сыртқы көрінісі, қосылыстың сапасы мен саны.

Гидролиз – заттардың сумен әрекеттесуі кезінде ырырауы

Нормалық сілтемелер

ГОСТ 2237-75 Сырье лекарственное растительное. Цветы, листья, трава. Часть 1. (Сборник) – М. – Изд-во стандартов, 1994, 159с.

ГОСТ 2237-75 Сырье лекарственное растительное. Корни, плоды, сырье. Часть 2. (Сборник) – М. – Изд-во стандартов, 1994, 191с.

ГОСТ 24027.0-80 Сырье лекарственное растительное. Правила приемки и методы отбора проб.

ГОСТ 24027.1-80 Сырье лекарственное растительное. Методы определения подлинности, зараженности амбарными вредителями, измельченности и содержание примесей

ГОСТ 24027.2-80 Сырье лекарственное растительное. Методы определения влажности, содержания золы, экстрактивных, дубильных веществ. Лекарственное растительное сырье - анализ.

ГОСТ 6709-72 Вода дистиллированная.

ГОСТ 17299-78 Спирт этиловый. Технические условия.

ГОСТ 1770-74 Посуда мерная лабораторная стеклянная. Цилиндры, мензурки, колбы, пробирки. Общие технические условия.

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР

Осы дипломдық жұмыста келесідей қысқартылған сөздер мен белгілеулер қолданылады:

ББЗ – Биологиялық белсенді заттар

ББК – биолгиялық белсенді кешен

ҚХ – қағазды хроматография

БСС – бутанол сірке қышқылы су

НАс – сірке қышқылы

ЖҚХ – жұқа қабатты хроматография

ДзПНА – диазотталған пара нитроанилин

ТАК – темір аммоний квасцы

СФ - спектрофотометр

Rf - өлшемсіз бірлік, хроматографиядағы заттардың жылжу жылдамдығының көрсеткіші

УК – зерттеудің спектрлі әдісі

ҚГ – қышқылдық гидролиз

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыс Алматы аймағында өсетін Түйетабан (Zygophyllacae парнолистник) тұқымдасты Zygophyllum (парнолистник) тектес өсімдігінен биологиялық белсенді заттардың жаңа көздерін табуға, зерттелетін насанның сапалығын, минералды құрамын зерттеуге, агликондарды және флавоноидты қосылыстардың гликозидті түрін бөлуге негізделген.

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі кездегі ғылым алдына биологиялық белсенді заттарды өсімдік шикізатынан жекелеген түрде алу, олардың құрылысын анықтау, физика-химиялық қасиеттерімен олардың адам ағзасына әсер ету механизмін зерттеу мәселелерін қояды. Өсімдіктердің шипалық қасиеттері, сонымен қатар, ботаникалық бақтарда, көптеген жоғары оқу орындарының кафедраларында және басқа да мекемелерде зерттеліп келеді. Бірақ та әлі күнге дейін зерттелмеген өсімдіктер де кездеседі. Қазірігі кезде әлемдік флорамен Қазақстан флорасында кеңінен тараған Түйетабан (Zygophyllacae парнолистник) тұқымдасты Zygophyllum (парнолистник) тектес өсімдігінің құрамындағы биологиялық белсенді заттардың жаңа көздерін іздестіруге мақсат қойдық.

Шешілетін мәселенің заманауи тұрғыда бағалануы. Қазірігі уақытқа дейін түйетабан тұқымдастарының сан алуан түрлерінің ішінде көбісінің химиялық құрамы зерттелмеген. Zygophyllum rosovii Bunge (Розов түйетабаны) Zygophyllacae (түйетабан) тұқымдасына жататын өсімдігі түрі Қазақстанда химиялық құрамы қарастырылмаған, сондықтан біз оны алғаш рет зерттеудеміз. Жалпы бұл өсімдіктің әлемде 30 тұқымдасы және 240 түрі бар.

Жұмыстың мақсаты. Алматы аймағында өсетін Zygophyllum rosovii Bunge – нің биологиялық белсенді құрамын зерттеу және оларды бөлу, анықтау.

Қойылған міндеттер:

  1. Розов түйетабан (Zygophyllum rosovii Bunge) өсімдігінің жер үсті бөлігінің сапалығын (ылғалдылық, жалпы күлділік, экстрактивті заттар) анықтау;

  2. Розов түйетабан (Zygophyllum rosovii Bunge) өсімдігінің жер үсті бөлігінің сапалық, сандық және элементтік құрамын анықтау;

  3. ББЗ-тың кешенін бөлудің оңтайлы технологиялық сызба-нұсқасын жасау;

  4. Физико-химиялық әдістермен ББЗ-дың негізгі топтарын идентификациялау.

Зерттеу нысаны. Zygophyllacae (түйетабан) тұқымдасына жататын Zygophyllum (түйетабан) тектес Zygophyllum rosovii Bunge (Розов түйетабаны) өсімдігі.

Ғылыми зерттеу жұмысында қолданылған қондырғылар мен әдістер:

Хроматографиялық әдістері қолданылды. УК спектрі СФ-26 «ЛОМО» спектрофотометрде түсірілді (Әл Фараби атындағы ҚазҰУ органикалық химия және табиғи қосылыстар химия кафедрасы). Жалпы күлдегі микроэлементтік құрамы атомды-абсорбционды спектроскопия әдісімен ASSIN қондырғысында анықталды (Әл Фараби атындағы ҚазҰУ органикалық химия және табиғи қосылыстар химия кафедрасы).

Жұмыстың ғылыми жаңалығы.

  • Алғаш рет Қазақстанда өсетін Zygophyllum rosovii – дің өсімдігінің құрамы зерттелді;

  • Биологиялық белсенді қосылысты алу және анықтау сызбанұсқасы өңделді;

  • Хроматографиялық әдістермен 10 май қышқылы, 4 флаваноид, 2 сапонин және 2 көмірсу анықталды.

Практикалық мәні. Флавоноидты және сапонинді қосылыстардың хроматографиялық, химиялық және оларды бөлу әдістері көмегімен зерттелуінде және оның кейінгі уақытта жеке биологиялық белсенді заттарды бөлуде қолданылуында. Жүргізілген зерттеудің екінші бір ерекшелігі Алматы өңірінде өсетін тұзға, құмды топрақты жерге төзімді өсімдіктерден биологиялық белсенді заттардың жаңа көздерін табу перспективтілігінің артуында.

Басылым. Берілген дипломдық жұмысы бойынша 2015ж 14-15 сәуір Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті химия және химиялық технология факультетінде өткен студенттер және жас ғалымдардың «Ғылым әлемі» атты халықаралық ғылыми конференцияда «Zygophyllum Rosovii Bunge-нің құрамын зерттеу» атты тақырыпта 1 баяндама тезис жарияланды және «Zygophyllum Rosovii Bunge-нің жер үсті бөлігін химиялық зерттеу» атты тақырыпта мақала «Перспективные направления развития химии и химической технологии» халықаралық ғылыми конференцияда «Қазақстан Химия журналында» жарияланды.

Дипломдық жұмыстың құрылысы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші бөлім әдеби шолудан тұрады. Онда Түйетабан (Zygophyllacae парнолистник) тұқымдасты өсімдігі туралы жалпы мәліметтер және флавоноид пен сапониндер, олардың құрылысы, жіктелуі, сапалық және хроматографиялық әдістері туралы мағтұматтар жазылған.

Екінші бөлімде зерттеу нәтижелері мен талқылаулар жасалған. Үшінші бөлімде Zygophyllum Rosovii Bunge өсімдігін зерттеуде қолданылған әдістер мен реактивтер жайында айтылған.