Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаухазын курс.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
19.93 Mб
Скачать

Сурет 4 Жасыбай көлі [13]

Жасыбай көлі Ақбет пен Өгелең шыңдары арасындағы жазық тәрізді терең өткелде орналасқан (сурет 4). Су беті айдыны 3,7 км2, су жиналым көлемі 31,7км2. Орманмен жабылуы 90% . Су қойма қазаны ретінде бөлшектенген беткейлі тауаралық ойыс болады. Көл жоспар бойынша алмұрт пішінді жоспарға ие. Көлдің оңтүстік-батыс бөлігінде жартасы арал орналасқан (100-300м). Жағалаулары тау беткейлері граниттерден құрылған көбінде тік құзды тауаралық тектоникалық ойысты келеді. көлдің оңтүстік-батыс бөлігінде жартасы арал орналасқан (100-300м). Жағалауларын көбінде гранитоидтармен қалыптасқан тік және эрозиялық тораппен қатты тілімденген тау беткейлері құрайды. Кей жерлерде биіктігі 2,4м жайпақ жаға орналасқан. Жағалау жағажайы жіңішке келген (10-30м), құмды. Түбі тегіс, құмды әр жерде тас кесектері бар. Максималды тереңдігі 14 м, көп жерінде 9-10м. Көл суы тұщы, амиак іздері табылған.

Кенді өзені – Ащысу өзенінің саласы. Бастауын Баянауыл тауларының батыс және солтүстік-батыс беткейінен басталатын бес бұлақтын құйылу жерінен алады. Оның айтарлықтай мол сулы сол жақ саласы Аққарағай жотасының шығыс беткейінде және Жамбақ жотасының оңтүстік-батыс беткейінде қалыптасатын екі атауы жоқ бұлақтардан пайда болады. Өзеннің ұзындығы 46км, сужиналым ауданы 365 шаршы шақырым,. Өзеннің жалпы құламасы 250км, орташасы 5,4%, бастауында 6-7% өсееді. Арнасы барлық ұзындығы бойынша шамалы иректелген, ені 4-6м. Жазда өзен құрғап, орта және төменгі ағысында қара су бірігуі бақыланып, жоғары ағысында жазғы-күзгі кезеңде тұрақты ағын байқалып, жиегіне қарай азаяды.

Рыбный ключ (Шорманның сазы) бұлағы Сабындыкөл көлінің негізгі сукөзі болып табылады. Бұлақ алабы Сабындыкөл су жиналымының 60% құрайды. Көлдің салалармен санағанда жалпы ұзындығы 31,3км, су жиналым ауданы 65,3 км2, өзеннің жалпы құламасы 137м, орташа құламасы 11,4%. Рыбный ключ бұлағы бастауын Жалаңбас тауынан екі атауы жоқ құраушысы арқылы алады. Алаптағы су ағынның жалпы ұзындығы 40,9км, өзен торабының шоғырлығы 0,63км/кв. Сужиналым шегінде, әсіресе таулы бөлігінде шашыраңқы және жинақы бұлақтар мен можачиналар түрдегі сынықтық су көздері бар. Аңғары жоғары ағысында анық көрсетілген, беткейлері тік (20-26гр.) , қатысты биіктігі 100-200м. Аңғарының ені, бастауында 50-80м, құяр жерінде 200-300м.оң жақ жағалау (30гр) беткейі сол жақа (12-15гр.) қарағанда тік келген. Аңғары жоғары ағысында үздікті сызықтармен жабылған (ені 8-15м). Құяр жерінде аңғарының ені 100-150 м дейін жетеді. Барлық өзен бойы 2-2,5м құрайтын тар арна таралған. Су тасу кезеңінің ұзақтығы 10-28 күн. Деңгейінің ауытқу амплитудасы жоғары ағыстарда 0,4-0,8м, орта ағысында 0,3-0,5м, құяр сағасында 0,2-0,3м. Су тасу кезеңінің ұзақтығы 5-10күн, орта есеппен шілденің ортасына дейін сақталады. Су шығыны 13км, бастауынан жылдың сулылығына байланысты өзгереді. Бұлақ суы тұщы. Құрамы гидрокарбонатты кальцийлі болып келеді [14].

    1. Ұлттық саябақтың туристік инфрақұрылымы

Баянауыл мемлекеттік табиғи ұлттық саябақтың рекреациялық орталығы ретінде 1-ші орында Жасыбай көлі және оның маңайы болғандықтан, мұнда екі жол торабы болады. Олар:

1 Баянауыл – Жасыбай жол торабы;

2 Торайғыр – Жасыбай жол торабы.

Біріншісінің жолын сипаттай кететін болсақ, ол ауданның орталығы Баянауылдан 15км-ге созылған. Жол құрамы негізінен асфальтті. Ол тау жоталары арқылы асып түседі. 150-200м биіктіктен түсетіндей жыланның пішіні ретінде төселген, яғни бұл жол 10-нан аса бұрылыстардан тұрады. Автобуспен келген туристерді, қонақтарды таудың басында түсіріп, автокөлік жүгізушісі төмен қарай өзі көлікпен аялдап, ботаникалық бұлақтың басында тосады. Ал қонақтар баспалдақ арқылы жылан пішінді жолды кесіп өтіп өз жолдарын қысқартады. Осы жол арқылы табиғаттың келбетті әсем көрінісін байқауға болады. Себебі мұнда Жасыбай көлі қазан шұңқырда орналасқаны және оны қоршап тұрған таулар, күннің көзі таудың арғы беткейіне батуының әсем суреттемесін айқын көруге болады.

Екінші жол торабы Баянауылға 18км жетпей басталады. Ол негізінен қазақтың ұлы жазушысы, 27 жасында дүниеден қайтқан Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туған жері арқылы өтеді. Жолда кездесетін нысандарды атай кетсек, оларға «С.Торайғыровтың зираты», «Сәкен шыңы» және оның бөктерлерінен бастамасын алатын бұлақ көзі (қазіргі кезде осыдан «Баянауыл» атты Баян-су ЖШС минералды су шығарады)жатады. Торайғырдан батысқа қарай созылған жол асфальтті емес, жай ғана елді-мекен жолына айналады. Жасыбайға бағыт алған уақытта жолдың сол жағында жердің астынан шыққандай «Кемпіртас»көрінеді, одан ары Жасыбайға жете берген жолында «Найзатасты» көруге болады. Міне,осы екі жол негізгі екі жол торабы болып табылады. Бірақ одан басқа жаяу жүретін туристер, демалушылар,қонақтар және Баянауыл елді мекенінің тұрғындары да көптеген асулар арқылы жүруге болады. Осы асулар қайдан пайда болды деп сұрасаңыздар, Баянауыл таулы өлкесі тарихи ескеркіштер мен оқиғалар өткен орындарға өте бай. Автомобиль жолдарының техникалық жай-күйін жақсарту, аудан жолдарында автокөліктің қауіпсіз және үздіксіз жүруін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар жүргізіледі.

Жолдар. Аудан бойынша аудандық маңызы бар автожолдардың ұзындығы 356 км, шаруашылық аралығындағы жолдар 98,7 км. Жолдардың жалпы ұзындығының 50 пайызынан астамының жағдайы қанағаттанарлықсыз, ауыртпалықтың өсуі және ауыр автокөліктердің артуы салдарынан жол жамылғыларының бұзылу қарқыны елеулі түрде жеделдеп отыр. Қаражаттың шектеулі болуы себебінен автожолдарды жөндеу және қалыпты жағдайда ұстау жұмыстары толыққанды жүргізілмейді, бұл жол жамылғыларының тозуына әкеліп соғады. Уақытынан бұрын бұзылу процесін тоқтату нормаларды қатаң сақтау және жолдарды жөндеу арқылы мүмкін болады [15].

Баянауыл-Угольное, Қаражар-Южное, Алексеевка-Жанажол, Жаңатілек-Жаңа Жайма жолдары жалпы ұзындығы 186,3 шақырым күрделі жөндеуді, басқа жолдар орташа жөндеуді қажет етеді. Жөндеу жұмыстары бұзылған жол учаскелерін қалпына келтіруге және автомобиль жолдарының жалпы көліктік-пайдалану жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Жолдарға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 2009 жылы аудандық бюджеттен 14228 мың теңге бөлініп, оның ішінде Баянауыл-Угольное жолын жөндеуге 10801 мың теңге, Торайғыр ауылына баратын жолды жөндеуге 2900 мың теңге, сметалық жобаға 527 мың теңге қарастырылған. 2009 жылдың қаңтар-маусымында 1042,0 мың теңге жопарланып, 984 мың теңгесі (94,4%) игерілді. Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеуден өткізуге және қалыпты жағдайда ұстауға 2009 жылы аудандық бюджеттен 10772 мың теңге қаражат бөлініп, қаңтар-мамыр айларында 100% игерілді.

Ауылдардың ішіндегі жолдардың қалыпта ұстауын қамтамасыз етуге 2009 жылдың басында аудандық бюджеттен 16530 мың теңге бөлініп, мамыр айында бюджетке енгізілген өзгерістерге сәйкес қосымша 3000 мың теңге бөлініп, барлығы 19530 мың теңге игеру жоспарланып отыр. Оның ішінде Баянауыл ауылына 9530 мың теңге, Майқайың ауылына 10000 мың теңге қарастырылып отыр. Есептік кезеңде 7529 мың теңге игеру жоспарланып, 2996,8 мың теңгесі (39,8%) игерілді. Баянауыл ауылы бойынша 2063 мың теңге үнемдеу, 1569 теңгеге сметалық құжаттардың дайын болмауы және 900 мың теңгеге счет-фактуралардың дұрыс ресімделмеу себептерінен қаржы игерілмей отыр.

Демалыс орындарындағы телефон байланысы туралы айта кететін босақ,олар тек қана демалыс үйлерінде бар еді, бірақ қазіргі кезде аудан орталығы Баянауылға ұялы телефонның спутниктері құрылды, бұл бірден-бір

жеңілдік.

Ұлттық саябақ инфрақұрылымын саралау барысында Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының туристік - рекреациялық даму мүмкіншіліктерін айқындап, осы өлкенің рекрация қуаттылығын көрсету және табиғатты пайдалану принципіне негізденіп, оның табиғи ортасын сақтауды қамтамассыз ету. Осы аймақты үлкен халықаралық дәрежедегі демалыс орнына айналдыру. Осы өлкенің қазіргі жағдайы мен мүмкіншіліктерін есептеу арқылы көрсету. Математикалық сараптамалар жасалып, тарихи деректер жинақталды. Туристер мен демалушылардың демалу мүмкіншіліктері толық көрсетілді. Қазіргі мүмкіншіліктер мен келешекте болуға тиісті мүмкіншіліктерге ұсыныстар жасалды. Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің туристік – рекреациясын дамыту жолдарын көрсетіп, адамдардың көңілді демалуы үшін табиғатты табиғи қалпына келтіру барысында Ұлттық парктің экологиялық жағдайы және туристік-рекреациялық даму мүмкіншіліктері келесі бөлімде қарастырылады [16].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]