Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

азахстан тарихы II том

.pdf
Скачиваний:
246
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.92 Mб
Скачать

Ал, Иранға келетін болсақ, осы елмен өзара қарымқатынасымыздың түрактылығын сақтаудың сәті түсті. Алдағы жылы жоғары дэрежеде кездесу откізу жоспарланып отыр. Біз Иранның Каспий теңізінің қүқықтық мәртебесін айқындау мәселелерінде ұстанатын неғүрлым сындарлы позициясы болады деп үміттенеміз.

Сауд Арабиясымен байланыстарымыз барған сайын арта түсіп келеді. Біз осы мемлекеттің басшылығына Астана қаласын көркейтуге берген комегі үшін ризашылығымызды білдіреміз.

Қазақстанның Парсы шығанағындағы елдермен ынтымақтастығын дамытуда елеулі ілгері басшылыққа қол жетті. Ол мемлекеттердің Қазақстандағы инвестициялык. қызметі неғүрлым белсенді бола түсті.

Ел экономикасын өркендетіп, халықтың әл-ауқатын жақсартуда көп үміт артылып отырған мүнайға байланысты. Республика Президенті Әзербайжанның, Түркияның, Грузия мен Түрікменстанның президенттерімен бірге Баку-Жейхан мүнай қүбырын қолдау және осы жобаға Қазақстан мен Түрікмениядан мүнай колемдерін тарту жоніндегі Ыстамбүл декларацижына қол қойды. Осынау қүбыр желісінің жалпы үзындығы 1730 шақырымға созылып, 1010 шақырымы Түркияның, 255 шақырымы Грузияның және 465 шақырымы Әзірбайжанның аумағынан отеді. Қүбыр диаметрі 1022 миллиметр болып, бір жылдағы өткізу қабілеті 50 миллион тонна мүнайға жетпек. Егер жобаны талдап жасау 9-11 айға, қүрылысы — 36 айға, күбырды толтыру — 5-6 айға созылатынын ескерсек, оны 2005 жылдың басывда пайдалануга беруге болады екен1. Тағы да үш-төрт жыл күбыр желісінің толық қуатына шығуы үшін қажет. Ал жобаның жалпы қүны 2,4 миллиард АҚШ долларына жететін көрінеді2.

Қазақстанның төуелсіз дипломатиясы озі үшін тиімді саналатын Баку —Жейхан мүнай қүбырының жобасына қолдауын да білдірді.Солай болса-дағы Европадағы, қала берді дүние жүзіндегі қауіпсіздік мәселесін Ресейді қатыстыра отырып шешу қажеттігін қадап айтты.

Қазақстан Оңтүстік Азияның ірі-ірі мемлекеттері — Үндістанмен және Пәкстанмен достық қарым-қатынастарды дамытуға әбден мүдделі. Сонымен қатар біз принцип

1 Назарбаев Н.Ә. Қазакстанның халыкаралық беделін нығайту жолында. 1998 ж. 15 қыркүйек.

2"Егемен Қазақстан". 1999 ж. 20 караша.

279

тұрғысынан алғанда ядролық қаруларды таратпау тәртібін бүзу саясатына риза еместігімізді айтуға тиіспіз. Қазақстан осы екі ел басшыларының Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу жөніндегі келісімшартқа қосылу ниеті бар екені жөніндегі мәлімдемелерін қүттықтап қуаттайды.

Қазақетан Ауғанстандаіъі соғысты тоқтату, елдің ішкі ісіне сырттан араласпау және БҮҮ қамқорлығымен үлттық келісім Үкіметін қүру арқылы ол едде бейбітшілікті қайтадан орнатуды жүйелі түрде жақтап келеді.

Қазақстан үшін сыртқы саясаттың еуропалық векторы барған сайын зор мән-мағынаға ие болып отыр. Мүның өзі Батыс Еуропадағы ықпалдастықтың жоғары деңгейіне және аддағы кезде біртүтас еуропалық валютаның айналымға шығуына байланысты. Еуропа одағы қазірдің озінде Қазақстанньщ ең ірі сауда-экономикалық әріптесіне айнадды. Біз Еуропа одағымен болат және токыма өнімдерінің саудасы жоніңце, қазақстандық бірқатар тауар ондірушілердің Еуропа рыногындағы мүдделерін қорғау туралы, сондай-ақ Қазақстанның Дүниежүзілік сауда үйымына мүше болуы мәселелерінде өзара бірлескен іс-қимыл таныту туралы келіссөздерді жүргізуді жалғастыра беруге ниет етіп отырмыз.

Қазақстанның Еуропадағы саясатында Германия бағыты басыңқы болып табылады. Принципті түрғыдан алғанда біз өз еліміздегі неміс капиталының мүдделерін толық қамтамасыз етуге үмтыламыз. ГФР-дің Үкіметімен және қаржы институттарымен жасалған маңызды уағдаластықтарға 1997 жылы қол қойылды. Мүның өзі істің шын мәнісінде біздің еддеріміз арасындағы үзак мерзімді ынтымактастықтың негізін қалады.

Біздің мемлекегіміздщ Франциямен саяси байланыстарьщца елеулі түрде оң жетістіктерге қол жетті. Сонымен қатар бүл елмен сауда-экономикалық ынтымақтастығымызды арттыра түсуге күш-жігер жүмсаудың маңызы зор.

Италиямен байланысымыз да ойдағыдай дамып келеді. Соңғы жылдары екіжақты ынтымақтастықтың мол мүмкіндіктері пайда бодды. Италияның Қазақстан үшін неғүрлым ірі сауда әріптестерінің бірі болып отырғандығы айрықша.

Соңғы кезде біздің еліміздің Үлыбританиямен байланысы да күшейе түсті. Қазақстан бүл мемлекетпен ынтымақтастықты дамытып, нағайта беруге, әсіресе, инвестицияны күшейте түсу саласында мүдделі.

Бенилюкс елдерімен, әсіресе Бельгиямен байланыстарымыз елеулі түрде арта түсті. Осы елдің Премьер-министрінің Қазақстанға келіп қайтқан сапары саяси және экономикалық түрғыдан нәтижелі болды. Біздің Орталық Еуропаның

280

Венгрия, Польша, Чехия, Румыния, Болгария сияқты мемлекетгерімен қарым-қатынасымыздың болашағы жақсы болады деген оптимистік үмітіміз күшті. Үкіметгік және парламентгік қүрылымдардың басшылары арасывдағы келіссоздер біздің дипломатиямыздың осы бағыттағы елеулі түрде ілгері басқандығының айын корінісі.

Біздің Балтық бойы елдеріндегі саясатымыз туралы да тап осылай деуімізге болады. Ол елдерде Қазақстанға саяси және сауда-экономикалық саладағы әріптес болу ретіндегі ынта-ықылас барған сайын күшейіп келеді.

Қазақстан үшін Америка Қүрама Штаттарымен жанжақты ынтымақтастық орнатудың стратегиялық маңызы зор. Қазақстан - Американ қарым-қатынастары серпінді түрде дамып келеді. Соның нәтижесінде біз өзара демократиялық әріптестік деңгейіне көтерілдік.

Бүгінгі танда АҚШ біздің экономикамыздың аса ірі инвесторы болып табылады. Бүл ретте 1997 жылы қол қойылған экономикалық әріптестік бағдарламасын, сондайақ Қарашығанақ кеніші жөніндегі және Каспий қайраңын бөлісу жөніндегі келісімдерді айтуга болады.

Канадамен өзара тиімді қарым-қатынастарды одан өрі дамыту үшін де жақсы жағдайлар жасалды.

Қазақстан мен Еуропадағы қаушсіздік және ынтымақтастық жөніңдегі үйыммен озара іс-қимылын одан әрі нығайтуға барған сайын көбірек көңіл болып келеді. Еліміздің сыртқы істер министріне осы үйым жанындағы Адам қүқықтары жөніндегі бюромен ынтымақтастық туралы, сондайақ осы беделді үйымнын Қазақстандағы өкідцігін ашу туралы қүжаттарға кол қойылды. Біздің мемлекетіміз Хельсинки қорытынды қүжатының, жаңа Еуропа үшін арналған Париж хартиясының, Копенгаген қүжатының нормалары мен принциптеріне асқан сый-қүрметпен қарайды1.

Қорыта келгенде Ресей Федерациясымен ытымақтастық жөнінде елеулі ілгерілеуге қол жеткізілді. Ең алдымен, XXI ғасырға бағдарланған, Мәңгі достық жоне одақтастық туралы Декларацияны атап өткен жон. Бүл қүжаттың ережелері екі жақты қарым-қатынастың іргетасын нығайтатыны соншалық, оның болашағы айдан анық керініп түр. Каспий теңізінің шешілмей жатқан мәртебесі проблемасын алға жылжытқан да Қазақстан мен Ресей екендігі назар аударатын жәйт. Қаржы түрғысындағы өзара кінәласу тәрізді күрделі проблема бойынша түсіністікке қол жеткізілді.

1 Назарбаев Н.Ә. Еліміздің сыртқы саясаты Қазакстан мемлекетінің маңызды бөлігіне айналды. "Егемен Қазакстан". 1998 ж. 1 желтоқсан.

281

Қазақстан "Байқоңыр" ғарыш айлағы мен басқа да полигондарды жалға бергені үшін ақы алатын болады.

Өзара сенімге негізделген түрақты ынтымақтастық Қазақстанға да, Ресейге де өте қажет. Біздің мемлекеттеріміздің халықтары өзара қарым-қатынастың одақтастық пен серіктестіктен басқа жолдарын қабылдамайды.

Қытаймен тату көршілікті нығайтудан асқан парасатты саясаттың да болуы мүмкін емес.

Белсендідипломатиялық әрекетгер арқылы екі ел арасыңда маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілді. Ең алдымен, шекараны нақтылаудың аяқталуын атап өтуге болады. Мемлекет басшысы бүл фактіні замандастарымыз бен келер үрпақ лайықты бағалайтынына сенім білдірді. Қытаймен арадағы шекараны айқындап белгілеу Қазақстанның үлттық қауіпсіздігіне қосымша кепідціктер берілгенін білдіреді. Бүл осы қуатты мемлекетпен достық және өзара тиімді ынтымақтастық саясатын жалғастырудың негізі болып табылады.

Орталық Азиядағы көршілес мемлекеттерімен ынтымақтастыққа да маңызды мән бергенбіз және одан ешқашан айнымақ емеспіз. Сонымен бірге Украинамен, Беларусьпен, Кавказ мемлекетгерімен арадағы озара қарым-қатынастардьщ әлеуетін әлі жақсарту алда түр.

Біз Достастықты нығайтуға бағытталған іс-қимылдар Еуразияньщ ірі мемлекеті ретінде Қазақстанның стратегиялық мүдделеріне сай келетініне нық сенімдеміз.

Қазақстан үшін Америка Қүрама Штаттарымен ынтымақтастықтың стратегиялық зор маңызы бар. 1992 жылдан бастап Қазакстан — Америка қарым-қатынасы үдемелі түрде дамып келеді. Саясижәне экономикалық салалар бойынша серіктесгік деңгейіне шықтық. Біздің экономикамызға ірі инвестиция салып отырған ел нақ осы АҚШ болып табылады. АҚШ Президентінің айтуы қарағанда, Вашингтон Қазақстанды Орталық Азиядағы түрақтылық пен қауіпсіздік түғыры, өзінің осы аймақтағы басты серіктесі ретінде қарастырады екен1.

Қазір Қазақстанның шетел инвестицияларын тарту үшін барлық мүмкіндіктер бар. Ел экономикасына 1998 жылдың өзіңде 8 миллиард долларға жуық қаржы енгізілуі фактісінің озі кездейсоқтық емес. Жасалған келісім-шарттар бойынша үзақ мерзімді инвестициялардың жалпы қүны 60 миллиард доллардан асып жығылады1.

XXI ғасырда Қазақстан іс жүзінде сыртқа көмірсутегі

1 Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның халықаралық беделін нығайту жолында. 1998 ж. 15 қыркүйек.

282

шығаратын басты елге, ірі мүнай державасына айналды. Біз үшін мүнай және газ саласына шетел инвестицияларын одан әрі тарта беру басым бағыттағы міңдет больш табылады. Тәуелсіз сарапшылардың бағалауы бойынша, Қазақстан Каспий аймағындағы мүнай мен газдың ең ірі қорына ие. Соіщыктан біз энергия коздерін олемдік рынокқа үдемелете экспортгау үшін балама қүбырлар салуға объективті түрғьщан мүдделіміз. Бүл жағдайда біз таяу уақыт ішінде мүнай өндіру ауқымын ең кемі 3 есе арттыра алар едік. Бүл салада ілгерілеу бар. Грузиямен және Әзірбайжанмен Қазақстан мүнайын экспортқа шығарудың қосымша мөлшеру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. Түркия басшыларымен осы елге газ женелту туралы принципті келісім жасалды. Біз Каспий қүбыр желісі консорциумы жобасын аяқтауға, сондай-ақ, Батыс Қазақстаннан Қытайға тартылатын мүнай қүбырын тезірек салып бітіруге үміт артып отырмыз.

Атырау — Самара мүнай қүбырын салу аяқталды. Біз Баку — Жейһан маршрутын да жөне басқа балама жолдарды, мәселен Иран арқылы өтетін бағытты да назардан тыс қаддырмаймыз.

Біз үшін Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту да басым бағыт болып табылады. Шағын және орта бизнесті дамыту, отандық индустрияны оркендету арқылы біз еддің болашағына қамқорлық жасайтын боламыз.

Біріккен Үлттар Үйымының ең алғашқы жетістіктерінің бірі адам қүқықтары саласындағы халықаралық нормаларды сақтаудың басты өлшеуішіне айналып отырған Жалпыға ортақ адам қүқықтары Декларациясы болып табылады.

1991 жылы төуелсіздік алғаннан кейін адам қүқықтары мен бостандықтарын қүрметтеу мен қорғаусыз демократиялық қоғамның өмір сүре алмайтындығы туралы басты принцип біз үшін айдан анық болды. 1995 жылы Қазақстан Конституциясы адамды, оның өмірін, күқықтары мен бостандықтарын мемелекеттің ең жоғары қүндылықтары деп жариялады. Атқарушы және сот өкіметін, сондай-ақ, қүқық қорғау органдарын реформалау барысында осы конституциялық басымдықтар ескерілді.

1994 жылғы ақпан айының өзінде, түңғыш үлттық қүқық қорғау мекемесі — Адам қүқықтары жоніндегі комиссия қүрылған болатын, содан соң бір мезгілде үкіметтік емес 20-ға жуық қүкык қорғау үйымдары іске кірісті.

Қазақстан адам қүқықтары саласындағы бірқатар маңызды

1 "Егемен Қазақстан". 201 ж. 6 ақпан.

283

халықаралық шарттарға қосылды. Олардьщ арасында Баланьщ қүқықтары туралы конвенция, Әйелдерді кемсітудің барлық түрлерін жою туралы конвенция, Азаптауға және басқа қатігез, адамшылыққа жатпайтын, адамның ар-намысын аяққа таптайтын зорлық пен жазалау түрлеріне қарсы конвенция бар. Келесіде адам күқықтарын корғау жоніндегі басқа да халыкаралық конвенцияларға қосылатын болады.

Қазақстанда азаматтық қоғамның берік негізін қалауға қол жеткіздік. Елімізде екімет тармақтарының нақты бөлінуі, ресми оппозицияның, саяси партиялардың, цензурадан азат баспасоздің, азаматгық және нарықтық қарым-қатынастарды ретгеу талабына жауап бере алатын қазіргі заманғы зандардың болуы — осының бәрі еліміздің демократия қүндылықтарын үстанатынын сенімді түрде дәлелдей түседі.

Қазақстандағы түрақтылық та халқымыздың ғаламдық және аймақтық түрақтылық пен қауіпсіздікке қосқан үлесі болып отыр.

Отандық тарихымызда түңғыш рет саяси партиялар Парламентге жүмыс істеу қүкығына ие болды, Үкімет жоғары заң шығарушы органға есеп беретін болды, үкіметтік емес үйымдарды тіркеу рәсімі жеңіддетілуде, әйелдердің әлеуметгік мәртебесі котеріліп келеді, сот орындары неғүрлым тоуелсіз органдарға айналуда.

Қазақстан республикасы өзінің геосаяси бірегейлігі, экономикалық әлеуеті, тарихы, рухани және мәдени дамуының ерекшеліктері арқылы XXI ғасыр қоғамдастығынан лайықты орын алатын, оның азаматтары бүкіл дүние жүзінде қүрметке бөленіп отырған мемлекетте өмір сүріп жатқанын мақтан түтатын болуына қол жеткізер.

Қазақстанның әлемдік аренаға үмтылуы, бірінші кезекте, Мемлекет басшысының белсенді сыртқы саяси қызметіне байланысты.

1990 жылдан бергі кезеңце Қазақстан Республикасының Президенті іс жүзінде әлемнін барлық іргелі елдеріне 138 мемлекеттік, ресми және жүмыс сапарларын жүзеге асырды. Ресей мен АҚШ-қа, ҚХР мен Үлыбританияға, Францияға, Италия мен Испанияға, Швейцария мен Австрияға бірнеше мәрте сапарлар жасалды. Австралияға, Үндістанға, Сауд

Арабиясына және басқа да араб елдеріне сапарлар жүзеге асты1.

Сауд Арабиясында исламның екі қасиетті орынының

1 Қасымбеков Махмут. Қазақстан Республикасында Президенттік институтының қалыптасуы. "Егемен Қазақстан". 2000 ж. 22 соуір.

284

сақтаушысы король Фахдпен кездесу мен ислам әлемінің екі үлы қасиетті орыны — Мүхаммед пайғамбардың кесенесі мен мешітіне бірегей зиярат ету рәсімі жасалды.

Ватикавда Қазақстан жетекшісі Н.Ә.Назарбаев пен римдіккатоликтік шіркеудің басшысы II Иоанн Павел папаның екі рет кездесуі болды.

Осы жылдар ішінде Қазақстан Республикасында мемлекеттер мен үкіметтер басшылары 102 рет, 320-дан астам үкіметтік және парламенттік делегация, сондай-ақ БҮҮ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҮ, ЕК, БҮҮДБ, ДСҮ, ХААҮ, ЭЫҮ тәрізді басқа да дүниежүзілік халықаралық институтгардың мүшелері сапармен болды1.

Президент шетелдерді елшілері мен дипломаттарымен 104 кездесу өткізді. Қазақстанда тіркелген дишюматиялық корпустардың өкіддерімен жүздесіп отыру дәстүрге айнадды.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасын әлемнің 100ден астам мемлекеттері танып, олармен дипломатиялық қатынас орнады, ол БҮҮ-ның және оның қүрылымдарының толық қүқықты әрі белсенді мүшесі болып табылады.

Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен ЮНЕСКО және НАТО-СЕАП-тың мерейтойлары, БҮҮ Бас Ассамблеясының арнайы мәжілісі, ЕҚЫҮ-ның Хельсинкидегі, Лиссабондағы, Будапештегі және Ыстамбүлдағы тарихи кеңістері, Екінші Дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 50 жыл толуына арналып Парижде, Лондон мен Мәскеуде тойланған мерекелер тәрізді халықаралық үйымдардың ірі іс шаралары өтті.

Мемлекет басшысының ЕҚЫҮ-ның Хельсинктегі кеңесіндегі күн тәртібіне қойылған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөнінде кеңесті шақыру туралы идеяларын іске асыру жөніндегі жүмыс жоспарлы түрде жүзеге асуда.

Әлемдік саясатга Қазақстан жария етіп, жүргізіп отырған көп векторлы жол өзінің елеулі нәтижелерін беруде. Бүл түрғыда Америка Қүрама Штаттарымен стратегиялық және демократиялық серіктестік, Жапониямен стратегиялық серіктестік туралы келісімдерге, "Шанхай бестігі" жобасы шеңберіндегі шекараның үзына бойында сенім шаралары туралы келісімге, Ресеймен, Өзбекстанмен, Қырғызстанмен, Украинамен достық туралы шарттарға қол қою айрықша орын алады. Қазақстан Республикасының ҚХР-мен шекарасын межелеу, Ресеймен, Өзбекстанмен және Қырғызстанмен

1 Қасымбеков Махмут. Қазакстан Республикасында Президенттік институгының қалыптасуы. "Егемен Қазақстан". 2000 ж. 22 соуір.

285

шекараны белгілеу туралы мәселені шешу жұмыстары жүргізілуде.

Бейбітшілік сүйгіш сыртқы саясат жүргізе отырып, Қазақстан Таулы Қарабактағы, Тәжікстандағы, Чешенстандағы, Югославиядағы қақтығыстарды тоқтатуды жақтап үн қосты; "Бейбітшілік жолындағы серіктестік" қозғалысының халықаралық бітімгершілік акцияларына атсалысуда.

1991 жылы, Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Семей ядролық сынақ алаңы мәңгілікке жабылды. Мемлекет басшысы ел аумағында орналасқан ядролық әлеует туралы мәселені Қазақстан үшін барынша тиімділікпен шешті.

1992 жылғы мамырда Қазақстан аумағында орналасқан ядролық қаруды бөлшектеу туралы Лиссабон хаттамасына кол қойылды. Дәл осы кезеңде Қазақстан Республикасы, ел Презвдентінің табандылығы мен саяси ерлігінің арқасында, "ядролық клуб" елдерінен стратегиялық кепілдіктер алуға қол жеткізді.

Еддің үлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Қазақстан Президентінің жанкешті күресі Қазақстанның қауіпсіздігіне Ресей, АҚШ және Үлыбритания тарапынан кепілдіктер алу туралы Будапешт меморандумына (1994 жылы) қол қойылумен түжырымдалды. Мүіідай кепілдіктер Франция мен Қытай Халық Республикасынан да алынды.

Қазақстан дүниежүзілік қоғамдастықтың ажырамас бөлігіне айналды. Бүл басқа елдер сияқты біздің мемлекетіміздің де мазмүны жвнінен ғаламдық сипат алып отырған өзара тәуелді де тығыз байланысты әлемдік процестер орбитасына уақыт откен сайын кері оралмайтындай болып тартылғанын білдіреді. Еліміз Біріккен Үлттар Үйымының күн тәртібінде түрған ірі проблемаларды шешуге өз үлесін қоса отырып, қазіргі өлемнің саяси қүрылымына да интеграциялана түсуде.

XVIII тақырып.

Қазақ жеріне қоныс аударған диаспора өкілдерінің саны мен түрағы

(30-дәрк)

Қарастырылатын мәселелер:

1. "Диаспора" сөзінің хатқа түсу тарихы мен "диаспора", "этнос" терминдерін қолдану аясы,

2.Қазақстандағы үйғыр, дүнген диаспорасы.

3.Қазақстандағы кәріс диаспорасы.

4.Қазақстандағы неміс диаспорасы.

5.Қазақстандағы Солтүстік Кавказ халықтарының диаспорасы.

6.Қазақстандағы Кавказ сырты халықтарының диаспорасы.

7.Қазақстандағы Қырым татарлары, гректер, грузинмесхитиндер, армян, балғар диаспоралары.

8.Қорытынды.

Әдебиетгер:

1.Численность, состав и размещение населения СССР

Перепись1959 г. Гос. Издат М., 1961.

2.Данные Агенства РК, по статистике и переписи населения 1999 году.

3.История СССР-1991 №2.

4.Знамя-1988№ 11.

5.Бугай Н.Ф. За что переселяли народы. Агетатор. 1989 N'11 его же к вопросу о депортации народов СССР Агетатор. 1989 № 6.

6.Некрича А. Наказанные народы. Родина 1990 № 6,7,8.

7.Парсаданова В.С Депортация и населения из Западной Украины и Западной Белорусии. Новая и новейшая история 1989 №2.

8.Ибрагимбейли Х.М. Сказать правду о трагедии народов Политическое образование 1989 №4.

9.Кульбаев Т. Хегай А. Депортация Алматы 2002 г.

10.История Корейцев Казахстана. Сборник Архивных документов, том 1. Алматы-Сеул. 1998.

287

11.Шәлекенов У.Х. Ертедегі және орта ғасырдағы қазақ жеріндегі қалалар. ҚазМУ хабаршысы. Тарих сериясы 2001 №12. 11—21 беттер.

12.Қазақ ССР тарихы. Том 3, Алматы. 1982.

1. "Диаспора" сөзінің хатқа түсу тарихы мен "диаснора", "этнос" терминдерін қолдану аясы

Қазақстандағы диаспораның қалыптасуы туралы өңгімені бастамас бүрын "диаспора"' туралы үғымға түсінік берген жөн. Бүл үғым біздің дөуірімізден бүрын 722 жылы және 586 жылы Палестинадағы ежелгі еврей мемлекеттері — Израиль және Иудия патшалықтарын Ассирия мен Вавилон жаулап алғаннан кейін еврейлер дүние жүзіне шашырап кетуіне орай туған2. Еврейлер барған жеріндегі жергілікті халықтардың тілін қабылдап кана қоймай, ездерінің тілін, дінін, мәдениетін, салтын сақтап қалған3. Сондықтан бүл қүбылыс "диаспора" деген грек созімен аталған "шашыраңқы" немесе "елінен жерінен ажыраған"4 деген мағына береді.

Қазақ жеріндегі диаспоралардың тарихын таразыға салып, ғылыми түжырымдар жасасақ "Диаспора дегеніміз—халық- тың (этностық қауымдастықтың) белгілі бір бөлігінің өзі қалыптасқан слден тыс жерде отанымен біріздену сезімін сақтауда болатындар". Осы түжырымның теңірегіне тоқталатын болсак, кейбіреулер Қазақстанда үлт деңгейіне көтергісі келетіндердің бәрі диаспора болып шығады. Ғьшымға сүйенсек, орыстардың санының көптігіне қарасак, та, қарамасақ та ол диаспора уғымының еншісінде. Олардың өздерініц тарихи отаны бар. Украиндар да, немістер де, кәрістер де, татарлар да, өзбектер де солай. Үйғырлар мен курдтердің төл мемлекеті болмағанымен, олардың мандайына жазған тарихтағдырдың оз сыбағасы бар. Сол себепті олар да диаспора шеңберінен шыға алмаңды. Сондықтан қай жағынан алғанда да еліміздегі диаспора өкіддерін үлттар деңгейіне көтеруге ешқандай негіз жоқ деп түйіндеуте болады.

Әсте, бүл еліміздегі диаспора өкіддерін ешқандай қүқықтық жағынан кемсітушілік емес. Ондай болса, Қазақстанда үлттық-мәдени орталықтар қүрылып, диаспоралардың жанжақты дамуына мемлекет тарапынан қамқорлық жасалмас та еді ғой. Республикада этноцентристік немесе этнократиялық әрекеттің жүргізіліп отырмағаны да мәлім. Мүндай әрекетке

БСЭ. Т 8. 239 бет. 3 БСЭ. Т 9. 10 бет.

Қазақ тарихы. 1993. №3. 75 бст. 4 БСЭ. Т 8. 29 бет.

288

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]