Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаухазын курс.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
19.93 Mб
Скачать

2.3 Баянауыл ұлттық паркінің туристік маршруттары

Ұлттық саябақтың экологиялық маңызы туристік іс-әрекеттермен тікелей қатысы бар. Оған себеп қоршаған орта мен адамдардың арақатына-сының нәтижесі. Ұлттық саябақтың мемлекет тарапынан қорғауға алынуы-на байланысты табиғатының әсемдігі мен сипатталады Яғни бұл уникумды аймақ. Территория өсімдік, Табиғи ескерткіштерінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді.

Біздің қарастырып отырғанымыз туристік – рекреациялық ресурстары жағынан өте қызықты аудан болып саналады. Себебі Торайғыр, Жасыбай Сабындыкөл көлдері және Баянауыл, Баян тауларының орналасуы, климатының қолайлы болып келуі. Бірнеше туристік маршруттардың өтуіне мүмкіндік жасайды. Төмендегі суретте карта бойыншы ұлттық саябақ территориясында ұсынылатын маршруттарды көре аламыз (сурет 5)

Сурет 5 Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғат паркінің туристік картасы [17].

Баянауыл туристік база 1962 жылы құрылған. Бұл тек Қазақстан республикасына ғана белгілі емес, республикадан тыс елдерге де әйгілі. Мұнда жолдамамен, туристік группалармен, өндіріс коллективтерімен бос уақыттарында адамдар демалуға келеді. Келген туристер ұлттық саябақтың табиғатының унинумдығын көтеруге асығады. Ұлттық саябақ табиғи және тарихи ескерткіштерге бай .

Демалу орындарының белгіленген экскурсиялық маршруттары саябақтың ең әдемі, қызғылықты жерлеріне салынған. Туристік маршруттар ұзақтығы бойынша біркүндік, бірнеше сағаттық болады. Негізгі түрі жаяу маршрут. Туризмнің басқа түрлері онша көп дамыған. Баянауыл туристік базасы туристерді бірнеше маршрутта қыдырта алады. Мысылы, бірнеше маршруттарды атауға болады.Туристік базадан С.Торайғыров зиратын баса отырып Торайғыр көліне дейін 25 км жол; Найзатас тауы мен Мыстан кемпір құзы 15 км ; Турбаза –Дроверт үңгірі –Жасыбай зираты, 10 км; Турбаза -Әулие тас үңгірі , 16 км;

Туристік маршруттар әр түрлі жас шамасындағы туристер үшін жеке-жеке алынған. Туристік жорық кезінде дамышулар табиғаттың тек сұлу көркін ғана қызықтап қоймай сонымен қатар Баянауылдың табиғаты туралы, өткен тарихы мен әр түрлі аңыздарымен де танысады.

Алдын ала дайындығы бар туристер үшін № I /284/ 510-90-0 «Аңыздар дүниеге келген аймақтар» атты маршрут белгіленген. Ол маршрут шеңбер бойымен жасалынған, жеті күнге есептелінген және таулы – орманды оазистің орталық бөлігін түгел қамтиды. Жол бойында демалатын, түнейтін және ошақтың арнайы орындар белгіленген. Әрбір группаны тәжірибелі инструктор алып жүреді. Маршрут бойынша биіктігі 1027 м. жететін Ақбет жотасына өте қызғылықты жерлерді басып өту тарихи өлкетану мәні бар объектілерді көру жоспарланған. Бұл маршруттың жалғыз аяқ жолы қатаң түрде облыстық Совет нұсқауы бойынша жасалынады. Табиғи биоценозды бұзбау және қорғау негізін сақтау [17].

3 БАЯНАУЫЛ ҰЛТТЫҚ ПАРКІНДЕ ТУРИСТІК КЛАСТЕРДІ ДАМЫТУ АЛҒЫШАРТТАРЫ

3.1 Баянауыл ұлттық паркін туристік бағытта дамыту бағдарламаларында

туристік кластер құру мәселесі

Кластердің негізгі қатысушыларының қазіргі жағдайын зерттеу және өндірістік өзара байланыстары мен даму деңгейіне талдау жүргізу

Туристік кластердің негізгі қатысушылары болып туристік қызметтерді тасымалдаушылар танылады. :

1 Негізгі:

  • орналастыру кәсіпорындары (санаторий, профилакторий, қонақ үйлер, аңшылық және меймандық үйлер, демалыс үйлері);

  • тамақтану кәсіпорындары (мейрамхана, кафе, барлар, асханалар);

  • транпорттық қызмет ұсынатын кәсіпорындар;

  • туристік-рекреациялық қызметтерді жүзеге асыру бойынша қызмет көрсететін ұйымдар (туристік фирмалар).

2 Қосымша:

  • әкімшілік-бақылаушылық органдары (шекаралық, кедендік, карантин қызметтері, полиция, банктер);

  • спорт мекемелері (стадиондар, спорт алаңдары, бассейн, теннис корттары);

  • мәдениет мекемелері мен кәсіпорындары (мұражай, театр, кинотеатр, көрмелер, жәрмеңкелер, би клубары);

  • экскурсия жүргізушілер, гидтер, туризм түрлері бойынша инструкторлар;

  • сауда кәсіпорындары (дүкендер, базар, жалдау нүктелері);

  • байланыс кәсіпорындары, бірақ оның қолданылуы желісіз қашықтық байланыстың пайда болуынан кейін аз кездеседі.

3 Үлеспелілер: қазіргі уақытта Павлодар облысы бойынша Статистика Департаменті туризм бөлімінде орналастыру, туристік фирмалар және транпорт түрлерінің кәсіпорындары жайында мәліметтер келтірілген [18].

Осы мәліметтерді талдай отыра, келесідей қорытындылар шығаруға болады:

Облыс бойынша барлық категориядағы орналастыру нысандарының сыйымдылығы бір уақытта жалпы 1 кварталға 4543 кереует-орыннан келеді.

Төрттен үш бөлігінен астамы – 37% Павлодар қаласына, тағы төрттен бір бөлігінен кішкене астамы - 27% Экібастұз қаласына, ал 12% Ақсу қаласына тиесілі, бұдан барлық орналастыру орындарының төрттен үш бөлігінен астамы облыстың қалаларына, және тек төрттен бір бөлігі ғана аудандарға тиесілі деген қорытындыға келуге болады (6 сурет).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]