Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БИЛЕТы ОСНОВЫ ПРАВА.docx
Скачиваний:
62
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
175.01 Кб
Скачать
  1. 2.Азаматтылық түсінігі

Азаматтылық - әлеуметтік-саяси ғылымда отанға деген сүйіспеншілікпен, патриотизммен, жетілген саяси санамен сипатталатын субектілердің нақтылы моральдық-өнегелік, психологиялық, әлеуметтік-саяси сапаларының жиынтығы; адамның мінез-құлқы мен санасында өз Отанының және қоғамның шынайы гүлденуіне ықпалы бар жоғары моральдық сапалардың болуы. "Азаматтылық" ұғымының мәні әртүрлі:

  • өзін азамат ретінде сезіне білу және іс-әрекетке бара білу мүмкіндігі;

  • саяси қауымдастықтың ісіне белсенді әрі саналы түрде қатысу;

  • адамдар қауымдастығының толыққанды, еркін қатысуының жоғарғы ізгілігі;

  • саяси қауымдастық мүдделеріне қызмет ету, осы мүдделер жолында жанын құрбандыққа шалу.

  • Азаматтылық - біз үшін мемлекетке формальды түрде қатысты болу ғана емес, сондай-ақ жауапкершілік және міндеттілік сезімдерімен байланысты екендігін айта кету маңызды. Азаматтық ұстанымынның өзгеруі үрдісінде, азаматтар санасында азамат рөлін түсінуге нормативтік үйлесім басымдылық танытады. Оның басты қасиеті – заңдарды орындауы, сақтауы, мемлекетке көмектесуге дайындығы, экстремизмге қарсы тұру құрамының ұйытқысы болуы қажет.

  • Азаматтылықты қалпына келтіру (реинтеграция)  Азаматтылықты қалпына келтіру дегеніміз - белгілі бір Азаматтылықты беру - бұл әдіс төмендегідей:  Мемлекет өзінің азаматтылығын беруде қажетті натурализация "Қазақстан Республикасының азаматтылығы туралы" Заңның 18-бабына сәйкес бұрын Басқа мемлекеттерде тұратын республика территориясын тастап шығуға Қазақстан Республикасының азаматығын қалпына келтіру туралы өтініш Басқа азаматтығы бар немесе азаматтығы жоқ адамдар үшін аумағынан тысқары кетпесе не олардың республика аумағында Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы құжаттарды  Осы Ереженің 5-тармағында көзделген құжаттардан басқа Қазақстан Басқа мемлекеттің азаматы мен азаматтығы жоқ адам олардың Азаматтық туралы мәселе Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарымен шешіледі. егер өтініш білдіруші азаматтығын алған тараптың аумағында туған өтініш білдірушінің біреуі болса да азаматтығын алатын тараптың

Жа3.ЖАнұя заңдылығына сәйкес неке түсінігі

Неке-ерлі – зайытылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ.

Неке – отбасы құқықтарын жүзеге асыру және міндеттерді орындау отбасының басқа мүшелері мен құқықтарын, бостандығын және заңды мүдделерін бұзбауға тиіс.

Неке – отбасы құқықтары заңмен қоғалады, бұған осы құқықтардың мақсатына қайшы келетін жағдайлар қосылмайды.

Некеге тұру үшін некеге тұрушы еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жетуі қажет.

Неке жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді.

Дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін.

Неке жасын төмендету туралыөтінішті некеге тұруға тілек білдірушілер немесе олардың ата-аналары, не қорғанышылары (қамқоршылары) белгіленген неке жасын төмендету қажеттігін туғызатын себептерді көрсете отырып қозғай алады.

БИЛЕТ №10

  1. Мемлекеттік қаржы қызметі

Мемлекеттің қаржылық қызметі оның ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану сияқты үш жалпы бағытта іс - әрекет ететін толып жатқан және сан қырлы функцияларында бөлінеді. Бұлардың әрқайсысындағы ажырағысыз элемент бақылаудың функциясы болып табылады.

Мемлекеттің қаржылық қызметінің сан алуандығы қаржы жүйесін құрудың ерекшеліктері мен анықталады.Мемлекет әр - түрлі орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорларға, сондай – ақ меншіктің басқа нысандарының шаруашылық жүргізуші субьектілерінің ақша қаражаттарына өзінің ықпалын жая отырып, бюджет ресурстарын, мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы –қаражаттарын жасау, бөлу және пайдалану жөніндегі функцияларын жүзеге асырады.

Мемлекеттің қаржылық қызметі мына факторларға "

Мемлекеттің іс - қимыл етуінің нақтылы кезендеріндегі оның міндеттерін

Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталу

- қаржы құқығы субьектілерінің қызметі негізделген меншіктің нысандарына”

- мемлекет кірістерінің көздеріне”

- ақша қаражаттарын пайдаланудың мақсаттарына

- мемлекеттің қарамағына түскен қаражаттар мен оларға деген қажеттіліктердің ара салмағына байланысты әр түрлі әдістерімен жүргізіледі.

Мемлекеттің қаржылық қызметінің мынадай әдістері пайдаланылады”

  1. Жеке тұлғаның конституциялық-құқықтық мәртебесі

ҚР тұлғаның құқықтық мәртебесі

Тұлғаның құқықтық дәрежесі әрекет ететін құқықтың барлық салаларының нормаларында көрсетілген адам мен азаматтың құқығының бүкіл жиынтығымен анықталады. Тұлғаның құқықтық дәрежесінің негізі бүкіл құқық пен еркіндіктің аздаған бөлігін құрайтын, конституциямен бекітілген құқығы мен еркіндігін қамтиды.

Неге бір құқық конституциямен бекітіледі, ал басқалары ағымдағы заңмен бекітілетінділігінің келесі себептерін көрсетуге болады. Сол құқық пен еркіндіктің адам мен қоғам үшін мәні: Конституция жеке адам үшін, сондай-ақ толығымен қоғам үшін өмірлік маңызды және неғұрлым әлеуметтік маңызды құқықтар мен еркіндіктерді бекітеді. Сондықтан негізгі құқықтар мен еркіндіктер мемлекетпен тек қана танылмайды, сонымен бірге оның өмір сүруіндегі қажетті шарт ретінде қорғанылады.

ҚР Конституциясының 12 бабында көрсетілген, «адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды». Дәл осы тұрғыдағы құқықтар конституцияда бекітіледі.

Адам мен азаматтың конституциялық (негізгі) құқықтары мен еркіндіктері – бұл оған тумысынан немесе азаматтық күшіне сәйкес берілетін, мемлекетпен қорғанатын және тұлғаның құқықтық дәрежесінің ядросын құрайтын, оның ажырамас құқығы мен еркіндігі. Адам құқығы – бұл адам өмірге келген соң ие болатын және оның белгілі бір мемлекетке қатыстылығына байланысты емес өмір сүру, еркіндік пен құқығына жеке қол сұғылмау сияқты табиғи ажырамас құқықтар мен еркіндіктердің жиынтығы. .

ҚР Конституциясының 2 бөлімі адам мен азаматтың құқығы мен еркіндігіне арналған, олардың басым бөлігі нақты құқықтар мен еркіндіктерді қамтып 29 бабтан тұрады. Олар логикалық негізі бар қарапайым емес нақты бір жүйенің жиынтығын көрсетеді.

  1. Құқық қорғау органы жүйесіндегі әділет

Қоғам дегеніміз — адамдар мен олардың ұйымдары арасындағы қарым-қатынастардың өте күрделі жүйесі. Мемлекет арнаулы органдар арқылы қоғамды басқарады, көпшілік бұқара үшін маңызы бар мәселелерді шешеді және қоғамдағы тәртіпті қамтамасыз етеді. Мемлекеттің түрлі органдары бар, олар өздерінің тікелей биліктік міндеттерін атқаруда өзара тығыз байланыста және бір-біріне бағынышта болады. Мемлекеттік органдар арасында құқық қорғау органдары айрықша орын алады. Олар қоғамдағы құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етеді. Құқық қорғау органдарына: сот, прокуратура, Ішкі істері органдары, Ұлттық қауіпсіздік, Әділет органдары, Кедендік бақылау органдары, жемқорлық және басқа кәсіби қылмыстармен күрес органдары жатады.

Құқық қорғау органдары жүйесі заңдылық кағидасы негізінде әрекет етеді. Заңдылық — бұл қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқық нормаларын қатаң, бұлжытпай орындау және сақтау қағидаты, әдісі мен тәртібі. Заңдылықтың мәні — құқық қорғаушы органдардың құқықтық нормаларды адал, жауапкершілікпен сақтауында, орындауында, пайдалана және қолдана білуінде. Заңдылық, ең алдымен, осы органдардың заң негізінде және оның шеңберінде мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға белсенді қатысуларын көздейді.

Заңдылық табиғатын түсіну үшін оның негізгі қағидаттарын анықтап алу қажет. Заңдылық қағидаттары — бұл заңдылықтың мазмұнын бейнелейтін негізгі идеялар, бастаулар.

БИЛЕТ №11

  1. Жер құқығы түсінігі

Жер - бұл кеңістікпен, рельефпен, климатпен, топырақ қабатымен, өсімдіктер әлемі мен жер қойнауымен, су көздерімен сипатталатын, ауыл және орман шаруашылығында өндірістің басты құралы әрі халық шаруашылығының барлық салаларының кәсіпорындары мен ұйымдары үшін негізгі базис болып табылатын қоршаған ортаның маңызды бөлігі.

Құқықтық және жер құқығының жалпы теориясына сәйкес жер құқығының пәні болып объектісі жер болып табылатын ерікті қоғамдық жер қатынастары табылады.

Жер қатынастарын мемлекеттік басқару функцияларын (есеп, кадастр, мониторинг жүргізу) жүзеге асыру үшін жер қатынастарын реттеудің императивтік әдісі қолданылады.

Жерге меншік құқығын және жер пайдалану құқығын жүзеге асыру үшін диспозитивтік (латын сөзі «диспоноре» - «тандаймын») әдіс қолданылады, ол меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға жер учаскілерін пайдаланумен байланысты шаруашылық мәселелерін дербес шешуге мүмкіндік береді.

Жерге табиғи объект ретінде экономикалық әдіс қолданылады, ол құқықтық реттеу пәнінің, яғни, жердің табиғи қасиеттерін есепке алуды білдіреді.

Жер құқығы әдістерінің түрлері:

  1. диспозитивтік;

  2. императивтік;

  3. Диспозитивтік әдістің түрлері:

  4. ұсынушы;

  5. санкциялаушы;

  6. құқық беруші;

Императивтік әдістің түрлері:

  1. құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін орнықтырушы;

  2. тыйим салушы (шекараларды, жер құқығы қатынастары қатысушыларының тиісті жүріс-тұрысын анықтау);

  3. экологиялық әдіс.

Жер құқығы өзінің жүйесі бар құқық саласы ретінде жалпы және ерекше бөлімдерден құралады.

Жалпы ережелерден тұратын, әрекеті реттелетін жер қатынастарының барлығына немесе басым көпшілігіне таралатын институттардың жиынтығы жер құқығының жалпы бөлімін құрайды.

Жер құқығының жалпы бөлімі келесі институттардан (тараулардан) тұрады:

  1. Жер құқығының түсінігі, пәні, әдісі және жүйесі. Жер құқығының сабақтас құқық салалармен ара қатынасы;

  2. ҚР жер заңдарының міндеттері, мақсаттары және қағидалары;

  3. Жер құқығының тарихы;

  4. Жер құқығының қайнар көздері;

  5. Жер құқығы қатынастары;

  6. Жерге меншік құқығы;

  7. Жер пайдалану құқығы;

  8. Жеке меншік құқығы мен пайдалану құқығындағы жер учаскілерінің құқықтық режимі;

  9. Жерге жеке меншік құқығы жер пайдалану құқығын қорғау және зияндарды өлтіру;

  10. Жер үшін төленетін төлем;

  11. Сервитуттар;

  12. Жер құқығы қатынастары саласындағы басқару органдарының құзіреті және мемлекеттік басқарудың жалпы мәселелері;

  13. Жерді қорғау, мемлекеттік бақылау, жерге орналастыру, мониторинг және жер кадастры;

  14. Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылық;

  15. Жер даулары;

  1. Құқық қорғау қызметі

Құқық қорғау органдарындағы қызметтің құқықтық негізі

1. Құқық қорғау органдарындағы қызметтің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заңмен көзделген ерекшеліктерімен қоса Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметін реттейтін заңдары және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері құрайды.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзге қағидалар көзделген болса, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

3-бап. Құқық қорғау органдары

Құқық қорғау органдарына өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының прокуратура, ішкі істер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары, кеден органдары жатады.

Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

4-бап. Құқық қорғау қызметінің принциптері

1. Құқық қорғау органдарындағы қызмет Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің принциптеріне және құқық қорғау қызметінің арнаулы принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.

2. Құқық қорғау қызметінің арнайы принциптері мыналар болып табылады:

1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғау міндеттілігі;

2) азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастық;

3) құқық қорғау органдарында құқық қорғау қызметін ұйымдастыруға көзқарастың біртұтастығы;

4) дара басшылық пен субординация (бағыныстылық);

5) саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бірлестіктердің қызметінен тәуелсіз болу.

5-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

Осы Заңның күші, Қазақстан Республикасының әскери қызмет туралы заңнамасына сәйкес құқық қорғау органдарының әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерін қоспағанда, барлық қызметкерлерге қолданылады.

Осы Заңның күші Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына қайшы келмейтін бөлігінде мемлекеттік саяси қызметшілерге қолданылады.

  1. Салық, оның белгілері, түрлері

Салық - белгілі бір мерзімде және белгілі бір көлемде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер. Салық белгілі бір объектілерден (табыс, мүлік, тауар, жер,көлік, мұра) төленеді. Сонымен қатар салықты төлеудің өзіндік бір мерзімі болады (салық кезеңі- бір күндік, он күндік, айлық, тоқсандық, жылдық) және белгілі бір көлемде немесе мөлшерде (салық ставкасы) алынады.Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне салықтардың меншікті салмағы 70 пайызын құрайды. Салықтың мәні мемлекет өз пайдасына жалпы ішкі өнімнің белгілі мөлшерін нақтылы жарна ретінде алып қалады.

- Материалдық категория жағынан — бұл белгілі бір ақша сомасы болса;

- Экономикалық категория ретінде – бұл мемлекеттің табысы;

- Заңдық категория жағынан, бұл заң жүзінде белгіленген міндеттеме болып табылады.

Салықтың экономикалық белгілері ретінде келесі көрсетілгендерді атауға болады:

- Салық – мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі;

- Салық – ақшалай нысанды төленеді;

- Салық – қайтарылмайтын төлем болып табылады:

- Салық – баламасыз сипатта болады;

- Салық – салықты төленген кезде меншік нысандары айқындалады;

- Салық – тұрақты экономикалық қатынас туғызады;

- Салықты –мемлекет немесе уәкілдік берілген мемлекеттік орган белгілейді;

- Салық – құқықтық нысанда жүзеге асады;

- Салық – мемлекеттің бір жақты белгіленімі болып табылады;

- Салықты белгілеу арқылы салық міндеттемесі туындайды;

- Салық – мәжбүрлеме сипатта болады;

- Салық төлеу арқылы ақшаны алу құқықтық сипатта жүзеге асырады.

Салық түрлері

Акциздар. Акциздарды төлеушілер болып акцизделетін тауарларды өндіретін немесе акцизделетін қызмет түрлерін жүзеге асыратын, акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасының территориясына импорттайтын жеке және заңды тұлғалар табылады.

Жер салығы. Төлеушілер – меншік құқында, тұрақты жер пайдаланушы құқында және алғашқы қайтарымсыз уақытша жер пайдалану құқында салық салу нысандары бар жеке және заңды тұлғалар.

Жеке табыс салығы. Жеке табыс салығын төлейтіндер – салық салу нысандары бар резидент және резидент емес жеке тұлғалар.

Корпорациялық табыс салығы. Корпоративті табыс салығын төлейтіндер – жалпыға ортақ тәртіпті қолданатын ҚР-ның резидент-заңды тұлғалары, ҚР-да тұрақты мекеме арқылы өз қызметтерін жүргізіп жатқан резидент емес заңды тұлғалар

қосымша құн салығы. ҚҰС дегеніміз – тауар (жұмыс, қызмет) өндірісі және айналымы процесінде қосылып, сатылған кезде салық салынатын айналымның бір бөлігін бюджетке төлеу, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының территориясына тауарды импорттаған кезде төленетін төлем.

Көлік құралдарына салынатын салық. Төлеушілер – меншік құқында салық салу нысандары бар жеке тұлғалар, меншік құқында салық салу нысандары бар заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелері.

Cалыктар. Салық – мемлекет бекіткен, міндетті ақшалай немесе натурамен жасалатын төлем болып, белгілі бір мөлшерде, қайтарымсыз, эквивалентсіз және тұрақты түрде төленеді.

Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдері. Жер қойнауын пайдалану амалдарын орындау бойынша салық салу іс-әрекеттері табыстан тыс пайдаға, арнайы төлемдерге, бонустарға, роялтиға және т.с.с. салық салу тәртібін орнатады. Экспортталып жатқан мұнай, газды конденсат үшін ренталық салық. Мұны төлеушілер болып мұнай шикізатын, газды конденсатты экспортқа шығаратын жеке және заңды тұлғалар табылады, алайда бұлардың ішіне өнімді бөлісу туралы контракт жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар кірмейді.

әлеуметтiк салық. әлеуметтік салықты төлеушілер – заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар.

БИЛЕТ №12

  1. Экологиялық құқық – құқықтың қайнар көзі ретінде

Экологиялық құқық (орыс. Экологическое право) — экологиялық-заңдылық нормалардың (тәртіп ережелері) жиынтығы. Ол қоршаған ортаны корғау, экологиялық зияндардың зардаптарын алдын ала ескерту, адамды қоршаған табиғи ортаны сауықтыру және сапасын арттыру жолында адам мен табиғаттың өзара қоғамдық (экологиялық) қатынасын ретгейді.[1]

Қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттері аясындағы, адамдардың қазіргі және келешек ұрпақтарының мүдделері үшін табиғат байлығын қорғау және ұтымды пайдалану саласындағы қоғамдық (экология) қатынастарды реттейтін заңи нормаларының жиынтығы. Экологиялық Құқықтың негізгі көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995), Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (1999), Қазақстан Республикасының Жер кодексі (2003), Қазақстан Республикасының Су кодексі (2003), Қазақстан Республикасының Орман кодексі (2003), Қазақстан Республикасының “Жануарлар дүниесін қорғау, ұдайы өсіру және пайдалану туралы” (1993) , “Әуе кеңістігін пайдалану және Қазақстан Республикасы авиациясының қызметі туралы” (1995), “Қоршаған ортаны қорғау туралы” (1997), Қазақстан Республикасы Президентінің “Мұнай туралы” заң күші бар Жарлығы (1997), Ұлттық қауіпсіздік туралы Қазақстан Республикасының Заңы (1998), “Өсімдіктер карантині туралы” (1999) заңы, министрліктердің қаулылары мен өкімдері, нормативтік актілері болып табылады. Экологиялық Құқық нормалары құқықтың көптеген көздерінде, соның ішінде заңнаманың басқа салаларында да кездеседі.

ЭКОЛОГИЯ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ

Қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану — коғамның экономикалық даму барысын жетілдірудін міндетті шарты.

Біздің елімізде табиғатты қорғау және оның байлықтарын тиімді пайдалану коғамның дамуының конституциялык қағидаларына енгізілген, ол әрбір адамның парызы ретінде жалпы-мемлекеттік, жалпыхалықтық міндет болып табылады.

2. Экологиялык құқық — бұл осы кезең мен болашактын адамдардың мүдделері үшін коғам мен табиғат аясындағы қарым-катынасқа байланысты коғамдық қатынастарды ретгейтін жана құкык салаларының бірі болып табылады. «Экология» — бұл біздің жалпы және жалғыз үйіміз — «Жер» туралы ғылым.

Алғашқы рет бұл ғылыми терминді 1866 жылы неміс ғалымы Геккель ұсынып және ұзак уақыт бойы тек биология ғылымы негізінде тар аяда колданылды. Ол өзінін әйгілілігіне XX ғасырдың екінші жартысында ие болды, өйткені тура осы кезден бастап адам мен орта және қоғам мен табиғат арасындағы қатынастар шиеленісе түсті. Экология — тірі организмдер мен олардың өмір сүру негізі қоршаған табиғи орта арасындағы қарым-катынасты анықтайтын ілім ретінде колданылады.

  1. Жеке еңбек шарты

Жеке еңбек шарты дегеніміз — қызметкер мен жұмыс беруші арасында жазбаша түрде жасалынатын келісім. Ол шарт бойынша қызметкер белгілі бір мамандық бойынша жұмыс істеуге, ал жұмыс беруші қызметкерге жалақысын дер кезінде әрі толықтай көлемде төлеп тұруға міндеттенеді.

Қызметкер еңбек шартына сәйкес белгілі бір қызмет түріне қатысты, яғни мамандығына, кәсібіне, біліктілігіне және дәл сол кезеңде орындауға тиіс қызметіне және өндірістің жалпы қажетіне орай айқындалатын жұмысқа қатысты қызметті орындауға міндеттенеді.

Кәсіпорынның (мекемелердің, ұйымдардың) өндірістік қызметіне қызметкердің өз басының жеке, тікелей қатысуы жеке еңбек шартының тағы да бір белгісі болып табылады. Бұл жағдай қызметкерді құрамға (штатқа) кіргізіп, оны кәсіпорынның өндірістік қызметіне қосуды көздейді.

Жұмыс берушінің қызметкерге жалақы төлеп тұруға міндеттілігі жеке еңбек шартының ерекшелігі болып табылады.

Еңбек шартының мерзімі

Жеке еңбек шартын жасасудың мынадай мерзімдері болады:

белгісіз мерзімге — жеке еңбек шартының уақыты көрсетілмейді;

белгілі бір мерзімге — бір жылдан аспайтын;

істелетін жұмыстың аз уақытта атқарылуына немесе орындау жағдайына, сондай-ақ жұмыста жоқ қызметкердің орнын ауыстыруға байланысты бір жылдан аспайтын белгілі бір мерзімге.

Екі жақ оның барлық елеулі шарттары бойынша келісімге келген кезде — жеке еңбек шарты жасалды деп есептелінеді. Жеке еңбек шарты кем дегенде екі дана болып толтырылады және тараптардың қолы койылады. Қол қойылған жеке еңбек шартының бір данасы — қызметкерге, ал екіншісі —жұмыс берушіге беріледі.

Жеке еңбек шартының негізінде жалданатын қызметкердің еңбегіне ақы төлеу және материалдық көтермелеу шарттары тараптардың келісімі бойынша белгіленеді. Жеке еңбек шарты 16 жасқа толған соң жасалады.

Жұмысқа қабылдау кезіндегі сынақ мерзімі

Жұмысқа алар кезде сынақ мерзімін белгілеу мүмкіндігі қарастырылады. Сынау еңбек шартының міндетті емес шарттарының қатарына жатқызылады. Сынақ мерзімі қызметкердің оған тапсырылатын жұмысқа сәйкестігін тексеру мақсатында белгіленуі мүмкін. Сынақ мерзімі үш айдан артпауы керек.

Егер сынақ мерзімі өтіп кетсе және екі жактың бірде біреуі жазбаша түрде екінші жақты жеке еңбек шартын бұзу туралы ескертпесе, шарттық әрекет етуі жалғаса береді және оның тоқтатылуына жалпы негізде жол беріледі. Сынақтың нәтижесі қанағаттанғысыз болса, қызметкер жұмыс берушінің келісімі арқылы жұмыстан босатылады. Қызметкер өз кезегінде жұмыстан мұндай босатуға сот тәртібімен шағымдануына болады.

Қызметкерлерді маусымдық жұмысқа алған кезде тараптардың келісімімен сынақ мерзімін белгілеуге болмайды. Сынақтан өткізу шарты жеке еңбек шартында міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Егер ол жұмысқа алу жөніндегі бұйрықта ғана көрсетілген болса, онда сынақ мерзімін белгілеуді заңды деп есептеуге болмайды, өйткені бұйрық — бір жақты ғана кесім, ал заң мұндай шарттар жөнінде жұмыс беруші мен қызметкердің келісуін талап етеді. Жұмыс берушінің бір жақты сынақ мерзімін белгілеуі бұл қызметкердің құқығын бұзғандық болып табылады

Қызметкердің сынақ кезіндегі еңбек жағдайы өзге қызметкерлердің еңбек жағдайынан өзгеше болмауы керек. Қызметкер ішкі еңбек тәртібі ережелеріне мойынсұнады, оның еңбегі жалақы нормалар мен бағалауға сәйкес не еңбекақы ретінде төленеді. Сынақ мерзімімен жұмыс істейтін қызметкерлердің әлеуметтік сақтандыруға құқығы бар. Сыннан сүрінбей өткен қызметкерді жұмысқа түпкілікті алу жөнінде бұйрық шығарудың қажеті жоқ

Жеке еңбек шартын бұзу тәртібі

Жеке еңбек шартын бұзудың белгілі тәртібі болады. Шартты бұзу жөніндегі бастаманың қызметкерлерден. де, жұмыс берушіден де және жауапты тұлғалардан да (сот, әскери комиссариат, кәсіподақ, т.б.) шығуы мүмкін. Өз ұсынысымен бастама көтеріп, еңбек шартын бұл туралы екінші жақты жеке еңбек шартында келісілген мерзімде жазбаша ескертуі керек. Жалпы ереже бойынша бір жақтың (шартты бұзудың бастамашысы) екінші жақты ескерту мерзімі жеке еңбек шартын бұзған сәттен бір айдан кем болмауы қажет.

  1. Мемлекеттік билік органдарының жүйесі

Жоғарыда аталған өлшемдер негізінде мемлекеттік билік органдарының мынадай төрт негізгі түрі ерекшеленеді: Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасы соттарының жүйесі. Осы органдардың бәрі жинақтала келе Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының бірыңғай жүйесін құрайды.

Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекет басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. Республиканың Президенті — халык пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін камтамасыз етеді (40-бап).

Қазақстан Республикасынан тысқары жерде туған, 40 жасқа толмаған мемлекеттік тілді еркін меңгермеген, әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл үнемі тұрмаған адам Президент болып сайлана алмайтынын атап көрсету қажет. Бұл лауазымды иеленуге қойылған өзге кедергілерге қатарынан екі реттен артық мерзімге сайлана алмайтындығы жатады. Президенттің мемлекеттік тідді еркін меңгеруі әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұруы және тумысынан сол елдің азаматы болуға тиіс.

Президент өкілді органның депутаты болып қоса сайлана алмайды, өзге де ақы төленетін қызметтерді атқаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы жоқ. Республика Президенті өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде саяси партиядағы қызметін тоқтата түрады. Ол ешкім тиіспеу құқығына ие.

Қазақстан Республикасының Парламенті—Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы. тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан — Сенаттан және Мәжілістен тұрады.

Қазақстан Республикасы Парламентінің төменгі Палатасы — Мәжіліс жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құкығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Қазақстан Республикасы Парламентінің жоғары Палатасы — Сенат жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады (51-бап).

Қазақстан Республикасының Үкіметі — атқарушы биліктің маңызды тармағы болып табылады, аткарушы органдардын жүйесін басқарады және олардын, қызметіне басшылық жасайды. Оны Казақстан Республикасының Президенті құрады.

Сот билігін — сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстык және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы тек сот қана жүзеге асырады. Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты және Республиканың жергілікті соттары Республиканың соттары болып табылады. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берілмейді (75-бап).

Судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен Занға ғана бағынады. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі сотіың қызметіне кандайда болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді. Судьяның қызметі депутаттык мандатпен, окытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылык кызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқарумен, кәсіпкерлікпен айналысумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кенесінің құрамына кірумен сыйыспайды.

Мемлекеттік биліктің бірынғай жүйесінде Қазақстан Республикасы Президентінің орны айрықша. Мемлекет басшысы ретінде нак Президент билік тармақтарынын әркайсысының кызметіне белсене араласады.

Президент деген ұғым конституциялық құқылык мағынада мемлекет басшысы дегенді білдіреді. Бұл кызмет сол үшін елемдік тәжірибеде тағайындалған (АҚШ, Франция).

Президент кызметі түнғыш рет Қазақстанда 1990 жылғы 24 сәуірде Жоғарғы Кеңес қабылдаған Заңмен тағайындалды, онда алғашқы Президентті Жоғарғы Кеңес алты жыл мерзімге сайлайды деп белгіленді. Н. Ә. Назарбаев тұңғыш Президент болып сайланды. Кейін 1991 жылғы 16 қазанда Президент сайлауы туралы Заң қабылданып, мұнда Президентті республика халкының жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құкығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлауы көзделді. Осы Заңның негізінде Республика Президентінің сайлауы өткізіліп, онда Н. Ә. Назарбаев тағы да сайланды. 1991 жылғы 10 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес одан ант кабылдады және осы сәттен бастап ол қызметіне кірісті деп есептеледі әрі сол күн оның Қазақстан Республикасы Президентінін қызметінде болу мерзімін есептеудің басы болып табылады Соңьшан, 1998 жылғы 7 қазандағы Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес Президенттік мерзім 7 жылға дейін ұзартылды.

БИЛЕТ №13

  1. Қылмыстық жаза түсінігі, оның мақсаты

  2. Адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтары жүйесі, міндеттері

  3. Қылмыстық іс-жүргізу түсінігі

1.Қылмыстық құқық — қылмыстылықты және қоғамдық қатынастар жүйесіне қауіпті іс-әрекет үшін қолданылатын жазаны айқындайтын заң нормаларының жиынтығынан тұратын құқық саласы. Сондай-ақ құқықтың тиісті саласын зерделейтін ғылым мен оқу пәні де Қылмыстық құқық болып табылады. ҚР Қылмыстық құқықының негізгі қағидаттары: заңдылық, ізгілік, жеке бастың жауаптылығы, жазадан құтылмайтыны, әділеттілік, айыптылық қағидаты. Қылмыстық құқықҚылмыстық құқық қоғамдағы конституциялық, азаматтық, еңбек, әкімшіліктік, қаржы салаларымен реттелетін қатынастарды қорғайды.

Қылмыстық заңның негізгі міндеттеріне қылмыстық жауатылықтың талаптары мен принциптері, негізін, қылмыс түсінігінің жалпылама белгілердің, қоғамға қауіпті іс-әрекеттер мен әрекетсіздіктер шеңберін, қолданылатын жазалардың түрлерін анықтау жатса, осы міндеттерді орындау арқылы қылмыстың алдын алу, яғни қылмыстарды болдырмау мақсатын көздейді.

2. Конституциялық құқық — адам, мемлекет пен қоғамның өз тіршілік әрекетін құруына өте кажетті оған лайықты басты ережелерді белгілейді. Адамның құқықтары – бүкіл адамзаттың ажырамас, бөлінбес игілігі. Бұл дүниеде қандай да оқиғалар мен әрекеттер орын алмасын, қандай да ғылыми жаңалықтар ашылмасын, олар адамның жағдайына, оның құқықтары мен бостандықтарына жағымсыз әсер етпеуге тиіс. Қоғамдық процестердің дамуында құндылық бағдар адам құқықтарын ұлағаттаған дүниежүзілік және ұлттық дамудың барлық процестерін адаммен өлшеудің мәні осында. Азаматтық құқық — құқықтың мүліктік қарым-қатынастарды және солармен байланысты жеке мүліктік емес қарым-қатынастарды, мыс., азаматтың немесе заңды тұлғаныңар-намысын, абыройын, іскерлік беделін қорғау және т.б. реттейтін саласы. Азаматтық заңдармен реттелетін қарым-қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңдыТұлғалар,мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-территория бөліністер болып табылады. Азаматтыққұқықолардың тең құқылығын, меншіктеріне қол сұғылмауын, жеке ісіне кімнің болса да өктемдікпен араласуына жол берілмеуін, азаматтық құқыларының кедергісіз жүзеге асырылуын, бұзылған құқыларының қалпына келтірілуін, оларды соттың қорғауы қажеттігін тануға негізделеді.Азаматтармен заңды тұлғалар өз мүдделерін көздей отырып, азаматтық құқыларын ерікті түрде иеленеді және оларды жүзеге асырады. Сонымен қатар, Азаматтық құқық кәсіпкерлікқызметсаласындатуындайтын қарым-қатынастарды да реттейді.

3. Қылмыстық іс жүргізу қағидасы – бұл заңда көрсетілген қылмыстық іс жүргізудің елеулі жақтарын көрсететін, қылмыспен күресудің қамтамасыз етілуін сипаттайтын және қылмыстық сот ісін жүргізуде тұлғаның құқықтарын кепілдендіретін жалпы басшылыққа алатын ережелер.

Қылмыстық сот ісін жүргізу қағидаларын тұжырымдау үшін оларға қойылатын талаптарды білу маңызды. Қағидалардың теориялық-құқықтық маңызы – тиісті құбылыс мәнінің талданған, объективті орын алып отырған ақиқат және онда қолданылатын заңдылықтарды бейнелейтін көрінісі.

Қазақстан Республикасының Конституциясында баянды етілген қағидалар жүйесі қылмыстық сот ісін жүргізудің мақсаттары мен міндеттерін ескере дәйектелгендіктен ҚІЖК-де мынадай жүйе құрушы элементтермен берілген: Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау қағидасы Қазақстан Республикасының Конституциясымен белгіленген. Бұл қағида негізіне Конституцияның 34-бабы алынған [1.], онда былай делінген: «Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеуге міндетті».

БИЛЕТ №14

  1. Меншік құқығы және басқа да мүліктік құқықтар

1. Меншікдегеніміз—бұл жеке адамның затқа байланысты қарым қатынасы. Сондай-ақ меншік заң бойынша қорғалды Біздің елімізде меншіктің заңдастырылған екі түрі бар: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Қазақстан республикасының Конституциясына сәйкес олар бірдей мойындалады және қорғалады. Жеке меншік—бұл азаматтардің және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі, ал мемлекеттің иелігіндегі мүліктер мемлекеттік меншік болып есептеледі Біздің еліміздегі нарықтық қатынастар мемлекеттік меншіктің әр түрлі формаларының қажеттілігін тудырады.Сондықтан да біздің елімізде мемлекеттік меншікті жеке меншікке айналдыру (приватизация) жүргізіліп жатыр.

Кейбір жағдайларда мүлік тек біреудің меншік құқығында ғана емес, бірнеше адамға тиісті болуы мүмкін. Бір немесе одан да көп бірнеше тұлғаның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады. Ортақ меншіктің үлестік және бірлескен ортақ меншік деген түрлері бар. Меншік иелерінің үлестері белгілі болса, онда ол үлестік ортақ меншік болады. Меншік құқығына қатысты үлестері белгіленбеген болса, онда олардың үлестері өзара тең. Бұл — бірлескен ортақ меншік.

Меншік құқығын иемдену тәртібі

Меншік құқығының пайда болу негіздерін бастапқы және туынды деп ажыратуға болады. Бастапқы негізге бұрын ешкімнің меншік құқығында болмаған мүлік жатқызылады, яғни, жаңа салынған үй, олжа, қараусыз жануарлар, т.б. Туынды негіз мүліктің бір тұлғадан екінші тұлғаға өтуі негізінде пайда болатын меншік құқығы, мысалы, келісім бойынша жасалуы мүмкін сату — сатып алу, айырбастау, сыйлау.

Қазақтың әдет-ғұрып заңында бірінші болып жерді басып алу құқығы болған, яғни кімде-кім бірінші болып қыстаудан көшіп, жаңа жерге орнығып алса, жайылым мен суат соның меншігі болып саналған.

Бұл құқық табиғи суаттарға ғана қатысты, ал жасанды суаттарға, құқықтар мен тоғандарға меншік құқығы осыларды жасаған адамдарға байланысты анықталған.

Меншік құқығының пайда болу негіздерін бастапқы және туынды деп ажыратуға болады. Бастапқы негізге бұрын ешкімнің меншік құқығында болмаған мүлік жатқызылады, яғни, жаңа салынған үй, олжа, қараусыз жануарлар, т.б. Туынды негіз мүліктің бір тұлғадан екінші тұлғаға өтуі негізінде пайда болатын меншік құқығы, мысалы, келісім бойынша жасалуы мүмкін сату — сатып алу, айырбастау, сыйлау.

Қазақтың әдет-ғұрып заңында бірінші болып жерді басып алу құқығы болған, яғни кімде-кім бірінші болып қыстаудан көшіп, жаңа жерге орнығып алса, жайылым мен суат соның меншігі болып саналған.

Бұл құқық табиғи суаттарға ғана қатысты, ал жасанды суаттарға, құқықтар мен тоғандарға меншік құқығы осыларды жасаған адамдарға байланысты анықталған.

Иелену құқығы дегеніміз

Иелену құқығы дегеніміз — мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету. Мысалы, адам іссапармен жол жүріп кетсе де, артында қалған мүліктің толық иесі бола алады.

Пайдалану құқығы дегеніміз

Пайдалану құқығы дегетміз — мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда — кіріс, өсім, жеміс, төл алу, т.б. нысандарында болуы мүмкін. Бір ескеретін жағдай майдалану құқығы иелену құқығынан кейін пайда болады. Мәселен, жеке меншік болып табылатын тракторды шаруашылықта пайдалану — иелену құқығы, ал оны басқа тұлға пайдалануға беру—пайдалану құқығы болып табылады.

Билік ету құқығы дегеніміз

Билік ету құқығы дегеніміз — мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. Бұл мүлікке байланысты заңға қарсы келмейтін қандай да болсын әрекеттерді жасау мүмкіндігі. Мысалы, өзіне тиесілі мүлікті біреуге сату, айырбастау немесе оны жойып жіберу, т.б. Меншік иесі заң жүзінде мүліктің тағдырын шешуге қабілетті.

Заттық құқықтар — бұл өзінің мүддесін қанағаттандыру мақсатында өзіне тиесілі мүлікті басқа тұлғаның пайдалануына берyi. Заттай құқықтың иесі мүлікке деген құқығын басқа тұлғаның меншігіне өткен жағдайда да сақтап қалады. Бұларға: жерді пайдалану құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы және т.б. жатады.

  1. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы түсінігі

Әлеуметтік қамсыздандыруда бұл қағида тек еңбекпен немесе қоғамдық жұмыспен айналысқан ғана емес, сонымен қатар жұмыс істемеген азаматтардың да (мысалы, жетім балалар, мүгедектер, жұмыс істемеген қартаң адамдар әлеуметтік зейнетақы алуға құқылы) зейнетақы алу құқығына ие болатынынан көрініс табады.

Сонымен қатар, жалпыға ортақтық қағидасы әлеуметтік қамсыздандыру құқығын тек Қазақстан Республикасының азаматтары ғана емес, соған қоса, егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдік тұлғалар мен азаматтығы жоқ тұлғалар да иеленетіндігінен көрініс табады.

Біздің өмірімізде туындаған жаңа экономикалық жағдайларды ескере отырып, әлеуметтік қамсыздандыру құқығының келесі қағидаларын атауға болады:

- әлеуметтік қамсыздандырудың жалпыға ортақтығы және қол жететіндігі;

- әлеуметтік қамсыздандыру түрлерінің жан-жақтылығы және көптүрлілігі;

  1. ҚР сайлау жүйесі және сайлау құқығы

Еліміздегі сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік органдар, сайлау комиссиялары болып табылады. Олардың біртұтас жүйесін мыналар құрайды:

республикалық Орталық сайлау комиссиясы;

аумақтық сайлау комиссиялары;

округтік сайлау комиссиялары;

учаскелік сайлау комиссиялары.

Сайлау комиссиясының өкілеттілік мерзімі — бес жыл. ҚР-ның Орталық сайлау комиссиясы сайлау комиссиясының бірыңғай жүйесіне басшылық етеді. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерін Республика Президентінің ұсынуы бойынша Парламент Мәжілісі қызметке сайлайды және қызметтен босатады. Орталық сайлау комиссиясы тұрақты жұмыс істейтін және еліміздің барлық аумағында сайлау туралы заңнамалардың орындалуына басшылық етуді жүзеге асыратын орган болып табылады. ОСК Президент және Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізуді ұйымдастырады, Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге басшылық жасайды, Президент және Парламент сайлауының еліміздегі қорытындыларын шығарады, сайланған Президентті және Парламент депутаттарын тіркейді, заңда керсетілген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады. Саяси партиялардың ұсынысы негізінде жергілікті мәслихаттар құратын, облыстық, аудандык, калалық, каладағы аудандық сайлау комиссиялары аумақтық сайлау комиссиялары деп аталады. Олар Президентті, Парламенттің және мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз етеді. Округтік сайлау комиссиялары саяси партиялардың ұсынысы негізінде жергілікті мәслихаттар сайлайтын орган, ол сайлау округтерінде Парламент Мәжілісінің және мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуді камтамасыз етеді, сайлау округтерінде Мәжіліс депутаттары мен мәслихат депутаттары сайлауын өткізуді тікелей ұйымдастырады. Учаскелік сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастырып, үйлестіріп отырады, учаскелік сайлау комиссияларынан дауыс берудің нәтижелері туралы хаттамаларды алады, солардың негізінде округ бойынша сайлау нәтижелерін аныктайды, бұл туралы БАҚ хабар жариялайды. Учаскелік сайлау комиссияларын аудандық мәслихаттар саяси партияларды ұсынысы негізінде сайлайды. Олар сайлау учаскелерінде Президент, Парламент Мәжілісінің, мәслихаттарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі шараларды жүргізеді (сайлау учаскелерінде сайлаушылардың тізімін анықтайды, сайлау күні сайлау учаскесінде дауыс беруді ұйымдастырады).

Сайлау құқығы Сайлау және сайлану құқығы Қазақстан Республикасы азаматының ең басты саяси құқығы (ҚР Конституциясы. 33-бап). Сайлауға қатысу әркімнің ерік білдіру бостандығы болып табылады. Сонымен қатар сайлауға қатысу кез келген азаматтың азаматтық борышы. Әрбір мемлекет сайлауға азаматтардың басым көпшілігінің қатысуына жағдай туғызады. Сайлауға қатысу — азаматтардың бейкам бақылаушы емес, өз елі үшін жаны ауыратындығының көрсеткіші. Бейкамдык пен қатыспаушылық жағымсыз құбылыстарға жол ашады. Сайлаушылардың сайлауга келмеуі абсентеизм деп аталады.

БИЛЕТ №15

  1. Әкімшілік іс жүргізу

Әкімшілік іс жүргізу дегеніміз – нақты жеке әкімшілік істерді қарау және шешу бойынша өкілетті субъектілердің нормативті реттелген қызметтерінің тәртібі.

Әкімшілік іс жүргізушілік басқалардан шешетін істерінің сипаттарымен ерекшеленеді.

Істердің сипаты іс жүргізудің алдында тұрған нақты міндеттердің ерекшелігін анықтайды, мысалы, әкімшілік құқық бұзушылықты тоқтату, арыз бойынша шешім қабылдау.

Құқық беруші әкімшілік процеске мынадай іс жүргізулердің түрлері жатады:

- жеке құрамды жинақтау (әскери қызметке шақыру, ЖОО қабылдау);

- жекешелендіру;

- азаматтардың арыз, өтініштерін қарау;

- өнертапқыштық туралы істерді, патент туралы істерді;

- мемлекеттік және қоғамдық мұқтаждық үшін жерлерді алу;

- жер бөліктеріне иелік етуге, пайдалануға және азаматтар мен заңды тұлғаларға жалға беру;

- тарату.

Әкімшілік-юрисдикциялық процеске мына іс жүргізулер жатады:

- әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс;

- қоғамға үлкен қауіп төндірмейтін қылмыстың белгілері бар әрекеттер туралы істер бойынша әкімшілік жазалау шараларын қолдану;

- әкімшілік кесу шараларын қолдану;

- арыздар, шағымдар;

- ҚР-сының шегінен шетел азаматтарын және азаматтығы жоқ тұлғаларды қуу;

- өздігінен шаруашылық және тұрмыстық құрылыстарды қулату туралы істер;

- бюджетке белгіленген мерзімде төлемеген салықтар және өзге де төлемдерді төлеттіру туралы істер, кәсіпорындардан бірінші кезекте және даусыз;

- даусыз тәртіпте республикалық бюджеттен бөлінген және мақсатқа сай пайдаланылмаған құжаттарды бюджетке қайтару;

- жерлерді пайдалану ерекшеліктерін үздіксіз бұзғаны үшін жер учаскелерін алу.

Іс жүргізуді сәйкес процестің құрамды бөлігі ретінде ғана қарастыруға болмайды, сондай-ақ әкімшілік-процессуалдық құқықтың институты ретінде де қарастыруға болады. Өзінің тұрғысынан алып қарағанда іс жүргізу дегеніміз – нақты категориядағы істер бойынша құқық қолдануды реттейтін процессуалдық нормалардың жиынтығы.

2.Еңбек құқығы – құқық қайнар көзі ретінде

Еңбек құқығы (ағыл. labour law) - Жалдамалы жұмысшылардың еңбегін реттейтін құқық саласы.

Еңбек құқығы:

• жұмыскермен қызметкердің тікелей еңбек ету жағдайы бойынша жұмыс беруші атынан әрекет ететін әкімшілікпен қатынасын реттейді;

• өндірісті басқаруға жұмыскердің қатысу, еңбек жағдайын тағайындау мен қолдану жағдайы бойынша әкімшіліктің еңбек ұжымымен қатынасы;

• еңбек дауларын қарастыру бойынша қатынастар;

• еңбекті қорғау және бірқатар басқалары бойынша қатынастар

Еңбек құқығы — меншіктің түріне, шаруашылықты жүргізудің ұйымдық-құқықтық пішіміне қарамастан, кәсіпорын (мекеме, ұйым) қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыру саласындағы қарым-қатынастарды реттеп, олардың әлеуметтік құқықтарын қорғайтын нормалар жиынтығы.

Еңбек құқығының қайнар көздері – бұл қай органның қандай мәселелерге қатысты қабылдағанына байланысты ерекшеленетін еңбек заңнамасының нормативтік құқықтық актілері.

В.Н.Уваров атағандай, нормативтік құқықтық актілер екі түрге бөлінеді: негізгі және туынды. Еңбек заңнамасы саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерге ҚР Конституциясы, конституциялық заңдар, еңбек туралы жекелеген заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтары, ҚР Үкіметінің, Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соттың қаулылары, министрліктердің және өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік бұйрықтары, еңбек мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеттердің және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік қаулылары, мәслихаттар мен әкімдердің еңбекті ұйымдастырудың жергілкті мәселелері жөніндегі нормативтік шешімдері жатады.

3.ҚР құқық қорғау органдары жүйесіндегі Прокуратура

Прокуратура — мемлекет атынан заңнама мен құқықтарды сонымен қатар адамның және азаматтың еркіндіктерін қадағалап бақылайтын құқық қорғау органы. Және де басқада функцияларды шектеулі, ұлттық заңнамамен орындалуын қадағалайды.

БИЛЕТ №16

1.Қазақстан Ресмубликасы Президентінің құқықтық мәртебесі ең алдымен Қазақсган Республикасының Конституциясымен, 1995 жылгы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Президенті туралы'' Конституциялық заңмен, 1999 жылдың 6 мамырында енгізілген өзгертулері мен толықтыруларымен, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 қазандағы "Қазақстан Республикасы Президентімің қызметін қамтамасыз ету туралы" Жарльн ғымен регтеледі.

Республика Конституциясыиың III бөлімі Президенгтің құқықтық мәртебесін бекітеді. Президент ең алдымен — мемлекет басшысы және оның ең жоғары лауазымды тұлғасы. Мемлекет басшысы ретінде Президент ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда мемлекет атынан өкілдік ететін ең жогары лауазымды тулға болып табылады. Конституцияға сәйкес Президенттің абыройы мен арнамысына қол сұғылмайды.

Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттік биліктің нышаны, халық пен мемлекеттің бірлігінің, Конституцияны мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мем бостандықтарының кепілі.

Қазақстан Республикасы Президентінің мімдетіне Конституция мемлекеттік биліктің барлық үш тармагыныц келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етуді енгізеді (40-6).

2. Жұмыс Уақыты– қызметкер (жұмысшы немесе қызметші) кәсіпорынның (фирманың‚ мекеменің‚ ұйымның) ішкі тәртібінің ережелеріне сәйкес жұмыс орнында болуға және еңбек міндеттерін орындауға тиіс күнтізбелік мерзім, қызметкердің еңбек процесіне қатысу ұзақтығының өлшемі. Оған, сондай-ақ, әкімшіліктің өкімімен белгіленген нормадан тыс орындалатын Жұмыс уақыты да (мысалы‚ демалыс күндеріндегі жұмыс‚ т.б.) жатады. Еңбек заңнамасында Жұмыс уақыты жұмыс күнінің, жұмыс аптасының, жұмыс айының, жұмыс жылының ұзақтығымен өлшенеді. Жұмыс күні – қызметкердің кәсіпорында бір тәулік ішінде еңбек ететін мерзімі.

1. Күнделiктi жұмыс (ауысым) iшiнде қызметкерге демалу және тамақтану үшiн жинақтап алғанда ұзақтығы бiр сағаттан кем болмайтын үзiлiс берiлуге тиiс. Бұл үзiлiс жұмыс уақытына енгiзiлмейдi және қызметкер оны өз қалауы бойынша пайдаланады.

2. Yзiлiс беру уақыты мен оның ұзақтығы жұмыс берушiнiң актiлерiнде, жеке еңбек, ұжымдық шарттарда белгiленедi. 

3. Өндiрiс жағдайлары бойынша үзiлiс беру мүмкiн емес жұмыстарда жұмыс берушi қызметкерге жұмыс уақытында демалу мен тамақтану мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi. Мұндай жұмыстардың тiзбесi, демалу және тамақтану тәртiбi мен орны қызметкерлер өкiлдерiнiң келiсiмi бойынша жұмыс берушiнiң актiлерiнде немесе ұжымдық шартта белгiленедi.

Ескерту. 53-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен. 

3. Азаматтық іс жүргізу құқығы — азаматтық істерді сотта қараудың және шешудің тәртібін, сондай-ақ соттардың және басқа да кейбір органдардың қаулыларын орындау тәртібін реттейтін құқық саласы. Оның нормалары соттың және процестің барлық қатысушысының қызметін реттейді; сондай-ақ, олардың құқылары мен міндеттерін анықтай отырып, сот мәжілісін жүргізудің тәртібін лгілейді. Азаматтық іс жүргізу заңдарымен бірге, бұл ұғым өзімен аттас ғылымды, әрі оқу пәнін де қамтиды.Материалдық құқық — құқықтық нормаларды белгілейтін заңды түсінік, соның көмегімен мемлекет қоғамдық қатынастарға тікелей, тура құқықтық реттеумен ықпал етуді жүзеге асырады.

Материалдық құқықтың нормалары меншік нысандарын мүліктер мен адамдардың заңдық жағдайларын бекітеді, мемлекеттік органдардың құрылу тәртібі мен құрылын айқындайды, азаматтардың құқықтық мәртебесін, құқық бұзушылық үшін жауапкершілік негіздері мен шектерін белгілейді. Сонымен, мүліктік еңбек, отбасы және өзге де қатынастар — материалдық құқықтың объектілері. 

Іс жүргізу құқығының өзі— бұл азаматтық істер мен дауларды қарау, қылмыстарды тергеу, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарау кезінде пайда болатын қатынастарды реттейтін құқық жүйесіндегі нормалардың бір бөлігі. Іс жүргізу құқығы материалдық құқықпен тығыз байланысты, өйткені оны жүзеге асыру мен қорғау қажетті іс жүргізу нысандарын бекітеді. Іс жүргізу құқығы екі түрлі болады — азаматтық іс жургізу құқығы және қылмыстық іс жүргізу құқығы. Азаматтық іс жүргізу құқығының ерекшеліктерін қарастырайык. Азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың тәртібін реттейтін құқық нормаларын мәжбүрлеп орындату тәртібі азаматтық іс жүргізу құқығы деп аталады.

Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні азаматтық істерді қарау және шешу барысында, сондай-ақ сот шешімдерін орындауға байланысты сот пен процеске қатысушылардың арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды құрайды. Мұндай қатынастарды реттеу тәсілі императивті диспозитивтік деп аталады.

Императивтік (императив — «өкімет», «үзілді-кесілді талап» заң — таңдауға жол бермейтін) деген соттың мемлекеттікбилік органы екендігін және биліктік өкілеттіктер берілгенін білдіреді.

Соттың және судьяның талаптары, тапсырмалары, шақырулары және басқа да өтініштері, сот отырысының төрағалық етушінің өкімдері процеске қатысушылар үшін міндетті болып табылады. Сот төрелік етуді жүзеге асыру мақсатында процеске қатысушыларға мәжбүрлеу шараларымен (мысалы, сот отырысынан тәртіп бұзушыларды шығарып жіберу, мәжбүрлеп алып келуді жүзеге асыру), айыппұл салуға құқылы. Сондықтан азаматтық жүргізу қатынастарын билік және бағыныштылық қатынастары ретінде сипаттайды.

Диспозитивтік азаматтық құқық субъектілерінің осындай құқық объектілеріне билік етуге бағытталған әрекеттерді жасауға толықтай ие екендіктерін білдіреді.

БИЛЕТ №17

1.  Қаржылық бақылау - каржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрыкшалык кызмет жэне каржыны баскарудың функциялык элементтерінің бірі. Ол баскарудың қаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті басқару сияқты басқа элементтерімен тығыз байланысты жэне бір мезгілде жүзеге асырылады.

Қаржылық бақылаудың болуы экономикалық категория ретіндегі каржыға бақылау функциясының тэн болуымен объективті түрде шарттасылған. Бұл функ- ция арқылы каржы бөлудің калыптасып отырған үйлесімдері, қорлардың ара салмағы, оларды қалыптастырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп оты- рады. Қаржының бақылау функциясы материалдык игіліктерді өндіру, айырбас- тау, бөлу және тұтыну үдерісіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық катынастарда ғана адамдардың катысуымен, мынадай белгілі бір шарттардың кезінде: бақылаудың айрықша органдарын күсрғанда; оларды білікті мамандармен толыктырғанда; бұл органдардың құқыктарын регламенттегенде шындыққа айналады.

Сөйтіп, бақылау функциясы қаржыны бакылаудың кұралы ретінде пайда- лану үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде колдану коғамдық өндірісте қаржының іс-әрекет ету барысында жүзеге асырылады. Егер қаржы экономикалық базистің қатынастарын, яғни өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдірсе, каржыны басқарү элементтерінің (жоспарлау, есеп жэне талдаумен катар) бірі ретіндегі каржылық бакылау кондырмалық категория болып табыла- ды. Практикада каржының бақылау функциясы қаржылык бақылау нысанында жүзеге асырылады, бірақ бұл ұғымдарды бірдей деуге болмайды. Бацылау функ- циясы - каржының ішкі касиеті, ал қаржылық бақылау каржыға тэн объективті мазмұн ретіндегі бакылау функциясын практикалық қолдану болып табылады. Қаржылык бакылау жеке емес, баска функциялармен етене байланысты іс-әрекет етеді.

Қаржылық бақылаудың өзіндік өзгешелігі - оның ақшалай нысанда жүзеге асырылатындығында. Оның объекті қаржылық ресурстарды, соның ішінде ұлтт>Л{Лхіаруашылыктың барлық деңгейлері мен буындарында табыстар мен қорланымдарды калыптастыру үдерістері, акшалай қорларды жасау жэне пайда- лану болып табылады. Қаржылық бакылаудың алдында тұрған міндеттерге мыналар жатады: шаруашылық жүргізуші субъектілердің карамағындағы акшалай ресурстар- ды (бюджеттік жэне меншікті каражаттарды, банк кредиттерін, бюджеттен тыс каражаттарды) пайдаланудың дұрыстығын тексеру; мемлекет, ұйымдар жэне халық алдында қаржылық міндеттіліктердің орын- далуын тексеру; каржылық ресурстарды өсірудің, соның ішінде өзіндік кұнды төмендету жэне өнім, қызметтер рентабелділігін арттыру жөнінде ішкі өндірістік резевтерді аныктау; кәсіпорындарда, ұйымдарда және мемлекеттік мекемелерде қаржылық опера- цияларды, есеп айырысуларды жасаудың және ақшалай каражаттарды сақтау ере- желерін сақтауды материалдық құндылықтар мен ақшалай ресурстарды ұтымды жұмсауды тексеру; қаржылық тәртіпті бұзуларды жою жэне ескерту. Оларды айқындап біл- ген жағдайда ұйымдарға, лауазымды адамдарға жэне азаматтарға белгіленген тәртіппен ықпал ету шаралары қолданылады, мемлекетке және ұйымдарға залал- ды өтеу қамтамасыз етіледі. Қаржылық бақылаудың міндеттерін жүзеге асыру нәтижесінде заңдылык жақтарының бірін білдіретін қаржылық тәртіп нығаяды. Қаржылыц тәртіп - бұл мемлекеттік, жергілікті өзін-өзі басқару субъектілерінің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің ақшалай қорларын жасаудың, бөлудің жэне пайдаланудың белгі- ленген ұйғарымдары мен тэртібін айқын сақтау.

2. Заңдык мағынасында отбасы дегеніміз — бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзгеде нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүлікке катысты емес жекебастың құқықтарымен байланыскан адамдар тобы. Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Отбасы-неке қатынасын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңы болып табылады. Отбасылық құқық тек шартты түрде ғана отбасылық деп атауға болатын өзге де қатынастарды реттейді. Мәселен, немерелері мен әжелерінің арасындығы қатынастар; өздерінің отбасын құрып, бөлек тұратын кемелетке толған ағалары мен қарындастарының арасындағы қатынастар. Бұл көрсетілген қатынастардың негізіне көбінесе туыстық жатады, сондыктан да мұндай қатынастарды туыстық қатынастар деп атау керек. Туыстық дегенде бір негізден немесе ортақ бір атадан тарайтынқандас адамдардың байланысы түсініледі. Туыстықтың екі тармағы болады: тікелей және жанама туыстық. Тікелей туыстық адамдардың бір негізден тарайтындығына негізделеді. Туыстық жоғары және төменгі тармаққа ажыратылады. Туыстықтың жоғары тармағы ұрпақтан арғы атаға қарай тарайды (әкеге, шешеге, атаға, атаның атасына және т.б.), төменгі тармак — арғы атадан ұрпақтарына карай тарайды (балаға, немереге, шөбереге және т.б.).

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарушы биліктің жоғары органы болып табылады. Үкімет атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың іс-әрекетіне басшылық етеді. Үкімет бүкіл елде мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады. Үкімет мүшелері республика халқына және Президентке ант береді. Үкімет Президент өкілеттігі мерзімінің негізінде әрекет етеді және жаңадан сайланған Президент алдында өз өкілеттігін доғарады. Үкімет мүшелерінің өкілетті органдарда (мысалы: Парламент,мәслихат) депутат болуға, өзге де ақы төленетін жұмысты атқаруға (оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда), кәсіпкерлікпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе бақылаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жок. Үкіметке кең ауқымды өкілеттіктер берілген. Бұл өкілеттіктердің бәрі — Конституцияда және "ҚР Үкіметі туралы" Конституциялық заңда көрсетілген.

БИЛЕТ №18

1. Неке және отбасы туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылы 17 желтоқсанда қабылданған. 2007 жылы 27 шілдеде өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Бұл Заң мынадай бөлімдерден тұрады

Бұл Заңның Отбасы бөлімінде ата-ана және бала туралы айтылады. Бұл бөлім мынадай 5 тарауларды қамтиды:

  • 8-тарау. Балалардың туу тегін белгілеу (45-51 баптар)

  • 9-тарау. Баланың құқықтары (52-59 баптар)

  • 10-тарау. Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері (60-66 баптар)

  • 11-тарау. Ата-ана құқықтарынан айыру және оларды шектеу (67-75 баптар)

  • 12-тарау. Бала асырап алу (76-99 баптар)

Қазақстан   Республикасында   баланың   құқықтары   туралы   заңнама   Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және бала құқықтарын қорғау саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актілерiнен тұрады: «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591 Заңы, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі.    Қазақстан Конституциясының 27-бабында неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттiң қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрi мiндетi деп белгіленген. Әрбiр баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы бар. Мемлекет баланың жеке басына ешкiмнiң тиiспеуiн қамтамасыз етедi, оны тәнiн және жанын жәбiрлеуден, адамдық қадiр-қасиетiн қатыгездiкпен, дөрекiлiкпен қорлаудан, кемсiтуден, жыныстық қатынас сипатындағы әрекеттерден, баланы қылмыстық iс-әрекетке және қоғамға жат әрекеттер жасауға тартудан, және оны адам мен азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген құқықтары мен бостандығына қысым жасаудың өзге де түрлерiнен қорғауды жүзеге асырады. 2. . Қазақстан Республикасының Парламенті - елдің заң шығару қызметiн жүзеге асыратын ең жоғарғы өкiлдiктi орган.

  • 1995 жылы 30 тамызда бүкiлхалықтық референдуммен қабылданған ҚР Конституциясына сәйкес Парламент екi рет (1995 жылы және 1999 жылы ) сайланды.

 Қазақстан Республикасы Парламентінің құқықтық мәртебесі Парламент республиканың заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді органы болып табылады. Ол қос палаталы, тұрақты негізде жұмыс істейтін — Сенат пен Мәжілістен тұрады. Сондықтан да біздің Парламентіміз кәсіби заң шығарушы орган ретінде қаралады.

Сенат әр облыстан, республикалық манызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасынын барлық актілеу органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың жеті депутатын Сенат өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды.

Мәжіліс жетпіс жеті депутаттан тұрады. Алпыс жеті депутат республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және шамамен сайлаушылардын саны тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады. Он депутат партиялық тізім бойынша сайланады. Парламент өз жұмысын сессиялық тәртіппен жүзеге асырады. Сессия бірлескен және бөлек палаталардан, палаталар бюроларынан, тұрақты комитеттерден және палаталардың бірлескен комиссияларынан тұрады. Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысында республикалық бюджет қаралады және бекітіледі, оның орындалуы туралы Үкіметесеп береді.

Парламент депутаты бір мезгілде екі палатаның мүшесі бола алмайды. Сенат депутаттарының өкілеттілік мерзімі — алты жыл. Мәжіліс депутаттары бес жылға сайланады. Қазақстан Республикасыньың кемінде бес жыл азаматы болған, отыз жасқа толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс өтілі (стажы) бар, тиісті облыстың (яғни оны депутаттық я сайлайтын облыстың), республикалық маңызы бар қаланың не республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрған азаматы Сенат депутаты бола алады.

Қазақстан Республикасынын жасы жиырма беске толған азаматы Мәжіліс депутаты бола алады. Мәжіліс депутаттығына кандидат өзінің тұрақты қайсы жерде тұратын мекеніне қарамастан 67 сайлау округінің қалаған біреуінен дауысқа түсе алады. Парламенттің конституциялық-құқықтық мәртебесімен таныса отырып, мынадай жағдайды анықтаудың маңызы зор. Конституция түптегенде нақтылап мыналарды белгілейді:

  • тек қана екі палатаның біріккен отырысында қандай мәселелер қаралады;

  • қандай мәселелер тек кана әрбір палатаның құзыретіне жатады;

  • қандай мәселелерді әрбір палата дербес, яғни басқа палатаның қатысуынсыз қарауы мүмкін;

  • тұтас алғандағы Парламент құзыретіне жататын мәселелер палаталардың бөлек отырысында қалай қаралады.

  • Парламент депутатының мәртебесін көтеру мақсатында депутаттық қызметке арнайы кепілдіктер беріледі.

Парламент депутатын оның өкілеттік мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын оларға қолдануға (қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттерді қоспағанда), тиісті палатаның келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.

3. Адам құқықтарын реттейтін халықаралық актілер мен шарттар

XXI ғасыр адамның құқықтары мен бостандығын бірінші орынға койды. Әрбір демократиялық мемлекет адам құқықтарын құрметтеуге, оларды қамтамасыз етуге және бұзбауға міндеттенеді.

1948 жылғы 10 желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясын қабылдады, онда адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу барлық мемлекеттер мен қоғамның аса маңызды міндеті екендігі жария етілді. Бұл Декларацияда өмір сүру құқығы, барлық адамдардың теңдігі, бостандық пен жеке басқа қолсұғылмаушылық құқығы, тұрғын үйді қорғау құқығы, азаматтық және саяси құқықтар алғаш рет айқындалды. Оның үлкен халықаралық маңызы да осында. Бұл Декларация 30 баптан түрады. Олардың кейбіреулеріне жеке-жеке тоқталып өтейік.

1-бап. Барлық адам өзінің абыройы мен құқығы жөнінен бір-бірімен тең әрі азат болып туады. Оларға ақыл-ой мен ар-ождан берілген, ендеше бір-бірімен бауырмалдық рухында ғана қарым-қатынас жасауға тиісті.

3-бап. Әрбір адамның өмір сүруге, еркіндікке және қолсұғылмайтын дербестікке құқығы бар.

7-бап. Барлық адам заң алдында тең және ешқандай айырмасыз заңды түрде теңдей қорғалуға құқылы.

29-бап. Әрбір адам өзінің еркін әрі толық кемелденуіне мүмкіндік бере алатын қоғам алдында борышты.

Өкінішке орай, жалпыға бірдей Декларацияда халықтар мен ұлттардың өзінің мемлекеттік құрылысын өзі шешу құқығы, соғысты насихаттауға тыйым салу көрініс таппаған. Декларацияда жарияланған адам құкықтары мен бостандықтарын мемлекеттердің сақтау міндеттеріне нұскау берілмеген, кепілдіктер көрсетілмеген, жарияланған адам құқықтарын жүзеге асыру жолдары мен құралдары айтылмаған. Алайда әлемдік қауымдастық әркашан әлемдегі соғыс пен зорлыққа тыйым салуға ұмтылады. Адам құкықтарының жалпыға бірдей Декларациясынан басқа адам құқықтары туралы халықаралық пактілер бар. Олар — экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакті, 1966 жылғы 19 желтоқсандағы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакті.

Оларда мынадай ережелер мазмұндалған: халықтар мен ұлттардың өзінің мемлекеттік құрылысын өзі шешу құқығы, еңбек ету құкығы, кәсіподақтық бірлестіктер құру құқығы, білім алу, ерлер мен әйелдердің теңдігі туралы жалпылама тең және құпия дауыс беру туралы құкықтар және т.б.[1]

БИЛЕТ №19

  1. Заңды тұлға түсінігі және түрлері

  2. Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша құқықтыққатынас түсінігі және түрлері

  3. Құқық қорғау органдарының жүйесіндегі Конституциялық Кеңес

  1. Заңды тұлға – заң бойынша азаматтық құқықтар мен міндеттердің субъектісі болып табылатын кәсіпорын‚ мекеме‚ ұйым‚ фирма, т.б. Ол өз атынан мүліктік және жеке беймүліктік құқықтар мен міндеттемелерді сатып ала алады‚ сотта‚ төрелік сотта (арбитражда) талапкер немесе жауапкер бола алады. Әрбір заңды тұлға заңда‚ әкімшілік актіде немесе өзінің жарғысында көзделген міндеттерді жүзеге асырады‚ сол тәртіппен реттелетін ішкі құрылымы болады‚ меншігінде, шаруашылық жүргізуінде немесе оралымды басқаруында оқшау мүлкі бар және осы мүлікпен өзінің міндеттемелері бойынша жауап береді.

Заңды тұлғаның фирмалық атауы‚ дербес балансы мен сметасы‚ банктерде есеп айырысу шоттары, сондай-ақ мөрі болады. Ол дербес салық төлеуші ретінде әрекет етеді. Заңды тұлға мүлкінің құралуына қатысуына қарай оның құрылтайшыларында осы заңды тұлғаға қатысты міндеттемелік құқықтары не оның мүлкіне заттық құқықтары болады. Құрылтайшыларының міндеттемелік құқықтары бар заңды тұлғаға жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен акцион. қоғамдар, өндірістік кооперативтер мен тұтыну кооперативтері жатады. Мүлкіне құрылтайшыларының меншік құқығы немесе өзгедей заттық құқығы бар заңды тұлғаға мемл. және жергілікті (муниципалдық) кәсіпорындар, соның ішінде еншілес кәсіпорындар, сондай-ақ, меншік иесі қаржыландыратын жекеменшік кәсіпорындар (фирмалар) жатады. Құрылтайшыларының мүліктік құқықтары жоқ заңды тұлғаға қоғамдық және діни ұйымдар (бірлестіктер), қайырымдылық және өзгедей қорлар, бірлестіктер (қауымдастықтар мен одақтар) жатады. Сондай-ақ, өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда алуды көздейтін коммерциялық ұйымдар мен табыс алуды көздемейтін және алынған табысты құрылтайшылар арасында бөліспейтін коммерциялық емес ұйымдар да Заңды тұлғаға жатады.

2. Әлеуметтік қамсыздардыру саласындағы құқықтық қатынастардың түсінігі

Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастар қоғамдық қатынастардың бір түрі болып табылады. Олар бір мезетте әлеуметтік қорғану құқығын жүзеге асырудың ерекше нысаны болып табылады.

Кез келген құқықтық қатынастар сияқты әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастар құқықтық нормалардың әсерімен туындайды, өзгереді және тоқтатылады. Сол себепті, құқықтық қатынастар ретінде қатынастар қатысушылары (субъектілері) арасындағы байланыстар, сонымен қатар, олардың өзара құқықтары мен міндеттері аталады. Яғни, әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастар құқықтық қатынастар болып табылады, себебі олар тиісті заңдардың нормаларын қолдану кезінде туындайды.

Соған қоса, әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастар іс жүзіндегі қатынастар болып табылады және материалдық, мүліктік қатынастардың санатына жатады. Сондықтан, олар тек құқықтық нормаларға ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік қамсыздандыруға құқық беретін немесе бермейтін олармен байланысты материалдық жағдайларға, өмір жағдайларына, заңды фактілерге де тәуелді болады.

Сол себепті, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатынастарды құқық нормаларының негізінде туындайтын, ақша төлемдерін төлеуге, қызмет, жеңілдіктер көрсетуге қатысты, мемлекеттік органдар, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен оларға құқылы жеке тұлғалардың арасында туындайтын қатынастар ретінде сипаттауға болады.

Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты қатынастар сипаты бойынша әртүрлі, олар өз құрылымына, элементтер жиынтығына ие және осы ерекшеліктері арқылы ашылады.