Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

азахстан тарихы II том

.pdf
Скачиваний:
246
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.92 Mб
Скачать

Торғай облысындағы Державинка селосында орналасқан. Демек, ракеталық шахталар солардың маңайында...

Басқа қарулардан Қазақстан кем де емес. Армиямыз аса қуатты, ең жетілдірілген танктермен, самолеттермен жасақталған. Қазақстанда 1200 танк бар. Олар кілең жаңа Т-72 танкілері. 1500 бронетранспорттар (аса жаңа түрлері БМП-1, БМП-2, БТР-80), 370 самолет бар. Олар аса ауыр орі алысқа үшатын ТУ-95 МС (саны-40) деп аталатын алып бомбардировщиктер, олар аспавда бара жатып керосин қүйып алады1. СУ-24, МИГ-23, МИГ-25, МИГ-29 секілді әлемдегі теңдесі жоқ жүртты қызықтыратын истребительбомбардировщиктер, АН-26 және АН-24 деген жүк таситын платформа самолеттер. Сондай-ақ МИ-24, МИ-26, МИ-8 атты 25 танымал вертолеттер бар. Қазақстанда қазір Каспий теңізінде әскери флоты да бар, жеке дивизион. Сөйтіп Қазақстан енді — Ресей, Украина жоне Белорусиядан кейінгі аса қуатты да жаңа қарулы күші бар мемлекет. Қатар көршілермен салыстырып көрсек мынадай жағдай байқалады. Өзбекстанда 280 танк, 780 бронетранспортер, 265 самолет, 24 вертолет бар. Ал, Қырғызстан армиясы 30 танк, 75 бронемашина, 200 самолетпен жарақтанған2 деп жазды 1993 жылы 20 қарашада "Известия" газеті.

Кейіннен Қазақстан КСРО-дан мүра болып қалған ядролық арсеналға иелік ету қүқығынан оз еркімен бас тартып, Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылды. Дәл сол кезде біздің шекарамыздың онбойында қауіпсіздік белдеуін қүрудың және үжымдық қауіпсіздік жүйесінің аймақтық негізі қаланды.

Қазақстан Қарулы Күштерді қүрумен қатар ел басшылыгы мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін саясидипломатиялық сипаттағы шараларды жүзеге асырды және жүзеге асырып келеді.

Әскери саясаттың тиімді шараларын жасау мен жүзеге асыру аймақтағы қауіпсіздікті нығайтудың және еліміздің үлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды факторларының бірі болып табылады.

Мемлекет шекарасына тікелей жақын жерлердегі әскери қақтығыстар ошағы, ел аумағына экстремистер мен халықаралық лаңкесшілердің қарулы қүралымдарының ену

1ТУ-95 МС (саны — 40) 240 қанатты ракетасында атомбомбасымен оқталған бір түнде Ресейге Қазақстанның ұлықсатынсыз үшырып алып кетіпті (қара Ертысбаев Е. Казахстан и Назарбаев логика перемен. Ел Орда. "Астана". 2001. Стр. 468).

2Ақиқат 1994. N1. 93 бет.

249

мүмкшдігінщ жоғары ықтималдығы, аймақта жаңа ядролық мемлекеттердің пайда болуы — осының барлығы біздің мемлекетіміздің өскери саясаты мен әскери үйымдарының өзгеріп жатқан болмысқа бейімделу қажеттігін айқывдайды.

Мүндай жағдайларда армияны жетілдіру — уақыт талабы. Сондықтан мемлекет басшылығы еліміздің әсксри кауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде бірқатар шүғыл шаралар қабылдады.

Ең алдымен армиямызды қаржыландыру көлемінің жыл сайын үлғайып отырғандығын атап өту керек. Мысалы, 2001 жылғы бюджет 24 млрд. теңгені, 2002 жылы — 33,7 млрд. теңгені күраса, 2003 жылға Әскери доктринада козделгендей ішкі жалпы өнімнің 1%-ын қүрайтын 41,9 млрд. теңге көлемінде жоспарланып отыр1. Қорғаныс мүқтажын қаржыландыруды жақсарту әскери инфракүрылымды жетіддіру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыруга мүмкіндік берді. Қорғаныс министрлігіне Ел Президенті қойған міндетгер аукымында: әскери басқару күрылымдарын оңтайландыру, Қорғаныс министрлігі мен ҚР ҚК Бас штабының функцияларын ажырату жөніндегі жүмыстардың белсенділігін артгыру. Қарулы Күштердің үйымдық-штатгық қүрылътмын онхайлаңдыру жоніңдегі шаратарды жүзеге асыру болып отыр. Бірінші кезекте Қарулы Күштердің түрлік қүрылымдарын қазіргі заманғы талаптарға сәйкестендіру, бүл ретте Жоғарғы Бас қолбасшы белгілеген еліміздегі әскери басқаруды қатаң орталықтандыру қамтамасыз етілетін болады.

Бүдан өрі әскери-саяси және әскери басқарудың тиімді органдарын Қорғаныс министрлігі мен Штаб бастықтары комитеті қүрылды. Бүл жағдайда Министрлік пен Комитет арасындағы функцияларды нақты болуге қол жеткізілді. Министрлікке Қарулы Күштер әскери қүрылысының түжырымдамалық және стратегиялық мәселелері жөніндегі Жоғарғы Бас қолбасшының шешімдері мен нүсқауларын іске асыру, армияны экономикалык, материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету жауапкершіліктері жүктеледі. Идеологиялық және тәрбие жүмыстары, кадрларды іріктеу және орналастыру, Үлтгық қорғаныс университетіне жетекші рол бере отырып, үлттық білім беру жүйесін дамыту, халықаралық әскери ынтымақтастық пен әскери-ғылыми қызмет — мүның бәрі Қорғаныс министрлігінің қызмет аясына жатады.

1 Алтынбаев М. Армия генералы. Елдің оскери қауіпсіздігі — басты назарда. "Егемен Қазакстан". 2003. 7 мамыр.

250

Штаб бастықтарының комитеті Бас штаб базасында қүрылады. Оның қүрамында ҚР Қарулы Күштері бас штабтарының бастықтары мен аймақтық, қолбасшылықтары енгізіледі. Ол бейбіт және соғыс уақытында Қарулы Күштерді басқарумен, олардың күнделікті қызметін жоспарлауын және үйымдастыруымен, Қарулы Күштерді қолдануды жеделстратегиялыық жоспарлаумен, әскерлерді жедел және жауынгерлік даярлаумен айналысады жөне т.б. міндеттерді орындайды.

Бүл Қарулы Күштерді және еліміздің басқа да әскери қүрылымдарын жауынгерлік қолдануға неғүрлым тиімді дайындауға, күнделікті жауынгерлік даярлықтың үйлестірілген және мақсатгы процесін ретке келгіруге, әскери инфрақүрылымды барынша кең пайдалануға мүмкіндік береді. Қару-жарақ пен жауынгерлік техниканы пайдалануды жэне бақылауды қамтамасыз ету де аса маңызды болып табылады.

Осы мақсатгарға жету үшін мынадай үйымдық іс-шаралар жүзеге асты: тиісті әскер түрлері (Қүрлықтағы әскерлер, Әуе қорғанысы күштері, Әскери-теңіз күштері) мен салаларының (Ракіга әскерлері мен артиллерия) бас штабтарын қүра отырып, Қарульт Күштердің жоғарыда айтылған үш түрлік қүрылымына көшуді іске асыру. Аэроүтқыр күштердің дербес әскер саласы Жоғарғы Бас қолбасшының резерві ретінде қүрылады.

Еліміздің барлық аумағында әуе кеңістігін тиімді бақылауды қамтамасыз ету мақсатында әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің тиісті топтарын орістету және олардың жауынгерлік кезекшілік жүйесін жетілдіру жүзеге асырылып жатыр.

Әскери округгер басқаруды, жедел-стратегиялық міндеттерді шешу басымдықтарын жоғарылату мақсатында аймақтық қолбасшылықтар ретінде қайта қүрылды. Ең тиімдісі аймақтық басқаруға кешу мәселесі шешілді. Сондықтан келешекте аймақтық Оңгүстік қолбасшылық, Орталық деген үғымдар қалыпты түсінікке айналады. Қалыптасқан жағдайға сәйкес Батыстың аймақтық қолбасшылығы техникалық түрғыдан толық жабдықталатын болады, техника сақтауға қойылады. Оңтүстік әскери округінің әскери күштері көрші елдердегі түраксыздық себебінен өрістетілген түрде болады. Шығыс округі әрқашан әрекетке қабілетгі қалпын сақтайды.

Әскери кадрларды даярлау жүйесін қайта үйымдастыру жоспарланды. Бүл бағытта Қарулы Күштер Әскери академиясының базасында (Щучье қаласы) Үлтгық Қорғаныс

251

университеті қүралды. Сондай-ақ қазіргі қолда бар әскери оқу орындарын өскер түрлері принципі бойынша қайта қүру белгіленген. Қарулы Күштердің тиісті түрлеріне бағынысты — Қүрлықтағы әскерлердің институты (Алматы жоғары әскери училищесінің базасында), Әуе қорғанысы күштерінің институты (Ақтобе жоғары авиация училищесінің базасында), Әскери-теңіз күштерінің институты (Жоғары әскери-теңіз училищесінің базасында) қүрылды. Маңыздылығы бойынша Орталық Азия аймағында теңдесі жоқ Радио-электроника және байланыс әскери-инженерлік институты 2002 жылы бірінші рет қабылдау жүргізді.

Бүгінде үздіксіз білім беру процесі мен озара байланыскан тактикалық, жедел-стратегиялық әскери білім беру деңгейлерін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жүйеге ауысу жөнінде жүмыстар жүргізілуде.

Қарулы Күштерді дамытудың басқа да бағыттары бойынша елеулі өзгерістер іске асырылды.

Мемлекет басшысы біздің Қарулы Күштерімізді қазіргі заманғы озық талаптарға жауап беретін әскери техникамен қамтамасыз ету жөніндегі үсыныстарды бекітті. Атап айтқавда, Әуе қорғанысы күштері желісі бойынша нақты жүмыстар басталып та кетті. Ал Үтқыр күштердегі "Қазбат" ІІАТО стандарттары бойынша толық жарақтандырылған.

Қорғаныс министрлігінің басшылығы қабылдаған шаралар армияны жаңа сапалық деңгейге кетеруге мүмкіндік береді. Мысалы, қазіргі уақыттың өзінде Қазақстанда ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерівде оскери кызметшілердің жетпіс пайызы

— кәсіби қызметшілер. Оқу-жаттығулар тәжірибесі кәсіби әскерилердің оте жақсы жүмыс істейтіндігін көрсетеді. 2010 жылға қарай Қарулы Күштеріміз елу пайызға келісім-шарт негізінде жасақталатын болады.

Бүл бірте-бірте шақырылушы қүрам санының қысқарып, кәсіби армияға кезең-кезеңмен кошудің жүріп жатқавдығын айқын дәлелдейді. Осы бағытта Қазақстан Достастық елдерінің алдыңғы қатарында.

Жыл сайын әскери қызметгің беделі өсіп келеді. Мысалы, 2002 жылы әскери оқу орындарына түсуге ниет білдіруші

жастардың саны 1999 жылмен салыстырғанда 2-3 есеге артып отыр1.

Қарулы Күштер тарихындағы тағы бір маңызды оқиға

1 Алтынбаев М. Армия генералы. Елдің оскери қауіпсіздігі — басты назарда. "Егемен Қазақстан". 2003, 7 мамыр.

252

ол — Есілдің сол жақ жағалауында 2003 жылы бой котерген Қорғаныс министрлігінің жаңа ғимаратының ашылу салтанаты. Бүл ғимаратгың казіргі заманғы озық технологаялармен жабдықталғанын жөне ТМД елдерінде тендесі жоқ екендігін атап өткен жөн.

Еліміздің Қарулы Күштері ел Президенті — Жоғарғы Бас қолбасшы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен жүзеге асырылып отырған үлттық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі коп қырлы қызметтің нағыз қайнаған ортасында түр. Сондықтан Қарулы Күштердегі түбегейлі өзгерістерді табысты откізу армияның жауынгерлік әлеуетін елеулі түрде нығайтуға, оны қуатты, ықшам және осы заманға лайыкты, ал әскери мамандықты беделді етуге үлкен мүмкіндік беретініне сеніміміз зор.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 7 шілдедегі бекіткен жарлығына сәйкес 2003 жылы 22 тамызда Қазақстан Республикасының қарулы күштерін одан орі реформалау мақсатында жаңа әскери басқару органы — штабтар бастықтарының комитеті қүрылды. Тиісті оскер түрлерінің (Қүрылық әскерлері, Әуе қорғаныс күштері, Әскери-теңыз күштері) бас штабтарының қүрумен қатар қарулы күштердің үш түрлі қүрылымы қүрылды. Бүрынғы төрт әскери округтердің орнына басқарушылықты артгыру, жедел-стратегиялық міндеттерді шешудің басымдылығын арттыру мақсатында төрт өңірлік қолбасшылықтар ("Батыс", "Шығыс", "Оңтүстік", "Астана") болып қайта қүрылды .

Қазақстан республикасының үкіметінің 2003 жылғы 6 тамыздағы қаулысына сәйкес республиканың областық, қалалық, аудандық әскери комиссариаттары тиісінше қорғаныс істері жоніндегі департаменттер, басқармалар мен белімдер болып қайта қүрылды.

Аэроүшқыр (шүғылаэро) әскерлері дербес әскерлер саласы Жоғарғы Бас қолбасшының резерві ретінде қүрылды.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштершің дамуын жетілдіру мақсатында баскада нақты шаралар іске асырылуда.

Қорыта келгеңде Жоғарғы Бас қолбасшы Н.Ә.Назарбаев қабылдаған шаралар арқасында қорғаныс министірлігінің, штабтар бастықтары комитетінің үйымдық-штабтық қүрылымдары қайта қүрылды, өскерлерде нақты іс-шаралар жүзеге асырылды; Олар жауынгерлік даярлық деңгейін едәуір кетеруге, кезекші күштер мен қүралдардың жауынгерлік

"Егемен Қазакстан". 2003. 26 тамыз.

253

озірлігш арттыруға, үлкен ауқымды және командылықштабтық оқу-жаттығулардың тиімділігін туғызды.

Сонымен Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алган жылдар ішінде, ел Президентінің сындарлы саясатының арқасында мемлекеттің үлттық қауіпсіздігі мен аумақтық түтастығы қамтамасыз етілді, Қарулы Күштері қүрылды және одан әрі табысты дамуда. Бүгінгі күні оның күрамында негізін үдайы әзірліктегі қүрамалар мен бөлімдер қүрайтын, Қазақстан қауіпсіздігіне тенер қатерлерге жедел түрде тиісті дорежеде жауап қайтара алатын әскер түрлері мен салалары бар.

Қазақстанда әзірленген үлттық қауіпсіздік стратегиясы мен Қазақстанның өскери доктринасы — бірінші кезекте тату-тәтті көршілік қатынастарды дамытуға, халықаралық проблемаларды өркениетгі шешуге, кару-жарақпен сес корсету және күш қолдану көзқарасынан бас тартуға бағытталған бейбітшілік сүйгіш жолдың жарқын куәсі.

8. Қазақстан Республикасының ядролық қаруды таратпау саласындағы саясаты

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ядролық қаруды таратпау проблемасьт жоніндегі оз айқындамасын анық белгіледі.

КСРО өмір сүріп түрған кезде-ақ еліміз Президенті Нүрсүлтан Әбішүлы Назарбаев халықтың ерік-жігерін орындай отырып, өз Жарлығымен Семей ядролық сынау полигонын жапты.

КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстанның аумағында орасан көп ядролық мүра қалғанын атап айту керек. Ол уран онеркәсібін, уран өндеу және түрлі ядролық қондырғылар үшін отын дайындау жөнівдегі көсіпорындарды, тәжірибелік және өнеркөсіптік ядролық реакторларды, қуатты ғылымитехникалық әлуетті, сондай-ақ ядролық қаруларды, атап айтқанда "...104 дана СС-18 түрақты қондырғылы ракета мен оның оқшантайындағы 1400 ядролық жебені" қамтыды1.

Мүндай жағдай еліміз басшылығынан қысқа мерзімде ядролық қару түрғысындағы мемлекетгік саясат стратегиясын, совдай-ақ атом-өнеркәсіптік кешеніне қатысты ішкі мемлекеттік саясатты талдап-жасауды талап етті.

Республика Ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа

1 Школьник В., Жантикин Т. Қазақстан Республикасының ядролық қаруды таратпау саласындағы саясаты. "Егемен Қазақстан". 1997 ж. 7 наурыз.

254

ядролық қарусыз мемлекет ретінде қосылды. Қазақстан Үкіметі мен Атом энергаясы женіңцегі халықаралық агентгік (МАГАТЭ) арасында кепілдіктер туралы келісімге қол қойылды, ол 1995 жылы күшіне енді. Қазір еліміздегі барлық ядролық объектілерге МАГАТЭ-нің кепілдігі бар. Республика осы үйымға мүшелікке қабылданды.

Қазақстан басшылығы ядролық қарусыздануға көзқарас еддің сыртқы саясатын сипаттайтынын жақсы түсінеді және де ядролық қаруды тараптау режимін қолдап, нығайтуға барынша үлес қосу жөніңде үдайы күш-жігер жүмсап келеді.

АҚШ көсіпорындарында өндеу үшін Үлбі металлургия зауытының аумағынан аса жоғары байытылған ядролық материалдарды тасып әкету жөніндегі Қазақстан мен АҚШтың "Сапфир" деген шартты атаумен аталған бірлескен операциясы қазір жүрттың бәріне жақсы белгілі. Конверсия бағдарламасы бойынша жүргізілген тағы бір үлкен жүмыс

— Семей полигонындағы бүрынғы сынау штольняларының инфрақүрылымдарын жою болды'.

Мүндай жүмыстар әскери мақсаттағы материалдар мен инфрақүрылымдарды тікелей жоюмен коса, бүрынғы әскериғылыми үйымдардағы мамандарды жүмыспен қамту проблемасын да шешсді. Сойтіп бүрынгы осксри-зерттеу орталықтарынан "ақылдың шетке кетуі" ықтималдығы азаяды. Бүның өзі әскери мақсатга қодцанылатын технологиялардың таралуы қаупін кемітеді.

Бүрынғы КСРО-ның ядролық бағыттағы ғылыми-тех- никалық үйымдары негізінде 1993 жылғы мамырда Президент Жарлығымен қүрылған Қазақстан Республикасының Үлттық ядррлық орталығының қызметі атом энергиясын бейбіт мақсатқа пайдалану жоне ядролық қаруды сынаулардың зардабын жою міндеттерін шешуге толығымен көшірілді.

Президент өз кітабында ("Ғасырлар тоғысында") былай деп жазады: "... қазіргі жағдайда аймақтық және аймақаралық байланыстарды күшейту халықаралық қауіпсіздікті нығайтудың басты бағытына айнала бастағанын түсінетін уақыт жетті. ... Ондай дүниенің өр алуандығы мен біртүтастығын ядролық қарумен үркітіп тежеу арқылы емес, орқилы беліктерінің озара ықпалдастығын мейлінше кеңейте түсу арқылы ғана нығайта аламыз"1.

1Школьник В., Жаитикин Т. Қазакстан Республикасының ядролық каруды таратпау саласындағы саясаты. "Егемен Қазақстан". 1997 ж. 7 иаурыз.

2Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. Алматы. 1997.

255

Мемлекет саясатының негізгі қағидаттары аймақтағы барлық елдермен бейбіт және тату коршілік қатынастар орнату болып табылады, бүл ядролық қаруды таратпау саласындағы саясаттан да көрінеді. Біз өзіміздің жақын көршілерімізбен қарым-қатынаста байланыстарымызды атом энергиясын ке:з келген мұмкін болатын оскери мақсатта қолданудан толық бас тартып, тек бейбіт мақсатта қолдану саласында дамытуды басты назарға қоямыз.

Басқа еддермен ғылыми жоне техникалық байланыстарды дамытқан кезде бұл елдердің таратпау режимін қолдау жоніндегі шараларға қалай қарайтындығын ескеру маңызды деп санаймыз.

Республиканың ішкі саясатында ең басты мәселе Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа байланысты МАГАТЭ-нің кепілдігін қолдану болып табылады. МАГАТЭ-мен қол қойылған Келісім арқылы біздің мемлекетіміз дүниежүзілік қоғамдастыққа өзінің ешқандай заңсыз әрекетпен айналыспайтынын және ядролық материадцарды заңсыз пайдалануға таратпайтынын дәлелдеп отыр.

Атом энергиясы жөніндегі агенттікте ядролық материалдарды есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйесі талдап жасалып, қызмет етуде. Онда еліміз аумағындағы барлық ядролық материалдар бойынша деректер жиналады, солардың негізінде МАГАТЭ-ге есеп дайындалады. Барлық ядролық объектіггерде айына бір рет МАГАТЭ-нің инспекциясы жүргізіледі. Жылына бір рет барлық ядролық материалдарға верификация жасалады. Яғни, ядролық материаддарды есепке алу мен бақылау жүйесі, есеп берулер және МАГАТЭ-нің инспекциялық қызметі ел аумағындағы адролық қызметтің еш бүркемесіз ашықтығын қамтамасыз етеді.

Алайда, таратпау режимін сақтаудың сенімділігін арттыру үшін ядролық материалдар мен қондырғылардың езін қорғаудың тиімді мемлекеттік жүйесін жасау қажет.

Ядролық материалдар мен қосар мақсагга пайдаланылатын материалдарды экспорттауды мемлекет 1996 жылы қабылданған "Қару-жарақты, әскери техника мен қосар мақсатга пайдаланылатын материалдарды экспорттауды бақылау туралы" заң негізінде қадағалап отырады. Ядролық импортқа бақылау әзірге үкіметтің тиісті каулысы негізінде жүзеге асырьшады.

Соныменядролық қару-жарақтардан өз еркімен бас тартқан бірінші мемлекет ретінде Қазақстан дүние жүзі елдерін, атап айтқанда, Үндістан мен Пәкстанды ядролық сынақ откізуден және әскери ядролық бағдарламалардан бас тартуға шақырды.

256

9. Қазақстандағы саяси партиялар және бүгінгі күнніц өзекті мәселелері

"Саяси партиялар туралы" Заң қабылданған 2002 жыл 15 шілдеге дейін елімізде 19 партия болды. Қазақстанның халық конгресі, Қазақстанның социалистік партиясы, Қазақстанның Халықтық-кооперативтік партиясы, Дөуірлеу партиясы, Еңбек саяси партиясы, Қазақстанның азаматтық партиясы, Әділеттілік партиясы, "Отан", Республикалық халықтық партия, "Алаш" үлттық партиясы, Қазақстан әйелдерінің демократиялық партиясы, "Ауыл" партиясы, Қазақстан патриоттарының партиясы, "Қазақ елі" үлттық бірлестік партиясы, "Ақ жол" партиясы, "Орыс партиясы" тіркелген еді. Әйтеуір, біреулері жұртқа таныс, келесісі ара-тұра естіліп, кейбіреулерінің атауын енді ғана естіп отырған қоғамдағы саяси партиялардың болмысы осындай халде болатын.

Солардың ішінен бүгінгі күнге дейін жеті партия тіркедді1. "Ақ жол" партиясы, Қазақстанның Азаматтық партиясы, Республикалық "Отан" саяси партиясы, Қазақстанның Аграрлық партиясы, Қазақстанның Коммунистік партиясы, Қазақстаниың патриоттарының партиясы жоне "Ауыл" социал-демократиялық партиясы 50 мыңдық межеден сүрінбей өтті. 2003 жылы 25 қазанда "Асар" партиясы қүрылып, 2003 жылдың желтоқсан айында занды тіркеуден отті. Осы межеге қатысты Республикалық саяси еңбек партиясы мен Халықтық-кооперативтік партиясы "Отанға" қосылды. Аталған партиялардың басымдық танытатын электораты саналуан. "Отанға" көбінесе, билік тармақтарына стене жақын адамдар мүше больш табылады. Басқалай айтқанда, билікке жақын ііартия деп аталатыны да сол. Бүрын тек жергілікті биліктің қолдауына кобірек сенім артып келген отандықтар үшін ендігі жерде тікелей электоратпен жүмыс істеуіне тура келеді. Өйткені, алдағы кезенде сайлаушының әрбір дауысы үлкен бәсекеге айналады. Отандықтар бүған қазірдің өзінде кірісіп кеткен сияқты. Өйткені, "Отанның" үйытқы болуымен өткізілетін шаралар барған сайын көбейіп келеді. Оның үстіне олардың оң нышанды істерін насихаттайтын бүқаралық ақпарат қүралдары да жеткілікті. Биліктің үстанымымен үндес республикалық деңгейдегі басылымдар мен телерадиокомпаниялар партияның

1 "Егемен Қазақстан". 2003. 10 шілде.

17-их

257

өткізген игі шараларын жүртшылыққа жеткізуге тырысып бағады.

"Отан" партиясы қатарында 170 мың мүшесі бар1. Әлеуметтік әртүрлі топты жалпыүлттық мүддеге топтастыру үшін қызмет етеміз дейді. Демократия қоғамдық келісім кезінде орныкты болады дейді, бірак шокімдей топ озінің жеке мүддесін көпшіліктің мүддесіне таңуына жол бермеуі керек.

Билікпен козқарастарында "Отан" екеуінің арасында аса айырмашылық жоқ Азаматтық партияны негізінен ірі өндіріс ошақтарының жүмысшылары қолдайды. Партияның басты филиалдары негізінен өндірісті қалаларда орналасқан. Олардың бір үтатыны — партияны колдайтындардың ыдыраңқы емес, шоғырланып орналасқандығы. Оның үстіне азаматтықтардың қаржылық әлеуеті басқа бәсекелестерінен артық болмаса, кем түспейді. Оның үстіне шетелдік инвесторлардың үлкен қолдауына да ие болып отырған осы партия. Парламентге де тікелей шетелдік капиталдың мүддесін көздеп, мейлінше соларға тиімді заңдарды қабылдауға үмтылады2.

Азаматтық партияның күнделікті атқарған істерін үзбей насихаттап келе жатқан, күнделікті шығатын "Экспресс- К" басылымы бар. Газетті партияның тікелей органы деп айтуға болады. Оның үстіне сайлау бәсекесіңде қаржы алеуетін пайдаланып, телерадиокомпанияларда насихат жүмысын күшейте түсетіні анық.

Қазақстанның Коммунистік партиясына кенекөз коммунистер қолдау көрсетеді. Оның сыртында бүгінгі қоғамдағы өзгерістерге көңілі толмайтындардың сайлау барысында аталған партияға дауыс беруі де ықтимал. Оның электоратының дені зейнет жасывдағылар деп айтуға болады. Алдағы сайлаулар бәсекесівде қайта тіркелуге қүжатгарын тапсырмаған Социалистік партияның, Халық конгресі және Республикалык, халықтық партиясының белгілі бір болігі коммунистерге қолдау корсетуі де мүмкін. Партияның коп жағдайда сайлаушылардың дауысын тек солардың көзқарастары мен үстанымдарына сай аламыз деп талап қоятыны сондықтан. Алдағы Парламент сайлауы барысывда коммунистердің басты "көзірі" зейнет демалысына шығу жасын темендету болмақ. Алпысты алқымдаған азаматгар мен елу бесті еңсерген әйелдер қауымының жүмыссыз бөлігі бүл үстанымды қуатгайтыны анық.

1"Егемен Қазақстан". 1999 жыл 2 шілде.

2"Егемен Қазақстан". 2003. 10 шілде.

258

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]