Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

азахстан тарихы II том

.pdf
Скачиваний:
246
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.92 Mб
Скачать

бармақ түгілі, қазақ этносы толыққанды тарихтьщ ең бойында өзіне келген зардаптардан әлі айығып болған жоқ. Сол себепті де қазақ үлтына белгілі бір деңгейде басымдық беріліп отыр деудің өзі артық болар еді.

Тағы бір айта кететіні, диаспора өкілдерінің қазақ даласына жаппай қоныстана бастағаны соңғы бір ғасырдың иелігіне тиеді. Оның ар жағыңда Ресей патшасының отарлау саясатьша қатысты қазақ даласына қарашекпенділердің келе бастағаны мәлім. Алайда, қазақ жеріне басқа үлт өкілдерінің жаппай қоныс аудара бастауы Қазан төңкерісінен кейін ғана күрт өсті. Қуғын-сүргінге үшырап, қазақ жерін паналап, түрақтап қалғандар да сол уақыттың күрбандары. Одан кейін Мәскеуден жергілікті халықты ассимиляциялау саясатының шеңберінде тың көтеру, кәсіпорындар салу тәрізді түрлі шаралардың ықпалымен келгеңдерде жеткілікті болды. Осының бәрі жинақтала келіп жергілікті үлттың азшылықта қалуына әкеліп соқтырды. Санының аздығы қазақта осте этнос қүқығынан айыруға немесе саны көп диаспораны этнос деңгейіне көтеруте ешқандай мүмкіндік бермейді. Осы жерде ерекше атап өтетін, біздің қозғаған мәселемізге төрелік болатын бір дәйек бар. Ол қалай болғанда да, қандай жағдаймен болса да қазақ жеріне қоиыс аударған диаспора окіддерінің бүгінгі Қазақстан халқын қүрып отырғандығы. Бүл туралы Ата Заңымызда да айқын жазылған "Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы...". Міне, "Қазақстан көп үлтты мемлекет" дегендерге беретін негізгі жауаптың бірі осы.

Қазақстан халқының 56 пайызын қазак, этносы қүрайды, 28 пайызы орыс диаспорасының еншісінде. Басқа үлт өкілдерінің еншісіне 16 пайыз ғана тиеді.

Алдымен "этнос" үғымының түп-торкініне көз жүгіртелік. "Этнос" (немесе халық) дегеніміз — өзінің дамуының бастапқы кезеңінде аумағының бірдейлігі, бірдей тілге негізделген мәдениетінің, шаруашылық-түрмыстық ерекшеліктері болуы, өзіне тон біркатар белгілері бар тарихи жағынан қалыптасқан әлеуметтік топ". Енді осы талаптар теңірегінен түжырымдасақ, Қазақстандағы этнос белгісі тек казақ үлтының шеңберіне ғана сәйкес келеді. Қазақ этносы бабалардың бүгінгі күнге жеткен бір түтас үлан-ғайыр далада халық ретінде қалыптасты, жетілді. Тіпті оны Ата Заңымыздың басталуындағы "Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазак, жерінде мемлекеттік қүра отырып..." деп жазылған преамбула да айғақтайды. Қазақ этносының қадым заманнан бері Қазақстан аумағын еркін жүріп, ең жайлағандығына қатысты басты темірқазығының

19-148

289

бірі де осы. Бүл біріншіден. Екіншіден, қазақ тіліне негізделген шоқтығы биік қазақ мәдениетінің орны бөлек екендігін әсте ешкім де жоққа шығара алмайды. Үшіншіден, сан ғасырлар бойғы дала мөдениетінің өркениетіне көрсететін қазақтардың шаруашылық-түрмыстық өзіндік ерекшеліктері болғандығын тарихтан хабардар кез келген адамныц мойындайтьшы да белгілі1. Сонымен, Қазақставдағы қазақ этносына қатысты бір дәйектің үшын осылайша қайыруға тура келеді.

Қазақстанда түратын калған "129 диаспораларының бірде біреуін өлеуметтік қауымдастық қатарына жатқызуға болмайды". Өйткені, біз Қазақстандағы басқа үлттардың қауымдастығын қаншама үлт деңгейіне көтергіміз келгенімен, жоғарыда этнос үғымына берілетін қасиеттер мен ғылыми түжырым оған мүмкіндік бермейді.

Еліміздің Конституциясы жоғарыда айтқаңдай, "Біз...

Қазақстан халқы" деп басталады. Ал еліміздегі диаспоралардың ана тілін, мәдениетін оркендетуге үлкен септігін тигізіп отырған қоғамдық-консультативтік орган Қазақстан халықтарының Ассамблеясы деп аталады. Бүл атау мемлекеттің Негізгі Заңына сәйкес келмейді. Елімізде үлттар емес диаспоралар бар. Қазақстанда қазақ үлты және басқа үлт өкілдері түрады. Ал қоғамдық-консультативтік органды Қазақстан халқының Ассамблеясы дегеніміз зандылыққа сәйкес келеді2. Оның үстіне бүл Ата Занда таңбаланған нормамен сәйкестендіріледі. Қорыта келгенде Қазақстанда қазақ үлты және басқа үлт өкіддері түрады, орынсыз басқа үлт өкілдерін қолпаштап Қазақставда түратын басқа үлт окіддерін "этнос" қатарына көтеру ғылымға сәйкес келмейді және өділетсіздік. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мүрағатында арнайы комиссия қатысуымен маңызды окіметтік қорлардың: Халық Комиссарлар Кеңесі (ХҚК), Қазақ ССР Министрлер Кеңесі мен Жоғарғы Кеңесі Президиумы қүжаттарының қүпиясын ашу жүргізілді.

Қүпиясы ашылған қүжаттар 1936 жылдан 1955 жылға дейінгі елеулі уақыт аралығын қамтвды. Бүл кезең езіне жаппай саяси репрессияның басталуын, екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында халықтардың елден қуылуын, "хрущевтік жылымық" деп аталатын кезеңнің басталуын сиғызады.

Сипатталған кезеңнің басывда-ақ тоталитарлық жүйенің адамдар үстінен жаппай қьшмыстық эксперименттер жасауда

1Шолекенов У.Х. Ертедегі жоне ортағасырдағы қазақ жеріндегі қалалар. ҚазМУ хабаршасы. Тарих сериясы 2001 N12. 11 — 21 беттер.

2"Егемен Қазақстан" 2003, 3 қазан.

290

біршама тәжірибесі болды: күштеп коллективтендіруді үйымдастыру, бай мен кулактікті жою, халықтық қарсылықты басып тастау ("қарақшылық қозғалыс" деп аталатын), жасаңцы аштықты үйымдастыру, бостандық сүйгіш халыққа қарсы зұлмат, зияткер және басқа да зиялы кауымды іріктеп жою.

Тоталитаризмнің бұнымен қатар аса ауыр қылмысының бірі халықтарды оз елі мен жерінен қуу — олардың этноәлеуметтік және аумақтық бірлігін күш корсетумен қирату.

1930-1950 жылдар аралығында 3 миллионнан астам адам елден қуылды, оның ішівде 1 миллионы Қазақстанға қоныс аударылды.

Қазақтардың елден қуылған адамдарды қалай қабылдағаны жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде былай деген болатын: "Қазақтар мөжбүрлікпен қоныс аударушьіларды қандай кеңпейілдікпен қарсы алғавдары бәрімізге белгілі. Коллекгивтеңціру мен үлы жүтган қансыраған, аштықта өмір сүрген олар соған қарамай тағдыр талқысьшда қалған адамдармен соңғы бір үзім нандарын бөлісіп, оларға жылу, бастарына баспана берді. Мүның бәрін олар қадір-қасиетпен, риясыз жасады. Сол қиын кезде олар өмір сүруге, аяғынан түрып кетуге көмектескендердің бәрі күні бүгінге шейін корсеткен көмектері үшін қазақтарға айтар алғыстары шексіз.

Осылардың бәрімен мен тек айтылған сөздерді естумен ғана таныс емеспін. Әлі есімде, шамасы мен алты немесе жеті жастарда болармын. Бір күні әкем үйге бейтаныс адамдарды — ер адамды, әйелі мен үш баласын алып келді. Олардьщ үстіндегі киімдері жүпьшы, жуылмаған және өздерінің тамақ ішпегендері көрініп түр. Әйелдің көзінен үмітсіздік байқалады, балалары жылаған. Кейіннен білгенімдей, бүлар балқарлар екен — сол жылы аудаңдық арнайы комендатура неге екенін, ертеректе Кабарда-Балқардан жөнелтілген бірнеше жанүяны "асыра лақтыруды" және алыстағы бір ауылға, біздің Шамалған ауылына қоныс аудартуды шешіпті. Оларды ат үсті — кімді сарайға, енді біреуін сүт фермасына орналастырды. Азды-көпті қанағат етерлік өмір жағдайьш жасауды "қүзырлы үйымдардың" ойластырмағаны түсінікті. Бірақ, жергілікті түрғындар басқаша шешіп, қоныс аударушыларға өз баспаналарын үсынды.

Біздің де жанүямыз аштықтың алдында омір сүрді: егер сиырдан сүт шықса, онда ол күні үйде мереке болатын.

Жаңа таныстарға біз бүдан басқа ештеңе үсына алмадық. Бірақ, осы қарапайым дастарқан, ыстық пеш, жылу және ата-аналарымыздың ықыласы олардың өмір сүруіне, балаларын қүтқаруға кемектесті.

291

Әкем сол отбасының басшысы Хазретпен тез достасып кетті, оның жүмысқа орналасуына көмектесті, бір-екі айдан соң балқарлармен олардың ана тілінде еркін сойлесе алатын болды.

Басқа шамалғандыктар сияқты, біздің жанүяда да қоныс аударушылармен кең пейідді қарым-қатынас орнады. Біраз жылдан соң менің бір алыс ағайыным балқар қызына үйленді, ал Кавказға қайтып кеткендердің көпшілігімен мен күні бүгінге дейін хат алысып түрамын1.

Бүл республикаға қоныс аударушы халықтарды қазақтардың қалай қарсы алғаны туралы мәселеге орай.

1930—1950 жылдары он беске жуық этностар жаппай қуғындауға үшырады, олардың ішінде поляктар, гректер, болгарлар, қырым татарлары, қабардалықтар, балқарлар, шешендер, ишуштар, қарашайлықтар, черкестер, қалмақтар, немістер, кәрістер және т.б. бодды. Олардың миллионнан кобі Қазақстаннан екінші отандарын тапты. Бүл халықтардың өрқайсысының қуғындауға үшырау тарихына жеке-жеке токталамыз.

2. Қазақстандағы үйғыр және дүнген диаспорасы

Мындаған жылдардан бері үйғыр мен қазақтың атабабалары түркі өркениетіне бірлесе үлес қосып келе жатқан халықпыз. Кезінде үйғыр мемлекеті болған. Бірақ тарих керуені бір халықтарды судай сапырьшыстырды, мемлекеттері бірде орбіп, бірде күштшердің көшіне ілесіп, оз дербестігінен айырылып қадды. Сондай ескі тарихта ізі сайрап жатқан үлт

— үйғырлар, қүрдымға кеткен мемлекет Үйғырстан. Тағдыр төлкегінен XIX ғасырдың соңында Қытай империясынан қуғын корген біраз үйғыр отбасы қазақ жеріне қоныс аударды.

1881 жылы Ресей Қытаймен Қүлжа қаласында "теңқүқықсыздық келісімін" жасасты: Қытай провинциясы Синьцзян іс жүзінде орыс протектораты болып қалды.2

Шығыс (Қытай) Түркістан халқына уақытша қытай үстемдігінен босатылып, тәуелсіз Түркістан мемлекетін қүруына мүмкіндік туды.3

Халықтың озі үшін бүл бақыт бола қоймады: қытайлармен

1 " Казахстанская правда", 1998 ж 12 қаңтар.

2Михайл Геллер. История Российской импсрии. Т.З., Изд."Мик", I Москва 1997 г., стр 66.

3Бартольд В.В собр. соч,,Т.5.М, 1968. 228 б.

292

қанды күрес жекеленген мұсылман халқы, кеш басылары мен үміткерлері арасындағы қанды күрес сияқты сипат алды.1

Күрес тек ислам туының астында жүргізілді, үлттық санасезім болған жоқ, түрғындар оздерін өз қалаларының аттарымен атады, қашғарлық, турфандық2 және т.б., бүдан басқа кытай тілінде сөйлей алатын XVIII ғасырда Қашқариядан Іле алқабына қоныс аударған қытайлар, олар ислам дінін қабылдаған дүнгендер немесе "тараншы" деп аталды.

Котеріліс жеңілген соң қашқарлықтардың бір тобы үйғырлар мен дүнгендер Қазақстан мен Қырғызстанға босты.

Қазақстанға үйғыр және дүнген босқындары 1883 жылы Қытайдан 9572 үйғыр отбасы (45373 адам) жөне 1147 дүнген отбасы (4682 адам) қоныс аударды3.

Жетісуға үйғырлар мен дүнгендердің қоныстануы екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңге 1877 жылдың аяғы мен 1878 жыддың басы жатады. Бірінші кезеңде негізінен дүнгендердің үш тобы келді. Бірінші топ 3314 адам Нарын шекара пункті аркылы өтті. Олар 1877 жыддың 27 желтоқсаныңца Тоқмақка келді.4 Екінші кезеңде үйғыр-дүнген аралас 1881 жылдың ақпанынан 1884 жылдың басына дейін Жетісуға келген 9572 үйғыр отбасы (45373 адам), 1147 дүнген отбасы (19209 адам) болды. Ал 1897 жъшы жътлғы санак бойынша коныстанғандар санывда дүнгендер 14130 адам, үйғырлар 55999 адам бодцы.5

Қазақстанға дүнгендер мен үйғырлардың қоныс аударуы екі кезеңге бөлінеді.

Олардың қоныс аударуы мынандай ретпен жүргізілді: 4477 үйғыр отбасы (19209 адам) Жаркент ауданына, Шарын мен Өсек ауданыньщ бойына қоныстанды, қалған үлкен болігі — 5275 отбасы (26164 адам) Верный уезіне, Шелекжөне Талғар өзендерінің арасына қоныстанды. 1897 жылы қоныс аударушылар санағы бойынша 14130 дүнген, 55999 үйғыр болды.6

Бір оқырманның еске салатынымыз үйғырлар Батыстағы Қазақстан шекарасына дейін бүрын ешқашан жеткен жоқ.7 Үйғырлар мен дүнгеңдер дәнді дақылдар өсірілетін шүрайлы жерлерге қоныстандырылады; бүл жерлер қазақардан

' Бартольд В.В. Соб. соч; т 5 М. 1968 228 бст.

2Сонда 228 бет.

3Қазақ ССР тарихы. Том 3. Алматы. 1982. 293 бет.

4Қазақ ССР қысқаша энцинклопедиясы. Т. 1. Алматы — 1984. 122-6.

5 Қазак ССР тарихы. Бес томдық. Т. 3. Алматы 1982. 293 бет.

6Сонда 228 бет.

7Бартольд В.В. Соб. соч; т 5 М. 1968 228 бет.

293

тартылып алынды1. Үйғырлар мен дунгендердің шаруашылық түрмысында егістің түсімі басым болды. Үйғырларда суармалы жер 30 694 десятина (97,2 пайыз) жайылым жер 882 десятина (2,8 пайыз) болды; дүнгендерде тиісінше 11025 десятина (71,5 пайыз) және 4386 десятина (28,5 пайыз бодды)2. Қазақстапға дүнген коныс аударушылары өздеріне "тараншы" атауын аса бір сәттілікпен қабылдай қойған жоқ.3

Қазақ жеріне қоныс аударған үйғырлар 1959 жылғы санақ бойынша 60 мың адам4. 1989 жылғы санақта— 185 мың адам өсім, Қытайдан қоныс аударушылар есебінен болды. 1959 жылға қарағанда 3 есеге көбейді, олардың 40 мың адамы Алматы қаласында түрады (немесе 23 пайызы)5. Ал 1999 жылы Қазакстанда 210 339 үйғыр болды.6

Қорыта келгеңде. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан мемлекетінде қазақстандық үйғырлар бізбен бірге өмір сүруде. Үйғырлардың қазақтарға діні мен тілі, діні мен иманы үқсас түркі халықтарынын ежелгі окілдері. Олар еңбекқор, өзіндік үлттық дәстүрлерін сақтаған, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын бауырмал адамдар. Нарыққа ерте ілескен дүнген, үйғыр халықтары сауда-саттығын жасайды, жер еміп еңбек етеді, өнерін өркевдетеді.

3. Қазакетандағы Кәріс диаспорасы

1938 жылы Қазақстандағы кәрістердің саны — 98454 адамға жетті.7

1959 жылы - 74 мың адам.6 1999 жылы - 99657.« Кәрістерге орыс шенеуніктерінің сенімсіздік көрсетуін

алғаш рет 1905 жылы Унтербергер білдірді. Ол кәрістерге қарсы сенімсіздіктің түтастай дәлелдер жинағын келтірді9.

1Васильев В.А. Семиречинская область как колония и роль в ней Чуйской долины. СП. 1915. С. 108.

2Қазақ ССР тарихы, Т.З, Алматы 1982 жыл 293 бет.

3

Бартольд В.В Соб. соч.т. б, М., 1968 ж 228 бет.

4

Численность, состав и размещение населения СССР. госстатиздат.

Москва, 1961.

3

Сонда.

6Данные Агенства РК по статистике и переписи населения 1999 году. 'Докладнаязаписка НКБД. 1938 ж, 1-2ақпан. Известая. Корееведение

Казахстана, вып 3., Алматы 1998 ж. 15-бет.

8Известия. Коресведсние Казахстана, вып 3, Алматы 1998 ж. 15-бет.

9Известия. Корееведение Казахстана, вып 3., Алматы 1998 ж. 15 бет.

294

Олардыңбастылары:

1) Кәрістер діни нанымдылық, дәстүр, әдет-ғүрып, экономикалық омір жағдайывдағы дүниеге көзқарасы бойынша орыстардан бөтен; Ресей бодандығына өткен жөне православие дінін қабылдағанның өзінде де олар орыс халқымен сіңісіп кете алмайды, Жапония немесе Қытаймен соғыс бола қалған жағдайда олардың адалдығына сенуге болмайды, тыңшылық әрекетінің жазылуына олар қолайлы жағдай тудырады.

2)Кәрістерге жерді жалға беру жолы арқылы ауыл шаруашылығын жүргізу жолдары орыс қожайындарын азғындыққа үшыратады.

3)Олар жерге қоныстана отырып орыстарға арналған

жерлерді басып алады, бүл Тынық мүхиты жағалауындағы олардың жағдайын әлсіретумен тең сияқты.1

1937 жылы Қиыр Шығыстағы Кәріс қауымы 200 мың

 

адамды қүрады, олардың ішінде қиыр шығыстық кәрістер

---

(ҚШК) — 110280 адам; орыс-бодандары 27,2 мың адам, жапон

/

бодандары 67,8 мың адам.2

 

1937 жылғы тамыз айында Сталин елдің шығыс аудан-

 

дарының НКВД жетекшісі генерал Г.С.Люшковпен болған

 

әңгімесінде "кәрістердің көші-қон мәселесін күшейту

 

жөніндеіі" ұсынысын айтты. Ксдсс мемлекетінің басшысы

 

қүжаттарда белгіленгендей, "кәрістерге" сенбейтінін айтты.

 

Кәрістер мен бірге жіберілетін жапон тыңшыларының ара-

 

сында тығыз байланыс болуы мүмкін деп есептеп, олар шека-

 

ралық аймақта түрған кезде кәрістерге сенімсіздік біддірді".3

 

Қиыр Шығыстағы 200 мың кәріс халқының тағдырын

 

анықтаған 1937 жылғы 21 тамыздағы КСРО ХКК мен БКП

 

ОК-тың аса қүпия қауліосының толық мазмүнын қарасты-

 

райық.4

 

КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі мен БКП Орталык

 

Комитетінің 1937 жылғы 21 тамыздағы № 1428-326 қаулы-

 

сында көріс халқын қиыршығыстық өлкелердің шекаралы

 

аудандарынан қоныс аударту туралы КСРО Халық

 

1 Ким Гера История имиграции Корейцов (вторая половина XIX века — 1945 г.) Автореферат диссернтации на соискание ученый степени доктора исторический наук. Алматы 1999. С. 21.

2Кулебаев Т. Хегай А. Депортация. Алматы 2000. С. 61.

3Кульбаев Тлеу: Хегай Аркадий. Депортация. Алматы, 2000 ж. 64

бет.

4 Қазақстандағы корістердің тарихы. Мұрағат кұжаттар жинағы. Т.1. Алматы—Сеул 1998 ж.

295

Комиссарлар Кеңесі мен БКП (б) Орталық Комитеті қаулы етеді: Қиыршығыстық өлкелердегі жаповдық тыңшылардың өтіп кетуінің жолын кесу мақсатында:

1) БКП (б) Қиыршығыстық өлке комитетіне, өлкелік атқару комитеті мен Қиыр Шығыс өлкелік УНКВД-ға Қиыр Шығыс олкесінде: барлык, Посьет, Молотов, Гродеков, Ханкай,Хороль,Чернигов, Спасск, Шмаков, Постышев, Бикинск Вяземск, Хабаровск, Суйфун, Киров, Калинин, Лазо, Свободненск, Благовещенск, Тамбов, Михайлов, Архаринск, Сталинск жене Блюхерово шекаралы аудандарындағы барлық кәріс халқын шығарып, оларды Оңтүстік-Қазакстан облысының Арал теңізі мен Балхаш аудаңдарына және Өзбек КСРына көшіруді ұсыну. Қоныс аудартуды Посьет ауданы мен Гродеково ауданына тиіп жатқан аймақтардан бастау.1

2) Қоныс аудартуға тездетіп кірісу және 1938 жыддың

1каңтарына дейін аяқтау.

3)Көшірілуге жататын кәрістерге көшу кезінде өздерімен бірге мүліктерін, шаруашылық заттары мен асыраған қүстарын алып кетуге рүқсат беру.

4)Қоныс аударушыларға олар қалдырып кеткен қозғалатын және қозғалмайтын мүліктер мен егістерінің орнын толтыру (төлеу).

5)Қоныс аударушы кәрістер шекарадан ары асып кетуге тілек білдірсе, кедергі келтірмеу.

6)КСРО Халықтық ішкі істер комитетіне көшуге байланысты кәрістер жағынан тууы мүмкін тәртіпсіздіктер мен эксцестерге қарсы шаралар қабыддау.

7)Қазақ КСР мен Озбск КСР Халық комитетінің кеңесіне тез арада орналастыру пунктгері мен аудаңдарын анықтап, қоныс аударушылардың жаңа орындағы шаруашылыққа жерсініп кету шараларын қарастыру, оларға қажетті көмек корсету.

8)НКПС-ты қоныс аударушы кәрістер мен олардың мүліктерін Қиыр Шығыс өлкесінен Қазак КСР мен Өзбек КСР-сына тасымалдау үшін Шығыс өлкелік атқару комитетіне өз уакытында вагондарға тапсырыс беруді қамтамасыз етуге міндеттеу.

9)БКП (б) Шығыс олке комитеті мен Шығыс олкелік атқару комитетіне үш күндік мерзім ішінде қоныс аударуға жататынын адамдар мен шаруашылықтардың санын хабарлауды міндеттеу.

10)Қоныс аудару барысы, қоныс аудару аудандарынан

'Докладная записка НКВД. 1938 ж, 1-2 акпан.

296

жөнелтілетіңцер саны, қоныстану ауданына келгендер саны мен шекараға жіберілгендердің саны жөнінде телеграфпен он күндік мәліметтерді жеткізу.

11)Кәрістер көшіріліп жатқан аудаңцарыдағы шекараларды қорғауды нығайту үшін шекара өскерлерінің санын 3 мың адамға кобейту.

12)КСРО ішкі істер халық комитетіне кәрістерден боса-

тылған орындарға шекарашыларды орналастыруды рұқсат ету.1

Қазақстанға көшірілген көрістер нақты түрде қоныс аударудың екі кезеңін бастарынан кешірді.

Біріншісі — 1937 жылдың күзінен 1938 жылдың көктеміне дейін. Олар уақытша босатылған жерлерде болды, осы уақытга олар жертолелерде, қоймаларда, атқораларда, шошқақоралар мен соған үқсас орындарда, өздерімен алъш келген қаражатпен өмір сүрді. Ал олар өздерімен бірге тек киім-кешек, жолға арналып есептелген мардымсыз азық-түлік қорын әкелген болатын.

1938 жылғы көктемде кәрістерді қоныс аудартудың екінші кезеңі басталды. Кәрістерді жүк вагонымен тасымалдады, олар вагондарға артық тиелді, бір отбасының мүшелерін әр түрлі эшелондаріа іиса жібсрін, жолда іуысгарын жоіалтып алу, жаппай ауруға үшырау жағдайлары болды. 1937 жылғы 28 қазандағы мәлімет бойынша Қазақстанға 70 эшелон, 12129 жанүя, 58427 адам окелінді, тағы да 7927 жанүя жодда болды.2

Қазақстанға барлығы 20789 отбасы, 98457 адам әкелінді.

Әкелінген қоныс аударушылар мына жерлерге орналастырылды:3 /

Алматы облысы бойынша ... —1616 отбасы, 7581 адам. Оңтүстік Қазакстан облысы бойынша...— 8867 отбасы,

43181 адам.

Ақтөбе облысы бойынша ...—1744 отбасы, 7666 адам. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша -2299 отбасы, 9350

адам.

Қарағанды облысы бойынша -3073 отбасы, 14792 адам.

Қостанай облысы бойынша —720 отбасы, 3476 адам.

ІБатыс Қазақстан облысы бойынша — 1950 отбасы, 9017 адам.4

1Сонда. 166—176 бетгер.

2Қазақстандағы корістердің тарихы. Мұрағат кұжаттар жинағы. Т.1.

Алматы—Сеул 1998 ж.

166

бет.

3

"Знамя" - 1988, N-11, стр 193.

4

КСРО тарихы,

1991

жыл, №2, 48-бет.

297

Кәріс үлтының Қазақстанға қоныс аударушылары негізінен Жапон бодандары болды.

КСРО Халық комитеті кеңесінің 1938 жылғы 20 ақпандағы қаулысы негізінде Қазақстан аумағына кәріс қоныс аударушыларды орналастыру үшін ең қүнарлы жерлері бар соізхоздар, 25 мың гектар Қаратал күріш совхозы, жер колемі 33 мың гектар №3 Қарғүл совхозы, 84399 гектар Қызыл әскер ет-сүт совхозы, 128588 гектар Жармуханбетов ет-сүт совхозы, 10438 гектар "Қызыл партизан" шошқа совхозы және Қазалы қаласындағы шаруашылықтар жойылып жіберілді1, ал жергілікті түрғындар - қазақтар бүл жерлерден қуылды, олардың жартысы кулактар ретівде сотталып кетті.

Қазақстанның ХКК мен КП(б) ОК 1938 жылғы 3 наурыздағы "Кәріс қоныс аударушыларды мекеңцендіру жоне шаруашылыққа орналастыру жөнінде" қаулысымен Қазақстанға 20530 отбасы көшірілді, оның ішінде 14600 отбасы күріш өсіру, мал шаруашылығы және дәнді дақылдар өсіру, 2400 отбасы — балық шаруашылыіына, 3530 - ендірістік орывдарға, совхоздарға, МТС, артель және басқа мемлекетгік мекемелерге қоныстаңдырылды. Олардың едәуір бөлігі (60 пайызға дейінгі) Қызылорда және Алматы облыстарына орналастырылды.

4. Қазақстандағы неміс диаспорасы

Қазақстан Республикасының ресми мәліметтері бойынша осында түрып жатқан 957518 немістердін 1989 жылдан бері, 613 мыңы Қазақстаннан көшіп кетті. Олардың ішінде 1992— 93 жылдары 114000 1994 жылы 104 мын адам қоныс аударды Қазақстандағы 1999 жылғы халық санағы бойынша мүнда 353441 неміс халқы түрып жатыр. Поволжье немістерінің елден қуылуы туралы қысқаша тарихы 1915 жылы Николай

II жарлығымен іске асырылды.

Немістердің жерді пайдалануын жою науқаны басталды, немістердің жерді пайдалануы мен Ресейдің экономикалық жағдайына әсер етуін шектеу туралы зандар асығыс түрде қабылданды. "Біздің ішкі Германиямен күрес мәселесіне" арналған мақалалар жинағы асығыс түрде шығарылып жатгы (Немецкое зло", Москва 1915; "Борьба с немецким засильем" Петроград 1916) Немістерді Сібірге қоныстандыру жөніндегі идея 1937-1938 жылы қайта көтеріледі.

1 История СССР. 1991. №2. С.48.

298

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]