Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БИЛЕТы ОСНОВЫ ПРАВА.docx
Скачиваний:
62
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
175.01 Кб
Скачать

3 Құқық қорғау органдарының жүйесіндегі Конституциялық Кеңес

Конституциялық кеңес – конституциялық бақылауды жүзеге асыратын ерекше сот органы (Франция, т.б. елдерде). Ол белгілі бір заңның, әкімшілік актінің немесе өзге шараның Конституцияға сәйкестігі туралы мәселені сот рәсімдемесінің ережелері бойынша талқылау жолымен емес, кеңестің бір мүшесінің осы мәселе бойынша баяндамасын талқылау арқылы қарайды. Конституциялық кеңес Конституциялық сот сияқты, әдетте, аралас негізде жасақталады: мүшелердің бір бөлігін республика президенті, бір бөлігін парламент палаталарының төрағалары немесе өзге органдар тағайындайды. Қазақстан Республикасында Конституциялық кеңес – Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында Конституцияның мәртебелілігін қамтамасыз ететін мемлекеттік организация Конституцияның мәртебелілігі – билік органының немесе оның лауазымды тұлғасының қандайда болсын құқықтық актісінің, іс-әрекетінің Конституцияға сай келуі, оған қайшы келмеуі. Конституциялық кеңестің өкілеттіктері де Конституция нормаларының бұзылуына жол бермеуге, оның алдын алуға бағытталған. Конституцияның мәртебелілігін қамтамасыз етуде Конституциялық кеңес дербес және мемлекеттік органдарға, лауазымды тұлғалар мен азаматтарға тәуелсіз болып табылады және тек Конституцияға ғана бағынады, қандай да болсын және басқа саяси себептерді негізге ала алмайды. Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесі жеті мүшеден жасақталады. Бұған қоса республиканың экс-Президенттері де оған өмір бойы мүше болады. Конституциялық кеңестің Төрағасын Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Қазақстан Республикасы Конституциясы 72-бабының 1-тармағына сәйкес Конституциялық кеңестің қарауына мынадай мәселелер жатады: дау туған жағдайда республика Президенті сайлауының, Парламент депутаттары сайлауының және республикалық референдумның дұрыс өткізілгендігі туралы мәселені шешеді; Парламент қабылдаған заңдарға Президент қол қойғанға дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды; Республиканың халықаралық шарттары бекітілгенге дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды; Конституция нормаларына ресми түсініктеме береді; Парламент республика Президентін мерзімінен бұрын қызметінен босату туралы шешім қабылдағанға дейін және республика Президентін қызметінен босату туралы түпкілікті шешім қабылданғанға дейін – белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталуы туралы қорытынды береді. Сондай-ақ, сот қолданыстағы заң немесе өзге де нормативтік-құқықтық акт адам мен азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапқан жағдайда, акт Конституцияға сай келмейді деп тану туралы соттардың өтініштерін қарау және конституциялық іс жүргізу тәжірибесін қорыту нәтижелері бойынша жыл сайын Парламентке республикадағы конституциялық заңдылықтың жайы туралы жолдау жіберу өкілеттіктері де Конституциялық кеңестің құзырына жатады. Аталмыш 5 өкілеттік тобын Конституциялық кеңес республика Президентінің, Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемінде бестен бір бөлігінің, Премьер-Министрдің өтініші бойынша жасақтайды.

БИЛЕТ №20

  1. Құқық қорғау органдарының жүйесіндегі ҰҚК

  2. Қылмыс құрамы

  3. Некені бұзу, тоқтату, жарамсыз деп тану

  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары - Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын және өздерiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде жеке адамның және қоғамның қауiпсiздiгiн, елдiң конституциялық құрылысын, мемлекеттiк егемендiгiн, аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетiн қорғауды қамтамасыз етуге арналған Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн арнаулы мемлекеттiк органдар.

Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттерi:

1) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен iске асыруға қатысу;

2) «Сыртқы барлау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының мүддесі үшін барлау ақпаратын іздеп табу;

3) шетел мемлекеттерi арнайы қызметтерi мен ұйымдарының, сондай-ақ жекелеген адамдардың Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге бағытталған барлау және өзге де қызметiн анықтау, алдын алу және тыю;

4) Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге, тұтастығын бұзуға және қауiпсiздiгiн әлсiретуге бағытталған терроризм және өзге де қызметтi анықтау, алдын алу және тыю;

5) заңмен Ұлттық қауiпсiздiк комитетi органдарының жүргiзуiне жатқызылған қылмыстарды анықтау, тыю, ашу және тергеу;

6) Қазақстан Республикасының Президентiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын, Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларын бейбiт кезде және соғыс уақытында үкiметтiк байланыспен қамтамасыз ету;

7) Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарында, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарында шифрлау жұмысын ұйымдастыру;

8) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын күзетудi және қорғауды қамтамасыз ету болып табылады

2. Қылмыс — бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді. «Қылмыс» ұғымы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9 бабында берілген: «Осы кодексте жазалау қатері мен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет — қылмыс деп танылады».

Қылмыстың төмендегідей белгілерін атап өтейік.

  1. Қылмыс әрқашан іс-қимыл болып табылады, яғни, ол әрекетпен де, әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін. Әрекет — бұл қылмыс жасаудың белсенді нысаны. Әрекетсіздікте кінәлі адам өзі жасай алатын әрекетті және жасалуы тиіс әрекетті жасамайды. Адамның ойлау қызметі жазаланбайды, өйткені ол қоғамға қауіпті теріс қылық жасауға алып келмейді.

  2. Қылмыс — бұл қоғамға қауіпті әрекет, яғни ол қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе зиян келтіруге нақты қауіп төндіреді.

  3. Қылмыс — әрқашан құқыққа қайшы болады. Құқыққа қайшылық—бұл қылмыстық заңның әрекетке тыйым салуы. Құқыққа қайшылық деп қылмыстық кодексте бекітілген тыйымды қылмыс жасаған адамның бұзуын айтады.

  4. Қылмыстың міндетті белгісінің бірі адамның кінәсінің болуы. Қасақана немесе абайсызда жасалған әрекет қылмыс болуы мүмкін.

  5. Жазалалану. Егер әрекет жазаланбайтын болса, онда ол қылмыс ретінде қарастырылмайды. Әрбір қылмыс үшін қылмыстық кодексте жаза қарастырылған.

Қылмыстың жіктелуі

Қылмыстарды жіктеу — бұл қоғамға жасалған қауіпті әрекетті ауырлық дәрежесі мен сипатына байланысты топтарға бөлу болып табылады. Қылмыстық кодексте барлық қылмыстар төрт топқа бөлінген: онша ауыр емес қылмыстар, орташа ауыр қылмыстар, ауыр қылмыстар және ерекше ауыр қылмыстар.

Жасалғаны үшін ең ауыр жаза екі жыл бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалған әрекет — онша ауыр емес қылмыс деп танылады.

Жасалғаны үшін ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза абайсызда жасалған әрекет — орташa ауыр қылмыс деп танылады.

Жасалғаны үшін ең ауыр жаза он екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет — ауыр қылмыс деп танылады.

Жасалғаны үшін он екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы қасақана жасалған әрекет — аса ауыр қылмыс деп танылады.

3. Некені тоқтату және оның негізі

Ерлі – зайыптылардың жәке және мүліктік құқытық қатынастарының тоқтатылуын некенің тоқтатылуы деп түсінеді. Неке заңда айқындалған білгілі бір оқиғаардың тууына байланысты немесе ерлі – зайыптылардың біреуінің не екеуінің бірдей қалауымен тоқтатылады. Некені тоқтататын оқиғалар қатарына мыналар жатады:

-ерінің қайтыс болуы;

-соттың ерлі – зайыптылардың біреуін өлді деп жариялауы;

-некенің бұзылуы (ажырасу).

Некені бұзу, ажырасу. АХАТ органдарында некені бұзу.

Ерлі – зайыптылардың көзі тірі кезінде неке, олар ажырасса ғана тоқтатылады. Ажырасу арқылы некенің тоқтатылуы, АХАТ органдары немесе сотта заңда белгіленген тәртіп бойынша іске асырылуы мүмкін. Некені бұзу АХАТ органдарында ерлі – зайыптылардың біріккен және жекелеген ерекше жағдайларда – жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіледі. Ал сотта некені бұзу ерлі – зайыптылардың екеуінің бірлескен, сондай – ақ жұбайлардың біреуінің өтініші -бойынша жүргізіле береді. Некені бұзу үшін мынадай үш шарттың болуы қажет:

-АХАТ органдарында ерлі – зайыптылардың некені бұзу жөніндегі өзара келісімі;

-кәмелетке толмаған балаларының болмауы;

-бір – біріне мүліктік және өзге де талаптарының болмауы.

Некені бұзу АХАТ органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуді қажет етеді. Тіркеу некені бұзу жөніндегі өтініш берілген күннен бастап бір ай өткенде жүзеге асырылады. Бір ай мерзім ерлі – зайыптыларға қабылдаған шешім туралы тағы да әбден ойланып – тоғану үшін беріледі. Некені тіркеу үшін берілетін мерзімнен айырмашылығы, некені бұзған кезде оның мерзімі ұзартылып не қысқартымайды. Ерлі – зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені АХАТ органдарында бұзумен қатар, заң жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша некенің бұзудың қарабайыр оңайлатылған тәртібін де белгілейді. АХАТ органдарының некенің бұзылуын тіркеу кезінде ажырасудың себептерін анықтауға, ерлі – зайыптыларға татуласу үшін мерзім беруге қақысы жоқ.

БИЛЕТ №21

  1. ҚР құқық қорғау органдарының жүйесі

  2. Жергілікті мемлекеттік басқару

  3. Мәмілелер түсінігі, түрлері

  1. ҚР Құқық қорғау органдары

Құқық қорғау органдарына өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының прокуратура, ішкі істер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары, кеден органдары жатады.

Құқық қорғау қызметінің принциптері:

1. Құқық қорғау органдарындағы қызмет Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің принциптеріне және құқық қорғау қызметінің арнаулы принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.

2. Құқық қорғау қызметінің арнайы принциптері мыналар болып табылады:

1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғау міндеттілігі;

2) азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастық;

3) құқық қорғау органдарында құқық қорғау қызметін ұйымдастыруға көзқарастың біртұтастығы;

4) дара басшылық пен субординация (бағыныстылық);

5) саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бірлестіктердің қызметінен тәуелсіз болу.

  1. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

1. Жергілікті өзін-өзі басқару облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық (селолық) округ, ауылдық (селолық) округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл (село) шегінде жеке жүзеге асырылады.

2. Жергілікті өзін-өзі басқаруды жергілікті қоғамдастық мүшелері тікелей, сондай-ақ мәслихаттар мен басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады.

Облыстың, ауданның, қаланың, қаладағы ауданның, ауылдық (селолық) округтің, ауылдық (селолық) округтің құрамына кірмейтін кент пен ауылдың (селоның) әкімі мемлекеттік басқару функцияларымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын да жүзеге асырады.

  1. ҚР Азаматтық Кодексінің 147-бабында көрсетілгендей мәмілелер дегеніміз азаматар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттер.

Мәміле ауызша, жазбаша, не болмаса конклюдентті әрекет арқылы және үндемеу (әрекетсіздік) сияқты түрпішіндері болады.

Мәмленің ауызша түрпішіні мәміле жасаушы тараптардың өзара еріктерінің тікелей қабылдануы. Бұл жерде мәм іле жасаушылардың еркі тараптардың бір-бірімен ауызша келісіміне негізделеді. Мұндай келісім телефон, тараптардың тікелей кездесуі, жүздесі не олардың өкілдері арқылы жасалуы мүмкін.

Жазбаша мәмілелер:

  1. Егер мәмілелердің жекелеген түрлері үшін заңдарда өзгеше арнайы талап көрсетілмесе немесе іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан туындамаса, мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатын әрекеттен басқа, кәсіпкерлік қызмет үрдісінде жүзеге асырылатын әрекет жағдайында;

  2. Мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, жүз есептік көрсеткштен жоғары сомаға жасалатын мәміле жазбаша түрпішінде жасалуы тиіс;

  3. Заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген зге де реттерде жазьаша түрде жасалуға тиіс.

Мәміленің түрлері:

Мәміле жасауғ араласатын тараптардың санына байланысты :

-біржақты;

-Екіжақты;

-көпжақты

Бір жақ екінші жаққа көрсеткен қызметі, жұмысы үшін ақы алатын мәміле ақылы мміле делінеді. Керісінше болса, ақысыз д.а.

Мәміленің жасалу уақытына байланысты:

-нақты (заттық, мүліктік)

-келісімді (консенсуалды) мәміле

Мерзімді дәне мерзімсіз мәмілелер болады. Мерзімсіз мәміледе оның күшіне ену не

БИЛЕТ №22

  1. ҚР сот билігі

Қазақстан Республикасының сот жүйесін — Жоғарғы Сот және жергілікті соттар — облыстық және оларға теңестірілген соттар, аудандық (қалалық) соттар құрайды. Конституция қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол бермейді. Бірақ бұл мамандандырылған соттарды құруға болмайды дегенді білдірмейді. Сот билігі сот ісін жүргізудің заңмен белгіленген түрінде жүзеге асырылады. Соттардың адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін зандар мен өзге де нормативтік-құқыктық актілерді қолдануға құқы жоқ. Енді сот жүйесінің буындарын қарастырып көрелік.

Аудандық (қалалық) соттар — соттар жүйесінің негізгі буыны — сот әділдігін жүзеге асыруда ауқымды құзыретке ие және сот жұмысының елеулі блігін атқарады. Оларды ауданда, қалада (аудандық маңызы бар қалаларды қоспағанда), қала ауданында Әділет министрлігінің ұсынысы бойынша Президент құрады. Мұндай соттар төрағадан және аудандық судьялардан тұрады. Аудандық (калалық) сот өзге соттардың жүргізуіне жататын істерден басқа бірінші сатыға жататын барлық істерді қарайды.

Облыстық және оларға теңестірілген соттар (мысалы, Астана мен Алматының қалалық соттары) — орта буын соттарын — Президент құрады. Бұл буындағы соттар жүгіну, кассациялық және қадағалау ретіндегі бірінші саты соттары ретінде, сондай-ақ аудандық (калалық) соттарға катысты жоғары тұрған сот ретінде әрекет етеді.

Қаралып отырған соттар сот төрағасынан, алқалар төрағаларынан және тұрақты судьялардан тұрады. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты — сот жүйесінің ең жоғары буыны. Жоғарғы Сот азаматтык, қылмыстық және жалпы сот ісін жүргізудің соттарда қаралатын өзге де істер жөніндегі жоғары сот органы болып табылады. Заңда көзделген іс жүргізу нысандарында езінен төмен тұратын соттардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады. Нормативтік қаулылар алу жолымен оларға сот практикасының мәселелері бойынша түсініктемелер беріп отырады. Жоғарғы Сот төрағадан, алқа төрағаларынан және тұрақты судьялардан тұрады.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасын, алқалардың төрағаларың және Жоғарғы Соттың судьяларын Республиканың Жоғарғы Сот Кеңесінің кепілдемесіне негізделген Республика Президентінің ұсынуымен Сенат сайлайды. Облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағаларың, алқаларының төрағаларын және облыстық соттар мен оларға теңестірілген соттардың судьяларын Жоғарғы Сот Кеңесінің кепілдемесі бойынша Президент тағайындайды. Басқа соттардың төрағалары мен судьяларын Әділет біліктілік алқасының кепілдемесіне негізделген Әділет министрінің ұсынуы бойынша Президент қызметке тағайындайды.

2ҚР-ның экологиялық құқығы - айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы.

Экологиялық құқықтың мәні - бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы.

Экологиялық қатынастар дегеніміз - бұл объектісі табиғат пен оның құрамындағы элементтер болып табылатын қатынастарды айтамыз.

Экологиялық құқықтың объектілері дегеніміз - айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттіліктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар мен адамдардың экологиялық денсаулығы мен өмірін айтамыз.

Экологиялық қатынастар субъектілеріне мыналар жатады:

1. Қазақстан Республикасы, себебі біздің мемлекетіміз табиғат ресурстарының меншік иесі болып табылады.

2. Шетелдік мемлекеттер - Қазақстанның табиғат ресурстарын пайдалану мәселелері бойынша экологиялық қатынастардың субъектілері болып табылады, республикаға табиғи ортаға келтірген залалы үшін жауап береді (шекаралық су объектілері бойынша бірлесіп су пайдалануы және т.б.).

3. Заңды тұлғалар.

4.  Жеке тұлғалар.