Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

азахстан тарихы II том

.pdf
Скачиваний:
246
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.92 Mб
Скачать

XIV—XIX ғасырда қазіргі Курдістан аумаганда мекендеген

қырық курд тайпалары Иран шахы мен Осман империасына нақты тәуелді болды. Бірақ мықты кершілер курдтарды егемен халық статусынада айыруға ұмтылысы, оларды парсы және түрік ортасында ассимиляциялау кезекті көтеріліске, саясатгы кезекті қанды соғысқа ғаиа океп соқтырып отырды.

XIX ғасырда, орыс-парсы соғысынан соң тарихи Курдістан аумағының бөлігі 1813 жылы Гулистан бейбіт келісім мен 1828 жылы Туркіменшак келісім шарттарына сөйкес Ресей империясы иелігіне көшті де, курдтар Әзербайжан, Армения және Грузия әкімшілік шекарасында қалып қойды.

Кеңес Одағының алғашқы жылдарында Әзербайжанның Кеңестік халық комитеті республикасындағы ОАК-не орталығы Лачин (Карабак) автономиялық Курдістан республикасын қүру туралы жоба енгізді. 1923 жылы қүрылған республика қүрамына Қарақышлақ, Кельбаджар, Котурлу, Курд-Гаджи, Муратханлы кірді. Кеңестік Курдістан өкіметінің алғашқы төрағасы Гуси Гаджаев болды.

XX ғасырдың екінші жартысынан бастап КСРО-да курдтарға қатысты саясат өзгере бастады. 1930 жылы Курдістан уезі округ болып қайта қүрыдды, ал содан соң мүддем жойылдьт. Курдтарды ассимиляциялау басталды. Бүл кезде олардың үлттық қүқықтары ескерілмеді, ауылдарында ана тіліне оқыту, курд тілінде кітап шығару тоқтатылды.

ХХғасырдың 30-жыддары "курд" созі қолданудан шықты, күрдтердың саны шүғыл қысқартылды. 1937 жылы коммунистер, кеңесгік партия қызметкерлері, курд интеллигенциясы түтқынға алды. Курд балалары оздерінің мекгептері жабылған соң, армян, грузин, әзербайжан мектептеріне көшті, бірақ онда да көп оқыған жоқтіл білмегендіктен барлығы үлгермеушілік себебінен мектептен шығарылды. Сауатсыздар саны өсе бастады, жаңа дамып, жаңарып келе жатқан мөдениет артқа қарай қайтарыдды.

КСРО үкіметі 1937—38 жылдары Әзербайжан мен Армениядағы курдтардың қонысын Орта Азия мен Қазақстанға аударды.

Олар былай орналастырылды: әрбір елді мекен пунктіне 3-4 жанүядан. Курдтарды үлт ретінде жойып жіберудегі нақты мақсат өддекімнің қүрған жоспары болды.

Осылай немесе басқаша түрде курд автономиясы жойылды. Бүл іс осымен шектелмеді. Сол кездегі Әзербайжандағы КП ОКтөрағасы Багиров оларды: "Егер Армения мен Нахичеван АКСР-дағы жерлестерің сияқты қуғын-сүргінге үшырағыларың келмесе, онда "курд" деген сезді мүлдем үмытуларың керек",—деп қорқыта бастады.

309

Адамдар өздерін әзербайжан деп жаза бастады, әрине, төлқүжаттағы жазу курдтардың үлттық намысын, ана тілін озгерте алмады. Бірақ Әзербайжанда қағаз бетінде "курд" дегендер жоқ болғандықтан, курд мәселесі де жойылды, ал жоқ халыкқа қандай автономия кажет...

Мемлекеттік Қорғаныс Комитетіне, Халық Комиссарлар кеңесіне 1944 жылы 28 қарашадағы ішкі істер халық комитетінің төрағасы Л. Берия өз баяндамасында былай деп хабарлады:

КСРО НКВД Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің Қаулысына сәйкес Грузия КСР-ның шекара аудандарынан түріктер, курдтар, химшиндердің қоныс аудару операциясы жүргізілді. Бүл халықтың Түркия шекара аудандарының түрғывдарымен туыстық қатынастағы едәуір бөлігі Түркия барлау органдары үшін тыңшы элементтеріне тартылып, қарақшылар топтарын толықтырды.

Қоныс аударуға дайындық 1944 жылдың 20 қыркүйегінен 15 қарашаға дейін жүргізілді, бүл кезде қоныс аударуға жататын адамдардың шекарадан өтіп кетпеуін алдын алу мақсатында Түркиямен шектесе мемлекетгік шекараны қорғау күшейтілді. Ахалцик, Адиген, Аспиндз, Ахалкалак және Богдан аудандарының қоныс аудару операииясы 1944 жыддың 15-нен 18-ші қарашаға дейін, ал Аджар ауданынан 1944 жылы 25 қарашасында жүргізілді.

Қоныс аударғандардың саны — 91095 адам. Қоныс аударушылар тиелген эшелондар жолда, олар Өзбек, Қазақ және Қырғыз КСР-да жаңа қоныс қүрды. Қоныс аудару операциясы үйымдасқан түрде откізілді.

Жоғарыда көрсетілгендей, Грузия КСР-ғы шекара аудандарына Грузиядағы аз жерді аудандарынан 7000 шаруашылықтар квшірілді.1

Бір уақытта КСРО НКВД Түркиямен шектесетін Грузия КСР аудандарында шекара тәртібін күшейту арнайы шаралар өткізуде.

1944 жьшыдың 17 қарашасында сағат 16°°-да Грузия КСРнан 81324 түрік, курд және хемшин жіберілді, ал 1944 жылдың соңына қарай 94955 аталған үлт екілдері кошірілді.

Қазақ Республикасыңца 6455 курд отбасы (27677 адам) орналастырылды, олардың ішінде 16 жасқа дейінгі балалар саны-13735 қүрады. Колхоздарда-9332 адам, совхозда-846 адам, өнеркәсіп орындарында 588 отбасы (10734 адам). 193 әйелдер жүмыс істемеді. Білікті мамандар-48 адам.

1 Погруженные в эшелоны и отправлены к местом поселении... КСРО тарихы 1991 жыл. № 1.

310

Бүгін Қазақстанда курд интеллигенциясының көптеген жасақтары еңбек етіп өмір сүруде, олардың қатарында ғылыми қызметкерлер, өнеркосіп және өртүрлі мекеме бастықтары бар. Олардың ішівде әйгілі ғалым Надир Каримүлы Надиров. Ол-Қазакстан Республикасы ҒА академигі, профессор, химия ғьшымының докторы, Республика ғылымының еңбегі сіңген кайраткер, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, оннан астам монографиялардың авторы. Ғылымға белгілі үлес қосып жатқан химия ғылымының кавдидаттары — Г.А.Надиров, Г.Ц.Мусаева, К.А.Жалилова, К.С.Надирова, медицина ғылымының кандидатгары- Р.И.Исаева, М.А.Бадиров, ауьшшаруашылық ғылымының кандидаттары — Х.Г.Гасанов, А.У.Усенов, С.БИсаев, СААсанов, техника ғьшымының кандидаты У.Садыков және басқалар.

7. Қазақстандағы Қырым татарлары, гректер, грузин-месхетгер, армян, болгар диаспоралары.

Қырым татарларын елден куу. 1944 жылдың 20 мамырыңца 180014 адам елден қуылды. Қырым АКСР 1921 ж. 18 қазанында аумақтық республикасы ретінде РСФСР СНК және ЦИК қаулысымен қүрылған еді.

Республиканы қүрудың мүндай жолы оның көп үлтты екенімен түсіндіріледі: орыстардың саны 50 пайыздан асқан, бірақ олардан басқа тағы да 69 үлт өкілдері түрады. Түтастай республикадағы үлттык белгісі бойынша халықтың қүрамы былай көрсетілген: 51,5 пайыз— орыстар, 25,9 пайыз қырым— татарлары, 24 пайыз басқа үлт өкілдері.1

Бүл жерді немістер, еврейлер, гректер, балғарлар, армявдар, поляктар, караимдер, эстондар, чех пен словактар да мекендеген; украиндар ірі топты қүраған.

Қырымдағы ЦИК-тің үйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Коваль 1927 ж. тамыз айында ВЦИК Президиумына жазған хатында Қырымда 77405 орыстар-украиндар және басқа хлықтар түрып жатқанын хабарлаған. Оның ішінде орыстар

— 558481, украиндер - 154120, армяндар — 12873, татарлар - 218179, немістер — 65452, балғарлар - 15353, гректер — 20653, басқлары - 29276.2

1Лидер 1990 №8. 32 бет.

2Крым национальный. Сұрақтар мен жауаптар, 1-шығарылым, Симферополь, 1988, 32 бет.

311

Үлы Отан соғысы басталғанда басқа да Кеңес Одағыньщ адамдары сияқты мывдаған Қырым татарлары да оз Отанын қорғауға қатысты. Неміс — фашист басқыншыларымен күресте қырым татарларының ішінде мынандай атақты патриоттар, мысалы, Даңқ Орденінің толык кавалері Сейцднаби Абдурахманов, Леонвд Велиляев, Кеңес Одағының екі мәрте Батыры үшқыш Ахметжан Сүлтан және басқалары жасаған ерліктерімен ерекше көзге түсті.

Қырымды немістер басып алған соң, түбек аумағында "мүсылман комитеттері" — өз-өздерін басқаратын оргавдар қүрыдды, олардың мақсаты өз бетімен өмір сүретін үлттық татар мемлекетін қүру болып табылды.

Симферопольде өткен мүсылман қүрылтайында хандық үкімет қалыптасты. Соңғы жылдардың архивтік моліметтері мен шығарылымдары Қырымда орналасқан неміс армиясының болімшелерінде 20 мыңан астам (10 пайыз) Қырым татарлары қызметге болғанын баяндаған. 1944 жыддың қаңтарында 3783 партизан ішінде 598 (16 пайыз) қырым татарлары болған.'

"Правда" газетінде 1987 жылдың 25 шілдесінде басылған ТААС хабары бойынша түбек аумағында басқыншылармен бірлесе 200-300 адамы бар қырым татарларының 10 ерікті батальондары өрекет етті. Бірақ татарлардың көбін ез еркімен емес, күшпен неміс қүрамаларына енгізді.2

1944 жыддың 1 Імамырында Мемлекетгік Қорғаныс Комитеті Қырым татарларын көшіру туралы қаулы қабылдады. Операция басшылары болып мемлекеттік кдупсіздік комиссарлары Б.З.Кабулов пен И.А.Серов тағайындалды.

Бүл 1944 жыддың 18 мамырында болды. Адамдар эшелонға асығыс тиелді, оларға өзімен бірге тек азғана заттарын алуға рүқсат берілді.

20-мамырда Кабулов мен Серов Берияға былай деп баяндады: "Сіздің жарлығыңызбен 18 мамырда басталған қырым татарларын көшіру операциясы 20-мамырда, сағат 16-да аяқтадды. 180014 адам көшірілді, олар 67 эшелонға тиелді, оның ішіңде 63 эшелон 173282 адаммен арнайы орьшға жіберідді, қалғандары бүгін жіберіледі". Сондай-ақ одан ары былай деп хабарланды:

"Бүдан басқа Қырымдағы аудандық өскери комитеттері оскер жасындағы 6000 қырым татарларын жүмылдырды.

1КСРО тарихы 1989 жыл. №6 137 бет.

2Правда 1987 жыл. 28 шілде; Басов А.В. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Қырым М., 1988. 285 бет.

312

Олар Қызыл Армияның жоғарғы басқармасының бұйрығы бойынша Гурьев, Рыбинск, Куйбышевқа жіберілді. Сіздің жарлығыңызбен "Москвакомір" тресіне жіберілген 8000 арнайы қоныс аударушылар ішіндегі 5000 адам татарлар. Жалпы Қырым АКСР-нан "үлты татар 191044 адам шығарылды".'

Қырым татарлары Қазақ және Қырғыз КСР-сына, РСФСР-дың жеке облыстарына көшірілді. Кешіру өте киын жағдайда өтті, 1944—1945 жылдары арнайы коныс аударушылардың 44887 адамы қаза тапты, яғни өлім 19,6 пайызын қүрады.2 Қырым татарлары толығымен көшірілді.

1944 жылы армяндарды, болгарларды, гректерді қуғындау:

1999 жылы Қазақстанда армяндар — 11758 адам, болгарлар —

6915 адам, гректер — 12703 адам. Татарлардан кейін 1944 жылдың 2 маусымындағы ҚМК-нің қаулысы негізінде Қрымнан Қазақстан мен Орта Азияға 15040 грек, 12422 болгар, 9621 армян, 1119 неміс, италяндар мен румындар, 150 түрік, 16 иран (барлығы 41854 адам) кошірілді.3 Сол қүжаттарда "Неміс басқыншылығы кезінде болгар халқының едәуір болігі немістермен откізілген герман армиясына азықтүлік өнімдері мен астык жинау шараларына белсенді катысты.

Грек халқының едәуір бөлігі, әсіресе теңіз маңындағы қалаларда, басқыншылардың келуімен сауда және кіші өндіріспен айналыса бастады, ал неміс өкіметі оларға бүл істе комек корсетті.

Армян үлттық комитеттері Берлиннен келген эмигранттардың белсенді қатысуымен "Тәуелсіз Арменияны" насихаттау жүмыстарын жүргізді"4 деп көрсетілген.

Бүған қоса басқа үлтгар да қуғынға үшырады. 1944 жылы кулактар мен дүшпандық элементтер байқалған Молдаван КСР-ның 31699 түрғындары, 8374 адам Черновцыдан, 3767 адам Измаил облысынан қоныс аударылды. Қазақстанға Украинаның Львов, Ровен, Тарноград облыстарынан 636 отбасы (2291 адам) көшіп келді. 1945 жылдың көктеміне қарай осындай қүрамаларда КСРО ҮҚК-нің мәліметтері бойынша 90 мың адам болды.

Балтық бойындағы халықтардың да тағдыры жеңіл болған жоқ. Осы аймақтың негізгі этносын қүрайтын эстондар,

1КСРО тарихы 1992 жыл №2.

2КСРО тарихы 1992 жыл №2.

1КСРО тарихы 1992 жыл №2.

1КСРО тарихы 1992 жыл №2.

313

латыштар, литвалықтар гана қуғыңцалмай, финдер, поляктар мен орыстар да куғындалды.

1941 жылдың қараша айына қарай Прибалтика, Молдавия, Украина, Белоруссиядан Қазақстанға 88097 адам қоныс аударды.1

1936 жылдың 28 соуірінде қүпия қаулымен №776—120 "Қазақ КСР-на Украинадан саяси сенімсіз поляктарды көшіру туралы" қүпия қаулысына қол қойылды.

"Сенімсіз элемент" ретінде шекара аймағынан 35820 поляк кетті, оның ішінде Қазақ КСР-на 35739 адам, қалған кіші топтар Ресей облыстарына көшірілді. 1936 жыл поляктар үшін РСФСР-дың шексіз даласында қаңғыруының басы болды. Сотсыз, тергеусіз, сонымен бірге жазбаша жазалаусыз Белоруссия мен батыс аудандар халқының 10 пайызы қуғындалды.2

1939 жылдың желтоқсанында Кеңес үкіметі, УКСР мен БКСР-ның батыс облыстарынан қоныс аударғандарды арнайы елдендіру және оларды жүмыспен қамту туралы ереже" бекітті. Бүл үшін ішкі істер халықтык, комитетінің төрағасы Л.Берияның жарлығы бойынша 55 теміржол вагондары бөліңді.

"Қоныс аударушылар" категориясына ең адцымен Польша армиясьшың бүрынғы әскери қызметшілері, полициядағы шенді адамдар мен бүрынғы Польша аймақтарының әкімшілік қызметкерлері кірді. НКВД мәліметтері бойынша 1941 жылдың басыңда елдің 20 облыстары мен аймақтарында 131938 куғындалған "орманшылар", "қоныс аударушылар" түрып жатты, оның ішінде поляктар — 109223 адам, сонымен бірге Қазақстан лагерьлерінде 46547 адам мекендеді.3

1942 ж. қарашасыңда Саратов облысынан Қазақ КСР-на

2014 поляктар, оның ішінде 318 бала қоныс аударды.4 Сонымен бір уақытта басқа елдерден де батыс аудан-

дарының аймағын "босату" бойынша шаралар өткізілді. 1939—1940 ж.ж. Молдавия-Бесарабия, батыс Украина мен

батыс Белоруссия, Латвия, Литва және Эстония "ескі буржуазиялық үлттардан" тазартылды.

Кеңес Одағына қарсы пиғылдағы жазаланғандардың 75 пайызы әр түрлі жерлерден жарлықтар мен қаулыларды

1КСРО тарихы 1992 жыл №2.

2Парсаданова В.С. Батыс Украина мен Батыс Белоруссия халқын

елден куу ~ Новое и новейшая история 1989 жыл № 2, 44 бет.

3 Парсаданова В.С. Батыс Украина мен Батыс Белоруссия халқын елден куу ~ Новое и новейшая история 1989 жыл № 2, 31 бет.

4Дружба народов 1989 жыл, № 4, 29 бет.

314

жарияламай НКВД жалпы бұйрығының жүйесі бойынша қуып шығарылды. Сондай-ақ босатылған аудандар Ресейден кошірілгендермен толықтырылып отырылды.1

КСРО СНК-ның 1940 ж. сөуіріндегі №497-178 сс қаулысына сәйкес Қазақ КСР-на Украина және Белоруссия КСРның батыс облыстарынан котерілісшілер үйымдарының қуғындалған қатысушылар, бүрынғы Полыиа армиясының офицерлері, полиция, абақтьщағьшар, помещиісгер, фабриканттар және бүрынғы польша мемелкеттік аппаратының чиновниктері 60667 (басқа мәліметтер бойынша 61092 адам) отбасы мүшелері қоныс аударыдды.

Олар Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Павлодар, СолтүстікҚазақстан және Семей облыстарьш мекендеді. Олардьщ ішіңце 36729 адам колхоздарда, 17923 - совхоздарда және 8000 адам әр түрлі өндіріс өнеркәсіп орындарының жүмысшылар поселкаларында орналасты.2

Елден куу акциялары қырқыншы жылдардың екінші жартысында да жалғасын тапты. 1945 жылдан бастап 1949 жылға дейін 38911 латыштар, 80189 литовтар, 19237 эстондар қуғындалды. 1949 ж. маусымында Грузиядан тағы да 981 курдтар мен түрік месхетиндіктер жанүясы (4671 адам) көшіріліи шыгарылды. Олар бурі Қазақ КСР-ны жіберідді.3

Барлығы 1945 ж. соңына қарай, КСРО НКВД мәліметтері бойынша, арнайы елдендірілгендердің саны 967086 жанүя (2342506 адам) болды4, олардың ішінде Қазақстанға 1 миллионнан астам адам қоныстаңды. Олжас Сүлейменов Қазақстанды кіші карта бетінде жүзіп жүрген орасан зор кеме түрмесімен салыстырған: "Біз, қазақтар, осы айдауда туыпөстік".

Тәуелсіз Қазақставда қуғын-сүргінге үшырағавдардың үні анық естілуі үшін үзақ 30 жыл уақыт керек болды жөне кінәсіз жазаланғандарды ақтау күні занды түрде мемлекетгік күнге айналды (1997 жылдың 31 мамыры) 1997 жылдың 6 маусымында Қазақстан халқының Ассамблеясының 4 сессиясында сөйлеген сезінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев былай деп атап көрсетті: "Біз барлығымыз бүрынырақта өмір сүріп кеткен үрпақтар алдында борыштымыз. Миллион және миллиондаған саяси

1

КСРО тарихы 1992 жыл, №2.

 

 

2

КСРО тарихы 1989 жыл, № 6

37 бет.

 

3

К.СРО тарихы 1992 жыл, № 2

122-143

беттер.

4

КСРО тарихы 1992 жыл, № 2

122-143

бетгер.

қуғын-сүргін қүрбандарының тағдырын ешкім ойлап шығарған жоқ. Бүл қатаң шывдық — ол өткен күндермен кетті, бірақ қатыгездігі мүлдем жоғалмады. Қазақ жері тоталиторизмнің ең үрейлі жаңалығының бірі - көптеген конщіагерълердің орналасу орны болып табылды". Одан өрі Н.Ә.Назарбаев: "Жүріп өткен жол — бүл біздің өткен күндеріміз, оның жеңістері мен жеңілістері, қуаныштары мен қайғылары. Ал басқа пікірді үстанған адамдарға айтармыз: аға үрпак окілдерінің істері мен әрекетгерінің бейшаралығына немесе тарихи мағынасыздығына кінә тағу олардың тарапынан адамгершілікке жатпайтынын түсінсін", — деп айтып өтті.

ҚОРЫТЫВДЫ

Тәуелсіздік тізгіні қолға тигеннен кейін біраз үлт екілдері тарихи отандарына қайта бастауы тарихи зандылык еді. Бірақ Қазакстан халқы туралы алқалы жиындарда әңгіме қозғала калғанда, ең алдымен айтылатыны—елімізде 130-дан астам үлттың өкілдері түратындығы. Қазақстан кеңестік кезенде " 100-ден астам үлтгың достық лабораториясы" еді, енді одан да көбейіп кеткендей. Тәуелсіздік алғаннан кейін дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан соң шетелден де ағылып келіп жатқандай ма, қалай. Солардың бәрін үлыс пен диаспораның бәрін үлт деңгейіне көтеріп жатқанымыз неліктен? Әлде мүның астарында басқалай саясат бар ма?1

Осыдан келіп үлт дегеннің түпкі үғымы қандай деген завды сауал туыидайды. Расында да, Қазақстанда 130-дан астам үлт бар ма? Оның есеп-қисабын кім жүргізген? Статистика агентгігі не дейді? Кейін өзіміз үлт деңгейіне көтергевдер баскд пиғыл танытпай ма? Біздің парламентте өз депутатымыз болмаса қүқығымыз шектеледі десе ше. Болмаса, БҮҮ-ның кейбір талаптарын алға тартып, тығыз шоғырланған аумақта автономия қүруға талпыныс жасап жүрмей ме? Ендеше, тағы бір мәрте үлт үғымына қатысты түжырым төңірегінде тоқтала кетелік. Ғьшым тілінде "үлт дегеніміз-қолданысына қарай индивидтің нақты үлттық немесе этностық топқа, немесе индивидтің белгілі бір мемлекетке завды қатыстылығын білдіреді". Ал үлтгың түп тамыры тілі, аумағы, экономикасы, мәдениеті және мінезі, үлттық санасы дамуының бірдейлік базасывда пайда болған, тарихи жаіъшан түрақты қалыптасқан адамдар қауымдастығы дегенді біддіреді. Ендеше, Қазақ-

1 "Казахстанская правда", 6 маусым, 1997 жыл.

316

стандағы қалған үлт өкілдерін үлт деңгейіне көтеру тағы да ғылыми анықтама тарапынан қарсылыққа кезігеді.

Қазақстан халқының 56 пайызын қазақ халқы қүрайды, 28 пайызы орыс диаспорасының еншісінде. Басқа үлт өкілдерінің еншісіне 16 пайыз ғана тиеді. Сонда дейміз-ау, 130 үлт, коп үлттылық моселесі қайдан шығады. Ресей, АҚШ, Қытай, Иңдонезия, Австралия елдері сияқты копүлпы мемлекет болса бір сәрі. 16 пайызды 130 үлтқа болеміз бе? Басқалардың коңілін аулаймыз деп, тол мемлекетіміздің тәуелсіздігіне сызат түсіріп отырған жокпыз ба? Қалай болғанда да осы жерден бір мәселенің шеті қылтиып көрінеді.

Жоғарыдағы біз тақырыпқа шығарып, оның түпкі тамырына талдау жасауға үмтылып отырған көпүлттылық мәселесін тануға үмтылушылардың көздеген өз мүддесі бар екені анық. Ол саяси ғылымдағы "мемлекет қүраушы үлт" ("государствообразующая нация") мәртебесін жалғыз қазақ үлтының еншісіне бергісі немесе қиғысы келмейтіндігінде. Қазақстандағы үлт мәселесіне қатысты жаңа үғымды қалыптастыруға деген де үмтылыс сондықтан туындап отыр деп айтуға негіз бар.

Ата Заңымыз бойынша бүгінгі тәуелсіз Қазақстан — Федеративтік емес, унитарлық мемлекет. Унитарлыктың мағынасы — жері біртүтас, бөлінбес, белшектенбес иелік, оньщ игесі жалпьшап айтқанда қазақ мемлекеті, жаппай халық деген сөз. Мүнда ешқандай өзге территориялық саяси қүрьшымдар, автономиялар болуға жол жоқ. Ал осы Ата Занда бекітіліп берілген туған жердің біртүтастығын, оның шекарасын бүлжытпай сақтап қалуға, сөйтіп оны келер үриақтарымыздың мәңгілік мүрасына айналдыруға ең мүдделі үлт-осы аймақты ғасырлар бойы жайлап, қызғыштай қорғап келе жатқан, әзірше өз мекенінде 8 миллионнан жаңа ғана асқан ержүрек те батыр, әрі аңқау, аңғал, адал жүрт екені белгілі1. Түптің түбінде сіз бен біздің қасиетті жерімізді жанын аямай қорғауға өрқашан әзір түратынсіз бен біздің балаларымыз2.

Қазақстанда коп үлттық мәселенің шетін шығару үлтаралық мөселені ушықтыру деген үғымға жетелемейтіні анық. Біздікі қалай болғанда да салмақты ойды саралап, ақиқатқа деген үмтылыстан туындады. Қазіргі жаһандану жағдайында

1 Мүсіреп Ғ. Қазақстаіща қанша ұлт бар. "Егемен Қазақстан" 2003 жыл. 3 қазан.

2Аренов М. "Кто же мы — Казахстанцы?". "Казахстанская правда" 12.12.1997 г.

317

бәзбіреулер үшін үлтгық темірқазық төңірегіңце әңгіме қозғау асылық болып көрінер. Алайда, тәуелсіздіктің арқасында үлтгық санасы қайта жаңғырып үштен бірі алыс және жақын шет елдегі қазақтарды тарихи Отанына жинап қазақи болмысбітімімен қайта қауышуға талпыныс танытып жатқан түста бүл моселеніц ара — жігін ажырата білу керек корінеді. Халқың неғүрлым көп болса, ну ормандай түтасып, қалың отырса, сен қашанда елің мен жеріңнің мүддесін қапысыз қорғап қаласың, ешкімге есеңці жібермей, ризық несібеңці молайта берерсің.

Алыс мен жақынға көлеңкенді түсіріп, қамқорыңа аларсың. Үлкеңцердің алакөздігінен қорықпай, кішілерге "аға" атанарсың. Көптің атынан сойлесең, сенің даусывды өзгелерден бүрынырақ естіп, кептің атынан сөйлесең, сенімен көп те, аз да санасар, таласуы мүмкін, бірақ санаспауы мүмкін емес. Көбің жиналып қасықтап су қүйсаң, шөлің көлге айналады, көліңнің айналасы жайқалған жасыл ну болар. Әлсіз бен аздың жаны қысылғанда колына үстап шығатыны ақ шүберек болар, ал жау қашырған жеңімпаз көптің қолында желбіреген көкала ту болар. Аздың көпшілікті бастайтыны рас, бірақ соңына ерген қарашасы кем жүйріктің қарақшыға жалғыз жеткенінде не мүрат-магына бар? Ағайының тойып ішкен тамақ-ас, ауыддасың тойып ішкен тамақ-той емес пе?1

1 Сорсенбай Оразбек. Саны көппен оркім де санасады. Егемен Қазақстан. 2003 жыл. 21 қазан.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]