Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мед психология жауаптары.docx
Скачиваний:
245
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
221.03 Кб
Скачать

1)Медициналық психологияға кіріспе. Медициналық психология курының негізгі мақсаты- жеке адамға әр түлі психикалық факторлардың әсерін; жеке адам дамуында ауытқулардың шығу себептерін, нервтік және психикалық бұзулылардың алдын алу және емдеу Медициналық психология жалпы психолгия ғылымының саласын зерттеу объектісі – жеке адам, оның нервтік—психикалық жүйесі. Қазіргі медициналық психологияның негізгі бөлімдері:

Патопсихология-(«пато»-бұзылу, ауытқу, ауру)- психикасындағы ауытқушылық.

Нейропсихология- психикалық құбылыстар мен мидың физиологиялық құрылымын ара- қатынасын зерттейтін психология саласы(нейрон- нерв клеткасы единицасы.

Психопатология- психика паталогия( психиканың бұзылуы) Патопсихологиямен психопатолгия- бір ұғым.

Медициналық психологияның негізгі міндеттері:

- Нервтік – психикалық және соматикалық аурулардың барысы мен емдеу кезінде психолгиялық факторлардың зерттеу барысында.

- Әртүрлі сырқаттар психиканың өзгерістерін зерттеу.

- Әртүрлі ауытқушылық жағдайлардың психикаға әсерін зерттеу.

- Сырқат адамның қоршаған ортаға қарым-қатынасын зеттеу

- Психикалық ауытқушылықтарды қалыпқа келтіруде лабораториялық эксперименталды- психологияның жаңа әдістерді қолдануды зерттеу

- Психикасы сырқат адамның жоғарғы нерв жүйесінің зақымдану мөлшерін зерттеу, анықтау

- Психотерапия жетістіктерін қолдана отрырып, науқас адамды сауықтыру.

Психотерапия- психикалық әсердің көмегімен емдеу жолдарын қарастыратын ғылым.

Психофармалкалогия- адам психикасына әсер күші

Психоневролгия- адамның нерв жүйесі туралы жалпы ғылым

Психопат- психикалық аурудың белгісі байқалатын адам

Психоз- рухани сипаттағы ауру, жындану

Психопрофжәне гигиена- адам денсаулығымен оны нығайтуға арналған шара

Психиатрия- психиклық аурулардың шығу тегін патогинезін клиникасын, емдеумен аурудың алдын алуы зерттейтін ғылым.

Медициналық психология дәрігерлердің қызметі мен аурулардың мінезқұлқын зерттеу. Адам психикасы жайындағы ілім мистикалық діни көзқараста ықпалында болды.8-12 ғасырларда Шығыс елдерде философиялық ой- пікірлер өркен жайып, ғылым және адамның жан дүниесі жанындағы ілім жанданып, жаңа сипатқа не болды.Жаратылыстану, медицына,математика мен адамтану ғылымдары өркен жайып,ежелгі дүние ғұламалары Платон мен Аристотельдің ,Гален Архимедтің еңбектері араб тіліне аударылды.Аристотельдің және басқа да ғылымдардың идеялары,ашқан жаңалықтары,ой-пікірлері жаңа сипат алып Әбу-Насыр-әл-Фараби (870-950жж) Әби-Алу иби Сина (Авиценна) (980-1037жж),(1126-1198жж) сияқты орта ғасырлық ғұламалардың зерттеулері арқ.адамның жандүниесі жайындағы ілім өркендеді.

Араб ғылымы Ибын әл-хайсам(әлгазен)Иранның медик ғылымы Закария Рази (865-925жж)өз еңбектерінде адам жан жүйесі.жайлы сол замандардағы ғылым жетістіктеріне сүиеніп,әр алуан зерттеулер жүргізді.

ӘбуНасыр әл-Фараби адам жан дүниесінің қыр-сырын ашып көрсететін бірнеше шығармалар жазды «ізгі қала тұрғындары» «Азаматтық»Саясат» аристотельдің «Жан туралы шығармасын арал тіліне аударған. Фараби жан тәнімен бұрын өмір сүрді бір денеден екінші денеге барып орналаса да алмайды деген ғылыми пайда жасаған

2) Медициналық психологияның даму тарихы, теориялық мәселелері. Аурумен байланысты психика туралы примитивті ойлар. Адам аурумен күрес кезінде оның себептерін, онымен күресу жолдарын жетілдіріп келді. Бірақ соматикалық аурудың билігінде болған адамдар, психикалық ауру туралы ешқандай көріністері болмаған. Психикалық аурулар туралы көріністер фольклорда, аңыздарда, көне мифтік жырларда кездеседі. Олардың негізінде аурудың пайда болуы адам жанының жынмен басып алынуы себеп ретінде қарастырылған. Тарихи дамудың бастамасында қалған Азия, Африка елдеріндегі сиқыршы, шамандар аурудан айығу жолдарын мистикалық тұрғыдан түсіндіреді. Психика және психикалық аурулар табиғаты көне заман ғалымдары мен философтарын толғандырды. Алкмеон психикалық құбылыстарды мимен, Гиппократ психика мен дене бітімін гуморальды нышандармен байланыстырды. Бірақ көне заман ғалымдары жан ауруларын негізгі тенденциясын медицина облысында жеңе алмады. Біркелкі уақытта басқа жерлерде Гиппократ, Гален және тағы басқа көне медицина классиктерінің ілімдері дами бастады. Басқа адамдарды психикалық аурумен ауыратын адамдардан сақтау үшін туыстары оны қадағалап және ол бүлдірген заттарға жауапты болды. Қауіп төндіретін науқастар түрмеге немесе соған ұқсас мекемеге отырғызылды. XV ғасыр әдебиетінде Д. Савонарол есімді адамның нұсқауы мынадай болды: « жан ауруымен ауыратын адамдарды қамшымен қан шыққанғанға дейін ұрып, инелермен шаңшылып, денелері қышақағазбен жабылуы тиіс. Күдіктілер қатаң азапқа тартылып, олардың жынмен байланысын мойындаттыру керек». 1571 жылы бір шіркеу адамы Францияда 300 мың сиқыршы мен мыстандар бар деп айтты. Тіптен XVI ғасырдың көрнекі дәрігерлері жынмен байлану туралы ықтималдылықтарды қолданды және онымен күресу қажеттілігіне сілтеді. Бірақ ол кезде демонологиялық идеялармен күрес басталды. XVI ғасырда Италия Орталық Европаға қарағанда демонологиялық түсініктен арылды. Жан ауруын олар мидың токсикалық заттардың әсерінен өзгеруі деп қарастырды. Меркуриал (1536-1606) меланхолия соматикалық себептермен қоса, бақытсыздықтың әсерімен де пайда болады деп айтқан. Сонымен қатар ол адам мінезінің ауырлығы бала кезіндегі дұрыс жағдайдың болмауы мен әдепсіз қарым-қатынас әсері деп белгіледі. Сол ғасырдағы танымал дәрігер және ғалым Платер психикалық бұзылыстарды тұқым қуалаушылық, эндогенді және экзогенді факторлар рөлін ескере отырып, этиологиялық сәттермен байланыстырып ең алғаш рет классификацияны бөліп шығарды. XVII ғасыр – Декарт ғасыры рефлекс туралы ұғымдардың, Гоббс философиясының материалистік бағыты, Локктың материалистік эмпиризмнің пайда болуымен мінезделеді. Ғылым негізіне көзқарас емес, тәжірибе қойылады. Детерминизм идеясы медицинаға ене бастайды. Лепуа истерияны ми қызметінің бұзылуымен және осы аурудың пайда болуы эмоцияның рөлімен түсіндірді. Ол истерия тек қана әйелдерде емес, ер адамдарда да кездеседі деп нақты көрсетті. Алайда ол кезде демонология әлі байқалса да, бірті-бірте жоғала бастады. Танымал дәрігер және химик Гепперт меланхолияның 7 формасын бөліп көрсетіп, кейбір формаларында жынның әсерімен басқа тілде сөйлеу пайда болады деп тқжырымдады. Ван Гельмонт жан ауруының дамуына катты шайқалыстардың рөлін көрсетті. Сонымен байланысты ол психоздарды емдеу үшін науқыстарды мұздай суға салу керек деді. Анатом Сильвий (Делебой 1614-1670) «ақыл-ой ауруын кім емдей алмаса, ол дәрігер деп есептелмейді» деген формуланы алға тартты. Ол жан ауруымен ауыратын адамдарды моральды әсер арқылы емдеу жағдайларының көптігі туралы мәлімдеді. Тағы бір танымал анатом Вилизия (1621-1675) прогрессивті параличтің айқын бейнесін көрсетті. Ол мидағы психикалық қызметтердің локализациясы теориясы мен психиатриядағы неврологиялық бағыттың негізін салушы. Бірінші патологоанатомиялық монография авторы Бонет жан ауруларын «диалектикамен» емдеу бағытының өкілі болды. Ол психология сұрақтарын да қарастырды. Сол уақыттағы жан ауруын емдеу құралы болып инсценировка пайдаланылды. Луситанус «Жандандыратын практика» кітабында сондай жағдайлардың мысалдарын жазды. Өзін кінәлі сезінетін науқасқа періште киімін киген адамды жіберіп, оның кінәлі емес екендігіне көзін жеткізді. Әрине, ондай амалдар медициналық психологияны төмен өнімділікке әкелді, бірақ дәрігерлердің ондай белсенділігі назар аударуға тұрарлық. XVII ғасырда жан-жақты ғалым Закхиас (1584-1659) еңбектерінде соттық психопатология мен экспертиза туындап, медициналық психологияға маңызды материал берді. XVIII ғасырдың Франциядағы психиатриялық көмектің ұлы реформаторы Пинель өзінің «Жан аурулары туралы трактатында» психологиялық ауруханада басшы болып: дәрігер, администратор және психолог, ал дәрігер мен психолог бір адам бойында жинақталса тіптен жақсы болатындығы туралы жазылған. Ал ертерек Англияда психиатриялық ауруханада жан ауруымен ауыратын адамдарға гуманды қарау принцип реформасы қабылданды. XIX және XX ғасыр басындағы медициналық психология. Медициналық психология тарихы медициналық ғылымның, бірінші орында психиатрияның, психологиялық зерттеулердің және ми туралы ілімдердің жинақталуымен тығыз байланысты. XIX ғасырда медициналық психологияның дербес ғылым ретінде пайда болуына негіз болған бірнеше еңбектер жарияланды. 1818 жылы танымал дәрігер және анатом Рейл «Жан ауруларын емдеуде психикалық методтар» атты зерттеуін жариялады. Бұл еңбектің медициналық психологиядағы негізгі мәні – психотерапия методтарын қолдану. «Медицина және тәрбиелеу» мәселесіне арналған жұмыстар да Рейлге жатады. 1834 жылы танымал невролог Фридрейч «Дәрігерлік және соттық психология әдебиеттеріне жүйелі нұсқау» еңбегін жариялады. Дәрігерлік психологияға арналған бөлімінде психология, психопатология, психиатрия және психотерапия мәселеріне арналған 3469 жұмыс тізімі бар. Медициналық психологияның дамуына медицинадағы идеалистік және материалистік бағыттардың күресі негіз салды. Бірінші бағыттың өкілдері «психик», ал екіншілері «соматиктер» деген атау алды. Психиктер мен соматиктер күресі медицинаның жалғыз негізі жаратылыстануды мойындаумен соматиктер жеңді. Бірақ ең алғаш рет бұл механистикалық материализмнің жеңісі болды. «Соматиктерге» қарағанда «психиктер» науқастың психикасына әсер етеді деген оймен терапия түрлерін ойлап тауып, оларды қолданды. Мұндай әсерлерге механотерапия жатады: керуетке байлап қойып, бетіне ағаштан жасалған маска кигізіп айналдыру немесе кенеттен ауруды биік жерден бассейнге лақтыру. Мұндай қатал процедуралар науқастың күйін одан сайын нашар етті. Осы екі бағыт қателеріне нақты нүкте қойған Грисингер. Ол психиатрияны медициналық ғылыммен бір ағымға қоюды ұсынып, психика органы ретінде миды физиологиялық түсінуге жақындады. Нормаға сәйкес, соматикалық және психикалық аурумен ауыратын адамдардың психикасына деген қызығушылық XIX ғасырда үздіксіз артады. Осы ғасырдың ортасында Лодзенің «Медициналық психология», 70-жылдары Тукенің «Психологиялық медицина» атты кітаптары жарық көреді. Бірақ бұл кітаптар медициналық психология емес, психиатрияның дамуына арналған авторлардың очерктерінен тұрады. XX ғасырда медициналық психология пәнін дұрыс көрсететін монографиялар жарияланады. 1908 жылы Пенсильвания университетінің профессоры Витмер «Психологиялық клиника» атты журналды шығара бастады. Гипнозға байланысты көп материал жиналып, неврология, физиология, психология дамуында қызықты және құнды мәліметтер адам нейрофизиологиясы мен медициналық психологияны түсінуде көмек көрсетті. Осы қатынасқа үлкен қызығушылық невроз және медициналық психологияға арналған Джанет жұмыстары, бейсаналы мәселесіне арналған Принс жұмыстары тудырады. Бұл жұмыстар неврозбен ауыратын адамдардың гипноз кезіндегі күйлерде алынған үлкен эксперименталды материалдарға сүйенеді. Джанет, сонымен қатар сананың екіленуі мен деперсонализация күйлерін анықтады. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезінде Брейер мен Фрейд жқмыстарына сүйенген арнайы бағыт дами бастады. Фрейд осы бағыттың басшысы және психоанализ ілімінің негізін салушы болды. Бұл ілім невроздар, невротикалық бастамалардың психологиялық анализі мен олардың психотерапиясына қатысты, содан соң сау адамды зерттеу жолдарына көше бастады. Фрейд идеясы көптеген ізін басушыларды жинады және капиталистік елдерде кең таралды. Бірақ психоанализ критикаға бой алдырды. Осындай жұмыстардың бірі Блондельге жатады. Философиялық диалектика материализмі мен жоғарғы нерв қызметінің дамуы арқасында психология мен медицинаның дамуы психоанализ қателерін тереңдей ашу мен оның ғылыми еместігін дәлелдеді. Фрейд ізін қуушылар арасында оның көзқарасымен келіспей кеткен оқышаларының бірі – Адлер. Ол Фрейдтің сексуалды теориясына қарсы болды. Фрейд оқушысы Юнг психоанализ айналасында «аналитикалық психология» негізін салды. Психоанализді жақтаушылар теоретикалық критика мен практикалық тәжірибе қысымымен өз позицияларын өзгертті. Сексуалды инстинкт пен бейсаналық теория рөлін анықтайтын фрейдтік түсініктен алыстаған неофрейдизм пайда болды. Бірақ олар антифрейдисттер позициясын ұстаған жоқ, себебі Фрейд түсінігі мен терминологиясын сақтап қалды. ХХ ғасырдың 20 жылдары ірі психиатр Кречмердің медико-психологиялық мәні бар «Медициналық психология» атты еңбегін жарыққа шығарды. Кречмер психиатрияда және медициналық психологияда конституционалды-биологиялық бағытты ұстанды. Материалистік медициналық психология дамуы. Жаратылыстану бағыты нейрофизиологияда табысты дамыды. Развитие естествознания сопровождалось значительными успехами в нейрофизиологии. Крупнейший физиолог второй поло¬вины XIX ғасырдың ірі физиологы И.М. Сеченов психикалық құбылыстарды рефлекторлық теория көзқарасымен түсіндіріп, отандық нейрофизиология негізін салушы қатарымен, материалистік психологияның да негізін салушы болып табылады. Аса танымал нейрофизиолог, невропатолог, психолог және психиатр В. М. Бехтерев И. М. Сеченовтің ілімдеріне сүйеніп, «объективті психологты» құрады. Рефлекторлы теория психикалық құбылыстардың патологиясы мен нормаға сай құбылыстарды түсінудің нақты негізі болды. И.П. Павловтың жоғарғы нерв қызметі туралы ілімі осы этапта маңызды болып табылды. Павлов еңбектері тек қана жоғарғы нерв қызметтерінің заңдылығын емес, сонымен қатар ми, оның морфологиясы, биохимиясы, электрофизиологиясын біріктіруге негіз болды. Ол медициналық психологияның ғылыми базасы ретінде көрініс тапты. Медициналық психологияның маңызды сәті ретінде клиникалық психоневрологиялық мекеме жаңында психологиялық эксперименталды лабораторияның ашылуы қарастырылады. Ресейдегі ең алғашқы эксперименталды-психологиялық лабораторияның психиатрия кафедрасында В. М. Бехтерев, С. С. Корсаков, Н. А. Бернштейнмен, невропатология кафедрасында Г. И. Россолимомен ашылды. Кеңестік заман кезіндегі медициналық психологияға А. П. Нечаев, П. П. Блонский, Л. С. Выготский еңбектері үлкен рөл атқарды. Медициналық психологияның дамуына тағы үлес қосқан бала психиатриясы мен дәрігерлік педагогика. Сонымен, медициналық психология көп даму тарихынан өтіп, әлі де даму үстінде. Ал осы ғасырға дейін үлес қосқан ғалымдар медициналық психологияның кемелденуіне үлкен негіз салды.

3) Патопсихология, пайда болу тарихы және дамуы. Патопсихология қосымша психиатриялық пән, оның міндеті болып жаны науқас адамдарда психикалық процесстер бұзылысын экспериментальды зерттеу болған. Неміс психиатр – теоретигі К.Ясперстің жұмыстарының негізінде 20ғ. басында психопатология, жаны науқас адамдардың күрделі психологиялық өзара қатынастарын зерттейтін дербес ғылымға айналды. Ол психикалық дерттерді «ішкі себептер» сапасында қарастырған. Бұл ішкі себеп, «сыртқы ақиқат себеппен» өзара қатынасқа түсе отыра К.Ясперстін пікірінше нақты жарымжан адамның психикалық бұзылыстарының ерекше картинасын анықтайды, бұны зерттеу психиатрге тура диагноз қоюға ж2не дұрыс ем тағайындауға мүмкіндік береді.

Психопатологиямен қатар жалпы психология шеңберінде 20 ғ. басында ерекше қолданбалы білім саласы пайда болды – ол, патологиялық психология. Оның міндеттері болып «ередегі емес» психикалық шеңбердің көрінісін «ережедегі» адамдардың психологиясын жақсы таңып білу үшін мақсатпен зерттеу жатады.. Жарымжан пациенттерде байқалатын психика бұзылыстары патопсихологияда, жалпы психикалық өмір феноменіне сайкес орынын және мағынасын толық түсінуге , және де қандай да болмасын психологиялық теориялардың ақиқаттылығын тексеруге,және психологиялық білім саласындағы жаңа проблеманы аңғаруға мүмкіндік береді.

Патопсихология клиникалық психологияны саласы ретінде клиникалық психологияның ерте кезенінде бірінші болып жылдам дамыды. Психиатрияға деген қызығушылық бүгінге дейін зор блғанымен, практика жεне медицина саласында ең аз теория, және ең күрделі практикалық шеңберде қарастыры, көбірек деңгейде психология саласында қарастырылған.Бұлай болуы, оның пεні ерекше дерттер классы – мεні барлық психика бұзылыстарында көрінетін психикалық ахуалдар болғандықтаг. Психикалық ахуалды зерттеу үшін, алдымен психиканың көп қырлы көрінісін білу қажет. Міне сол себептен психиатрия үшін психологиялық білім өте маңызды. Бұл туралы 1876 ж. И.М.Сеченов ескертіп жазған « дене патологиясының негізінде физиология жатқан сияқты психиатрия негізі болып психология жатады» деген.

4) Аномальды даму психологиясы

Аномальды даму психологиясы ағзаның анатомиялық-физиологиялық өзгерістеріне, адамның денсаулығына байланысты да болады. Мысалы: анемиялық жағдай, анемия-сөзі «қан аз» немесе «аз қан» деген ұғымды білдіреді . Бұл жағдай адам қанындағы гемоглобин мөлшерінің азаюынан пайда болады. Гемоглобин организмнің тасымалдық функциясын атқарады . Гемоглобин оттегімен байланысып , әрбір клеткаға , органдарға , тканьдарға оттегін тасиды. Анемиялық жағдайда тканьдар мен органдарда оттегінің жетіспеушілігі – гипоксия болады. Анемияның негізгі симптомы (себептері): бас ауру, әлсіздік, тері мен шырынды қабаттарының реңсіздегі .

Анемияның негізгі үш топқа бөлуге болады: көп қан жоғалтқандағы анемия ; эритроциттер түзілуі бұзылуындағы анемия; эритроциттердің жоғары бұзылуындағы анемия. Анемияның бірінші тобын темір жетіспеушілік себептері негізінде қарастыруға болады . Әртүрлі аурулар мен жарақаттардың себептерінен қан жоғалуы мүмкін Қанның қызыл көрсеткіштерінің төмендеуі шұғыл болмайды. 1-2тәуліктен соң қан жүру және жиналу жолдарына байланысты қандағы гемоглобин мен эритроцит көрсеткіштері төмендейді. Қанды қайтадан жоғалтқанда анемияның асқынған түрі пайда болады. Оның негізгі себептері мен ағымы: әлсіздіктің біртіндеп дамуы, қозғалыс кезіндегі ентігу , жүрек соғуының жиілеуі, бас айналуы. Тері мен көзге көрінетін шырын қабаттарының реңі бұзылуы . Қанның құрамындағы гемоглобин мен эритромицин көрсеткішінің төмендеуі . Асқынған қан жоғалтуда организмдегі темір қоры жоғалып, қан түсінің өзгеруіне әкеледі. Әсіресе адамның ішкі органдарынан қан көп кеткен: асқазан –ішек жарақатына , ісіктеріне байланысты.

Гелюлитикалық анемияның негізгі ерекшелігі эритроциттер бұзылудың күшеюі. Олардың екі түрі бар: туа біткен және жүре пайда болған. Гелюлиздің себептеріне қарай: клетканың ішіндегі эритроциттер кемістігінен, эритроциттердің бұзылуынан және эритроциттермен байланысты факторлардың бұзылуынан болатын түрлерін ажыратамыз. Гелюлиздің негізгі себептеріне: анемия,сарғаю (сары түстің басым болуы), билирубин құрамындағы өзгерістер, кіші дәреттегі уротилиногеннің көбеюі, лейкоцитоз бен тромбоцитоздың дағдарысы , эритроциттер мерзімінің қысқаруы . Туа пайда болған микросфероцитарлық анемия-анемияға бейімділікті балалық шақтан байқауға болады. Клеткадағы эритроциттерді бұзатын кемістіктерден аталған ауру пайда болады . Негізгі себептеріне инфекциялар әсер етеді. Микросфероцитарлық анемия жағдайында жұлында , бас мида өзгерістер , қол –аяқта жаралар , жалпы дамуда ауытқушылықтар кездеседі . Балаларды 5- жастан асқанда инемесе 9-10 жасқа дейін емдеуге болады . Ал үлкен адамдарда емдеу жолдары өзгеше .

Анемияның жүре пайда болған гемолитикалық түрі инфекциялық аурулармен (сепсис , малярия және т. б.) ауырғанда ,гемолитикалық улармен (фосфор ,фенилгидразин, анестезин, акрихин, жылан және саңырауқұлақ уларымен) уланғанда ,қатты күйгенде не аяздағы үсікке ұшырағанда пайда болды. Сыртқы себептердің арқасында гелюлиз жоғарлап , эритроциттің бұзылуына әкеледі. Сондай-ақ кейбір дәрілердің өздерінде эритроциттің бұзылуын тудырады. Мысалы амидопирин,хинин, сульфаниламидтық дәрілер. Бұл дәрілер қандағы клеткалар және белоктармен қосылып, қанға әсіресе эритроциттерге қарсы түзілулер құрайды, әсіресе қан тамырлары ішінде . Бұлар адамның иммунитетін бұзады не төмендетеді.Ииммунитет-организмнің кез-келген жағымсыз ықпалдарға ,ауруларға күші.Иммунитетке зиян келтіретін жағдайлар сәйкес келмейтін қанды (резус факторлары мен топтары) құйғанда байқалады . Бұл ауру бірден байқалады : адамның дене қызуы жоғарлайды (39-40градус) әлсіздік , денесі сары туске боялады , жүрек қан тамырлары ұлғаяды , бауыры ұлғаяды кіші дәреттің түсі өзгереді (қара түске ) ,бүйрек тамырлары өзгереді.

Анемиялық теміржетіспеушілік түрі- әсіресе қыз балардың жыныстық жетілуі кезінде байқалады . Бұл жағдай хлороз деп аталады . Жасы ұлғайған әйелдерде де байқалады. Негізгі себебі: темір жетіспеушілік. Организмнің өсу кезінде және алғашқы етеккір келуіндегі қан кету кезіде организмнің темірге деген қажеттілігі артқанда қана теміржетіспеушілік байқалады. Адамның басқа жас кезеніңдегі хлорозды, анемияның патогенезін тудырытын факторларға; асқазан ахимиясы; етеккір мерзімінің бұзылуы және қанның көп кетуі; эстроген секрециясының жетіспеушілігі (жүктілікте және баланы емізу кезінде) темір қорының азаюы жатады. Бұл аурудың себептері мен ағымы ауру адамның терісі мен шырын қабаттары реңсіз. Адам шыдамсыз, ашуланшақ, тез шаршағыш, жүрек соғуына, құлағындағы шуға, бас айналуына ,үнемі ұйқысы келетіндігіне шағым айтқыш болады. Тамақ талғау тәбеті бұзылады: тамақпен бор, саз , шикі тағамдарды талап ету байқалады. Тырнақтарында өзгерістер , дисграфия симптомы байқалады.

Етеккірдің мерзімі бұзылып, маткада(жатырда)фиброматоздық ағым байқалады .Қанның тусі өзгереді . Бұл ауру көбінесе көктем мен күз мезгілдерінде асқынады.

В12және фолиевожетіспеушілік анемиясы өте бояу, ұзақ уақыт дамитын түрі. Организм эритроциттің төмендеуіне біртіндеп бейімделеді. В12 витамині жеткіліксіз болса ,әсіресе асқазан сөлінен бөлінетін – асқазанның шырынды қабатының бұзылуында аталған ауру болпады. Қалыпты жағдайдағы адам организмдегі бауырда 1000-5000у кобамид –коэнзим В12 –нің қоры болады. Ал фолиево қышқылының қоры аз .Организмге тамақтану арқылы В12 –витамині жетіспегенде және резорбцияның бұзылуында ,асқазанның асқынған ауру түрлерінде болады. Сондай –ақ жүктілікте де аз болуы мүмкін .Бұл аурудың өзіне тән ерекшеліктері : анемия , асқазан –ішек құрылысы мен жүйке жүйесі нің өзгеруі . Адам терісінің реңі сарғаюы , тілінің өзгеруі , іш өтуі , асқазан ішек құрылысына шағымдану салмағының азаюы болады. Жүйке жүйесіндегі өзгерістер негізіде түйсіктің зақымдануымен: денесіндегі құрт –құмырсқалардың көмескіленуін шағымданумен сипатталады.

Гемоглобиноздар ақырғы екі онжылдықта үлкен адамдардың гемоглобин құрамында қалыпты және патологиялық жағдайлар болып тұрады. Бұл жағдай-гемолитикалық анемияның гемоглобиноз тобын құрайды. Зерттеулердің дәлелдеуінше гемоглобиннің бірнеше қалыпты (А1;А2;F) және гемоглобиннің патологиялық мөлшері (S,H, C,D, және т. б.) анықталған. Қазіргі көзқарастарға сүйене отырып гемоглобиндегі патологияның пайда болуын бірнеше себептермен байланыстыруға болады.Қалыпты помлипептид тізбегінің болмауы , анилюқышқылдағы альфа немесе бета полипептид тізбектерінің алмасуынан және т. б. Әсіресе гемоглобин патологиясына тұқымқуалаушылық үлкен әсерін тигізеді . Кейбір адамдарда тұқым қуалаушылық арқылы гемоглобиннің күрделі патологиясы ,ал кейбіреуінде жеңіл түрі қайталануы мүмкін.

Патологиялық белгілердің тұқымқуалау арқылы берілуі доминанттық жолмен қайталанады. Гомозиготалық некеде –яғни әкесінде ,шешесіндеи патологиялық белгілерді тасымалдаушы болса , ауыр түрі қайталанады . Ал гетерозиготалы некеде –жұбайлардың біреуі патологиялық белгілерді тасымалдаушы., болса ,келер ұрпақта қанның азғантай құрамына беріледі және тасымалдаушы болады.Анемияның гелюлитикалық түрінде байқалатын белгілер : дамудың тежелуі ,сүйек құрамының өзгеруі ,остеопороз , периоститтер , бас сүйек өзгерісі , эритроцит құрамының өзгерістері.

Жұлын функциясы өзгерістерімен байланысты анемияның апластикалық және гипопластикалық түрлері бар. Апластикалық және гипопластикалық анемиялардың дамуына қанның түзілуіне ықпал ететін сыртқы факторлар мен эндокриндік жүйенің туа біткен жетіспеушіліктері әсер етеді. Жұлындағы қан түзілуіне кедергі келтіретін көптеген физикалық,химиялық ,биологиялық заттар бар. Оларға дәрілік заттар (амидопирин,метилтиоурацил,новэмбихин,тиофосфамид,сарколизин,стрептолицин,левомицетин және т. б.) химиялық препараттар (бензол, бензин, сынап,мыс, висмут және т.б.) энергия сәулелері (рентгендік сәулелер , радий, изотоптар), инфекциялар (сепсис,грипп, туберкулездің кей түрлері) жатады.Гипопластикалық анемияның ауыр және асқынған түрлеріндегі белгілері бірдей. Апластикалық және гипопластикалық анемиялар бір топтағы ауру ағымына жатады . Жұлындағы қан түзілудің өзгерістерінен лимфа тканьдардың салмағы кішірейеді . Соның салдарынан қара өтте атрофикалық (дамымау) өзгерістер болады. Бұның салдарынан бауырдың қызметі нашарлайды, бауырдағы тканьдарда гипоксия (улану) пайда болып, анемияның асқынған ,ұзақ түрге әкеледі

Агранулоцитоз- клиникалық гемотологиялық белгілерге жатады . Бұл ауруда гранулацитоздың аяқ асты төмендеуі байқалады.Ауруды тудыратын себептер: инфекциялық (жұқпалы аурулар) агенттері-тасымалдаушылар (сепсис,өкпеге суық тигенде ,сүзек және т.б.) медикаментоздар (хинин,барбитураттар,метилтиоурацил ,сульфаниламидтер, стрептомицин , ПАСК эжәне т.б.)сәулелер (рентген сәулелері, радий,радиоизотоптар). Агранулоцитоздың және инфекциялық және медикаментоздық түрлері жиі кездеседі. Аурудың себептері мен ағымы: аурудың басталуы аяқасты. Ангинаның язвалық турінде дене қызуының жоғарлауы , организмнің улануы байқалады Көптеген жағдайларда . пневмонияның асқынуы байқалады. Сондай –ақ жақсуйектерінің асты, мойын , қолтық астындағы лимфа тармақтарының ұлғаюы байқалады.

Қан құрамында күрделі өзгерістер байқалады : эозинофиялардың төмендеуі мен плазма клеткаларының ұлғаюы байқалады. Адам аурудан айыққанның өзінде көптеген жұқпалы ауруларға (грипп, тыныс жолдарының тарылуы ) төзімділігі нашарлайды және аталған ауруларға тез берілу байқалады.

5) Дисгармониялық психикалық дамуы. Күнделікті клиникалық тәжірбеде “мінез” бен “тұлға” ұғымдары бір мағынада қолданылады.Мінез патологиясының анық көрініс беруі “психопатия” деген ұғыммен анықталады. П.Б.Ганнушкин (1933) психопатияларды мінездің аномалиялары ретінде сипаттады: “индивидтің психикалық бейнесін түгел анықтайтын..”, “өмір сүру барысында... шұғыл өзгерістерге ұшырамайтын”, “қоршаған ортаға бейімделуге бөгет жасайтын”. О.В.Кебиков (1962) бұл белгілерді паталогиялық қасиеттермен әлеуметтік адаптацияның бұзылуының тоталдығы (жаппайлығы), тұрақтылығы деп атады. Психопатия деген диагноз қою үшін берілген критериилердің үйлесуі керек. Психопатияның белгілері:

1 тұрақтылық деп мінез қасиеттерінің өмір сүру барысында аз өзгеруін түсінеміз.

2.мінез қасиеттерінің тоталдылығы: психопатия кезінде мінездің бір қасиеттері бар жерде: үйде де, жұмыста да, қарым-қатынаста да көрініс береді. Егер адам үйде біреу, далада басқаша болса, онда ол психопат емес.

3.әлеуметтік дезадптация – адам өмірінде әрқашан қиындылықтар туындайды, ол қиыншылықтарды өзі немесе айналасындағылар басынан кешеді.

Бұрын “психопатия” терминімен анықталған, қазір МКБ-10 тұлғалық және әрекеттік бұзылулардың келесі түрлері бөлінеді:

    • тұлғаның шизоидты бұзылуы (шизоидты психопатия);

    • тұлғаның эмоционалды тұрақсық бұзылуы, импульсивті тип (қозбалық психопатия);

    • тұлғаның ананкасты (обсессивті - компульсивті) бұзылуы (психоастениялық психопатия);

    • тұлғаның истериялық бұзылуы (истериялық психопатия);

    • тұлғаның тәуелді бұзылуы (астениялық психопатия);

    • тұлғаның диссоциалды бұзылуы (гебоидті психопатия немесе социопатия);

    • тұлғаның эмоционалды тұлғаның параноидтық бұзылуы (параноидты немесе параноиялды психопатия);

    • тұрақсыз бұзылуы ( тұрақсыз психопатия );

    • тұлғаның аралас бұзылуы (мозаикалық психопатия).

Психопатиялардың клиникалық белгілерін толығынан психатрия курсында оқылады. “Медициналық психология” курсында болашақ дәрігер “Мінез екпіндеулері” (тұлға) деген ұғыммен жан-жақты танысуы қажет. Тұлға акцентуациялары –қалыпты (үйлесімді) тұлға мен патологиялық (психопаттық) тұлғаның арасындағы шекаралық қалып.“Екпінделген тұлға” ұғымын Берлин университетінің профессоры К.Леонград (1968) ұсынып, мінезі мен темпераментінің қасиеттері аса күшті, қалыптан шығатын адамдарды атаған.(Адамның екпіндеуі) деген кітабында ол мінезі толысып келе жатқан адамның екпіндеуі мен оның мінез-құлқының дербес белгілері арасын ажырату оңайға түспейді деп жазды. Сонымен қатар адамның екпіндеуі мен патологиялық мінез (психопатия) туралы түсінікті де бір-бірінен бөліп қарайды. Ектіндеу(акцентуация) – адам мінезіндегі кейбір белгілердің күшейюі , яғни (мен мұндалап)тұруы, ол патологияға оңай ауысатын мінез белгілері.Екпіндеу жеке мінездің патологиясы емес, бұл сау адамдарда кездесетін жан иқұбылысы.

6) Кең таралған психикалық аурулардың клиникалық-психологиялық сипаттамасы. Психикалық аурулардың шығу себептері әртүрлі. Медициналық және психикалық ғылыми зерттеулердің қорытындысы бойынша стресс адамның психикасына әр түрлі әсер етіп, әртүрлі психикалық өзгерістерге әкеледі. Психикалық аурулар тұқымқуалайтын және жүре пайда болатын екі топқа бөлінеді. Тұқымқуалайтын ауруларға: олигофрения, шизофрения, эпилепсия, маникальды-депрессивті психоз және т.б. Жүре пайда болатын психикалық аурулар көптеген себептерге байланысты: дұрыс тамақтанбау, интоксикациялық жағдайлардың ықпалы, заталмасу процестерінің бұзылуы, экологиялық жағымсыз жағдайлар, қанның резус факторы және т.б.

Қазіргі психогенетика ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып, хромосомалық аурулардың шығу себептерін хромосомалық факторлар негізінде анықтауға болады: хромосома жиынтығының артық не кем болуына байланысты көптеген ауытқулар. Клайнфельтер синдромы (ХХУ) және У-хромосомасы ықпалдарына жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде қылмыскерлер мен агрессивті психопаттардың көпшілігі мутациялық жағдайға ұшыраған, У-хромосомасы артық жағдайды «хромосомы-убийцы», ал ХУУ – ХХУ хромосомалары бар балалардың ақыл-ой кемістігі, интеллект төмендеуі, төменгі әлеуметтік адаптациялануы (бейімделуі) және агрессивті мінез-құлық байқалады.

Еркектерде болатын Кляйнфельтер ауруында , керісінше хромосома саны 47 (XXV) Клетка ядросында қалыпты жағдайда еркектерде кездеспейтін жыныстық хроматин болады. Мұндай еркектер әйел пішіндес, екіншісі жыныстық белгісі нашар дамыған, бойлары биік болады. Оларда психиканың бұзылуы кейде шизофрениядағыдан, не басқа аурудан ажыратылмайды. Кейбір тұқым қуалайтын ауруларда фермент жүйелерінің биохимиялық өзгерулері болады. Бұған фенилкетонурия жатады. Қалыпты жағдайда фенйлалалин амин қышқылының ыдырауы төмендегідей болады\ Фенилаланин->тирозин ->тироксин ->адреналин ->норареналин->меланин. Бұл тізбек фенилаланин->тирозин кезеңінде бұзылады. Организмде фенилаланин жиналып, басқа жолмен пирожүзім қышқылына дейін ыдырайды. Бұл қышқыл жаңа туған сәбидің зәрінде жиналады. Фенилкетонурияда ақыл кемістігі дамуының алдын алу үшін бұл кемістікті жоятын гидролизаттарды \берлафен\ береді. Кейде дені сау адамдарда фенилаланиннің ыдырауы бұзылып, оның зердегі мөлшері жоғары болады.

Ал психикалық аурулардың жүре пайда болатын түрлерінің шығу себептеріне стресстің-жан күйзелісінің ықпалы ерекше. Стрестің күрделі формасы психикалық жарақаттар немесе психогения -деп аталатын жағымсыз психикалқ әсерлер салдарынан пайда болатын әр алуан аурулы күйлерді туғызады. Психогения бір сәттік күшті жарақаттық салдарынан немесе біршама әлсіз, бірақ ұзаққа созылған психикалық жарақаттық салдарынан пайда болады: Оның пайда болуына соматикалық күйдің алдын ала өзгеруі, ағзаның бұрынғы болған аурулардан әлсіреуі, ұйықтамаушылық, қан жоғалтпаушылық және басқа жағдайлардың үлкен маңызы бар. Психогения принципті түрде толығынан кері қайтатын аурулы күй болып табылады. Сондықтан, егер басқа бір қосымша зияндылық болмаса, қандай бір уақыт өткеннен соң жарақатты жағдай өтіп кетісімен жойылып кетеді. Психогенияның бірыңғай жіктемесі әлі күнге дейін жоқ. Мүлың өзі оның күрделілігімен, аралас көріністерінің болуы, психогенияға деген бірыңғай көрінісінің болмауымен ғана емес, сондай - ақ псйхогенияға принципті түрде тән кері қайтатын дамудың кейде білінбеуінен, соған орай аурудың белгілі дэрежеде ұзақ дамуының орын алатындығымен түсіндіріледі.

Психогенияны көбіне реактивтік күй реактивтік психоздар, немесе невроздар деп екі үлкен топқа бөлінеді. Реактивтік күй, психогенді немесе реактивті психоздар. Белгілі болған сан алуан түрлі реактивтік психоздардан реакциялардың мынадай типтерін бөліп көрсетуге болады: 1) Шокты психогенді реакция; 2) истериялық психотиялық реакция (истериялық психоздар); 3) реактивтік психогенді сарыуайымшылдық; 4) реактивтік психогенді сандырақ тәріздес күй.Реактивтік күйлердің аталған түрлерінің арасында берік шек жоқ. Олардың аралас күйлері, сол сияқты реактивтік психоздың бір түрінің басқасына алмасуы болады.

Шокты психогенді реакциялар Мұны да кейде невроздар,аффектілі-шокты реакциялар, эмоциогенді невроздар деп атайды. Күтпеген жерден айтылған өте күшті күйзелістерден, ауыр жағдайлардан, өмірге қауіп төндіретін жағдайлардан, бір сөзбен айтқанда, эсері жағынан адамға сезімдік шок тудыра алатын жайлардан пайда болады. Сезімдік шоққа жер сілкіну, көлік апаты, сүмдық көрініс, көп адамдар түратын үйлердегі өрт және: басқалары жатады.Психогенді шоктық реакциялар әдетте реактивтік ступор немесе реактивтік қозу қимылы арқылы пайда болады.Реактивті психогенді ступор кенеттен пайда болған қимылдай алмаушылық әсерінен білінеді.

Адам өлім қаупіне қарамастан орнынан қозғалмайды, бір де қимыл жасай алмайды, бір де сөзді айтуға күші келмейді. Мұның кейінгісі мутизм деп аталады. Реактивті ступор эдете ұзақка созылады да, бірнеше минуттан бір сағатқа дейін болады. Содан кейін барып, адам басқа турлі әсерге ауысады. Оқта-санда шоктық реакцияда көбіне сезімдік салз зардап шегеді, сөйтіп, сезімдік жағынан сал болу деп аталатын күй басталады. Барлық сезім бір сәтке семіп қалғандай болады да, маңайдағы өтіп жатқанға сезімдік жағынан жауап бермейді. Сонымен бірге оның ойлау қабілеті толығынан дерлік сақталады, адам бәрін көреді, бәрін байқайды, бірақ көбіне өлім қаупіне қарамастан осының бэрін сырттай бақылап тү-рғандай болады.

Реактивті психогенді қозу кенеттен пайда болған абыр-сабыр, мэнсіз қимылдық мазасыздықпен сппатталады. Адам шырқ үйіріліп, көптеген қажетсіз қимылдар жасайды, қолдарын мақсатсыз сілтеп, айқайлайды, көмек тілеп, жалбарынады. Сол сәтте құрылу жолын көре алмай, көмек сүрап, жалбарынады. Қейде ешбір мақсатсыз жүгіре жөнеліп, көбіне жаңа қауіп туатын жаққа қарай ұмтылады. Егер бірнеше адам осындай психогендік қозуға үліыраса, мұндай құбылыс үрейге бой алдыру деп аталады. Реактивті қозу да ступор сияқты сананың алжасу күйі және одан кейін болатын амнезиямеи бірге жүреді. Шоктық реакцияға аяқ асты, ағыл-тегіл терлеу, мазамыздану тән болады.

Истериялық психоздар (истериялық психотикалық реакциялар)Реактивтік күйдің түрлері әр алуан болады. Олардың клиникасы да алуан түрлі болып келеді. Бірақ әдетте истериялық психоздың үш түрі бөліп қарастырылады: 1) жалған кемшілік; 2) пуэрилизм; 3) сананың истериялық алжасуы. Жалған кемшілік мынадан білінеді: адам кенеттенр ақымақтанып қалғандай болады, ең бір қарапайым сұрақтарға өте бір қисынсыз жауаптар береді. Жалған кемшілік екі түрге — сарыуайымшылдық және абыржушылық болып бөлінеді. Сарыуайымшылдық түрінде ауру тежелген, босаң болып келеді, көп жатады, өзіне қарамайды. Жанама сөз симптомы мүлдай ауруларда көбіне теріс жауаптар түрінде байқалады. Абыржушылық түрде ауру мазасыз, әбігершіл келеді, бір орында отырмайды, билейді, секектейді, қисандайды, көп сөйлеп, жылдам жауап қайтарады. Жалған кемшіліктің басқа бір түрі Ганзер синдромы деп аталады. Ганзер өзі сипаттаған психозды «ерекше истериялық алжасу күйі» деп атаған.

Пуэрилизм мінез-құлықта балаға тән сипаттың болуы кездескендіктен осылай аталалы. Ауру психикалық жарақатқа жауап қайтарғанда инфантидьді мінез-күлық түрінде ауруға сәйкес реакция жасайды. Соның салдарынан ол баланың даусымен сөйлей бастайды, өзінің анасына жіберуді, жәбірлемеуін, қолына алып, көтеруін, ойыншық сыйлап, конфет беруін сұрайды, қыңырлық жасап, балаларша ағайлары мен апайларына ренжиді. Пуэрилизм клиникалық көріністе басым болғанымен, оның ішінде жалған кемшіндікпен немесе сарыуайымшылдық күймен үлттасып келеді.

Реактивтік (психогендік) сарыуайымшылдық— жабырқаңқы күй, үлкен бақытсыздыққа, аса күйзелісті айырылуға, үміттін, үзілуіне байланысты болатын адамның эдеттегі реакциясы. Сондықтан да қайғыға болатын әдеттегі реакция мен соған байланысты туындайтын аурулы күйдің шегін ажырату айрықша қиын. Мұндағы айырмашылық — реакция дәрежесіне, оның күшіне және басқа күйзелістерден үстем болуына байланысты болсын, үнемі мүқият жасала бермейді. Аурудың еңсесі түскен, жабыраңқы келеді.

Реактивті сарыуайымшылдықтағы науқас көбіне өз-өзін өлтіруге әрекеттенетіндіктен ең бір қатал бақылауды қажет етеді. Реактивтік сарыуайымшылдықтың барысы оны туғызған жарақатқа байланысты болып, апталар мен айларға созылуы мүмкін, бірақ сарыуайымшылдық басқа аурулармен қабаттасып, асқынып кетпесе, әдетте толық сауығумен аяқталады.

Реактивтік (психогенді) сандырақтың пайда болуы жеке бас ерекшелігіде, оның ішінде күдікшілдік, үрейге бой алдырушылық немесе керісінше өзін-өзі асыра бағалау, өз менмендігінің шектен тыс осал және басқа қасиеттер себепші болады. Реактивтік параноидтың пайда болуына себепші болатын жағдайларға маңайдағылардан тұйықталып қалу, есітудің кілт нашарлауы немесе түсініксіз тілде сөйлейтін адамдардың ортасында болу сияқты себептер де жатады.

Психогенді параноидты сандырактық құрылым көбіне параноидты психопаттарда болады. Бірақ қандай бір болмасын, мінез-күлық ерекшелігі бар адамдарда да кездесуі мүмкін. Көп жағдайда бұл - қызғаныш, аңду, қарым-қатынас — ойлап табушылық сандырағы болып келеді. Кей жағдайда басқа сйпаттағы сандырақтық сенім кездесетіндігін айта кету керек. Бұған өзін-өзі айыптау сандырағы, өте сирек кездесетін жадылап алу сандырағы жатады және т. б.

Индукциялық сандырақ мынадан көрінеді ауруға жақын адам оның сандырақ идеяларын бөлісе бастайды. Аурулық көзқарасты бойынша «жұқтыру» мына жағдайларға себепші болады: 1) тығыз қарым-қатынас, бірге өмір сүру, ауру адаммен үнемі байланысқа түсу; 2) ауырған адам, айталық, шизофрениямен ауырған болсын, үнемі үлкен беделге ие болған, оған деген шексіз сеніммен жэне аса күшті үйірсектіктен, оның үстіне, ол ақылдырақ эрі білімдірек болғандықтан, сайып келгенде, ауруыжайлы көзқарстарын бөліседі; 3) индукциялық сандырақтықта сенгіштік, шектелушілік, бірқатар жағдайларда кем ақылдықтың болуы; 4) ауру адамда кейбір сандыраққа ұқсас оның ойынша дұрыс сандырақ идеялардың баяу дамуы.

7) Невроз және психогенді психоз кезіндегі психикалық бұзылыстар. Невроз жүйке жүйелік және психикалық бұзылу формаларының бірі. Невроз - бұл жүйесінің шамадан тыс зорлануының нәтижесі, яғни жүйке әрекетіндегі олқылық. Невроздардың себептері әр түрлі: отбасындағы, мектептегі даулы жағдайлар, қорқу, жақын адамнан айырылу, қорқыныш сезімімен байланысты іс - әрекетті күштеніп орындау т.с.с. Невроздардың өту барысы түрліше көрініс береді. Бір формалары түрлі жағдайларға байланысты біртіндеп, жайлап дамиды. Отбасындағы, күнделікті өмірдегі қолайсыз жағдайлар, дұрыс тәрбиенің берілмеуі жүйке жүйесін шиелендіріп, невроздардың қалыптасуына мүмкіншілік тудырады. Ал кей жағдайларда невроз күшті түрде көрінуі мүмкін, яғни жүйке жүйесінің баланың өміріндегі келеңсіз жағдайларына реакциясы.

Мектепте күйгелек балалар мына қасиеттерімен сипатталады: қозуы тежелуге қарағанда басым, өте ширақ, сабақта тыныш отыра алмайды, балалардың мазасын алады, зейіндерін бір нәрсеге тұрақтата алмайды, қозғалғыш, шулап отырады, мұғалімнің берген сұрағына ойланбастан жауап қайтарады, сөз - сөйлемдері өте тез, шапшаң. Невроздың бірнеше формаларын ажыратуға болады.

Невроз - жанға жара салып, жүйкеге қатты әсер ететін оқиғаны бастан кешу кезінде бала психикасы оған төтеп бере алмаса, ол неврозға ұшырайды. Неврозбен ауырған бала оның психикасына жаман әсер ететін жағдайды қиналыспен қабылдайды. Балаларда байқалатын невротикалық белгілерге: қорқыныш неврозы жабықтыратын жай - күй неврозы, қуық ұстамау неврозы (энурез), тэбеті жоқтық, тілдік невроздар жатады.

Қорқыныш неврозы: Қорқыныш - кішкентай бала атаулыға тән нәрсе. Бала емусіздіктен, жазалау қаупінен, айқайдан қорқады. Мүны аурудың әдеттегі көрінісі деп емес, дені сау балалардың әдеттегі қорқынышы деп қабылдауымыз керек. Алайда баланы қорқыта беру, оған қоқан - лоқы көрсету бірте - бірте қорқынышты сипат алуы мүмкін. Бала бөгде адамдардан, қараңғыдан қорқа бастайды, бөлмеде жалғыз қала алмайды, басқа адамдар арасында үрейленеді. Қорқыныш күйі басылуы да немесе қайтадан өрлеу де мүмкін. Баланы қорқынышты күйден құтқару үшін үлкен адамдар оның таяныш -тірексіз еместігіне, жақсы қарым - қатынаста өмір сүретініне сенімін арттыруы керек.

Жабықтыратын жай - күй неврозы. Мектеп өміріне бейімделудің қиын кезеңінде, яғни бала оған шамадан тыс күш түсетін жағдайға тап болған кезде ол мазасыздың, бұл жағдай біртіндеп қорқыныштық жабдықтыратын жай -күйіне немесе сылбыр қозғалысқа ұласа бастайды. Қорқыныш жағдайында баланы қандай болмасын азапты ойлар билейді. Ол ғаламат күші бар белгілі бір рухтан, өлімнен, ақыр аяғында мұғалімге жауап бере алмай қалудан қорқуы мүмкін. Бұл жағдайда егер одан жауап беру талап етілсе, ол өзінің жүрегі алқымына тірелгені, бұлшық еттерінің құрысып - тырысуынан тынысы тарылып, суық терге малшынғанын сезінер еді. Бала жауап беруден қорқады. Ол өзінің дене күйзелістерінен қорқады.

Сылбыр қозғалыстар неврозы тұйық қозғалыстар деп аталанып, пайдасы аз, мақсатсыз еліктеме қозғалыстардың пайда болуымен сипатталады. Бұл қозғалыстар теңселмелік, мұрнын үқалау, бетін ұстау (қол тигізу, сипалау), бет - ауызды тыжырайту, қолды, иықты, мойынды белгілі бір дәрежеде қисаңдату, тырнақты тістелеу және т. б. болуы мүмкін. Мұндай сылбыр қимылдар баланы қымсынтатын үлкен адам көрінген кезде, сабаққа жауап беруге әрекеттегенде және т. б. жағдайларда көбірек байқалады. Сылбыр қозғалыстар кей кездері қорғаныш жоралғысы сипатына ие болады. Бала «бәле - жалаға» ұшырамауы үшін белгілі бір қозғалысты орындау керектігіне өзін сендіреді. Мысалы, ол ырғып - ырғып алады, бүдан оның көңіл - күйі сәл-пәл көтеріледі. Шамалы уақыттан кейін ол тағы да жан қинап секіргісі келеді. Невроз тудыратын мұндай жай - күйдің қапелімде қалпына келе қоюы қиын, сондықтан бала өзіне аяушылықпен қарауды тілейді.

Қуық ұстамау неврозы. Энурез - балаларда жиі кездесетін дерт. Бірақ мүның бэрін барлық уақытта бірдей невроз деуге болмайдьь Невротикалық түнгі қуық ұстамау - бұл бала психикасы зақымдануының нәтижесі. Қуық ұстамаудың өзі бала психикасын зақымдайтын фактор болып табылады. Балалар мен оған жақын емес үлкен адамдар оның «масқара» ісінің куәгері болып, оны ұялтып жазалаған кезде өзінің дәрменсіздігін сезініп, қатты күйзеледі. Бала дөрекі, ашуымен немесе жағымпаз, үялшақ болып, өз - өзінен оқшауланып, томаға тұйық жүреді. Кейбір жағдайларда қуық ұстамау күндізгі уақыттағы өзіндік қорғаныш реакциясы ретінде көрінеді. Бала шалбарына жіберіп қоюы да мүмкін. Энурез емдеусіз-ақ өз-өзінен жайылғанымен, бала организмінде паталогиялық ауытқу зардабын қалдыруы мүмкін. Мұндай неврозға ұшыраған бала өзіне ілтипатты көзқарасты керек етеді.

Тұтықпа сөйлеу кезінде тілдің мүкістігінен сөздің жатық айтылмай, буын - буынға бөлініп айтылып, оларды қайталап айту кезінде қиындық келтіруі тұтықпа деп аталады.Тұтықпа бала сөзді тізбектеп түтас айтуға тиісті болатын мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы кішкентай кезде көбірек байқалады. Невротикалық тұтықпа көбіне баланың шошынуынан, тұрмыс қалпының өзгеруінен болады. Бұл ретте әлсіреген организмге, психикалық дамудың туа біткен ерекшеліктеріне, шамадан тыс күш түсуге сыртқы жағдай зардапты әсерін тигізеді.Тұтықпа көп жағдайда еліктеуден басталады. Тұтықпа бала тілінің мүкістігіне қатты күйзеледі. Ол біртіндеп адамдармен сөйлеуден, әсіресе өзі үшін бейтаныс адамдармен сөйлесуден қаша бастайды. Тұтығу қорқынышы әсіресе мектепте оқып жүрген кезде белең -алады. Бұл жағдай жеке бастың невротикалық дамуына апарып соғады.

Тұтықпа балалар, сондай-ақ, оларды тәрбиелейтін үлкен адамдардың айрықша ықылас бөлуін керек етеді. Олар үшін емдеп қалпына келтіру шараларының жүзеге асырылуы өте - мөте қажет-ақ. Бұл орайда мұғалім мен тәрбиеші де баламен араласу үшін қолайлы жағдай туғыза отырып, өз үлестерін қоса алады.Тұтықпадан сақтандыру үшін баланың сөздік тапсырмасын жеңілдету керек. Сонда ол есіткенін емін - еркін қайталап, жаттап алған өлеңдерін айтып бере алады. Сөздерді өз бетімен құрастыру қажеттігі жоқ жерде бала тұтықпадан аз азап шегеді немесе мүлде тұтықтырады. Балаға күрделі лексикалық -грамматикалық орамдарды айтқызуға онша үйір болмаған жөн, өйткені сөз мағынасын ұқпау, айтылуы қиын сөздерді айтудан қымсыну, түптеп келгенде, тұтықпаға соқтырады. Егер тұтықпа белгілі бір тілдік даму ерекшеліктерінің негізінде пайда болатын болса, оны логопед жөндей алады. Ал егер ол невроз симптомы болып табылатын болса, онда оны емдеумен психоневрологтың айналысқаны жөн.

Невротикалық жай күй немесе невроздың өзі шаршау, қалтырау, у-шудан қажу және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайында пайда болады. Ортаның ықпалы невротикалық жай - күйдің немесе невроздың болу - болмауын айқындайды. Мектеп өміріне үйренудің қиын жағдайындағы невротикалық олқылық кез келген балада кездеседі, дегенмен бүл олқылықты мұғалім мен тэрбиешінің сөйлеу мәнері есебінен, олардың балаға ізгі қарым - қатынасы есебінен болдырмауға болады.

Логоневроз бұл жалпы невротикалық бұзылу мен сөйлеудің невротикалық бұзылуынан туады. Жалпы невротикалық бүзылуға жататындар: ұйқының, көңіл - күйдің, тәбеттің бұзылуы. Мұндай аурулардың ұйқысы бұзылады, ұйқы демалыс әкелмейді, керісінше көп түс көргеннен шаршап тұрады, көңіл күйлері, тәбеті төмен. Осындай бұзылудан сөйлеу қорқынышы (логофибия) пайда болады. Логофобия - бала сөйлеуге қорқады. Кейде сөйлеу қорқынышының күшті болғанын бір жағдайларда бала үндемей қалады, кей жағдайларда сыбырлап зорға сөйлейді. Сөйлеуден қорыққаннан балада тұлығу пайда болуы мүмкін.

Тики - (бұлшық еттер дірілі) мектеп жасындағы балаларда көп кездеседі. Тики - еріксіз өзінен - өзі көз қабығының беттің бұлшық еттерінің тартылып тұруы. Тики, көбінесе, баланың күні бойы ойнап, шаршаған кезінде байқалуы мүмкін: баланың беті жыбырлап, ерні діріл қағып, мүрын еті үлкейіп, ісініп, көздің жыпылықтауы байқалады.Тики ауруы да тұлықпа тәрізді жүйкесіне байланысты екені анықталған. Осы белгілерді байқаған ата - ана, тәрбиеші баланы бала психиатрына көрсетуі керек. Дәрігердің кеңесін бүлжытпай орындау, дәрі - дэрмені уақтылы қабылдау, күндіз баланы ұйықтату, басымен құлап қалмауын қадағалау, сабақты көп оқытпай, демалдырып барып оқыту т. с.с. ережелерді қатал пайдаланып отырса, бала аурудан айығып кетеді.

Невроздар - Невроздың себептері әр түрлі: отбасындағы, мектептегі даулы жағдайлар, қорқу, жақын адамнан айырылу, қорқыныш сезімімен байланысты іс - әрекетті күштеніп орындау т.с.с. Невроз - бұл жүйесінің шамадан тыс зорлануының нәтижесі, яғни жүйке әрекетіндегі олқылық. Невроздардың өту барысы түрліше көрініс береді. Бір формалары түрлі жағдайларға байланысты біртіндеп, жайлап дамиды. Отбасындағы, күнделікті өмірдегі қолайсыз жағдайлар, дұрыс тәрбиенің берілмеуі жүйке жүйесін шиелендіріп, невроздардың қалыптасуына мүмкіншілік тудырады. Ал кей жағдайларда невроз күшті түрде көрінуі мүмкін, яғни жүйке жүйесінің баланың өміріндегі келеңсіз жағдайларына реакциясы. Мектепте күйгелек балалар мына қасиеттерімен сипатталады: қозуы тежелуге қарағанда басым, өте ширақ, сабақта тыныш отыра алмайды, балалардың мазасын алады, зейіндерін бір нәрсеге тұрақтата алмайды, қозғалғыш, шулап отырады, мұғалімнің берген сұрағына ойланбастан жауап қайтарады, сөз - сөйлемдері өте тез, шапшаң. Невроздың бірнеше формаларын ажыратуға болады.

Неврастения. Бұл топқа қажып шаршаудың, тамаққа тоймаудың, организмнің физикалық әлсіздігінің нәтижесінде жүйке жүйесі әлсіреген балалар жатады. Бұл балалардың тамаққа тәбеті төмен, түрі боз, салғын, қимыл - қозғалыстарында сенімділік жоқ, көңіл - күйлері әп - сәтте өзгеріп тұрады, ашуланшақ, ызақор, қыңыр, мазасыз. Зейіндерін тоқтата алмайды, ақыл - ес үрдістері әлсіз, есте сақтаулары төмен, сабақты көпшілігі үлгермейді.Ауырсынған күш түсу психофизиологиялық баланың мүмкіндіктері. Ол қоршаған ортаның жоғары талаптарына сәйкес келу күшінде емес және ежелдік кез-келген қиындықтарға қарсы тура алмайды. Бұл көбінесе ата -аналары балаларын дұрыс қабылдай алмауы. Бала ата - аналарының неге оған қатал екенін түсіне алмайды. Бұл балада нервтік күш түсуге әкеледі. Захаровтың сөзі бойынша ата - аналары баласына күніне 300-ге дейін ескертпелер айтады (приказ). Екінші себеп ата - аналары семьяда пайда болған басқа балаға көп көңіл бөледі де, ол алғашқы бала бақылаусыз қалады. "Үлкен балаға көп міндет жүктеледі. Ол бәрін өзі түсінуі керек" деп ойлайды. Осыдан зардап шегуші болса өзінің ата - аналары алдындағы беделінің төмендегенін түсінеді.

Истерия бұл топтағы балаларға тән ерекшеліктер: жоғары сезімталдық, әсерленгіштік, өзін сендіруге, қиялдауға бейімділік, эгоцентризм, айналадағы адамдардың назарын өзіне аудару ықыласы, көңіл аудармаған жағдайда балалар жағымсыз реакциялар көрсетуі мүмкін: дөрекілік, аффектілі түрде ыза болу, жылау т. б.

Истериялық невроз. Сыртқы көрінісі бәрімізге белгілі: бала еркелейді, истерика жасайды, жерге қүлап, жерді ұрғылайды. Қалыпты жағдайды ерте жаста байқалатын патологиядан ажырату керек. Ата - аналары белгілі уақытқа дейін бостандық береді де, одан соң шектеу қояды, ал бала бұл өзгерісті бірден түсіне қоймайды. Көптеген ата — аналар балаларының және жанұясының денсаулығына көп көңіл бөледі. Бірақ, өкінішке орай көбі байқау жэне қателік тәсіліне жүгінеді, ең маңыздысы - олар сау баланы өсіруге талаптанады. Олар балалардың жүйке ауруының алдын алу және ауруларды болдырмау туралы ойланады. Ешкім өмірінің күрделі, тұрақсыз, стресске толы болуын қаламайды. Нақтылы жағдайда жаңа келешек ұрпақтың өмір сүруі мен өсуі тек физикалық, ең біріншіден психикалық сау адамға ғана жеңіл.

А.И.Захаровтың пікірі бойынша невроздардың бірнеше түрлері бар. Ол өзінің "Балалар невроздары" кітабында келесі түрлерін ажыратады: қорқыныш неврозы өлім қорқынышынан пайда болады. Ол көбінесе 5-6 жастағы барлық балаларда байқалады. Мұндай жағдайда егерде семьяда өмірге қуанышты эмоциональді атмосфера болса бала бұл жағдайды өзі шеше алады. Егер де бала бұрыннан тынымсыз болса, онда бұл алаңдаушылық өлім қаупін тез күшейтіп жіберуі, осыдан бұл қыздағы сияқты невротикалық қорқыныщ пайда болады. (лифтіден қорқу, оттан, аурудан, машинадан қорқу). Мұның бәрі бір нәрсеге - қорқынышпен; бір жағдай болатын сияқты сезімінен білінеді. Бұған қоса анасынан қорқу, балаға үлкен әсер етеді.

Жабысқақ жағдайлар неврозы. Захаров суреттеуі бойынша үлкен мектеп жасында байқалады, бала қандай да бір іс - әрекет жасауға тырысады, ол өзіне қорғаныш элементі саналады. Бұл қорғаныш механизмі, тиктер, біркелкі қозғалыстар, немесе респираторлы көріністер (В.И.Горбузов пікірі бойынша). А.И.Захаров балалар неврозының себептерін, семья қатынасынан іздейді, яғни бұндай жағдайда мәселе жабулы шеңберге ұқсас: Ата - аналар өздерінің балалық шағынан қорқыныш мэселесін ала жүріп, оны өсіп келе жатқан баласының иығына артады. Осылай ұзақ жалғастыруға болады, бүл тізбекті ешкім үзіп немесе ойланбайынша ол жалғаса береді. Саналы ата - аналық міндетті орындау - сау балаларды өсіруге жэне өз семьясының мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Ата - анасының махаббаты мен тірегімен өскен болса өз өмірінің кризистік кезеңдерінен өте алады. Захаров әсіресе бала туғанға дейінгі кезеңге көп көңіл бөледі. Бала семьяда қалаулы бала болса, соншалық семьядағы орны бөлек. Шын мэнінде мінсіз ата - аналардың болуын өлшем талап ете алмайды, барлық адамдар қателеседі, бірақ олардың көбінен қүлылуға болады. Алдымен өз жеке мәселесін одан соң семьяның мэселесін шеше білу қажет. Мұндай шешемді дұрыс түсіну болашақта семьяда психикалық саз баланың өсуіне мүмкіндік береді.

8) Сананың бұзылуы, критерийлері, синдромдары. Обьективті шындықтың субьективті бейнеленуін психика дейміз. Психиканың ең төменгі және ең жоғарғы сатылары бар. Ең жоғарғы сатысы сана. Сана – адамның материя дамуының белгілі бір сатысында пайда болған қасиеті, адам психикасының формасы.Сананың зақымдануы өте күрделі және психикалық бірліктердің,қасиеттердің барлығына ықпалын тигізеді. Әсіресе ақыл-ойдың дамуындағы кемістіктер. Ақыл-ойдың кемуі синдромологиялық ерекшелігіне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:

Қарапайым акыл-ойдың кемуi: интелектуалды-мнистикалық функциялар мен әр түрлі дәрежеде көрінетін жеке бастын регрссия белгілер аймағында негативті бұзылулармен көрінеді.

Психопатотәріздес ақыл-ойдың кемуі:- тұлғаның айқын өзгерістері немесе мінездің жаңа анамальді жақтарының пайда болуы, ол патологиялық церебральді процске байланысты дамымайды.

Галюцинаторлы-параноидты ақыл-ойдың кемуі:-деменция белгілерімен бірге галлюцинация, сандырақ көрінеді, олар бас миының деструктивті зақымдалуының, негативті симтоматиканың көріну деңгейі мен құрылымының ерекшеліктерімен байланысты. Негативті бұзылулардың ұлғаюына байланысты өнімділік редуцияланады, фрагменттеледі және жоғалады.

Амнистикалық-парамнистикалық ақыл-ойдың кемуі:- симптомдары корсаков синдромына сәйкес келеді. Ол негативті және өнімді симптомдардың тұтастылығымен сипатталады, олардың өзара қатынасы әр түрлі болуы мүмкін.Соңғы этаптарында прогресивті амнезия пайда болады.

Паралитикалық ақыл-ойдың кемуі:- естің бұзылуы, паралитикалық конфабуляция, қатты интелектуалды дефекттер және эйфория. Оның құрылымына сандырақ және тұлғасын қайта бағалаумен сипатталатын сандыраққа ұқсас сөздер. Психикалық әректінің төмендеуі - бұл ақыл-ой кемістігінің бірден көзге түсетін жағы. Бұл синдром тек прогрессивті салда кездеседі. Басқа аурулар кезінде (мидың сифилисі, ми ісігі, травмалық аурулар, алкогольді энцефалопатия) оның аты өзгереді, ол псевдопаралитикалық деп аталады.

Асемикалық ақыл-ойдың кемуі:-деменция белгілері болады және афазия, агнозия, апраксия, алексия, аграфия, акалькулия симптомдары байқалады. Психикалық маразм -психикалық кемістіктің, негативті бұзылулардың ең ауыр түрі. Ол психикалық әрекеттің толық бұзылуымен, қоршаған адамдармен қарым-қатынасқа түсу мүкіндігінен айырылуымен,әректке итермелейтін түрткілер мен қызығушылықтың толық жоғалуымен ерекшеленеді. Проградиентті ақыл-ойы кем процесстерінің (терминалды ақыл-ойдың кемуі) соңғы сатысы маразм деп есептеледі. Физикалық күштің кемуі, трофикалық бұзылулар, ішкі органдардың дистрафиясы – бұл жалпы маразмның белгілері.

Негативті бұзылулар көп психикалық аурулар болған кезде байқалады. Әр нозологиялық формаға өзіне тән негативті симптоматиканың максималды жете алатын деңгейі болады.Маниакальді-депрессивті психозда психикалық әректтің төмендеуі немесе «мен» өзгерісін субъективті ұғуы байқалады. Шизофрения өзінің дамуында психикалық кемістігінің тек жетінші деңгейіне дейін жетеді – тұлға регрессі, бірақта ол төменгі деңгелерде тоқтап қалуыда мүмкін. Әдебиеттерде «шизофрениялық ақыл-ойдың кемуі», «шизофрениялық деменция» терминдері жиі кездеседі. Сын көзқарастын жоқтығы, интелектуалды өнімсіздік, тұлға регрессі сияқты клиникалық белгілер қалпы глобарлы ақыл-ойдың кемістігімен ұқсас келеді.

Эпилепсия жағайындағы негативті бұзылулар тоғызыншы деңгейге дейін баруы мүмкін, мұнда эпелепсиялық деменция жақтары болады. Оның негізгі белгілеріне ойдың, жалпы психикалық процесстердің, инерттілігінің жылдамдығының азаюы, сөз қорының кедейленуі (олигофазия). Сөйлеген сөздерінің мағынасы терең емес,жарамсыз ассоцияциялардан құрылған. Белгілі бір жағдайды талқылайды және одан назарын басқа жаққа аудару қиынға түседі. Естің бұзылуы – бұл эпелепсиялық ақыл-ой кемістігіне тән белгі. Оның құрылымына аффективті-тұлғалық өзгерістер кіреді: қызығушылықтары эгоисттік-утилитарлы қажеттіліктерге бағытталған. Жеке бас реакциясының эмоционалды-ерік аймағында полярлық көрінеді: тұрып қалумен бірге тез қозғыштық, тыныштықпен бірге ашушандық көрністері байқалады.

Бас миындағы ары қарай ұлғаймайтын органикалық зақымдар (жарақаттар, менингоэнцефалиттер, әр түрлі уланулар, странгуляционды асфиксия), мұнда негативті бұзылуларға үлкен мүмкіндік бар: психикалық әреттің төмендеуінен бастап тотальді ақыл-ой кемістігіне дейін. Бас миының прогресшіл органикалық аурулар мен деструкция: атрофикалық (сенильді және пересинильді деменция), дегенеративті процесстер (лейкодистрофия), көптеген тұқым қуалайтын энзопатиялар (гепатолентикулярлы дегенерация, амавротикалық идиотия және т.б.), ми қан тамырларының аурулары (церебральді атересклероз және эндартериит), мидағы прогресшіл инфекциялар (прогресивті сал, ағымды энцефолит) осылардың барлығы психикалық маразмға әкелуі мүмкін (тоғызыншы деңгей).

9) Түйсіктің, қабылдаудың бұзылулары. Түйсік пен қабылдау қоршаған ортаны танып білуде маңызды роль атқарады. Түйсік-заттар мен құбылыстардың жекеленген қасиеттерінің мида бейнеленуі және танымның алғашқы баспалдағы. Қабылдау- заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі және түйсікке қарағанда әлдеқайда күрделі.Сана – адамның материя дамуының белгілі бір сатысында пайда болған қасиеті. Енді потологиялық өзгерістер туралы айтпастан бұрын қалыпты жағдайда түйсік пен қабылдау не екеніне қысқаша тоқталайық. Психикалық қызметтің кейбір жақтарының бұзылуы көбінесе оның жалпы бұзылуына әкеліп соғады. Түйсік – адам танымының төменгі сатысы, заттардың жекелеген сапасы мен қасиетін бейнелейді. Қабылдау – күрделі процесс. Ол затты бүтіндей, тұтас және оның жекелеген қасиеттерінің қарым-қатынасын сипаттайды. Елестету – қабылдауды еске түсіру елестету түйсік пен қабылдау сияқты айналадағы объективті түрде бар дүниені бейнелейді. Философиялық тұрғыдан түйсік пен қабылдау айналаны танудың бірінші сатысы болып саналады. Материя философиялық тұрғыдан тану процессінің үш сатысы бар: Айналадағы ортаны тікелей тану мендей қарау арқылы (бұл сезіну мен қабылдау арқылы) қорытындылау, абстрактілі ойлау

Физиологиялық тұрғыдан сезіну анализатор рецепторларын тітіркендіруден басталып, онан әрі ми қыртысындағы анализатор. Орталығы қозуының қортындысы ретінде пайда болады. Қабылдау кезінде бірнеше анализаторлар қатысады, шартты рефлекстік байланыстардың мәні зор. Түйсіктің зақымдануы көптеген себептерге байланысты,патологиялық көріністеріне: Гиперестезия – қалыпты жағдайдағы табиғи бейтарап тітіркендіргіштердің әдеттен тыс өткір және айқын қабылдауы. Бұл жағдайда күндізгі жарық соқыр қылады, кәдімгі дыбыстарға шыдау қиындап иістер өткір түрде қабылданады. Гипостезия – гиперестезияға қарама-қарсы құбылыс. Айналадағы ортаны анық емес, көмескі қабылдау. Анестезия сезімталдықтың толық жойылуы. Сенестопатиялар – адам денесінің бір бөлігінен білінетінге әртүрлі, ұнамсыз, ауыр сезімдер. Осындай сезімдерді анықтау қиындыққа соқтырады. Аурудың сенімді түрдегі шағымына қарамастан олардың ішкі ағзаларында ешқандай өзгерістердің жоқ екенін объективті түрде жүргізілген зерттеулер көрсетеді.

Қабылдаудың бұзылуына сағым мен елестетушілік жатады.Сағым айналадағы заттар мен құбылыстарды жалған және қате түрде қабылдау. Қиял жағдайында айналадағы заттар мен құбылыстар өзгерген түрде қабылданады. Мысалы, иттің үргені адамның жылағаны бір топ ағаш адам сияқты көрінеді. Сағым сау адамдарда болады. Оның пайда болуына қорқуы, күтуі, шаршауы, алаңғасарлығы әсер етеді. Түнде көшеде келе жатқанда бір түп ағаш пен бағана адам болып көрінеді. Мұндай сағымдарға аффектер әсер етеді. Сондықтан олар аффектігендік сағымдар деп саналады. Физикалық заңдылықтарға байланысты сағымдар пайда болады. Оларды физикалық сағымдар деп атайды. Парейдолиялық сағымдар – оның пайда болуына елестету мен фантазия әсер етеді. Қабырғаға жапсырылған түс қағазға қарағанда көз алдымызға таң қаларлық таулар, өзендер елестейді. Бірақ адамның санасында бұл тек түс қағаз екенін түсінеді. Сананың жеңіл түрде бұзылуы парейдориялық сағымдарды туғызады (жұқпалы аурулар көбінесе балаларда кездеседі.) Вербальді сағымдар – латын верба – сөз кейде аурулар айналадағы адамдардың сөздерін өзіне қатынасы бар бұрмаланған түрде естиді. Ауруға қатысы жоқ айтылған, әңгіме оның есімін атағандай, оған арнап жаман сөздер айтқандай болады. Мұндай сағымдар тек психикалық ауру адамдарда болады. Көңіл-күйдің өзгеруі және бұзылуы басқа да психикалық бұзылуларға байланысты сағымдар сау адамдарға қарағанда көбінесе психикалық ауруларға кездеседі. Мысалы, маскүнемдік, психоз жағдайында қабырғадағы сағат мүйізді шайтан орындықтың қабырғасы адам сияқты болып көрінеді. Метаморфопсия – заттың формасы мен көлемінің бұрмалануы. Микропсия – заттардың кішкене және алыста болып көрінуі.

Макропсия – заттардың үлкен және жақын болып көрінуі.

Танымдық процестерінің бұзылуынан адамдардың мінез-құлқы , қимыл –қозғалыстары да дөрекі көрінеді . Осыдан кейбір адамдар ұшырып, стресстік жағдайға дейін әкеледі. Галлюцинациялар (елестетушілік) – нақтылы объекті болмаған жағдайдағы қабылдау. Егер сағым айналадағы бар заттарды бұрмалай қабылдау болса, онда елестетушілік объектісіз, жалған қабылдау. Елестетушілік сезім мүшелеріне байланысты көрі, есту, жанасу, дәм сезу, иіс сезу сияқты бөлінеді. Көру елестетушілігі ауру әртүрлі заттарды, адамдарды бүтіндей не оларды бөлшекті түрде көреді. Көру елестетушілігі жиі сананың бұзылуында қатты және жылдам өтетін жұқпалы не улану психозында болады. Көрушілік айқын елестіетушілік маскүнемдік психоз жағдайында болады. Айқын көрушілік елестетушілік игналяциялық тамақты булау, және дәрімен улануда болады. Есіту елестетушілігінде аурулар байланыс дыбыстарды ( атылған оқ, еңіреу, ынырану ды) естиді; болмаған сөздерді естиді.

Вербальді елестетушіліктер деп аталады және интепретивті, императивті болып бөлінеді. - түсінік елестеушілігі дейді, көбінесе дауыстар аурудың әрекетіне Интерпретивті, сөзіне және ойына түсінік беруі мүмкін жиі дауыстар ауруға ұнамсыз әсер етіп, ажыратады. Егер дауытар айлап, жылдап ұзақ уақыт және қиындықсыз әсер етсе, ауру бұған үйреніп жұмыс істеу қабілеті жоғалмауы мүмкін. Императивті- әйгілі не бұйрықты елестетушілік.Мұндай елестеушілік өте қауіпті.Функциональды- елестеушілік- дауыстар қандай болса да тітіркендіргіштер бар кезде пайда болуы мүмкін.Мысалы, ауруып жүріп келе жатқан кезде поездің дөңгелектерінен, сағат тілінен, толық жабылмаған краннан аққан тамшылардан пайда болған дауыстарды естиді.

Есту елестеушілігі, көру елестеушілігіне қарағанда жиі ұзақ ауру, жарқын сана кезінде болады. Мұндай елестеушіліктер және ұзаққа созылған интоксикациялық аурулар да маскүнемдік шизофрения, бас, миының органикалық зақымдану( энцефалит, ісіктер ) кезіде болады.

Жанасу елестеушілігі- дененің үстінен шыбын- шікей, құрт, жылан жылжығандай, мысықтың жанасуы кезінде пайда болады. Иіс сезу елестеушілігі- әр түрлі, жиі ұнамсыз иістерді сезінеді. Үйлеріне тұншықтырған газ, түтін жіберетіні өлесенін иісі, тамақтың шіріген иісі бар екені туралы айтады. Дәм сезу елестеушілігі- иіс сезу елестеушілігі мен қатар болады. Ұнамсыз иісті тағам мен суды сезінеді.Гиетегі (висцеральдық) елестеушілік- денесінің ішіндегі, жиі асқазандағы бөтен заттың не тірі жәндіктің болуын сезінеді. Психогендік елестеу- қатты аффекті, ауыр психикалық зақым кезінде пайда болатын елестеушіліктер. Гипногогиялық елестеушілік- ұйықтар аралығындағы көз жұмылған не оянған кезінде пайда болады; (сау адамдарда да, жиі алкоголизм жағдайында болады) Қарапайым елестеушілік – тек көру, тек есту не жанару елестетушілік болу. Күрделі не комплексті елестеушілік истериялық ауруына байланысты, психиканың зақымдану кезінде пайда болады, әр түрлі елестеушілік бір мезетте болуы. Жалған елестеушілік- псевдогаллюцинацилар- әр түрлі нәрселерді бастын ішінде, желкесінде, көздің ішінде көруі.

10) Зейіннің бұзылуы. Зейін ауытқулары.

Зейіннің шаршағыштығы – патологиялық шаршаудың салдарынан психикалық қысым түскен кездегі зейіннің негізгі көрсеткіштерінің бұзылуы.

Зейіннің алаңдағыштығы – ұзақ уақыт бір объектіге сананы бағыттай алмау, бөгде тітіркендіргіштер мен ұсақ бөлшектерге зейіннің алаңдай беруі.

Зейін тым алаңдағыштығы – сыртқы ортадағы болмашы өзгерістерге зейіннің ауыса беруі немесе ешқандай өзгеріс болмаған соң зейіннің өзінен -өзі ауысуы.

Зейіннің инерттілігі – зейінді бір объектіден екінші объектіге ауыстыра алмау. Өз уақытында зейіннің тез ауыса алмауы немесе зейіннің патологиялық фиксациясы.

Жоғарғы алаңдаушылық — бір іс әрекеттің түрінен келесі объектіге үнемі ауысып отыру, зейіннің шектен тыс қозғалғыштығы.

Гипо және апрозекция — қажет уақыт ағымында зейіннің шоғырлана алмауы.

Естің ауытқулары:

Гипермнезия – естің күшеюі. Есте сақтаудың ерекше пәрменділігімен сипатталады.

Гипомнезия – естің әлсіреуі – тұрақты немесе өтпелі де болады. Ауру өміріндегі өткен оқиғаларды еске түсіре алмау, қолжазабаға жазып жүреді.

Амнезия – нақты уақыт ішінде, нақты жағдайда болған оқиғалардың естен шығып кетуі. Ұмытшақтық, есте сақтаудың болмауы.

Паромнезия — есте сақтаудың тарылуы.

Мнестикалық процестердің бұзылуына парамнезиялар да жатады: конфабуляциялар (естің ақ таңдақтары ойдан шығарған оқиғалармен толықтырылады), жалған реминесценциялар (болған оқиғалардың хронологиясын есте сақтамау, шындықтағы бұрын болған оқиғаларды кейінге тану), криптомнезиялар (басқа адамдардан естіген, түсінде көрген немесе кітаптан оқыған оқиғаларды өзімен болады деп баяндау). Нерв жүйесінің зақымдалуынан есте сақтаудың көптеген бұзылуларын кездестіруге болады.

11) Ойлау процесінің және сөйлеудің бұзылуы. Ойлау және сөйлеу .Психологтар мен психиаторлар ойлаудың ауытқуы сөйлеу арқылы көрінеді деп есептейді. Адамның сөзі арқылы ойлаудың ауытқуы көрінеді . Адамның сөзі арқылы ойлаудың бұзылуының сипаты мен тереңдігі және шындықтан қаншалықты алшақтығын бағалауға болады. Ойлаудың ауытқулары екі топқа бөлінеді: түрі жағынан (формалды-логикалық)және мазмұны жағынан.

Формалды – логикалық ауытқулар:

  1. Темпі жағынан:

  • ойлау мен сөйлеудің тездетілуі; логорея түріндегі сөйлеудің бұзылуы;

  • ойлау мен сөйлеудің бәсеңдеуі (брадифазия ретінде);

  • Құрылысы жағынан:

    • үзіктенуі (грамматикалық дұрыс формадағы мағынасыздық);

    • байланыссыздық (логикалық және граматикалық байланыстың жоқтығы);

    • инкогеренттілік (буындар арасындағы байланыстың болмауы);

    • вербигерация (жеке сөздер мен сөз тіркестерін стереотипті қайталай беру);

    • паралогикалық ойлау (ой қорытындысы логикаға қарсы жүреді);

    • ойлаудағы үзілістер (шперрунгтер), “ойлаудың тығындалуы”.

  • Мақсатқа байланысты:

    • резонерлік (нәтижесіз көсемсіну);

    • аутистік ойлау (науқастың ғана ішкі дүниесін қамтитын, шындықтан алыс, бір жақты);

    • таңбалық (символдық) ойлау (қорытындылар кездейсок ассоциациялардың негізінде жасалады және сөздерге, айналасындағыларға түсініксіз, ерекше мағына беріледі);

    • әржақтылық (пікірлер мен ой қорытындылыры әр түрлі қағидалардың негізінде қалыптасады);

    • неологизмдер (сөйлеуде түсініксіз, ерекше сөздерді қолдану);

    • персеверациялар (жаңа ассоциациялар қиын жасалады, бір ассоциацияда тоқтап қалу);

    • ойлаудың жабысқақтығы (бір тақырыптан екіншісіне ауысудың қиындығы) және ойлаудың жан-жақтылығы (маңызды мәселелерді маңызды еместен ажырата алмау).

    12) Эмоциялар және олардың патологиялық өзгеруі, ерік және оның бұзылуы. Психикалық қалыптар психикалық процестер мен қасиеттер арасында аралық орында.Психикалық процестер белгілі-бір жағдайларда психикалық қалыптар ретінде қаралуы мүмкін.

    Эмоция (француз тілінен толқу,қозу) деп адамға әсер ететін сыртқы орта жағдайлары мен құбылыстарының маңыздылығына толқуда, күйзелуде көрінетін және қажеттіліктермен мотивтермен, инстинктермен байланысты психикалық қалыптар класын айтамыз. Эмоциялардың арқасында адам ағзасы сыртқы орта жағдайларына өте жақсы бейімделген,сыртқы әсердің формасын, типін, механизімін және басқа да параметірлерін анықтамай жатып-ақ адам ағзасы шұғыл түрде белгілі-бір эмоция арқылы жауап бере алады.

    Эмоционалды – еріктік сфераның ауытқулары.

    Эмоционалдық қалыптық өзгерулері, аффективтік ауытқулар әртүрлі болады және психикалық функциялардың бұзылулары ішіндегі ең жиі кездесетіні.Адамның барлық эмоциялық күйлері екі үлкен топқа бөлінеді:

    • стеникалық- күшті, адамды қуаттандыратын сезімдер: ашу, махаббат, достық, жек көру, ыза, қуаныш, таңдану;

    • астеникалық- әлсіз, адам қуатын әлсірететін сезімдер: көңіл қалу, реніш, кінә, мұңаю, қамығу, жасқану;

    13) Психосоматика сипаттамасы. “Психосоматика” терминін 1818 жылы Хайнрот енгізді. “Психосоматикалық медицина” терминін 1922 жылы Австрия психоаналитигі Хелен Дойтч енгізген. Қазіргі кездегі психосоматика психоаналитикалық бағыттағы клиницистердің жұмыстарынан бастау алады, “психосоматика” түсінігінің әртүрлі мағынасы бар, осыған байланысты бұл терминнің нақты анықтамасы жоқ. Оның мағынасы оған кіретін сөздерден (жан және дене) шығады.Әдебиеттерді талдағанда бұл термин психика мен денені қызмет арасында өзара қатынас орнататын, уайымдаулардың қандай да бір ауру туғызатынын зерттейтін ғылыми бағытты білдіреді.

    Психосоматика – соматиканың аурулардың пайда болуына және өтуіне әсер ететін психикалық факторларды зерттейтін, медициналық зерттеулер бағытты болатын заттарды. (БҮМЭ, - т.21. 253 – 1983 бет.)

    Психосоматика сомактикалық аурулардың пайда болуына песихологиялық факторлардың әсерін зерттеумен айналыстатын медициналық психологиядағы бағыт.

    • 14) Психотерапия, психогигиена, психопрофилактика, психофармакология. -----адам психикасына жағымсыз әсер ететін тұлғалық факторлар мен әлеуметтік орта факторларын ажырата алу; психопрофилактиканың біріншілік, екіншілік, үшіншілік шараларын ажырата алу; түрлі психотерапефтикалық бағыттардың техникаларын ажырата алу; психикаға әсер ететін емдік тәсілдердің кластарын ажырата алу;

    • деонтологиялық және психотерапиялық қабілеттерді дамыту:

    Медицина қызметкерінің дене және психикалық саулығын сақтау үшін төмендегідей психогигиеналық жараларды ұстану қажет:

    • еңбектің үйлесімді жағдайы;

    • өз жұмысына, оның нәтижесіне қанағаттану;

    • релаксация мүмкіндігі;

    • ұжым мүшелерінің арасында жауапкершіліктің бірдей бөлінуі;

    • ұжымдағы шағын климаттың жағымды болуы.

    Осы аталған психогиеналық өз науқастарына деген дұрыс қарым – қатынас жасауына ықпал етеді.

    Психогигиена – бұл өзіндік мақсаттары, міндеттері және зерттеу әдістері бар медициналық психологияның бір саласы.

    Психогигиена (грекше “жан”, “денсаулық әкелетін, емдейтін” дегенді білдіреді) – бұл психикалық денсаулықты қамтамасыз ету және сақтау жөніндегі ғылым. Бұл ғылым пайда болғаннан бастап тікелей психопрофилактикамен байланысты болып келеді.Психопрофилактика неғұрлым психикалық ауруларды ескертуге бағытталған болса, психогигиенаның мақсаты - психикалық саулықты қалыптастыруға, сақтауға және нығайтуға бағытталған шаралар жүйесін құру.

    15) Дәрігер мен науқас адам арасындағы қарым-қатынас мәселелері. Науқас адамдармен жұмыс істеу кезінде әрқашанда олардың психикалық өзгерістерін, эмоциясын, ерік-жігерін, зейінін, психикалық таным процестерінің ерекшеліктерін есепке алу керек.Этика негіздері мен деонтологиядан терең білім болу пациенттермен өзара қарым-қатынас жасау кезінде алғашқы маңызды роль. Философ айтып кеткендей «жандв емдемей тұрып,денені емдеуге болмайды», сондықтан да пациенттерді емдеу процесі барысында әңгімелесу, психологиялық нұсқау және сөздің ролін міндетті түрде есепке алу қажет. Дәрігерлік құпияны сақтай алу да маңызды..Тек пациенттермен және науқастың туыстарымен өзара сенімді қарым-қатынас негізінде ғана ауруды емдеу және реабилитациялау жақсы жетістіктерге жеткізуі мүмкін.Пациенттермен дұрыс қарым-қатынас жасамау ятрогенияның пайда болу мүмкіндігін тудырады.Анамнез жинау және аурудың жағдайын зерттеу кезінде деонтологияның этикалық нормаларын сақтау керек. Науқастарға медициналық көмек көрсетудің барлық кезеңдерінде дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерінің психогигиена талаптарын сақтау міндетті. Пациентпен қарым-қатынасты бастау кезінде ең алдымен оны тыныштандыру және өзіңе жақындатуың қажет.Науқастың психолгиялық саулығына көптеген факторлар әсер етеді:

    • жылдам сауығуға әсер ететін медициналық мекеменің атмосферасы;

    • дәрігер мен науқас қарым – қатынасының психогигиенасы;

    • емнің сәтті болуы көбіне науқас адамның нақты бір дәрігерге, сол медициналық мекемеге немесе жалпы медицинаға деген қарым – қатынасына да байланысты;

    16) Медициналық психологияның қазіргі жағдайы және оның негізгі салалары. Медициналық психологияның салалары бір бірімен тығыз байланысты және адамның жан саулығы мен тән саулығына жағымды әсер етіп, денсаулыққа байланысты ауытқу (отклонение ), бұзылу (патология), кемістік (дефект) жағдайларды болдырмау мен қалыпқа келтіруге –реабилитациялауға бағытталған. Медициналық психологияда кең қолданылатын әдістерге бақылау мен әңгімелесу жатады. Қазіргі ғылыми техникалық прогресс кезінде науқас адамның денсаулығындағы ақауларды өте тез әрі сапалы зерттейтін құралдар бар: УЗИ, ЭКГ, кардиограмма, эхограмма, фоно- грамма, рентген, және т.б. Бұлардың барлығы сырқаттың жағдайын, дамуын, қолданылатын шараларды анықтауда- диагностикалауда алатын орны ерекше

    Сондайақ, медициналық психологияда психологиялық диагностика әдісі психикалық аурудың шарттарын анықтауда өте маңызды. Психотерапия мен психокоррекциялық әдістемелік шаралар аурудан айықтыру мен сауықтыру жағдайларында тиімді қолданылады. Науқас адамның психикасы мен жүйке жүйесіне жағымды әсер етерде жас кезеңдердегі өзгерістердің психикаға әсері де ескеріледі.

    Медициналық психология дәрігерлердің қызметі мен аурулардың мінез-құлқын зерттеу. Адам психикасы жайындағы ілім мистикалық діни көзқараста ықпалында болды.8-12 ғасырларда Шығыс елдерде философиялық ой- пікірлер өркен жайып, ғылым және адамның жан дүниесі жанындағы ілім жанданып, жаңа сипатқа не болды.Жаратылыстану, медицына,математика мен адамтану ғылымдары өркен жайып,ежелгі дүние ғұламалары Платон мен Аристотельдің ,Гален Архимедтің еңбектері араб тіліне аударылды.Аристотельдің және басқа да ғылымдардың идеялары,ашқан жаңалықтары,ой-пікірлері жаңа сипат алып Әбу-Насыр-әл-Фараби (870-950жж) Әби-Алу иби Сина (Авиценна) (980-1037жж),(1126-1198жж) сияқты орта ғасырлық ғұламалардың зерттеулері арқ.адамның жандүниесі жайындағы ілім өркендеді.

    Араб ғылымы Ибын әл-хайсам(әлгазен)Иранның медик ғылымы Закария Рази (865-925жж)өз еңбектерінде адам жан жүйесі.жайлы сол замандардағы ғылым жетістіктеріне сүиеніп,әр алуан зерттеулер жүргізді.

    ӘбуНасыр әл-Фараби адам жан дүниесінің қыр-сырын ашып көрсететін бірнеше шығармалар жазды «ізгі қала тұрғындары» «Азаматтық»Саясат» аристотельдің «Жан туралы шығармасын арал тіліне аударған. Фараби жан тәнімен бұрын өмір сүрді бір денеден екінші денеге барып орналаса да алмайды деген ғылыми пайда жасаған.Содан-ақ,ол дүниеге келісімен адамның бойында түрліше күш қуатпайда боладысол күш-қуат қабілетін негізгі түрлері мынандай деп көрсетті

    -адамды қуаттандыратын күш (арабиа-«әл-қуат әл-газина»)

    -түисіну қуаты

    -қиялдану қуаты

    -ақыл-ой не ойлану қуаты

    -қозғаушы күш

    -белгіні бір іс-әрекетке ұмтылу қуаты

    Адам бойындағы күш-қуатын Әл-Фараби атаған түрлері жеке психологиялық пойестерді атауы мен мәніне дәл келеді. Ал «Екінші ұстаздың сөз (ақыл-ой)мағынасы туралы ой-толғамдары» дейтік еңбегіндегі психикалық процесстердің барлығына жуығын адамның белгілі мүшелерінің қатысуымен жасалып отыратын материалисттік құбылыстар деп анықтап, әсіресе адам жанының ақыл-ойға байланысты болатындығының ерекше маңызы бар деп көрсетеді. Адам қиялы оның түс көруіне де әсер етіп, іс-әрекетін ерекше жалғасы болып саналады. Түс көруді осы заманғы психологияда дәл осы мағынада қарастырады. Фарабидің психикалық жайындағы мұндай ой жүйесін адам жанының шынайы болмысын және табиғат негізін ғылыми тұрғыдан шешкен көзқарас деуге болады.

    Орта ғасырларда жан туралы ілімді аристотельдік идеялар тұрғысынан іздестірген арб тілді елдердегі көрнекті ойшылдар шығыста Ибн Сина, ал батыста Ибн Рошд болды. Ибн Синаның мед қағидасы деп аталатын еңбегі бес жүз жыл бойы жұмыстар дүниенің әр тарабына таралып, барлық деңгейдегі медициналық мектептердегі бірден бір құрал болды. Оның көзқарастарындағы маңызды мәселе – жан туралы философиялық және медициналық тұрғыдан қарастырған бір-біріне қайшы пікірі. Оның анықтауынша жан туралы түсінік ғылым мен дін арасындағы аралық қабат сияқты. Адам психикасының ми қызметіне тәуелді болып отыратындығы материал тұрғыдан қарастырылады.

    Қазіргі медициналық психология- жеке адамға әр түлі психикалық факторлардың әсерін; жеке адам дамуында ауытқулардың шығу себептерін, жүйкелік және психикалық бұзулылардың алдын алу және емдеу мәселелерін шешуге бағытталған. Медициналық психологияның негізгі бөлімдері: а) Нейропсихология, б) Патопсихология, в) Психиатрия психикалық дамудың бұзылуын, қалыпты адамның жағдайындағы өзгерістерді, мөлшерден тыс өзгерістер мен қалыпты жағдайларды, қалыпты жағдайлар туралы түсініктер береді.

    Қазіргі медициналық психологияда медицина ғылымының теориялық негіздері жайлы ғылыми деректер жан жақты зерттелуде, кез келген ауру жайлы түсініктердің адам психикасына әсері мен ықпалы өзекті мәселелердің біріне айналуда. Ауру жайлы түсініктер батыс және шығыс елдердің халықтарында әртүрлі түсіндіріледі. Ғылыми деректерде ауруды организмнің қалыпты жағдайынан ауытқуы деп түсіндірсе, тибет халқында ауруды организмдегі жиналған кір ретінде қарастырады және адамның кірленген жерді тазартуға мүмкіндігі мол екендігіне ерекше мән береді.

    Кез келген аурудың өзіне тән белгілері мен себептері бар. Аурудың белгісін симптом, ал белгілердің жиынтығын немесе тек сол ауруды ғана айқындайтын белгіні синдром деп атайды. Бір белгілер көптеген ауруларда кездеседі, мысалы: бас ауруы, дене қызуының көтерілуі, көңіл күйдің жайсыздығы, т.б. Ал аурудың ерекше белгісінің айқындалуы-синдром, мысалы: гепатит, апендицит, дизентерия және т.б.

    Ауруды тудыратын себептер: эндогенді және экзогенді болып екіге бөлінеді.Эндогенді немесе ішкі себептер, экзогенді немесе сыртқы себептер. Ауруды үлкен екі топқа бөлеміз: жан немесе психикалық, тән немесе соматикалық аурулар. Аурудың кез келген түрі адам психикасы мен жүйке жүйесіне әрқашанда әсер етеді.

    Психиканың дамуын ауытқушылығын және шығу тегін, патогеезін зерттеуде көптеген жетістіктер бар. Бұл жағдай генетика, эмбриология, биохимия, теротология сияқты биологиялық ғылымдардың акушерлік таным педнатрия психиатрия сиқты клиникалық пәндердің жетістіктеріне байланысты. Осыған байланысты әртүрлі этиопатогенезі бар психикалық ауытқушылардың жалпылама тобы өздерінің шығуы мен патогенезі сай жекеленген клиникалық түрлерге бөлінеді.

    Медицинадағы психолгияда кең қолданылатын әдістерге бақылау мен әңгімелесу жатады. Қазіргі ғылыми техникалық прогресс кезінде науқас адамның денсаулығындағы ақауларды өте тез әрі сапалы зерттейтін құралдар бар: УЗИ, ЭКГ, кардиограмма, эхограмма, фоно- грамма, рентген, және т.б. Бұлардың барлығы сырқаттың жағдайын, дамуын, қолданылатын шараларды анықтауда- диагностикалауда алатын орны ерекше.

    Науқас адам дәрігерге келуі аномнез толтырудан (яғни адамның өмірбаяны, қашан және қандай аурулармен туғаннан бері ауырғаны, қандай шағымдармен келгені, сырқаты қалай басталғаны, т.б.) – тарихынан басталады. Анамнез медициналық психологияда ең негізгі психодиагностикалық құрал болып табылады. Анализбен толық танысқан соң-диагноз қою болады, яғни сырқатты жойып, болдырмаудың шараларын белгілеу мен денсаулығын қалыпқа келтіру.

    Медициналық психологияның, сондай-ақ психиатрияның негізгі міндеті белгілі бір психикалық ауруларға тән жекелеген белгілері мен синдромдарын, осы белгілердің тіркескен заңдылығын зерттеу. Тексеру барысында психикалық процестердің; түйсік, қабылдау, ойлау, ес, назар эмоция интеллект пен сана сияқты психикалық, қызметтердің қалыпты жағдайдағы мөлшерін, ауытқуын, тексеріп синдромына қарай диагнозын анықтайды.

    Синдром- жалпы патогентикалық негізі бар, іштей өзара байланысты белгілердің қосындысы. Бір аурудың өрісінде бірнеше белгілер аусуы мүмкін. Бұл ауысулар кездейсоқ емес, бір ауруға тән заңдылықпен өтеді. Әрбір аурудың дамуында белгілі стеретип, белгілі бір жол болады.

    Сондықтан әрбір аурудағы клиникалық белгілерді және олардың ауысу заңдылықтарын білу аурудың дұрыс диагнозын қоюға көмектеседі. Кейде аурудың өрісінанықтау үшін айлар керек. Аурудың даму стереотипін біле тұра оның өрісін болжауға болады.Әр түрлі ауруларда бірнеше түрлі синдромдардың басым болатыны анықталды. Синдромды дұрыстап анықтаудың аурудың дұрыс диагнозын қоюда мәні өте көп. Дұрыс диагноз ауру адамға жедел көмек крсету мүмкін емес. Мысалы, ойы алжасқан адамда( қарауытқан, делирий) дереу ауруханаға жатқызу керек. Себебі, ондай ауру өзіне де, басқаларға да қауіпті. Сол сияқты терең депрессия кезінде де ауру адамды ауруханаға жатқызу керек. Өйткені мұндай адам өмір сүргісі келмей өзін-өзі өлтіруге әрекет жасауы мүмкін. Синдромды екі топқа бөлуге болады; Сананың бұзылуы және сананың бұзылмауы.

    Диалектикалык материализм тұрғысынан сана-адамның айналадағы, шындықты бейнелеудің ең жоғарғы түрі. Сана адамның қоғамдық еңбегінің арқасында пайда болып, адамдарды жануарлардан ажырататын белгі болып саналады.

    17) Медициналық психологтар қызметінің негізгі астарлары.

    18) Медициналық психологияның негізгі әдістемелік мәселесі ретінде норма және патология ұғымдарын анықтау. Медициналық психология ғылымы салаларында адамның ағзалық, тән және психикалық жағдайын қалыпты және патологиялық деп екіге бөледі. Қалыпты жағдайдың көрсеткіштері: дене қызуының, қан қысымының, көңіл- күйінің, шашының, тырнағының, тері қабаттарының жағымды бірқалыпты мөлшер деңгейіне сай келуі. Аталған көрсеткіштерден ауытқушылықтар адам организміндегі өзгерістерді көрсетеді. Эндогенді және экзогенді себептердің ықпалынан адамның денсаулығында және психикасында әртүрлі өзгерістер туындайды. Психикалық жағдайлардағы өзгерістер жаскезеңдік дағдарыс кезеңдерінде ерекше айқындалады. Әсіресе жасөспірімдік өтпелі кезеңдерде психиканың патологиясы және патологиялық жағдайлардың бірнеше формалары байқалады. Психолог ғалымдар жеткіншек кезеңдегі психопатияның бірнеше формаларын анықтаған.

    Ал патологиялық жағдайдың көрсеткіштеріне қалыпты жағдайдың қарама- қайшы көріністері жатады. Патология гректің «патос»- уайым, қайғы, ауру, бақытсыздық жайлы ілім. Психология ғылымында патологиялық жағдайдың көріністеріне психикалық ауытқу, бұзылу, тежелу, күйзелу, тоқырау жатады. Адам психикасына әсер ететін факторлар әртүрлі және нәтижелері бір- біріне ұқсамауы да мүмкін. Әсіресе психикалық дамудың дағдарыс кезіндегі, балалық шақтағы әсерлер дизонтогенездік және дисгармониялық жағдайларға ұшырататын дамуды патологиясын тудырады. Тұлғаның қалыптасуы туғаннан бастап, өмір бойы созылатын ұзақ және күрделі процесс. Даму жолында көптеген қарама- қайшылықтар адамның рухани жан дүниесінде өзгерістер (дисгармония- үйлесімділіктің бұзылуы) тудыратын құбылыстар кездеседі. Тұлғалық деңгей психикалық жағынан тұрақты болғанымен, дисгармониялық жағдайлар кедергі келтіреді. Организмнің барлық жүйелері сияқты адамның психикалық жүйесі де тұрақты күйде болуы керек.

    Диссонанс, келіспеушілік, мотивтердің созылмалы күресі тұлғаның дисгармониясын тудырады. Психикалық дисгармония- тұлға қасиеттерінің бірі дамымай, ал екіншілері шамадан тыс дамып кетуі. Тұлға дисгармониясы қоршаған ортадан бөлектену, эгоцентризм, рефлексия, интроверттілік, эмоционалдылықтың жұтаңдауы, эмоционалды резонанстың жоғалтылуы, қоршаған ортадағы құбылыстарға адекватты жауап бермеу, ойлаудың шындықтан алшақтауы арқылы көрінетін шизоидизация түрінде байқалуы мүмкін. Мұндай жағдайда мінез- құлықтың біркелкі болуы, педанттылық, икемділіктің жойылуы, белсенділіктің төмендеуі және пассивтілік байқалады. Кейде әрекетсіздік пен пассивтіліктің әрекеттің белгілі бір аумақтарында үлкен жетістіктерге жетумен үйлесіп отырады.

    Қоршаған ортаға үнемі көңілі толмау сезімі, қозғыштық, жұтаңдық, ойлау жемістілігінің төмендеуі, эгоцентризм, қызығушылықтардың тарылуы бұл тұлға дисгармониясының көрінісі болып табылады. Сәл ғана өмірлік қиындықтар мұндай адамдарда қобалжу, дәрменсіздік сезімдерін тудырады.

    Дисгармония көңіл- күйі тұрақты көтеріңкі адамдардағы психопатологиялық өзгерістер, эйфория, әрекетсіздік, ашуланшақтық, шамадан тыс қарым- қатынасқа түсушілік, қашықтық сезімдердің жоғалуы, өз мінез- құлқының адекватты еместігін түсінбеу түрінде көрінуі мүмкін.

    Психопатияның психогениясына психикалық жарақаттар себепші болады. Бірақ психогенияға қандай психикалық жарақат, қандай механизм соқтырып, аурулы күйге келтіретіндігінің басын ашып алу керек. Бұл мәселенің шешімін табу И. П. Павлов пен оның ізбасарларының жұмыстарына, жоғары жүйке қызметіндегі физиология мен патофизиологияның табыстарына байланысты болды.

    Психикалық жарақаттың ықпал етуінің негізгі үш жолы, психогения пайда болуының үш механизмі бар: а) тітіркенгіш процеске шектен тыс күш түсуі; ә) тежелу процесіне шектен тыс күш түсуі; б) қимылдық жүйке процестеріне шектен тыс күш түсуі. Осы механизмдердің бәрін И. П. Павлов пен оның шәкірттері иттерге тәжірибе жасау жолымен алды. Яғни, адамзат тарихында алғаш рет психогенияның моделі – байқау невроздары табылды. Жануарлардан алынған деректерді оның әлеуметтік ортасы бар адам мен тек оған ғана тән екінші сигналдық жүйеге бүтіндей қолдануға болмайтындығы табиғи жайт

    Мектепке дейінгі жаста өз құрдастарынан тасаланып, бірге ойнаудан қашады. Бұл жаста үйлесімдік болмағандықтан мидың дамуы жылдамдап қозғалыс қызметі нашар жетіледі. Үлкендердің көмегінсіз оқуды ерте үйренеді, бірақ бәтеңкесінің бауын байлай алмайды.Сөйлескен кезде олардың бідімінің жасына сәйкес емес екендігі, білуге құмарлығын көрсетеді. Ол дерексіздікке жоғарғы ынта танытып, әлемнің пайда болуы табиғат пен өлім туралы сұрайды.М.жасында белгілі бір пәнге қызығып, жақсы оқиды (мысалы,математика, астрономия, психология,философия). Ақыл-ой дарындылығы бола тұра, икемсіз, өздерін-өздері күте алмайды,киім кигенде не тамақ ішкенде икемсіздік, салақтылық білдіреді.Олар аз қимылдайды, шулы ойындарды жаратпай, ортаға тез бейімделе алмайды. Жыныстық жетілу кезінде барлық белгілері айқын білінеді.Мысалы,кейбірінде тұйықтық, өкпешілдік,ренжігіштік сезім- «сензитивтік», «стеникалық» - айқындалса, екіншілерінде табандылық, қажырлылық – «экспансивті»- сезім байқалады. Қолайсыз жағдайлар әсер еткенде шизондэтарда ерекше психогенді (психологиялық зақымның әсерінен) әректтер байқалады. Б-р шизофрениямен ауырғанда делирийдің кейбір белгілері көру,елестетушілігі ретінде кездеседі.

    Психикалық процестердің тұтастығы бұзылуы аурудың ойлауынан, сөйлесуінен айқын білінеді. Логикалық байланыс жоғалып, үзілді-кесілді болып,оның сөйлемі тек жекеленген сөздерден құралады. Психикалық қызмет тұтастығының және оның айналамен байланысының бұзылудың аурудың эмоциясынан айқын көруге болады. Мысалы, жас әйел өзінің сәбиіне мейрімсіз болып,оны тамақтандырмауы да мүмкін.

    Ауру адамға символдық ойлау өте тән. Мысалы, ауру өзіе бір шеңбердің ішіне сурет қылып салып; «өзі жасаған шеңбер ішінде қауіп мүлде жоқ» -деп түсіндіреді.Өз ойларын кәдімгі сөздермен жеткізе алмай, жаңа сөздерді ойлап табады. Шизофрения ауруы 4 топқа бөлінеді: қарапайым, гебефрениялық, кататониялық, параноидтық.

    Жасөспірім кезінде басталатын аурудың қарапайым түрінде алдыңғы қатарға эмоциялардың кедейленуі, ынта жоғалып, әлсіреу мен интеллектуалды өнімсіздік байқалады. Гебефрениялық түрінде – баланың мінез – құлқында есерлік, мәнерлік бет аузын тыжырайту, қылымсу басым болады. Кататониялық түрінде кататониялық ступор мен қозуы бар кататониялық синдром басым болады. Параноидтық түрінде елестетуші белгілер 2-4 жас арасында (1 жастық дағдарыс) білінеді.

    Психиканың ауытқушылығы немесе психопатияның кейбір ерекшеліктеріне ұқсас қояншықпен ауырған адамда болатын эпилептондты тип жатады (қояншық ауруы бар отбасыларында кездесетіндіктен, генетикалық жақындығы бар деп есептелінеді). Психопатияның қызу қанды тобына гипертимдік типті жатқызамыз. Гипертимдік белгісі бар адамдардың көңілі ылғи да көтеріңкі, денсаулығы жақсы, сергек, тәбеті мен ұйқысы жақсы, қимыл – қозғалыс жасауға бейім, көп сөйлегіш, көңілді, мінезі аяқ асты өзгергіш.

    Тұрақсыз тип 11-12 жаста білінеді. Негізгі белгісі – бір қалыпты психикасы ретінде білінетін эмоциялық тұрақсыз ерік. Жоғарғы ерікті қызметі жетілмегендіктен, өзінің сол сәттегі тілегі мен әуестігін тежей алмайды, Тұрақсыз п\п. белгілері көбінесе жыныс жетілгенге дейін не ол жетілген кезде, кейде баланың шағында б. мүмкін. Истериялық тип – айқын дарашылдық қайткен күнде де айналасындағылардан ерекшелену, біріншілікке ұмтылу. Истериялық психопатияға барлық жұртты мойындатуды тойымсыздықпен көксеу тән.

    Психастеникалық тип – ересек адамдарда жиі кездеседі, бірақ кейбір белгілері балаларда да білінеді. Мұндай белгілер секемшіл,көңілшек, барлық жаңалықтан қорқатын, сезімі нәзәк келеді. Мектеп жасындағы балалар өте мазасыз, тек өзі туралы емес, жақындары, әсіресе шешесі туралы күмәнданады ( бір жаманшылық болама деп қорқады, ырым-саят, жөн жоба жасайды) Мұндай балалардың интеллектісі жоғары.Психастениялық типке ұқсас астениялық түрі болады – сужүрек, қорқақ,ұялшақ, қараңғыдан, жалғыздықтан қорқу, өзінен кішілермен ойнау, тыныш ойындар, сурет салу, айтқанды тыңдау – айқын белгілері.