Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

азахстан тарихы II том

.pdf
Скачиваний:
246
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.92 Mб
Скачать

1941 жылы 28 тамызда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының №21-60 "Поволжье аудандарында тұрып жатқан немістерді қоныстандыру туралы" Жарлығы жарық корді. Жарлық мәтіні оқырмандарга негізінен таныс болмағаңдықтан, оны толықтай келтірейік: өскери биліктен алынған бұлтартпас мәліметтер бойынша, Поволжье ауданында тұрып жатқан неміс халқының арасында мың және он мыңцаған диверсанттар мен тыңшылар бар. Олар Германиядан алынған мәліметтер бойынша Поволжье немістері қоныстанған аудавдарда жарылыстар үйымдастырмақшы.

Осындай диверсанттар мен тыңшылардың немістер арасында көп болуын кеңес өкіметіне ешкім хабарламады, яғни, Поволжье ауданыңцағы неміс халқы өз ортасында кеңес халқы мен Кеңес өкіметіне қарсы жауларды жасырып отыр.

Егер Германиядан неміс диверсанттары мен тыңшылары ниет еткен диверсиялық актілер Поволжье неміс Республикасыңда немесе оған жақын жатқан аудавдарда бола қалған жағдайда, қан төгіс болуы мүмкін, сондықтан да, Кеңес үкіметі соғыс (әскери) уақыты заңымен барлық Поволжьедегі неміс халқына қарсы жазалау шараларын қолдануға мәжбүр болады.

Осындай жағымсыз қүбылыстардан қашу және қатал қантөгістердщ алдын алу үшін КСРО Жоғарғы Кеңесінщ Президиумы Поволжье аудандарывда түратын барлық неміс халқын басқа аудандарға қоныс аударту қажет, оларға жер бөлініп беріліп, жаңа ауданға орналасуда мемлекеттік комек көрсетілсін деп шешім шығарды.

Жаңа жерге орналастыру үшін жер жыртуы мол аудандар, Новосібір жөне Омбы облыстары, Алтай өлкесі, Қазақстан және басқа да республиканың жерлері белініп берілді.

Осыған байланысты Мемлекеттік Қорғаныс Комитетіне тез арада барлық Поволжье халқын көшіруді жүргізу және қоныс аударушы — Поволжье немістеріне жер және жаңа аудандарда пайдаланылатын жерлерді үлестіріп беру жүктелді.1 КСРОІІХ К-нің арнайы еддендіру белімінің мүрағатының мәліметтері бойынша 1941 жылы — 1942 жылдың алғашқы жартысыңца елдің шығысында 344 эшелоңцармен 1 084929 неміс әкелінген. Қоныс аударушылардың едәуір болігі — 444005 адам Қазақ ССР-да қалып қойды. Ал Новосібір, Омбы облыстарына, Краснояр өлкесі мен Қазақ ССР-на барлығы

786279 Ресей немістері елдендірілденді.2

1КСРО тарихы — 1991 жыл, 2, 48 бет.

2Одақ - 1990 жыл №37 - 7-8 беттер, 193 бет; №39 - 15-16 бетгер.

299

1941 жылғы 25 қарашада Қазақ ССР-ның облыстарына немістерді бөлу1

Облыстар

Жоспар бойынша

Қоныстандырыдцы

 

белгіленген

 

Оңтүстік

48 000

 

Қазақстан

23 832

Жамбыл

41 000

20 994

Солтүстік

60 000

48 303

Қазақстан

Алматы

30 000

8764

Ақтебе

15 000

5554

Павлодар

45 000

43 202

Қостанай

60 000

30 010

Ақмола

60 000

56 753

Шығыс

32 000

 

Қазақстан

28 136

Қарағанды

29 000

8304

Семей

50 000

38 170

Қызыл Орда

15 000

36 08

Басқа куғынға үшыраған халықтар сияқты, Ресей немістері де өзіндік "мен"-ін жоғалтпады, қиын жылдардың өзінде де болашаққа деген үміттерін сақтады. Олардың жарымжан тағдырларына қазақтардың тигізген ықпалы айтарлықтай болды, шын көңілден, ошпенділіксіз ез ата-бабаларының жерінде бақытсыздыққа душар болған адамдармен бірге түруды қабылдады. Екі халықтың жақындасу үрдісі өзара түсіністікпен тілектестік негізінде жүрді. Иө, сталиндік коллективтендіру кезінде ез отандастарының 42 пайызын жоғалтқан қазақтар, қоныстанған жерлерінен бірі қалмастан қуылған немістерді түсінбеулері мүмкін емес еді.

"Қиын сағаттағы таныстық, сәтті сағаттағы достыққа жалғасады" — деген қазақ мақалында.

Кеңес немістеріне қарсы қуғындау соғыстан кейін де жалғасты. Тірі қалғандардың барлығын НКВД-ның қатаң және намысқа тиерлік комендаттық бақылауына алды. 1948 жылғы 26 қарашада КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығы

3Отандык тарих - 1996 жыл №3 119 бет.

300

(тағы да қүпия грифпен) шыгарылады. Онда арнайы елдендіру режимі (тәртібі) қаталданады. Міндетті түрде қоныстандырылған жерде өз бетінше кеткені (кашу) үшін 20 жыл айдаудағы жүмыс берілетін болды.

Ресей немістерімен Қазақстандағы неміс диаспорасы осы күнге дейін толықтай не саяси, не олеуметтік, не модени қатынас жағынан ақталған жоқ. Заңсыз куғынға үшырату фактісі екі маңызды заң қабылдап отырған Ресей парламентінде де мақүлданған. "Куғынға үшыраған халықтарды ақтау туралы" (1991, 26 сәуір) және "Саяси қуғын-сүргін қүрбандарын ақтау туралы" (1991 жыл, 18 қазан). Бүкіл еркениетгі елдер бүгінде бүрынғы КСРО-ның тоталитарлық режимінде тағылық қуғындау сансыз қүрбандарына өз күйініштерін білдіруде.

Неміс халқының бірнеше дүркін қалыптасқан жағдайы олардың статистикалық мәліметгеріне де айтарлықтай ықпал етгі, соның ішінде Қазақстанда да 1959 және 1970 жылдың кезеңіңде немістердің біраз бөлігі Сібірден Қазақстанға, негізінен тың аудандарына қоныс аударды. 1970 жылы Республикада олардың саны 359 мың адамға артты. Немесе бүкіл халықтың 6,6 пайызын қүрады.

Немістердің қоныстану ерекшелігінің бірі олардың негізгі мекен жайлары, ауылдық жерлер болып табылған, ал жаңа аудандарда Қарағанды, Талдықорған, Гурьев облыстарында оларды көбінесе қалаларға орналастырды.

1989 жылғы халық санағы мәліметгері бойынша Қазақстандағы немістердің қалада түратын халқы 469808 адамды, ал ауылда түратындар — 487715 адамды қүрды. Жалпы саны — 957518 адам.1

Сталиндік режимнің екі жүзділігі мынадан көрінді, немістерді Сібірден Қазақстанға қоныс аударта отырып, 1941 жылғы 28 тамыздағы Жарлығында Поволжьедегі неміс АКСР заңды түрде ыдырату туралы бір ауыз сөз айтпады. Соғыстан кейінгі жылдары да толықтай жауапкерсіздік байқалды.

Егер 1960 жылы КСРО-ны 209-дан 1245 дейін неміс тастап кетіпжатса, 1970ж.-342, 197ІЖ.-И45, 1972-3420, 1973ж.-4493

және 1974ж.-6541 адам көшіп кетті.2 1974 жъшы ай сайын 500-ге жуық ресейлік немістер кетуге

рүқсат алып отырды, бірақ кеткісі келгендер саны одан әрі өсуде болды.3 Өтініш берушілердің өдістері де өзгерді .Егер

1 Кульбаев Тлеу. Хегай Аркадий. Департация. Алматы, 200 жыл 109

бет.

2История СССР. 1992, N 1. С 128-129.

3История СССР. 1992, N 1. С 128-133.

301

бүрын олар елшілік хат жазумен ғана шектелсе, ендігі жерде ГФР канцлері Г.Шмидтке, БҮҮ-ның бас хатшысына және кеңес өкіметінің басшылығына ашық жазбаша үндеу хатпен өтініш жасады. Ізденушілердің бірлесіп үжыммен әрекет етуі де жаңалык болды. Сонымен, 1974 жылғы кыркүйекте Қазақстаида түратын 3,5 мың неміс отбасыларының қол қойған отініш хаты женінде белгілі болды. Кету өтініштерін қабылдамауға олар кеңестік төлқүжаттарын милицияға тапсырумен, елшілік алдында ереуілге шығумен, аштық жариялаумен жауап берді. Бүл акциялар жөнінде батыстық жаппай ақпарат күраддарывда айтыдцы, оның қатарына КСРО аумағындғы "радиодауыстарда" таратыдды, оларда кеңес екіддерімен ресми сүхбаттасуларыңца көрсетілді.

Қазақстан КП ОК-нің 1976 жылғы 16 сәуірде қабыдцанған "неміс азаматтарының арасындағы вдеялық - тәрбие жүмыстарын күшейту жөнінде" қаулысында неміс халқының жағдайын жақсарту мен наразылық білдіру толқынын өшірудің бірқатар шаралары қарастырыдды.

"Үлты неміс кеңес азаматтарының арасывда эмиграциялық кеңіл-күй отын түтандырумен айналысатын үйымдар мен шетелдік кеңестік идеологикалыққа қарсы орталықтардың зиянкестік әрекеттерін әшкерелеуіпі" документальды фильм түсіру керектігі де ойластырылды.

Кеңес Одағы болған кезде республикадан неміс халқының көп бөлігі қоныс аударьш кеткеніне қарамастан Қазақставдағы неміс халқының проблемасы азды-көпті шешідді деуге болады. 1992-1996 жылдары бүрынғы Кесең Одағынан ГФР-на 1,5 миллион этникалық нсмістср қопыс аударған. Олардың 550 мыңы - Қазақстаннан.

Қазақстан басшылығы немістердің эмиграциялық толқынын тоқтатуға тырысуда.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 1997 жьшдың желтоқсанында ГФР-дағы ресми сапарын қорытындылау кезівдегі өз сөзінде былай деп атап өтгі: "ГФРда бола отырып, Қазақстандағы "неміс мөселесіне" көңіл аудармай кету мүмкін емес. Барлық жерде — Г.Колмен сүхбаггасу кезінде, Бундестагта, сонымен қатар министрлермен болған сүхбатгасуларда бүл мәселе үдайы талкыланып отырды. Үлты неміс біздің азаматтардың Қазақстанда қалуына Германия жағы оз қызығушылықтарын білдірді. 1997 жылы 7 мың қазақстандық немістер ГФР-нан оз үйлеріне, біздің республикамызға қайтып оралды. Бүл жаңалық хабар ғанибетпен қарсы алынды".

1998 жылғы 20 наурызда Қазақстандағы ГФР-ның төтенше және өкілетті елшісі Х.Фон Вистингхаузен "Мысль" журна-

302

лында берген сүхбатында мына мәселені ерекше атап көрсетгі. "1989 жылдан бері Қазақстаннан Імлн неміс халқының

қоныс аударушылары ГФР-на қабылданды"

Бұрынғы Кеңес Одағының елдерінде түрып жатқан этникалық немістердің тарихи отандарына қоныс аудару қүқықтары ГФР-ның Негізгі Зандарымсн бекітілгсн.

Қабыддау процедурасының барлық мәселелері босқындар мен қуғыңцалгандар туралы Федеральды заңмен белгіленді. Федеральды үкімет барлық этникалық немістерді Германияға қабылдауға әрекет ету қүқығын мойындауына қарамастан, ол этникалық немістер Қазақстанда қалуы үшін міндетті түрде бірге күш салып әрекет ету қажет деген Қазақстан мемлекетімен бір пікірде. Осы мақсатта 1996 жылдьщ 30 мамырында үлты неміс Қазақстан Республикасының азаматтарын қолдауға ынтымақтасу туралы Қазақстан Республикасы мен Герман Федеративті Республикасы үкіметінің арасында келісім шартқа қол қойылды.

5. Қазақстандағы Солтүстік Кавказ

халықтарының диаспорасы

Қалмак халкын елден куу 1943 жылы 27 желтоқсанда, Қалмақты Герман басқыншыларынан азат етіп, бір жыл откен соң, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумы Қалмақ КСР-ның жойылуы туралы Жарлығы жарияланды. Келесі күні КСРО ХКК В.М.Молотовтың қол қоюымен қалмақтарды қуғындау туралы №1432-425 қаулысы қабылданды.

1944 жылдың 10 ақпанына дейін 92 983 қалмақтар таратылып қоныставдырылды, оның ішіңце: Омбы облысында — 27069; Новосібір облысында — 16436, Алтай аймағында

— 22212, Красноярск аймағында — 24998, Қазақ КСР-нда — 2268 адам.

Сонымен, Қазақ КСР-на қалмақтардың 648 отбасы (2268 адам) көшірілді. Қоныс аударушылар ашаршылық, суық, эпидемия, қарапайым түрмыс жағдайының болмауынан пайда болған мүқтаждыққа қарамастан жаңа жерде өмір сүруге үйрене бастады.

Жергілікті жер түрғындары мен окімет арнайы елдендірілгендерге қоддау жасап, оларға киім-кешек, азық-түлік болді. Сонымен, Қызыл-Орда облысына көшіп келген отбасына 45т. үн және 15 т. жарма берілді.

1957 жыддьщ 9 қаңтарда қалмақ халқының мемлекеттшігі қайта қүрылды. 1958 жылдың 29 шілдесіне дейін Қалмақ автономиялық облыс болып, ал содан соң Қалмақ КСР қүрылды. Жалпы ТМД елдерінде 127 мың қалмақ түрады,

303

оның ішінде Қалмақ Республикасыңца — 110 мыңнан астам адам өмір сүруде.1

Солтүстік Кавказ халқын елден қуу. Солтүстік Кавказ, Кіші Кавказ және Үлкен Кавказдың Солтүстік беткейін қамтитын аймақты алып жатыр. Солтүстік Кавказдағы экономикалық ауданға Ростов облысы, Краснодар және Ставрополь өлкесі, Кабарда—Балқар, Ингуш, Ичкерия Республикасы, ҚарашайЧеркес кіреді.

Бүл халықтар өзінің тарихи Отанынан, Солтүстік Кавказдан көпшіліктің елден кетуі жылдары Сібір, Қазақстан, Орта Азия, Оралдағы жүмыстарға жіберідді.

Қазақ және Қырғыз КСР-на түрақты мекенге Солтүстік Кавказдың 602193 түрғындары жер аударыдды, оның ішінде шешеңдер мен ингуштар496460 адам, карашайлар-68327 адам, балғарлар-37406 адам2.

Қазақ КСР аумағына арнайы еддеңдірудің басым - (477809 адам) негізгі көпшілігі көшірілді.

Қарашайларды жерінен қуу. 1999—жылғы санақ бойынша қарашайлардың Қазақстандағы саны — 1400 адам. Қарашайларды едден кетірудегі бірінші кезеңінің басталу себебі стандартты "сатқындық" бодды. 1943 жылдың 15 сәуіріңде КСРО НКВД және КСРО прокуратурасының №52-6927 дирекгивасы жарық корді, ол бойынша қарақшы басшыларыньщ 477 отбасы кешірілуге белгіленді. (573 адам) Бірақ "67 қарақшы басшылары өкіметтің кеңес органдарына кінәларын мойындаған соң едден кетірілетін отбасы саны 110-ға (472 адам) қысқартыпды. Олар 1943 жылдың 9 тамызывда автономиялық облыстан тыс жерлерге кошірідці.

Содан соң бұл шара бүкіл қарашай еліне таралды. Елден кетірудің екінші кезеңі басталды. КСРО НКВД мәліметтері бойынша 62842 адам қарашайлықтар еді. 1943 жылы 14 қазаннан КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығы негізінде Қазақ және Қырғыз КСР-на қайта көшірідді.

1944 жылдың 1 ақпанывда Қазақ КСРО аумағына арнайы қоныс аударушылардың 12342 отбасы елдендірілді, қарашайлықтар 45500 адам, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысына 5699 отбасы20285 адам көшірілді.

Оларға қызмет көрсетуге 24 арнайы комендатура үйымдастырылды, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында 13 және Жамбыл облысында — II.3

1Ибрагимбсйли Х.М. Сказать правду о трагедии народов. (Саяси білім. 1989 жыл. №4).

2Очерки Чечено-Ингушской АССР. Т.2. — Грозный 1972 жыл. 259

бет.

3Вопросы истории 1990 жыл. №7, 40 бет.

304

Арнайы қоныс аударушылардың контингенті ұжымшыларға орналасып сонда жұмысқа түрды.

Шешен—Ингуш АКСР халқын елден куу. 1999 жылғы санақ бойынша Қазакстандағы шешендердің саны 31799 адам. Ингуштар — 16893 адам. 1939 жылдың 17 қаңтарында республика халкыньщ саньтн ауылда — 494114 адам, қалада

— 202892 адам, барлығы — 697009 адам қүрады.

1922 жылдың 30 қарашасында Шешен автономиялық облысы құрылды. 1934 жылдың 15 қаңтарында Шешен— Ингуш автономиялық облысы құрылды, ол 1936 жылдың 5 желтоқсанында ІПеіпен—Ингуш АКСР-ы қайта қүрылды. Республика аумағында 224 ауыддық кеңес жүмыс істеді.1

Үлы Отан соғысы кезінде Шешен—Ингуш халқы жаппай батырлық керсетті.

Грозный қаласында күшпен кіруге тырысқан неміс танк қүрамаларының шабуылы кезінде Грозный қаласының орт сөндіру командалары танкіге қарсы орлардың 28 шақырымына мүнай қүйып, сабаннан үйген үймектін, 9 шақырымына мүнай сіндірді, жалпы колемі 1 миллион шаршы метр қүрайтын танк жолдарына мүнай және 7000 куб. су айдады.

Шешен—Ингуш АКСР еңбекшілерінен қүрылған Грозный кіре берісіндегі қорғаныс шептері Солтүстік Кавказ қорғанысында маңызды рол аткарды. Қорғаныс шептерівде, бекініс етегінде, әсіресе Малгобек түбінде, мындаған фашист сарбаздары мен офицерлері қазаға үшырады, жаудың көптеген танкілері, зеңбіректері мен басқа да техникасы жойылды.

"Правда" газеті былай деп жазады; "Қыркүйек айында ғана қарсыластың үш танк және екі жаяу әскер дивизиясының 19 мын сарбаздары мен офицерлерінің өлгені және жарақаттанғаны да жеткілікті. Біздің бөлімдер бірнеше жүз жау машиналарын өртеп қүртгы. Қазан айында да фашистер аз шығындалған жоқ..."2

1944 жылдың қаңтарында ГКО бекіткен қаулысына сәйкес шешендер мен ингуштарды елден кетіру операциясы басталды. 1944 жылдың 7 наурызында Шешен-Ингуш автономиялық республикасын жою туралы КСРО Жоғары Кеңесінің Жарлығы шығарылды, осылай бүл халықтың елден кетуі аяқталды. Қазақ КСР-на 1944 жылы 239768 шешендер жөне 78479 ингуштар келіп мекендеді3.

1Бугай Н.Ф. К вопросу о депортации народов СССР в 39-40 годах. История СССР 1989 г. №6.139 бет.

2Вопросы истории 1989 жыл. N6 22-28 бет.

3Ибаргимбейли Х.М. Сказать правду о тарагедии народов (Саяси білім. 1989 жыл. N4 59 бет).

20-148

305

Олар Қазақстанның мына облыстарында мекендеді: Алматы, Қостанай, Қарағавды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл; Оңтүстік Қазақстан, Семей және тағы басқа.

Қазақстандағы шешендер мен ингуштардьвд саны

(облыстардағы) 1990.1 1

Облыстар

Шешевдер

Ингуштар

Ақтөбе

3335

95

Алматы

4748

836

Алматы қаласы

2063

2844

Шығыс Қазақстан

872

71

Гурьев

4603

1348

Жамбыл

3881

561

Жезқазған

1162

258

Қарағаңды

5056

1465

Қызылорда

1480

37

Көкшетау

822

3030

Қостанай

2948

1321

Павлодар

1945

2808

Солтүстік Қазақстан

487

221

Семей

1912

64

Талдықорған

4865

120

Орал

1303

71

Ақмола

4415

5159

Шымкент

3573

306

Барлыгы

49470

19895'

Балкар халкын елден қуу. 1999 жылғы санақ бойынша Қазақстанда балкарлар — 2079 адам. Кабарда-Балкар АКСРсы 1936 жылдың желтоқсанында күрылды. 1939 жылы республика халқы 350 мың адам қүрады, оның ішінде 164,2 кабардалықтар және 42,7 балкарлар. Ауьщда 265 мың, қалада85 мың адам түрды2.

1944 жыддың 23 ақпанында халық комитетінің ішкі істеріне БОКП обкомдарының бірінші хатшылары мен Солтүстік

1Данные Агенства по переписи населения 1999 жыл.

2Бугай Н.Ф. За что переселяли народы. Агитатор 1989 жыл. №11. Его же к вопросу о дипортации народов СССР 1939-1940 годах. История

СССР 1989 г. »6.

306

Кавказдағы автономиялық республикаларының Кеңестік халық комитеттерінін төрағалары шақырылды, оның ішінде Кабарда-Балкар партия обкомынын. бірінші хатшысы Э.Д. Кумеков, сол кезде Берия Кабарда-Балкар Эльбрус ауданын үстай алмай немістерге беріп қойғанын хабарлады, осыған байланысты Кабарда-Балкар халқы елден кошірілетінін айтгы.1

1944 жылдың сәуір айьшда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумыньщ "Кабарда-Балкар АКСР-вда түрып жатқан балкарларды көшіру және Кабарда-Балкар АКСР-сы Кабарда АКСР деп қайта аталатыны туралы жарлығы шығарылды.

КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы қаулы шығарды:

1.Кабарда-Балкар АКСР аумағьшда түрып жатқан барлық балкарларды КСРО-ның басқа аудандарына көшірілсін КСРО Одағы Халық Комиссарлар Кеңесі балкарларға жаңа мекендеген жерлерінде жер бөліп берсін және шаруашылық жағынан қажетті мемлекеттік жәрдем көрсетсін.

2.Балкарларды көшіруден соң бос қалған жерлер Кабарда АКСР-дағы жерлері аз колхозшыларға берілсін.

3.Кабарда-Балкар АКСР-сы Кабарда Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы деп қайта аталсын.

4.Грузия КСР-агы Жогарғы-Сванет ауданыньщ қүрамына Кабарда КСР-дағы Эльбрус және Нагорный аудандарының оңтүстік-батыс жақтары енгізілсін, осыған байланысты бүл учаскедегі РСФСР мен Грузия КСР арасындағы шекарасы келесі түрде өзгертілсін: Эльбрус тауының содіүстік беткейіндегі Бүрун-Таш асуынан шекара сызығы шығысқа қарай Малка өзені бойымен 3242 биіктікке дейін, содан соң оңтүстік-шығысқа қарай Ислам-Шай өзені бойымен 3242 биіктік арқылы Қыртық-Ауш асуы түбінде, оңтүстікшығысқа Қыртық өзенімен жоғарғы Баксан ауылының батыс

жағына қарай және ощүстікке Адыр-су өзенімен Месхетия асуына дейін2.

5.Қазақ КСР-сында 4660 балкар отбасы (18219) Алматы облысында-5541адам, Шығыс-Қазакстанда 5278 адам, Семейде-2742 адам, Павлодарда 2614 адам, Ақмолада-5124 адам орналастырылды3.

1Так это было Т.1. М., 1993-1997 бет.

2Некрича А. Наказанные народы. Родина 1990 жыл. ғ 6,7,8.

3Сонда.

307

6.Қазақстандағы Кавказ сырты

халықтарының диаспорасы

1944 жылдың 17 қарашасында Грузин КСР-нан 81324 түрік месхетиндіктер курд және хемщин кешірілді, ал 1944 жылдың сонына карай 94955 аталған ұлт өкілдері кошірілді. Месхитин түріктерімен курттарға хемщивдерге таққан айыбы сол баяғы стандартгы "сатқындық" жаласы болды. Месхетин түркілерінің ежелгі тарихы туралы бітпейтін ғылыми талас жүруде. Біреулері олардың түбірі әзербайжандардан басталатынын айтса, екіншілері, оларды жай месхалар деп атап, белсенді түрде грузиннен шыкқандарын дәлелдейді, үшіншілері месхетиндік түркілер олар "түркіленген грузиндер" емес, жай түркілер дейді. Сөз жоқ, бүл оңай мәселе емес. Түркілер өздері де тарихи білімге мүқтаж, олардың бүгінгі күнге үрпақтарға өткен тарихын баяндайтын не тарихшылары, не болмаса оқу қүралдары да жоқ.

Үлы Отан соғысы басталғавда түрікмесхетиңдіктер жалпы саны 150 мың адам бола түрып, Отанды қорғауға 40 мың үлдарын жіберді, олардың көбі майданға өз еркімен атганды.. Осы 40 мыңнан 14 мыңы ғана елге қайтып оралды, қалгандары шайқас алаңында қаза тапты. Жеті жауынгер-Бекир Мустафаев, Муртаз Карлиев, Мафиз Джулфиев, Ибрагим Буджигиль, Агали Мамедов, Бадир Мурадов, Карим Исмаи- лов—Кеңес Одағының Батыры жоғары атағына ие болды. Мюнир Мамедов және Муаллим Айдын Даңқ орденінің толық кавалері болды. Түрік үлтты жауынгерлер Брест қамалын батыл қорғады, Еуропа елдерін фашизмнен азат етті.

Курдтар—жақын шығыс аймақтың ең ірі этникалық тобы. Бүл халық Оңтүстік-Батыс Азиядағы ежелгі халықтардың бірі. Олардың пайда болуы біздің дәуірге дейінгі екінші мыңжылдықпен белгіленді.

Курд тілі батыс-иран тобына жатады. Бізге жеткен ең бірінші әдеби шығарма Х-ХІ ғасырға жататын.

Курдтар тарихта өшпес із қалдырып, Түркия, Иран және тағы да бірқатар елдердің рухани дамуына айтарлықтай үлес қосты. XII ғасырда курд Саладин соңында Сириядағы Эйюбид арақашықтығын орнатты, аты аңызға айналған қолбасшы Шығысқа қарай бағытталған кресшілер жорығына қатысушылар қозғалысын тоқтатты.

Әдеби мектеп классикалық курд әдебиетінің негізін салушы Ахмеде Хани (1591-1652), сондай-ақ көрнекті ақын және ғалым Малас Джазири (XII ғасырдың екінші жартысы) аттарын шығыстанушылар үлы ақындар мен ойшылдар Руставели, Фирдауси, Низами және Хакани аттарымен бір қатарға қояды.

308

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]