Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БИЛЕТы ОСНОВЫ ПРАВА.docx
Скачиваний:
62
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
175.01 Кб
Скачать

2. Азаматтық құқықтық қатынас субьектілері

Азаматтық құқық қатынастары бұл - мүліктік және жеке мүліктік емес азаматтық құқық қатынастары нормаларымен реттелу нәтижесінде пайда болатын қоғамдық қатынастар. Субъектілік құқықтар және оның қатысушыларының міндеттері оның мазмұның құрайды. Азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, әкімшілік-аумақтық бірліктер азаматтық құқық қатынастарының қатысушылары бола алады. Азаматтық құқық қатынастары көп және әртүрлі, одан мүліктік және мүліктік емес; жай және күрделі; абсолюттік және салыстырмалы құқық қатынастары бөлініп шығады.

Азаматтық құқықтар мен міндеттер құқықтың субьектілері деп аталатын құқықтық қатынасқа қатынасушыларға тән. Азаматтық құқықтық қатынастардың субьектілеріне:

-азаматтар;

- заңды тұлғалар;

- мемлекет;

- сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөоіністер жатады.

Аталған суб\ң азаматтық құқ\қ қатынастарға қатынасуының алғышарты олардың азаматтық құқықтық қабілеттілікке ж\е аз\қ әрекет қаб\не ие бола алуы болып табылады.

3. Әкімшілік жауапкершілік

Әкімшілік жауапкершілік әкімшілік құқық бұзушылыққа заңды түрде жауап беру болып табылады. Заңмен және заңдық актілермен белгіленеді. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін, соттау немесе жұмыстан босату сияқты жазалар қолдануды қажет етпейтін, әкімшілік сөгіс қарастырылған. Әкімшілік жауапкершілік шараларын қолдануға негіз құқық бұзушылық болып табылады (құқық бұзушылық белгілерінің болуы).

ҚР –ң әкімшілік құқық бұзушылық мәселелерін ҚР 2001ж\ғы қаңтардың 30 жұлдызында қабылдаған «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі ж\е басқа құқықтық-нормативтік кесімдер реттейді.

Тәртіпсіздікке бару әкімшілік жауапкершілікті туындатады. Әкімшілік жауаптылықта болуға тиісті тұлғаларға мыналар жатады:

  • ақыл-есі дұрыс он алты жасқа толған жеке адам;

  • заңды тұлға;

Әкімшілік жазаның түрлеріне:

  • ескерту жасау;

  • әкімшілік айыппұл салу;

  • әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей

обьектісі болған заттың өтемін төлеп алып қою;

  • әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей обьектісі болған, әкімшілік құқық бұзушылық салдарынан алынған кірістерді, ақшаны ж\е бағалы қағаздарды тәркілеу;

  • арнаулы құқықтан айыру;

  • лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктік аттестатынан (куәліктен) айыру немесе қызметтің белгілі бір түріне берілген не белгілі бір іс-әрекеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру;

  • жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру н\е оған тыйым салу;

  • өз бетімен салынып жатқан н\е салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау;

  • әкімшілік қамауға алу;

  • шетелдік н\е азаматтығы жоқ адамды ҚР\ң шегінен әкімшілік жолмен кетіру жатқызылады.

Әкімшілік жауапкершіліктің жекелеген түрлері мен негіздері Кодекстің ерекше бөлімінде көрсетілген (меншікке қарсы, кәсіпкерлік, салық, қоршаған ортаны қорғау, еңбек, транспорт, қоғамдық тәртіп, шекара т.с.с).

БИЛЕТ№5

  1. Құқықтық қатынас түсінігі

Құқықтық қатынастар ұғымы заң ғылымының негізгі ұғымдарының бірі болып табылады. Бұл - субъектілердің бір-біріне деген құқықтар мен міндеттемелерден көрініс табатын, ішкі мазмұнында құқық субъектілері арасында заңдық байланысы бар құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынас.

Құқықтық қатынасқа қатысу үшін болашақ қатысушылардың барлығына және әрбіріне заңмен белгіленген немесе танылған белгілі бір қасиеттерінің болуы керек. Бұл қасиеттердің жиынтығы тұлғаның немесе ұйымның құқық субъектілігі ұғымын құрайды. Оған жататындар:

Құқық қабілеттілігі - субъектінің заңмен белгіоенген құқық пен міндеттемелерге ие болу мүмкіндігі. Субъектіде туғаннан бастап пайда болып, өмірден қайтқан соң аяқталады;

Іс-әрекет қабілеттілігі - тұлғаның заңмен белгіленген құқықтар мен міндеттемелерді өз іс-әрекеті арқылы ала алу және іске асыру мүмкіндігі;

Заңдық деректер - құқық нормасының гипотезасында қарастырылған құқықтық қатынастардығ пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері. Олар оқиғалар, яғни адамдардың еркінен, санасынан тыс жағдайлар мен іс-әрекеттер, яғни адамдардың саналы әрекеті болып бөлінеді. Іс-әрекет заңға сәйкес немесе заңға қайшы болуы мүмкін.

  1. Конституциялық-құқықтық нормалар ж\е олардың түрлері

Конституциялық құқық — құқық жүйесінің басты саласы (кейбір елдерде ол "мемлекеттік құқық" деп аталады). Конституциялық құқық, құқықтың басқа салаларының жасалуы, әрекет ету мен қалыпта-суының негізі болып табылады. Мұндай салалар бүгінгі күні жиырмадан астам: мысалы, әкімшілік құқық,азаматтық құқық,қылмыстық құқық,қаржы құқығыжәне т.б.

Конституциялық құқық — құқық жүйесінің басты саласы (кейбір елдерде ол "мемлекеттік құқық" деп аталады). Конституциялық құқық, құқықтың басқа салаларының жасалуы, әрекет ету мен қалыптасуының негізі болып табылады. Мұндай салалар бүгінгі күні жиырмадан астам: мысалы, әкімшілік құқық,азаматтық құқық,қылмыстық құқық,қаржы құқығыжәне т.б.

Конституцияның нормалары кез келген басқа актіні кабылдауынсыз қолданылады. Кез келген азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін Конституцияны, оның нормаларын мемлекеттік органдар мен сотқа шағымдану арқылы колдана алады.

Конституцияның нормалары мемлекет пен қоғам өмірінің барлық: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени аяларына ықпал етеді. Олар қоғамдық қатынастардың басты жақтарын реттейді.

Халықаралық келісімшарт нормаларыда конституциялық құқықтың кайнар көзіне жатады. Себебі, мұнда адам құқығы, қоғамдық бірлестіктер, Қазақстан Республикасы азаматтарының құкықтары мен міндеттері туралы нормалар бар. Қоғамның құрылымы мен мемлекеттік билікті ұйымдастырумен байланысты басқа да нормативті құқықтық актілер конституциялық құқықтың қайнар көздеріне жаткызылуы мүмкін.

  1. Конституция ұғымы ж\е оның мәні

Конституция ( латынның лат. constitutio — яғни «құрылым» сөзінен шыққан) — Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы.

Конституция осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылады. Қазіргі кезде Парсы шығанағындағы кейбір абсолютті монархияларда (Сауд Арабиясында, Оманда) ғана Конституция жоқ. Мемлекеттің барлық басқа заңдары оның қағидаларына барынша сәйкестендіріле отырып қабылданады. Конституциялық қағидалардың бұзылуы өте елеулі құқық бұзушылық болып табылады.

1995 жылдың 30-ыншы тамызында Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің құқықтық өміріндегі жасампаз жаңа дәуіріне қадам басқан еді. Содан бері тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата заң - мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, дамудың қайнар бастауына айналды. Өткен он жеті жылдан бері мемлекет пен қоғамның дамуындағы өзгерістер - демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнығу талпыныстарының бәрі - Ата заң қағидалары негізінде жүзеге асырылып келеді.

Тоқтала кететін тағы бір жайт, Қазақстанның Ата заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі болып саналады екен. Расында, бүкіл мемлекеттік құрылымды айғақтайтын, елдіктің бастауы болып табылатын құжат енді ғана 17 жасқа толып отыр. Әрине, тарихи ауқыммен алыр қарағанда, бұл азғантай ғана мерзім. Десе де, осындай алмағайып заманда Қазақстанның Ата заңы уақыттың сынынан сүрінбей өтті, өзінің заман талабына лайықтығын жан-жақты дәлелдеді. Ал көптеген зерттеушілердің пікірінше, Қазақстанның Конституциясы әлемдегі жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 конституцияның бірі болып саналады екен. Бұның өзі Ата заңымыздың үлкен әлеуетін білдірсе керек.

БИЛЕТ№6

  1. Әкімшілік құқық бұзушылық ж\е оның құрамы

Жалпы әкімшілік құқық-қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы, құқықтың бір саласы.

Жеке адамның, әкімшілік кодекс бойынша әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана н\е абайсызда жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі н\е заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың обьектісі мемлекеттік әкімшілік құқықтық нормалар реттейтін қоғамдық қатынастар саласы болып табылады. Әкімшілік құқық бұзушы әкімшілік құқық бұзушылықтың субьектісі болады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың негізгі белгілері «әрекет» ж\е «әрекет-сіздік» болып табылады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамына оның обьектісі, обьективті жағы, субьектісі, субьективтік жағы жатады.

Әкімшілік құқықтың обьектісіне әкімшілік заңдармен қорғалатын, белгілі бір іс-қимыл қауіп төндіретін қоғамдық қатынастар жатады.

Обьективті жағы әкімшілік құқық бұзушылықтың сыртқы көрінісін, іс-қимылдың (әрекеттің, әрекетсіздіктің) өзін көрсетеді. Сондай –ақ оның бірнеше мәрте жасалуы да жатады.

  1. Мемлекеттік басқару түсінігі ж\е мәні

Мемлекеттік басқару қоғам дамуының барысында қоғамдық қатынастарды реттеу мен тікелей практикалық ұйымдастырудағы атқарушылық және бөлушілік іс-әрекет. Мемлекеттік басқару барынша кең мағынада, мем\ң істерін басқару, мем\к органдардың барлығының қатынасуымен іске асырылады. Мемлекеттік басқару дегеніміз:

а) заңдарды орындау барысындағы іс-әрекет; б) обьектілер мен адамдарға ағымдағы өкімдік жасау және олардың орындауға міндетті болып табылатын, заңдық күші бар нормативтік актілерді қабылдаумен б\ты іс-әрекет. Мемлекеттің түпкі мәні қандай болса да оның ұғымының, белгілерінің, нысандарының,механизмінің, атқаратын қызметтерінің мазмұны да сондай болады. Демек, осы тұрғыдан қарағанда мемлекетті оқып білуді оның мәнін ашып көрсетуден бастау дұрыс әдіс. Мемлекеттің мәні дегеніміз оның табиғатын, мазмұнын, қызмет ету мақсатын, қоғамдағы қажеттілігін анықтайтын барынша маңызды, тұрақты ішкі ж\е сыртқы жақтары мен қасиеттерінің жиынтығы. Мемлекеттің мәнін ашып көрсетудің екі жолы қалыптасқан: таптықт(маркстік-лениндік) ж\е жалпы әлеуметтік.Басқару формасы - мемлекеттік биліктің жоғарғы органдар ұйымы, олардың пайда болу тәртібі, оларды қалыптастырудағы халықтың қатысуы деңгейі. Басқару формасының негізгі екі түрі бар: монархия және республика.

Мемлекеттік құрылым формасы - мемлекеттің ішкі бөлінісі және олардың өзара қарым-қатынасы. Құрылым формасы бойынша унитарлық, федеративті және конфедеративті болып бөлінеді.

  1. Әкімшілік құқықтық қатынас

Әкімшілік құқық – атқарушы билік құрылымдарын қалыптастыру барысында, өкілеттіктерін, міндеттерін, құқықтары мен мемлекеттік қызметшілердің жауапкершіліктерін белгілегенде, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті, азаматтардың өмірлерін, құқытары мен еркіндіктерні қорғауды жүзеге асыруда мемлекеттік басқару процесінде туындаған қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың құқықтық саласы.

Әкімшілік құқықтық қатынастар – мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастар. Оның субъектілері болып мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттік қызметшілер, кәсіпорындар, мекемлер, ұйымдар, азаматтар, шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар табылады. Әкімшілік құқықтық қатынас ерекшеліктері, билік қатынастары ( тараптардың заңды тепе-теңдігі болмайды), (мемлекеттік басқару саласында болғандықтан) онда мемлекет мүддесі қаралады.

Әкімшілік құқықтық қатынастарды келесі біліктілік санаттары бойынша бөлуге болады:

    1. қатысушылар құрамы бойынша: а) аппарат ішіндегі, б) аппараттан тыс;

    2. тараптар арасындағы заңды байланыс сипаттарына қарай: а) тік (әрбір тарап билік құзырына ие, көлемі бірдей), б) көлденең (тікелей басқаруға ұқсас, онда тараптар заңды түрде бірдей).

Билет №7

  1. Азаматтық құқықтағы міндеттеме

Азаматтық құқықтағы міндеттеме дегеніміз — мүліктік салыстырмалы азаматтық құқықтық қатынас, оған сәйкес бір тарап (борышкер) екінші тараптың (несие берушінің) пайдасына мүлікті беру, жұмыс орындау, қызмет көрсету жөнінде белгілі бір әрекет жасауға не белгіл бір әрекеттен бас тартуға міндеттенеді."Міндеттеме" ұғымы әртүрлі мағынада пайдаланылады: құқық қатынасы;борыш, міңдет;осы міндет көрсетілген құжат (қолхат, квитанция, вексель,чек,облигация, мемлекеттік қазыналық міндеттеме).АК-ның 268-бабында міндеттеме құқықтық қатынастар ретінде беріледі: "Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышкер) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекетгер жасауға, не белгілі бір әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышкерден өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Несие беруші борышкерден атқарғанды қабылдауға міндетті". Міндеттемелік құқық қатынастарының негізгі ерекшеліктері, экономикалық тұрғыдан алғанда, еңбектің мүліктік нәтижелерінің ауысуынан туындайды (өндіріс өрісінен айналым өрісіне, ол арқылы тұтыну өрісіне ауысуы). Азаматтық құқықтар мен мiндеттер заңдарда көзделген негiздерден, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерiнен пайда болады, өйткенi ол әрекеттер азаматтық заңдарда көрсетiлмегенiмен, олардың жалпы негiздерi мен мәнiне байланысты азаматтық құқықтар мен мiндеттердi туғызады.       Осыған сәйкес азаматтық құқықтар мен мiндеттер:       1) заңдарда көзделген шарттар мен өзге де мәмiлелерден, сондай-ақ заңдарда көзделмегенiмен, оларға қайшы келмейтiн мәмiлелерден;       2) заңдарға сәйкес азаматтық-құқықтық жағдайларды туғызатын әкiмшiлiк құжаттардан;       3) азаматтық құқықтар мен мiндеттер белгiлеген сот шешiмiнен;       4) заң құжаттарында тыйым салынбаған негiздер бойынша мүлiктi жасау немесе иемдену нәтижесiнде;       5) өнертабыстар, өнеркәсiптiк үлгiлер, ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын және интеллектуалдық қызметтiң өзге де нәтижелерiн жасау нәтижесiнде;       6) басқа жаққа зиян келтiру салдарынан, сол сияқты басқа жақ есебiнен мүлiктi негiзсiз сатып алу немесе жинау (негiзсiз баю) салдарынан;       7) азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де әрекеттерi салдарынан;       8) заңдар азаматтық-құқықтық жағдайлар басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан пайда болады.