Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Есімшенің жасалуы мен түрлері2.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
15.09.2019
Размер:
41.31 Кб
Скачать

1.Есімшенің жасалуы мен түрлері

Есімше етістіктің негізгі және туынды түбірлеріне, сондай-ақ етіс және болымсыз етістік тұлғаларына төмендегідей жұрнақтар қосу арқылы жасалады.

1. -қан, -кен, -ған, -ген жұрнақтары арқылы өткен шақ есімше жасалады: ал-ған, көр-ген, берме-ген, айт-қан, көрсет-кен, жүргіз-ген т. б..

2. -ар, -ер, -р және болымсыз етістіктен кейін -с жұрнақтары арқылы болжалды келер шақ есімше жасалады: бар-ар, көр-ер, айт-ар, сөйле-р, жургіз-ер, берме-с, көрме-с, айтпа-с т. б. 3. -мак,, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтары арқылы мақсатты келер шақ есімше жасалады: бар-мақ, кел-мек, қара-мақ, сен-бек, жаз-бақ, кет-пек, жарат-пақ т. б. Ескерту: Бұл жұрнак етістіктің болымсыз тұлғасына жалғанбайды.

4. -атын, -етін, -йтін, -йтын жұрнақтары арқылы өткен шак есімше жасалады: бар-атын, кел-етін, қара-йтын, сөйле-йтін т. б. Дауыссыз дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан кейін -йтын, жіңішке буыннан кейін -йтін жалғанады.

Есімшенің сөйлемдегі қызметі Есімше әрі есім, әрі етістік мәнінде қолданылатындықтан, ыңгайына карай сөйлемнің барлық мүшесінің қызметін атқара алады.1. Есімше жіктеліп келіп, сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады. Мысалы: Қазақтың қай нәсілден тарағанын Білерсің басқа сөздің жарағанын (М. Дулатов). Екеуі де жарытып, тіс жарып сөйлемейтін (М. Ә.) Берілген сөйлемдердегі білерсің (сен не істерсің?) II жақта, сөйлемейтін (екеуі не істейтін?) III жақта келіп сөйлемнің баяндауышы болып тұр.2. Есімше зат есіммен тіркесіп келіп немесе ілік септікте тұрып анықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Көшкен ауылды іздеп табалық (Ы. А.). Айтқанның аузы жаман, көргеннің көзі жаман (мәтел). Берілген сөйлемдердегі көшкен (қай ауылды?), айтқанның (кімнің аузы?), көргеннің (кімнің көзі?) деген есімшелер анықтауыш болып тұр.3. Есімше атау септікте тұрып заттанып, бастауыш қызметін аткарады. Мысалы: Үнсіз күліп тұрған — бағанағы шәкірт бала (М. Ә.). Баланың қытығына тиетіні — осы жері (М. Ә). Берілген сөйлемдердегі күліп тұрған (кім шәкірт бала?), қытығына тиетіні (не осы жері?) деген есімшелер адам және зат мәнін білдіріп, бастауыш болып тұр.4. Есімше атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде тұрып толықтауыш қызметін де атқарады. Мысалы: Ұялғанды, жауап айтпағанды кешірмейтін әке мінезі Абайға мәлім (М. Ә.). Берілген сөйлемде ұялғанды, жауап айтпағанды (нені кешірмейтін?) деген есімшелер табыс септікте жұмсалып, толықтауыш болып тұр.5. Есімше барыс, жатыс, шыгыс, көмектес септіктерінің бірінде тұрып немесе шылау сөздермен тіркесіп пысықтауыш кызметін де атқарады. Мысалы: Білмекке кетті көңілі жөнін сұрап (Ы. А.). Осыны сезген сайын Абай тоқтаусыз жыр тереді (М. Ә.). Берілген сөйлемдердегі білмекке (не үшін я не мақсатпен кетті?) барыс септіктегі және сезген сайын (қашан жыр тереді?) деген септеулікпен тіркескен есімше пысықтауыш болып тұр.

2. Бір санның киелігі:

1. Алла жалғыз. Алладан басқа ешбір тәңір жоқ.

Екі нәрсемен дос болу:

1. Әйеліңмен. 2. Бастығыңмен.

Үш қуат:

1.Ақыл. 2.Жүрек. 3.Тiл.

Үш жүз:

1.Ұлы жүз. 2.Орта жүз. 3.Кіші жүз.

Төрт кiтап:

1. Мұсаның кiтабы – Тәурет. 2. Дәуiтгiң кiтабы – Забур. 3. Исаның кiтабы – iнжiл. 4. Мұхамбет пайғамбардың кiтабы – Құран.

Төрт тұрман:

1. Ер тұрманы. 2. Мұкәммалы. 3. Жаужарағы. 4. Бес қаруы.

Төрт пайғамбар тірі:

1. Иса. 2. Ыдырыс. 3. Қыдыр. 4. Ілияс. Ыдырыс пен Иса 4-қат көкте, олар періштелермен бірге құлшылықжасайды. Қыдыр шөлдегендерге сусын береді. Ілияс су апатына ұшырағандарға қол ұшын береді.

Исламдағы бес парыз:

1. Иман. 2. Намаз. 3. Ораза. 4. Зекет. 5. Қажылық.

Бес анық:

1. Тiл. 2. Дiн. 3. Тарих. 4. Дәстүр. 5. Ата мекен.

Бес пайғамбар патша болды:

1. Жүсіп. 2.Дәуіт. 3. Сүлеймен. 4. Ескендір Зұлқарнайын. 5. Мұхаммед.

.

Алты парыз:

1. Бiр-бiрiне сәлем беру. 2. Шақырса бару. 3. Кеңес сұраса - ақыл қосу. 4. Сұрағына жауап беру. 5. Ауырып қалса - көңiл сұрау. 6. Қайтыс болса жерлеуге қатысу.

Алты Алаш.

1. Қазақ. 2. Қарақалпақ. 3. Өзбек. 4. Түркімен. 5. Қырғыз. 6. Жайылған (Төле би).

Мөлдір тауындағы жеті әулие аналар:

1. Шүміш әулие ана. 2. Мария әулие ана. 3.Рахима әулие ана. 4. Гульфайруз әулие ана. 5. Зәуре әулие ана. 6. Хадиша әулие ана. 7. Райнаму әулие ана.

Жеті ғашық:

1.Ләйлі – Мәжнүн. 2.Фархад – Шырын. 3. Таһир – Зухра. 4. Арзу – Камбар. 5.Уәлик – Ғарра. 6.Уәки – Күлшаһ. 7. Жүсіп – Зылиқа.

Жеті ата:

1. Тек ата. 2. Түп ата. 3. Баба. 4. Арғы ата. 5. Ата. 6. Әке. 7. Бала.

3.Күрделі сөз дегеніміз екі я онан да көп жалаң я туынды түбірлерден құралып, мағыналық, грамматикалық жағынан бір бүгін тұлға болып бірлесіп тұрақталған құрама сөз. Мысалы: бүгін, биыл, сап-сары, ағайын-туысқан, қолқанат, айта отыр, ала жаздай, темір жол, жеті қарақшы, арқа суйеу, т.б. Күрделі сөз. Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөзді күрделі сөз дейді. Мысалы: әке-шеше, ауыл-аймақ, ашудас, бесжылдық, боз торгай, қара торы, он уш сияқты сөздер күрделі сөздер болып табылады. Себебі бұлар кемінде екі түбірден құралған: әке-шеше (әке және шеше), ауыл-аймқ, (ауыл және аймақ), ашудас (ашу немесе ащы және тас), бесжылдық (бес және жылдық), боз торғай (боз және торғай), қара торы (қара және торы), он уш (он және үш).

Күрделі сөздер жасалу жолына қарай біріккен сөздер (бүгін, жаздыгүні, алғысөз), қос сөздер (үлкен-кіші, аяқ-табақ), қысқарған сөздер (АҚШ, БҰҰ, ҚазМУ), тіркесті сөздер (қара торғай, қара көк, жүз бес) болып бөлінеді.

Сөйтіп, күрделі сөздер, бір жағынан, сөз тудырудың (сөзжасамның) белгілі жолдары (біріктіру, қосарлау, тіркестіру) арқылы жасалған жаңа сөздер болса, екінші жағынан, күрделі түбір, сөйтіп, түбірдің бір түрі болып табылады.

4. Тұрақты тіркестер, олардың жасалуы. Мысал келтіріңіз. Мағынасы бір тұтас, құрамын өзгертуге, басқа сөзбен алмастыруға болмайтын, бір сөздің орнына ғана жұмсалатын да тіркестерді тұрақты тіркестер деп атаймыз. Мысалы: қой аузынан шөп алмас, ит жанды, таяқ тастам жер, мұзға отырғызып кету, жұмған аузын ашпау, көзді ашып жұмғанша т. б.

Сондай-ақ мұндай тіркес көркем, бейнелі бір ұғымды білдіреді: қой аузынан шөп алмас — жуас, ит жанды — көнбіс, таяқ тастам — жақын, мұзға отырғызып кету — алдау, жұмған аузын ашпау — үндемеу, көзді ашып-жұмғанша — лезде деген мағыналарды білдіріп, бір сөздің орнына қолданылады. Сондықтан мұндай тіркестерді тұрақты тіркестер дейді. Тұрақты тіркестің мағынасы оның құрамындағы сөздердің мағыналарынан тумайды, басқа бір мағынаны білдіреді. Мысалы: қабыргаңмен кеңес — ойлан, бесіктен белі шықпай — ерте, қас пен көздің арасында — шапшаң мағыналарын білдіреді. Неше сөзден құралса да, тұрақты тіркес бір ғана ұғымды білдіреді. Сөйлем ішінде бір ғана мүшенің қызметін атқарады. Мысалы: Көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар елге қызмет етеді. Осы сөйлемдегі көзі ашық, көкірегі ояу тұрақты тіркестің сұрағы қандай? Саналы деген бір мағынаны білдіреді, анықтауыштық қызмет атқарады. Орын жағынан әбден қалыптаскан, құрамы өзгертуге келмейтін, бәрі тұтасып бір мағынаны білдіретін, бір ғана сөйлем мүшесі ретінде қолданылатын тіркесті тұрақты тіркес дейміз. Тұрақты тіркестер ғылым тілінде фразеология, фразеологизм деп те аталады.