Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мед психология жауаптары.docx
Скачиваний:
245
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
221.03 Кб
Скачать

34. Медициналық психология ның негізгі әдістемелік мәселесі

Медициналық психология ғылымы салаларында адамның ағзалық, тән және психикалық жағдайын қалыпты және патологиялық деп екіге бөледі. Қалыпты жағдайдың көрсеткіштері: дене қызуының, қан қысымының, көңіл- күйінің, шашының, тырнағының, тері қабаттарының жағымды бірқалыпты мөлшер деңгейіне сай келуі. Аталған көрсеткіштерден ауытқушылықтар адам организміндегі өзгерістерді көрсетеді. Эндогенді және экзогенді себептердің ықпалынан адамның денсаулығында және психикасында әртүрлі өзгерістер туындайды. Психикалық жағдайлардағы өзгерістер жаскезеңдік дағдарыс кезеңдерінде ерекше айқындалады. Әсіресе жасөспірімдік өтпелі кезеңдерде психиканың патологиясы және патологиялық жағдайлардың бірнеше формалары байқалады. Психолог ғалымдар жеткіншек кезеңдегі психопатияның бірнеше формаларын анықтаған.

Ал патологиялық жағдайдың көрсеткіштеріне қалыпты жағдайдың қарама- қайшы көріністері жатады. Патология гректің «патос»- уайым, қайғы, ауру, бақытсыздық жайлы ілім. Психология ғылымында патологиялық жағдайдың көріністеріне психикалық ауытқу, бұзылу, тежелу, күйзелу, тоқырау жатады. Адам психикасына әсер ететін факторлар әртүрлі және нәтижелері бір- біріне ұқсамауы да мүмкін. Әсіресе психикалық дамудың дағдарыс кезіндегі, балалық шақтағы әсерлер дизонтогенездік және дисгармониялық жағдайларға ұшырататын дамуды патологиясын тудырады. Тұлғаның қалыптасуы туғаннан бастап, өмір бойы созылатын ұзақ және күрделі процесс. Даму жолында көптеген қарама- қайшылықтар адамның рухани жан дүниесінде өзгерістер (дисгармония- үйлесімділіктің бұзылуы) тудыратын құбылыстар кездеседі. Тұлғалық деңгей психикалық жағынан тұрақты болғанымен, дисгармониялық жағдайлар кедергі келтіреді. Организмнің барлық жүйелері сияқты адамның психикалық жүйесі де тұрақты күйде болуы керек.

Диссонанс, келіспеушілік, мотивтердің созылмалы күресі тұлғаның дисгармониясын тудырады. Психикалық дисгармония- тұлға қасиеттерінің бірі дамымай, ал екіншілері шамадан тыс дамып кетуі. Тұлға дисгармониясы қоршаған ортадан бөлектену, эгоцентризм, рефлексия, интроверттілік, эмоционалдылықтың жұтаңдауы, эмоционалды резонанстың жоғалтылуы, қоршаған ортадағы құбылыстарға адекватты жауап бермеу, ойлаудың шындықтан алшақтауы арқылы көрінетін шизоидизация түрінде байқалуы мүмкін. Мұндай жағдайда мінез- құлықтың біркелкі болуы, педанттылық, икемділіктің жойылуы, белсенділіктің төмендеуі және пассивтілік байқалады. Кейде әрекетсіздік пен пассивтіліктің әрекеттің белгілі бір аумақтарында үлкен жетістіктерге жетумен үйлесіп отырады.

Қоршаған ортаға үнемі көңілі толмау сезімі, қозғыштық, жұтаңдық, ойлау жемістілігінің төмендеуі, эгоцентризм, қызығушылықтардың тарылуы бұл тұлға дисгармониясының көрінісі болып табылады. Сәл ғана өмірлік қиындықтар мұндай адамдарда қобалжу, дәрменсіздік сезімдерін тудырады.

Дисгармония көңіл- күйі тұрақты көтеріңкі адамдардағы психопатологиялық өзгерістер, эйфория, әрекетсіздік, ашуланшақтық, шамадан тыс қарым- қатынасқа түсушілік, қашықтық сезімдердің жоғалуы, өз мінез- құлқының адекватты еместігін түсінбеу түрінде көрінуі мүмкін.

Психопатияның психогениясына психикалық жарақаттар себепші болады. Бірақ психогенияға қандай психикалық жарақат, қандай механизм соқтырып, аурулы күйге келтіретіндігінің басын ашып алу керек. Бұл мәселенің шешімін табу И. П. Павлов пен оның ізбасарларының жұмыстарына, жоғары жүйке қызметіндегі физиология мен патофизиологияның табыстарына байланысты болды.

Психикалық жарақаттың ықпал етуінің негізгі үш жолы, психогения пайда болуының үш механизмі бар: а) тітіркенгіш процеске шектен тыс күш түсуі; ә) тежелу процесіне шектен тыс күш түсуі; б) қимылдық жүйке процестеріне шектен тыс күш түсуі. Осы механизмдердің бәрін И. П. Павлов пен оның шәкірттері иттерге тәжірибе жасау жолымен алды. Яғни, адамзат тарихында алғаш рет психогенияның моделі – байқау невроздары табылды. Жануарлардан алынған деректерді оның әлеуметтік ортасы бар адам мен тек оған ғана тән екінші сигналдық жүйеге бүтіндей қолдануға болмайтындығы табиғи жайт

Мектепке дейінгі жаста өз құрдастарынан тасаланып, бірге ойнаудан қашады. Бұл жаста үйлесімдік болмағандықтан мидың дамуы жылдамдап қозғалыс қызметі нашар жетіледі. Үлкендердің көмегінсіз оқуды ерте үйренеді, бірақ бәтеңкесінің бауын байлай алмайды.Сөйлескен кезде олардың бідімінің жасына сәйкес емес екендігі, білуге құмарлығын көрсетеді. Ол дерексіздікке жоғарғы ынта танытып, әлемнің пайда болуы табиғат пен өлім туралы сұрайды.М.жасында белгілі бір пәнге қызығып, жақсы оқиды (мысалы,математика, астрономия, психология,философия). Ақыл-ой дарындылығы бола тұра, икемсіз, өздерін-өздері күте алмайды,киім кигенде не тамақ ішкенде икемсіздік, салақтылық білдіреді.Олар аз қимылдайды, шулы ойындарды жаратпай, ортаға тез бейімделе алмайды. Жыныстық жетілу кезінде барлық белгілері айқын білінеді.Мысалы,кейбірінде тұйықтық, өкпешілдік,ренжігіштік сезім- «сензитивтік», «стеникалық» - айқындалса, екіншілерінде табандылық, қажырлылық – «экспансивті»- сезім байқалады. Қолайсыз жағдайлар әсер еткенде шизондэтарда ерекше психогенді (психологиялық зақымның әсерінен) әректтер байқалады. Б-р шизофрениямен ауырғанда делирийдің кейбір белгілері көру,елестетушілігі ретінде кездеседі.

Психикалық процестердің тұтастығы бұзылуы аурудың ойлауынан, сөйлесуінен айқын білінеді. Логикалық байланыс жоғалып, үзілді-кесілді болып,оның сөйлемі тек жекеленген сөздерден құралады. Психикалық қызмет тұтастығының және оның айналамен байланысының бұзылудың аурудың эмоциясынан айқын көруге болады. Мысалы, жас әйел өзінің сәбиіне мейрімсіз болып,оны тамақтандырмауы да мүмкін.

Ауру адамға символдық ойлау өте тән. Мысалы, ауру өзіе бір шеңбердің ішіне сурет қылып салып; «өзі жасаған шеңбер ішінде қауіп мүлде жоқ» -деп түсіндіреді.Өз ойларын кәдімгі сөздермен жеткізе алмай, жаңа сөздерді ойлап табады. Шизофрения ауруы 4 топқа бөлінеді: қарапайым, гебефрениялық, кататониялық, параноидтық.

Жасөспірім кезінде басталатын аурудың қарапайым түрінде алдыңғы қатарға эмоциялардың кедейленуі, ынта жоғалып, әлсіреу мен интеллектуалды өнімсіздік байқалады. Гебефрениялық түрінде – баланың мінез – құлқында есерлік, мәнерлік бет аузын тыжырайту, қылымсу басым болады. Кататониялық түрінде кататониялық ступор мен қозуы бар кататониялық синдром басым болады. Параноидтық түрінде елестетуші белгілер 2-4 жас арасында (1 жастық дағдарыс) білінеді.

Психиканың ауытқушылығы немесе психопатияның кейбір ерекшеліктеріне ұқсас қояншықпен ауырған адамда болатын эпилептондты тип жатады (қояншық ауруы бар отбасыларында кездесетіндіктен, генетикалық жақындығы бар деп есептелінеді). Психопатияның қызу қанды тобына гипертимдік типті жатқызамыз. Гипертимдік белгісі бар адамдардың көңілі ылғи да көтеріңкі, денсаулығы жақсы, сергек, тәбеті мен ұйқысы жақсы, қимыл – қозғалыс жасауға бейім, көп сөйлегіш, көңілді, мінезі аяқ асты өзгергіш.

Тұрақсыз тип 11-12 жаста білінеді. Негізгі белгісі – бір қалыпты психикасы ретінде білінетін эмоциялық тұрақсыз ерік. Жоғарғы ерікті қызметі жетілмегендіктен, өзінің сол сәттегі тілегі мен әуестігін тежей алмайды, Тұрақсыз п\п. белгілері көбінесе жыныс жетілгенге дейін не ол жетілген кезде, кейде баланың шағында б. мүмкін. Истериялық тип – айқын дарашылдық қайткен күнде де айналасындағылардан ерекшелену, біріншілікке ұмтылу. Истериялық психопатияға барлық жұртты мойындатуды тойымсыздықпен көксеу тән.

Психастеникалық тип – ересек адамдарда жиі кездеседі, бірақ кейбір белгілері балаларда да білінеді. Мұндай белгілер секемшіл,көңілшек, барлық жаңалықтан қорқатын, сезімі нәзәк келеді. Мектеп жасындағы балалар өте мазасыз, тек өзі туралы емес, жақындары, әсіресе шешесі туралы күмәнданады ( бір жаманшылық болама деп қорқады, ырым-саят, жөн жоба жасайды) Мұндай балалардың интеллектісі жоғары.Психастениялық типке ұқсас астениялық түрі болады – сужүрек, қорқақ,ұялшақ, қараңғыдан, жалғыздықтан қорқу, өзінен кішілермен ойнау, тыныш ойындар, сурет салу, айтқанды тыңдау – айқын белгілері.