Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

азахстан тарихы II том

.pdf
Скачиваний:
246
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.92 Mб
Скачать

Коммунистік партияның органы "Правда Казахстана" газеті апта сайын шығады. Оз пікірлестеріне партия өмірінен жан-жақты ақпарат беруге үмтылып жүр. Оған қоса кейбір облыстық үйымдардың ез басылымы бар. Қалай болғанда да коммунистер "газет — үйымдастырушы" екендігін елі де басты қағида ретінде үстанатын тәрізді. Оның үстіне компартияға іш тартатын кейбір жеке меншік басылымдар да жеткілікті. Бүл да өз кезегінде коммунистердің үнін бүкараға жеткізуге септігін тигізеді.

Мысалы Қазақстан Республикалық партиясы өз бағдарламасында: Біз қазақ үлтының мүң-мүқтажына мықтап ден қойып, кемек беруді берік үстанып отырмыз. Әлеуметтік ауыртпалықтың неден туындап жатқанын неге кормейміз? Бір ғана туберкулез дерті бізді қайда апарады? Қаптаған жүмыссыздық. Үкімет пәрменді іс-әрекетті үйымдастыра алмай отыр. Бағыт-бағдары да кейбір мәселеде түсініксіз...1

Аграрлық партия мен "Ауыл" партиясының электораты ортақ. Оның үстіне алдағы үш жыл ауылға арналуы аталған партиялардың белсенділігін күшейте түседі. Бүл түрғыда Аграрлык партияның тәжірибесі мен мүмкіндігі жоғары. Өйткені, ол партиялық тізім бойынша бәсекеде бақ сынап, Можілісте екі орынға ие болды. Оның үстіне партияның үстанымы бүгінгі билік жүргізіп отырған реформамен астасып жатыр. Түп-тамыры ауылдан шыкқандардың аталған партияға карай бүйрегі бүратыны өткен Парламент сайлауында да белгілі болған. Оның үстіне қаржылық әлеуіті де сайлауда көбірек дауыс алуға үлкен мүмкіңдік береді. Электоратының денін, әрине, ауыл шаруашылығындағы еңбеккерлер, ауыл жүртшылығы күрайды. Жер кодексіңдегі субаренданы үзарту мәселесінің шешімін табуы аталган партияның үлесінде. Сондықтан үжымдық шаруашылықтардың мүшелері осы түста аграрлық партияның үстанымына мойынсүнады. Яғни, дауыс беру сәтінде меншік иелерімен қоса жерін субарендаға бергендер де аталған партияның қоржынын қомпайтады деген сөз.

Аграрлық партияның органы — "Аграрный Казахстан" газеті және "Мерей" атты журналы бар. Ауыл шаруашылығын реформалауға және партия қүрылымына қатысты мәселелер осы екі басылым беттерінде жарық кореді. Оз сайлаушыларымен байланысты аталған бүқаралық ақпарат қүралдары иегізінде үстап отырады. Бүл аграрлық партияның ақпарат кеңістігінде де өзіндік орны бар екендігін керсетеді.

1 "Егемен Қазақстан". 1999 жыл 2 шілде.

259

"Ауыл" партиясының бастауында интеллигенция өкіддері түр. Тіпті, олардың қатарынан елге белгілі адамдардың есімін жиі кездестіруге болады. Алайда, партия тіркеуден өткенімен, сайлау додасында өз белсенділігін корсетеді деп айту қиындау. Оның үстіне ауылдықтар Парламентге Жер кодексін талқылау барысыида оздерінің айқын үстанымын корсете алған жоқ. Тіпті, оның бар-жоғы байқалмаған тәрізді. Сондықтан қабылданып кеткен кодекске қатысты сайлау кезінде өз мүдделерін білдіргенімен, оның кеш айтылғандығы байқалады. Оның үстіне "Ауыл" партиясының қаржылық мүмкіндіктері де шамалы. Сайлаушылар бүгінде созден, үраншылдықтан гөрі нақты қимыл корсететіндерге кобірек бейімдік танытады. Соз жоқ, ол үшін қаржы керек екендігі белгілі. "Ауыл" партиясының да олқы түсы осы. Ақпаратгық жағьшан түрақты қолдау керсететін баспасөзі де жоқ. Тек республикалық деңгейдегі мемлекеттік басылымдар арқылы өз үнін сайлаушыларға жеткізуге тырысады.

Ал, "Асар" партиясының бағдарламасына келетін болсак, партия жетекшісін айтуынша "Асар" орталық ("центризм") позициясын үстанатын болады. Бізге бүгінге белгілісі партиялардың оң жақ қанатында: "Отан", "Азаматтық", "Аграрлык" партиялары болса, сол жакта: "Ақ жол", "Қазақстанның коммунистік", "Қазақстанныңпатриотгық", "Ауыл социал-демократиялық",Ал Асар партиясының мақсаты болашақта Қазақстанда күшті саяси-өлеуметтік, мемлекет қүруды көздейді. Елді шикізат беретін отаршылдықтан қүтқару, жаңа техниканы игеруді мақсат етеді жоне президентіміздіц инновация саясатын қолдайдьт. Жер мәселесінде жекеменшікті жақтайды.

Қазір "Жер туралы заң" 2003 жылдың 20 маусымынан күшіне енді. Жер жеке меншікке сатылатын болды1.

Еліміздің территориясы 272 миллион гектар. Бірақ осы жеріміздің 10 проценті ғана егін салуға тиімді және емір сүруге қолайлы екенін екінің бірі біле бермейді. Қазір ауылдықжерде халқымыздың 44 проценті немесе 6,7 миллион адам өмір сүріп жатыр. Олардың ішінде 2 миллионнан астам адам омір сүруге қолайсыз, шол мен шөлейт жерлерді мекендейді1. Аталған жерлерде егін егіп, мал өсіру өте тиімсіз. Сондықтан шаруалардың алған енімдерінің өзіндік қүны нарықтағы бағадан асып кетіп, өндірушілер белшелерінен қарызға батып жатады. Таңның атысы, күннің батысы адал еңбек етіп жаткан шаруалардың не себепті осындай қиыншылықтарға душар болғанын енді түсінетін кез келді. Әйткені

1 "Егемен Қазақстан". 1999 жыл 2 шілде.

260

олардың бөсекелестері табиғаты қолайлы, жері шүрайлы жерде өнім өндіріп жатыр. Демек, нарық жағдайында шығыны жоғары, үтымсыз еңбек пен бәсекеге шыдау мүмкін емес. Сондықтан шөл мен шөлейт жерлерде орналасқан халқымыз экономикалық дағдарысқа душар болуда.

Жеріміздің 10 проценті ғана құнарлы бола түрып біз сол жерлердің жартысын да игере алмай жатырмыз. Ашығын айтсақ еліміздегі ең қүнарлы жердің 50 проценттен астамы Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының үлесіне тиеді.

Бірақ сол жерлердің соңғы жылдары жартысына жуығы ғана игерілген. Бүған аталмыш облыстарда ауыл халқының күрт азаюы бірден-бір себеп болуда. Мысалы Қостанай облысында ауыл түрғындарының саны 22,6 процент, Солтүстік Қазақстанда 23 процент, Ақмола облысында 20 процент кеміп кетті2. Осының саддарынан көптеген ауыддарда үйлер иесіз, жерлер жыртусыз қалуда. Неге біз қолымыздағы бар байлығымызды дүрыс пайдалану үшін халқы қолайсыз орналасқан аймақтардан шүрайлы жерлерді игеруге келмейміз?

Бүл жерде кешу үшін Үкіметтен қаражат талап етудің қажеті шамалы. Осы істі жүзеге асырудың бірнеше жолы бар. Айталық көршілес жатқан екі облыс әкімдері келісімшартқа отырып, бірі иесіз қалған үйлері мен игерілмей жатқан жерлерін үсынса, ал екіншісі еңбек күшімен қамтамасыз етсе. Онда коптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелер шешілер еді. Сонда ғана біз жер ресурстарын тиімді пайдалануға жағдай жасар едік.

Халықты дүрыс орналастырудың үшінші жағы бар. Ол соңғы кезеңде жиі айтылып жүрген кедейшілік пен жүмыссыздық секілді қоғамға қолайсыз қүбылыстарға тосқауыл қоюға байланысты. Кедейшіліктен арылудың бірден-бір жолы халықты жүмыспен толық қамтамасыз ету емес пе. Бүл міндет баршамызға түсінікті болғанымен, кейде осы жағдайды іске асыру мүмкін болмай жатады. Қолайсыз жерде орналасқан елді мекендерге жаңа жүмыс көздерін ашып өндірісті дамыту мүмкін емес. Демек ондай жерлердің түрғындарын тек көшіру арқылы жоқшылықтан қүтқаруға болады. Сондықтан Аграрлық, Ауыл партиясы ең басында көтеріліп отырған проблемаларды толық қолдай отырып, бүл мақсаттың қоғам үшін, мемлекет үшін маңызы жоғары скенін айтқымыз келеді. Жалпы халқымыз қайта қоныстан-

"Егемен Қазакстан". 2003. 10 шілде. "Егемен Қазақстан". 2000 жыл 22 наурыз.

261

дыру саясатына қарсы болмайды деп ойлаймын. Көшпелі ел болған Қазақстан үшін ез ішімізде қоныс аудару кереметгей жаналык, еместігін де айтқым келеді. Еліміздің сан ғасырлар бойы іргесі сөгілмеген, төрт босағасы тең болған, күні шуақты, қонысы суатты жерлері көп қой. Олай болса казақты қайта қоныставдыру коп болып қолға алатын ауқымды міңдетгердің бірі.

"Ақ жол" партиясы мемлекетгік тіркеуден бірінші болып өтгі. Аталған партия өзіңдіх қолтаңбасымен саяси кеңістіктегі өз орнын қалыптастыруға үмтылып-ақ жатыр. Оның тізгінін үстағандар кешегі билік дөлізінде із тастағандар немесе сонда қызмет істеп жүргендер болып табылады. Олар елде жүргізіліп жатқан реформаға жалпы қолдау көрсеткенімен, соңғы кездері экономикалық-саяси реформаларға қатысты өзіндік үсыныстарын алға тартып жүр. Партияның әлеуетгік мүмкіндігі жоғары, оның үстіне қаржылык, жағдайы да жаксы. Прагматикалық көзқарастағылар ақжолдықтарға кебірек сенім артуы ықтимал. Оның үстіне саяси үйым жетекшілерінің барлығы да билікке ел тәуелсіздік алғаннан кейін келген, қырықтың қырқасындағы азаматтар.

Ақжолдықтардың қаржылық әлеуетіне орай өз басылымдарыда бар. "Ақжол Қазақстан" мен "Эпоха" басылымдары партияның үйымдастырып жатқан әрбір шарасын өз деңгейіңде насихаттай отырып, Үкіметгі "соққылап" жатады. Задында бүл оппозициялық үстанымнан туывдаған мәселе шығар. Оның сыртында елге беделді "Казкоммерцбанктің" ықпалындағы "Время" апталығы да ақжолдықтарға үнемі қолдау көрсетіп отырады.

Тіркелген партиялардың бірі — Қазақстан патриоттарының партиясы. Аталған партияның саяси үйьш ретінде халық арасында танымалдық деңгейі темен. Тек оны жүртшылық партия жетекшісі Ғани Қасымов арқылы біледі. Онда да Қасымовты партия жетекшісі санатында емес, оқтын-оқтын Мәжілісте мәселе кетеретін депутат деңгейінде танвды. Ғани Қасымов саяси қайраткер түрғысывда танымал болса, танымал шығар, бірак патриоттар партиясының жүмысынан жүртшьшық хабардар деп айту киын. Сол себепті Парламентке сайлау барысында патриоттардың партиялық орынға бәсеке барысында белгілі бір жетістікке жетеді деп айтудың өзі қиын. Тіпті, оның түрақты өз электораты да қалыптаспаған. Тек еткен презвдентікке сайлау барысында генерал Қасымовтың кандидатурасын қолдағандардьщ кейбірі осы партияны жақын тартуы мүмкін. Әйтпесе, сайлаудағы алатын қандайда бір меже жөнінде әңгіме қозғау артық болар еді. Партия

262

деңгейінде мәселе қозғайтын басылымдарының болмауы да сондықтан болар.

Шынында да Қазақстан қоғамы қазір осындай жайды бастан кешіп отыр. Жер иеленушілердің мүддесін көздейтін Аграрлық партия, өнеркәсіпшілердің мүддесін қозғайтын Азаматтық партия бар. Ал "Ақ жол" партиясы мейлінше қаржыгерлерге бір табан жақындау. Ал "Отан" партиясының мемлекеттік қызметшілерге сүйенетінін жоғарыда айттық. Яғни, партиялық мүдделер қақтығысы барысында ез мүдделері түрғысынан заң қабыддаттыруға деген де ынтажігері өсе түсетіні белгілі. Сол себепті қызықтың көкесі сайлау түсында қыза түспекші.

"Болды да партия ..." деп Абай атамыз айтпақшы, ендігі жерде сайлаушылардың оз таным-талғам биігінен бір партияға дауыс беруіне тура келеді. Жеті партияның қайсысы, қалай жарылқайтынына сайлау түсында куо боламыз.

Саяси бәсеке — Парламентке сайлау барысьщца партиялық тізімнің алатын орны жоғары. Партиялардың бағытбағдарының қандай екендігінен толыкқанды хабардар емес жүртшылықтың әу баста жеке түлғалардың абырой-беделіне қарай дауыс беретіндігі де жасырын емес. Басқалай айтқанда, ендііі жерде партиялар арасында елі е танымал тұлғаларды оздеріне қарай тарту үшін бәсеке басталады. Бүл өз кезегінде аталған түлғаға жақын кезқарастағылардың сол партияға дауыс беруіне әкеледі. Яғни, партияның үстанымын ездері жақын көретін түлғалардың үстанымымен пайымдайды.

Түлғалар демекші, оларды ез сапына шақыратын паргаялар да үміткерлердің көзқарасы мейлінше өздеріне жақындығын қалайды. Мәселен, билік партиясы деңгейіне үмтылушылар биліктің беделін көтеретіндерді іріктейді. Ал, керісінше, кейбіреулер билікке қарсы өзінің қиқарлығымен көзге түсетіндерге іш тартатынын керсетеді. Бүл, әрине, өздерін бүгінгі билікке оппозициядамыз деп санайтындар. Сондықтан Үкіметті қаншалықты сынаса, соншалықты дауысқа ие боламыз дейтіндер де бар. Қалай болғанда да нақты нәтиже электоратгың еншісівде. Сайлаушьшардың үстанымына, коңіл ауанына байланысты.

10. Мемлекеттік білім беру саласындағы заң және оның орындалуы

2000 жылы Елбасы Нүрсүлтан Назарбаев Мемлекеттік "Білім" бағдарламасын бекіту туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Бүл қүжатты әзірлеу 1998 жылы басталған еді.

263

Халықаралық сарапшылар тобы Елбасының тапсырмасы бойынша республикадағы білім жүйесін жан-жақты қарап, қорытындысында осы саладағы ахуалды жақсарту жөнінде үсыныстар жасап, кең колемді баяндама әзірлеген. Онда бүкіләлемдік деңгейге жету мүмкіндігі қарастырылған еді. Соның негізінде сараншьшардың үсыныстарын ескере отырып, Елбасы ҚР Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттік пен Білім және ғылым министрлігіне Мемлекеттік "Білім" бағдарламасын өзірлеу жөнінде тапсырма берді. Нәтижесінде Мемлекеттік бағдарлама қабылданып, отандық білім беру саласында орта мерзімді перспективалық нақты қүжат іске қосылды.

"Білім туралы" Заң үзақ талқылаудан кейін 1999 жылы 7 маусымда өмірге жолдама алды. Себебі білімге кепілдік беретін Ата Заңнан кейінгі қүжат осы ғой.

Шынында бүл заңның толғағы оңай болған жоқ. Сегіз айдан кейін әрең қабылданды. 1992 жылы қабылданған Заңнан басты айырмашылығы қандай екен дегенге төмендегідей артықшылықтарды келтірелік. Біріншіден, бүл заң тек орта білім ғана емес, білім беру жүйесінің төрт қүбылысын түтас қамтыған. Екіншіден, заң баптары күнделікті кызметке тікелей енгізуге арналып, барынша нақтыланып, айқыңдалып берілген. Үшіншіден, білім заңында білім берудің жаңа моделі қүқықтық нормативтік, қүрылымдық және мазмүндық жағынан айқын сипатталған. Мысалы, мектепке әртүрлі дайындықпен келетін 5-6 жасар бүлдіршіндер ендігі жерде бір жылдық мектепалды даярлықтан өтеді. Мүның педогогикалық, нсихологиялық, тіпті әлеуметтік маңызы өте зор. Ал, базалық негізгі білім беру 9 сынып аумағында аяқталады да, 10-11 сыныптар үшін бағдарлы мектеп жүмыс жасайтын болады. Осының арасында 9 сынып бітіргендер кәсіптік мектепке гана емес, кәсіптік орта білім беретін колледжге де түсе алады. Бүл жағдай еңбек нарығының сүранысын қанағаттандырып, нәтижесінде орта және шағын бизнесті дамытуға, жүмыссыз жастар қатарының азаюына игі әсерін тигізеді деп ойлаймыз. Бағдарлы мектепте өзі тандаған бағытта, көсіптік бағдармен оқытатын толық орта мектеп түлектері сәйкес жоғары оқу орындарына сапалы дайындықпен түсіп, еліміздің қабілетті мамандар қатарын толықтырады деп күтілуде. Төртіншіден, заңның түгелге жуық баптары мемлекеттік емес білім беру үйымдары үшін ортақ. Бесіншіден, білім беруді қаржыландыру жаңа үстанымға сүйеніп жүргізіледі. Ол бүрынғыдай білім беру үйымын қаржыландыру емес, әр оқушыны есепке алу шарты

264

бойынша жүргізіледі. Алтыншыдан, білім беру үйымдарын лицензиялау тәртібі нақтыланған. Бір айта кететін жағдай, ендігі жерде шетелдік немесе шетелмен біріккен оқу орындары мен олардың филиалдары да лицензияланады1.

Ата Занда да, Білім туралы занда да жалпы орта, бастауыш кәсіптік білім бсруді қаржыландыру бюджст есебінен жүргізілетіні шындык. Оған аталмыш заңның 43-бабының І-тармағы дәлел. Заңда сондай-ақ орта кәсіптік білім берудің жалпы орта білімге қатысты бөлігі де (10-11 сыныптар) бюджет есебінен қаржыланатыны айтылған. Занда ақылы білім алуға тыйым салынбаған. Бірақ ол мемлекеттік оқу орындарында мемлекеттік жалпы міндетті стандарттан тыс білім алушылар үшін ғана жүргізіледі. Ал стандарт колемінде білім алу тегін. Сонымен бірге мемлекеттік емес оқу орындарында білім беру ақылы түрде жүргізіледі. Бір ескеретін жағдай ақылы білім алу мемлекеттік емес білім беру үйымдарында оқуды таңдау ата-аналар мен оқушылардың өз еркінде. Жоғарыда атап откенімдей, жеке меншік негіздегі мектептер де мемлекеттік стандартты орындауға тиіс2.

Білім туралы Заңда оқу-тәрбие процесінің үздіксіздігі мен жоспарлылығы оны еткен кеңестік кезеңнің жақсы достүрлерін жаца жагдайға сай қайта жацғыртып, демократиялык және нарықтық қоғам принциптерімен үштастыру міндеті алға қойылды. Жергілікті әкімдерге әр аймақтық ішкі мүмкіндігіне қарай бүрынғы балабақшаларды қайта ашу, мектептерді шефтік қамқорлыкқа беруді үйымдастыру туралы тапсырма берілді3.

Қазіргі білім беру жүйеміздегі ең күрделі мәселе — білім алудың үздіксіздігін қамтамасыз ету болып отыр. Адам ғүмыр бойы үйренумен отеді. Бір сәт оқымай қалдың ба, тоқырауға үшырайсың. Бүл орта мектепті жаңа бітірген жасөспірімге де, жоғары оқу орнын тамамдаған маманға да, тіпті ғылыми атақтың шыңына шыққан академикке де қатысты қағида. Заманмен болашаққа бірге адымдағың келсе, оқы да үйрен. Бірақ орта мектепті бітірген, жоғары оку орнына түсе алмаған жасөспірім қайда оқиды, қажетті мамандықты қалай үйренеді? Бүрынғы кәсіптік-техникалық училищелер жабьшған, қалғандары акылы оқыту жүйесіне

1Жумабекова Рысты. "Заң бар заңдылық салтаиат кұруға тиіс". "Егемен Қазақстан". 1999 ж. 13 тамыз.

2"Егемен Қазақстан". 1999 ж. 13 тамыз.

3 Нысанбаев Ә. Білімі мықты мыңцы жығар. "Егемен Қазақстан".

2001 ж. 27 акпан.

265

көшкен. Өндіріске қажет орта буын мамандар даярлаудың орнына, жекеменшік оқу орындары заңгерлер мен экономистерді топ-тобымен шығарып жатыр. Олар қайдан жүмыс табады? Мүндай жағдайда, рынок озінен-өзі бөрін реттейді деп қол қусырып қарап отыру — жүзе білмейтін адамдарды асау теңізге лақтырып жіберіп, кызығын тамашалаумен бірдей күнә. Адамдарға бағдар беру, түсіндіру қажет. Кейін темір жонушы мен инженерді шетедден шақыртуға мәжбүр болмас үшін мемлекет те бүл істің жоспарлы жүргізілуіне мүдделік танытуға міндетті. Тиісті министрліктерге әр аймаққа болашақта қандай және қанша маман қажет болатынын есепке алып отыруға тапсырма беру керек.

Қазақстан Презвденті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2030 стратегиясын жүзеге асыру жастардың еншісінде деген баяндамасында: "Қазір мемлекеттік емес жоғары білім беру секторы қиын да күрделі қалыптасу жолынан өтуде. Өкінішке қарай, алғашқы кезде мүнда білім беруді саудаға салу орын алды. Мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының көпшілігі студенттерді тек беделді болып табылатын "халықаралық" мамандықтар бойынша оқытатын болды. Бүл қажетті материалдық және ғылыми-әдістемелік базаның жеткіліксіз екендігіне қарамастан, сондай-ақ, еңбек рыногында бүл саладағы мамандарға деген сүранысты ескерместен жүргізідді. Мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары оку орындары әлі күнге дейін өз түлектерін қызметке орналастыруды қолға алмай отыр. Олар әлі де ескіше ойлаудан арыла алар емес. Экономиканың 75 проценті жеке адамдардың қолында болып отырған кезде бүл жүмыспен мемлекет те айналыса алмайды1,

Мемлекеттік емес жоғары оқу орывдарының өмір сүруінің басты моні жеке адамның байлыққа кенелуі немесе саудасаттық емес, ғылым мен білім беруді дамыту үшін мемлекет қазынасынан тыс қаржы тарту мүмкіндігін жүзеге асыру болуға тиіс. Бүл еліміздің рухани жөне мәдени әлеуетін арттыра түсуге жағдай жасар еді. Бүл орайда мемлекеттік емес кез келген оқу орны Қазақстан білім беру жүйесі шеңберіндегі біртүтас тачаптар мен стандарттарды үстанатын болса, Үкімет оларға лицензия беру тетіктерін қамтамасыз етуге тиіс2" деді.

Ары қарай Н.Ә.Назарбаев: "Қазақстанның оқу жүйесі білім беру қызметінің әлемдік рыногы мен еңбек рыногына

1 Назарбаев Н.Ә. 2030 стратегиясын жүзеге асыру — жастардың еншісінде. "Егемен Қазақстан". 1998 ж. 6 қаңтар.

* Сонда.

266

шығып келеді. XXI ғасырдың табалдырығы алдында білім беру капиталға айналуда. Оның өзі маңыздылығы жөнінен стратегиялық ресурстармен бәсекелесе алады және солай болуға да тиіс. Еддің даму деңгейі осы арқьшы бағаланатын болады. Жоғары оқу орындары арасында ғылым, экономика, бизнес және жоғары оқу орындарының оздері қажет ететін мамандарды даярлау жөнінде бәсекелестік өсері сөзсіз. Сондықтан біздің университеттер бүгін таңда Батыста, Қазақстанның менеджмент және экономикалық болжам институтында оқығандардың неліктен бірінші кезекте қажет етіліп отырғанын ойластырғаны жен.

Біз үздік жоғары оқу орындарын котермелеуге, ал өз міндетін орындамай отырғандарды жабуға немесе қайта ұйымдастыруға тиіспіз. Бір сөзбен айтқанда, біз қандай университетгер мен институттарды сақтап қалуды, мемлекет қаржысына қандай мамандарды және қанша мөлшерде шығаруды нақты анықтауымыз кажет. Жаратылыстану ғылымы пәндері бойынша және ең алдымен мектеп деңгейіндегі математика, физика бойынша дайындықтың деңгейі халықтың білімділігінің аса маңызды көрсеткіші болып табылады, деп атап отті Президент. Ата-аналар өз балаларын өмірге дайындауға срекше көңіл аударуға тиіс. Олар қазіргі балалар елдің болашағын анықтайтын, XXI ғасырдың ересек адамдары екенін түсінуі қажет. Әлемдік экономиканың заңдарын ешкім де озгерте алмайды. Сондықтан белгілі бір білімі мен кәсіби білігі жоқ адамдар тиісінше жүмыс таба алмайды. Бүл — бүлжымас факт. Жоғары білім — мол табыс табудың, лайықты түрмысқа жетудің ең дүрыс жолы, сондықтан ата-аналар балаларын тәрбиелеу, оларға білім беру ісіне мейлінше жауапкершілікпен қарайтын болса, елімізде кедей адамдар да болмайды"' деді.

Қазір білімге жалпы орта білім беру стандартгары енгізілді. Мектептердегі компьютерлендіру негізінен аяқталды деуге болады. Қазақстан білімді де білікті жастарын әлемнің танымал университеттеріне оқытуға әрі тәжірибеден өткізуге мол мүмкіндік адцы. Мемлекет білім гранты мен несие тағайывдап, ол ез шешімін тауып келеді2.

Министрліктің қүзырындағы барлық күндізгі жалпы білім беретін мектептің саны 1999 жылы тамызда — 8027.

1 Назарбаев Н.Ә. 2030 стратегиясын жүзеге асыру — жастардың спшісінде. "Егемен Қазақстан". 1998 ж. 6 қаңтар.

2 Келімбетов Қ. Мемлекеттік білім бағдарламасы. "Егемен Қазақстан".

2001 ж. 30 қаңтар.

267

Оның ішінде қазақ тіліндегісі — 3366, орыс тіліндегісі — 2390, өзбек тіліндегісі — 78. 14 мектепте оқу процесі үйғыр тілінде жүргізіледі. Бүлардан басқа тәжік, украин, т.б. тіддерде оқытатын мектептер де бар.

Оңгайландыру кезівде коптеген мектептердің жабылғаны рас. Қазір мектеп жүйесін қалпына келтіру жүріп жатыр. Бүл мәселелерде түрақтағандық, тіпті өсу нышандары бар. 1998 оқу жылында республика бойынша 3 мшілион 52 мың 644 оқушы білім алды. Оның ішінде орта мектепті бітірушілердің саны — 191,5 мың1. Мемлекеттік емтихан нәтижесінде сүйенсек, мектеп бітірушілердің білім дәрежелері қанағаттанарлық деуге болады. 2003 жылы жоғары оқу орындарында тест сынағына қатысқан 161.665 талапкердің бірде-біреуі ең жоғары үлгерім көрсеткіші 120 балл жинай алмаса, 45.492 талапкер "2" деген (39 баллға дейін) бағаны місе түтты.

Жаппай жоғары білімді болу бүл заманда үзілді-кесілді шарт болуға да тиіс емес. Республикамызда жоғары оқу орындарының саны 185-ке дейін жеткеніне қарамастан, бір дипломды мамандықпен жан сақтай алмастай күй кешкен немесе өз кәсібін нарык ыңғайына қарай икемдеуге мәжбүр кейбір адамдар қос-қостан диплом алу "науканьш" әлдекашан бастап жібергені де белгілі.

Біздің елімізде 1991 -1992 жыддары 61 жоғары оқу орнында 288,4 мың студент оқыса, 1998—1999 жыддары оқу орнының саны 144-ке кобейіп, овда 318,8 мың студент білім алыпты. Ал 2001—2002 жылғы оқу жылында 185 жоғарғы оқу орнында (оның 59-і мемлекеттік, 126-сы жекеменшік) 514,7 мың студент (оның 183,9 мыңы — мемлекеттік университеттерде, 330,8 мыңы жекеменшік ЖОО-да) оқыды деген мөлімет бар.2

Қазақ сыныптарының окушыларының білім дәрежесі төмен деуге болмайды. Мүны жылда өткізілетін олимпиада, өртүрлі конкурс немесе, жоғары оқу орындарына түсу нәтижелері көрсетіп отыр.

Білім туралы Зандағы басты мәселе жақсы оқулықпен білім беру үйымдарын қамтамасыз ету. Жаңа буын оқулықтарын жасау мен енгізу жөніндегі Үкіметтің кешенді бағдарламасы бойынша еліміздің тол оқулықтары дайындау. Соның нәтижесінде 1999-2000 оқу жылында мектептер 3—

"Егемсн Қазақстан". 2003 ж. 9 қыркүйек. "Егемен Қазакстан". 1999 ж. 13 тамыз.

268

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]