Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БИЛЕТы ОСНОВЫ ПРАВА.docx
Скачиваний:
62
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
175.01 Кб
Скачать

8 ББилет №8

  1. 1. Азаматтық құқықтыққатынас. Азаматтық заңдармен тауар - ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, меншікке қол сұқпаушылықты, шар еркіндігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол бермеуге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірген құқықтардың қалпына келтірілуін, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді.     Азаматтық құқықтық қатынастардың элементтері субъектілері, объектілері мен мазмұны, ал негізгі бастаулары Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық Кодексі, оған сәйкес қабылданған өзге де заңдар және заңға тәуелді кесімдер болып табылады.                Азаматтық құқықтық субъектілері.      Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың субъектілеріне : жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық,бөліністер жатады.     Жеке тұлға - Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар.Азаматтарда өз құқықтары мен іс-әрекетін жүзеге асыру үшін құқықтық және әрекет қабілеттілігі болуы тиіс.Азаматтың құқықтың қабілеттілігі - бұл азаматтық құқық пен азаматтық міндеттемелерге ие болу қабілеттілігі.Ол адам туылғанда пайда болып және адам өлгенде барып тоқтатылады.  Құқықтың қабілеттілігінің негізінде азаматтар: -    өзінің меншігіндегі мүлікке ие бола алады; -    мүлікті мұрагерлікке беріп және өсиет ете алады; -    заңмен шектелмеген кез келген кәсіпкерлікпен шұғылдана алады; -    заңды тұлға құра алады; -    заңмен тыйым салынбаған кез келген мәмілелер жасап міндеттемелерге қатыса алады; -    тұрғылықты тұратын жер таңдап ала алады; -    әдебиет пен өнер, ғылыми еңбектердің авторы, өнертапқыштық және басқа да заңмен қорғалатын интеллектуалдық қызметке авторлық құқығы болуға; -    басқа да мүліктік және мүліктік емес құқықтарға ие бола алады.

  2. 2. Құқықтық жүйе — құқықтық шындықтың басқа белсенді элементтерімен — құқықықтық идеологиямен жəне сот тəжіри-бесімен біртұтас қарастырылатың құқық. 1. Құқық жүйесінің түсінігі. Құқық жүйесі – бұл құқықтың өзінің құрылымы, оның салаларға, институттарға бөлінуі. Құқық-тың жүйелік құрылымы оның белгілі бір байланыстағы көптеген элементтерден құралған біртұтас құрылым екендігін білдіреді.

Құқық жүйесінің негізгі сипаттары:

1) оның алғашқы элементі болып құқық нормалары табылады, олар, өз кезегінде, біріге отырып, ірі құрылымдарды – институт-тарды, салаларды құрайды;

2) оның элементтері бір-біріне қайшы келмейді, іштей үйлес-кен, тығыз байланыстылыққа ие; бұл құқық жүйесінің тұтастығын қамтамасыз етеді;

3) ол əлеуметтік-экономикалық, саяси, ұлттық, діни, мəдени, тарихи факторлармен тығыз байланысты;

4) ол объективтік сипатқа ие, себебі, объективтік сипаттағы қатынастаға тəуелді жəне адамдардың субъективтік қалауы бойынша қалыптасуы мүмкін емес.

3. Меншік құқығы және басқа да мүліктік құқықтар Меншікдегеніміз—бұл жеке адамның затқа байланысты қарым қатынасы. Сондай-ақ меншік заң бойынша қорғалды Біздің елімізде меншіктің заңдастырылған екі түрі бар: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Қазақстан республикасының Конституциясына сәйкес олар бірдей мойындалады және қорғалады. Жеке меншік—бұл азаматтардің және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі, ал мемлекеттің иелігіндегі мүліктер мемлекеттік меншік болып есептеледі Біздің еліміздегі нарықтық қатынастар мемлекеттік меншіктің әр түрлі формаларының қажеттілігін тудырады.Сондықтан да біздің елімізде мемлекеттік меншікті жеке меншікке айналдыру (приватизация) жүргізіліп жатыр.

Кейбір жағдайларда мүлік тек біреудің меншік құқығында ғана емес, бірнеше адамға тиісті болуы мүмкін. Бір немесе одан да көп бірнеше тұлғаның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады. Ортақ меншіктің үлестік және бірлескен ортақ меншік деген түрлері бар. Меншік иелерінің үлестері белгілі болса, онда ол үлестік ортақ меншік болады. Меншік құқығына қатысты үлестері белгіленбеген болса, онда олардың үлестері өзара тең. Бұл — бірлескен ортақ меншік.

Меншік құқығын иемдену тәртібі

Меншік құқығының пайда болу негіздерін бастапқы және туынды деп ажыратуға болады. Бастапқы негізге бұрын ешкімнің меншік құқығында болмаған мүлік жатқызылады, яғни, жаңа салынған үй, олжа, қараусыз жануарлар, т.б. Туынды негіз мүліктің бір тұлғадан екінші тұлғаға өтуі негізінде пайда болатын меншік құқығы, мысалы, келісім бойынша жасалуы мүмкін сату — сатып алу, айырбастау, сыйлау.

Қазақтың әдет-ғұрып заңында бірінші болып жерді басып алу құқығы болған, яғни кімде-кім бірінші болып қыстаудан көшіп, жаңа жерге орнығып алса, жайылым мен суат соның меншігі болып саналған.

Бұл құқық табиғи суаттарға ғана қатысты, ал жасанды суаттарға, құқықтар мен тоғандарға меншік құқығы осыларды жасаған адамдарға байланысты анықталған.

БИЛЕТ №9

  1. Әділ сот түсінігі және қағидалары

Әділ сот ісін жүргізу құқығы жеке құқықтардың қосылуын білдіреді, сот төрелігін жүргізу барысында олардың әрқайсысын қамтамасыз ету сот ісін жүргізудің әділ болу-болмауын анықтауға мүмкіндік береді. Әділ сот ісін жүргізу құқығын оны құрайтын құқықтарды топтастырып, үш элементке бөлуге болады: 1) сотқа дейінгі құқықтар, 2) сот процесі кезіндегі құқықтар, 3) соттан кейінгі құқықтар.

Сотқа дейінгі құқықтарға мыналар жатады: бостандық құқығы; қылмыс жасады деген күдікпен тұтқындалған немесе ұсталған адамдардың ақпарат алу құқықтары; сотқа дейінгі қорғаушы алу құқығы; тез арада судьяның немесе басқа сот лауазымды адамның алдында болу құқығы; тұтқындаудың/ұстаудың заңдылығын даулау құқығы; ақылға қонымды мерзімде сотта қаралу немесе қамаудан босау құқығы; жауап алу кезіндегі құқығы, қамауда ұстаудың адамның қадір-қасиетіне лайықты болу және азаптаудан еркін болу құқығы.

«Сот процесі кезіндегі құқықтар» тобы заң мен сот алдындағы тең құқықты; істі заң анықтайтын білікті, тәуелсіз және әділ соттың қарауы құқығын; әділ сот қарауы құқығын; кінәсіздік презумпциясын; түсінік беруге немесе кінәсін мойындауға мәжбүрленбеу құқығын; азаптау немесе мәжбүрлеудің басқа жолымен алынған түсініктерді алып тастауды; кері күші бар қылмыстық заңнаманы қолдануға және бір іс бойынша қайта қудалауға тыйымдарды; өзін жеке басы арқылы немесе адвокат көмегімен қорғау құқығын; сотта және апелляция беру кезінде қатысу құқығын; куәларды шақыру және сұрақ беру құқығын; аудармашыға және жазбаша аудармаға құқығын; апелляция құқығын қамтиды.

Соттан кейінгі құқықтар тобына шағымдану құқығы және жіберілген сот қателігі үшін зиянды өтеуді талап ету құқығы кіреді.

Қылмыстық іс бойынша әділ сот ісін жүргізу құқығы осы жеке тұлғаны қылмыстық процеске тартқан сәттен пайда болады. Қандай да бір сот ісінің жағдайына қарай бұл сәт ұстаумен, тұтқындаумен немесе айып тағылумен қабат кеп қалуы мүмкін. Осылайша, әділ сот ісін жүргізу кепілдіктері қылмыстық істі қозғау, алдын ала тергеу және жауап алу процестерінде, сондай-ақ соттың мүмкін болатын апелляциялық (байқау) шағымы бойынша әрекеттерін қоса алғандағы соттың істі қарауы барысында қамтамасыз етілуге тиіс.