Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БИЛЕТы ОСНОВЫ ПРАВА.docx
Скачиваний:
62
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
175.01 Кб
Скачать

3ҚКұқықтың қайнар көзі

  1. Жалпыға міндетті, заңдық маңыз берілген, мемлекеттен шығатын және мемлекет мойындаған ресми іс-құжатты нысанда көрінетін нормалардың жиынтығы құқықтың дерек (қайнар) көздері деп аталады. Құқықтың қайнар көздерінен құқықтың нысандарын (формаларын) айыра білу керек. Біріншіден, құқықтың қайнар көздері әрқашан құқықтың нысан түрінде институтталған, ал құқық нысаны құқық шығару (құқық қабылдау) іс- әрекетінің нәтижесі. Екіншіден, адамдардың мінез-құлығын құқықтың нысанына сіңген құқық ережелері анықтайды, реттейді. Құқықтың келесі қайнар көздері белгілі: 1) құқықтық дәстүр – мемлекет рұқсат берген дәстүр; 2) заңдық прецедент - келешекте осы тектес барлық істерді шешуде үлгіге айналған сот немесе әкімшілік органның шешімі; 3) нормативтік келісім - құқықтың түрлі субъектілері арасындағы келісімнің құқықтық нормалары; 4) нормативтік-құқықтық акт - құқық нормаларынан тұрады және алдын-ала шектелмеген жағдайларды реттеуге бағытталған және үздіксіз қолданылады. Барлық нормативтік-құқықтық актілер заңдар мен заңға тәуелді актілерге бөлінеді. Сондай-ақ, құқықтану, құқық негіздеріне байланысты әдебиеттерде құқықтың алты қайнар көздері былай көрсетіледі: құқықтық дәстүр, нормативтік кесім, соттық үлгі, шарт (соның ішінде әкімшілік), сот практикасын байыту, ғылыми құқықтық доктрина.

  2. Құқықтың ең алғашқы қайнар көздерінің бірі бұл құқықтық дәстүр. Адамдардың үнемі қолдануының барысында әдетке айналған, сақталуы мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етілетін, мінез-құлық ережелерінің жиынтығы құқықтық дәстүр деп ат\ды. Дәстүр мемлекет пайда болған кезде ғана құқықтық сипатқа ие болады. Себебі, дәстүр мемлекеттің қолдауына сүйеніп жалпыға бірдей міндеттілікке айналады.

  3. Құқықтың қайнар көздерінің тағы бірі докторина деп аталады. Докторина деген сөз ілім, ғылыми философиялық не құқықтық теория, құқықтық білімдер жүйесі деген мағына береді. Мыс, діни докторинаға сүйеніп біршама қоғамдық қатынастар құқықтық сипатқа ие бола алады. Нақтырақ айтсақ Ислам дінінде Құранның, Шариғаттың көмегімен кейбір отбасы –некелік, мүліктік ж\е де басқа даулар қаралып шешілген. Сонда Шариғаттық докторинаға негізделіп қабылданған шешім заң деп есептелген.

  4. Құқықтың қайнар көзіне келесі бір құқықтық өске өнеге болатын құқықтық үлгі де жатады. Құқықтың үлгінің соттық ж\е әкімшілік сияқты екі түрі болады.

БИЛЕТ №23

Еңбекақы Жалақы — еңбектің күрделілігіне, саны мен сапасына сәйкес төленетін сыйлық (табыс). Еңбекақы — қаржыландыру көзіне қарамастан , ақшалай немесе заттай түрде еңбекке төленетін ақылардың барлық түрі, сондай-ақ, әр алуан сыйақылар, қосымша төлемдер, үстеме ақылар мен әлеуметтік жеңілдіктер. Бұлардың қатарына арнаулы заңға сәйкес қызметкерлерге жұмыс істемеген уақыты (жыл сайынғы еңбек демалысы, мерекелік күндер, т.б.) үшін берілетін ақша сомасы да жатады. Е-ны нормалау негізгі екі әдіс: орталықтық және келісімшарттық реттеу арқылы жүзеге асырылады. Еңбекке ақы төлеуді орталықтан реттеу дегеніміз Е. тарифтерін, қызметкерлердің барлық категорияларына Е. төлеуге арналған бірегей тарифтік кесте қолданудың негізгі шарттарын, қызметкерлердің кәсіби біліктілігі бойынша сараланған разрядаралық кесімді коэффициенттерді, т.б. мемлекеттің тағайындауын білдіреді. Яғни Е-ны орталықтан реттеу мемл. нормалау тәсілі болып саналады. Сондай-ақ, Е-ны келісімшарт арқылы нормалау әдісі де қолданылады. Нарықтық қарым-қатынастардың, еңбек нарығының қалыптасу жағдайында Е. мөлшерін ұжымдық-келісімшарттық және жекеше-келісімшарттық реттеудің (ұжымдық және жеке еңбек келісімшарттары, шарттамалар) үлес салмағы артып келеді. Ал орталық реттеу тәртібі, негізінен, мемл. бюджет есебінен қаржыландырылатын мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің еңбегіне қатысты қолданылады. Жалақының ең аз мөлшері — Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік беретін меншік түрлеріне қарамастан, ұйымдарда жалданып жұмыс істейтін адамдарға төленетін ақшалай төлемдердің ең аз мөлшері. Жалақының ең аз мөлшерін Қазақстан Республикасының Парламенті жыл сайынғы республика бюджеті бойынша анықтайды.

Мемлекет жалақының ең аз мөлшеріне кепілдік береді. Соның өзінде бұл ереже олардың қызмет саласы мен ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, экономиканың мемлекеттік секторының барлық кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ жекеменшік ұйымдарда жалданып жұмыс істейтін қызметкерлерге де қатысты.

Еңбекақынын ең аз мөлшері жылға тиісті бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы белгіленеді және жыл сайын қайта қаралады. Мысалы, 2005 жылы еңбекақының ең аз мөлшері жеті мың теңгені құрады.

Жалақыны нормалау мемлекет орталықтандырған және шарттық деп аталатын негізгі екі әдіс бойынша жүзеге асырылады.

Жалақыны орталықтандырылған әдіспен реттеу мемлекеттік нормалау әдісін білдіреді. Ол мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын мекемелердің, ұйымдардың қызметкерлеріне қатысты.

Жалақыны шарттық әдіспен реттеу ұжымдық және жеке еңбек шартының негізінде жүргізіледі.

Айлық тарифтік ставкалар мен лауазымдық ақылар еңбекке ақы төлеу саласындағы мемлекеттік тарифтер болып табылады.

2 Мемлекеттік басқаріБасқару мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда, қоғамдық құрылыстың барлық саласында қолданылып, аз шығындармен барынша тиімділікке қол жеткізуді көздейді. Сондықтан да басқару теориясы мен тәжірибесі барлық деңгейлерге тән. Басқару процес ретінде жалпылама сипатқа ие болып, табиғаттың барлық құбылыстарында, яғни өлі табиғатта, тірі табиғатта және қоғамдағы әлеуметтік жүйені басқару процестерінде орындалады. Осыған байланысты басқару ісі барлық бірдей территориялық бөліктерде, әлеуметтік экономикалық жүйелерде обьективті түрде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын басқарудағы дербестілік саяси алғышарттарының қажеттілігін ескертеді. 80 жылдардың екінші жартысынан тастап бұрынғы Кеңес одағында, сондай-ақ Қазақстан қоғамдық саяси ахуал қарама - қайшылықтармен сипатталып, қоғамдық тұрақсыздықты көрсетті. Орталықтың Республика мен оның аймақтарының мүдделерін ескермеуі, қоғамдық және территориялық еңбек бөлінісінде орын алып отырғандай, мекемелік және жергілікті мүдделердің қарама-қайшылығының артуы, табиғи ресурстардың бей - берекет пайдаланылуына мүмкіндік беруі экономикалық ахуалдың шиеленісе түсуіне әкеліп соқтырды. Тұрақсыздықтың ең басты себебі жоғарыда аталғандай жүйенің ішкі тоқырауында болды. Тіпті 1993 жылдың аяқ кезіне дейін дербес экономикалық саясат орын алмады.  Барлық шаруашылық жүргізу жүйелерінің ішінде ең тиімдісі болып нарықтық экономика табылады. Ол еңбекті ынталандыруды жетілдіреді, өнім өндірушілердің экономикалық дербестігін қамтамасыз етеді, өндірушілердің монополиясына жол бермейді және өндірісті тұтынушы сұранысына бағыттайды. Республикамызда терең де батыл өзгерістерді жүзеге асыруда нақтылы алғышарттар қажет етілді. Осы бағытта 1990 жылы 25 қазанда Қазақстан мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы және 1993 жылы Республиканың Ата Заңының қабылдануы мемлекетіміздің тарихындағы жаңа сәт болып табылды. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған екінші Конституциясы және 1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы конституциялық заң еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуында айрықша орын алады.\ ірінші заң Қазақстан Республикасының Конститутциясына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзретін, қызметтің ұйымдастырылуын, тәртібін, сондай-ақ мәслихат депутаттарының құқықтық жағдайын белгілейді. Сонымен бірге өзін-өзі қаржыландыру мәселесі де қарастырылған. Заңның үшінші бабында былай деп жазылған: жергілікті мемлекеттік басқару қызметінің экономикалық және қаржылық негізін: жергілікті бюджет; коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлік, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес коммуналдық меншіктегі өзге де мүлік құрайды. Ұғыну барысында екі заңның айырмашылығын білу өте қажет. 

3.Мемлекеттiк қызмет туралы заңдар  М Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппараттарындағы кәсіптік қызметі. Мемлекеттік қызмет әрқашан да мемлекет қаражат қорынан қаржыландырылады, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы мен жолсапар шығындарыбюджеттен өтеледі және қажет болған жағдайда арнайы баспанаға, ғимаратқа орналастырылып, өздеріне жүктелген өкілеттілікті атқаруға қажетті арнаулы керек-жарақпен жабдықталады. Сондай-ақ мемлекеттік қызметкердің айрықша мәртебесі болады. Қызмет мерзімі ішінде мемлекеттік қызметшілерге өз өкілеттігін жүзеге асыруға керекті міндеттер мен арнайы құқықтардан бөлек әлеуметтік артықшылықтар мен жеңілдіктер беріледі. Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының 21-бабында әрбір адамның өз елін басқаруға қатысуға құқы танылған. ҚР сол декларацияға қосылушы мемлекет ретінде өзінің әрбір азаматының Мемлекеттік қызметке кіруге деген тең құқығын Конституцияда белгіледі. Мемлекеттік қызметке үміткерге қойылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына қарай әртүрлі болады. Соған орай азаматтың Мемлекеттік қызметке кіруіне кедергі болатын негіздер де заңдарда көрсетіледі. Басты негізге азаматтың қасақана қылмыс үшін сотталғандығы жатады. Шет ел азаматтарының ҚР-ның Мемлекеттік қызметіне кіруіне құқы жоқ. Конституцияға сәйкес, мемлекеттік қызметкердің жасы 60-тан, ерекше жағдайларда 65- тен аспауы тиіс екендігі көрсетілген. ҚР-да Мемлекеттік қызмет жүйесін

  • саяси

  • әкімшілік болып екі санатқа бөлінген лауазымдар құрайды. Саяси лауазымға мемлекеттік саясатқа ықпалды жоғары лауазымдар жатады, қалған лауазымдар әкімшілік санатта одан әрі жіктеледі.

емлекеттiк қызмет туралы заңдар Конституциядан, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.  3-бап. Мемлекеттiк қызметтiң принциптерi  1. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк қызмет: 1) заңдылық 2) қазақстандық патриотизм; 3) мемлекеттiк өкiметтiң заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлiнуiне қарамастан, мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң бiртұтастығы; 4) азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi алдындағы басымдығы; 5) жалпы қол жетiмдiлiк, яғни Республика азаматтарының мемлекеттiк қызметке қол жеткiзуге және өз қабiлеттерi мен кәсiби даярлығына сәйкес мемлекеттiк қызмет бойынша жоғарылатылуға тең құқығы; 6) азаматтардың мемлекеттiк қызметке кiруiнiң ерiктiлiгi; 7) мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiбилiгi мен жоғары бiлiктiлiгi; 8) мәнi бiрдей жұмыстарды орындағаны үшiн еңбекке ақыны тең төлеу; 9) жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар өз өкiлеттiгi шегiнде қабылдаған шешiмдердi орындаудың бағынысты мемлекеттiк қызметшiлер мен төменгi мемлекеттiк органдардың қызметшiлерi үшiн мiндеттiлiгi; 10) мемлекеттiк қызметшiлердiң бақылауда болуы және есептiлiгi; 11) мемлекеттiк құпиялар немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып есептелетiн қызметтi қоспағанда, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру; 12) мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық және әлеуметтiк қорғалуы; 13) мемлекеттiк қызметшiлердi қызметтiк мiндеттерiн адал, ынталы атқарғаны, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн көтермелеу; 14) мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк мiндеттерiн орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны және өздерiнiң өкiлеттiгiн асыра пайдаланғаны үшiн жеке жауаптылығы; 15) мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн арттыруды үздiксiз жүргiзу принциптерiне негiзделедi.

БИЛЕТ №24

  1. Әкімшілік жауапкершілік Әкімшілік жауапкершілік — азаматтар мен лауазымды адамдардың өздерінің әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттері үшін заңалдындағы жауапкершілігінің бір түрі. Кінәлі адамдар өзі құқық бұзған уақытта және территорияда қолданылатын заңдар негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қазақстан Республикасында 1984 жылы 24 наурызда қабылданған (1995 жылы 1 сәуірде бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізген) “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі” қолданылады. Осы құжат бойынша әкімшілік жауапкершілікке құқық бұзған сәтте 16 жасқа толған азаматтар ғана тартылады. Әскери қызметшілер мен әскери жиындарға шақырылатындар, ішкі істер органдарының қызметкерлері әкімшілік құқықты бұзған ретте тәртіптік жарғылар бойынша жазаланады. Қазақстан Республика Парламентінің депутаттарын — сәйкесті Парламент палатасының, жергілікті мәслихат депутаттарын — сәйкесті өкілетті органның келісімінсіз, ал Қазақстан Республикасының судьяларын Қазақстан Республика Президентінің келісімінсіз Әкімшілік жауапкершілікке тартуға болмайды. Сондай-ақ республикадағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды, өзінің іс-әрекетіне есеп бере алмайтын, есі дұрыс емес адамдарды т.б. Әкімшілік жауапкершілікке тартуға қатысты мәселелер қолданыстағы әкімшілік кодексте егжей-тегжейлі көзделген.

  2. Әкімшілік құқықтың субъектісі деп ҚР-ның қолданылып жүрген заңнамаларына сәйкес әкімшілік құқықпен реттелетін басқарушылық қоғамдық қатынастардың қатысушылары (тараптары) бола алатын адам немесе ұйым түсініледі. Бұл сияқты субъектілер тобы әр түрлі. Бірақта мұндай субъект болу үшін ерекше заңдық қасиеті болуы қажет. Бұл қасиет-әкімшілік құқық-субъектілігі. Әкімшілік құқық субъектілігі дербес құқықтық маңызы бар екі элементтен тұрады: әкімшілік құқық қабілеттіліктен және әкімшілік әрекет қабілеттіліктен.  Әкімшілік құқық қабілеттілік — жалпы құқық қабілеттіліктің көрінісі, яғни әкімшілік — құқықтық нормалармен белгіленген және қорғалатын қандай да бір субъектінің әкімшілік-құқықтық міндеттер мен құқықтарды иеленетін, сондай-ақ мемлекеттік басқару аясында оларды жүзеге асыру үшін заңдық жауапкершілікте болатын мүмкіндігі. Бұларға тән белгі нақты әкімшілік-құқықтық қатынастарға шынайы түрдегі қатысудың өзі емес, соларға қатысушы бола алатын мүмкіндігі. Құқық қабілеттілік осындай ұғымында жеке немесе заңды тұлғаның әкімшілік құқықпен реттелетін басқарушылық қатынастарға қатысуы үшін алғы шарт болып табылады. Сондықтан әкімшілік құқықтың субъектілері мен әкімшілік-құқықтық қатынастардың субъектілерін теңдестіруге болмайды, олардың арасында айтарлықтай айырмашылық бар.  Әкімшілік құқықтың субъектілері әкімшілік құқық субъектілігінің екінші элементін, яғни әкімшілік әрекет қабілеттілікті иеленген кезде әкімшілік-құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады. Бұл адамның немесе ұйымның өзінің іс-әрекеттерімен құқықтар иемденуді, өзіне заңдық міндеттер алуды, сондай-ақ өзінің іс-әрекеттері үшін жауап беретіндігін болжайды. Нақтылап айтқанда сөз адамның немесе ұйымның өзінің әкімшілік құқық қабілеттілігін нақты әкімшілік-құқықтық қатынастар шеңберінде жүзеге асыратын іскерлік қабілеттілігі туралы болып отыр. Құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілік әкімшілік құқық субъектілігінің статиқалық (тұрақты) және динамикалық (өзгермелі) белгілері ретінде ара қатыста болады. Бірақ практикада олардың арасына айқын шек қою әрқашанда мүмкін емес.

  3. Әкімшілік құқықтық қатынас

Әкімшілік-құқықтық қатынастар құқықтық қатынастардың бір түрі болып табылады. Оларға қандай да болмасын құқықтық қатынастардың барлық негізгі белгілері тән, атап айтқанда, құқықтық норманың біріншілігі, соның арқасында құқықтық қатынас тиісті құқықтық норманың тиісі қоғамдық қатынасқа, оған заңдық нысан беретін, реттеушілік ықпал жасауының нәтижесі; осы қатынас тараптарының іс-қимылдарын (мінез-құлықтарын) құқықтық нормамен реттеу: құқықтық нормамен белгіленетін құқықтық қатынас тараптарының өзара міндеттері мен құқықтарын сәйкестендіру (корреспонденциялау) және с.с. Сонымен, әкімшілік-құқықтық қатынастар - бұл әкімшілік құқық нормаларымен реттелінген басқарушылық қоғамдық қатынастар, ондағы тараптар әкімшілік-құқықтық нормалармен тағайындалған және кепілденген өзара байланысты міндеттер мен құқықтарды иеленуші болып табылады. Бұл құқықтық қатынастардың қатысушылары (тараптары) мыналар болуы мүмкін: Қазақстан Республиксының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар; мемлекеттік ұйымдар: атқарушы билік (мемлекеттік басқару) органдары: мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер; мемлекеттік емес ұйымдар; қоғамдық бірлестіктер (партиялар, одақтар т.с.с); еңбек ұжымдары; жергілікті өзін-өзі басқару органдары; коммерциялық құрылымдар; жеке кәсіпорындар мен мекемелер. Әкімшілік-құқықтық қатынастар тараптардың қайсысының болса да - басқару органының, азаматтың және сол сияқты басқалардың - ынтасы бойынша пайда болады. Бірақ екінші тараптың келісім немесе тілегі олардың пайда болуына барлық жағдайларда міндетті шарт емес. ол екінші тараптың тілегіне қарамастан немесе оның келісімінсіз де пайда болуы мүмкін. Бұл белгі оларды азаматтық-құқықтық қатынастардан ерекшелейді. Тараптардың арасындағы әкімшілік-құқықтық даулар, қағида бойынша, әкімшілік тәртіппен, яғни өкілетті басқару органының немесе лауазымды адамның тікелей заңдық биліктік және біржақты өкім ету жолымен шешіледі.

БИЛЕТ №25

  1. Қаржы құқығы - құқық қайнар көзі ретінде

Қаржы құқығының объектісі болып тек мемлекеттік қаржылар көрінетін атаған жөн. Жеке қаржының құрамына кіретін осы қатынастарға сүйене отырып қаржы құқығының пәні болуы мүмкін емес.

Демек, мемлекеттің қаржылық қызметінің процессінде пайда болатын қатынастар қаржы құқығының пәні бола алады.

Қаржы құқығымен реттелмейтін қаржы қызметінің процессінде пайда болған қаржы қатынастары туралы айтқанда, бір қатар бұндай қатынастарды тек қателікпен қаржылық және мемлекеттің қаржы қызметін жүргізу барысында пайда болушылық ретінде жіктейтінін ұмытпаған дұрыс. Бұл аталған қызметтің шегін негізсіз ұлғайтқанның салдарынан болады. Бұндай қатынастарды санына мемлекеттік ақшалық қорларды пайдалануға байланысты тауар-ақшалы бола тура, не қаржылық, не мемлекеттің қаржылық қызметінің процессінде пайда болушылық болмайтын қатынастар жатады. Сондықтан, бұл қатынастар бұл қызметке ешқандай қатысы жоқ, ол тек кәдімгі шаруашылық (көбінесе кәсіпкерлік) қызметтің өнімі болып табылады. Мемлекеттің қаржы қызметінің процессінде пайда болушылықты реттеулік және реттелмеулік қаржы құқығымен шектеуге кейде заңгерлік құқықтық реттеу тәсілі түрінде критерий енгізеді. Бұндай қатынастардың санына шарттармен орталанған қатынастар жатады. Яғни «Шартты – демек қаржылық-құқықтық емесе» деген принцип қолданылады. Барлық мемлекеттік қаржылық қатынастар бұл қатынастарды құқықты реттеу тәсіліне байланыссыз түрде қаржылық құқықтың пәні болатынын атап айтқан дұрыс. Сонымен, қаржы құқығының саласы толық мемлекеттің қаржылық қызметінің саласымен сай келеді және керісінше. Қаржылық құқықтың қайнар көздері қаржылық-құқықтық қатынастарды реттейтін өкілдік және атқару органдарының нормативтік құқықтың актілері болып табылады.

Қаржылық құқықтың ең басты қайнар көзі болып ҚР Конституциясы саналады. Бірақ қаржылық өатынастарды құқықтық реттеуде І-кезекте ҚР Үкіметінің қаулылары, және заңастылы актілері маңызды ролі атқарады жалғастырып келеді. Қаржы Министрлігінің, мемлекеттік табыс Министрлігінің, ал кейбір мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банк актілерімен яғни ведомствовалық құқықтық актілер арқылы құқықтың реттеу тәжірибесі қолданылады.

Қазіргі уақытта экономика да, қоғам тұттасымен де бірқалыпта жұмыс атқара алмайтын еліміздің ақшалық жүйесінің мемлекет қаржылық заңдар жинағымен анықтайды.

Қаржылық құқықта құқықтың реттеушіліктің 2-тәсіл қолданылады: бұйрықты және келісімді.

  1. Жарамсыз мәмілелер

Жарамсыз мәміленің ұғымы. Жарамсыз мәмілелердің түрлері. Азаматтық кодекстің 157-бабында бұл туралы былай делінген: "мәміленің нысанына, мазмұнына және қатысушыларына, сондай-ақ олардың ерік білдіру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған жағдайда мүдделі адамдардың, тиісті мемлекеттік органның не прокурордың талабы бойынша мәміле жарамсыз деп танылуы мүмкін".

Жарамсыз мәмілелердің түрлері. Азаматтық құқык теориясында мәмілелердің жарамсыз болуы мынадай түрлерге бөлінеді: а) субъект құрамының ақауы болатын мәміле; ә) еріққе қатысты ақауы бар мәміле; б) нысанның ақауы бар мәміле; в) мазмұнының ақауы бар мәміле. Азаматтық кодексте мазмұны заң талаптарымен сәйкес келмейтін кез келген мәміле жарамсыз болатындығы жөнінде жалпы норма бар (АК-тің 158-бабы).

Субъектілік құрамының ақауы бар мәміле екі топқа бөлінеді. Оның біріншісі азаматтардың әрекет қабілетсіздігімен, екінші — занды тұлғалардың арнайы кұқық кабілетгілігімен немесе олардың органдарының мәртебесімен байланысты болады.

Қатысушылардың жасы мен психикалық жағдайынан туындаған әрекеттер мәміленің жарамсыз болуына басты негіз болып есептеледі.

Ондай жарамсыз мәмілелерге мыналар жатады:

а) Азаматтық кодекстің 23-бабында көзделген мәмілелерді қоспағанда, он төрт жасқа толмаған адам жасаған мәміле жарамсыз болады (АК-тің 159-бабының 3-тармағы);

ә) он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған баланың ата-анасының (асырап алушыларының) немесе қамкоршыларының келісімінсіз жасаған мәмілесін, зан бойынша оның өзі дербес жасауға құқығы бар мәмілелерді қоспағанда, сот ата-анасының (асырап алушыларының) немесе қамқоршысының талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін (АК-тің 159-бабының 4-тармағы);

  1. Қылмыстық жаза жүйесі және түрлері

Жаза жүйесі дегеніміз – қылмыстық заң бойынша белгіленген жазалардың ауырлығына қарай белгілі бір тәртіппен орналасуы. Жаза жүйесі ол жазалардың түрлері. Жазаның жүйе ретінде қарастыру оларды жүйелі, соттық тәжіриби үшін аса маңызды. Қылмыс жасаған адамға жаза тағайындау барысында негізді дұрыс, әділ жаза тағайындалмауына үлкен септігін тигізеді.

Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар міндетті болып табылатын жекелеген жазаларды қолданудың шарт, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның өзі республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді . Сотталған адамға келтірілген айырудың мәніне қарай жазаның түрлері мынадай топқа бөлінеді:

1. Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері. Бұған жататындар: қоғамдық жұмыстарға тарту, арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сынабынан және мемлекеттік наградадан айыру.

2. Сотталған адамның құқығына шек қоюмен байланысты жаза түрлері : белгілі бір лауазым атықарыу немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығыннан айыру, әскери қызмет бойынша шектелу.

3. Соттталған адамды материалдық жағынан айыруға байланысты жазалар: түзету жұмыстары, айыппұл мүлікті тәркілеу;

4. Сотталған адамның құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға байланысты жаза түрлері: өлім жазасы, бас бостандығынан айыру, қамау, тәртіптік әскери бөлімде ұстау. Жаза түрлерін топтастырудың бұдан басқа түрлері жалпыға мәлім. Жаза жүйелеріне кіретін барлық жаза түрлері негізінен үш топқа бөлінеді: бірінші топты негізгі жазалар құрайды. Негізгі жазалар дегеніміз заң бойынша жеке – дара жаза ретінде, жазаның мақсатын жүзеге асыру үшін қолданылатын жаза түрлерін айтамыз.

БИЛЕТ №26

  1. Қаржылық бақылау түсінігі және түрлері

аржылық Бақылау

Қаржылық бақылаудың түсінігі.

Қаржылық бақылау-қаржы жүйесінің барлық звеноларының ресурстарды құру, бөлу, пайдалану негізін тексеруге бағытталған ерекше қызметі.

Қаржылық бақылаудың мақсаты мемлекеттің қаржы саясатын ұтымды жүргізуге, қаржы ресурстарын құру мен тиімді бөлу үдерісін қамтамасыз етуге бағытталған. Қаржылық бақылаудың құн катигориясын пайдаланумен байланысты бақылаудың ерекше саласы ретінде мақсаты және белгілі бір қолдану аясы бар.

Қаржылық бақылаудың объектісі болып қаржы ресурстарын, оның оның ішінде ұлттық шаруашылықтың барлық звенолары мен деңгейлерінің ақша қаражаттары қоры нысанында, құру және пайдалану барысындағы ақшалай, бөлу үдерістері танылады.

Қаржылық бақылау мынадай тексерулерді қамтиды: экономикалық заңдардың талаптарын сақтау; жалпы қоғамдық өнім құны мен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлудің оңтайлы пропорциясы; бюджетті құру және орындау (бюджеттік бақылау);шаруашылық жүргізуші субъектілердің, бюджеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен қорлардың, басқа да заңды тұлғалардың қаржылық жағдайы мен еңбек, материалдық, қаржы ресурстарын тиімді пайдалану; салықтық бақылау. Қаржылық бақыаудың іс жүзіндегі көптеген типтері, түрлері және нысандарын мынадай белгілері бойынша жіктемелеуге болады:

  1. Бақылау қызметтерінің суъектісі мен сипаты: мемлекеттік, ведомстволық пен сыртқы ведомстволы, корпоративтік, меншік иесінің бақылауы, комиссиялық және жекелік;

  2. Бақылау объектісі: ішкі, сыртқы, технологиялық, экономикалық, басқарушылық технологиялық, экологиялық, заңдылықжәне т.б.;

  3. Бақылау аясы: халықаралық, қоғамдық, тәуелсіз, парламенттік, үкіметтік, соттық, салалық, салааралық, ішкі-шаруашылық;

  4. Бақылау нысаны; аудит, тексеру, тақырыптық тексеру, зерттеу шолуы талдау, қаржылық – бухгалтерлік сараптама:

  5. Өккізу мерзімі: алдынала, жедел, ағымдағы, келесі, жылдық, тоқсандық, ай сайынғы, он күндік және тәуелдік;

  6. Қамтау толықтығы: толық, ішінара, кешенді, камерельдық, операциялық, тақырыптық, жаппай, іріктелуі, бір және көп мәнді;

  7. Бақылаудың түрлері: орындалудың бақылауы, сәйкестігін бақылау, есеп беруді бақылау, тиімділігін бақылау мен арнаулы бақылау;

  8. Бақылау әдістері: құжаттық, нақтылық, атқарымдық, жүйелік, логикалық, ыңғвйласпалық, ұйымдастырушылық, математикалық, құқықтық, компьютерлік, мониторингтік, технологиялық;

  9. Бақылаудың кезеңдігі: бір жолды, қайталамалы, жүйелі, жоспарлы, төтенше және т.б.

  1. Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары

Алименттік қатынастар және оның түрлері Алименттер (лат. alimentum деген сөзінен — "тағам, асырап-бағу" дегенді білдіреді) — заңда белгіленген жағдайларда бір отбасы мүшелерінің оның өзге мүшелерінің пайдасына төлеуге міндетті белгілі бір ақшалай қаражат. Алименттік міндеттемелер негізгі отбасылық қатынастар болып табылады, ал олардың мақсаты — отбасының еңбекке қабілетсіз және көмек қажет ететін мүшелерін асырау. Алименттер сот шешімімен (алименттер төлеудің соттық тәртібі) немесе тараптардың келісімімен (алименттер төлеудің ерікті тәртібі) төленеді.

Алименттік міндеттемелердің өзіне тән мынадай белгілері болады:

• бұл қайтарып берілмейтін сипаттағы міндеттеме. Алимент төлеушінід өз шығынын қандай да бір орнын толтыруға құқығы жоқ;

• олардың қатаң жекебастық сипаты бар. Мұнын мөнісі, алимент төлеуге міндетті адам ол міндетін орындауды басқа біреуге тапсыруға қақысы жоқ. Екінші жағынан, алимент алуға құқықты адам, бұл құқығын езге біреуге бере алмайды. Алимент алу құқығы және алимент төлеу міндеті мұрагерлік тәртіппен басқа адамға кешпейді;

• алименттік міндеттеме мүліктік-құндық болып табылады, яғни бұл арада материалдық игіліктерді (әдетте, ақшалай қаражатты) алушының мүлкіне өткізу (косу) жүзеге асырылады.

Алименттік міндеттемелерге төмендегідей заңдық фактілер негіз болады:

• субъектілер арасында туыстық немесе өзге де отбасылық байланыстың болуы (мысалы, ерлі-зайыптық қатынастар);

• заңда немесе талаптардың келісімінде көрсетілген шарттардың болуы (мысалы, алимент алушынын мұктаждығы, еңбекке жарамсыздығы, алимент алушылардын көмелетке толмағандығы және баскалары);

• тараптардьщ алимент төлеу жөніндегі келісімі немесе соттың алимент өндірш алу жөніндегі шешімі.

Алименттік міндеттемелердің немесе алименттік қатынастардың мынадай түрлері болады:

• ата-аналардын балаларға қатысты алименттік міндеттемелері;

• балалардың ата-аналарға қатысты алименттік міндеттемелері;

• ерлі-зайыптылардың және бұрынғы жұбайлардың алименттік міндеттемелері; көмелетке толған ағалары мен қарындастарының, әжелері мен аталарының алименттік міндеттемелері.

  1. Іс жүргізу құқығы түсінігі

Қылмыстық іс жүргізу құқығы қылмыстық құқықпен тығыз байланысты. Қылмыстық іс жүргізу құқығы — бұл қылмыстық істер бойынша іс жүргізу тәртібін бекітетін және қылмыстық істерді қозғау, тергеу, сотта қарау бойынша анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура мен сот үкімінің орындалуы мен іс жүргізу мәселелерін реттейтін құқықтық нормалар жүйесі.

Қылмыстық процесс — бұл алдын ала тергеу, прокурор, судья және сот органдарының заңмен реттелген қызметі. Ол қылмыстар туралы өтініштерді (хабарларды) алдын ала тексеру, қылмыстық істерді тергеу, қарау және шешу, үкімнің орындалуы бойынша қызметтер болып табылады, Қылмыстық процестің екі мақсаты бар:

тікелей — әрбір қылмыс жасаған адам әділ жазаға тартылуы тиіс; әрбір кінәсіз адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотталмасын;

жалпы — заңдылықты нығайту; қылмыстардың алдын алу және жою;азаматтарды құқықтық және адамгершілікке тәрбиелеу.

Қылмыстық процестің міндеттері мынадай: қылмыстарды тез арада және толықтай ашу; кінәлілерді табу; заңдарды дұрыс қолдану.

Қылмыс жасалғаннан кейін бірнеше құқықтық қатынастар туады. Олардың ішінде ең маңыздысы — өкімет органдары мен қылмыс жасаған азаматтардың арасындағы құқықтық қарым-қатынас. Бұл қатынасты қылмыстық процессуалдық қатынас деп атайды.

Жалпы мемлекет және құқық теориясына сәйкес қылмыстық құқықтық қарым-қатынас мемлекет пен қылмыс жасаған адамның арасында туатыны белгілі, ал процессуалдық қарым-қатынас қылмыстық іс жүргізетін орган мен қылмыскердің арасында туады, қылмыстық заң қылмыс жасаған азаматтардың жауапкершілігінің негізі мен шегін анықтайды, ал қылмыстық іс жүргізу заңы айыпкерді жауапқа тарту негізі мен тәртібін анықтайды.

Қазіргі қолданыстағы заң бойынша қылмыс жасаған адам дәлелсіз тағылған айыптан, орынсыз сотталудан және әділетсіз жазадан заңды түрде қорғануға құқылы. Алайда тергеуші, не болмаса прокурор қылмыстық іс қозғап, алдын ала тергеу жүргізбесе, процессуалдық қарым-қатынас тумайды, себебі қылмыстық іс қозғауға құқылы мемлекет органдары мен лауазымды адамдар қылмыс болғанын білмейді. Басқаша айтқанда, ең бірінші қылмыстық құқықтық қарым-қатынас пайда болады, содан кейін құқықтық процессуалдық қарым-қатынас туады (арыз, шағым не болмаса хабарлама түскеннен соң), өйткені материалдық заңының өмір сүру жолы іс жүргізу болып саналады. Қылмыстық құқықтық қарым-қатынас қылмыстық процессуалдық қарым-қатынассыз жүзеге аса алмайды.

БИЛЕТ №27

  1. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету жолдары

  2. ҚР атқарушы билікті ұйымдастыру жүйесі

Қазақстан Республикасының Үкіметі — Қазақстан Республикасында жоғары атқарушы билiк органы. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.

Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты. Қазақстан Республикасының Президенті Үкіметті Конституцияда көзделген тәртіппен құрады.

Үкімет мәртебесі, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасы Конституциясының V тарауы бойынша және Қазақстан Республикасының Үкімет туралы заңы бойынша реттеледі.

Үкіметтің құқықтық мәртебесі

Қазақстан Ресупбликасының Үкіметі — мемлекеттік билiктiң ерекше тармағы ретiнде министрлiктерден, агенттiктерден, комитеттерден тұратын орталық атқарушы органдар, облыстық, аудандық және қалалық әкiмшiлiктерден тұратын жергiлiктi атқарушы органдар жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды. Оның құқықтық мәртебесiнiң негiздерi Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген (64-бап). Үкiметтiң құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызметiнiң тәртiбi ҚР Конституциясына сәйкес 1995 ж. 18 желтоқсанда қабылданған “Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы” (1999 ж. 6 мамырда өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген) ҚР-ның конституц. Заңымен белгiленген. Үкiмет ҚР Конституциясының, аталған конституц. заңның, ҚР-ның заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды.

Үкіметті құру

Үкiметтi Республика Президентi ҚР-ның Конституциясында көзделген тәртiппен құрады. Премьер-Министр Үкiмет басшысы болып табылады. Премьер-Министрдi Парламенттiң келiсiмiмен Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. ҚР-ның Премьер-Министрi өзi тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ҚР Президентiне ұсыныс енгiзедi. Президент Премьер-Министрдiң ұсынысы бойынша үкiмет құрылымын анықтайды, оның мүшелерiн қызметке тағайындайды және оларды қызметтен босатады, орт. атқарушы органдарды құрады, таратады, қайта құрады. ҚР Үкiметiнiң құрылымын министрлiктер мен өзге де орт. атқарушы органдар құрайды.

Қазақстан Үкiметi — алқалы орган. Оның құрамына Үкiмет мүшелерi — республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер, өзге де лауазымды адамдар кiредi. Премьер-Министр мен Үкiмет мүшелерi қызметке кiрiсер алдында Қазақстан халқына және елбасына ҚР Үкiметi туралы конституциялық заңда белгiленген тәртiппен ант бередi. Премьер-Министрге ерекше мәртебе берiлген. Ол Президентке Үкiмет құрамына кiрмейтiн министрлiктердi, орталық атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату туралы, министр қызметiне кандидатуралар жөнiнде, министрдi қызметтен босату туралы ұсыныстар енгiзедi, Үкiметтiң қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшiн дербес жауап бередi.

  1. Конституцияның заңдық қасиеттері

Конституцияны нормативтик құқықтық актілердің басқа түрлерінен ерекшелендіретін өзіндік бірнеше заңдық қасиеттері бар. Біріншісі, конституцияның үстемдігі- оның жоғарғы заңдық күші. Ол дегеніміз: Конституцияның нормалары басқа құқық салалары үшін дереккөзі; нормативтік актілерді тек Конституцияда көрсетілген органдар ғана қабылдай алады; нормативтік актілердің барлығы Конституция нормаларына сәйкес болуы қажет; мемлекеттік органдар, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары, лауазымды адамдар, азаматтар, бірлестіктер Конституция нормалары мен баптарын бұзбай сақтауға міндетті. Конституцияның үстемдігі сол Конституцияның өзімен бекітіледі. Екіншісі, Конституцияның құрылтайлық сипаты. Конституция мемлекеттік құрылыс пен мемлекеттік биліктің іске асырылуының негізін құрайды, бекітеді. Конституцияның нормалары мен баптары басқа нормативтік актілерге қарағанда алғашқы болып табылады. Үшіншіден, Конституцияның тура, тіке әрекеті. Бұл қасиетін төмендегідей түсіну керек: Конституцияның нормалары заң шығару, атқару және сот билігі үшін міндетті болып есептеледі; Конституцияның нормалары сотта құқық субъектілері өз құқықтарын қорғау үшін пайдаланылуы мүмкін. Төртіншіден, Конституцины өзгертудің және қабылдаудың ерекше тәртібі бар. Конституцияны қабылдау не оған толықтырулар мен өзгерістер енгізу, тек Конституцияда бекітілген ерекше жолмен, яғни конституцияның дәрежесіндей заңдық күші бар актінің көмегімен және ол актіні қабылдауға құзіреті мен құқы бар органның еркімен жүзеге асырылады. Бесіншіден, Конституция ерекше құқықтық қорғауға жатады. Конституцияны құқықтық қорғау дегеніміз конституциялық заңдылықтың сақталу тәртібін қамтамасыз ететін заңды құралдардың жиынтығы. Конституция мен конституциялық құрылысты қорғауда ерекше рөл, мемлекет басшысы, ең жоғарғы лауазымды мемлееттік қызмет, Конституцияның мызғымастығының кепілі, Конституцияны қорғауға ант беретін Қазақстан Республикасы Президентінің үлесіне тиеді. Сонымен бірге Конституцияны қорғау мақсатында құқық қорғау органдары құрылады.

БИЛЕТ №28

  1. Құқық нормасы түсінігі және құрылымы

Құқық көптеген адамдар мен жағдайларға таралатын, ұзақ уақыт бойы әрекет ететін құқықтық нормалардың, мінез – құлық ережелерінің күрделі әрі, әр алуан жүйесі.

Құқық нормасы құқықтық бастапқы элементі. Сондықтан да, құқыққа тән анықтама, белгілер құқықтық нормаға да тән. Сонымен, құқық нормасы – бұл жалпыға міндетті, формальді анықталған мемлекет бкіткен не санкциялаған және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған мінез – құлық ережелері. Құқықтық норма әлеуметтік нормалардан бір түрі, бірақ өзіне ғана тән белгілер бар:

1. жалпыға міндетті сипатты – бұл құқық нормасының көптеген нақты өмірлік жағдайларға және көптеген адамдарға жаралады. Құқықтық норма тек жеке тұлғаларға емес, сонымен қатар, ұйымдарға да міндетті.

2. формальді анықтылығы – ресми құжаттарда жазбаша нысанда тиісті атаулы болады.

3. мемлекетпен байланысы – мемлекеттік органдармен не қоғамдық ұйымдармен белгіленеді, және мемлекеттік күштеу, ынталандыру, жазалау шараларымен қамтамассыз етіледі.

4. ұсынушы және міндеттеуші – адамдардың мүмкін не міндетті мінез – құлқын мемлекеттік үстем ережелері.

5. микрожүйелігі – бүртүрімен байланысты гипотеза, диспозиция және санкция сияқты элементтерден тұруын білдіреді.

Құқықтық норманың құрылымы – бұл оның ішкі құрылысы, бір – бірімен байланысты құрылымдық бөліктердің болуын білдіреді. Заңи норманың құрылымы – бұл оның функционалдық дербестігін қамтамассыз ететін қажетті элементтердің тәртіпке келтірілген тұтастығын білдіреді.

Құқықтық норманың құрылымы:

1. гипотезадан;

2. диспозициядан;

3. санкциядан тұрады.

1. Гипотеза – бұл оның қолданылу жағдайын (уақыт, орын субъективті құрам) көрсететін қ. нормасының элементі.

2. Диспозиция – бұл гипотезада көрсетілген заңи фактінің туындағанда субъектілердің мінез – құлқын білдіретін құқықтық норманың бір элементі. Диспозиция норманың негізгі реттеуші бөлімі (мысалы, азаматтық құқықта диспозиция тараптардың құқықтары мен міндеттерін білдірсе, қылмыстық құқықта тиым салған әрекеттерді жасауды көрсетеді).

3. Санкция – бұл диспозицияны іске асырғаны не асырмағаны үшін субъектіге белгілі бір салдарды көрсететін құқықтық норманың бір бөлігі.

Олар жағымсыз – жазалау шаралары және жағымды – ынталандыру шаралары деп бөлінеді.

  1. Табиғатты пайдалану құқығы

Жалпы мағынасында табиғат пайдалану деп адамның өзінің әралуан өмірлік қажеттерін (экономикалық, экологиялық, рухани, мәдени-сауықтыру, имандылық - эстетикалық қажеттерін) қана-. ғаттандырумен итермелейтін адамның табиғатпен өзара әрекеті ұғынылады. Мысалы, ҚР "Қоршаған ортаны қорғау туралы" За- ңына сәйкес табиғат пайдалану — адамның шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалану.

Табиғат пайдалану ұғымын экологияны пайдалану ұғымынан айыра білу керек. Егер табиғат пайдалану адамның әр алуан өмірлік қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғи ресурстардың тәртібі ретінде ұғынылатын болса, онда экологияны пайдалануда ең алдымен қоршаған ортаны және тұтастай алғанда экологиялық жүйені барынша сақтау мүддесі үстем болады.

Табиғат пайдалану құқығы объективтік мағынасында — табиғат объектілерін пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады.

Субъективтік мағынасында табиғат пайдалану — бұл адамның әр алуан өмірлік қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғат объектілерін пайдалану жөніндегі табиғат пайдаланушылардың заңмен белгіленген құқықгары мен міндеттерінің жиынтығы.

Сөйтіп, тұтастай алғанда табиғаттың пайдалы қасиеттерін немесе жекелеген табиғи ресустарды қолданыстағы заңмен белгіленген шектерде және шарттарда өздерінің кэжеттерін кднағаттандыру үшін пайдалану құқығы деген анықгама беруге болады.

Барлық уақытта да мынаны ескерген жөн: табиғат пайдалану тек адамның өмірлік қажеттерін қанағаттандыру құралы қызмет атқарып қоймай, сонымен бір мезгілде қоршаған ортаға теріс ықпал етуі де мүмкін.

Табиғат пайдалану құқығын беру негіздерінің бірі — бүл табиғи ресурстарды пайдалануға берілетін лицензия және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызмепің жекелеген түрлерін жүзеге асыру.

Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану саласыңда мына төменде аталған шаруашылық қызметінің эко- логиялық жағынан қауіпті түрлері міндетті түрде лицензиялауға жатады:

Улы, радиоактивтік және басқа да қауіпті зиянды заттармен ластанған жерлерді техникалық қалпына келтіру

Су объектілерін ластануға және бітеліп қалуға жеткізетін аса қауіпті химиялық және биологиялық заттар мен радиоактивтік материаддарды өндірістік мақсаттарға пайдаланатын кәсіпорыңдар мен құрылыстарды су жинайтын алаңдарда салу мен орналастыру;

Қоршаған ортаға зиянды ықпал ететін техногендік минералдық түзілістерді сақтау;

Қоршаған ортаға зиянды ықпал ететін химиялықжәне биологиялық заттарды өндіру.

Сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану саласында экологиялық аудиторлық қызмет, сонымен бірге табиғат қорғау жобалауы, нормалау және экологиялық сараптама саласындағы жұмыс міндетті түрде лицензиялануға тиіс.

  1. ҚР бюджет жүйесі

Бюджет жүйесі дегеніміз экономикалық қатынастар мен заңды нормаларға негізделген бюджеттердің барлық түрлерінің жиынтығы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінде бюджет жүйесі Қазақстан Республикасының Ұлтық қорын кіріктірумен түсіндіріледі.

Бюджет құрылысы - бұл бюджет жүйесін құрудың кағидаттары, оның буындарының өзара байланысының ұйымдық нысандары. Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін. Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады: мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе мемлекеттің орталық бюджеті; федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та штаттардың, ГФР-да жерлердің (ландтардың), Канадада - провинциялардың, Ресейде - федерация субъектілерінің бюджеттері); жергілікті бюджеттер. Унитарлың (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердін оқшаулануы мен дербестігінің түрлі дэрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасы жөнінен белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сакталады. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан - федералдық емес, басқарудың Президенттік-парламенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.

Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегі бюджеттер: республикалық бюджет; облыстық бюджет; республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті бекітіледі, атқарылады және дёр^ес болып табылады (14.2 сызбаны қараңыз).

Қазақстан Республикасында талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын мемлекеттік және шоғырландырылған бюджеттер, облыс бюджеті жасалады. Мемлекеттік бюджет өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры болып табылады. Бюджеттік практикада «шоғырландырылған бюджет» үғымы қолданылады. Шоғырландырылған бюджет өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерін және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына бағытталатын түсімдерді біріктіретін мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры болып табылады. Шоғырландырылған бюджет те мемлекеттік бюджет сияқты талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітілуге жатпайтын бюджеттік түсімдерден құралған бюджет болып табылады. Облыс бюджеті - өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, облыстық бюджетті, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерін біріктіретін ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры. Қазақстан Республикасында төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік бюджет әзірленуі, бектілуі және атқарылуы мүмкін. Мемлекеттік төтенше бюджет республикалық және жергілікті бюджеттер негізінде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасында төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі және осы мерзім ішінде қолданыста болады. Мемлекеттік төтенше бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасынын, Парламенті дереу хабардар етіледі. Мемлекеттік төтенше бюджеггің қолданылу уақытында республикалық бюджет туралы заңның және барлық деңгейлердегі жергілікті орғандардың бюджеттері туралы мэслихаттар шешімдерінің қолданылуы токтатыла тұрады. Мемлекеттік төтенше бюджеттің қолданылуы токтатылысымен Республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау жүргізіледі. Қазақстанның бюджет жүйесінің буыны ретіндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры оқулықтың 16 тарауында қаралған.

Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (муниципалдық) бюджеттер кез келген басқа мемлекеттер дегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің орталық буыны болып табылады.

БИЛЕТ №29

  1. ҚР еңбек құқығының түсінігі, пәні, әдісі, жүйесі

Еңбек құқығының нарығы жұмыс істеу үрдісіндегі еңбекті қолдану мен оны ұйымдастыру барысында қалыптасып, қоғамдық қатынастарды реттейді.

Еңбек құқының пәнін құрайтын қоғамдық қатынастардың шеңбері кең және неғұрлым күрделі.

Ондағы негізгі орынды-жұмыскер мен жұмыс беруші арасында жұмыскердің өз еңбек қызметін іске асыру кезінде пайда болған еңбек қатынастары алады. Еңбек қатынасының негізгі мағынасы мен оның обьектісі жұмыс, яғни азаматтың еңбекке деген мүмкіндігін іске асырудан басталады

Еңбек құқығының пәні келесідей ерекшеліктермен сипатталады:

Ø қарым қатынастар ішкі еңбек қатынасы жағдайында жұмыскерді белгіленген өзара еңбек ету жағдайына бағындырудан шығады;

Ø жұмыскер нақты бір мекеменің еңбек ұжымына енгізіледі;

Ø еңбек қатынастары – жұмыскерді жеке еңбек келісім шарты арқылы жұмысқа жіберуге негізделген ерекше заңды деректерге байланысты пайда болады;

Ø еңбек қатынасының мазұмыны жұмыскердің қатаң түрде белгіленген, кәсіпке, мамандыққа, біліктілік пен лауазымға негізделген жұмысты атқаруымен байланысты.

Еңбек құқының пәнін құрайтын еңбек қатынасынан басқа қатынас шеңберіне еңбекке қатысты (еңбекке қосарланатын, одан шығатын немесе онымен бірігетін) қатынастар да жатады. Ондай қатынастар мыналар;

Ø ұйымдастыру-басқару қатынасы;

Ø жұмысқа алу бойынша қатынастар;

Ø жұмыс барысындағы кәсіби дайындығы мен біліктілігін арттыру қатынастары;

Ø еңбек келіспеушілігін қарастыру барысындағы қатынастар;

Ø еңбек заңдылығын сақтау мен оны бақылауға байланысты қатынастар.

2. Еңбек құқының әдістері

Еңбек құқының қазіргі кездегі әдістері төрт негізгі белгілермен сипатталады:

1. Еңбек қатынастарының орталықтанған және оқшауланған реттеулерінің өзара бірлесуі. Бұл белгі еңбекті басқарудың мемлекеттік –құқықтық негізін көрсетеді. Орталықтанған басқару нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау арқылы жүзеге асырылады, онда еңбекке қатысудың ең төменгі кепілдігі белгіленеді. Оқшауланған реттеулер жекеленген және ұжымдық еңбек келісім шартына отыру арқылы, сондай-ақ жұмыс берушінің актісін қабылдау арқылы жүзеге асады.

2. Келісімдік, ұсынылған және императивтік реттеу әдістерінің бірлесуі. Келісімдік реттеулер еңбек қатынастарында туындайтын көпшілік жағдайында олар өз бетімен оған қатысушы болады, яғни келісім шартқа отыру арқылы (мысалы, жұмыс істеу аптасы мәселесін шешу барысында, еңбек ақы төлеу жағдайын шешу барысында т.б.) Ұсынылған әдіс ұсыну әдістері болған жағдайда көрінеді, оны сақтау заң шығарушы үшін міндетті болып саналады, алайда екі тарап ешқандай санкция қолданылудан қорықпайтын жағдайда оны сақтамауына да болады. Мұндай нормаға бірінен кеиін бірін екі бірдей демалыс күнін беру жатады. Реттеудің императивтік әдісі міндетті түрде норманы сақтаудың барлығымен көрінеді. Негізінен еңбекті қорғаудың барлық институттары императивтік нормадан тұрады. Сонымен қатар заң шығарушы жалақы көлемін, демалыс уақытына т.б. жұмысқа алу жасына қатысты ең төменгі талаптар қояды.

3. Кәсіподақтық мекемелердің еңбек қатыныстыран реттеуге қатысу. Кәсіподақтық негізгі екі функцияны жүзеге асырады- өкілетті және қорғаушы, сондай-ақ ұжымдық келісім шартқа отыру кезінде, жеке еңбек келісім шартына отыру барысында және ұжымдық еңбек келіспеушілігі кезінде жұмыскердің мүддесін қорғайды.

4. Жұмыскерлердің еңбек құқығын қорғау әдістерінің өзіндігі. Ол ерекшелік ең бірінші еңбек құқы- ол кәсіподақтық мекемелердің әрекет ету негізінен көрінеді. Сонымен қатар арнайы мекемелер мен еңек келіспеушілік жағдайларын қарастаратын әдістер бар- ол мекемелер келісім коимссиясы, немесе көтеріліс жасау сияқты әдістер

3. Еңбек құқығының жүйесі.

ҚР еңбек құқының жүйесі-ол бір тұтас (сала) негіз құрайтын, неғұрлым жеке өзіндік білім беруге бөлінетін жүйе (институттар), сондай-ақ басқа да одан да құрылымдық бөлшекті норманы құрайтын (институт ішіндегі жіктердің) нақты жалпылығы.

Еңбек құқының барлық жүйесі құралым бойынша екі үлкен – Негізгі және Ерекше бөлімге бөлінеді.

  1. Құқықбұзушылық түсінігі және оның құрамы

ұқық , құқық бұзушылық термині пайда болған кезінен, бұл тақырыпқа зерттеушілер көп еңбек арнаған. Оның себебі, адамзат қандай да прогресстік жолға шықса да, адам мен адам, тұлға мен қоғам арасында әрқашан да түсінбеушілік пайда болады. Қоғам ішіндегі проблемаларды шешу үшін, біздің заманымызға дейн адамзат заң мен жеке құқықты ойлап тапты. Құқық бұзушылықпен, адам баласы жер бетін алғашқыда басып жүрген кезінен кездескен. Эмилем Дюркгейм айтқандай: Құқық бұзушылық әр сау қоғамның бір белгісі . Сонымен де, құқық бұзушылықтын қандай да формасы, жеке тұлғаға, жалпы қоғамға, тұтас мемлекетке де, материалдық, социалдық, психологиялық, саяси да, зиян келтіреді. Жақын туыстарынан айырылуы, ақша жағынан зиянға ұшырауы, денсаулыққа зардап шегуі және т.б., бұның барлығы әр адамға өте ауыр тиеді. Ал әлемдік масшабтағы құқық бұзушылықты алсақ, бұл – терроризм, геноцид, соғыстар, рассалық бөлініс, бүкіл адамзатқа, планетарлық масштабта зиян келтіреді. Сондықтан да, біз қоғамды реттейтін заңды ережені, құқық , немесе норма деп атаймыз. Осыған байланысты ережелерге қарсы әрекеттерді, біз құқық бұзушылық , немесе қылмыс деп те, атаймыз.

Құқық бұзушылықты түсіну және ашу, бұл мемлекет және құқық теориясы пәнінің басты қызметтердің бірі. Бұл проблемаға өте терең зерттеу жүргізу, оның социальдық маңызын білу, қоршап тұрған факторды есепке алу, болашақта заң бузұшылықты азайту, жетістіктерге қол жеткізе білу, бұның барлығы болашақ заңгерлерге үлкен көмек береді.

Бұл тақырыпты зерттегенде алғашқыда, құқық бузұшылықтың жалпы белгілерге дұрыс, жеке сипаттама беру керек. Құқық бузушылықтың классификациясы болса да (азаматтық, әкімшілік және т.б. қ.б.), оларды біріктіретін ортақ белгісі бар бұл – белгіленген ережелерді орындамау немесе заңға бағынбау. Есімізге салған жөн, құқық бұзушылық, бұл адамдар әрекетті (немесе әрекетсіздігі) және де, жауапқа тек адамдар тартылады. Қоғамға табиғат немесе жануар әрекетінен зиян келсе, олар жауапқа тартылуы мүмкін емес. Бірақ та, тарихқа назар аударсақ, 18 ғасырға дейн Еуропаның кейбір елдерінде жануарларды жауапқа тарту процестері кездескен. Жаупқа тарту процесстерінде де, өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, 14 жасқа толмаған балаларды заң алдына жауапқа тартуға болмайды. Тек қана белгілі елдің азаматы ғана емес, сонымен бірге басқа елдің азаматтары да, қылмыс үшін жаупқа тартылады.

Мемлекет және құқық теориясы, құқық бұзушылық түсінігін студенттерге терең анализ жасауға, субьективті және обьективті қарауға, дұрыс шешімді таңдап алуға үйретеді.

  1. Ерлі-зайыптылардың құқытары мен міндеттері

Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері

Тіркелген неке ерлі-зайыптылардың арасындағы жеке және мүліктік құқықтар мен міндеттерді тудырады.

«Неке және отбасы туралы» Заңның 29-бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың жеке құқықтарына мыналар жатады: тегін таңдау құқығы, қызмет түрін, мамандықты, тұрғылықты жерді таңдау құқықтары, отбасы өмірінің мәселелерін бірлесіп шешу құқығы.

Заңға сәйкес ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттерді атқарады. Ерлі-зайыптылардың жеке құқықтарының теңдігі отбасы өмірінің барлық жалпы мәселелерін (ана, әке болу, балаларға тәрбие мен білім беру мәселелерін және отбасы өмірінің басқа да мәселелері) олардың бірлесіп және өзара келісе отырып шешуінен көрінеді. Алайда, ерлі-зайыптылардың ешқайсысы да жеке құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру кезінде артықшылықты пайдалануға тиіс емес.

БИЛЕТ №30

  1. Азаматтық құқықтарды қорғау тәсілдері

Азаматтық құқықтарды қорғау тәсілдері

Қорғау құқығы құқыққа өкілетті тұлғаға мүмкіндіктің үш тобын

Азаматтық құқықтарды қорғау арнайы қарастырылған заңнамалық актілер жағдайында

Қорғау әрекеттерінің басқаларымен салыстыру бойынша – бұл қорғау

Құқыққа өкілетті субъект басқа тараптардың заңды мүдделері мен

Азаматтық құқықты өзіндік қорғау тәсілдерінің бірі қажетті қорғану

Өзін -өзі қорғау шараларын аса қажеттілік жағдайында қолдану

Жедел ықпал ету шаралары – бұл мемлекеттік құзыретті

Азаматтық заңнамаларда қолданыстар ережелерде жедел ықпал ету шараларына

Жедел ықпал ету шаралары нақты емес заңды сипатта

Азаматтық заңнамалардың қолданыстағы ережелерімен мынадай жолдарда құқық бұзушыға

Егер заңнамалық актілер немесе шартпен өзгедей көзделмесе, қолданыстағы

Заңнамаға сай кәсіпкерлік түсінігі мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылықтың жүргізу

Мемлекеттік қауіпсіздік мақсатында, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қоршаған

Субьективті азаматтық құқықтарды қорғау әдістері ретінде заңмен бекітілген

Көптеген әдебиеттерде бұзылған құқықтар мен игіліктерді (жеке мүліктік

Ал Азаматтық Кодекстің 47-тараудың 4-параграфында-моральдық зиянды өтеу (возмещение

Алайда Азаматтық Кодексте бұл екі термин арасында қайсыбір

Азамат пен заңды тұлғаның ар-намысы, қадір – қасиеті

1) кір келтіретін мағлұматтарды, егер ондай мағлұматты таратушы

2) кір келтіретін мағлұматтарды, егер олар бұқара ақпарат

3) бұқара ақпарат құралдарында азаматтың немесе заңды тұлғаның

4) мағлұматтар ұйымнан шыққан құжатта болса, мұндай құжат

5) кір келтіретін мағлұматтарды теріске шығарумен бірге олардың

Демек, заң шығаруцшы осындай жеке мүліктік емес құқықтардың

ҚР Жоғары Сотының №3 Нормативтік Қаулысының 2-бөлігінде азаматтардың

1. Мүліктік емес игіліктер мен өзіндік құқықтар бұзылғанға

2. Мүліктік емес игіліктері мен өзіндік құқықтардың бұзылуының

3. Моральдық зиянға ақша нысанында өтем жасау жолымен

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 682-бабында: «моральдық

келтірілген зиян үшін ресми кешірім сұрау;

ақшалай өтемақы туралы талап-арыз қою;

бұқара ақпарат құралдарында жарияланған кір келтіретін мәліметтерді жалған

әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті орган

Сонда бұл – «моральдық зиянның орнын толтыру»

Жоғарыда келтірілгендерді сараптай келе, төмендегідей тұжырымдар мен сұрақтарды

моральдық зиянның табиғатын қарастырған кезде, жалпы зиян деп

заңнаманы шолып, жеке мүліктік емес құқықтарды қорғау

заңнамада қолданылатын моральдық зиянның орнын толтыру (өтемін төлету)

  1. ҚР қылмыстық құқығы

Қылмыстық құқық — қылмыстылықты және қоғамдық қатынастар жүйесіне қауіпті іс-әрекет үшін қолданылатын жазаны айқындайтын заң нормаларының жиынтығынан тұратын құқық саласы. Сондай-ақ құқықтың тиісті саласын зерделейтін ғылым мен оқу пәні де Қылмыстық құқық болып табылады. ҚР Қылмыстық құқықының негізгі қағидаттары: заңдылық, ізгілік, жеке бастың жауаптылығы, жазадан құтылмайтыны, әділеттілік, айыптылық қағидаты. Қылмыстық құқықҚылмыстық құқық қоғамдағы конституциялық, азаматтық, еңбек, әкімшіліктік, қаржы салаларымен реттелетін қатынастарды қорғайды. Мысалы, меншік, ең алдымен, азаматтық құқық нормаларымен реттеліп, қорғалады, бірақ меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан (ұрлық, алаяқтық, тонау, қарақшылық) қорғау Қылмыстық құқықтың міндетіне жатады. Қылмыстық-құқықтық нормалар тек қана тыйымдардан құралады. Осыған орай қылмыстық-құқықтық қатынастар бір жақты сипатта болады: қылмыскер жазаға тартылуға тиіс, ал мемлекет сот органдары арқылы оны жазалауға құқылы.[1]

Қылмыстық құқықта қоғамдық қатынастарды қорғаудың ерекше әдістері де қолданылады. Олар: қылмыстық-құқықтық санкциялар, яғни қылмыстық жазаның алуан түрлерін қолдану; қылмыстық жауаптылықтан босату; мед. сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану.

Қылмыстық құқық жүйесі екі бөлімнен тұрады: жалпы бөлім және ерекше бөлім. Жалпы бөлім жалпы қағидаттарды, қылмыстық жауаптылықтың негіздемесін, негізгі ережелер мен ұғымдарды, сондай-ақ жаза тағайындау, қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату тәртібін тиянақтайтын нормалардан құралады. Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімі объектінің белгілері бойынша жіктелген қылмыстардың тізбесінен тұрады. ҚР Қылмыстық кодексінде ерекше бөлім ішкі бөлімдерге, ал ішкі бөлімдер тарауларға бөлінген.

Қылмыстық құқық субъектілері (қылмыстық-құқықтық қатынастарға қатысушылар) — мемлекет органдары және азаматтар. Мұнда мемлекет белсенді рөл атқарады: ол қылмыстық-құқықтық санкцияларды белгілейді және қолданады. Азаматтар мен басқа да жеке тұлғалар қылмыс субъектісінің, сондай-ақ қажетті қорғаныс, аса қажетті жағдайда және қылмыстық жауаптылықты жоққа шығаратын басқа да жағдайларда әрекет ететін тұлғалар рөлін атқаруы мүмкін. ҚР Қылмыстық құқық-ында заңды тұлға қылмыс субъектісі бола алмайды, ол қылмыстық-құқықтық қатынастарға тек жәбірленуші ретінде ғана қатысады. Қазақстанда Қылмыстық құқықтың бірден бір көзі — 1997 ж. қабылданған ҚР Қылмыстық кодексі. Қылмыстық жауаптылықты белгілейтін, өзгертетін немесе оның күшін жоятын басқа заңдардың бәрі ҚР Қылмыстық кодексінің мәтініне енгізілуге тиіс. Сондай-ақ ҚР Конституциясы, ҚР Конституц. Кеңесінің (кей елдерде Конституциялық сот) шешімдері және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар (мысалы, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықараралық пакт, 1966) да Қылмыстық құқық көздері болып табылады. Кейбір елдерде қылмыстық кодекспен қатар қылмыстық жауаптылықты белгілейтін өзге де заңдар Қылмыстық құқық көзі болып табылады. Ағылшын-саксон елдерінің Қылмыстық құқық жүйесінде соттың айрықша шешімдері де Қылмыстық құқық көздері деп танылады. Бірқатар мұсылман елдерінде шариат нормалары Қылмыстық құқықтың аса маңызды көзі болып саналады.

  1. Ұжымдық еңбек шарттары

Осы заң ұжымдық шарттарды әзірлеу, жасасу және орындаудың жалпы құқықтық әрі ұйымдық негіздерін анықтайды.

1-бап. Ұжымдық шарт

Ұжымдық шарт тараптардың - кәсіпорын иесінің (жұмыс берушінің, кәсіпкердің) және еңбек ұжымының мүдделерін келістіру құралы қызметін атқарады, қолданылып жүрген заңдар негізінде жасалады әрі бір жағынан - еңбек ұжымының, оның мүшелері мен олардың отбасыларының еңбек және әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу жөніндегі меншік иесінің міндеттемесін, екінші жағынан - меншік иесінің құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі еңбек ұжымының міндеттемесін қамтиды.

2-бап. Ұжымдық шартты әзірлеу, жасасу және орындау принциптері

Ұжымдық шарт:

тараптардың әлеуметтік серіктестігі, өзара сенімі мен құрметі, құқықытары мен міндеттерінің ара жігін ажырату;

шарт қағидаларын әзірлеуге еңбек ұжымы мүшелерінің кеңінен қатысуы;

шарт қағидаларын әзірлеуде тараптардың тең құқықтылығы;

тараптарға жүктелетін міндеттемелерді материалдық, өндірістік және қаржылай қамтамасыз етудің нақты мүмкіндіктерін ескеру, олардың заңды құқықтары мен мүдделерін сақтау;

шартқа енгізілген міндеттемелердің орындалуы үшін тараптардың бақылау жасауы және жауапкершілігі принциптері негізге алына отырып жасалады.

3-бап. Ұжымдық шарттың тараптары және олардың өкілдері

Мемлекеттік кәсіпорында немесе өзге де мемлекеттік құрылымда (бұдан әрі - "мемлекеттік кәсіпорын") жасалатын ұжымдық шарттың тараптары кәсіпорын басшысы мен еңбек ұжымы болады.

Мемлекеттік емес кәсіпорында немесе өзге де мемлекеттік емес құрылымда (бұдан әрі - "мемлекеттік емес кәсіпорын") жасалатын ұжымдық шарттың тараптары кәсіпорын иесі немесе ол өзінің өкілі болуға уәкілдік берген кәсіпорын басшысы мен еңбек ұжымы болады.

Еңбек ұжымы жалпы жиналыс (конференция) кейпінде тұтастас не кәсіподақ немесе өзі уәкілдік берген өзге де орган кейпінде қатыса алады. Кәсіпорындарда бірнеше кәсіподақ ұйымдары болған кезде шартқа қол қою процесінде еңбек ұжымының атынан қатысу құқығын олардың ішінде қай органға беру не оларға ортақ өкілдік тапсыру туралы мәселе ұжымның жалпы жиналысында (конференциясында) шешіледі.