Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

азахстан тарихы II том

.pdf
Скачиваний:
246
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.92 Mб
Скачать

кезеңі артта қалды. "Егемен Қазақстан". 2001 3 наурыз.

20.Келімбетов Қ. Мемлекетгік білім бағдарламасы. "Егемен Қазақстан". 2001. 30 қаңтар.

21.Нысанбаев Ә. Білімі мықты мынды жығар. "Егемен Қазақстан". 2001 27 ақпан.

22.Алтынбаев М. Елдің әскери қауіпсіздігі — басты назарда "Егемен Қазақстан". 2003. 7 мамыр.

23.Андриянов В. Мүнда өкімет билігі бар. "Егемен Қазақстан". 1997 29 мамыр.

24.Смайылов Камал. Қазынасы қуат қазақ даласындағы уран мен берилли кені әлемді қызықтырады. "Егемен Қазақстан". 2000 ж. 27 қыркүйек.

25.Қасымбеков Махмуд. Қазақстан Республикасыңца Президентгік институтының қалыптасуы. "Егемен Қазақстан". 2000 ж. 22 сөуір.

26.Школьник В., Жантикин Т. Қазақстан Республикасының ядролық қаруды таратпау саласындағы саясаты. "Егемен Қазақстан", 1997 ж. 7 наурыз.

27.Жүмабекова Рысты. "Заң бар заңдылық салтанат қүруға тиіс" "Егемен Қазақстан" 1999 ж. 13 тамыз.

28."Егемен Қазақстан" — 1995 ж. 15 шілде; 1996 ж. 18 сәуір; 1999 ж. 2 шілде; 1999 ж. 13 тамыз; 1999 ж. 20 қараша;

2000 ж. 22 наурыз; 2001 ж. 30 қаңтар; 2001 ж. 6 ақпан; 2001 ж. 27 ақпан; 2003 ж. 4 маусым; 2003 ж. 10 шілде.

1. КСРО-дағы экопомикалык дағдарыс және Қазақстан мен Ресей арасындағы 1990 жылғы шарт

Н.Ә.Назарбаевтың түңғыш ел президенті болып сайлануы

1990 жылы КСРО-ның орасан зор кеңістігінде экономикалық дағдарыс болды. КПСС басшылары басқаруға қабілетсіздігін көрсетті. Орталықтың іс-қимылы белең алып келе жатқан әрі алдарында кедейлік пен ең қажет тауарлардың, азық-түліктің жетіспеу перспективасы колденең тартылған аймақтар арасындағы ондаған жылдар бойывда қалыптасқан экономикалық байланыстарды үзе бастаған бейберекетсіздікке КПСС басшылары тосқауыл бола алмады. Ресгтубликаларда экономикалық дербестікке үмтылу үрдістері пайда болды, толыққанды дербестік — егемендік жариялау процесі басталды. Сонымен бірге КСРО халықтары жаңа одақтық шарттың әзірленуі мен қол қойылуын күту жағдайында бодды.

1990 жылы 24 соуірде Қазақстан Республикасының Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.

І4-14Х

209

Қазақ ССР-нің "Қазақ ССР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ ССР Конституциясына (Негізгі Заңына) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес Қазақстанда президенттік институтының іргесі қаланды.

Қазақстан Конституциясы Қазақ Советтік Соииалистік Республикасының Басшысы алты жыл мерзімге сайланып Қазақ ССР-інің Президенті болып табылады деп жария етгі. Мемлекет басшысы республика аумағында азаматтардың қүқықтары мен боставдықтарын, Қазақ ССР-інің Конституциясы мен заңдарын сақтаудың кепілі болып табылды, республиканың егемендігін, қауіпсіздігін, аумақтық түтастығын қорғау жөнінде қажетті шаралар қабыддады, Қазақстан атынан ел ішінде және халықаралык катынастарда, сондайақ КСРО Федерация Кеңесінде өкілдік етті.

Конституцияға сөйкес Қазақ ССР ГТрезвденті Резиденциясының орналасатын жері мемлекет астанасы — Алматы қаласы болып айқындалды.

Президент сайлауы Қазақ ССР-інің "Қазақ КСР Президентін сайлау туралы" Заңының негізінде жүзеге асырыдды.

Мемлекет басшысы жоғары қызметке сайланысымен реформаланып отырған КСР Одағының шеңберінде

Қазақстанньщ саяси және экономикалық дербестігін нығайтуға

бағытталған белсенді қадамдарды қолға алды және сонымен бірге халықтар арасында қалыптасқан әлеуметтікэкономикалык және тарихи байланыстардың ьщырауына жол бермеу үшін ерік-жігер мен табандылық танытты.

Егемендік жарияланғаннан кейін Мемлекет басшысы бірінші кезекте елдің мемлекетгік басқару органдарын нығайту жөніндегі шараларды қолға алды.

1990 жылғы 20 қарашада Қазақстан Президенті "Қазақ ССР-індегі мемлекеттік билік пен басқару қүрылымын жетілдіру және Конституцияға (Негізгі Заңга) езгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды, оған сәйкес Қазақ ССР-інің Президенті жоғары атқару және өкім жасау билігінің басшысы болып табылады деп белтіленді; ел вице-президенті кызметі тағайьшдалды. Министрлер Кеңесі таратылып, Қазақстанның Министрлер Кабинеті қүрылды. Жаңа заңмен премьер-министр және мемлекеттік кеңесшілер тағайындалды. Мемлекет басшысы мен елдің Министрлер Кеңесі аппараттарын Қазақ ССР Президенті мен Министрлер Кабинетінің біртүтас аппараттарына біріктіру орьш алды. Ел Президенті жанынан консультативтік-кеңесші орган - Республика Кеңесі қүрылды.

210

Жаңа Одақтық шартты қабылдауға байланысты, оған қол қоюдан бірқатар республика басшылары бас тартқан 1991 жылғы 21 қазан оқиғаларынан кейін күйреген КСР Одағының ыдырауын растайтын айқын көрініс қалыптасты.

Үдей түскен "егемендік шеруі" және жаңа одақтық шарттың мазмүны жонідде республикалар арасында бірыңғай көзқарастың болмауы жағдайында 1990 жылғы 25 қазанда Мемлекет басшысының бастамашылығымен елдің жоғары заң шығару органы Қазақ ССР-інің мемлекеттік егемеңдігі туралы декларацияны қабылдады, онда былай делінген:

"... 1. Қазақ Советтік Социалистік Республикасы — егеменді мемлекет, ол басқа республикалармен Егеменді Республикалар Одағына ерікті түрде бірігеді және олармен озара қарым-қатынастарын шарттық негізде қүрады.

Қазақ ССР-і Одақтан еркін шығу правосын езінде сақтап қалды.

2. Қазақ ССР-і үлттық мемлекеттігін сақтау, қорғау және нығайту жөнінде шаралар қолданады ..."' сонымен 25 қазан Республика күні болып жарияланды.

Ресейде қалыптасқан саяси күрмеулер Қазақстандағы ахуалға да мейілінше тікелей ықпал етті. Нақ осы кезде КСРО-да қалыптасқан шекараларды қайта қарау мәселесі республикаларда өткір алға тартылды. Осындай жағдайда Қазақстан Президентінің батыл қадамдары мен принципі көзқарасының арқасында ез елінде, Ресейде үлттық негізде туывдаған шиеленістің бетін қайтарудың үлтаралық және аумақтық жанжалды тоқтатудың сәті түсті.

1990 жылы 24 қарашада Қазақ Советтік Социалистік Республикасы мен Россия Советтік федерациялық Социалистік Республикасы арасында болашақ екі республиканың қарым-қатынасы туралы шарт жасалды.

Шартта:

Қазақ Советік Социалистік Республикасы мен Россия Советтік Федерациялық Социалистік Республикасы, бүдан әрі олар Шарт жасаушы мәртебелі жақтар деп аталатын бодды,

Қазақ Советтік Социалистік Республикасының мемлекеттік егенмендігі туралы Декларация мен Россия Советтік Федерациялық Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияны негізге ала отырып;

Қазақстан мен Россия Федерациялық халықтары достығының сан ғасырлар бойына қалыптасқан дәстүрлерін,

"Егемен Қазақстан". 2000 ж. 22 соуір.

211

тығыз экономикалық және мәдени байланыстарын дамытуға үмтыла отырып;

Қазақ ССР-і мен РСФСР-де демократиялық праволық мемлекеттер орнату мақсатын көздей отырып;

өздерінің мемлекетар&чык катынастарын егеменді тендік принциптері, ішкі істерге араласпау, территориялық түтастықты қүрметтеу, күш немесе қысым жасаудың экономикалық әдістерін колданудан бас тарту, даулы проблемаларды халықаралық правоның жалпы жүрт таныған нормаларына сәйкес келісу қүралдарымен реттеу негізінде дамытуды көздей отырып;

өздерінің арасындағы достық, тату кершілік және өзара тиімді ынтымақтастық қатынастарын одан өрі дамыту мен нығайту екі мемлекет халықтарының түбегейлі үлттық мүдделеріне сай келеді және бейбітшілік пен қауіпсіздік ісіне қызмет етеді деп санай отырып;

егеменді мемлекеттер одағы негізінде ССРО-ның мемлекеттік қүрылымын жаңарту ниетін басшылыққа ала отырып;

Біріккен Үлттар Үйымы Жарғысының, Хельсинки Қорытынды актісінің және Европадағы кауіпсіздік пен ынтымақтастық жоніндеп кеңестщ басқа да қүжаттарының мақсаттары мен принциптеріне өзінің ададдығын қуаттай келіп:

адам праволары туралы жалпы жүрт таныған халықаралық нормаларды сактауға міндеттене отырып, мына төмендегілер женінде уағдаласты:

1-бап

Шарт жасушы мәртебелі жақтар бірін-бірі егеменді мемлекеттер деп танып, екінші жақтың мемлекеттік егемендігіне нүқсан келтіруі мүмкін әрекеттерден тартынуға міндетгенеді.

2-бап

Шарт жасаушы мәртебелі жақтар өз азаматгарына, олардың үлтына немесе басқа да айырмашылықтарына қарамастан, тең праволар мен бостандықтар кепілдігін береді.

Шарт жасаушы мәртебелі жақтар Қазақ және Ресей Советтік Федерациялық Социалистік Республикасының территорияларында түратын ССРО азаматтарына екі жақ азаматтық туралы зандар қабылдағаннан кейін олар өз территориясында түратын жақтың азаматтығын сақтау правосына кепілдік береді.

Басқа жақтың территориясында түратын адамдардың екі

212

жақтың бірінің азаматгығын алуының мәселелері екі жақтың азаматтық туралы заңын ескере отырып тиісті келісіммен реттелетін болады.

3-бап

Шарт жасаушы мортебелі жактардың оркайсысы шарт жасаушы екінші жақтың азаматтарына, сондай-ақ оның территориясында түратын азаматтығы жоқ адамдарға ұлтына, дініне немесе басқадай айырмашылықтарына қарамастан адам праволары туралы жалпы жұрт таныған халықаралық нормаларға сәйкес саяси, өлеуметтік, экономикалық және мәдени праволар мен бостандықтар кепілдігін береді.

Шарт жасаушы мәртебелі жақтардың әрқайсысы шарт жасаушы екінші жақтың территориясында түратын өз азаматтарының праволарын қорғайды, оларға жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеді.

Азаматтар праволарын қорғауды қамтамасыз ету механизімі арнаулы келісімдермен реттелетін болады.

4-бап

Шарт жасаушы мәртебелі жақтар өз территорияларында түратын аз үлттардың этникалық, модени, тіл жоне діни ерекшеліктерінің және қалыптасқан бірегей этникалықмәдени аймақтардың дамуы мен сақталуына жәрдемдеседі және ондайларды өз қарауына алады.

5-бап

Шарт жасаушы мәртебелі жақтар өз халықтары мен мемлекеттерінің саясат, экономика, мәдениет, денсаулық сақтау, экология, ғылым, техника, сауда, гуманитарлық және басқа салалардағы тең праволы және өзара тиімді ынтымақтастығын дамытатын, кең көлемде хабар алмасылуына жәрдемдесетін, өзара міндеттемелерді адал және бүлжытпай сақтайтын болады.

Екі жақ ынтымақтастық туралы тиісті келісім жасасуды қажет деп санайды.

6-бап

Шарт жасаушы мәртебелі жақтар Қазақ Советтік Социалистік Республикасы мен Россия Советтік Федерациялық Социа листік Республикасының территориялық түтастығын, ССРО шеңберінде қалыптасқан шекараларды танвды және қүрметтейді.

213

7-бап

Шарт жасаушы мәртебелі жақтар коллективтік қауіпсіздік жүйесін, оның ішінде екі жақтың бейбітшілікті одан әрі нығайтуға деген үмтылысын ескере отырып екі мемлекеттің қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығын қажет деп таниды.

8-бап Шарт жасаушы мәртебелі жақтар ортақ үйлестіруші

институтгар арқылы тең праволы негізде жүзеге асырылатын өздерінің бірлескен компетенциясына мыналар жатады деп таниды:

адам праволарын қорғау мәселелері;

сыртқы саясатгағы өзара іс-қимыл;

жалпы экономикалық кеңістікті, жалпыевропалықжәне евразиялық рыноктарды қалыптастыру мен дамытудағы, кедендік саясат саласындағы ынтымақтастық;

энергетика, транспорт, информатика және байланыс жүйелерін соның ішінде спутник байланысы мен телекоммуникацияны басқару;

өз территорияларында айналадағы ортаны қорғау саласындагы ынтымақтастық, экологиялық қауіпсіздіктің әмбебап халықаралық жүйесін жасауға қатысу, төтенше жағдайларда өзара көмек көрсету;

көшіп-қону саясатының мәселелері;1

Сонымен шарттың негізгі мазмүны КСРО-да түрлі қоғам аймақтарында күрделі қоғамдық-саяси жағдайды шиеленістіріп отырған экономикалық байланыс желілерінің босаңсып кетуі осы шартты жасауға алып келді. Шарттың саяси маңызы да зор. Онда КСРО-ның мемлекеттік қүрылысын егеменді мемлекеттер одағы негізінде жаңартуға деген ниетті екі жақтың да басшылыққа алатыны айтылған.

Екі жақ келісімінің негізгі өзегі — бүгінге дейін сақталып келген шекаралар аумағында әрбір республика территориясының түтастығын мойындау болып табьшады. Бүл келісім республика территориясының қүрылымына күмәнмен қараушылардың негізсіз сөздеріне нүкте қояды. Ел арасына таралған кейбір "тарихи терең зерттеулеріндегі" ойдан шығарылған пайымдаулардың күшін жояды.

Басқа республиканың территориясында түратын өз

"Социалистік Қазақстан". 1990. 24 қараша.

214

азаматтарының праволарын екі жақтың да қорғау, оларға жан-жақты көмек пен қолдау көрсету туралы Шарттардағы жағдайлар да аса маңызды. Сонымен қатар мұвда Қазақстан мен Россия азаматтарына үлтына, діни нанымына қарамастан праволары мен бостандықтарына кепілдік берілетіні атап көрсетілген.

Барлық мәселелерді шешуде барынша қолайлы жағдайлар жасап отыру туралы келісімге қол жеггі. Козделген шараларды жүзеге асыру үшін парламентаралық және үкіметаралық үйлестіру органдары күрылады Алматыда РСФСР өкілдігі ашылады. Түтастай алғавда, бүл қүжат қүрылымы зандылығы жөнінен мақүлданған халықаралық право нормаларына сәйкес жасалды.

Москвада үлкен жүмыстар атқарылады. Жалпы Шарт жобасын талқылау іскерлік және достық жағдайында отті. Әрине, талас тудырған түстары да бодды. Делегациялардың ресми кездесуі жоғары үйымшылдық деңгейде, ерекше жылылық, түсінушілік жағдайында өтті.

Осылайша жаңа Одақтық шарт өз бейнесін айқындай түседі, егеменді мелекеттердің ынтымақтастығы нақты іске айналды және шын мәніндегі экономикалық және саяси күшке ие болады.1

Дәрменсіз социалистік экономика ширыға түскен, ьщырап бара жатқан Кеңес Одағының перспективалары мен даму жолдарын іздестіруге толы 1990-1991 жыддардағы аса күрделі кезеңде Қазақ ССР Перезиденті Н.Ә.Назарбаев орасан зор елдің күллі кеңістігінде жүртшылық ықыласына боленіп, екі рет "Жыл адамы" аталды. Миллиондаған адамдарға реформаларды батыл әрі белсенді жүргізуші және сонымен ел азаматтарын араздық пен қақтығыстардан сақтай білген Қазақстан Басшысы түлғасының беделі мен тартымдылығы жағымды есер етті.

Буырқанысы жөнінен кем түспейтін оқиға 1991 жылы Мәскеуде, жаңа Одақтық шартқа қол қойылу қарсаңында бүрқ ете түскен "тамыз бүлігі" болды. Аса күрделі тарихи сәтте Қазақстан жетекшісі тағы да көрегендік пен жүректілік танытты. Ахуалды жіті түйсіну Қазақстанда тотенше жағдай енгізуді қабыл алмай, басты мақсатты — елде түрақтылық пен тыныштықты сақтауды, Конституцияға қарсы бой көрсетуге тосқауыл қоюды талап етті.

Мәскеудегі тамыз оқиғалары күні өткен ескі жүйенің тірегі ретіндегі Коммунистік партияның келешегі жоқтығын

1 "Егемен Қазақстан". 1990 ж. 24 қараша.

215

көрсетті және осы орайда Қазақстан басшысы республика Компартиясын СОКП құрылымынан шығара отырып, дәл саяси қадамдар жасады, ал кейін коммунистік идеология догматтарынан мүлде бас тартты.

Сонымен қорыта келгенде 1990 жылғы 24 сәуірде - Нурсүлтан Әбішүлы Назарбаевты Республика Президенті сайлауымен байланысты мемлекет тарихыңца ешпес маңызға ие акт жүзеге асты.

Қазақстан қоғамының барлық күштерін республиканың басына түскен экономикалық және өлеуметтік дағдарысты еңсеру үшін топтастыру мақсатында, елдің күллі халқының сенімін алу, бастаған реформаларды жедел әрі табанды жалғастыру үшін Мемлекет басшысы Қазақстан Презвдентін сайлауды жалпыхалықтық етіп өткізу жөнінде адал әрі батыл саяси шешім қабыдцады.

1991 жылғы 16 қазанда Мемлекет басшысы Қазақ ССР-і Президентін сайлау туралы Заңға қол қойды. Нақ осы кезде Қазақстан Магниткасының металлургтері Н.Ә. Назарбаевты еддегі түңғыш жалпыхалықтық сайлауда президенттікке кандидат етіп үсынды.

2. КСРО-ныц қүлауы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заңының қабылдануының

тарихи маиызы

Бір кездегі қуатты державаның кеңістігінде белең алған жедел сыртқа тебу үрдістері, "егемендік шеруі" жене сонымен үштасқан кейбір саяси қайраткерлердің желігі, 1991 жылы 8 желтоқсанда үш славян республикасы басшыларының оңаша Беловежье келісімін кенеттен жасасуы шиеленісті ахуал мен сол кездегі шекараларды қайта қарауға үласқан Кеңес Одағының түпкілікті ыдырауына айқын алғышарттар туғызды. Аймақтардың егесі мен халықтар арасында үлттық алаусыздықтың бой көтеруінің айқын қатері пайда болды.

1991 жылғы 1 желтоқсанда шиеленісті сайлау алдындағы күрес нәтижелері қорытындыланғаннан кейін Н.Ә.Назарбаев дауыс беруге қатысқан қазақстаңдықтардың 98 пайызынан астамының қолдауын алып, бүкіл халык, сайлаған түңғыш Президент болды.

Мемлекет басшысының алғашқы аса маңызды іс-қимылы- ның бірі оның бастамашылығымен өзірленген "Қазақ Кеңесгік Социалистік Республикасының атауын озгерту туралы", Қазақстан Республикасын әлемге жария еткен Заңға 1991 жылғы 10 желтоқсанда қол қойылуы болып табылды.

216

1991 жылғы 16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының мемлекетгік тәуелсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына Президенттің қол қоюының және жаңа тәуелсіз мемлекетгің шынайы егемендігін жариялаудың Қазақстан халықтары үшін өміршең маңызы болды. Ол занда:

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан хылқының еркін білдіре отырып, Адам қүқыларының жалпыға бірдей декларациясында, халықаралық қүқықтың жалпы жүрт таныған өзге де нормаларында баянды етілген жеке адамның қүқүлары мен бостандықтарының үстемдігін мойындай отырып, қазақ үлтының өзін-өзі билеу қүқын растай отырып, азаматтық қоғам және қүқылық мемлекет қүруға бел байлағандығын басшылыққа ала отырып, бейбітшіліксүйгіш сыртқы саясат жүргізе отырып, ядролық қаруды таратпау принципі мен қарусыздану процесіне ададдығын мәлімдей отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін салтанатты түрде жариялайды.

I тарау

Қазақстан Республикасы — тәуелсіз мемлекет

1-бап. Қазақстан Республикасы — тәуелсіз, демократиялық және қүқылық мемлекет. Ол оз территориясында өкімет билігін толық иеленеді, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілеп жүргізеді.

2-бап. Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттермен өзара қатынасын халықаралық қүқық принциптері бойынша қүрады.

3-бап. Өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін басқа мемлекеттер тануы үшін Қазақстан Республикасы ашық.

4-бап. Қазақстан Республикасының бүкіл территориясында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, сондай-ақ ол таныған халықаралық қүқық нормалары қолданылады.

5-бап. Қазакстан Республикасының территориясы қазіргі шекараларында біртүтас, бөлінбейтін және қол сүғуға болмайтын территория болып табылады.

П-тарау Қазақстан Республикасының халқы мен азаматы

6-бап. Тарихи тағдыр ортақтастығы қазак үлтымен біріктірген республиканың барлық үлттарының азаматтары

217

Қазақстанның біртүтас халқын қүрайды, бұл халық Қазақстан Республикасындағы егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылады, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен зандары негізінде тікелей де, сондай-ақ өзі сайлайтын мемлекеттік органдар арқылы да мемлекеттік окімет билігін жүзеге асырады.

Республика азаматтары өздерінің үлтына, үстайтын дініне, қавдай қоғамдық бірлестікке жататынына, тегіне, әлеуметгік жөне мүліктік жағдайына, шүғылданатын қызметіне, түрғылықты орнына қарамастан бірдей қүқықтар иеленіп, бірдей міндеткерлікте болады.

Қазақстан Республикасы территориясында түратын жөне оның азаматы емес адамдар Қазақстан Республикасының Конституциясьщца, завдарында жөне мемлекетаралық шарттарында көзделген қүқтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеткерлікте болады, республиканың заңдары мен мемлекетаралық шарттарына көзделген ерекшеліктер бүған жатпайды.

Азаматтық тең қүқылыққа кастандық жасау заң бойынша жазаланады.

7-бап. Қазақстан Республикасының өз азаматтығы бар. Басқа мемлекеттерде түратын, республика территориясын тастап шығуға мәжбүр болған барлық қазақтардың сол мемлекеттердің азаматтығымен бірге, егер бүл олар азаматы болып отырған мемлекеттердің завдарына қайшы келмейтін болса, Қазақстан Республикасының азаматгығын алу қүқы танылады.

Қазақстан Республикасы кеші-қон процестерін реттеп отырады.

Қазақстан Республикасы жаппай қуғын-сүргін, күштеп үжымдастыру кезеңдерінде, озге де адамгершілікке жат саяси шаралар нәтижесінде республика территориясын тастап шығуға мәжбүр болған адамдардың жөне олардың үрпақтарының сондай-ақ бүрынғы одақтас республикалар территорияларывда түратын қазақтардың өз территориясына қайтып оралуы үшін жағдай жасайды.

8-бап. Қазақ үлтының және Қазақстанда түратын басқа үлттар өкілдерінің мәдениетін, дәстүр-салтын, тілін қайта түлетіп, дамыту, үлттық қадір-қасиетін нағайту мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасы республика шегінен тьтс жерлерде түратын қазақтардың үлттық-мәдени, рухани және тілдік қажеттерін қанағаттандыруға камқорлық жасайды, олар азаматы болып отырған мемлкеттермен жасалған шарттар негізінде бүл азаматтардың мүдделірін қорғайды.

218

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]