Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Маманды тадауа баыт беру жмысыны жоспары

.docx
Скачиваний:
48
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
32.73 Кб
Скачать

Мамандық таңдауға бағыт беру жұмысының жоспары, мазмұны, нәтижесі

Тақырыбы: Мамандық таңдауға бағыт беру жұмысының жоспары, мазмұны,нәтижесі «Мамандықтың жаман жоқ, бірақ, мұның кез - келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе». (Ж.Аймауытов) Қазақстан Республикасының президенті Әбішұлы Нұрсылтан Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиясында «Мемлекеттің басты міндеті халық үшін шешім шығару емес, өскелең ұрпаққа құндылықтардың жаңа жүйесіне бейімделуге және мемлекеттің даму сатысымен бірге болашағын қалыптастыруға жол ашу» деп нықтай көрсеткен. Оқушыларға мамандық таңдату оңай шаруа емес. Сол себепті әр мектептің алдында оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын анықтауға ықпал ету міндеттері тұр. Мектептегі педагог - психологтың негізгі атқаратын қызметтерінің бірі оқушыларды кәсіптілікке бағыттау болып табылады. Мұндағы ең маңыздысы әр оқушы өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйенуі керек. Қазіргі ғасырдың талабы қиын, нарық заманы, яғни әрбір оқушы өз - өзіне жауап беретін -заман. Қоғамның талабы бойынша мамандық таңдау алдында ақыл таразысына салып, жан – жакты ойланып барып шешім қабылдауы тиіс. Таңдау жасалып, мақсат көзделгеннен кейін оған жету жоспарлары жасалып, іске асыруға белсене күресу керек екендігін психологиялық тұрғыда оқушының өзіне шешім қабылдатуға итермелеу арқылы, саналы тұрғыда өзіндік пікір қалыптастыру. Сондықтан да психология мен педагогикада аталған мәселеге көп көңіл бөлінуде. Тақырыбы: «Мамандық таңдау қажет пе?» Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдау жайлы ақпарат беру, өзіндік пікірін тыңдау, ойын еркін айтуға баулу. Түрі: пікірталас Ақпарат Армысыздар құрметті мектеп түлектері! Бүгінгі «Мамандық таңдау қажет пе?» пікірталасына қош келдіңіздер. Ең алдымен мамандық сөзіне назар аударайық. Мамандық орыс тілінде профессия, профессия - латын сөзінен шыққан, “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді. «Укипедия» ашық энциклопедиясында «Мамандық - адамнан арнаулы білім, еңбек дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек іс - әрекетінің түрі» деп көрсетілген екен. Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Миға шабуыл • Мамандық дегенімізді сіздер қалай түсінесіздер? (оқушылардың пікірі) - Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұраққа сіздер нақты жауап бере алмайсыздар. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. • Жалпы мамандық таңдау қажет пе? Әлде мектеп бітірген соң бұйырған оқу орнына түсе салармын деген пікір дұрыс па? (оқушылардың пікірі) Психологиялық кеңес Негізінде, мамандық таңдауда үш бастаманы жадыңда ұстанғаның жөн: қалаймын, қолымнан келеді және қажет. Яғни сенің таңдаған мамандығың өзіңнің мінез - құлқыңа сай келуін қадағала, қолыңнан келетін іске ұмтыл, заман талабына сай, сұранысқа ие мамандықты да таңдаған дұрыс, жеке өзіңнің пікірің маңызды, жүрек қалауыңа сүйене отырып шешім қабылда. Бос арман қуудың қажеті жоқ! Мысалы өмірде мынадай жағдайлар көптеп кездеседі, мектеп бітірген оқушы мұғалім мамандығын немесе дәрігерлік мамандығын таңдап оқуға түседі, 3 - 4 жыл оқиды, кейбіреуі тіпті дипломды қолына алған соң, жоқ мен экономика мамандығын қалаймын дәрігерлік, мұғалімдік қолынан келмейтінін түсініп қайта оқуға түседі. Осы арада қаншама уақыт өтеді, бұл шешімнің қателігі. Қорытындылау. Сол себепті жан - жақты ойланайық. Оқу жылы аяқталғанға дейін талай бірге жұмыс атқарамыз, психологиялық тесттер жүргізу арқылы қандай бағытқа икемдерің бар екендігін анықтайтын боламыз, уақытты босқа өткізбейік. Сіздер қоғамға қажетті азамат болғыларыңыз келсе мамандық таңдау мәселесіне терең үңіліп, жауапкершілік танытайық. Пікірталасқа қатысып өз ойларыңызды айтып, бір - бірлеріңізге дұрыс шешім қабылдауға қолдау көрсеткендеріңізге көп - көп рахмет. №3 Жекеленген диагностикалық (Е. А. Климова бойынша) сауалнама Нұсқау: дифференциалдық сауалнама 20 жұптан тұрады. Ойланбастан жауап беріңіз. Егер ұнаса «+», нақты ұнаса «++», өте ұнаса «+++», ұнамаса «-«, нақты ұнамайды «--«, мүлдем ұнамайды «---« белгілермен белгілеу қажет. Жауап нәтижелері «+» пен «-« саны ДДС жауап қағазында әрбір баған бойынша есептеледі «Бүгінгі мектеп түлегі – ертеңгі елдің тірегі» сауалнама Қымбатты дос! Сіздің «Бүгінгі мектеп түлегі – ертеңгі елдің тірегі» сауалнамасына қатысуыңызды сұраймын. Сіз үшін ертеңгі болашағыңыз маңызды екендігі анық. Сол себепті сауалнамаға мұқият, шынайы жауап бергеніңіз дұрыс. Аты-жөні: Сыныбы: Мерзімі: Мамандық,маман дегенді қалай түсінесіз? Мамандық таңдау дегеніміз не? Сіз үшін мамандық таңдаудың маңызы бар ма? Қандай маман иесі болғыңыз келеді? Мамандық таңдауда қандай нақты шешім қабылдадыңыз? Мамандық таңдау бойынша қандай пәнді таңдадыңыз? Отбасында ата - аналарыңыз мамандық таңдау жайлы қандай ой - пікір, ақыл - кеңестер айтады? Сіздің мамандық таңдауыңыздың шешімін сіз өзіңіз қабылдадыңыз ба, әлде басқа адамдар ұсынды ма немесе ата - анаңыз міндет етті ме? Достарыңа мамандық таңдау бойынша қандай кеңес берер едіңіз? Жауабыңызға ризашылық білдіремін! №6 Тақырыбы: Менің мамандығым Мақсаты: Мектеп бітірушілерге мамандық таңдау мүмкіндіктері мен бағыт - бағдарын беру. Қоғам алдындағы үлкен жауапкершілігін қалыптастыру. Қатысушылар: 5 - 9 - сынып оқушылары, студенттер, ұстаздар. Арнайы қонақтар: 9 - сынып оқушылары, студенттер, мектеп директоры, оқу ісінің меңгерушісі, ата - аналар. Кіріспе сөз: Нариман: Армысыздар ардақты ұстаздар, қымбатты оқушылар, аяулы ата - аналар, сыпайы студенттер, қадірменді қонақтар. Бүгінгі көптен күткен «Менің мамандығым» атты кездесу кешіне қош келіпсіздер! Мунира: Аталған кешті өткізудегі негізгі мақсатымыз, мектеп бітірушілерге мамандық таңдау мүмкіндіктері мен бағыт - бағдарын бере отырып, қоғам алдындағы үлкен жауапкершілігін қалыптастыру. Елбасы «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттілігіне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет. Ұлттық бәсекеге қабілеттіліктің аса маңызды шарты, әлеуметтік бәсекелестік үрдісінде табысқа жетуге мүмкіндік беретін күшті рух пен білім» деп атап көрсеткен еді. Нариман: Бүгінгі уақытта мектебіміздің алдында тұрған басты міндеттердің бірі оқушыларымызға кәсіби бағдар беру, болашақ мамандығын анықтап беру. Мунира: Олай болса бүгінгі кездесу кешіміздің арнайы шақырылған қонақтарын қарсы алыңыздар. 1. Ең көп шәкірт тәрбиелеп, оқушыға үлгі бола білген мектебіміздің директоры Өмірбаев Даулет Қазбанұлы 2. Васильковка негізгі мектебінің әрбір түлектерін қимас көзқарасымен аттестатын қолына табыс етіп отыратын оқу ісінің меңгерушісі Ашимова Жанат Абзалқызы 3. Ең көп студент оқытқан, әлі де бірнеше студент оқытатын анамыз Тасбулатова Қымбат апай 4. Ата - анасы мен ауылы, мектебін сағына елжіреп жүретін, кешегі түлек, бүгінгі студенттерімізді қарсы алыңыздар: • Көшенова Алтынай 5. Сан қилы ойда жүрген, мектебімізден ұшқалы жүрген 9 - сынып оқушылары: • Мұқатаев Арлан • Нұрбақыт Солтан Мунира: Ал, құрметті қонақтар қош келіпсіздер. Төрт көзіміз түгел болса, мектебіміздің мақтанышы, жан - жақты өнерлі, білімді, тәрбиелі қызымыздың өнерін қабыл алыңыздар! Сіздер үшін Жеңіс Сәуяның орындауында «Мектебім» әні. Мунира: Танысу алаңы Нұсқау: сіздерге гүл ұсынамын, гүлді қолыңызға алып, студенттер (осы шақта) толық аты - жөнін, оқитын оқу орнын, мамандығын, мамандар (өткен шақта) толық аты - жөнін оқыған оқу орынын, мамандығын, түлектер (келер шақта) аты - жөні таңдаған мамандығы, болашақта оқитын оқу орны арман түрінде. Мысалы: Абильмажинова Мунира Сайранбекқызы, Семей қаласындағы Қайнар Семей Университет, мамандығым педагог - психолог. Нариман: Қызықты сәт Нұсқау: сіздерге көрермендердің сұрауы бойынша мынадай сұрақ: «Мектептегі естен кетпес қызыққа толы оқиғаңызды еске түсіріп, айтып берсеңіздер?» Мунира: Психологиялық сәт. «Психометрия – өзін - өзі тану» Нұсқау: Сіздерге геометриялық фигуралар ұсынылады, сіздер өздеріңізге ұнаған фигураны таңдап аласыздар. Сіздердің таңдаған фигураларыңыз қандай да бір адам бойындағы қасиетті қабілетті білдіреді. Әрқайсымыз өзімізді танып көрелік. Квадрат. Сіздерде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өзіңіздің айналаңызға адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу, жүйелеу қабілеттері баршылық. Сіздерден үздік басқаруш

Менің мамандығым - менің болашагым

Менің мамандығым - менің болашағым Мақсаты: -”Мамандық “ құндылығы туралы түсініктерді кеңейту. Мамандық таңдау, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы туралы ұғым беру. Міндеттері: - мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту. - Мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы қасиетін тануға жетелеу. - Еңбекқорлыққа, еңбекті қадірлей білуге, табысты болуға тәрбиелеу. Әл - Фараби Ісім оңсын десеңіз, Сол істің маманы болыңыз. Даңқым шықсын десеңіз, Көпшіліктің адамы болыңыз. Ойланайық, пікірлесейік Мамандық дегеніміз не? Кәсіп, Сүйікті іс, Шығармашылық, Қызығушылық, Еңбек көзі Мамандық дегеніміз не? Оқушылардың пікірлері сұралады • - Біздің болашағымыз – біздің мамандығымызда; • - адамның болашаққа апаратын жолы; • - адамның алдағы уақытқа қойған мақсатының бірі; • - мамандық бойынша адам жұмыс істейді; • - оқуды бітіргеннен кейін таңдайтын мамандық; • - ол белгілі бір кәсіпке ие болу бейіндігі, ұнату, таңдау, арманыңды іске асыру; • - мамандық сөзі ол жұмыспен сипатталады; • - келешекке қойған жоспары, мамандығын ойдағыдай бітірсе, игерсе сол • - адам жаны қалаған қабілеті бар кәсіпкерлік жұмыспен айналысады.

Әңгімелесу - Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек деп ойлайсыңдар? - жақсы маман болуы үшін адам нені білуі және нені үйренуі қажет? - Сен қандай маман болуды армандайсың? Неліктен? - Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыңдар? - Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар? - Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады? Жаңа ақпарат Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %- і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан - жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез - келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін - өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтар жатады. Қоғамның дамуында мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілікті, коммуникативтік қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап етеді. Сондықтан икемі, қызығуы, бейімі бар мамандықты таңдай білу, өзіне, қоғамға тигізетін пайдасын ойлау, мұндай еңбектен шабыт туатыны, ол өнімді еңбекке ұласып, табыс әкелетінін білу керек. Дәйексөз «Егер мамандықты таңдап алуда сіздің жолыңыз болса және осы жолда өміріңізді сарп ететін болсаңыз, онда сіз бақытты болғаныңыз» К. Д. Ушинский