Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

леуметтану тест

.docx
Скачиваний:
711
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
45.29 Кб
Скачать

Әлеуметтану тест

  1. Әлеуметтану – бұл: жалпы қоғамның ерекше жұмыс істеуі мен дамуының заңдылықтары туралы ғылым

  2. Әлеуметтанудың ғылым ретінде негізін салған кім? О.Конт

  3. Әлеуметтану өз алдына ғылым ретінде қай ғасырда пайда болды? 19 ғасырда

  4. «Социология» (әлеуметтану) терминін алғаш қолданған кім? О.Конт

  5. Әлеуметтану бойынша алғашқы еңбек қалай аталды? О.Конттың «Позитивтік философия курсы»

  6. Микроәлеуметтану нені зерттейді? адамдардың күнделікті өмірдегі жүріс-тұрысын, олардың өзара әрекеттерін және мотивтерін

  7. Макроәлеуметтану нені зерттейді? қоғамды біртұтас жүйе ретінде, оның әлеуметтік құрылымын және әлеуметтік институттарын

  8. Қоғам жөніндегі басқа ғылымдармен салыстырғанда әлеуметтанудың өзіндік ерекшеліктері неден көрінеді? оның қоғамды зерттеуінен, оның элементтерін құрайтындардың өзара байланысы мен әрекетінің өмір сүруі мен дамуынан

  9. Әлеуметтанудың объектісі: тұтас жүйе ретіндегі қоғамға тән адамдар арасындағы әлеуметтік байланыстар және қатынастар, оның әлеуметтік құрылымы, сонымен қатар онда жүріп жатқан процестер

  10. Әлеуметтанудың кешігіп пайда болу себебін немен түсіндіруге болады? оның зерттеу объектісінің күрделілігімен

  11. Адамдардың қызметімен байланысты туу, өлім-жетім және көші-қон мәселелерін зерттейтін тәсіл қалай аталады? Демографиялық

  12. Қоғамда әр түрлі топтардың пайда болуын зерттейтін тәсіл қалай аталады? Ұжымдық

  13. Қоғамдық ережелер мен құндылықтар сияқты мәдениеттің элементтері негізінде адамдардың мінез-құлқын талдауға көмектесетін тәсіл қалай аталады? Мәдениеттанулық

  14. Қоғамдық өмірді адамдардың өзара қарым-қатынас жүйесі ретінде зерттейтін тәсіл қалай аталады? Интеракционистік

  15. Көптеген мектептерді, теорияларды, бағыттарды көрсететін, қоғамдық даму ерекшелігін өз ұстанымдары тұрғысынан түсіндіретін әлеуметтанулық деңгейдің аталуы? теориялық әлеуметтану

  16. Нақты әлеуметтанулық зерттеулермен байланысқан әлеуметтанудың деңгейі қалай аталады: қолданбалы әлеуметтану

  17. Қоғамдық қатынастарды жақсартатын және жетілдіретін әлеуметтанудың функциясы қалай аталады: гуманистік

  18. Ақпаратты жинауды, жүйелендіруді және топтастыруды іске асыратын әлеуметтанудың функциясы : ақпараттық

  19. Қоғамның барлық саласында мақсатты бағытталған саясат жүргізу үшін әлеуметтанудың мәліметтерін атқарушы билік органдарына, әртүрлі саяси партиялар мен қозғалыстарға пайдалануға мүмкіндік беретін функция: әлеуметтік басқару

  20. Ғылымға "қоғамдық-экономикалық формация" терминін енгізген ғалым: Маркс К

  21. «Түсінуші әлеуметтану» тұжырымдамасының авторлары: Зиммель Г., Вебер М.

  22. «Позитивтік философия курсы» еңбегінің авторы: О. Конт

  23. Позитивизм бағытын (ағымын) негіздеген: О. Конт

  24. Адамның қоғамдағы әлеуметтік мінез-құлқының типтерін бөліп көрсеткен ғалым: М.Вебер

  25. Қоғамдағы адамның ауытқыған мінез-құлқын алғашқылардың бірі болып зерттеген, ұжымдық сана теориясының авторы: Э. Дюркгейм

  26. Қоғамдық келісім-шарт теориясын жасаған кім ? Т.Гоббс, Ж. Руссо

  27. Әлеуметтанудағы алғашқы бағыт: позитивизм

  28. Қоғамның революциялық жолмен дамуын жақтаған кім? К. Маркс

  29. «Әлеуметтік дарвинизм» бағытын негіздеген: Г.Спенсер

  30. Қай ойшылдың ілімі бойынша адам санасы дамудың теологиялық, метафизикалық және позитивтік деп аталатын үш сатысынан өтеді? О.Конт

  31. «Идеалдық типтер» тұжырымдамасының авторы: М.Вебер

  32. «Синтездік философия жүйесінің» авторы: Г. Спенсер

  33. Қоғамда тәртіп орнатудың тірегі - орта тап деп есептеген ежелгі грек ойшылы: Аристотель

  34. Қоғамның әлеуметтік құрылымын алғаш талдаған ежелгі грек ойшылы: Платон

  35. Қоғам және мемлекет теориясын жасаған жаңа заман ойшылы: Николло Макиавелли

  36. «Құрылым» және «функция» ұғымдарын ең алғаш пайдаланған ғалым: Г.Спенсер

  37. Айналымға «қоғамдық-экономикалық формация» ұғымын енгізген ғалым: К.Маркс

  38. Утопиялық социализм тұжырымдамасының авторын атаңыз: Ш.Фурье және А.де Сен-Симон

  39. Ресей әлеуметтануының ерекшелігі немен анықталады? ХІХ ғасырдағы Ресей әлеуметтік-саяси дамуының ерекшеліктерімен

  40. Қай бағыттың өкілдері қоғам дамуына адам факторы қатты ықпал етеді деп санады? психологиялық бағыт

  41. Анархиялық бағыттың негізін қалаған: М.Бакунин

  42. Қай еңбекте Ресей әлеуметтануындағы субъективтік идеализмнің негізгі идеялары баяндалды? П. Л. Лавровтың «Тарихи хаттарында»

  43. Жағырафиялық бағыттың негізін қалаған, «Өркениет және ұлы тарихи өзендер» атты кітаптың авторы: Л.И.Мечников

  44. Ресейде субъективті әлеуметтанудың іргесін қалаған кім? Н. К. Михайловский

  45. Орыстан шыққан американың XX ғасырдағы атақты әлеуметтанушысы: П.А. Сорокин

  46. П.А.Сорокин өзінің қай еңбегінде қоғамның әлеуметтік жіктелу тұжырымдамасын ашып көрсетті? «Әлеуметтік мобильдік»

  47. П. А. Сорокин қай тұжырымдаманың авторы болып саналады? әлеуметтік стратификация мен мобилдік

  48. Қызметтің өзара байланысқан екі формасы: 1) ойлап табу, еліктеу, бейімделу және 2) мінез-құлық ережелерінің біртіндеп өсуі мен дамуының көмегімен сипатталатын әлеуметтік өзгеріс әлеуметтанулық зерттеудің пәні болып табылады деп есептеген ғалым: М. Ковалевский

  49. «Қазіргі демократияның шығуы» атты еңбегінде экономикалық құрылысты онда экономика мораль, өнер, дін және ғылым арқылы ықпал ететін саяси-құқықтық құрылыстың базисі ретінде айқындаған кім? М. Ковалевский

  50. 1908ж. Ресейде тұңғыш рет Психоневрологиялық университетте әлеуметтану кафедрасын құрушылардың бірі: Де-Роберти

  51. Ресейдегі неопозитизмнің авторы: П. Сорокин

  52. Әлеуметтану қоғамдық құбылыстарды зерттеуде ғылыми тәсілдерге негізделуі тиіс деп тұжырымдаған ресейлік ғалымды атаңыз: Де-Роберти

  53. Ресейдегі марксизмнің дәстүрлі бастамасы осы ғалыммен байланысты: Г. Плеханов

  54. Ғасырлар тоғысында Ресейді көбірек толғандырған проблемалардың бірі: әлеуметтік прогресс

  55. Ресейде әлеуметтанудың туындауының бастапқы кезеңі үшін Батыстан әкелінген бір мезетте пайда болған екі бағыт: позитивизм және марксизм

  56. Ресейдегі органицизм бағытының авторлары: П. Лилиенфельд және А. Стронин

  57. Де-Робертидің әлеуметтану бойынша жазған іргелі еңбегін атаңыз: «Әлеуметтану»

  58. 61. Ш. Уәлиханов өзі өмір сүрген қазақ қоғамының кұрылысын қалайша белгіледі? патриархалды-феодалдық

  59. Ш. Уәлиханов қазақ қоғамын саяси басқару туралы не айтты? халық өзін-өзі басқарады

  60. Ш. Уәлихановтың қоғамды реформалау жөніндегі көзқарасы: реформалар туралы мәселе аса үлкен сақтықты, терең пайымдауды талап етеді, өйткені олардан халықтың «болу немесе болмауы» шешіледі

  61. Ш. Уәлиханов халықтың әлеуметтік жағдайы туралы: байлар мен белгілі адамдардың мүдделері бұқараның, халық көпшілігінің мүддесіне қарсы

  62. Ы. Алтынсарин қазақ қоғамының алдыңғы қатарлы өркениеттен артта қалу себептерін неден көрді? қазақтар арасындағы оқу-ағарту ісінің болмауынан

  63. Ы. Алтынсарин көшпелі қазақ қауымынық әлеуметтік дамуының басты бағыттары туралы: елге сауаттылықты тарату, қол өнерді дамыту, отырықшылыққа көшу, жер шаруашылығына өту жолдарымен қоғамды эволюциялық дамыту

  64. Ы. Алтынсариннің қазақ қоғамының әлеуметтік-таптық кұрылымы туралы көзқарасы: бай-феодалдар, орта шаруа, кедей жатақтар

  65. Абай қоғамдағы әлеуметтік әділетсіздіктің себептерін немен түсіндірді? қоғамның байлар мен кедейлерге бөлінуі және олардың мүдделерінің қарама-қайшы болуымен

  66. Абай әдеттегі қазақ құқын жетілдіруде қандай үлес қосты? 100-ден аса баптардан тұратын әдеттегі құқықтың жиынтығын құрастырды

  67. Абайдың анықтауы бойынша ғылым қандай әлеуметтік рөл атқарады? ғылым адамды қараңғылықтан құтқарады, білімсіздіктен шығудың жолын көрсетеді

  68. Абайдың еңбектің әлеуметтік рөлі туралы көзқарасы: еңбектің барлык түрлері пайдалы, сонымен қатар жалдамалы енбек те пайдалы

  69. Тұлғаның әлеуметтенуіне ықпал ететін Абай айтқан алғышарттар: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым

  70. Байтұрсыновтың қоғамның даму жолдары жөніндегі көзқарасы: эволюциялық, реформалық жолмен іске асыру

  71. Ә.Бөкейхановтың кадет партиясынан шығуына себеп болған жағдай: партия бұратана халықтарға, соның ішінде қазақтарға автономия алу мүмкіндігін бермейтіндігін білгендіктен

  72. АҚШ өндірістік кәсіпорындарында әлеуметтанулық зерттеу жүргізген ғалым: Мэйо Э.

  73. Эмпирикалық әлеуметтану әлеуметтанымдық зерттеулердің дербес бағыты ретінде қай елде қалыптасты? АҚШ-та

  74. 1957 жылы авторитарлық, демократиялық және аралас басқарудың үш стилін ерекшелейтін басқару стилі туралы теорияны жасаған автор: Макгрегор Д.

  75. Э.Берджес пен Р. Парктың оқулығы эмпирикалық әлеуметтанудың дамуындағы елеулі кезең болды. Онда олар эмпирикалық зерттеулердің өздеріне мәлім принциптері мен әдістемелерінін жиынтығын беруге тырысты. Бұл оқулық қалай аталады? «Әлеуметтану ғылымына кіріспе»

  76. Құрылымдық функционализм деп аталған құрылымдық-функционалдық әдістің негізін қалаған ғалым: Парсонс Т.

  77. Әлеуметтік интеракция (өзара әрекет) теориясының авторы: Дж. Мид

  78. Қазіргі әлемдегі қылмыстың себептері туралы аномия теориясы қай автордың еңбектерінде дамыды? Мертон Р.

  79. Американ әлеуметтанушысы Л. Козердің тұжырымдамасы бойынша қоғамдық өмірдің негізі болып табылатын не? құрылымдық шиеленіс (конфликт)

  80. Тұлғаның базалық (азық-түлікке, киім-кешекке, қауіпсіздікке және т.б.) және өндірістік (әділеттілік, аман-саулық, тәртіп және т.б. қажеттіліктер) қажеттіліктерін екі топқа бөліп қажеттіліктің иерархиялық теориясын жасаған ғалым: Маслоу А.

  81. 1892 жылы АҚШ-тың қай қаласында әлемдегі тұңғыш әлеуметтану университеті пайда болды? Чикаго

  82. Күнделікті өмірді театрдағы әрекетпен салыстыруды негіз еткен драматургиялық әлеуметтанудың авторы: Э.Гофман

  83. Этнометодология тұжырымдамасының авторы: Г. Гарфинкель

  84. Феноменологиялық әлеуметтанудың авторын атаңыз: А.Шюц

  85. Жүріс-тұрыстың сыртқы емес, ішкі механизмін ашатын теорияны атаңыз: этнометодология

  86. Адамдардың сый-сияпат алу үшін ұмтылыс жасайтын жақсы мінез-құлқының мотиві жөніндегі әлеуметтік айырбас теориясының авторын атаңыз: Дж.Хоманс

  87. Неміс ғалымының типтеуіне сәйкес қоғамдық қатынастар типі бойынша үстемдік және аралас және жолдастық болып бөлінеді, осы ғалымды нұсқаңыз: Ф.Теннис

  88. Тарихи үрдістің мәні – бұл жеке меншік пен байлыққа бақылау қою үшін күрес деп санаған «Капитал» атты шығарманың авторын атаңыз: К.Маркс

  89. Әлеуметтік шиеленіс теориясын жасаған және әлеуметтік тұрақсыздықтың негізгі себебі капитал емес, билік деп есептеген неміс ғалымы: Р.Дарендорф

  90. Көбіне көп қазіргі қоғамның бет-бейнесін анықтайтын билеуші элитаны зерттеу әлеуметтанудың негізгі міндеті болуға тиіс деп есептеген ғалымды атаңыз: Ч.Миллс

  91. Әлеуметтану тұрғысынан қоғам дегеніміз – бұл: өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында адамдардың тарихи формаларымен біріккен, өзара байланыстары мен өзара әрекеттері туындайтын адамдар жиынтығы

  92. Бұл ғалымдар 1967 жылы әлеуметтік біріктірудің: тұрақты аумақ, өзін-өзі өндіру, жоғары дамыған мәдениеттің болуы және саяси тәуелсіздік сияқты жағдайларын анықтап, оны қоғам деп есептеуді ұсынды: Марш Р., Шилз Э.

  93. Қоғам дамуының негізгі жолдары: революциялық пен эволюциялықтың үйлесімділігі

  94. Революция деген - бұл: өмір сүріп отырған әлеуметтік құрылыстың негіздерін қиратып қоғамдық өмірдің бүкіл немесе көптеген жақтарын толық немесе кешенді өзгерту

  95. Ескірген техника мен технологияны жаңа, мейлінше жетілген техника мен технологияға алмастыру қалай аталады? ғылыми-техникалық прогресс

  96. Қоғамды жүйелік тұрғыда зерттеу деген: құрылымдық, функционалдық, динамикалық тұрғыда зерттеу

  97. Жаһандық деңгейде қоғам әлемдік жүйеге айналады, оны үш бөлікке: өзекке, жартылай шетаймаққа және шетаймаққа (ядро, периферия, полупериферия) бөлуге болады деп санаған ғалым: Валлерштайн И.

  98. Қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларын ішнара және біртіндеп жетілдіру қалай аталады? Реформа

  99. «Қоғамдық еңбек бөлінісі туралы» атты еңбегінде әлеуметтануда қоғам дамуының алғашқы теорияларының бірін жасаған ғалым: Дюркгейм Э.

  100. Адамдардың материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыратын сала қалай аталады? экономикалық сала

  101. Бұл саланың міндеті - қоғамдағы әлеуметтік тәртіпті қатамасыз ету, қақтығыстарды тоқтату, билікті қорғау және т.с.с.: саяси сала

  102. Жаңа білімдер ашу, оларды келесі ұрпаққа жеткізу, көркемдік құндылықтарды жасау қай саланың міндеті болып табылады: рухани сала

  103. Адамның қоғамдағы әл-ауқаты үшін жауап беретін сала – бұл: әлеуметтік сала

  104. Кезуші аңшылар, көсемдер, мал щаруашылығы мен жер шаруашылығы, неолит революциясы, ежелгі мемлекеттер, аграрлық қоғам, қазіргі заманғы қоғам – бұл: қоғам дамуының сатылары

  105. Әр түрлі қоғамдық бірлестіктердің ұқсас белгілері: қоғамның даму типтері

  106. Әрбір кейінгі даму сатыларына бұрынғыларына қарағанда аз уақыт кетеді деп есептейтін заң – бұл: тарихи уақытты жеделдету заңы

  107. Осы заңдылыққа сәйкес халықтар мен ұлттардың даму жылдамдығы әр түрлі: заңдылық заңы

  108. Қоғам қашан пайда болды? 40 мың жыл бұрын

  109. Қоғамның өзіндік жетілгендігінің басты белгісі: экономикалық

  110. Әлеуметтік институттың басты артықшылығы: алдын-ала болжам жасау, сенімділік, тұрақтылық

  111. Әлеуметтік институттар пайымдау үшін мыналарды негіз етіп береді: қажеттіліктің сапалық деңгейде қанағаттандырылуын

  112. Институт ең алдымен неге негізделеді? ара қатынастарды әлеуметтік реттеушілікке

  113. Институттардың тиімділігін арттыруда не мүмкіндік туғызады? еңбек бөлінісі және кәсібилік

  114. Төменде көрсетілген әлеуметтік институттендірілген байланыстардан формальды еместерін бөліп көрсет: достық

  115. Әлеуметтік институт туралы толық түсінік берген американ әлеуметтанушысы және экономисі: Т. Веблен

  116. Адамдардың бірлескен қызметін ұйымдастырудың тарихи тұрғыдан қалыптасқан тұрақты формалары бұл: әлеуметтік институт

  117. Әлеуметтік мәртебелер мен ролдерді, нормалар мен ережелерді анықтау және бекіту үрдісі қалай аталады? Институционалдандыру

  118. Бұл еңбегінде Торстейн Бунде Веблен қоғамның эволюциясын әлеуметтік институттардың табиғи сұрыпталу үрдісі ретінде қарастырған: «Парықсыз тап теориясы»

  119. Әлеуметтік институттың беделінің түсуін сипаттайтын кері үрдістің аталуы: институционалдық дағдарыс

  120. Институттың: а) жүріс-тұрыс ұстанымы мен үлгісі; б) символдық мәдени белгілері; в) утилитарлық мәдени белгілері; г) ауызша және жазбаша кодексі; д) идеология сияқты белгілерін бөліп көрсеткен авторды атаңыз: С. Фролов

  121. Әлеуметтік институттардың қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатынастарын реттейтін қызметі қалай аталады? Реттеушілік

  122. Әлеуметтік топ мүшелерінің топтасуын, өзара тәуелділігін және өзара жауапкершілігін қамтамасыз ететін функцияны атаңыз: біріктірушілік

  123. Келер ұрпаққа тәрбиені жеткізетін функцияның аталуы: трансляциялау

  124. Қоғам мүшелерінің жүріс-тұрысын бекітіп, қалыпқа келтіретін және бұл жүріс-тұрысты күні бұрын білдіретін функцияның аталуы: қоғамдық қатынастарды бекіту және ұдайы өндіру

  125. Нәтиже беретін, бір бағыттағы және қайталанбалы әлеуметтік әрекеттердің жиынтығы қалай аталады? әлеуметтік процесс

  126. Қоры шектеулі және тең бөлінбеген құндылықтарды иемдену үшін индивидтер, топтар немес қауымдастықтар арасындағы күрестің аталуы: бәсекелестік

  127. Жаңа ортаның мәдени нормаларын, құндылықтарын және әрекет эталондарын индивидтің немесе топтың қабылдауы қалай аталады? Бейімделу

  128. Жаңа мақсаттар мен тәсілдерді толық немесе жартылай қабылдау жолымен индивидтің немесе топтың өзгерген жағдайлар мен мәдениетке келісуін білдіретін бейімделу формасы: мәміле

  129. Барлық қатысушылардың жалпы мәдени үрдіске қатысуы арқылы тұлғалар мен топтардың өзара мәдени араласу үрдісінің аталуы: сіңісу

  130. Әлеуметтік құрылым – бұл: әлеуметтік жүйедегі элементтердің тұрақты байланысы, әлеуметтік байланыстар мен қатынастар

  131. Маркстік теория бойынша әлеуметтік құрылымның өзегі: таптар

  132. Қоғамның әлеуметтік құрылымы туралы тұжырымдамаға қарсы тұрған теория: әлеуметтік стратификация

  133. П.Сорокиннің теориясына сәйкес әлеуметтік стратификацияның үш түрі бар: экономикалық, саяси, кәсіби

  134. «Страт» түсінігі нені білдіреді? Жіктерді

  135. П.Сорокиннің әлеуметтік стратификация теориясының негізіне адамдардың бірігуі алынған: әлеуметтік жіктерге

  136. Әлеуметтік мобилдік терминін 1927 жылы әлеуметтануға енгізген кім? П.Сорокин

  137. Өндіріс құралдарын меншіктенген немесе меншіктенбеген, табысқа қол жеткізудің ерекшелікті тәсілімен сипатталатын адамдардың үлкен тобы қалай аталады? Тап

  138. П.Сорокиннің теориясына сәйкес әлеуметтік мобилдік қандай әлеуметтік саты бойынша қозғалуды білдіреді? тік және көлденең бағытпен

  139. Индивидтің туғанынан немесе өзінің жеке басының сапасына орай әлеуметтік иерархияда белгілі бір орын алуына мүмкіндік беретін жағдай қалай аталады? Мәртебе

  140. Құлдық, касталар, сословиялар, таптар – бұлар....... Құлдық, касталар, сословиялар, таптар – бұлар....... стратификацияның тарихи типтері

  141. «Страта» ұғымы әлеуметтануға қай ғылымнан ауысты? Геология

  142. Таптарға анықтама берілген В.Лениннің еңбегін атаңыз: «Ұлы бастама»

  143. К.Маркстің көзқарасына қарсы әлеуметтік теңсіздік туралы өз пікірін айтқан ағылшын ғалымы: Г.Спенсер

  144. Адамның өзі туғаннан бастап мүшесі болуға міндетті әлеуметтік топты немесе стратты атаңыз: каста

  145. Дәстүрлерде немесе заңдарда бекітілген және мұраға берілетін құқықтар мен міндеттерге иелік ететін әлеуметтік топты атаңыз: сословия

  146. 20 ғасырдың 30 жылдарында АҚШ-та пайда болған батыс әлеуметтануындағы стратификацияның барынша танымал үлгісін жасаған ғалым: У. Уотсон

  147. Шаруашылық және қоғамдық дәнекерлікпен байланысқан туысқандар тобы қалай аталады? Клан

  148. Адамдарды басыбайлылыққа салудың әлеуметтік, экономикалық және заңдық формасы қалай аталады? Құлдық

  149. Жалпы, бүкіл адамдарға тән сапалар мен қабілеттерді сипаттау үшін қолданатын ұғым: адам

  150. Адамзаттың, топтың немесе әлеуметтік қауымдастықтың бір ғана өкілі болып саналатын: индивид

  151. Қоғамдық өмірде басқа адамдармен өзара әрекет процесінде жүзеге асатын қасиеттер мен сапаларды сипаттау үшін қолданылатын термин: тұлға

  152. Тұлғаның рөлдік теориясына сәйкес қоғамдағы адамның жүріс-тұрысын «әлеуметтік мәртебе» және «әлеуметтік рөл» сияқты екі негізгі ұғымдармен бейнелеуге болады деп бірінші жазған: Мид Дж.

  153. Әлеуметтану тұрғысынан тұлғаны зерттеу тұлғаның қай қасиетін ерекше бөліп көрсетеді: әлеуметтік сапаларын

  154. Ескі жүріс-тұрыстың орнына жаңа жүріс-тұрыстың құндылықтарына, нормаларына, рөлдеріне және ережелеріне оқыту процесі қалай аталады? Реәлеуметтендіру

  155. Тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқын реттететін диспозициялық теорияның негізін салғандар: Ф. Знанецкий, У.Томас

  156. «Айнадағы Мен» теориясының авторы: Ч.Кули

  157. Қоғамда табысты өмір сүру үшін қажетті мінез-құлық үлгілерін, әлеуметтік нормалар мен құндылықтарды индивидтің меңгеру процесі қалай аталады? Әлеуметтендіру

  158. Әр адамның жүріс-тұрысын тіл, салт, әлеуметтік институттар, бұқаралық ақпарат құралдары және т.б. әлеуметтік орта арқылы бақылайтын жүріс-тұрыс тұжырымдамасының авторы: Дж.Хоманс

  159. Еліктеу, ұқсастыру, ұят және кінә сезімі сияқты психологиялық механизмдердің көмегімен әлеуметтендіру процесін қарастырған ғалым: З.Фрейд

  160. Билік өкілеттілігін пайдаланудың көмегімен қоғамдық тәртіпті қолдаудың ерекше механизмі – бұл: әлеуметтік бақылау

  161. Әлеуметтік бақылау тұжырымдамасының авторы: П.Бергер

  162. Адамның ішкі дүниесіне әлеуметтік нормалар мен құндылықтардың ену процесі қалай аталады? Интериоризация

  163. Индивидтің әлеуметтік-экономикалық жағдайларға, ролдік функцияларға, әлеуметтік нормаларға бейімделуі қалай аталады? үйрену (адаптация)

  164. Тарихи-мәдени мектептің авторы: Л.Выгодский

  165. Инстинктвизм теориясының авторы: З. Фрейд

  166. Тұлғаның енжар, қанаушы (эксплуататорлық), жинақтаушы және нарықтық типтерін бөліп көрсеткен ғалымды атаңыз: Э.Фромм

  167. Әлеуметтік жүйеде осы мәртебені иемденген адам атқаруға тиісті әрекеттердің жиынтығының аталуы: әлеуметтік роль

  168. Девианттық мінез-құлықтың көрсететіні: ресми мойындалған немесе қоғамда қалыптасқан нормаларға сәйкес келмейтін бұқаралық қызметтің формасы

  169. Девианттық мінез-құлықтың қоғамда болуының басты себебі: экономикалық қатынастарда

  170. Қылмыстарды зерттеудің мәліметтеріне қарағанда енбек пен қылмыстық мінездің арасында: тікелей байланыс жоқ

  171. Еңбектің мазмұны мен қоғамға жат тәртіптің арасындағы байланыс психологиямен және моральмен жанама түрде болғанмен олар қайшылықтар туғызады: қызметкердің қажеттілігі мен оның өндірістік жағдайлары арасында

  172. Қоғамға жат ауытқушылықтардың пайда болуының қайнар көзі не? қоғам дамуының ақиқат процесі мен адамдардың ізденіс-талап құқын жүзеге асырудың сәйкеспеуі

  173. Ішкі шиеленістер немен анықталады? жеке бастың моральдық санасының қайшылықтарымен

  174. Адамдардың санасы мен мінез-құлқында болатын мынадай келеңсіз кұбылыстар: немқұрайлылық, дөрекілік, менмендік, қаталдық, арсыздық және т. б. ауытқыған мінез-құлықтың қай түріне жатқызылады? адамдар ара қатынасындағы ізгіліктік принциптердің бұзылуына

  175. Ауытқыған мінез-құлықтың шектен шыққан түрі: қылмыскерлік

  176. Өз бетінше пайда болып, үлкен эмоциональдық пен және конформизммен айрықшаланатын: стихиялық топтар

  177. Стихиялық топтар сана мен мінез-құлықтың бұрмаланған белгілерін қабылдауға тым жақын. Бұл ең алдымен мынаумен түсіндіріледі: топта қоғамдық пайдалы мақсаттардың болмауымен

  178. Делинквентілік неден қолдау таппайды? Заңнан

  179. Шетелде ауытқыған мінез-құлық әлеуметтануы қай еңбектен бастау алды? Э. Дюркгейм. «Өзіне-өзі қол салу»

  180. Ғылымда «білімді игеру» ілімін түсінудің теориялық негізін қалаған психолог: С. Рубинштейн

  181. Сіңу (ассимиляция) және үйрену (аккомодация) Ж. Пиаженің ойы бойынша нені меңгерудің формалары: білімдегі тәжірибені

  182. Бастапқы схемалардың жаңа объектілерінің құрылымдарын өзгерту арқылы бейімделу дегеніміз: үйрену (аккомодация)

  183. Ақпаратты қабылдау процесінде білім тұлғаның өзін дамытып, тұлғалық пішін алады. Мұндай ойлар ілімге қандай тұрғыдан қараудың негізі болады: мәдениетті меңгеру

  184. Ақпаратты қабылдау процесінде білім тұлғаның өзін дамытып, тұлғалық пішін алады. Бұл көзқарастың негізін салған: Л. Выготский

  185. Толық білім мен білім бөлігі ара қатынасы мынадан көрінеді: білімнің пайда болуы мен қызмет етуі міндеттерін атқаруы әлеуметтендіру және тәрбиенің көмегінсіз мүмкін еместігінен

  186. Мектептің пайда болуын ненің шығуы мен дамуы шешті? Ғылым

  187. Білім институттары жүйесіне кіретін не? отбасы, мектеп, мәдениет орындары, бұқаралық ақпарат құралдары

  188. Білімнің беделін айқындаушы: қоғамның білімнің маңыздылығын мойындауы

  189. Кәсіби білімнің әр түрлі формаларын адамның таңдау мүмкіндігі мен оған бейімділігіне сүйене отырып білім қандай қызметті атқарады? әлеуметтік мобилдік

  190. Саяси саланың қоғамдық өмірдің басқа салаларымен байланысын зерттейтін ғылым: саясат әлеуметтануы

  191. Әлеуметтік-саяси қатынастарға талдау жасау - бұл: саясат әлеуметтануының объектісі

  192. Мүмкіндіктен шыға отырып анықтайтын, саяси қызметтің көптеген топтық формаларын сипаттайтын, адамдардың индивидуалдық жүріс-тұрысын сараптайтын саясат әлеуметтануының әдісі: бихевиористік

  193. Саяси жүйенің өзегі, оның орталық элементі болып саналатын: мемдәрісет

  194. Билік субъектісінің өзінің мақсатына жетуде биліктің ықпалына объектінің бағынбауына қарамастан, күш қолдану немесе қоқанлоқы көрсету жолдарымен және оның бағыну немесе бағынбау аралығын таңдау мүмкіндігінен айырылуы қалай аталады? Күштеу

  195. Қоғамның әлеуметтік-саяси құрылымының үлгілерін іздестірудің тәжірибелік міндеттерін шешуге бағытталған саясат әлеуметтануының функциясы: практикалық-саяси

  196. Саяси институттардың, рөлдердің, қатынастардың, процестердің жиынтығынан тұратын күрделі түзілім: саяси жүйе

  197. Саяси жүйе теориясын негіздеуші: А.Истон

  198. Билікті бөлудің жобасын ұсынған бірінші автор: Дж.Локк

  199. Биліктің негізгі тармақтары: атқарушы, заң шығарушы, сот

  200. Билік қатынастарының субъектісі болып саналатын: адамдар, адам топтары, қоғам

  201. Қоғамда тәртіпті сақтау үшін биліктің маңыздылығын қамтамасыз ететін биліктің функциясы: идеологиялық

  202. Саяси жүйенің өмір сүру тәсілі, қызмет жағдайы, саяси қатысудың белгілі дәрежесі мен формалары – бұл: режим

  203. Әлеуметтік саяси өмірдің объектілер мен субъектілерінің, әр түрлі элементтерінің қарым-қатынасы мен байланысын ашатын заңдар қалай аталады? өмір сүру заңдары

  204. Саяси институттар мен ұйымдар, саяси принциптер мен нормалар, саяси қатынастар, саяси мәдениет пен сана – бұл: саяси жүйенің компоненттері

  205. Бір субъектінің басқа бір субъектіге өзінің ерік-жігерін таңу мүмкіндігін сипаттайтын қоғамдық қатынастардың ерекше формасы қалай аталады? Билік

  206. Биліктің негізгі үш легитимдік типін: рационалдық, дәстүрлі, харизматикалық типтерін бөліп көрсеткен ғалымды атаңыз: М.Вебер

  207. Саяси жүйенің бұл функциясының міндеті: индивидтерді саяси құндылықтарға тарту болып табылады: әлеуметтендіру функциясы

  208. Индивидтер өзара әрекет ететін нормалар мен ережелерді енгізу жолымен қоғамға ықпал етудің міндеті: реттеу функциясы

  209. «Үйлесімді әртүрлілік» заңын алғаш ашқан: Платон

  210. «Экономика» терминін айналымға енгізген: гректер

  211. Еңбек бөлінісі туралы жүйелі ілімді тұңғыш рет ұсынған: А.Смит

  212. «Индустриалдық қоғам» терминін ғылыми айналымға енгізген социалист-утопист: А.Сен-Симон

  213. «Әлеуметтік шиеленіс теориясын» жасаған: К.Маркс

  214. Постиндустриалдық өркениет дамуының негізінде жатқан «еңбек түрлерінің шкаласын» жасаған және негіздеген: Г.Зиммель

  215. Ұтымдылық процесін, яғни тауар-ақша қатынастарының жоғары формасын құру мәселесін қарастырған «Протестанттық этика және капитализм рухы» атты кітаптың авторы: М.Вебер

  216. Өзінің «Экономика және қоғам» атты басты еңбегінде М.Вебер әлеуметтік стратификация теориясын қарастырған, соған сәйкес қоғамның жіктер мен таптарға бөлінуінің негізіне үш фактор ықпал етеді: экономикалық мәртебе немесе байлық, саяси мәртебе немесе билік, престиж

  217. Қоғамның тепе-теңдігі мен тұрақтылығын сақтай отырып, қоғамның тұрақтандырушысы болып саналатын тап: орта тап

  218. Басқа топқа енуге шектеу қоюды немесе топтың өз ішінде шектелуін білдіретін, әлеуметтік тұйықталу құбылысын қарастырған: М.Вебер

  219. «Әлеуметтік экономия» деп аталатын экономикалық әлеуметтану бойынша ең бірінші шыққан кітаптың авторы: Т.Грееф

  220. Қоғамда шаруашылықты жүргізуді: натуралды, тауарлы емес (ойкономия) және ақшалай (хрематистика) типтеріне бөліп көрсетуге болады деп есептеген ғалым: Аристотель

  221. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру жүйесінің авторы: Ф.Тейлор

  222. «Х» және «У» басқару стилі теориясының авторы: Д.Макгрегор

  223. Қоғам дамуының қандай да бір деңгейінде экономикалық процестердің әлеуметтік аспектілерінің ерекшеліктерін зерттеу қай функцияның міндеті болып табылады? танымдық функциясы

  224. Қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік процестердің дамуын және ондағы әрекет етіп тұрған әлеуметтік институттарды талдау мына функцияның міндеті болып табылады: бағалау функциясы

  225. Қандай да бір әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерді туындататын себептерді зерттеу қай функцияның міндеті болып табылады: түсіндіру функциясы

  226. Экономикалық әлеуметтанудың объектісі: экономика мен әлеуметтік салалардың өзара әрекетінің нәтижесінде пайда болатын әлеуметтік-әлеуметтік үрдістердің күрделі динамикалық жүйесі

  227. Г.Зиммель өзінің ең басты еңбегінде жұмыс күшін дайындау мен көші-қонға, ой еңбегі мен дене еңбегінің арасындағы айырмашылыққа, үстемдік ету мен бағынуға, биржадағы ақша айырбасына, айырбас және тұтыну құнының әрекет ету механизміне терең талдау жасауға талпынған. Сол еңбекті атаңыз: «Ақша философиясы»

  228. Отбасының әлеуметтік институт ретінде пайда болған кезі: алғашқы қауымдық құрылыс

  229. Отбасы – бұл: неке мен қандас туыстықтың негізінде, тұрмыстың ортақтығымен және өзара жауапкершілікпен байланысқан адамдардың бірлестігі

  230. Отбасы өзінің дамуында келесі кезеңдерді басынан өткізді: промискуитет, қандас-туыстық, пуналуальды, жұп, моногамды

  231. Отбасының негізгі функциясы: дүниеге нәресте әкелу

  232. Некенің үш түрін: полигинияны, полиандрияны, моногамияны бөліп көрсеткен ғалымды атаңыз: Мак-Леннан

  233. Неке мен отбасының мәселелеріне арналған Ф.Энгельстің негізгі еңбектерінің бірі – бұл: Семьяның, жеке меншіктің және мемдәрісеттің шығуы

  234. Биліктің құрылымы бойынша болатын отбасы: эгалитарлық және авторитарлық

  235. Адамзат қоғамның бірінші тиым салғаны: қан араласуға

  236. Неке – бұл: ер адам мен әйел адамның арасындағы тарихи қатынастар формасы, соның негізінде қоғам олардың ерлі-зайыптылық құқықтары мен міндеттерін реттейді және бекітеді

  237. Бір еркек пен бірнеше әйелдің некеде тұруы қалай аталады? Полигиния

  238. Бір әйел мен бірнеше еркектің некеде тұруы қалай аталады? Полиандрия

  239. Отбасы қарым-қатынас құрылымына қарай қандай түрлерге бөлінеді? серіктестік және авторитарлық

  240. Өзінің «Отбасы әлеуметтануына кіріспе» атты еңбегінде бұл автор жыныстардың қарама-қарсылығы – бұл некелік одақ құрудың тек базалық негізі ғана емес, сонымен қатар, отбасындағы адамгершіліктік жақындасудың негізгі себебі деп атап көрсеткен. Еркек пен әйелдің бір-бірін ынтыға іздеуі олардың нақ осы өзгешеліктерімен байланысты. Осы ғалымды атаңыз: Э.Дюркгейм

  241. Отбасының бұл функциясы өзін-өзі тәрбиелеумен қатар ерлі-зайыптылардың өзара тәрбиесін де қамтиды: тәрбиелік

  242. Отбасының бұл функциясының міндеті отбасында моральдық, психологиялық және материалдық көмек пен қолдауды қамтамасыз ету болып табылады: рекреативтік

  243. Отбасының бұл функциясы өз мүшелерінің өзге адамдармен, жақындарымен жақсы қарым-қатынасын қамтамасыз етеді: коммуникативтік

  244. «Ирокездер лигасы», «Туысқандық жүйе және адамның отбасының адамдық қасиеті», «Ежелгі қоғам», деген еңбектерінде бұл американдық ғалым отбасылық қарым-қатынастың тарихи дамуының формасын қарастырады: Л.Морган

  245. Бір жағының қалауымен еркін түрде бұзылатын, бір ер адамның бір әйел адаммен әлсіз, тұрақсыз одағының аталуы: жұптық отбасы

  246. Отбасының даму сатысына төменгі атаулардың қайсысы жатпайды? патриархалды отбасы

  247. «Семьяның, жеке меншіктің және мемдәрісеттің шығуы» атты еңбектің авторын атаңыз: Ф.Энгельс

  248. Мәдениет – бұл: генетикалық мұраланбайтын, ерекшелікті тәсілдердің жиынтығы, жүріс-тұрыстың формалары мен үлгілері

  249. Мәдениеттің басты элементі: тіл

  250. Топты көпшіліктен айырықшалайтын нормалар мен құндылықтардың жүйесі: субмәдениет

  251. Этноцентризмнің ұстанымы: басқа мәдениеттерді өз мәдениеті арқылы бағалау

  252. Бұқаралық мәдениеттің басты функциясы: көңіл-көтеру-компенсаторлық

  253. Мәдени реалитивизмнің ойластыратыны: кез келген мәдениеттің абсолюттік өзіндігі

  254. «Мәдениет адамды бұзады: оған жетілгендік табиғаттан берілген» деп санаған: Дидро

  255. «Адамзат тарихы қайсыбір жабайылық күйден басталады да, тек мәдениет қана адамды «адам етеді»» деп санаған: Вольтер

  256. Қазіргі рухани қажеттіліктің жағдайын талдау соңғы кезде мынаны анықтап отыр: жаңа және ескі қажеттіліктер жіктелісінің көрінуі қарқынының артуын

  257. Өркениет – бұл: қоғамдық дамудағы рухани мәдениеттің деңгейі, сатысы

  258. Мәдениет әлеуметтануындағы негізгі еңбектердің бірі: П. Сорокин. «Қазіргі заман дағдарысы»

  259. Дұрыс жауапты көрсетіңіз: мәдениет пен өркениет бірмезгілде пайда болды

  260. Мәдениеттің адамдардың көптеген ұрпағының әлеуметтік тәжірибесін шоғырландыру қабілеті, сөйтіп әлем туралы бай білімді жинақтап және оны игерумен байланысты мүмкіншіліктер жасауы қандай функциямен байланысты: танымдық

  261. Бұрынғымен, бүгінгімен және келешекпен байланысты қамтамасыз ететін әлеуметтік тәжірибені тарату функциясы – бұл: ақпараттық

  262. Өзара түсіністіктің дұрыстығын қамтамасыз ететін әлеуметтік қарым-қатынас функциясы, кез-келген түрде ақпарат беру – бұл: коммуникативтік

  263. Адамның мінез-құлқын бақылаудағы әлеуметтанудың құралы ретінде көрінетін функция – бұл: басқарушылық

  264. Жоғары мәдениет, халықтық мәдениет, бұқаралық мәдениет, субмәдениет және контрмәдениет – бұл: мәдениеттің формалары

  265. Ақпаратты беру мен алмасудың, қарым-қатынас процесінің, материалдық және рухани әлемнің кез келген объектілерінің байланыс құралы қалай аталады? Коммуникация

  266. Адамдардың коммуникативтік қызметін қай ғылым саласы зерттейді? коммуникация әлеуметтануы

  267. Коммуникация саласында қалыптасқан қарым-қатынастың, өзара әрекеттің және ықпалдың ерекшеліктері болып саналады: коммуникация әлеуметтануының пәні

  268. Әртүрлі жіктердің көңіл-күй көтеру әлемімен байланысқан утилитарлық сұранысты қанағаттандырудың атқаратын функциясы: жарнама-анықтамалық

  269. Коммуникация әлеуметтануын қандай типтегі тұлға қызықтырады? «homo loguens» - сөйлеуші адам

  270. Алдын ала дайындалған бағдарлама бойынша индивидтің мінез-құлқын өзгертуге әкелетін индивид санасын мақсатты ынталандырудың тәсілі – бұл: дегеніне көндіру

  271. Аудиторияның қажеттіліктерін қанағаттандыру тұжырымдамасын жасаған қай ғалым? Б.Берельсон

  272. Мамандандырылған және бұқаралық ақпарат – бұл: әлеуметтік ақпарат деңгейлері

  273. Өзекті әлеуметтік мәселелер бойынша әлеуметтанулық ақпаратқа қысқаша баспасөз беттерінде түсініктеме шолу жарияланған – бұл: әлеуметтанулық түйін

  274. Баспасөз, радио, теледидар – бұлар: бұқаралық коммуникацияның сыртқы формалары

  275. Әлеуметтанудың зерттейтіні – бұл: зерттелетін объекті немесе құбылыс жөнінде нақты объективті мәлімет алуды мақсат еткен методологиялық, әдістемелік және ұйымдық-техникалық процедураның логикалық жүйесі

  276. Бұл құжат кез келген әлеуметтану зерттеуінің міндетті түрдегі бастауы болып саналады, онда зерттеудің методологиялық принциптері, мақсаттары және міндеттері, оларға жетудің тәсілдері көрсетілген: бағдарлама

  277. Бастапқы ақпаратты жинаудың мақсаттарын, міндеттерін, тәсілдерін, құралдарын анықтау, оны өңдеу және талдау – бұл: әлеуметтану зерттеулерінің кезеңдері

  278. Зерттеу пәнінің тереңдігі мен күрделілігіне талдау жасау әлеуметтануда әлеуметтанулық зерттеулердің келесі түрлерін ерекше көрсетеді: барлаушылық, суреттемелік, талдаушылық (сараптамалық)

  279. Шешілетін міндеттің ортақтығымен байланысты, әдістердің жиынтығына негізделген ұйымдастырушы құжат: әдістеме

  280. Талдаушылық (аналитикалық) зертеудің мақсаты – бұл: құбылыстар мен процестердің негізіне жататын мәнді себептерді анықтау

  281. Практикалық қызмет пен таным принциптерінің, нормаларының, әдістерінің жиынтығының аталуы: әлеуметтану зерттеуінің методологиясы

  282. Әлеуметтануға жатпайтын әдіс: тарифтік

  283. Зерттеушілік іс-шаралардың, техникалар мен әдістердің жиынтығы – бұл: әдіснама

  284. Ауызша және жазбаша ақпараттың көзі ретінде эмпирикалық зерттеуге қатысушы адам – бұл: респондент

  285. Зерттелетін объектіні мақсатты және жоспарлы түйсіну әдісі – бұл: бақылау

  286. Сұхбатнама және анкеттеу қай әдіске жатады? Сауалнама

  287. Объектіні кейбір басқаратын және бақылайтын факторлардың ықпалының нәтижесінде объектінің қызметі мен жүріс-тұрысының сандық және сапалық өзгерістерінің көрсеткіші туралы ақпарат алудың тәсілі – бұл: эксперимент

  288. Ел Президентінің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында белгіленген негізгі міндеттердің бірі: қазақстандықтардың өмір сапасының артуы

  289. Қазақстанның дамуының жаңа кезеңі – жаңғыртуды жеделдету

  290. ХХІ ғасыр деңгейіндегі білім беру мен кәсіптік даярлаудың басты міндеті: әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру

  291. Қазақстанның әлемдік экономика мен қоғамдастыққа табысты кірігуінің кілті – бәсекеге қабілеттілік, Қазақстан тауарлары мен қызметтерінің озық халықаралық стандарттардың сапалық деңгейіне шығуы

  292. Жаңа Қазақстанды құрудың аса маңызды факторлары – қазақстандық патриотизм мен саяси ерік-жігер

  293. Қазіргі заманғы әлеуметтік саясаттың басты назарда ұстағаны: адамдардың сұранысы мен қажеттіліктері және жұмыс орындарын жасақтау

  294. Білім беру мен кәсіптік қайта даярлаудың халықаралық стандарттарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясат нені қамтиды? мектептерге ағылшын тілінің шетелдік оқытушыларын тартуды

  295. XXI ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстанды сипаттайтын негізгі ұғымдар: барлық қазақстандықтардың өркендеуі, қауіпсіздігі мен тұрмыс халін жақсарту

  296. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясының басты негіздерінің бірі. болып табылады: барлық діндердің тең құқықтылығына кепілдік беру, конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету

  297. Әлеуметтік саланы одан әрі жаңартудың барынша басым бағыттарының біріне не жатады? тұрғын үй құрылысын және жылжымайтын мүлік рыногын дамыту

  298. Әлеуметтік қолдау көрсету жүйесінің нарықтық экономика талаптарына сай қайта жасалуының негізгі талаптарының бірі: әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарын енгізу

  299. Қазақстан мемлекетінің өз дамуындағы жаңа серпіліс жасауының басты негіздерінің бірі ............. болып табылады: еркін, ашық әрі демократиялық қоғам орнату

  300. Халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі шарттарының бірі : табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың, қоршаған ортаны қорғаудың жаңа бағдарламаларын құру