Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Марат абанбайлы

.docx
Скачиваний:
45
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
39.35 Кб
Скачать

Қабанбаев Марат (1948-2000 ж.ж.)

Марат Қабанбаев 1948 жылы 22 наурызда Зайсан ауданындағы Қараүңгір ауылында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін құрылыста бір жылдай жұмыс істеп, содан соң аудандық газетке жұмысқа орналасқан.

 С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіргеннен кейін "Лениншіл жас" газетінде, "Жалын" баспасында, Қазақ ССР баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетте қызмет істеді.

Әр жылдары балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармалардың республикалық жабық бәйгесінде жүлделі орындарды жеңіп алған.

 Жазушы Марат Қабанбаев бірнеше кітаптың авторы. Солардың ішінде сәтті шыққан туындыларының бірі - "Айшылық алыс жол" атты романы. Роман тақырыбы жетпісінші-сексенінші жылдар аралығын қамтиды. Суреттелген оқиғалардың бәрі дерлік күнделікті өзіміз көріп, басымыздан кешіріп жүрген жайлар. Туған ортасынан ертеректе қол үзіп кеткен жетім бала - Ертай ауылға келіп, еңбек адамдарымен араласып, нағыз өмірдің тер сіңген күпәйкесін кигенде ғана қала мен ауыл арасындағы қайшылықты мықтап сезінеді, ауылдағы халықтың рухани дамуындағы кенжелікті аңғарады. Бұл күнде нағыз өмір сүруге ынтық ақ қағаздай жандар бар да, өмірде актер болып ойнаушылар бар. Мысалы, басқаның қолымен от көсейтін Қали-рабкооп, қайда салсаң содан шығып майлы қасықтай жылпылдап ұстатпайды. Қарапайым еңбек адамы Елтайдың жүріп өткен айшылық алыс жолында бұғып жатқан "Бекежандар" бұлар. Роман сондай-ақ қыз бала тәрбиесіне қатысты мәселелерді қозғайды. "Тұр", "Жат", "Оқы" деген бұйрықпен күн кешкен мектеп-интернаттағы қыз балалар күні ертең ошақ иесі, ана болғанда, тұрмысқа қажетті дағды, әдеттерді қайдан үйренбек ? Қыз баланың шешенің аялы алақанында дәстүрге тән тәрбие алып, бойжетуі табиғи заңдылық деген тұжырымға келеді. Жалпы роман бүгінгі таңдағы әлеуметтік маңызды мәселелерді қамтыған.

 Мараттың өзінің талантты, қалыптасқан қаламгер екенін дәлелдеген шығармасы "Пысық болдым, мінеки" повесі. Бұл бүгінгі балалар өмірін бейнелеген повесть. Басты кейіпкері - Досан деген ойлы оқушы, зерделі жеткіншек. Әсіресе оның туған жердің әр түйір топырағынан қасиет іздеп, әр тал шөбіне үңіле жүруін, Аққұм суының шипалық қасиетін ашуын азаматтық десек де жарасады. Повесть балалар өмірін, балалар арасындағы қақтығыстарды суреттесе де, мұндағы негізгі өзекті мәселе - туған жерге деген махаббат. Негізгі тақырыбы - Досанның жеріне, еліне деген ыстық сезімі. Повесть аяқталғанда аппақ топырағы бар, шаңды, шөлді, шипалы суы бар Аққұм ауылын қимайсың. Жігіттерді жігерлі, қыздарды қызыл шырайлы еткен туған жердің қадірін біле түсесің.

 

Жалпы Марат, дүниеге бала көзімен қарай білетін, сезіне білетін жазушы. Оның балаларға арналған шығармалары "Бақбақ басы толған күн", "Арыстан, мен, виолончель және қасапхана" повестері. "Бақбақ басы толған күн" повесінің бас кейіпкері - оқушы Заманбек. Өзі ақын, өзі өлең жазады. Мінезі де қызық, ойлағаны да күлкілі. Мұны повестегі он үш жасар баланың қызық қылығы мен қиял қуа жасаған іс-әрекетінен, көреміз. Мысалы, әкесінің томырық мінезін ұнатпауы жайында : "Жуықта Пионер газетіне "Мектебім" атты өлеңім жарияланғанда бетіме ежірейіп қарап отырып, "Ой-ит!"-деген. Басымнан да сипамады. Көкем сондай адам. Тентектік жасасам бишікпен тартып жіберуден тайынбайды, өлеңім шықса мәнерлеп тұрып ит дейді. Бала әкесі Сауытбекті мейірімнен тысқары, суық жан деп есептейді. Оның пікірі әділетті ме, мұны шығарманы оқи отырып оқырман өзі саралайды.

 М.Қабанбаевтың бұл шығармалары "Философиялық ойларымен" ерекшеленеді, сонымен қымбат та. Өзгеге ұқсамауға тырысушылық, өмір шындығын өзінше бейнелеуге, соны соқпақ салуға құштарлық Маратқа, оның творчествосына ғана тән қасиет.

 М.Қабанбаев қазақ балалар әдебиетінде ерекше қолтаңба қалдырған тұлға. М.Қабанбаевтың стильдік ұстанымы, баланың өскен ортасына тән сөз саптау мәнерін ерекше талғаммен беруі қаламгердің шеберлігін танытады. Мысалы: Бүйтіп қиюым келіспей, ыза боп тұрғанда шаңдатып шапқылап жүргені шат-шәлекейімді шығарды 

Мысалы «Пысық болдым, мінеки» әңгімесіндегі: «Бала» - Шалтай жездем тізесімен оюлы киізді егей түсіп, жылжып барып, Түйе атаның мұздатқышта көп тұрып қалған тұшпара секілді быт-шыт құлағына айқайлап жатыр [М.Қ.] деген сөйлемдерден қаламгердің сөз қолдану шеберлігі мен айтылар ойдың бала танымына қатыстылығын талғампаздықпен бейнелегенін байқаймыз. Көркем шығармада кейіпкер табиғатын, болмысын ашуға маңызды көріктеуіш құралдарының бірі – диалог. Бұл жазушының когнитивтік танымы мен талғамына, шеберлігіне байланысты. Мысалы, «Үш күн, үш түн» әңгімесінде бала психологиясындағы қымсыну, сөзге сараңдықтың белгілерін былай береді: -Немене, поездан қалып қойдың ба? -Иә. - Түу-у, ашықауыз-ай, Мына аязда вагонда отырсаң болмады ма? – Билетің бар ма? - Жоқ. - Түу-у! Поезға қайдан отырып ең? -Қызылжардан. [М.Ғ.] деген үзіндіде диалогтың құрылымдық қызметі тиімді пайдаланылған. Диалог ауызекі сөйлеу тіліне жататын қарапайым сөздердің қатысуымен жасалған. Қаламгер кейіпкер аузына түрлі сөз орамдарын салу арқылы мінезін, атқаратын қызметін, өскен ортасын және қарым-қатынас жасайтын адамдарды әр қырынан көрсетіп тұр. Көркем шығармадағы кейіпкер тілінің жасалуы туралы академик Р.Сыздық: «Көркем шығарма тілін талдағанда жазушының суреткерлік шеберлігі мен эстетикалық мүмкіндігін тануға болады. Жазушының өз шығармасының поэтикалық деңгейіне сай етіп тілдік құралдарға жүк арта алады ма, әр сөздің, фразаның құдіретін дұрыс танып, олардың барша потенциалды қабілетін жарата білді ме деген жайттар осы әңгімеден туындайды» деген пікір білдіреді [3.47]. Прозалық шығармаларда автор диалогты түрлі сипатта қолдана отырып стильдік мақсатта құрады. Мұндай құбылысты М.Қабанбаевтың шығармаларынан да айқын аңғаруға болады: - Жүз сом... Аз емес пе? – деді кәңгірлей күліп. Циркші шал:- Аз болмаса... мардымсыз жалғыз пенсия жетпейді. Осы кептерді кәсіп қыламын, - деп жыланды. Ағай жомарт екен: -Мә, тағы он сом. Баламның қуанышы үшін бәрі садаға. Жалғыз ұл... Келістік пе ? – деді. Қол алысты [М.Қ.] .

М.Қабанбаев та монологты беруде кейіпкер тілінің ерекшелігіне аса мән берген секілді.

Көркем әдебиеттегі балалар тақырыбына жазылған шығармаларда кейіпкерге лақап есім қоюдың өзіндік ерекшелігі де бар. Ол шығармадағы кейіпкерлердің жас ерекшелігі, іс-әрекеті, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, келбетіне байланысты лақап есімдерді дәл тауып қоюы. «Пысық болдым, мінеки» әңгімесінде кішкентай бала Тілешке қойылған лақап есімді кейіпкердің ойымен сабақтастыра келіп: Құдай шіркін адамдарды жаратып келіп, кезек Үшбасқа жеткенде қатты шаршап қалған білем, қалғып-шұлғып отырғанда қателесіп кетіп, төбе деп шүйдені томпита салса керек. Үшбастың шын аты –Тілеш қой. Басы үшеу, төртеу, әлде алтау бола ма, Тілеш оған пысқырмайды да [М.Қ.] деген мысалдармен келтіреді. Осы тұста қаламгер лақап ат қоюдағы бала танымы мен талғамының объективті деңгейін көрсете білген. Тіпті балалар әдебиетіндегі жалқы есімдердің ішінде адам аттарының кейбірі мазмұны мен дыбыстық құрылымы жағынан өзінен-өзі лақап атқа сұранып тұратыны тағы бар. 

Жоспары:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Марат Қабанбайдың өмірбаяны

  1. Балалар әдебиетіне қосқан үлесі

  1. Шығармашылығына шолу

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Реферат

Тақырыбы: Марат Қабанбайұлы

Орындаған: Калиольдинова М.

КРО ІІ курс

Тексерген: ___________________

____________________________

Алматы 2012 ж.