Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаухазын курс.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
19.93 Mб
Скачать

Сурет 6 Павлодар облысының қалалары мен аудандары бойынша орналастыру орындарының таратылуы (2014 жылдың 1 квартал. Павлодар облысы бойынша статистика Департаментінің мәліметтері бойынша)

Қонақ үйлердің толтырылуы бойынша мәліметтерді талдау облыс бойынша орташа алғанда бір жылда оның төмен деңгейін көрсетеді. Ең жоғарғы орта жылдық көрсеткіш Павлодар қаласында байқалады, бірақ оның өзінде қонақ үйлер төрттен үш бөлігінен аз толтырылады. Қонақ үйлердің орташа әлемдік толтырылуы 65-70% құрайды.

Облыс территориясындағы туризм нысандарын түгендеу мен құжаттандыру жұмыстарының нәтижесіндегі қорытындылардың мәліметтеріне сәйкес 56 орналастыру нысандары, оның ішінде 17 қонақ үй, 1 санатории, 5-санатории-профилактории, 32 демалыс үйі, 1 туристік база бар.

Түрлі транспорт құралдарымен қызмет көрсетілген туристер санының мәліметтеріне талдау жүргізгеннен ішкі туризм үшін маңызды орынды қалаішілік автобустарды қоса алғандағы автомобиль транспорты алатынын қорытындылауға болады. Дәл осы автомобиль жолдары ішкі туризм санатында 6 туристің 5-еуімен пайдаланылды (2014 жыл, Павлодар облысы бойынша статистика Департаментінің мәліметтері).

Сонымен бірге, қазіргі уақытта облыстағы автомобиль жолдарының жағдайы туризм дамуының қажеттіліктерін қанағаттандырмайды.

Павлодар облысының жалпы қолданыстағы облыстық және аудандық маңызы автомобиль жолдарын дамыту Бағдарламасында келтірілген Павлодар облысының пассажирлік транспорты және автомобиль жолдарының Департаменті бағалауы бойынша – 2009-2012 жылдарда Баянауыл ауданының автомобильдік жолдардың ұзындығы 3447 метрді құрайды. Олардың көп бөлігі тас жол болып келеді. Грунтты бұзылғандардың жалпы ұзындығы 221,7 км құрайды. 2011 жылы қанағаттанарлық емес жағдайдағы жолдар жалпы автомобиль жолдарының ұзындығының 40% - алып жатыр. Грунтты жолдармен жүру (221,7 км) көктем-күз кезеңінде толығымен немесе аз да болса тоқтатылады. Көпірлер мен өтпе жолдардың жалпы саны (11) қанағаттанарлық емес жағдайда және күрделі құрылыс жұмыстарын талап етеді [18].

Кесте 1

Баянауыл ауданының автомобиль жолдарының жағдайы

Жағдайы

км

3447 км-ге %

1

Жақсы

50

1,4

2

Қанағаттанаратын

120

3,4

3

Қанағаттандырмайтын

170

5,0

Ескерту: кесте автормен құрастырылған

Яғни біз бұл кестеден көріп отырғанымыз Баянауыл ауданында жол тораптарының жағдайы. Қазіргі кезде жақсы автомобиль жолдары бар, дегенмен де әлі жөндеуден өтпеген жарамсыз жолдар көп болып тұр. Бұл аймаққа туристердің келуі үшін мәселе болып тұр.

2 Кесте

Павлодар облысы бойынша автомобиль жолдарындағы көпір және өтпе жолдардың жағдайы

№ п/п

Жағдайы

дана

11 данаға % -бен

1

Қанағаттандыратын

2

18,2

2

Жөндеу жұмыстарын қажет етеді

4

36,4

3

Апаттық

5

45,4

Ескерту: кесте автормен құрастырылған

Екінші кестеден облыстағы автомобиль жолдарындағы көпірдің жалпы жағдайы мен жөндеу жұмысынан өту керек санын анықтай алдық. Қанағаттандыратын көпір саны екеу ғана. Алдағы уақытта жөндеу жұмыстарын бірнеше көпір мен өтпе жолдарға жасалынады деп күтілуде.

Туристік-рекреациялық қызметтерді (туристік фирмалар) жүзеге асыру бойынша қызмет ететін кәсіпорындар санының динамикасы осы кәсіпорындар санының тұрақты өсуін қамтамасыз етеді. Олар басым түрде облыс орталығына тән келеді, ондағы оларға қатысты тығыздығы орташа статистикалық қалыптан артып түседі .

Кесте 3

Баянауыл аймағының туризм кластерін функционалдануы және дамуына SWOT талдауын жүргізу

Мықты жақтары

Әлсіз жақтары

1 Саяси тұрақтылық

2 Ауданда қоныстанушы халықтың көп түрлілігі мен өзіндік тұрмыстық мәдениеті

3 Туристік саланың дамуына мемлекеттік саясаттың ықпал етуі

4 Баянауыл ауданының туристік беделін алға жылжыту бойынша мемлекеттік аймақтық органдардың үлестері

5 Шаруашылығы нашар дамыған үлкен территориялардың болуы

6 Ауыл тұрғындармен жұмыспен қамтылуға қызығушылығы.

7 Елдің тез өсіп келе жатқан астанасына жақын орналасу

1 Нашар дамыған транспорт инфрақұрылымы;

2 Автотранспортты қолданатын туризмді дамыту үшін жолдардың қанағаттандырарлық емес жолдары;

3 Туристік өнімнің толығымен дайын еместігі;

4 Бар туристік кәсіпорындардың ішкі және кіру туризмін дамыту үшін үлес қосуға қызығушылығының болмауы;

5 Жергілкті халықтың туристік қызмет көрсету тәжірибесінің жоқтығы

6 Туристік мерзімділіктің шектеулі ұзақтығы;

7 Туризм нысандары және қызмет көрсету саласы жайлы кешенді және құрылымдық ақпараттың жеткіліксіздігі;Туристік саланы қаржыландырудағы облыс және аудан бюджетінің шектеулі мүмкіншіліктері;

Мүмкіншіліктер

Қауіп-қатерлері

1 Экотуристік қызметтерге, әсіресе дамыған елдерде, әлемдік сұраныстың өсімі;

2 Халықаралық бағдарламалар- ы қолдау, біріккен жобаларды іске асыру;

4 «Көшпенділер тірлігі» брэндін қалыптасру мен жылжыту;

5 Туристік қызмет пен қолөнер- мен шұғылданушылықты бірге дамыту;

6 Тұзды көлдер мен батпақтарды пайдалану арқылы емдік туризмді дамыту.

1 Нашарлаған экологиялық жағдайлар;

2 Әлемдік туристік нарыққа шығуда кешігушілік;

3 Экономикалық дағдарыстың дамуы;

4 Әскери-террористік іс-әрекеттің әсерінен туристік қызметтерге ғаламдық сұраныстың төмендеуі.

Ескерту: кесте автормен құрастырылған

SWOT талдау бойынша Баянауыл аймағында туристік кластерді құруға мүмкіндігі бар. Яғни аймақта туристік ресурстары жетерлік және оларды игеруге деген ұсыныстардың көп болуымен анықталады. Дегенмен қазіргі таңда инфестициялар тартып, транспорт басқа да инфрақұрылымды жақсарту негізгі мақсат болып табылады.

Қазіргі уақытта туристік саладан түскен монетарлық емес тұрғыдағы экономикалық тиімділіктің толық көлемін бағалау статистикалық мәліметтердің бағалау мақсатына сәйкес келмейтіндіктен мүмкін емес. Павлодар облысы бойынша Статистика Департаменті туризм кәсіпорындарының іс-әрекетімен айналысу және экономикалық тиімділігін бағалау арқылы орналастыру нысандары мен туристік фирмалар бойынша ғана мәліметтер келтіреді. Сонымен қоса, жоғарыда түсіндіріліп өткендей кіру туризмі («басқалардың» қызметінін жүзеге асырылуынан) бойынша туристік фирмалармен көрсетілген қызметтер көлемі экономикалық тиімділік ретінде неге қарастырылмайды.

Туристік саладағы жұмыспен қамтылудың жыныстық аспектісіне ерекше назар аудару қажет . Турфирмалардың қызметкерлері арасында да, орналастыру мекемелерінің қызметкерлері арасында да әйел адамдардың үлесі басым болып келеді (73-80%), бұл өз алдында бірінші кезекте әйел адамдардың жұмыспен қамтылуының өсуін қамтамасыз ететініне байланысты туристік кластердің даму маңыздылығын жоғарылатады [19].

Павлодар облысы үшін перспективті болып қоғамдастыққа (ТОС) негізделген туризмнің дамуы табылады. Қоғамдастық (ТОС) – жергілікті қоғамдастық қоршаған орта мен мәдени мұраны сақтаумен қоса, экологиялық және шытырман туризмді дамыту мен басқаруға қатысу арқылы іс-әрекет үстінен бақылау жүргізеді, сонымен бірге табыстың негігі үлесі қоғамжастықта қалады. Қоғамдастықтардың өздері бастамашылық еткен қоғамдастыққа негізделген туризмнің дамуы нарыққа, азаматтық қоғамдастық пен әлеуметтік серіктестікті күшейту арқылы жергілікті экономиканың диверсификациялануына үлес қосады.

3.2 Ұлттық саябақта кластер құрудың мақсаты мен міндеттері

Павлодар облысындағы туристік кластерді құрастырудың негізгі мақсаты болып аймаққа табыс әкелетін туризмнің тұрақты дамуын қамтамасыз ету табылады.

Осы мақсатқа жету үшін бірнеше міндеттер қатарын шешу қажет. Әрбір міндет дамудың бастапқы кезеңінде стратегиялық мақсат ретінде (өйткені олардың әр қайсысы шаралардың бірнеше қатарын орындауды ғана емес, саланың қазіргі жағдайындағы құрылымдық өзгерістерінің болуын талап етеді) қарастырылуы мүмкін.

1-стратегиялық мақсат. Ішкі және кіру туризмін басым түрде дамытуды қамтамасыз ету.

Өйкені дәл осы бағыттар туристік фирма тұтынушыларынан ақша қаражатының максимальді ағымын қамтамасыз етеді.

Осы мақсат шегінде ішкі және кіру туризмін дамыту үшін ұйымдастырушылық-құқықтық және экономикалық жағдайларды қалыптастыру қажет.

Сонымен қатар, мемлекеттің билік органдары мен туризм саласындағы түрлі ұйымдардың арсындағы өзара байланыстың нәтижелі болуын қамтамасыз ету керектігін атап өту керек.

Туризм менеджментінің басты шарты болып туристік индустрияға жергілікті халықты тарту табылады. Әлемдік тәжірибе, мысалы аңшы немесе жолсеріктердің міндеттерін территорияның ерекшеліктерін, халық әдет-ғұрыптарын жақсы білетін, туристерді қиыншылықтар мен қауіптерден қорғай білетін жергілікті тұрғындардың орындауы керектігі әсіресе тиімді екенін көрсетті.

2-стратегиялық мақсат. Аймақтың экологиялық саулығын қамтамасыз ету.

Туризмнің тұрақты дамуын қамтамасыз етудің маңызды шарты болып аймақтың рекреациялық тартымдылығын сақтау болып табылады, рекреациялық территорияны пайдалануда экологиялық және экономикалық тексеріс саясаты, қоршаған ортаны сақтауды ғана емес, сонымен қатар туристік іс-әрекеттің тұрақтылығын қамтамасыз ететін сарқылматйын табиғатты пайдалану тәртібін ұстану мен қалыптастыру осыған бағытталуы керек [20].

Туризмнің экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында туризм менеджменті стратегияларының зерттеушілерімен мемлекеттік органдардың іс-әрекетінің келесідей стратегиялары ұсынылып отыр:

Кесте 4

Мемлекеттік органдардың іс-әрекетінің стратегиясы

Кезендер

Іс-шаралар

Жоспарлау

Территорияның экологиялық сиымдылығын анықтау.

Экологиялық шектеуге сай баға саясатын қалыптастыру.

Жобалардың бизнес-жоспарларына экологиялық іс-шаралардың қарастырылуына бақылау жасау.

Ұйымдастыру

Инвестициялық портфель қалыптастыру.

Тиімді экологиялық инфрақұрылым қалыптастыру.

Рекреациялық іс-әрекет кезіндегі экологиялық қауіптілікті төмендететін іс-шараларды ұйымдастыру.

Жүзеге асыру

Экологиялық қауіптілікке талдау және бақылау жасау.

Кесте 2 жалгасы

Рекреациялық территориялардың жағдайына бақылау жүргізу.

Сауықтыру (реабилитациялық) іс-шараларын жүргізу.

Ынталандыру

Экологиялық-туристік іс-әрекеттерді ұйымдастырушылар мен іске асырушыларды ынталандыру.

Кесте бойынша біз мемлекет тарапынан жүргізілген стратегиясын анықтай аламыз. Стратегияда кезеңдер және сол кезеңдер бойынша жүргізілетін іс шаралар нақты анықтаған. Көріп отырғанымыздай жоспарлау кезеңінде бірінші аймақтың экологиялық сыйымдылығын анықтаудан басталса, соңында стратегияны жүзеге асыру, бақылау жүргізумен аяқталады.

Туристік кластердің экологиялық құрамдас бөлігін дамытуды жоспарлағанда келесідей жағдайларда ескеру қажет:

ЕҚТТ көбіне тән экотуризм бойынша мамандардың жеткіліксіздігі мен жоқтығы тек қызметтердің алға жылжуына ғана емес, сонымен бірге олардың кәсіби құрылуына мүмкіндік бермейді.

Халықтың және кәсіпкерлердің экологиялық ағартылуын әлем болып дамыту қажет. Бұл жалпы туристік іс-әрекет үшін жақсы қоғамдық көріністі қалыптастыру мен қолдауға мүмкіндік береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]