Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаухазын курс.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
19.93 Mб
Скачать

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ.....................................................................................................

3

1 ТУРИСТІК КЛАСТЕРДІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ............................

5

1.1 Туристік кластер түсінігі.....................................................................

5

1.2 Туризм кластерінің Қазақстан Республикасы экономикасындағы даму мәселелері мен перспективасы........................................................

8

2 БАЯНАУЫЛ АЙМАҒЫНЫҢ ТУРИСТІК КЛАСТЕР ҚҰРУҒА МҮМКІНШІЛІГІ........................................................................................

13

2.1 Баянауыл ұлттық саябағының туристік – рекреациялық ресурстары...................................................................................................

13

2.2 Ұлттық саябақтың туристік инфрақұрылымы...................................

19

2.3 Баянауыл ұлттық саябағының туристік маршруттары.....................

21

3 БАЯНАУЫЛ ҰЛТТЫҚ ПАРКІНДЕ ТУРИСТІК КЛАСТЕРДІ ДАМЫТУ АЛҒЫШАРТТАРЫ.................................................................

23

3.1 Баянауыл ұлттық саябағын туристік бағытта дамыту бағдарлама ларында туристік кластер құру мәселесі..................................................

23

3.2 Ұлттық саябақта кластер құрудың мақсаты мен міндеттері............

27

3.3 Баянауыл ұлттық паркінде туристік кластер дамыту жолдары.......

32

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................

39

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................

41

КІРІСПЕ

Елімізде туризм экскурсиясын кең көлемде дамытудың маңызы мен қажеттілігі мемлекеттік құжаттарда нақтылы көрініс тапқан. Бүгінгі таңдағы өзекті мәселенің бірі - Қазақстанның экономикасын көтеріп, халықтың әл-ауқатын жақсарту болса, оның бір жолы - туризм. Қазақстанда кейінгі жылдары туризм көпшілікті қамтитын ең дамыған демалыс түріне айналып келеді. Туристік саяхат жасау - дене шынықтырумен бірге адамның дүние танымын да өсіреді. Ол тек қана демалудың тәсілі емес, адамдарды мәдени және рухани жағынан көтереді. Сол сияқты адамның денсаулығын да жақсартады. Туризм адамдарды табиғат көркімен, ерекше сұлу жерлермен таныстырады. Туған өлкеде саяхат жасау адамдардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырады. Баянауыл саябағы аумағы атқаратын қызметіне қарай қорықтық, қорықшалық және демалыс белдемелеріне бөлінген. Қорықтық белдемеде шаруашылық жұмыстардың қай түріне болса да тиым салынып, биологиялық алуан түрлілік, экожүйелер қорғалады. Қорықшалық белдемде шаруашылық жұмыстар белгілі бір тәртіппен шектеулі түрде жүргізіледі. Демалыс аймағына келушілер саны да реттеліп отырады. Баянауыл ұлттық табиғи саябағының табиғат қорғауды адам игілігі үшін ұқыпты пайдалануды насихаттау ісінде алатын орны ерекше, ғылыми, мәдени және эстетикалық маңызы зор.

Енді осынау бір туристік потенциалы толығымен қамтылған жердің туристік әлеуетін көтеру мәселесі бар. Бұл аймақтағы табиғи-тарихи ресурстардың мол болғанымен ондағы туристік кластердің дамымауы бұл аймақтағы туристік әлеуетті көтермейді.

Жұмыстың зерттеу нысаны: Жұмыстың тікелей зерттеу обьектісі болып Баянауыл аймағы мен Баянауыл ұлттық саябағы болып табылады және де қосымша обьект ретінде баянауыл аймағымен шекаралас Павлодар облысының басқа аудандары мен Павлодар және Екібастұз қалалары.

Жұмыстың зерттеу пәні: Баянауыл аймағының туристік-рекреациялық, тарихи-мәдени және әлеуметтік-экономикалық ресурстарына баға беріп, осы ресурстардың туризмді дамытудағы мүмкіншілігін ашып көрсету.

Жұмыстың мақсаты: Баянауыл аймағының туристік мүмкіншіліктері мен оның экономикалық-әлеуметтік жағдайына талдау жасап, ауданда орналасқан негізгі туристік нысан болып табылатын Баянауыл ұлттық саябағынада туризмді және туристік кластерді қалыптастыру мен дамытатын негізгі факторларды анықтау. Туристік ресурстарына талдау жасай отырып туристік кластер құру мүмкіншіліктері мен мәселелеріне тоқталу.

Жұмыстың міндеті:

- Ұлттық саябақтардың туризмге байланысты теориялық және тәжірибелік негіздерін зерттеу, даму тарихын анықтау, туристік кластер құру мәсәлесін қарастыру

- Ұлттық саябақтардың шаруашылығы саласының инфрақұрылымы мен экологиясын қарастыру;

- Баянауыл аймағының қазіргі туризм ахуалына талдау жасау.

- Баянауыл ұлттық саябағының мәдени-тарихи туристік нысандары және олардың туризмдегі пайдалану тиімділігін сипаттап анықтау.

- Баянауылдың туристік әлеуетін көтеру жолдарын қарастыру.

- Баянауыл аймағында туристік кластер құру үшін қажетті факторлардың мүмкіншілігін бағалау

- Ұлттық саябақтағы туристік кластерді құрайтын факторларды қалыптастыру.

- Баянауыл аймағының табиғи ресурстардың туристік мүмкіншіліктерін сараптау және рекреациялық құндылығын анықтау;

Курстық жұмыста Баянауыл ұлттық саябағының мәдени -тарихи туристік нысандары және олардың туризмдегі пайдалану тиімділігі көрсетілген. Курстық жұмыс жазғанда әдістемелік мағлұмат ретінде көбінесе туризм саласына байланысты мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен Павлодар облысының туризмді дамытуға арналған бағдарламалары басшылыққа алындыю Сонымен қоса Баянауыл аймағы жайлы оқулықтар мен ғылыми жұмыстар қарастырылды. Туристік кластерді ұйымдастыруға байланысты шетелдік тәжірибеде назардан тыс қалмады.

  1. ТУРИСТІК КЛАСТЕРДІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ

    1. Туристік кластер түсінігі

Туризм саласын экономикамыздың маңызды саласына айналдыру үшін жасалған бағдарлама аз емес. Орта Азиялық аймақтың туризм орталығына айналдыру үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру қарастырылыпты. Аталмыш бағдарламада «туризм» кластерінің пилоттық жобасын іске асыру қолға алынған. Онда қонақүйлер жүйесі, Ұлы Жібек Жолы үлгісінде керуен-сарайлар мен өзге де маңызды туристік маршруттардың құрылысына жағдай жасалатын болады. Инвестжобалар бойынша ұсыныстар негізінде аймақтық мөлшерде база қалыптасқан. Алғашқы кезеңде 90 инвестжоба сарапталып, жинақталды. Олардың 11-і 386 млн АҚШ долларына өзектірек саналып алынды, және «Қазына» тұрақты даму қорына мемлекеттік қолдау көрсету үшін жіберілді.

Жалпы кластер дегеніміз – бұл бір салада жұмыс істейтін, біріккен немесе бір бірін толықтыратын кәсіпорындар мен оларға жанама ұйымдардың өзара жақын орналасқан және байланысқан тобы. Кластер ауданды немесе тіптен жақын орналасқан қала немесе көрші елді қосып ала отырып, бір қаланы қамтуы мүмкін. Туристік кластер дегеніміз — туризм инфрақұрылымындағы салалардың жиынтығы. «Кластер» ұғымы математика, астрономия және музыка салаларында қолданылатын, қазіргі кезде экономикалық әдебиетте де кең қолданысын тапты. «Кластер» термині (ағылшын тілінен «сіизіег» жиынтық) типтес нысандардың жиынтығы деген үғымды білдіреді. Мысалы, жұлдыздар жиынтығы, атом кластері. Экономика саласында кластер дегеніміз экономиканың бір саласына жататын, бір-біріне салалас жақындығы бар кәсіпорындар, ғылыми орталықтар, университеттер тобы. Бір кластерге кіретін кәсіпорындар мен үйымдар бір-бірімен тығыз байланыста болады.

Туристік кластер — туризм индустриясы, онда негізгі қозғаушы күш — мемлекет тарапынан қолдауды қажет ететін туристік ұйымдар. Туризм кластерінің бәсекелік мүмкіншілігін арттыру бірнеше кезеңдерден тұрады: 1) факторлар кезеңі; 2) инвестициялау кезеңі; 3) жаңалықтар енгізу кезеңі; 4) кеңінен даму кезеңі. Алғашқы үш кезеңде туризм кластерінің бәсекелік мүмкіншілігі артады [1].

Туристік кластердің бәсекелік (экономиканың басқа салаларымен және басқа елдердің туризмімен салыстырғанда) мүмкіншілігін арттыратын жеке өлшемдерді қарастыратын болсақ, онда туризмнің кластерлік дамуының факторлар өлшемі бойынша Қазақстан туризм дамуының факторларына өте бай .

Туристік кластер жасаудың маңыздылығын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі туристік индустрияны одан әрі дамыту стратегиясын айқындау мақсатында Қазақстан өңірлерінің туристік әлеуетіне маркетингтік зерттеулер жүргізу үшін 65 млн. теңге көлемінде қаржылай қаражат бөлді. Аталған зерттеулерді жүргізу үшін стратегиялар әзірлеуде және туристік қызмет көрсетулердің әлемдік нарығына туристік өнімді жылжытуда көшбасылық орынды иеленуші «International consulting group оп tourism «ІРК» (бұдан әрі - «ІРК International») компаниясы тартылды.

Жүргізілген зерттеулер қорытындысы бойынша, Қазақстанның бәсекелік артықшылықтары мен ұзақ мерзімге арналған кластерлік бастамалар ескеріле отырып, елдің туристік индустриясын дамыту стратегиясы жөнінде ұсынымдар тұжырымдалды, бірқатар жобаларды іске асыру көзделді, олардың бірі осы Мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу болып табылады.

Алматы, Ақмола және Маңғыстау облыстарында әлемдік деңгейдегі заманауи көпфункционалды туристік орталықтар құрудың Тұжырымдамасы жасалды, оны Елбасы мен ел Үкіметі мақұлдап отыр. Аталмыш жоба бойынша инвестиция жұмылдыруға жоспарланып отырған сома 30 млрд АҚШ долларын құрайды екен. Бағдарлама «Таушаңғы туризімінің болашағы» қарастырылған. Алматы және Шығыс-Қазақстан облыстарында таушаңғы базасын салу. Алматы облысында – 5 (Шымбұлақ, Алматау, Табаған, ЦСКА); Шығыс-Қазақстанда – 2 (Изумруд Алтай, Алтай Альпілері). Алматы облысы, Талғар ауданындағы Әскери шатқалда әлемдік стандартқа сай келетін «Ақбұлақ» таушаңғы базасы салынған. Ішкі және сыртқы туризмді дамытудың басты алғышарты барлық санаттағы туристерге арналған авиа, теміржол, автомобиль және су көлігіне қолжетімділік болатындығы жоспарланыпты. Жол жүру құнының қымбаттылығы да ішкі туризмнің дамуын тежеп тұрған тағы да бір проблема болып тұр [2].

Щучье-Бурабай курорттық аймағы - тамаша табиғи-климаттық жағдайы, бай емдеу-рекриациондық ресурстары, тарихи-мәдени қоры, Республиканың орталығында орналасқан географиялық тұрғыдан қолайлы, Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласына жақын орналасқан курорттық орын. Курорттық аймақты одан әрі дамытуға шет елдік капиталды тарту үшін инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударылады. Жаңа жолдарды салу, әуе байланысын ашу, тұрақты түрде сумен және электр энергиясымен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар әзірленді. Аталған шаралар өмір сүру, белсенді түрде демалу және туристердің қатынасы үшін қажетті ғимараттарды және имараттарды салуға инвестицияны тарту үшін жағдай жасауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, қолайлы инвестициялық ауа-райын құру, отандық және шет елдік инвестицияларды тарту, сондай-ақ болашақта оның аумағында туристік ойын-сауық орталығын дамыту мақсатында «Бурабай» арнайы экономикалық аймақ құрылды.

Туристік ойын-сауық орталығы әлеуметтік жоба: ойын мекемелерін көшіру осы ауданның жағдайын жақсартуға, қосымша жаңа жұмыс орындарын ашуға, салық түсімдерінің бюджетке түсуін арттыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар тиісті инфрақұрылымдарды да дамытуға септігін тигізеді. Ойын бизнесінің дамуына арналып белгіленген екі арнайы орталықтардың біреуінің орналасу орнының анықталуы да Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамытуға айтарлықтай әсер ететіні сөзсіз. Тұтастай алғанда, облыста өңірдің экономикасын, атап айтқанда халықаралық туристік бизнесті дамытуға инвестиция тарту үшін зор әлеует бар және ынтымақтастық жөніндегі кез келген ұсыныстарды қарауға дайын [3].

Еліміздегі түрлі аймақтардың туристік саладағы басымдықтарын бағалау және туризм индустриясын дамытудың нақтылы стратегиясын белгілеуде арнайы зерттеулердің жүргізілуі бұл да болса алға ұмтылушылықтың үлкен бір белгісі. Осы ретте мемлекет жүктеген міндеттемелерді жүзеге асыру мақсатында бұған бізде шетелдік “ІPK Іnternatіonal” консалтингтік компаниясы тартылған. Аталған компания экологиялық туризмге қатысты небір сарабдал стратегияларды іс жүзіне асырумен айналысатын әлемдегі жетекші орталықтар санатынан орын алады. Оның бас сарапшысы Алессандро Груззо өткен жылы еліміздегі туризмді дамыту үшін аса қолайлы аймақ саналатын Оңтүстік Қазақстан облысында өзінің жеке зерттеуін жүргізген. Маманның Түлкібас ауданындағы аты әйгілі Ақсу-Жабағылы қорығын, тереңдігі 500 метрден асатын Ақсу шатқалын аралап көруі оның сол жердің тамаша табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыра түскен. Бұл зерттеулер, біріншіден көптеген шетелдік сарапшылар бойында “Түлкібас өңірі туризмді дамытуға қолайлы аймақ” деген пікірді берік қалыптастыра алды. Екіншіден, өзіміздің сала мамандарына туған еліміздің туризмін дамытуға берілген нұсқау болды [2].

Жылына бір келетін демалыста жақсы тынығу әркімнің көкейіндегі ой. Өкініштісі, бұл ойды іске асыру бәрінің қолынан келе бермейді. Тәуелсіздік алғанымызғы жиырма жылдың жүзі болса да еліміздің туризм саласы өз деңгейінде дамыған жоқ. Өз жеріміздің маржандарын әлі де болса қызықтай алмай отырмыз. Оған себеп көлік жолдарының жөнделмеуі, қонақ үй, қызмет көрсету бағасы шетелден де қымбат. Сондай–ақ отандық туристік қызмет көрсету түрі европалық стандартқа сай емес. Міне осы себептер салдарынан қазақ халқы емдік қасиетке бай өзіміздің Каспий теңізі, Алакөл, Балқаш сияқты көлдерімізге барудың орнына қырғыз ағайынның Ыстықкөліне, сонау ел асып Жерорта теңізінің жағалауына барып демалып келіп жүр. Өткен жылғы негізгі көрсеткіштерге сенсек сырттан келу 8 пайызға артып, 4 млн. 706 мың адамды құраған; ішкі туризм 7% артты, 3 млн. 495 мың адамнан тұрады; ал сыртқа шығу 23% және 3 млн. 687 мың адамды болған [2].

Бірі білсе, бірі білмейді, біздің елде туристер үшін саяхаттың 800 маршрут түрі ұсынылған. Оның 78-і экологиялық турлар (ұлттық парктер, қорықтар және т.б.), 126 сауықтыру бағыттары. Мемлекетімізде санаторно-курорттық ем алу мен демалыс біріктірілген. Аңшылық пен балықшылықты ұнататындарға 61 бағытта маршрут жұмыс істейді. Ал жылқымен жүрем деушілерге 18 бағыт бар. Сауықтыру емдік мақсатта адамдардың шипалы ем алып, ой тынықтыруына арналған туризмнің бір түрі. Елімізде мұндай сауықтыру кешендері көп. Оның себебі емдік қасиеттерге бай жер асты сулары мен тұзды минералды көлдері, шипалы қасиеттерге ие саз балшықтар соның айғағы бола алады. Экологиялық туризм мен сауықтыру туризмі жақсы қарқынмен дамып келе жатыр.

Қазақстан аумағындағы 9 мемлекеттік қорықта да ғылыми-экологиялық туризмді дамытудың алғы шарттары қалыптасқан.

Республиканың әсем де әдемi жерлерiнде бiрнеше туристiк базалар орналасқан. Оларға Iле Алатауындағы “Шымбұлақ” шаңғы базасы, Павлодар облысы Жасыбай қаласы жағасындағы “Баянауыл”, Қарағанды облысындағы таулы-орманды “Қарқаралы”, Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма бөгенi жағасындағы “Алтай мүйiсi”, Орал қаласы Жайық өзені маңындағы “Орал”, Қостанай облысындағы орманды-тоғайлы Наурызым алқабы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Бадам жазығындағы “Оңтүстiк”, Көкшетау таулы аймағындағы “Золотой бор” базалары жатады [4].

Еліміз Еуразияның жүрегінде орналасқандықтан әр аймағының табиғаты ерекше. Бір күн ішінде туристер жер бетінде кездесетін барлық ландшафты және климаттық аймақтарды көре алады. Бұл еліміздің құнды ерекшелігі. Ғасырлар бойы осы жерден Қытайдан Таяу Шығыс пен Еуропа елдеріне апаратын көне керуен жолдарының жүйесі өтті. Жібек Жолы сауда жолы ретінде б.з.д. ІІІ ғасырда туындады. Жолдың елеулі бөлігі қазіргі Қазақстан аумағы бойынша өтті. Түркістан (Яссы), Тараз (Талас), Отырар қалалары Ұлы Жібек жолы бойынша орналасып көне және орта ғасырларда саудагерлер жолында басты орталықтар болды. Еліміз тарихи, археологиялық және архитектуралық ескерткіштерге бай. Көшпенділер мен отырықшы өркениеттерінің түйіспесінде әлемнің көне қалалары болды. Қазақ жерінің оазисін аспан астындағы дала музейі десек те болады. Жібек Жолы бойымен арнайы туристік қызмет көрсететін туристік кешен салуға да болады. Сол кездегі халықтың мәдени құндылықтарын сақтай отырып танымдық тур ұйымдастырылса елдің тек ішкі туризмі ғана емес халықаралық туризм де жанданатын еді [6].

1.2 Туризм кластерінің Қазақстан Республикасы экономикасындағы даму

мәселелері мен перспективасы

Қазіргі күні Қазақстан шетел азаматтары үшін демалыс орны ретінде көрінбейді. Бұл бірнеше объективті себептерге байланысты. Қазақстандық туризм дамуының 5 негізгі мәселесін атап көрсетуге болады:

1.Білікті мамандардың болмауы мен зерттеулердің аз мөлшері. Туризм саласында зерттеулермен шұғылданатын арнайы институттар жоқ (қазіргі уақытта тек мемлекеттік мекемелер зерттеулер жүргізуде). Туризм саласының барлық білім беру институттары аталмыш саланы зерттеулер мен әзірлемелер жүргізуге қабілеті бар мамандармен қамтамасыз етпейді. Білім беру жүйесі құрылатын кластерлер үшін қажетті мамандарды даярлауда қолдау көрсетуді ынталандыу қажет.

Туристік кадрларды сапалы дайындауды қамтамасыз ету үшін мыналарды орындау қажет:

  • халықаралық тәжірибеге сәйкес Дүниежүзілік туристік ұйым ұсынған туризм бойынша мамандықтарды «Қазақстан Республикасының бакалавриат және магистратура мамандықтарының жіктегішіне» енгізу. ДТҰ ұсынатын туризм мамандықтары келесідей: туризм менеджері, халықаралық туризм менеджері, маркетинг пен жарнама бойынша менеджер, ақпараттық технологиялар бойынша менеджер, туристік агенттіктерде сатулар бойынша менеджер, қоғаммен байланыс бойынша менеджер, туризмнің белсенді түрлері, жолсеріктер мен экскурсоводтарды даярлау 5.

  • туристік кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жоғары және орта оқу орындары үшін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік құралдарды, оқулықтар мен көрнекі материалдарды әзірлеуге қатысу;

  • гидтер, экскурсияшылар, туризм нұсқаушыларын қоса алғанда, туристік индустрия мамандарын, оның ішінде айрықша қорғалатын аумақтар мен мемлекеттік ұлттық парктер үшін, оқытып-үйрету семинарлары мен біліктілігін арттыру курстарын тұрақты негізде жүргізу;

Бұдан басқа, халықаралық сарапшылардың қорытындысы бойынша туристік саланы дамыту жөніндегі маңызды шаралардың бірі оның ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуі болып табылады. Республикада саланың ғылыми-әдістемелік базасы жоқтың қасы, ал осы уақытта Германия, Ұлыбритания секілді әлемнің дамыған елдерінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұлттық туризмнің даму болашағын зерттеу және болжамдау жөніндегі орталықтар бар [6].

2. Инфрақұрылым мен демалыс индустриясының осал дамуы. Негізгі проблема дамыған инфрақұрылымның, атап айтқанда, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін қызмет көрсету саласының жетіспеушілігі болып табылады. Туристік ынтаның көптеген объектілері жеткілікті дәрежеде дамымаған. Проблемалардың бірі негізінен нашар халдегі жолдарға байланысты объектілерге жету қиындығы болып табылады.

Көптеген, әсіресе аймақтардағы қонақ-үйлер, кемпингілер, мейрамханалар Кеңес Одағының кезінде салынған. Қазіргі уақытта олардың ахуалы сыни болып табылады және жөндеуді талап етеді. Осы бағытта туристік компаниялар USD 260 миллион сомасына 29 инвестициялық жоба әзірледі. Алайда, тек 8 жобаны іске асыру перспективалары бар [7].

Мамандардың ойынша туризмнің дамуына неғұрлым әсер ететін қонақ- үй бизнесі, көлік, туристік агенттіктер, сонымен броньдау мен резервтеудің глобальді компьютерлік жүйелері үлкен маңызға ие. Сондықтан осы обьектілерге ерекше көңіл бөліп, олардың қызмет сапасын жоғарлату мен қызмет көрсету аясын кеңейтуді жүзеге асыру керек. Туризм инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуын, сондай-ақ қаржылық қаражаттың шектеулілігін ескере отырып, мынадай өңірлерде үш, екі жұлдызды санаттағы қонақ үйлер желісі мен туркластар құрылысына бағытталған өңірлік деңгейдегі “Еурокемпинг” жобасын іске асыру шеңберінде мейманханалар, қонақ үйлер мен мотелдер, сондай-ақ кемпингтер желісін салудың бірінші кезектегі құрылысының басымдықтарын айқындау қажет.

Бірінші кезекте коммуникациялық жүйелерді Қапшағай су қоймасындағы, Алматы облысындағы Алакөл көлінде, Маңғыстау облысындағы Каспий теңізі жағалауындағы (Кендірлі ауданы), жағажай туризмі және ойын-сауық индустриясы дамыған аудандарда, Жібек жолының қазақстандық учаскесінің орталығы – Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында қамтамасыз ету қажет.

Қазақстан аумағында тұрақты рейстермен жұмыс істейтін 6 шетелдік авиакомпания бар. Қазақстандық авиа желілерде алыс шетелдің 7 еліне тұрақты рейстер бар. 12 авиакомпания ТМД елдерінен тұрақты рейстермен жұмыс істейді. 8 халықаралық әуе айлағы, халықаралық трафикке уақытша қол жеткізу мүмкін 7 әуе айлағы және ішкі трафикке қол жеткізу мүмкін 6 әуе айлағы бар. Кейбір жергілікті туристік компаниялар сондай-ақ тікұшақтарды да пайдаланады, бірақ олар негізінен қымбат турлар үшін немесе туристерді басқа көлікпен жетуге қиын аудандарға апаруға арналған. Кейбір қонақ-үйлерде автомобильдерді жалға беру қызметтері дамыған. Солай болғанымен, барлық маршруттар мен бағыттар жеткілікті дәрежеде дамымаған [7].

Екіншіден маркетингтің болмауы. Елімізде көптеген әдемі жерлер болса да, олар шетел туристері арасында танымал емес. Уникалды туристік әлеуеті бар, бүкіл әлем үшін ашық, туристерге қауіпсіз туристік орталық ретінде Қазақстанның имидждік стратегиясын жасау оларды елге тартудың маңызды факторы болып табылады.

Маркетинг стратегиясы келесі бағыттарда жүзеге асады:

    • «Қазақстандағы туризм» атты бірегей ақпараттық Интернет-порталын жасау. Интернеттен Қазақстанның туристік әлеуеті туралы ақпаратты жекелеген сайттарда іздеу арқылы табуға болады [8].

    • әлеуетті туризм түлері бойынша BBC, CNN, Euronews, Discovery, Tourism and Adventures, «Әл-жазира», т.б. әлемдік медиаканалдарда видеоматериалдарды көрсетуді ұйымдастыру;

    • Қазақстанның туристік потенциалы бойынша брифинг, презентацияларды ұйымдастыру;

    • мақсатты нарықтардың ерекшеліктерін ескере отырып жекелеген видеороликтерді әзірлеу;

    • алдыңғы қатарлы БАҚ мен ірі туроператорлардың өкілдері үшін ақпараттық және пресс турларды ұйымдастыру;

    • ірі көрмелерге қатысу және сонымен бірге осындай көрмелерді Қазақстанның өзінде де ұйымдастыру көзделген. Мысалы, 2008жылы Берлин қаласында серіктес ел ретінде «ІТВ» халықаралық туризм көрмесінде Қазақстан презентациясын ұйымдастыру, ал 2007жылы Германиядағы БАҚ өкілдері мен алдыңғы қатарлы туроператорлар үшін презентацияны өткізу [7].

Үшіншіден қаржылық ресурстар мәселесі, бұл мәселе кластердегі барлық «экспериментті» кәсіпорындар қақтығысуымен шартталады. Салаға мол инвестиция тарту сынды стратегиялық маңызды міндет, сонымен инвестициялар тарту мен Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруда мемлекеттік қолдаудың мықты болуын талап етеді.

Туризмнің экономиканың басымдықты салаларының бірі болып жариялануы салдарынан осы салаға салынатын инвестициялар «Инвестициялар туралы» Заң әрекетіне ұшырайды. Бұл оларға салынатын салықтардың және кедендік алымдарды төмендетеді. Отандық туристік кәсіпорындарды оларға артықшылықтар мен жеңілдіктерді ұсыну жолымен несиелендіру мен инвестициялауға да ерекше көңіл бөлген жөн [9].

Бұл ретте туризм саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында мынадай мәселелерді шешу қажет:

  • халықаралық бизнес-қоғамдастықтың Қазақстанның туристік мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыру және осы бағытта шетелдік ұйымдармен, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің Қазақстан Республикасының инвестициялық имиджін арттыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобы арқылы ынтымақтастықты дамыту;

  • туристік-этнографиялық кешендер түріндегі объектілердің құрылысы, бос уақытты өткізу және ойын-сауық индустриясы желісін құру жөніндегі жобаларды шетелдік және отандық даму институттарының инвестициялауына жәрдемдесу;

  • шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры мен басқа да отандық даму институттарының мүмкіндіктері мен ресурстарын тарту арқылы туристік және жәдігерлік өнім индустриясын құру және дамыту жөнінде шаралар қабылдау;

2007-2011 жылдары әзірленген шебер-жоспарлар негізінде Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарында туристік кластерлер құру және оны дамыту жөнінде іс-шаралар қабылдау қажет. Қазақстанның әлеуеті туристік мақсатта іс жүзінде елдің барлық өңірін пайдалануға мүмкіндік бере алатындықтан, экономикалық орындылығын ескере отырып, сонымен қатар басқа да әлеуетті өңірлерде шебер-жоспарлар жасаудың мүмкіндігін қарау қажет [10].

Туристік кластерді дамыту перспективаларының бірі ретінде Каспий теңізі бойынша халықаралық круизді ұйымдастыру ісі жатады. Круиз Ақтау қаласынан басталып, Астрахань (Ресей), Махачкала (Дагестан), Баку (Әзірбайжан), Энзели (Иран), Түркменбаши (Түркменстан) порттарына саяхатты қамтиды. Осы мақсатта Каспий бойымен теңіз круиздерін ұйымдастыру үшін жолаушылар лайнерінің құрылысы немесе оны иемдену мәселесін шешу қажет.

Еліміздегі туризм саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген шаралар кешенін іске асыру туристер ағынын ел азаматтарының да, шетелден келушілердің де есебінен одан әрі көбейтуге жәрдем ететін болады. Ақырғы қорытындысында бұл ұлттық турөнімнің тартымдылығын елеулі арттыруға әкеледі және Қазақстанның қызмет көрсетулердің халықаралық саудасы шеңберінде халықаралық кәсіпкерлік пен іскер ынтымақтастықтың маңызды саласы ретінде әлемдік туристік нарыққа кіруіне жәрдем ететін болады. Мемлекет экономикасының шикізаттық емес секторы ішіндегі біршама кірісті саласына айналуға мүмкіндігі бар, дамыған бәсекеге қабілетті туристік индустрия құрылатын болады. Бұл ретте республикада Қазақстанның орталықазиялық өңірдің туризм орталығына айналуына нақты жағдайлар мен мүмкіндіктер жасалады.

Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша, туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламадағы көрсетілген шаралар сәтті іске асатын болса туристер ағынының тұрақты өсімі былайша байқалады.

- бірінші кезеңде (2007 - 2009 жылдар) ішкі туризм бойынша 2007 жылғы 3,4 млн. туристен 2009 жылы 4,0 млн. туристке дейін, ал сырттан келушілер туризмі бойынша 2007 жылғы 4,5 млн. туристен 2009 жылы 6,0 млн. туристке дейін;

- екінші кезеңде (2010-2011 жылдар) ішкі туризм бойынша 2010 жылғы 4,1 млн. туристен 2011 жылы 4,5 млн. туристке дейін, ал сырттан келушілер туризмі бойынша 2010 жылғы 7,0 млн. туристен 2011 жылы 9,5 млн. туристке дейін.

Сырттан келушілер туризмі есебінен сонымен қатар халықтың жұмыспен қамтылуы 2010 жылғы 447,6 мың адамнан 2013 жылы 550,0 мың адамға дейін қамтамасыз етіледі [6].

Қазақстанда туристік қызмет индустриясын дамытудың, оның ішінде жоспарланған және қазіргі күні жүзеге асырылып келе жатқан туризм кластерін дамыту бастамасының негізгі мақсаты – қазіргі заманғы тиімді және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру. Соның ішінде жұмыс орындары санын арттыру, мемлекет бюджетіне түсетін салық түсімдері, шетел валютасының ағымы, мәдени және табиғи мұраларды сақтау мен рационалды пайдалану. Ол, бір жағынан, қазақстандық және шетел азаматтарының туристік қызметтерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктер береді, екіншіден, ел экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосады.

Демалыс үшін ең қолайлы орта – ұлттық парк. Ұлттық парк дегеніміз – ландшафтарды қорғау мен адамдардың демалысын ұйымдастыратын объект. Яғни ұлттық парктерде табиғатты қорғау халықтың тынығуын және жаппай туризмді ұйымдастыру мен ұштастырылады. Бұлар, әдетте, табиғат ресурстарын өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының мүддесіне пайдаланылмайтын аса үлкен территория. Ұлттық парктерге қызметтің алуан түрі көрсетіледі. Бұл осындай қорғалатын территориялардың финанстық жағынан жоғары рентабельділігін қамтамасыз етеді . Туристерден түсетін кіріс әдетте өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында қорықтық табиғат ресурстарын тікелей пайдаланудан алуға болатын пайдадан асып түседі. Мысалы, қорғалатын аса зор мәңгі көгеріп тұратын секвоя (АҚШ) ормандарында туристердің қатынасынан түсетін пайда осы орындардағы бүкіл ағаштың бағасынан он есе жоғары. Сөйтіп ұлттық саябақтар ландшафтардың, өсімдіктер мен хайуанаттардың, сирек кездесетін әрі бағалы түрлерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге демалыс пен туризмнің де тамаша орны болып табылады. Оларды күтіп баптауға кететін шығындарын толық ақтап, едәуір кіріс кіргізеді [11].

  1. БАЯНАУЫЛ АЙМАҒЫНЫҢ ТУРИСТІК КЛАСТЕР ҚҰРУҒА МҮМКІНШІЛІГІ

2.1 Табиғи туристік – рекреациялық ресурстар

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Павлодар облысының оңтүстік-шығысында (Баянауыл ауданында) Екібастұз қаласынан 100 шақырым жерде Орталық-Қазақстандық ұсақ шоқылардың шетінде орналасқан Қазақстан Республикасындағы ұлттық парк. Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының қатарына кіреді. Парк 1985 жылы құрылып, Қазақстанның бірінші ұлттық паркі болып табылады. Баянауыл тау сілемінің табиғи өсімдік әлемі мен жануарлар әлемін сақтау және қалпына келтіру қажеттілігі паркті құрылуына негіз болып табылды. Парктің жалпы аумағы 68 453 га. құрайды.

Парктің аумағы Қазақтың ұсақ шоқылары шегінде орналасқан, ол жоғарғы палеозой кезеңінің өзінде ірі таулы мекен ретінде қалыптасып, континенттік құлдыраудың ұзақ тарихын басынан кешірді, сондықтан қазіргі уақытта оның қатысты шағын биіктіктері бар (теңіз деңгейінен 400-ден 1027 м-ге дейін жоғары). Баянауылдың ең жоғары нүктесі (1027 м) Ақбет тауы [12].

Баянауыл таулы–орман массивіне таулы және жазықты он бір түрлі аймаққа бөлінеді .

1. Территориялық қорықты қозғалмалы зона. Аймақтың 77 пайызын қамтиды. Бұл ландшафты–экологиялық сипаттама және ландшафтық участіктерді, жануарлар мен өсімдіктерді, құстарды, жойылып бара жатқан ландшафты қалпына келтіру мақсаты көзделеді. Қорғармалы территориялар өздерінің ерекшеліктеріне қарай зона тар-мақтарына бөлінеді

- қорық режиміндегі зона тармағы;

- заказник режиминдегі;

- ландшафты біртіндеп қалпына келтіру;

- жас қарағайлы ормандар бөлігі.

2. Демалыс рекреациялы зона. Территорияның 15 процентін қамтиді.

Табиғи ортаны сақтау және оған адам жіберуде күшті қадағалау мақса-тымен территорияға белгіленген шаршрут бойынша зонаға саяхат жасау-ға рұқсат етіледі. Ондай маршрут Баянауыл және Баян тауы маңында орналасқан. Ол жерлерде табиғат ескерткіштері және әдемі көріністер көп. Екінші бір маршрут Біржан мен Торайғыр көлінің маңында орналасқан. Өз кезеңінде зона тармақтарына бөлінеді:

- рекреациялық кешендер мен қызмет көрсету орталығы;

- туризм мен экскурсиялық, яғни интенсивті түрде адам қатынайтын зона тармағы;

- қысқа мерзімдік демалыс үшін рұқсат етілетін жер;

- парктің буферлік зонасы;

- экскурсиялық танамыдық зона;

Баянауыл ұлттық саябағы қазіргі кезде территоиялық бөлімдерге жіктелген. Ол жалпы қорғалатын, шаруашылық зонасы және қорғалатын рекреациялық зоналарына бөлінеді (сурет 1).

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12

Қорғалатын зона

1- қорық режиміндегі зона тармағы

2- заказник режиміндегі

3- ландшафты біртіндеп қалпына келтіру режиміндегі

4- жас қарағайлы ормандар бөлігі

Рекреациялық шаруашылық зона

5- рекреациялы комплекстер мен қызмет көрсету орталығы

6- туризм мен экскурциялық түрде адам қатынайтын зона тармағы

7- қысқа мерзімдік демалыс үшін рұхсат етілетін жер

8- парктің буферлік зона

Қорғалатын рекреациялық зона

9- экскурсиялық танымдық туризм зона тармағы

10- энтенсивтік туризм яғни адам жіберу зона тармағы

11- қоныстық пункт

12- табиғи парктың шекарасы

Сурет 1 Баянауыл ұлттық паркінің территориялық жіктелуі [13]

Аймақтың геологиялық тарихи ұзақ уақытты қамтиды. Бұл жерлерде әр түрлі қатпарланулар және интрузиялардың иеленулері болып отырған. Өте күшті суланудың әсерлері төменгі және орта девон кезінде өткен. Ортаның девонның аяғында вулканизм сөніп орнына шөгінді жыныстардың жинақталуы орын алған.Төменгі карбоннан соң бұл аймақ жалпы көтерілуге ұшыраған. Пайда болған тау системасы полезойдан бастап триасқа дейін үнемі денудацияланып отырған, олегеоценде аймақ қайтадан көтерілу нәтижесінде су эрозиясы күшті орын алған.

«Кемпір тас» аталған бұл табиғи тас мүсіннің биіктігі соншалықты, қасына келген адам бас киімі түскенше шалқайып, тастың шыңына көз салар. Еңкейе қараған таудай басын қылтиған жіңішке мойынын әзер ұстап, шақша шекесі желкесіне құлай біткен, жалтыраған таз басының дәл төбесінде шөгір қарағаннан біткен жалғыз тал шашы селтиген, алдыңғы шашы шот маңдайына қалпақтана құлап, көзі шатынап, қоңқия біткен құс мұрыны істіктеніп, тіссіз кемиек ауызы ырсиып, кеңкілдеп күліп тұрған кейпіне қарап, бірге күлмейтін жан болмайды.

Парк аумағында үш ірі тұщы сулы көл Сабындыкөл, Жасыбай және Торайғыр көлдері орналасқан. Олардан басқа шағын көлдер көп, кейбіреуі құрғақшылық кезде тартылып қалады [9].

Ең ірі көл Сабындыкөл (тура аудармасы «мыльное озеро»), оның жағасында Баянауыл кенті орналасқан. Көл өзінің ерекше, жұмсақ, сабынды суына байланысты солай аталған. Аңыз бойынша Баян сұлу кезінде әдемі ұзын шашын жуып отырғанда сабынын суға түсіріп алған.Ең мөлдір және көлемі бойынша екінші көл Жасыбай көлі, ол таулар арасындағы қазаншұңқырда орналасқан. Жасыбай жағажайынан ашылатын көркем көрінісіне және өзінің таза суына байланысты шомылуға арналған тартымды көлдердің бірі болып табылады. Аңыз бойынша жағада басқыншылармен шайқасқан кезде қаза тапқан қазақтың Жасыбай батыры құрметіне аталған болатын.

Жасыбай көліне келер жолдың бойында, тау өлкесінің шегінде жеке дара төбе етегінен шың құзы «Қос батырдың басы» тұр. Дулығасын маңдайына көлеңкелей баса киіп, түсі салқын «Жас батыр» қырға қыранша көзін тігіп, өлкеде жатқан елінің сақшысы болып тұрса, артындағы ақылшысы қаба сақал, абзал жүзді «Кәрі батыр» осы өлкеде бейбіт жатқан еліне, сұлу табиғат ортасына мерейі қанып, маужыраған сезіммен етекке көз салады. Қос батырдың сыртындағы өлкеде бейбіт өмірдің белгісіндей «Көгершін» тас шыңы тұр.

Туристік – рекреациялық ресурстарының көп бөлігін белсенді және танымдық туристік саяхаттарға қолдана отырып, тиімді экономикалық мақсатта пайдалануға болады. Өлкенің туризмді дамыту мақсаттарын төмендегідей сипатта айқындауға болады:

- тиімділігі жоғары туризм индустриясын жасай отырып, туризмді эканомиканың кірісті саласына айналдырып , халықаралық туристік рынок шығаруға қабілеттілігін арттыру;

- өлкенің туристік потенциялын арттыру;

- мәдени – тарихи және табиғи рекреациялық ресурстарды сақтау мен тиімді пайдалану.

Баянауыл ұлттық паркінде 9 көл бар. Алты көл айдыны бір шаршы километірден аспайды, тек үш көл ғана 1 км ден 7,4 шаршы километірге дейін алқапты алып жатыр. Барлық көлдің аумағы 15,3 шаршы километр және ол ұлттық парк аумағының 3 %-тін құрайды. Орман ағаштары біркелкі өспейді. Жоғары биоклиматтық белдеуде қарағай, арша мен таңқурай өседі. Төменгі аймақта қарағай, қайың мен қоса арасында терек араласқан ағаштар кездеседі.Тау өзегі мен ойпаң жерлерде қарағай мен қайыңы бар сирек ағаштар, сондай-ақ жазық жерлерде – шөбі шүйгін көктерек өседі. Тау өзеншесі мен бұлақтарын қуалай қайың, жабысқақ қараағаш араласқан тал, мойыл өседі. Бұталардан - қарақат, таңқурай, итмұрын, кәдімгі шәңкіш және Сібір шетені өсіп шығады. Аласа таулы Баянауыл жерінің өсімдіктер дүниесін 260 түр мен 72 тұқымдас жалпы алғанда 518 өсімдік құрайды. Бұл алқапта жұмыс істеген ботаниктер сирек кездесетін өсімдіктер өсетінін анықтаған [13].

Орталық және Солтүстік Қазақстанның жақын маңындағы қалаларының туристері үшін Баянауыл өте тартымды жерлердің бірі. Парк аумағында көптеген демалыс үйлері мен аймақтары жұмыс істейді.

Паркте шомылуды, тауларда серуендеуді, шыңдарға өрмелеуді, тау велосипедтерімен жүруді қоса алғанда бірнеше демалыс түрлері бар. Көптеген демалу аймақтарында туристік экскурсиялар жүргізіледі, онда белгілі бір төлем төлеп, парктің негізгі көз тартар жерлерін – “киелі үңгірді”, “тас басты” және тағы басқаларын көруге болады. Жасыбай көлі басқа көлдер арасында суы ең таза және мөлдір болғандықтан, негізгі шомылатын жер болып табылады. Сонымен бірге оның жағасынан көркем көрініс ашылады.

Туристерді Баянауылда көп ғасырлар бойы желмен және сумен мүжілгендігі нәтижесінде ғажайып кескіндерге айналған, кейбір кезде жануарларға, адамдарға немесе таудан түсіп келе жатқан жүк машинаға ұқсайтын жеке шыңдар мен тастар ерекше қызықтырады. Барынша әйгілі шыңдардың арасында — «тас бас» мүсіні, оның «Кемпір тас» деген атауы кең тараған. Белгілі бір жағынан байқап қарағанда ол шынымен шашсыз, тіссіз, кекесін зұлымдықпен күліп тұрған  кемпірдің басына ұқсайды (сурет 2).

Сурет 2 Жалмауыз кемпір бейнесіндегі тас мүсін [13]

Сурет 3 Қоңыр Әулие үңгірі [13]

Бұндағы көз тартар жер — «киелі Қоныр Әулие үңгірі». Сенімдер бойынша үңгірге кірген әрбір адам оның қабырғасына алақанын қойып тілек тілесе, одан кейін шыға беріске басын бұрмай үңгірден шықса, оның тілегі орындалады деп есептеледі. Ол барынша жоғары жерде орналасқан, оған апаратын тік өрдің бір жақырымдай жерін жаяу өтуге тура келеді. Соңғы жылдары жолдың соңғы аса тік бөлігінде бұл мақсаттарға арнап арнайы ағаш саты орнатылған (сурет 3).

Таулы өлкенің ландшафтында небір тарихи жер атаулары, қоныстар, ескерткіштер мол. Сабындыкөл мен Жасыбай көлінен басқа Баян тауларында «Кемпіртас», «Қоңырәулие» үңгірі, «Ат басы», «Көгершін тау», «Найзатас», «Бақа тас», «Бүркіт тас», «Екі суыр», «Жылан бас», «Ұйқыдағы балапан», «Батыр тоғай», «Тастағы туфли», «Шахматтағы ат», «Маймыл тас», «Жабулы қазан», «Торайғыр» көлі мен ондағы жартастар, «Біржанкөл» тағысын тағы сұлу жерлер келушілердің көзін еріксіз тартатыны анық.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]