Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мед психология жауаптары.docx
Скачиваний:
245
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
221.03 Кб
Скачать

27) Дәрігер мен науқас арасындағы қарым-қатынас мәселелері.

28) Кешіккен психикалық дамудың және олигофренияның диагностикасы.

29) Көңіл-күйдің бұзылуының негізгі клиникалық формалары.

30) Эмоционалды сфераның бұзылуы.

31. Медициналық психология пәні, мақсаты-міндеттері

Медициналық психология пәнінің мақсаты қазіргі заманғы нейропсихологияның, патопсихологияның негіздері, соматикалық аурулардың психологиялық факторлары, тұлғалық дамудың ауытқулары, олардың коррекция және профилактика негіздерімен таныстыру болып табылады.

«Медициналық психология» пәнінің негізгі міндеттері:

  • нервтік-психикалық және соматикалық ауруларының дамуындағы, өтуіндегі және емделуіндегі психикалық факторлардың рөлін зерттеу;

  • әртүрлі психикалық белгілерін динамикада зерттеу;

  • тұлғалық аномалиялардың, ауытқулардың нервтік- психикалық өзгерістердің психикаға әртүрлі әсерлерін зерттеу;

  • ауру адамның ортамен оның микроортасының, өзара қатынасының сипатын зерттеу;

  • психикалық функциялар мен процестерді зерттеудің лабароториялық, эксперименттік- психологиялық әдістерін зерттеу, сондай-ақ тұлғалық көріністерді, конпенсация және коррекция әдістерін зерттеу, тұтас зерттеуге сәйкес, оларды қолдану, интерпетацияны жасау;

  • орталық жүйке жүйесінің локальді- органикалық бұзылулары жайында топикалық диагностика міндеттерімен байланысты психикалық функциялардың бұзылуын зерттеу;

  • психотерапия мен реабилитация негіздері аурудың денсаулығын қалыптастыру мен сақтауда ғана емес, сондай-ақ тұлғалық, әлеуметтік статусты қалыптастыру мен сақтау ретінде зерттеу;

  • клиникалық тәжірбиедегі психологиялықкоррекция және реабилитациялық дағдыларды игеру;

«Медициналық психология» пәнін оқу негізінде студент:

Психологиялық консультация жасау, зақымдалған психиканы әртүрлі психотерапиямен қарастыру.Әртүрлі психикалық бұзылуды және психикалықауруларға түзету әдістемелерін жүргізе білу керек.Психикалық функциялар мен процестерді зерттеудің лабараториялық, эксперементтік-психологиялық әдістерін зерттеу, сондай-ақ тұлғалық көріністерді, конпенсация және коррекция әдістерін зерттеу, тұтас зарттеуге сәйкес, оларды қолдану, интерпетацияны жасауды меңгеру керек.

Бағдарлама отандық және шетел әдебиеттері негізінде жазылды.

«Клиникалық психология» термині грек тілінен аударғанда жайма «пастель», емхана төсегі деген мағына береді. Қазіргі психологияда «клиникалық» және «медициналық» психология терминдері синоним ретінде қолданылады. Осы білімдер жүйесін медиктер «медициналық психология», ал психологтар « клиникалық психология» деп атайды.

Медициналық психология- әртүрлі аурулармен ауыратын адамдардың психологиялық ерекшеліктерін, психикалық ауытқуларды анықтаудың әдістері мен тәсілдерін, психологиялық феномендердің диференциациясын және психопотологиялық симптомдар мен синдромдарды пациент пен медициналық қызметкердің өзара қатынас психологиясын, пациенттерге психопрофилактикалық және психотерапевтік көмек беру тәсілдерін және де психосоматикалық және соматопсихикалық өзара әсерлесудің теоретикалық аспектілерін зерттейтін ғылым.

Қазіргі кезде біздің елімізде медициналық психология науқастың психикасын зерттейтін, психологияның тармағы ретінде, және де медицина қызметкерінің кәсіби іс - әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін түсіндіреді (медицина терминдерінің энциклопедиялық сөздігі М: кеңістік энциклопедия, 1983. Т2 – 392 бет.)