Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экологиялы туризмні экономикасы.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
1.48 Mб
Скачать

3. Студенттің өздік жұмысын рәсімдеуге қойылатын талаптар

1. Реферат - теориялық білімнің шығармашылық қабілеттілік арқылы көрінісінің бір түрі. Көлемі кем дегенде 8 (15) бет. Реферат құрылымы бойынша кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

2. Баяндама – тақырыптың мазмұнын теориялық бағдарда ашатын жазбаша жұмыстың бір бақылау түрі. Жұмыс көлемі 8 бетке дейін болады.

3. Эссе – бұл ғылыми жұмыстың сыни шығармашылық нысанындағы түрі. Студент теориялық білімін тақырып бойынша жүйелеп, тәжірибелік деңгейде саралап, аналитикалық қорытындылар жасап, өз бетінше көзқарас қалыптастырып, сыни ой, пікірлерді қалыптастыруға арналған шығармашылық бағдардағы жазбаша жұмыс. Оның көлемі 1 – 1,5 бет.

4. Аналитикалық реферат - өте қысқа бағдардағы жазбаша жұмыс, бұл кестелік, графиктік, суреттер түрінде қысқаша тұжырымдар түрінде берілетін жазбаша жұмыс. Көлемі 1 – 3 бет.

5. Презентация (слайд шоу жасау) – тақырып материалын әрі қысқа, әрі нұсқа түрінде беруге мүмкіндік беретін үлестірме материал ретінде жүретін, қазіргі ақпараттық технологияны қолдануға толық мүмкіндік беретін, ыңғайлы, қашанда қолда бар, өзгеріс енгізуге қолайлы жазбаша және де электронды түрдегі өзіндік жұмыс. Оның саны кем дегенде тақырыптың санына сай болуы керек, болмаса талап бойынша теориялық және практикалық материалдарды көрсету үшін оның саны екі есеге артады, мысалы 7 тақырып 7 слайд, ал талап бойынша 7 тақырып 14 слайд болуы қажет. Ол әрлендіріліп, көлемді материалды түйіндеп мазмұнды түрде беретін шығармашылық қабілетті көрсеттін өзіндік жұмыс түрі.

Сөж жұмысын рәсімдеуге қойылатын талаптар

СӨЖ жұмысы компьютер, принтер арқылы А4 форматты ақ қағаздың бір жақ бетіне бір интервал (аралық) сақтай отырып орындалады. Шрифт-қалыпты «Times New Roman», кегль 14. СӨЖ жұмысының көлемі 5-10 бет.

СӨЖ жұмысының мәтіні жан-жағынан қалдырылатын ашық орындардың (поля) мына мөлшерлерін сақтай отырып басылуы тиіс: сол жағынан - 30 мм, жоғары жағынан - 20 мм, оң жағынан - 10 мм және төменгі жағынан - 25 мм.

Айқындалып назар аударылатын терминдерге, формулаларға, теоремаларға, компьютерлік жағдайлардағы түрлі гарнитурлы шрифтарды пайдалануға рұқсат беріледі.

СӨЖдық жұмыстағы тегі, мекеменің, ұйымның, фирманың аттары, өнімнің аталуы және басқа жалқы есімдер атаулары түпнұсқа тіліне келтіріледі.

Жалқы есімдерді қысқартып келтіруге, ұйымдар мен кәсіпорындардың атауын көрсетуге рұқсат етіледі.

СӨЖ жұмысының құрылымдық элементтерінің атаулары «Мазмұны», «Кіріспе», «Қорытынды», «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі», сонымен қатар тараулардың атаулары құрылымдық элементтерінің басында жазылуы тиіс, оларды беттің жоғары жағында ортасында бас әріптен бастап, аяғында нүкте қоймай, астын сызбай толық шрифтпен басу қажет.

2013-2014 Оқу жылына арналған «eet 1208 Экологиялық туризмнің экономикасы » пәні бойынша оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы

(бакалавриат)

Әдебиет түрі бойынша мамандықтың оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу мазмұны

Оқулық саны (дана)

Пәнді оқушы студенттер контингенті

Қазақ тілінде (дана)

Орыс тілінде (дана)

Электронды (дана)

Оның ішінде жаңалары

Қазақ бөлімі

Орыс бөлімі

1

Оқу әдебиеті

300

200

17

200

2 курс (4г/о) – 38;

2 к (3 г/о) - 1

2 курс (4 г/о) - 19

2

Оқу-әдістемелік құралы

303

206

15

403

3

Ғылыми әдебиет

259

174

14

122

4

Заң және құқықтық-нормативті актілер

28

31

28

-

Қорытынды

890

611

73

725

12